Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Менталділіктің қалыптасуындағы экотабиғи жағдайдың əсері

Кез келген тірі құрылымның тіршілік ету ортасында бейімделуі  шектеулі. Жануарларда қоршаған ортада бейімделу кезінде арнайы сезім органдары түріндегі ерекше механизмдер, сонымен қатар арнайы физиологиялық механизмдер мен əрекет түрлері пайда болады. Экологтардың бақылауынша, жануарлардың əрекеті негізінен белгілі бір ортаға бейімделуге бағытталған. Өзіне бейтаныс жерге жіберілген жануар, бірінші кезекте, сол жердің шекарасын айнала иіскеп, содан соң сол жерде орналасқан барлық заттарды иіскейді. Биологтар жануардың бұл əрекетін зерттеу инстинкті деп атайды, себебі кез келген жануар өз ортасының қауіпсіз екендігіне көзі жетуі керек. Осындай қажеттілік адамға да тəн.

Адам дамудың кез келген сатысында кеңістік жəне уақыт қатынасын ескереді:  онсыз тəжірибенің ең қарапайым түрі мүмкін болмас еді. Адам онтологиялық жақтан кеңістікті-уақыттық байланыстарға қатысты, олар адам өмірінің жеке табиғи жəне физиологиялық шынайылығының əр түрлі формаларына объектіленеді. Алғашқы еңбек дағдыларында кеңістікті «техникалық» жақтан бағындыруда, еңбек құралдарын қолдану үрдісінде де айқын болмаса да кеңістікті, уақыттық, себеп жəне тағы басқа қатынастар көрініс тапқан. Бұл əлеуметтік-мəдени үрдісінің «категория алды» атты өмір сүру формасы. Антропологтардың көптеген мəліметтері ең бірінші адам қауымдастықтарының алғашқы рет кеңістікке бейімделу үрдісін, олардың табиғи ортаны мұқият құрастыруын растайды. Бұл мағынада кеңістік пен уақыттың «априорлы» формалары тарихи-мəдени жағынан тəжірибелі болып шықты. Оған көптеген антропологиялық зерттеулерде көрсетілген қарапайым қоғамдарда жүргізілген «тəжірибелер» мен табиғат жəне оның циклдары туралы ғылыми трактаттар дəлел бола алады. Біздің пайымдауымызша, алғашқы қоғам адамы физикалық ортаны кеңістік, аймақ, жерді нақты   шындық,   болмыс   ретінде   қабылдады.   Сонымен   қатар   ол   «экологиялық»   уақытты  — маусымдық өзгерісті, циклдылықты флора мен фаунаның ұдайы өзгерісін сезу қабілетінен айырылмады. Кез келген өзгеріс шынайы уақыттың өтуімен жүзеге асатыны белгілі. Бұл тұрғыда алғашқы адамның «уақыт» туралы танымы оның қоршаған ортаға бейімделумен қатар  дамып отырды. Оның уақыт туралы түйсігі, қазіргі антропологтар түсініп оқи алатындай, ешқандай формалармен көрініп белгіленбеді. Себебі шынайы уақытты сезіп оны бейнелеп көрсету, шынайы кеңістікті сезіп жеткізуге қарағанда, əлдеқайда күрделі. Адам ағымдылықты, өзгеріс пен циклдылықты нақты бір физикалық кеңістіктің өзгеруімен байланыстыруы ықтимал. Қазіргі сөзбен айтсақ, өзгерісті физикалық кеңістіктің атрибуты, заттың не құбылыстың өзіне тəн, төл қасиеті деп таныды. Сондай-ақ біз алғашқы адамның өз айналасындағы өзгерістерді байқағандығы оның кеңістікті өзгеше қабылдауына түрткі болды деп жорамалдаймыз. Дəлірек айтсақ, адамның физикалық кеңістікті мұқият құрастыруы, тылсымдауы, түсіндіруі. Осыған байланысты дəстүрлі мəдениетте алғашқы адамның кеңістік туралы хабардар болғандығының маңыздылығы туралы айтуымызға əбден болады. Бұл көзқарас ертедегі қоғамда адамның уақытты сезудің ешқандай бастамасы болмады деген абсолютті кері пікірден бастартуға мүмкіндік береді. Осы ойды жалғастыратын болсақ, уақыт өте келе, физикалық кеңістікке табыну тəжірибесі көп уақытқа дейін тұрақтанады. Олай болуының негізгі себептері əлеуметтік себептер болып табылады жəне  олар бірден түсіндірілді. Негізгі себептерге ең алдымен ру аралық тіршілік əрекетіне қарай тайпалық жанжалдарды  жəне  кейде  аймақтық  қақтығыстарды  жатқызамыз.  Еуропалық    антропологтардың «қарабайыр» мəдениеттермен танысқан уақытта, соңғылары антропологтар алғашқы қауымдық ойлау деп сипаттайтын түрге келеді [1; 21]. «Кез келген реттелген қоғам ұйымдасуы мен күрделілігінің дəрежесі қандай болса да мекеніне қарай анықталуы керек. Сондықтан мекеннің ерекше ережесін құрылымдық ұстаным ретінде заңды түрде сүйену керек» [2; 56].

Адамдар қауымдастықтары филогенезінің шынайы бейнесі мынандай: аймақ,  физикалық кеңістік тарихтағы алғашқы адамдар қауымдастықтары тіршілігінің маңызды факторы, ал кейбір жағдайларда интегралды факторы болды. Жəне қазіргі өркениетте қалдық құбылыс ретінде өзгерген түрде сақталған.

