Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дүниетанымдықтағы рационалдық жəне иррационалдық көзқарастың мазмұны

Адамның рухани дүниесі өте күрделі де əр түрлі. Олардың қатынастарының ішінен тікелей дүниетанымдықты құрастыру қатынасы бар. Дүниетанымның мазмұндық байлығын біз дүниеге қатынастықта байқап білеміз. Осындай сан алуан мазмұндық көзқарас жағынан қарастырсақ, олар рационалды жəне иррационалды көзқарастар болып екіге бөлінеді. Рационалды жəне иррационалды көзқарастар философиялық категорияға жатқандықтан, бұл феноменологияларды философиялық тұрғыда қарастырамыз. Философиялық ілім, қандай бір дүниетанымдық көзқарас болмасын, оның өзегін, «ядросын», құрастырады.

Рационалды (лат. ақыл) деп бір жүйеге келтірілген, логикалық заңға бағынатын, теориялық деңгейде құрастырылатын ілімдік көзқарасты айтамыз. Рационалды көзқарас дами келе рационализмдік- ілімдік көзқарасқа айналады. Рационализм ақылға, парасатқа, парасаттылық бейімділіктің ақиқаттылығына, дəлелдік күшіне сенуді білдіреді.

Иррационализм (лат. ақылға сыйымсыз) деп ақыл-оймен пайымдауға келмейтін, логикалық ұғымдармен сыйыспайтын көзқарасты айтады. Иррационализм өмір шындығын берекесіз, заңдылықтан ада, кездейсоқ өзгерістерге, ырықсыз ерікке бағынады деп санайды.

Иррационалды көзқарастың тағы бір айрықша ерекшелігі, əрбір нəрселердің бастамасы «жоқтан бар», «ештемеден бірдеңе» пайда бола алады деп пайымдауында. Мұндай көзқарас, кандай бір діни көзқарас болмасын олардың қайнар көзі, олардың бастамасы. Ұлттық жəне əлемдік діндерді алып қарастырсақ, олардың барлығының басын біріктіретін иррационализм: Құдай барлық нəрселерді жоқтан бар етіп, материалдық дүниені жасады. Мұндай көзқарастың логикалық жалғасы — бар нəрсе жоққа айналып кете алатындығында.

Рационалды көзқарастың елеулі ерекшелігі — «жоқтан бар» болмайтындығында. Материалдық дүние «жоққа айналмаулығы», материалдық дүние сан жағынан сақталып, сапа жағынан өзгеріп отыратындығы, рационалдық көзқарастың негізі деп қарастырамыз. Мұндай көзқарастың логикалық жалғасы — «бар нəрсе» жоққа айналмауы. Мұндай көзқарас дами келе, философиялық көзқарасты туғызды. Қандай бір философиялық ілім болмасын, рационалдық көзқарасқа негізделеді. Мысалы, діни көзқарас бойынша, Құдай жоқтан барлық көрініп тұрған нəрселерді жасады десе, философия   немесе бірінші философ (натурфилософ) Фалес, барлық нəрсе судан шықты (жаралды) деп дəлелдеді. Философ Демокрит болса, барлық нəрсе атомнан тұрады деді.

Дүниеге көзқарастың философиялық даму тарихы мифтік көзқарастан басталады. Мифтік көзқарас — синкретикалық (біртұтастық) көзқарас, дами келе діни көзқарасты тудырды, ал одан философиялық көзқарас бөлініп шықты. Адамзаттың тану қабілетінің дамуына байланысты мифтік көзқарас саралау халге жеткеннен бастап көзқарас сакральді (қасиетті) жəне «жергілікті» болып бөлінді. Сакральді діни-сенімдік болып табылса, жерлік ақылдық, реалді рационалдық болып түсіндірілді. Реалды рационалды көзқарас рационализмды тудырса, сакральді қасиетті иррационализімді тудырды. Діни көзқарастың шығуына байланысты иррационалдық көзқарастың негізі наным мен сенім болып қарастырылса, ал философияның шығыуына байланысты рационалдық көзқарастың негізі ақыл, ес, парасат болып қарастырылды. Діни көзқарас мифтен шыққан мистикалық, оккультік иррационалдық көзқарастарға сүйенсе, философиялық көзқарас ақылға, рационалды рационализмге сүйенеді.

