Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық саясаттағы күш факторының мəні

Идеологияға адамдар, институттар, партиялар, қауымдастықтар арасындағы институционалдық қатынастардың маңыздылығын көрсету жəне де нақты қоғамдық-тарихи жағдайлардағы қандай да бір саяси шындықтарды түсіндіру, негіздеу, ақтау немесе қабылдамау міндеті жүктелген. Оның маңызды қызметі қандай да бір қауымдастықты немесе топты өзге қауымдастықтар мен топтардан ажыратуда жатады. Германдық зерттеуші О.Ламберг айтқандай, бұл қызметтің қорғаныштық əрекеті тиісті топ мүшелерінің қорғаныс, қорқыныш, агрессияшылдық инстинктілерін тудыратын басқа қоршаған орта өшпенді күш ретінде көріну жағдайында орын алады. Əрбір идеологиялық құрылыс өзінде антиподы, немесе қарсыласы, туралы толық мəлеметті иеленеді. Жəне де топтың бірігушілік дəрежесі көбіне қарсыластың бейнесіне байланысты [1].

Бұл көзқарас тұрғысынан саясат əр түрлі идеологиялық жүйелердің, идеялық-саяси ағымдар мен бағыттардың соқтығысатын алаңы ретінде көрініс табады. Алайда бұл жағдайды тек атап өту көп нəрсені түсіндіре қоймайды. Өйткені əйгілі «саясат — мүмкіншілік өнері» формуласы өзінің бар шындығымен қазіргі жағдайда да заңдылығы мен əрекеттілігін сақтап отыр. Бір жағынан, «мүмкіншілік өнері» саясатты идеологияландырудың белгілі шегін орнатса, екінші жағынан, идеология өз кезегінде қандай да бір саяси партия немесе үкімет өз саяси бағытын жүргізуде өз саяси кредосының негіздеуші қағидаларына зиян келтірмей шыға алатын мүмкін шектерді анықтайды. Мұның барлығы халықаралық қатынастар саласына тікелей қатысты.

ХІХ ғасыр соңындағы белгілі неміс философы Ф.Ницше ХХ жүзжылдық əлемдік үстемдік үшін философиялық қағидалар атынан жүретін əр түрлі күштер күресінің ғасырына айналатынын ескерткен [2]. Ницшенің ескертуі сəуегейлі болып шықты. Айырмашылық дүниетанымдық бастаудың сан алуандылығы мен күрделілігі идеологиялық өлшеммен ауыстырылып, идеологиялық қағидалардың философиялықтан басым шығуынан ғана көрініс тапты.

Үшінші мыңжылдықтың межесінде байқала бастаған еуроцентристік əлемнің аяқталуы өзінің əскери-саяси жəне идеологиялық-саяси өлшемдеріндегі екі полюсті əлемдік тəртіптің қирауының басталуына жəне де бұл тəртіпті бекіткен суық соғыстың аяқталуына сай келді. Вестфальдік жəне Веналық жүйелерден бастап нұсқасы қалыптасқан еуроцентристік геосаяси күштер конфигурациясында халықаралық саясаттың басты мəселелері шын мəнінде Еуропаның бірнеше ұлы державаларының «концертімен» шешілді. Ал шамамен испан-американ соғысынан кейін бұл державалар қатарына АҚШ-та енді. Бірінші дүниежүзілік соғыс еуропалық белгінің артықшылығы немесе ерекшелігіне негізделген күштер балансы жүйесін жойды. Соғыс барысында жəне соғыстың аяқталуымен еуропалықтар іс жүзінде АҚШ пен Жапонияның ұлы державалар жəне де қазіргі əлемнің тағдырын шешушілер роліне ұмтылыстарының заңдылығын мойындауға мəжбүр болды.