Аумақтану мен мекендену үрдістерінің ежелгі тайпалардың тіршілігінде маңыздылығы туралы толық əрі тыңғылықты етіп белгілі антрополог Л.Леви-Брюль жазды [1; 25]. «...Кеңістік жəне əлем бөлімдері, — дейді ол, — мистикалық мəнге ие. Австралияның жергілікті адамдары көп болып жиналған кезде əрбір тайпа жəне оның ішіндегі əрбір тотемдік топ кеңістіктің белгілі бір бөліміне мистикалық жағынан ұқсастығына қарай арнайы орынға ие болады. Осыған ұқсас дəлелдер Солтүстік Америкада да байқалған». «Жан, зат немесе бейне орналасқан жер, — деп жалғастырады сөзін Л.Леви-Брюль [1; 23], — шешуші мағынаны иеленеді...». Алғашқы ойлау үшін заттардың кеңістікке деген қатынасы маңызды болып келеді. Леви-Брюль əлеуметтік антропологияның ғылыми айналымына «ұжымдық елестер» деген терминді енгізді. Оны алғашқы қоғамның менталділігі деп түсіндіреді. Жалпы алғанда, ұжымдық елестер аталған əлеуметтік топқа тəн ортақ нəрселер болды. Олар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, əр түрлі жағдайларда өзінің объектілеріне қатысты құрмет, қорқыныш, табыну сияқты сезімдер оятып, жекелеген тұлғалар деп танылды [1; 5]. Леви-Брюль бойынша, алғашқы менталділіктің ерекшелігі алғашқы санада елестер арасындағы байланыстар мен ассоциацияларды басқаратын «кірігу» ұстанымында. Леви-Брюль бұл ұстанымды қайшылықтардан қашпайтын мистикалық кірігуді, абстрактілеу мен ойлау деп атайды. Алайда ол «кірігуді» алғашқы қоғамның мекенжайы мен аймақтандырумен байланыстырмайды.

Бұл жерде Леви-Брюльге қарсы шығуға болады. Біріншіден, кез келген діни ойлау қарама- қайшылықтардан құтылуды көздемейді, екіншіден, ең маңыздысы, өзі айтқандай, мистикалық абстрактілеу. Леви-Брюль кез келген зерттеуде айқын болатын когнитивті субъект-объектілі жағдайдан абстрактіленді. Біздің пікірімізше, жергілікті аборигендердің антропологқа қатысты жасаған əрекеті соңғысымен дұрыс қабылданбай аборигенге тəн менталділік ретінде ғана танылып отыр. Біз болсақ ол əрекетті «кірігу» деп, бұл мағынада бөгде адамның аборигендерге кірігуін айтамыз. Кірігу аборигендер тайпасының бір бөлігіне айналу жəне ең бастысы аталған тайпа орналасқан мекеннің бір бөлігі болу дегенді білдіреді. Аталмыш жерде орналасқан нəрселердің барлығы келімсекті «қабылдап», сол арқылы өз адамына айналдыруы керек. Аборигендер танымы бойынша өздері мекендеген жер мен онда орналасқан барлық нəрселер бірінші кезекте — аруақтар, жəне олар — ең басты нəрсе. Аборигендердің өздері сол жердің иелеріне бағынады. Сондықтан ол жерге бөгде адам келген уақытта олар жер иесі мен келген адам арасында делдал қызметін атқарады. Бұдан соң жаңа адамды жердегі барлық заттарға ортақ болу мақсатында тазарту, кірігу үрдісі жүргізіледі, яғни заттар, нəрселер мен бейнелерге өзіне тəн қасиеттері бойынша емес, оларға телінген мистикалық қасиеттері бойынша «біріктіріледі». Жаңа адамды кірігу рəсімінен кейін, сырттан келген адам сол жермен жəне онда тұратын тайпамен бірлікте болу қасиетін иеленеді. Антропологтар байқаған жер жəне ондағы нəрселерді түсіндіру — сакрализация үрдісін Леви-Брюль партиципация (кірігу) деп атады. Алайда оның назарынан ең басты нəрсе кірігу үрдісінің не себептен, нақтырақ айтқанда, кімге қатысты жүретіні қалып қояды. Осыған қарағанда мистикалық абстрактілеу, партиципация заңының өзектілігі «бөгде адам — аборигендер ұжымы — қоршаған орта» жағдайында жоғарылайтыны байқалады. Антропологты зерттеу субъектісі ретінде орнының ерекшелігі туралы Леви-Стросс өз пікірін білдіреді. Ол былай деп жазды: «Зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде антрополог жауыз (бөгде) əлемге түседі. Ол жалғыз жəне ол тек ішкі «Меніне» сеніп жігерленеді. Ол өзіне-өзі объективті, яғни сырт көзбен, бөтен адам ретінде алыстан қарап үйренуі керек...» [2; 23]. Кірігу рəсімінің мақсаты жер иелерінің рақымшылдығына ие болу, яғни келген жаңа адамды қабылдауға ризашылығын алу. Сонымен бірге партиципация заңы тайпаны сыртқы кері əсерден сақтайтын қорғаныс механизмінің бір формасы қызметін атқарады. Леви-Брюль жұмысынан келтірілген келесі үзінді біздің партиципация заңын түсіндіруіміздің жақсы дəлелі бола алады. «Жер мен қоғамдық топтың арасында, — деп жазады автор, — мистикалық меншік сияқты  біркелкі өзгеруге келмейтін, алып тастауға болмайтын, жауланбайтын кірігуге қатыстылығы бар. Онымен қоса аймақтың белгілі бір бөлігі белгілі бір пішін, бейне, жер бедерімен сипатталады жəне сол жерде мекендейтін көруге болатын нəрселермен мистикалық жағынан байланысты болады» [1; 85].