Казіргі богословтардың көзқарастары бойынша, идеалистік философияны иррационалдық көзқарасқа теңестіргісі келеді. Шын мəнінде, идеалистік философияның гноселогиялық тамыры діннің танымдық тамырымен қосылып кетеді. Бірақ ондай ұқсастықтан идеалистік философия дінмен бірігеді деп айта алмаймыз. Философия тарихына қысқа шолу жасап көрейік.

Алғашқы идеалистік философиясының іргетасын қалаған адам Платонның философиялық гноселогиясы діннің тану тамырымен бірдей болғанымен, оның «идеясы» ақылға бейімделеді. Идеалистік философияның шығуының арқасында, антикалық философиядан «атомистикалық» материалистік философия шығуына жəрдем берді. Бірақ софистер болса, идеалистік философияны иррационализмге айналдырмақ болғанымен, антикалық философия жалпы рационалдық көзқараста болып қала берді.

Орта ғасырда, Қайта өрлеу жəне Жаңа дəуірде сенім мен ақыл ара қатынасында күрес тоқтаған жоқ. Жалпы шіркеудің дүниетанымдық көзқарасы мистикалық иррационализмдік болып қала берді. Еркін ойшылдардың, философтардың жəне ғылыми өкілдердің көзқарастары рационалдық тұрғыда жүріп жатты. Дегенмен рационализмнің өзі əр түрлі формада жүріп жатты. Неоплатондық рационализм, Қайта өрлеу заманында жүйелі жəне жүйесіз, позитивті жəне негативті, гноселогиялық немесе этикалық болып жүріп жатты. Олардың басын біріктіретін жағы — діни иррационализмге қарсылығы, рационалды негіздігінде... Діни богословтар да рационалдық көзқарасты қолданып қалуға тырысты. Олар өздерінің догматтық көзқарастарын ақиқат түрде көрсету үшін рационалдық тұрғыда немесе ақылды сеніммен бірдей қойып көрсетуге тырысты. Мысалға, Ансельм Кентерберийскийдің айтуынша, «сену үшін түсіну керек» деген көзқарасы ақылға сенуге шақырғандығы деп санаймыз.

Декарттың дуалистік (материализм мен идеализмді ымыраластыру) философиясында рационализм адамның ақылының дамуының шегі жоқтығын, дінсіз қоғам тұрғызуда тек рационалды көзқарастың керегін мегзейді. Декарттың рационалды дуализмінен көптеген материалистік мектептер туылды, дінсіз зайырлы мəдениеттер дамыды. Декарттың рационалдық көзқарасын, оның айтып кеткен ой үзіндісінен көруімізге болады: «Менің ойлай алатығымнан, өмір сүріп тұрғандығымды білемін» деген пікірі. Бірінші орынға ақыл-ойды қоюын көріп тұрмыз. Діни көзқарас болса: «Ол бар (Құдай) болғандықтан, мен ойлай аламын» деген қарама-қарсы көзқарасты қояды.

Спинозаның монистік (дүниенің бастамасы, негізі ретінде материяны алу) рационалды философиясында барлық нəрсенің негізі табиғат деді, ол өзіне өзі себепті, ол шексіз жəне онда «барлығы» өзінде деді. Болмыстың объективті заңдары ешбір сыртқы «құдіретті күшке» бағынбайды, ішкі заңдық байланыстар объективті, өздері өздеріне себепті. Адамның ақылы сол болмыстың сан алуан қатынастары мен тəртіптерін бейнелейді. Рационалды көзқарастар, аргументтер, еркін философиялық пікірлер қоғамның керекті өмір сүру байлығы деп көрсетті.