Еуропалық жəне əлемдік күштер жағдайына айтарлықтай өзгерістер 30-жж. Кеңес Одағының бірте-бірте көтерілуі жəне де əлемнің екі тайталас блоктарға бөлінуімен аяқталған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін енгізілді: халықаралық қатынастардың екі қоғамдық-саяси жүйелер түріндегі екі полюстік құрылымы орнықты. Олар орталықтары тайталас супердержавалар — АҚШ пен КСРО болған НАТО жəне Варшава пактісімен кейіптелді.

Соған қарамастан, кейбір зерттеушілердің пікірінше, ХХ жүзжылдықты «идеология ғасыры» деп атай отырып, ахуалды белгілі бір дəрежеде қарапайымдатудамыз. Өйткені сол кезеңде үстемдік құрған негізгі идеялық-саяси ағымдар — марксизм, национал-социализм, либерализм жəне т.б. іс жүзінде функционалды тұрғыда ұлы діни жүйелер — католицизм, протестантизм, ислам жəне т.б. баяғыда атқарған рольді орындады. Бұл тұрғыдан олар өзіндік бір секулярлы діндер болып табылды. Дегенмен, өзінің тура мағынасында идеология əлемдік саясатты анықтаушы факторлардың бірі ретінде дəл ХХ ғасырда өзінің ең аяқталған формасында көрініс тапты.

Мемлекетаралық қатынастардың негізінде жатқан Вестфальдік жəне Веналық жүйелер ұлттық суверенитет пен легитимділік қағидаларына негізделді. Олар қандай да бір мемлекетке басқару формасы мен ішкі əлеуметтік ұйымдастырылуды телімеді. Бұл жүйелерге, бір жағынан, тең құқылы дəрежеде самодержавиелі Ресей, Габсбургтер монархиясы кірсе, екінші жағынан — либералды Англия, яғни авторитарлық жəне либералдық тəртіптер. Келісім тек мемлекеттердің сыртқы саяси əрекеттеріндегі мүмкін жəне мүмкін емес жағдайларға қатысты болды.

Сол себепті заңды немесе легитимді халықаралық тəртіптің маңызды шарттарының біріне қандай да бір мемлекеттің орнатқан басқару формасы мен оның халықаралық сахнадағы əрекеттерінің арасын белгілі бір дəрежеде қатаң межелеу жатты. Халықаралық қатынастардың əрбір қатысушысы əлемдік сахнада өзін жалпылама мойындалған іс-əрекет тəртіптеріне сай ұстап жүрген жағдайда өзінде кез келген əлеуметтік жəне саяси тəртіпті орнатуға құқылы болды. Сол арқылы мемлекетаралық қатынастардың бір жүйесінің шеңберінде əр түрлі саяси-идеологиялық жүйелердің қатар өмір сүруіне жол берілді.

Жағдай ХХ ғасырда адамдар ақыл-ойы үшін күрестің халықаралық саясаттың құрамдас бөлігіне айналуымен күрт өзгерді. Оны сараптай келе, белгілі американ зерттеушісі Г.Моргентау өзінің көпшілікпен мойындалған «Ұлттар арасындағы саясат: билік пен əлем үшін күрес» еңбегінің екінші басылымының алғы сөзінде «адамдар ақыл-ойы үшін күресті халықаралық саясаттың жаңа өлшемі ретінде дипломатия мен соғыстың халықаралық өлшемдеріне енгізу қажет» деп атап өтті. Жəне де Моргентау адамдар ақыл-ойы үшін бұл күрестің халықтар үш ғасыр бойы өзара əрдайым ұрыс-керісте, бірақ баршамен мойындалған құндылықтар жəне жалпылама əрекет стандарттарының ортақ шатырының астында өмір сүрген халықаралық байланыстың əлеуметтік жүйесіне фаталды соққы бергенін көрсетті... Сол «шатыр» үйінділерінің астында халықтардың аталмыш ортақ үйінің қабырғаларын ұстап тұрған механизм, нақтырақ айтқанда, күштер балансы қалды [3].