Қазіргі кездегі атақты антрополог Клод Леви-Стросс та адамның мекенін адам болмысының ерекше нышаны деп санайды. Оның пікірінше, өз мекені арқылы өз тотемімен байланысқанда кеңістіктегі нақтылық тотемизмнің «жергілікті» рулық қауым формасын қалыптастырушы факторы қызметін атқарады. К.Леви-Стросс тотемизмнің «рулық қауым» формасын төмендегідей етіп суреттейді: «...Рулық қауым патри- немесе матрибағытта болуы мүмкін, сондай-ақ «жүкті болуына қарай», яғни, шамамен бір жерде ұрықтануына байланысты, барлық индивидтерді топтастыратын рулық қауым. Рулық қауым мүшелерін осы тотемдермен біріктіретін байланыс əр түрлі тайпаларда генеалогиялық немесе жергілікті болып анықталады [2; 65]. Көріп отырғандай, Леви-Стросс бірінші орынға тотемді-рулық қауымның ретін, генеалогиясын анықтайтын жəне белгілі бір орданы нақты мекенмен байланыстыратын діни тұмарды қойған.

Леви-Стросстың ұсынған тайпалардың рулық қауымға ұйымдасуының үш формасынан — патрибағыттағы, матрибағыттағы жəне тотемдік — тұратын туыстық суретін біз басқаша түсіндіреміз. Себебі мынандай: бірінші — патрибағыттағы, екінші — матрибағыттағы формаларда рулық қауымды ұйымдастыру ұстанымы сөзсіз, сондықтан тотемді арнайы бөліп көрсетудің қажеттілігі аз болды, сəйкесінше рулық қауымды ұйымдастырудың тотемдік формасын да көрсету артық. Себебі тотем алғашқыдан болжанған. Сондықтан, біздің ойымызша, үшінші формаға (Леви- Стросстың сөзімен айтқанда, бір жерде «жүкті болуына қарай») соңғы кезекте мекен жəне тотеммен байланыстырылған физикалық кеңістік жатады. Бұл жерде тотем екінші кезекте, жасаушы, алайда кеңістік, мекен — бірінші орында. Бұдан мынандай сұрақ туындайды: неге орын, мекен бірінші орында? Біздің білуімізше, антропологтардың тайпаларды бақылау кезінде соңғыларының мекендеуіндегі бытыраңқылығы тұрақты құбылысқа айналған. Дегенмен бізге белгісіз бірқатар себептерге байланысты, əйелдер өз еркімен немесе мəжбүрлі түрде бір тайпадан екіншісіне қоныс аударып жүрген, яғни бір жерден екінші жерге ауысқан. Біздіңше, əйелдердің қоныс аударуы тайпалардың физикалық қақтығыстарға байланысты деген пікір құптарлықтай. Бұл жағдайда «жаулап алушы» тайпа əйелдерді өзінің көбеюін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланды. Сондықтан да əйелдің баланы белгілі бір рулық қауымға жатқызудағы рөлі жойылып, бірінші кезекке «тұрақты мекені бар» тұрақты жерге ие əкесі шықты. Сондай-ақ ол осы жерді қорғады. Сол себепті кезекті қоныс аудару, араласу, оқыс жағдайлардың болуы кезінде адамның туылған жерін білу маңызды болды. Сол жер, аймақ, əлеуметтік кеңістік арқылы тотем анықталып, соған сəйкес рулық қауымға қатыстылығы айқындалады.

Этникалық қауымдастықтың эволюциясы мен этногенез үрдісі жүретін физикалық шынайы кеңістіктің менталділікке əсерін қазақ, орыс жəне Солтүстік Кавказ елдерінің мəдениетін мысалға келтіре отырып көрсетпекпіз. Халық аңыздары, жырлары, ертегілер, мақал-мəтелдер, таңба-белгілер, тағы басқа «мифологемалар» сөзіне енгізуге болады. Олар сыртқы шынайылықты когнитивті (танымдық) бейнелеудің рухани формалары болып табылады. «Этногенез үрдісінде жер бедерінің əр түрлі бейнелерді қалыптастырудағы рөлі ерекше болады. Ол бейнелер аталмыш қауымдастықтың мəдени эволюциясы нəтижесінде қалыптасады» [3]. Осылайша орыс жырларында оқиғалар тек, осында, жақын жерде, я болмаса «жеті қат жердің астында» — өте алыста, адам үшін көптеген қауіп- қатерлері бар тылсым жақта болады. Орыс менталділігінде оның қалыптаспауының себебі қара, қас күштер өмір сүретін жер асты əлемін ұшы-қиыры жоқ қияндар мен жазықтар алмастырды.   Мұндағы «жеті қат жердің асты» адам аяғы жетпейтін жерлер, оған батпақтар, саздарды жатқызып, онда орыс менталділігі жын-шайтандарды ұстады. Орыс мифологемаларында хтоникалық элементтердің жоқтығын дəлелдеу үшін орыс мəдениетінің ірі қоғамдық қайраткері, ойшыл В.В.Стасовтың пікірін келтіремекпіз. Ол орыс жырларының ерекшеліктеріне тоқталғанда, олардағы барлық əрекеттің «тек жерде, үстіне де, астына да емес, Садкодан басқасы, оның өзі су асты патшалығында емес, су асты патшалығына» өтуін атап көрсетеді [4]. Сонымен қатар келтірілген В.В.Стасовтың пікірінің келесі сөзіне назар аударамыз: «...астына да емес, Садкодан басқасы...». Көріп отырғандай, автор үшін жер асты мен су асты бірдей мағынада қолданылған. Алайда бұл жерде Садконың жер астына емес су асты патшалығына аттанғанын атап өту керек. Осы тұрғыда айырмашылық жер мен көктей. Орыс менталділігі үшін су жəне жалпы су əлемі жақсылықтың — тазалық пен ашықтықтың нышаны. Су киелі болғандықтан, шапағат түсіру қасиетіне ие, бұдан «киелі сумен жуыну» тіркесі пайда болған. Су жасарту, сауықтыру қасиетіне ие болуы мүмкін. Осыдан орыс менталділігінде су асты əлемі қараңғы жер асты хтоникалық мекенмен тепе-тең емес. Орыстардың су əлеміне деген оң көзқарасы олардың ертеден айналысатын кəсібі жер шаруашылығы болса керек. Сонымен қатар, ежелгі орыстардың көпқұдайға табынушылығының сағанасына Даждьбог та кіреді, соның рақымшылдығымен өсіп-өну кезеңінде жер шаруашылығына аса қажетті су жаңбыр түрінде берілді.