ХVIII ғ. француз материалистерінің «рационализмді» «жауынгер атеизмге» қолданғаны барымызға аян. Дидро, Гольбах, Гельвеций, Ламетри жəне тағы басқалар адамның ақылы ақиқат пен жалғанның өлшемі деді. Олар ақылды наным-сенімнен биік қойды. Адамның ақылы діни сенімнен безетін болса, онда материалистік тұрғыда дүниені қабылдауға мүмкіндік туады деді.

Юм Давид, ағылшын философы, рационалды білімнің міндеті болмысты ақылмен тану деді. Діни иррационализм адамгершілік пен азаматтық өмірге теріс ықпал ететіндігін мойындады. Юмның скептицизмі соқыр сенімдік дүниетанымды жоққа шығара отырып, рационалды таным теориясын шығарды. Оның агностицизмі идеализмге елеулі ыкпал жасап, неопозитивизмнің негізгі идеялық бастауларының бірі болды.

И.Канттың рационалдық философиясы антитеологиялық көзқараста болды. Оның айтуынша, дүние туралы деректерді адам тек сезім-түйсік арқылы алады. Құдай құбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дəлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Ол Құдай туралы мəселе  діннің ісі деді. «Кіршіксіз таза парасатты сынау» деген шығармасында Кант богословтардың «Құдай болмысын дəлелдеу теориясын» философиялық рационалдық тұрғыда сынады.

Гегельдің философиялық рационализмін ешкім де жоққа шығара алмайды. Гегельдің «абсолюттік идеясы» монотеистік Құдаймен теңестіріледі. Айырмашылығы, «абсолюттік идеялық Құдай» логикалық заңға бағынады, рационалды ұғымдармен бейнелеуге болады. Монистік Құдай иррационалды, оның болмысын аян, интуиция арқылы бейнелеуге болады.

Казіргі кездегі иррационализмді батыс философиясында рационалды түрде кеңінен қолдануда. Мəселен, батыс философиясының экзистенциалистік ағымында рационалдық идеялар кеңінен философиялық ілімдерінде қолдану түрлері, осындай ағымдық көзқарастарда байқаймыз: «атеистік экзистенциализм» — Сартрдың, «христиандық экзистенциализм» — Марсельдің, «сенім философиясы» — Ясперстің, яғни философиялық, ағымдарында көреміз [1].

Иррационалдық көзқарасты жақтайтындар үшін, иррационалдық көзқарас деп, мазмұны жəне формасы  жоқ  нəрселерді  немесе  түсініктерді  жатқызады.  Бұндай  көзқарасқа  логиканың  күшімен «форма» беріп, ақылмен, «мазмұн» берсек, ондай көзқарас рационалды көзқарасқа айналады деп түсіндіреді. Мысалы, балшықтан өнер мүсінін жасау процесінде, формасыздан, ақылға сыйымды формалық мүсін жасау. Алғашқы форма түсініксіз (иррационалды), ақылға сыйымсыз, бірақ логикалық заңдылықпен мағына алып, түсінікті, жалпы ілімдік, білімдік көзқарасқа айналады. Осындай көзқарасты пайдаланып, кейбір діни қызметкерлердің айтуынша, қандай бір абсурдтық көзқарас болмасын, оларды логикалық заңдарға бейімдеп, көрсете білсек болғаны, ол рационалды көзқарасқа айналады екен. Барлық əңгіме, «қолдану мен айналдыру» əдістерін пайдалана білу керек. Осыдан кез келген догмалық көзқарасқа рационалдық тұрғыда түсіндірме беруге болатын болып шығады. Бұл жерде бізге түсініксіз, бізге белгісіз нəрселер иррационалды да, ал бізге түсінікті, айқын нəрселер рационалды көзқарастар деп түсіндіріледі. II ғасырда атақты богослов Тертуллианның айтуынша: «Абсурдты болса да сенемін» деген ой үзіндісі, жалпы христиан дінінің иррационалдық жақтарын «сенім» арқылы қандай бір көзқарас болмасын, рационалды етіп қабылдауға болатындығын көрсете білді. Иррационалдық көзқарас бойынша қандай бір тануға келмейтін объект болмасын, барлық тану құралдарын қолдана білсек, ол көзқарас бізге танымалы, рационалды көзқарасқа айналады. Осыдан көріп отырмыз, рационалды объективтік дүниенің ақылға сыйымдылығын, оны танып-білуге болатындығын иррационалистік көзқарастағы адамдар да жақсы біледі.