Жоғарыда ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында-ақ қазіргі əлемді қайта құрудың басты үш балама саяси-идеологиялық бағыттары: социал-реформизм, фашизм жəне большевизм арасында ымырасыз шиеленістің орын алғаны айтылып кетілген еді. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Германияның жəне оның одақтастарының əскери тас-талқан болуы нəтижесінде фашизм тиімді əрі əрекет қабілетті альтернатива ретінде өз өмір сүруін тоқтатты. Басты тайталас альтернативалар ретінде социал-реформистік капитализм мен революциялық социализм (коммунизм) қалды. Идеологиялық шиеленіс өзінің аяқталған формасын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ пен КСРО басқаруында болған екі блок арасында иеленді.

Бұл контекстегі Екінші дүниежүзілік соғыстың ерекшелігі оның негізінде жатқан факторлардың XVI ғасырдағы діни соғыстар уақытынан бері алғаш рет идеология компонентімен толықтырылуында жатты. Ол бір мезетте қарсылас жаққа тиісті өмір сүру салтын, құндылықтар жүйесін, өмірді қалыптастыру формасын, саяси тəртіпті жəне т.б. тануға тиісті аумақтық үстемдік пен идеологиялық соғысты білдірді. Дегенмен, бұл тезистің дəйектілігі соғысушы тоталитарлық державалардың  бірінің (КСРО) либералды-демократиялық елдермен (Ұлыбритания, АҚШ жəне кейінірек Франция) одақтас болуы фактісімен жоққа шығарылмайды. Біріншіден, бұл соғыс саяси стратегияларының негізінде жаһандық экспансияға деген қондырма анық немесе анық емес түрде орнатылған бітіспес екі тоталитарлық тəртіптер большевистік пен нацистік арасында өмір емес, өлім үшін болды. Бұл жерде Кеңес Одағының халықтары үшін аталмыш соғыстың жамылғысыз нацистік агрессияға қарсы тура мағынасында Ұлы Отан соғысы болғандығын атап өту қажет.

Екіншіден, бұл батыстық демократиялардың əлемдік үстемдікке ұмтылған Германия, Италия жəне Жапонияның милитаристік тəртіптеріне қарсы соғыс болды. Батыстық демократиялар көптеген себептерге байланысты ортақ жаумен күресте Кеңес Одағынан жаратынды одақтасты тапты. Идеологиялық тұрғыда бұл одақ ұлттық, əлеуметтік жəне мəдени қатыстылығына тəуелсіз барлық адамдардың бостандығы мен құқығы лозунгісінен тұратын либералдық интернационализмнің қанша дегенмен ашық национал-шовинизм мен расизмді дəріптеген нацизм идеологиясына қарағанда, барлық елдер мен құрлықтардың пролетариатының біртектілігін дəріптеген коммунистік интернационализмге жақын болуымен жеңілдетілді.

«Суық соғыс» барысында идеологиялық шиеленіс шешуші маңызға ие болды. Күш, əскери қуат екі тайталас астам державалар мен əскери-саяси блоктардың өмір сүру салтын, дүниетанымын, жеке легитимділігін тарату қызметіне қойылды. Бұл кезде «суық соғыс» ірі көлемді идеологиялық соғысқа айналып, ондағы аумақтық мəселенің қарастырылуының дəрежесі қандай да бір мемлекетінің аумағында тиісті тəртіп — социалистік немесе капиталистіктің жойылуы немесе орнатылуына байланысты болды.

Басқаша айтсақ, «суық соғыс» қарама-қарсы саяси жəне экономикалық жүйелердің тіршілік үшін күресі іспеттес еді. Бұл тұрғыда аумақтық контексте соғыстан кейінгі əлемдік тəртіптің барлық тараптармен мойындалған Батыстағы да, Шығыстағы да мемлекеттік шекараларға қол сұғушылыққа жол берілмейтіндігі туралы əйгілі ялталық келісімдерге негізделгені назар аударарлық.