Су қазақ халқында да киелі, қасиетті болып табылады. Мысалы, қыз балаға «түнде құдықтан су алуға болмайды» деген ұғым сақталған. Сонымен қатар су иесі Сүлейменнен: Ата, су бер, — деп рұқсат сұраған. Осылайша физикалық кеңістіктің ауқымдылығы, оның физикалық созылыңқылығы, мекендемеген жерлердің көптігі, халық тығыздығының төмендігі рухани мəдениеттің əр түрлі формаларында көрінетін сол табиғи-географиялық ортаға тəн менталділікті туғызады. Алысқа кететін, кең, шексіз жазықтықты мегзейтін менталділік үшін жер асты, су асты, хтоникалық кеңістікті модельдеудің, тік сызық қоюдың қажеті жоқ. Ол көлденең бағытталған. Дəл солай жоғарыға, абстрактілікке ұмтылудың қажеті жоқ.

Жер асты əлемі мен кеңістік, қиянмен тепе-теңдігі туралы ойымызды дəлелдейтін  ойларды айқын емес болса да Г.С.Кнабе жұмыстарынан таптық: «...Тозаққа бару туралы мифтер, — дейді ғалым, — көптеген халықтарда бар, дəлірек айтсақ, немістерде үйден кету, жиһан кезу жəне кеңістік пен қиян алдындағы қорқынышпен байланысты. Басқа мағынада удгард (сыртқы кеңістік) митгардқа (ішкі кеңістікке) қарама-қарсы алады, бір-бірінен ажырамайды, себебі ол тек үйден тыс емес, сонымен қатар оның астында да, кейбір кезде сыртқы жəне ішкі кеңістіктер қатынасы бір-біріне қарама-қайшы келеді» [5]. Мүмкін қарама-қайшылық жоқ та шығар. Ғалымның митгардқа берген үйден алыс емес, оның астында орналасқан деген түсініктемесі хронологиялық жағынан кеш, неміс тайпаларының территориясы жағынан шектеліп, халық тығыздығы өскен уақытта пайда болса керек. Біздің болжамымыз дұрыс десек, бұл біздің хтоникалық кеңістік жəне аймақтардың мөлшері туралы сол аймақта тұратын менталділік иелерінің менталді елестерінің кері пропорционалды тəуелсіздігін дəлелдейді. Басқаша айтсақ, кеңістік тарылғанда, ой жоғары немесе тереңге бағытталып, өзіндік үшқабатты тік сызықты: жоғары — жер — жер астын құрайды. Көркемдеп айтқанда, менталділік осы тік сызықты айнала, барлық детальдарды суреттеп орналасады. Тік сызық міндетті түрде жүктелген əрі бір бағытты: жоғары — оң нəрсе, төмен — теріс нəрсе. Ой, менталділік абстрактіленеді, ақылға қонымды, нəзік идеалды əлемді (жақсы жəне жаман əлемдерді) жасайды. Трансцендентті жер мен оның қарсыласы — жын-пері, хтоникалық əлемге қарсы Құдайды жасайды.

К.Юнг жер асты əлемінің пайда болуын мүлде басқаша түсіндіреді. Мұны оның дəрісінен келтірілген үзіндіден көре аламыз: «Одиссеяда Улисс жер асты патшалығына түседі... Некияның мазмұны (үңгірге түсу) көне əдебиеттерде үнемі кездеседі. Ол жанының саналы бөлігінің одан да терең санадан тыс психикалық механизмінің интроверсиясын сипаттайды» [6]. К.Юнг мұнда антропологиялық себепті — индивидтің психикалық ұйымдасуын, немесе, өзінің сөзімен айтқанда, индивидтің «интроверсиясының психикалық механизмін көреді. Психоаналитиктің пікірінше, осы қабаттардан мифологиялық сипатқа ие мазмұндар пайда болады, басқаша айтқанда, архетиптер дүниеге келеді. Кейіннен оларды ғалым тұлғадан тыс жəне ұжымдық санасыздық деп атайды.