Иррационалистік көзқарас бойынша рационалистік жолда қарастырылып отырған объектіні толығынан ашып көрсете алмайды. Ондай көзқарас негіздің тек үстімен ғана сырғанап жүріп жатады, ол тек дұрыс бағытты ғана бейнелейді, негізіне жақындамайды, одан алатын білім салыстырмалы ғана болып келеді. А.Шопенгауэрдің айтуынша, «танымалы дүние біздің елесімізге берілген нəрсе, біз объективтік дүниені танымаймыз, біз өзіміздің дүние туралы көзқарастық субъективтік түйсіну, елестету арқылы танып білеміз. Себебі дүние екі жақты болып келеді: объективті жəне субъективті. Объективтік формаға уақыт, кеңістік, себептілік, əр түрлі негіздеуші заңдар жатады. Сондықтан объективті дүние реальді деп айта аламыз. Яғни егер де біз оны жан-жақты, осы айтылған формалармен дəлелдей алсақ, объективті, реалді, егер біз білімімізбен дəлелдей алсақ, себебі бір нəрсені реалді деп айтудың алдында, оны жан-жақты дəлелдеуіміз керек, себеп-салдарлық жəне қажеттілігін негіздеуіміз керек. Ал рационалды нəрселерді дəлелдеудің құралы: ес, сана, ұғым, пікір жəне логикалық заңдар. Осы саналық құралдармен қарастырылып отырған объектінің ақиқат не жалғандығын біз тексере аламыз» [2].

Иррационалды көзқарас бойынша иррационалды феномен өз бетімен өмір сүреді, ешбір субъективтік тану формаларына бағынышты емес, ол өзімен өзі, абсолютті білім. Ондай білімді ешкім объективті жолдармен танып-біле алмайды. Ф.Шеллинг мұндай білімді реалдінің базисы, ешбір ақыл-еспен оны танып-білуге болмайды деді. Ондай ақылдан биік тұрған феноменнен ақыл-ес пайда болады. Ессіздіктен естік пайда болады. Иррационализм де ақыл-естен тыс, ақыл жетпейтін жолдармен жинақталған дүниетанымдық феномендік білім, оны шындық өмірге қолдануға болмайды, себебі ондай білім «жоғарғы білім» болғандықтан, жеке нəрселердің негізін ашып көрсете алмайды. Ал рационализм де ақыл-естің ең жоғарғы тану орны, ол арқылы ақылмен болмыстық негізді танып білуге болады.

Болмыс жəне адам туралы білім бастан иррационалды болып келеді. Тану қабілетіміздің дамуына байланысты иррационалдық объектілерге тану əдістемелерінің мүмкінділігін қолданып, рационалды, танымалды объектіге айналдырады. Сондықтан қандай бір иррационалдық көзқарас болмасын, ол потенциалды рационалды да, ал қандай бір рационалды көзқарас болмасын, оның мағынасында əлі де шешілмеген иррационалдылық мағыналар болады. Олардың айырмашылығы, иррационалды   интуитивтік жолдарға жəне ұғымдық формаларға адекватты негізделсе, рационалды көзқарас логикалық заңдармен, реалды əдістемелермен ақиқатқа жетуге ұмтылады.