Идеологиялық, немесе жүйелік, шиеленістің орын алу мүмкіндігі еуропоцентристік (немесе батысцентристік) өркениеттің парадигмалық инфрақұрылымына енгізліп қойылған болатын.

Мангейм атап өткендей, «барлық партиялардың мəні барлық дəуірде идеологиялық сипатта болады» деген фактіні мойындау «жалпы адамзат ойына деген адам сенімінің» құлдырауына жағдай жасады [4; 122]. Сыртқы саясаттың идеологиялануы жəне оның негізінде құрылған екінші дүниежүзілік соғыстан кейін əр уақытта қиын, кейде Батыс пен Шығыс арасындағы драмалық қатынастармен қуатталып отырған стереотиптер өзара күмəнділікті, сенімсіздікті жəне тіпті өшпенділікті  арттырып, «темір» немесе əр түрлі перделердің, психологиялық қарсы тұру қабырғаларының орнатылуына ықпал етті.

Биполярлы əлемдік тəртіп кезеңінде «Шығыс» пен «Батыс» ұғымдарының өзі идеологиялық өлшемді иеленіп, іс жүзінде таза географиялық сипатта қолданылудан қалып, идеологиялық-саяси мəнге айналды. Дəл идеологиялық өлшем екі полюсті əлем өзегін құрайтын орталық элементтердің бірінің қызметін атқарды. Дəл ол айтарлықтай дəрежеде көпшілік елдерді аталмыш полюстердің бірінің төңірегіне топтасуға итермелейтін стратегиялық императивті қамтамасыз етті. Бұл белгіге байланысты Қиыр Шығыста орналасқан Жапония Батыстың бір бөлігіне айналды.

Мұндай ахуалға белгілі бір түзетулер əлемдік қауымдастықтың бір-бірінен экономикалық даму дəрежесі, өмір сүру салты, дүниетанымы бойынша ерекшеленетін үш түрлі əлемге бөлінумен орын алды. Біріншісіне дамыған жəне оған кірігетін Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінің тобы жəне де Жапония мен экономикалық дамуда белгілі бір жетістіктерге жеткен кейбір азиялық елдер жатады. Негізінде бұл «орталықты» құраған капиталистік дамудың бірінші эшелонының елдері болып табылады. Ал өз қатарына социалистік елдерді енгізетін «екінші əлем» туралы сөз жүргізу тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мүмкін болды.

Өйткені КСРО шынайы күшке жəне əлемдік деңгейдегі ықпалға тек 30-жылдардың ең соңына қарай ие болды. Елдің əлеуметтік жəне экономикалық дамуына кері əсер еткен қанды азаматтық соғыстан кейінгі ұзаққа созылған экономикалық күйзелу, экономика саласындағы зор материалдық жəне адами ресурстар жұмсалған көптеген тəжірибелер, репрессиялар КСРО басшылығына өзінің идеологиялық-саяси ұмтылыстарын əсершіл экономикалық жəне əскери-техникалық əлеуетпен бекітуге қол байлау болды.

Алайда КСРО гитлерлік Германияны тас-талқан етуде шешуші роль ойнау арқылы екінші дүниежүзілік соғыстан қуатты əскери-саяси держава болып шықты. Нəтижесінде КСРО 20–30-жылдары капиталистік əлемге ең алдымен идеологиялық қауіп төңдірсе, енді ол шынайы əскери қауіпке де айналды. Жəне де КСРО соғысаралық кезеңдегі жалғыз социалистік ел болды. Соғыстан кейін фашистік езгіден босатылу нəтижесінде Шығыс Еуропа елдері — Польша, Венгрия, Румыния, Чехословакия, Албания, Болгария жəне Югославия дамудың социалистік жолына түсті. Олардың таңдауына соғыстан кейінгі реттеу бойынша жүргізілген келіссөздердің барысында Шығыс Еуропаның аталмыш аймақта оқиғалардың дамуына қатаң бақылау орнатқан КСРО-ның əсер ету аймағына енуі шешуші роль атқарды. Нəтижесінде соғыстан кейінгі бірнеше жыл ішінде аталмыш елдердің барлығында коммунистік жəне жұмысшы партиялары жеңіске жетті.