Біздің пікірімізге ұқсас ойларды шетел антропологтары да айтты. Жекелеп айтқанда, психологиялық антропологияның өкілдері Дж.Берри, Г.Конклин, М.Коул, С.Скринер жəне тағы басқалар. Батыс антропологиясы адам рухының əр түрлі мəдениет формаларында көрінуін зерттеді [7]. Зерттеулер бойынша сенсорлы түйсіктер мен танымдық категориялар табиғи жағдайлардың жəне адам органикасына деген аймақтық созылыңқылық əсерінің нəтижесі болып табылады. Бұл байланыс шаруашылық типі арқылы орнатылады. Шетел антропологиясы адам қауымдастықтарын екі ірі топқа бөледі. Олар тіршілік етудің белгілі бір тəсілін жүзеге асыруға қажетті адам қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар қазіргі кезгі жəне дəстүрлі қоғамдар деп бөлінеді. Антропологтардың пікірінше, дəстүрлі қоғамда қалыпты жағдайда шынайы əрекеттер, өз денесін толық басқару, табиғи жағдайларға бейімделу, тəжірибелік дағдылар жəне тағы басқалар қажет. Қазіргі кездегі қоғамда ұжымдар мен идеялар əлемінде идеалды құрылымдар мен оларды жүзеге асыруға бейімделу қасиеті бірінші кезекке шығады.

Мəдениеттің əр түрлі типтеріне өз болмысының кеңістікті-уақыттық қырлары туралы елестерді ерекше түйсіну тəн. Мобильді өмірге үйренген этностар өзінің кеңістікке байланысты елестерін жетілдіріп, соған сəйкес картографиялық бейнелерін дамытты. Жазықтың халықтары, мекендейтін жерінде нақты айқындалған табиғи шекаралар (өзен, тау т.б.) болмағандықтан, бағдарлау жүйесінің негізіне əлем бөліктерін немесе аталған аймаққа тəн қатты желдер, басқа да табиғи құбылыстарды алған.

Біздің ойымызша, халық санының тарихи өсуі, қысқаруы, мекен ету жерінің азаюы нəтижесінде қоғамдарда өзге, ерекше нəрсе — дінді ойлап шығарды. Ендеше, монотеизм қалыптастыру бағытындағы діни көзқарастардың тарихи эволюциясының онтологиялық объективті негізіне, рухани салаға қатысты сыртқы себептер жатты. Белгілі бір жағрафиялық ареалда халық тығыздығының өсуі, тайпааралық жəне мемлекетаралық қатынастардың көбеюі, күрделі саяси-идеологиялық, əлеуметтік- экономикалық жəне тағы басқа себептерге байланысты қоғамдардың ірі аймақтық қоныс аударулары көптеген əр түрлі халық тайпалары мен халықтары үшін баршаға ортақ концепцияны — Құдайды дүниеге əкелуге түрткі болды. Осылайша монотеизмнің түрлі нұсқалары пайда болды.

Ал Солтүстік Кавказ елдерінің менталділігіндегі болмыстың уақытша қасиеті мен оның көрінісі діни нанымға адат жəне исламмен келді. Адатта болмыстың уақыттық қатынастары табиғи маусымдық, тəуліктік жəне жылдық циклдарымен шектеледі. Бүгінгі күні Солтүстік Кавказ халықтарының діни синкретизмін құрастыру қиын, себебі олардың менталділігіне христиандық та, адат та жəне халықтың фольклорында көрініс тапқан елестер де əсер етті. Сонымен қатар қазіргі кезде тау дəстүрлерін «ортодоксалды» ислам туралы елестерден айыру қиын. Қазіргі Солтүстік Кавказдың синкретизмін сипаттайтын менталділік адам өмірінің кеңістікті-уақыттық қырын универсумның кеңістікті-уақыттық сипаттамаларын сəйкестендіреді. Табиғи шынайы əлемге бағытталғандық адатты сақтауға жəне ислам элементтерімен ұштасуға мүмкіндік береді. Кез келген маңызды іс-əрекет: қойды қырқу, үй салу, құрбандық шалу, үйлену не жерлеу барлығы да жердің орналасуы мен əлем бұрыштарын қатаң басшылыққа алады. Туған жер жəне мекендейтін жер, сондай-ақ үй ошағының оты мен суы қорлаудың ең кішкентай формаларынан сақталады. «Өз жерім», «бөтен жер» қарсыластары — өзінше кеңістік архетипі, ол «біз — олар» биоəлеуметтік оппозициясымен тығыз байланысты.

Демек, менталитетті қалыптастыратын ең маңызды факторлардың біріне берілген қоғамның өмірі өтетін əлеуметтік кеңістікті жатқызуға болады. Дегенмен адам қоғамының бейімделу механизмі ретіндегі мəдениет рөлі баршамен мойындалғаны сөзсіз. Кез келген мəдениеттің қоғамның, болмыстың онтологиялық құрылымында бірінші орынға берілген қоғамның тек əлеуметтік кеңістікке ғана емес, сондай-ақ сыртқы физикалық шынайылыққа қатынасы шығады. Нақты табиғи-климаттық ортада өмір сүру тəсілі социумның ментальды қағидаларымен өндіріледі жəне ең алдымен осының негізінде осы ортамен рухани-физиологиялық тепе-теңдік пен үйлесімділікті мақсат етеді. Бір жағынан алғанда, менталді қосындылар мен қағидалардың өзі тіршілік ететін табиғи-климаттық жағдайлар əсерінен қалыптасты. Менталитеті қалыптасқан экотабиғи негізі ретінде табиғи ортаға берілген қоғамның өмір сүру ареалы, оның көлемі мен орналасқан жері, ауа райы, топырағы, жер бедері, флорасы мен фаунасы, пайдалы қазбалары, халық тығыздығы, сонымен қатар геосаяси фактор, басқа қоғам немесе мемлекеттермен географиялық жақтан көрші болуы, жатады.