Қандай да бір философиялық көзқарас бойынша иррационализм рационализмге қарағанда екінші, ол рационализмнің əлі де түсінбеушілік жақтары деп түсіндіріледі. Ондай көзқараспен келісуге болмайды деп ойлаймыз. Иррационализм жалпы дүниетанымдықтың бастамасы екені рас. Себебі адамзат алғашқы дəуірден бастап болмыстың не екенін танып білгісі келді. Ондай дүниетанымдық процесс осы кезге дейін жүріп жатыр. Қанша бір тану процесінде адамзат табыстарға жетсе де, əлі де дүниенің танылмаған жақтары көбеймесе азаймай келеді. Сондықтан иррационализм мен санаспаушылық адамға жəне қоғамға негативтік жақтарымен əсерін тигізеді. Екінші жағынан, иррационализмді өзінше дербес феномен ретінде қарастыру культтық шектікке апарып соғады. Оның өте қауіпті жағы — адамның инстинктісін жануардың инстинктісімен теңестіру, мистикалық жолдарға мүмкіндік тудыру жəне адамның тану қабілетін төмендету. Рационалдық көзқарас бойынша иррационализм тануға берілген болмыс ретінде, ал рационализм таным процесі ретінде қарастырылады. Оларды бір-біріне қарама-қарсы қою немесе біреуін екіншіден төмен қарастыру ғылыми жұмыс емес. Екі жақтамалы диалектика бойынша əрбір көзқараста сақталуы керек. Əрбір көзқарастың позитивтік жəне негативтік жақтарын ескеруіміз керек. Мысалы, естілік, парасаттық іс-əрекеттің қандай жағы негативті болу керек? Саналы тұрғыда əкесі баласының ауыр қылмысын жасыру, естілікке немесе адамгершілікке жата ма? Болса да естілік рақымшылықтан жұрдай болса, ондай ақылдық негативтен басқа ештеме алып келмейді. А.Шопенгауэр айтқандай, естілікпен іс істеу жəне адамгершілікпен іс істеу бірбірінен айрмашылығы зор деді. Естілік үлкен жамандықпен қосылса, керісінше, естілік үлкен адамгершілікпен қосылса, онда адамзатқа үлкен жамандық немесе үлкен жақсылық алып келеді.

Иррационалды жəне рационалды көзқарас діни жəне діни емес дүниетанымдық мəселеде үлкен орын алады. Қандай бір иррационалдық көзқарас болмасын діни көзқарастың негізі болып қала береді. Себебі иррационалдық көзқарасты екі тұрғыда қарастыруға болады. Біріншіден, рационалды көзқарасқа дейінгі (стихиялық, логикаға дейінгі). Екіншіден, «жоғарғы» рационалдық (мистикалық, аян беру, нұрлану). Екінші жол, діни санада фидеизмдік (лат. сенім) көзқараста кездеседі. Фидеизм — діни догмаларды қорғау үшін идеалистік философияны жəне ғылымды пайдаланатын, ғылымды дінге бағындыруға əрекет жасайтын көзқарас. Сол себепті қандай бір діни дүниетанымдық болмасын көбінесе иррационалдық көзқараста болады. Мысалы, адамның санасынан тысқары иррационалдық күштер, мистикалық сезім, тəжірибе арқылы берілетін, бізден сырт дүниені тану, ақыл-оймен түсіндіруге келмейтін сфераның тіршілік етуі жəне т.с.с. көзқарастар діни-фидеизмдік көзқарасқа жатады. Сондықтан иррационализм діни көзқараста фидеизмдік түрдің бір бөлігі болып қала береді, білімнің орнына сенімді қояды.