Шығыс еуропалық елдердің соңынан Азияның кейбір елдері ерді. 1949 жылы Қытайда халықтық демократиялық революция болып, нəтижесінде Қытай Халық Республикасы құрылды. Кейінірек Корей Халық Демократиялық Республикасы, Вьетнам Республикасы, Лаос Халық Демократиялық Республикасы жəне Кампучия Халық Республикасы құрылды. 60-жылдардың басында дамудың социалистік жолын таңдағаны туралы 1959 жылы билікке келген Ф.Кастро басқаруындағы Куба басшылығы жариялады. Нəтижесінде басында КСРО орналасқан социалистік жəне халықтық-демократиялық тəртіпке ие барлық елдерді біріктірген əлемдік социалистік жүйе пайда болды.

Сол уақытта отарлаушы империялардың ыдырауы нəтижесінде əлемдік сахнаға көптеген белгілері бойынша, əлеуметтік-экономикалық болсын, əсіресе идеологиялық-саяси болсын, толық түрде екі топтардың біреуіне де жатпайтын тəуелсіз мемлекеттердің жаңа тобы шықты. Латын Америкасымен бірлесе отырып, олар бірқатар ортақ жүйе қалыптастырушы сипаттар бойынша біріккен елдердің ерекше тобын құрады. Ол мынадай сипаттар еді: экономиканың артта қалуы, əлеуметтік-таптық құрылымның əлсіз дамығандығы, шаруашылықтың басым орынды алуы, ұлттық кəсіпкерліктің əлсіздігі, жұмысшы табының жетілмеуі, кең көлемде дəстүрлі патриархалды, тайпалық, əулеттік, патерналистік құрылымдар мен элементтердің жəне т.б. сақталуы. Жоғарыда аталған екі топтан ажырату үшін оларды «үшінші əлем елдері» деп атады.

Үшінші əлем елдерінің саяси тəуелсіздікті жеңіп алуларынан кейін бірінші орынға шынайы экономикалық тəуелсіздікке қол жеткізу міндеттері шыға бастады. Бұл өз кезегінде экономикалық артта қалушылықтан шығу жəне халықтық шаруашылықты жылдам даму жолына ауыстыру мəселелерін көтерді. Олар дəл осы міндетті шешудің біріншілік қажеттілігіне байланысты дамушы елдер деп аталды. Даму мəселесі формалды саяси тəуелсіздіктің негіздеуші экономикалық тəуелсіздіксіз тек ізгі тілек ретінде қала беретіндігін сезіну барысында үлкен маңыздылыққа ие бола бастады. Экономикалық жəне қаржылық көмек іздеу барысында үшінші əлемнің түрлі елдерінің арасында Батыс пен социалистік қауымдастық елдері, ең алдымен КСРО-ның ықыласы үшін өзіндік бір бəсекелестік жүрді. Өз кезегінде олар соңғылары үшін кей жағдайларда локалды жəне аймақтық соғыстарға ұласқан əсер ету аймағы үшін қатал идеологиялық жəне саяси күрестер сахнасына айналды. Мысалы, 60-жылдар мен 70-жылдардың басында Оңтүстік-Шығыс Азияда немесе 70–80-жылдары Анголада болған жағдайлар. Жəне де аталмыш топ елдері дифференциациясының қарсыласушы блоктардың бірін қолдауы немесе жақындастығы бойынша жүруі кездейсоқ емес еді.