Қоршаған ортаның адамға əсері туралы зерттеулердің барлығында дерлік қоршаған ортаның адамның ұлттық мінезін қалыптастырудағы əсеріне басты көңіл бөлінген. Мысалы, темперамент, қызулық, еті тірілік жəне т.с.с. Алайда ұлттық мінез бен менталитет екеуі бір-біріне тең емес. Ұлттық мінез деп ең бірінші кез келген ұлт тіршілігінің психологиялық сипатын айтамыз. Менталитетке қарағанда, мінездің ұлттық сипаты берілген қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін негіз етпейді. Менталитет бірінші кезекте когнитивті (танымдық) сипатқа ие. Жəне біздің алдымызға қойған мақсатымыз — қоршаған ортаны қабылдаулар өрнегін түзу үрдісінде осы орта жəне сыртқы əлем туралы елестер мен ұғымдардың өзгеше сатысын құру. Осы елестер мен ұғымдар негізінде адамгершілік нормалары, таптауырындар, салт-дəстүрлер, космология мен мифологемалар,     діндер, жалпы дүниетаным, сонымен қатар ауыз əдебиеті мен көркем, ғылыми шығармашылық жасалады. Себебі, Бродельдің сөзімен айтсақ, тарих — ол геотарих. Делез жəне Гваттаридің айтуынша, философия — бұл геофилософия. Пейзаж сияқты география тек табиғат пен адам географиясы ғана емес, ақыл географиясы да болады [8].

Адамның табиғат туралы елестері мифологиялық танымнан оған деген утилитарлы- прагматикалық қатынасқа дейін дамыды. Ұзақ уақыт бойы, бір ғана жерде, бір ғана табиғи ортада тұратын, өркениеттен алшақ орналасып, үлкен физикалық созылыңқылыққа ие адам қоғамдары белгілі бір сол ортаға тəн менталитетті құрайды. Əлеуметтендіру мен қоғамдық қатынастардың құрылу кезеңінде олар қоршаған ортаны танымдық тұрғыдан əр түрлі формаға түсіріп, өз кезегінде менталді қосынды жасайды. Табиғат пен рух қызметі сынды екі фактордың екіншісі «адамның бала кезіне қатты əсер етсе, табиғат əсерінен сенім пайда болады...». К.Левин мен Э.Брунсвик өздерінің адам психикасы туралы елестерінің ортасына қоршаған ортаны құрастырудың жеке үсті деңгейін қойды. Соның негізінде барлық психикалық үрдістер жүрді [9]. Кез келген этникалық қоғамның этногенезіне жəне одан ары қарайғы бейнелердің қалыптасуына əсер ететін бірден-бір фактор — жер бедері туралы Н.М.Лебедева жазады. Қоршаған ортаның ерекшеліктері мəдениет ерекшеліктерінің дамуына, əлеуметтенудің тəртібі мен дағдыларын дамытады. Экология — физикалық орта, ауа-райы, флора мен фауна тіршілік үшін қажетті ресурстарды береді. Бұл ресурстар жұмыстың кейбір түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Қоршаған ортадағы ерекшеліктер (физиологиялық механизмдер арқылы) екі классикалық танымдық құбылыстарға (түс атаулары, елестерге ұшырау) қатты əсер етуі мүмкін [10]. Аталған танымдық құбылыстар бойынша қолда бар деректерге сүйенсек, əр түрлі мəдениет адамдары арасында едəуір өзгешеліктер бар. Берілген экологияда қалыптасқан мəдениеттегі əлеуметтендіру тəсілдері мен экологияның қойған талаптары тығыз байланысты. Экологиялық жəне психикалық ауыспалылықтар арасында тығыз байланыс бар: олар бір-біріне əсер етіп, бір бағытта өзгереді. Мəдениеттің арнайы түрлеріне тəн, өзіндік əлеуметтендіру сипатына ие, белгілі мəдениетке тəн əсер мен ойлаудың белгілі типін қалыптастыратын экология-психикалық кешендер  бар. Қоршаған ортаны танымдық қабылдауының мəдениетпен байланысына əлеуметтік географтар да назар аударды. Олардың пікірінше, əрқилы мəдениеттерде жалпыға ортақ таптауырындар жəне əрбір мəдениет берілген таптауырынға жауап беретін ортаны қалыптастыруға тырысады.  Ағылшын ғалымы Коул Майкл белгілі бір мəдениетте жер бедерін қабылдауға байланысты жалпыға ортақ таптауырын пайда бола бастап, оны келесі ұрпаққа жеткізу үрдісі қалыптаса бастағандығын айтты [11]. Ю.В.Бромлей этностың пайда болуына жағдай жасалып, оның тіршілік етуінің факторы ретінде тұтас аймақтың нақты бөлінісінің қажеттілігі туралы жазды. Этнос қалыптасуының ең маңызды факторы болғанмен, территория тұтастығы этностың басқа бөлігінің дамуына міндетті фактор болмайды [12]. Біздің контексте бұл, этностың бір бөлігі басқа географиялық кеңістікке қоныс аударғанмен өзінің астында туған жері, дəлірек айтқанда, топырағы болмаған жағдайда да осы этностың бөлігі болып қала береді. Ол оған үнемі мəдени жəне психикалық формаларында күш-қуат беріп, өзімен бірге алып жүреді. Егер де адамдардың топтары бірдей табиғи жағдайларда бірнеше ғасыр өмір сүрсе, ондағы психикалық бейімделу із қалдырмай қоймайды. Мəселен, Кавказдағы орыс күзетшілерін зерттеудің нəтижесінде олардың жаңа географиялық жағдайларда 150 жылдан артық уақыт тұрып, ата-бабалары ХІХ ғасырдың 30–40 жылдары қоныс аударғанына қарамастан, сол ортаны «туған жер» деп санағанмен, оларда орталық Ресей жерінің бедеріне деген санадан тыс психикалық талғам сақталып қалатыны анықталды. Семантикалық дифференциал əдісінің көмегімен Əзербайжандағы орыс күзетшілері мен əзербайжандықтарда «туған табиғат» ұғымының психосемантикалық құрамының əр түрлілігі анықталды. Орыстар үшін туған табиғаттың негізгі семантикалық сипаттамалары бөтен табиғаттан: тұрақтылық, байлық, тиянақтылықпен ерекшеленді, ал əзербайжандықтар үшін жеңілдік, жылжымалылық, өзгергіштікпен өзгешеленді [13]. Демек Əзербайжанда туылған жəне 5–6 ғасыр өмір сүріп, өзге жерді көрмеген орыстардың жергілікті субмəдениеттің өкілдерінде өзінің ата-бабалары шыққан, этностың қалыптасқан жеріне қатысты санадан тыс психикалық бағдар сақталады. Кейде екі этникалық топ (орыстар, əзербайжандықтар) бір ортаға қатысты екі түрлі (тиянақтылық, тұрақтылық, жылжымалылық, өзгергіштікті) сипаттама береді. Əзербайжанның орыс ұлтты күзетшілері орталық Ресей жер бедерінің бейнесін Əзербайжан бедеріне телиді.