Қазіргі кездегі философ-неотомист Ж.Маритеннің айтуынша, «ақыл сенімсіз ештемеге де тұрмайды» деген ой үзіндісі казіргі кездегі Батыс философтарының иррационализмге деген көзқарасын көрсетеді. Батыс философтары иррационализмді философияның бір ағымы ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, материя сияқты «қатты денелер» жəне дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, тұрақсыз, жеке «өмірді» түсіндіре алмайды. Ақыл-ой «өмірді» жансыздандырады, себебі оны бөлшектеп, оны үздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын «өмірді» танып-білудің бірден бір қайнар көзі — инстинкт, интуиция, сезім. Қоғам туралы иррационалдық көзқарас бойынша қоғамның келешегі — эсхатологиялық, «опат күту», «өмір екпінді», т.с.с. күштермен бағытталады. Мысалы, Батыс өркениеті өзінің жойылуына аяқ басты (О.Шпенглер) немесе тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан жақындап келеді (Ницше) деп пессимистік көзқарастарымен көрсетеді. Иррационализмның пессимистік идеялары басқа да идеялармен қосылып (экзистенциализм, неотомизм, т.б.), казіргі бір үлкен философиялық ағымға айналды.

Рационализм богословиялық ілімде айрықша орынға ие. Діни дүниетанымдықта рационализм адамның ақыл-есіне, «құдайдың аян беру ақиқаттығына» үлкен ықпал етеді. ХІХ ғ. ортасында католик шіркеуі, схолостикалық философияны өзінің ілімі ретінде қабылдап, Фома Аквинскийдің формалды түрде жариялаған рационалдық богословиялық жүйесін негізгі дүниетанымдық көзқарас деп жариялады.

Иррационализмнің мистикалық көзқарасының күшейе түсушілік жағын біз К.Барттың, Р.Бультманның «Диалектикалық теология» деген еңбегінде жəне де басқа зерттеулерінде көреміз. Олардың айтуынша, «диалектика» деген ұғымды рационалды тұрғыда тану дегеніміз дербес адамның Құдайға деген ынта-қатынасы, өзінің ойын жеткізу деген дейді.

ХХІ ғасырда да діни тұрғыда рационализмге үлкен ынтамен көңіл бөлінуде. Мысалға, «діни тəжірибені» рационалдық көзқарастың қайнар көзі дейді. Себебі қандай бір көзқарас болмасын, егер де ондай көзқарас логиканың заңына бағына отырып жасалған болса, ондай көзқарасты рационалды деп айтуымызға болады дейді. Логиканың заңы бойынша, кез келген тұжырымды ақиқат деп айта аламыз, егерде ондай тұжырым алдынғы тəжірибеде тексерілген көзқарастардан шығатын болса. «Діни тəжірибе» эмпирикалық жолдан өтіп, верификацияланған көзқарас болып, адамдар оны қабылдап өмір тəжірибесінде қолданғандықтан, біз оны рационалды деп айтамыз. «Діни тəжірибені» біз толығынан рационалды жолдармен көрсете алмайтын себебіміз, «діни тəжірибедегі» адамзаттың қайғыру, ренжу, сүю сезімдерін рационалды түрде көрсету мүмкін емес. Екінші жағынан, егер де «діни тəжірибе» тек эмпирикалық тəжірибемен шектелген болса, ол онда ғылыми тəжірибеге айналған болар еді. «Діни тəжірибе» эмпирикалық тəжірибемен шектеліп қоймай, өзіне əр түрлі мистикалық тəжірибелерді қосады. Мұндай «жоғарғы» рационалдық жол мистикалық жолға апарады.

Діни емес рационализм болса, күнделікті қарапайым тəжірибелікті жəне ғылыми тұрғыдағы тəжірибені қосады. Оның дүниетанымдық көзқарасы адамның ақылына сенуге, адамның қоршаған дүниені танып білуге болатындығына сенуге, тəжірибеге сенуге шақырады.

Күнделікті қарапайым тəжірибелі көзқарасты «аңқау» реализм деп те атайды. Ол адамдардың күнделікті практикалық өмірімен тығыз байланысты. Күнделікті өмірде адам өзінің ақылы мен еңбегінің арқасында реальді дүниемен қатынас жасап табысқа жететіндігіне көзі жеткендерді «аңқау реалистік» көзқарас дейміз. «Аңқау реализмнің» негізі — өмір тəжірибесі.