Орыс шаруашылығының менталитеті оның діни синкретизмі көбіне оның табиғи-климаттық факторына негізделеді. Жəне бұл христиан шіркеуі үйренген пұтқа табынушылық дəстүрінің ерекше күшіне байланысты емес, көптеген табиғи-климаттық факторлар нəр берген орыс шаруасының пұтқа табынушы менталитетінің ұзақ жасағыштығына байланысты. Табиғат қырсықтары, азапты    күтулер, өз еңбегінің жеміссіздігі орыс шаруасын «пұтқа табынушылықты өз күшімен» жасауға түрткі болып, наным-сенімдер мен салттар əлеміне тартты. Табиғаттың орман кеңістіктері ерекше өтетін ауа райы құбылыстары көптеген жергілікті жəне шағын жергілікті кеңістіктердің қалыптасуына үлес қосты. Бұл егістік өнімділігінің əр түрлі болуына əкелді. Осының шаруаның түсінігінде Жоғарғы Құдайдың біртұтас күшін жеке компоненттерге бөлінгені деп бейнеленуін жоққа шығаруға болмайды. Осы құбылыстар шаруа менталитетінде таза пұтқа табынушылық сезімдерін тудырып, табиғаттың жергілікті нысандарына табынуды (суға, ағашқа т.б.) тудырса керек. Шаруалардың дүниесезімінде орасан зор күшке ие, сиқырлы табиғат ерекше ұтымды көрсетіледі. Орыс адамы табиғат туралы білімін табиғаттың өзіне жəне өзінің үй ішіне, өз шаруашылығының тағдырына əсер етуіне байланысты жинады. Бұл əсердің шынайылығы мен əрқилылығы Жоғарғы тіршілік — Құдай мен Барлығын иеленушілердің ортақ əлемді билеуінің кең формуласы шаруа менталитетінде табиғатты көне христиандыққа дейінгі түсінікпен бірлеседі (от — патша, су — ханшайым, жер — ана, аспан — əке, жел — мырза, жаңбыр — асыраушы, күн — князь, ай — княгиня) [14].

Тіршіліктің табиғи жағдайлармен тығыз байланыстылығы аймағының шоғырлануының жəне олардың қоғам менталитетінде көрінуін этнологиялық, кросс-мəдени материалдар мен зерттеулер дəлелдейді. Əрине, тіршіліктің шынайы табиғи жағдайлары мен мекендейтін жердің кез келген қоғам үшін маңызды болған жəне қазір де маңызды. Адам қоғамының, жанының рухани ұйымдасуы, өзінің нəзік регулятивті жəне компенсаторлы қасиеттеріне байланысты қоршаған ортамен тікелей жəне кері байланыс орнататын жақсы «құралы» болып табылады. Адам қоғамдары берілген ортада бейімделу кезінде жалпы даму заңдылықтармен бірігіп, табиғатты пайдаланудың, іс-əрекетінің дағдыларын, таптауырындарын, дəстүрлер мен ойлау формаларын қалыптастырады. Солтүстік Кавказдағы тау халықтарының менталитетінде экотабиғи, аймақтық фактор маңызды рөл атқарады. Оның маңыздылығы соншалық, индивидтің өмірлік əлемінің табиғи жəне əлеуметтік қырлары біртұтас экоэтикалық, дүниетанымдық парадигмаға бірігеді. Біртұтас экологиялық мағына тау халықтарының дүниетанымын, менталитеті мен философиясын біріктіріп, адамды ең алдымен табиғаттың бір бөлігі ретінде таниды. Менталді синкретизмдегі шынайы-табиғи жəне əлеуметтік рөлдің ішінде біріншісі жетекші орынға ие болды. Қоғам жəне мемлекеттің өзі табиғи механизм деп танылды. Қоғамдық- саяси түсінікке қатысты ұғымдар адамның физиологиялық ұйымдасуымен түсіндірілді. Болмыстың өзгеше əлеуметтік саласының «антропоморфизациясы» адамның адамгершілік қасиеттерін табиғаттың тұрпайы-натуралистік түсініктерімен жақсы үйлесті. Осы жағынан алғанда шартты түрде, даму кезеңдеріндегі «тоқырауға» көбіне бір ортада тұрып үйренген халықтардың ұшырайтыны байқалды. Адам — қоғам мен жер бедері құрастыратын психо-денелік болмыс ретіндегі организм бөлігі. Адам субстанциясы «жер-су», «отан», «тайпалық көшу» кешенімен анықталады. Ол «туған жер» ұғымымен мағыналас. «Жер-су» — «өз жерінің» — халууи газардың (ыстық жер) сакральді- бедерлі кешенін жасайды. Адам онымен биоэнергиялық жолмен байланысты əрі одан өмірлік күш- қуат (бөтен жер — хутейн газар — суық жерге қарағанда) алады [15; 44]. Көшпенділердің жермен байланысы өзгешерек — жер шаруашылығы үшін пайдаланатын жер иесіне қарағанда, көшпенділер жермен байланысы тірі биоэнергетикалық болады [15; 46], əрбір Солтүстік Кавказ тайпасы, отбасы, жекелеген адамы үшін арнайы орта болды. Ол орта кез келген қарапайым адам дамып өркендейтін жағымды орта жəне ең дарынды адам кедергілер мен өлімге душар болатын жағымсыз орта болып екіге бөлінеді. Ондай жағымсыз орта адыгтерде «хаппа» (сөзбе-сөз аударғанда «жаман жер» дегенді білдіреді) деп аталды. Адыгтер менталитетінде жердің жағымсыз жəне жағымсыз орта туралы түсініктері əлі күнге дейін сақталған.

Таныс жəне түсінікті шынайы-табиғи ортаны өзімдікі деп тану, таныс емес жəне қауіпті ортаны тарихи қабылдау шексіздік сипатына ие болса керек. Мұндай бағалау интенциясы тарихи қоғамдардың тіршілігімен шектеледі. Ол берілген популяция үшін өмірді қамтамасыз ету, қорғау қызметін атқарады. Тіршілікті қамтамасыз ететін мұндай қорғағыштық жəне басқа дəстүрлер ұрпақтан ұрпаққа беріліп, олардың менталитетінде өмір тəжірибесімен бекітілді. Дəстүрлерді сақтау қоғамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырды. Қоршаған жағдайлардың өзгермеуі, жаңа нəрсені игеруді қиындатты. Жаңа нəрсенің болмауы ескінің, дəстүрлінің бекітілуіне əкеледі. Бəріне белгілі ескілік «жетілдіріліп», реттеліп сол қоғамның өмір салтына айналды. Сондықтан дəстүрлер қоғам сол қалыпты ортада неғұрлым көп тіршілік етсе, күшейеді.

Дəстүрлер менталитеттің «тіреуші пункттерін» құрайтын адамгершілік нормаларының, əрекеттер, таптауырындар, ой бейнелерінің формаларына ие болады. «Өркениеттің бағаналы жолынан» алшақ жатқан шынайы-табиғи қалпын ұзақ уақыт сақтаған ортада, ұзақ уақыт бойы тіршілік ететін этникалық қоғамдарда ой мен сезімдердің   ерекше   бейнелері   сақталып   қалады.   Олардың   ерекшелігі   —   барлық   ой,     сезім қосындылары «қоғам — қоршаған орта» қарым-қатынасы негізінде құрылады. Шынайы-табиғи ортаның салыстырмалы түрде өзгермеуі ортаның ауқымдылығы мен қоғам тығыздығының төмендігіне негізделеді. Қоғам өзі мекендейтін ортада қанша уақыт мекен етсе, үнемі оны зерттеп, игереді жəне оған бейімделеді. Қоршаған ортаны игерудегі бірбағыттылық ең алдымен тіршілік ету дəстүрлерінің  үнемі  жинақталып,  бекітілуіне  байланысты  жəне  табиғатты  пайдалану   ортасымен «қарым-қатынас жасаумен» анықталады. Дəстүрлер қоғамның барлық болмысының салаларына — еңбек, тұрмыс, отбасы-некелік қатынастар, рухани-адамгершілік дамуына жəне жалпы менталитетке де араласты.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Леви-Брюль Л. Сверхъестественное в первобытном мышлении. — М.: Педагогика-Пресс, 1994. — 544 с.
  2. Леви-Стросс К. Структурная антропология. — М.: Наука, 1985. — 162 с.
  3. Топоров В.Н. Миф. Ритуал. Символ. Образ. — М.: Прогресс, 1995. — С.213.
  4. Стасов В. Происхождение русских былин // Вестн. Европы. — М.: Прогресс, 1868. — Т. 2, 3. — Кн. 3. — С.370.
  5. Культурология: Учеб. пособие для вузов. — Ростов н/Д.: Феникс, 1997. — С. 118,
  6. Юнг К. Архетип и символ / Пер. В.В.Зеленского. — М.: Renais-sance, 1991. — С.37.
  7. Коул М., Скринер Р. Культура и мышление / Под ред. А.Р.Лурия. — М.: Прогресс, 1977. — С.112.
  8. Делез Ж., Гваттари Ф. Что такое философия? — СПб.: Алетейя, 1998. — С.78.
  9. Ключевский В.О. Русская история. — М.: Мысль, 1993. — 38 с.
  10. Лебедева Н.М. Психологические аспекты этической экологии // Этическая экология. Теория и практика. — М.: Наука, 1991. — С.122.
  11. Коул М. Культурно-историческая психология: наука будущего / Пер. с англ. — М.: Когито-Центр, 1997. — С. 102,
  12. Бромлей Ю.В. Современные проблемы этнографии. — М.: Наука, 1982. — С.17.
  13. Леви-Брюль Л. Первобытное мышление. — М.: Атеист, 1930. — С.36.
  14. Менталитет и аграрное развитие России: Материалы междунар. конф. — М.: РОССПЕН, 1996. — С.142.
  15. Ясперс К. Общая психопатология. — М.: Серебряные нити, 1997. — 265 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.