Дүниеге философиялық көзқарасты да рационалдық көзқарасқа жатқызамыз. Себебі, қандай бір философиялық көзқарас болмасын, дүниенің негізі оның реальділігінде деп, оны танып-білуге болатындығын мойындайды. Философиялық көзқарас иррационалды жəне рационалды көзқарастың ортасында тұруы керек. Себебі дүние объективті болғанымен, оны біз субъективті тұрғыда қабылдаймыз. Объективті жағы рационализмге жақын болса, субъективті жағы иррационализмге жақын тұрады. Сондықтан ХХ ғасырда философиядан иррационалдық ағым бөлініп шықты. Оның жалпы атауын «өмір философиясы», немесе экзистенциализм, деп атайды. Олардың көптеген ағымдарының арасынан біз тек екі ағымына ғана қысқаша тоқтайық. Бірінші «өмірді табиғат заңдарымен жақындастырады, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды» [3]. Оның негативтік жағы — белгісіз күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мəн беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою. Ондай көзқарастың ең бір үлкен өкілі — Ф.Ницше.

Екінші ағымында «өмір» адамның іштен туа əбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Мұндай көзқарастың негативтік жағы, тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Жеке адамдардың «өмір» тарихында ролдері аса маңызды да шешуші роль атқарады, ал жалпы адамзаттың тарихи рөлі төмендетіледі. Мұндай көзқарастың өкілдері В.Дильтей мен О.Шпенглер.

Дүниеге рационалды, реалды көзқарастың ең бір шыңы ғылыми көзқарас дейміз. Ғылым адамзаттың табиғатпен ерекше қатнасынан шығатын көзқарас. Ғылымның ілімге қарағандағы ерекшелігі — оның тəжірибемен тығыз байланыстылығы. Əрбір ақылмен байқалған нəрсе (жағдай), өмір тəжірибесіндегі реалдығы тексеріліп, қаруға (тұжырымға) айналып отырады. Позитивистердің айтуынша, «жаратылыстану, немесе нақты ғылыммен, шектелмейді. Ол табиғаттану мен қоғамтанудың, əдіс пен теориясының қолданбалы зерттеулердің жалпы жүйесі бола отырып, өзі дүниетанымдық функциясын күшейтіп келеді. ХХ ғасырда ғылыми көзқарастың рационалдық ролінің дамуына байланысты, оның дүниетанымдық ролі күшеюде» [4].

Ғылыми рационализм дүниедегі заттардың «не екенін» ғана көрсетіп қоймайды, оның «не себепті солай» екенін көрсетеді. Ғылыми рационализм — дүние туралы білім, ол нəрселердің себеп-салдарлық қатынастарымен жүмыс істей отырып, əлемді реалды, рационалды суреттеп көрсетеді.

Ғылымның дүниеге рационалдық көзқарасы — оның əмбебаптығында. Одан алынған білім объективті, барлық жерде жұмыс істейді. Оның тілі жəне білімі барлық адамзаттық, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ғылымды дінмен салыстырсақ: ғылым фактімен жұмыс істесе, дін құндылықпен жұмыс істейді; ғылым дүниені объективті қарастырса, дін дүниені субъективті көзқараспен қарайды; діни көзқарастың негізінде сенім мен наным болса, ғылыми көзқарастың негізінде ақыл, парасат, логика жатады; діни көзқарас өткен дəуірдің дүниеге деген көзқарасы болса, ғылым — казіргі заманның көзқарасы. Бұл көзқарас неғұрлым дамыған сайын, діни көзқарастың шеңбері кішірейе түседі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Митин М.Б. Кризис буржуазного рационализма и социальное познание // Вопросы философии. — — № 2. —С. 112.
  2. Шопенгауэр А. Свобода воли и нравственность. — М.: Наука, 1992. 
  3. Евгений Т. Философия Ф.Ницше // Философия и жизнь. — 1991. — № 1.
  4. Кун Т. Структура научных революций. — М.: Наука, 1970. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.