Кеңес идеологиясының жəне кең мағынада марксизмнің ХХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы саяси экономия мен халықаралық қатынастарға маңызды əсер еткенін атап өту қажет. Əсіресе марксизм неомарксизмнің əр түрлі нұсқаларын жасап шығарған батыс интеллигенциясының арасында үлкен ықпалға ие болды. Сонымен қатар колониализмнен постколониализмге өту кезеңінде дамушы елдер элитасы дүниетанымы мен ұстанымдарының марксистік жəне марксистік-лениндік түспен əрленгенін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, Дж.Неру: «Маркс пен Ленин еңбектерін оқу менің ойлауыма үлкен ықпал етіп, тарихты жəне қазіргі оқиғаларды жаңа қырдан көруіме көмек берді», — деп мойындады [5].

Кеңес басшылары мен идеологтары батыстық капитализмнің əлеуеті мен мүмкіндіктерін бағалай алмады, дамушы əлем элиталарының көңіл-күйі мен ұстанымдарын дұрыс қабылдамады жəне дамыған əлемнің жұмысшы табының кейіпін түсіндіруде қатты алданды. Уақыт өткен сайын кедей елдердің кедейлігі бай елдердің бай болуы себебінен еместігі айқын бола бастады. Дж.Пучала дұрыс көрсеткендей, «əлемдегі ең кедей елдерге батыс капиталымен ескерілмегендер жатады; керісінше, экономикалық тұрғыдан жетістіктерге жетіп жатқандардың көпшілігі батыс капиталының қолдауына көбірек тартылғандар болып шықты. Үлкен экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп жатқан батыстық емес елдер — капиталистік даму жолын өздері таңдағандар жəне аталмыш дамуға жағдай жасайтын халықаралық жүйемен барлық байланыстарды орнатқандар» [6].

Идеологияландырылған сыртқы саясат бар баланстың қарсыласушы жақтың бірінің пайдасына өзгеруін, ұлы державалар арасындағы күштер тепе-теңдігіне негізделген дипломатияның сақ, шынайы жəне прагматикалық стилінен бастартуды имплицитті түрде көздейді.

Суық соғысқа ұласқан екі блок арасындағы шиеленістің мəні жəне де ерекшелігі оның концептуалды тұрғыда екі əлеуметтік-саяси жүйелердің жаһандық идеологиялық, саяси жəне əскери қарсы тұруымен қатар, жүйеаралық сипатқа ие болып, дүниетанымдық жəне идеологиялық бастаумен қамтылуында жатты.

Екінші дүниежүзілік соғыс өз мақсаттарының бірі ретінде сол заманның ірі əскери-саяси державалары арасында күштің əлемдік балансын түбегейлі түрде қайта үлестіруді көздеді. «Суық соғыс» жаңа əлемдік тəртіптегі алғашқы рольдерге тартыста шынайы үміткерлер қатарында екі аса державалар — АҚШ пен КСРО-ның қалуымен ерекшеленді. Геосаяси тұрғыда əлем биполярлы болды. Осыған байланысты С.Хофман жазғандай, «суық соғыс» ұстамды крест жорығы болды, дегенмен ол крест жорығы болып қала берді. Əлем біздер мен олар, жақсы мен жаман, жақсы жігіттер мен жаман жігіттер, еркін əлем мен қанаушылар арасында бөлінген болып көрінді» [7].

Басқаша айтқанда, «суық соғыс» ұғымының астарында тек екі тараптар арасындағы күрделі қатынастар, тек қарсыластық емес, сонымен қоса аталмыш жүйелердің бірі жеңіске жетіп, ал өзгесі жойылатын қасиетті соғыс жатты.

Сыртқы қауіптен қорғаныстың биполярлы əлем мен «суық соғыс» жағдайында басты екі əскерисаяси блок қызметтерінің бірі ғана болғандығы анық. А.Проэктор атап көрсеткендей, ішкі, «ұстап тұрушы» факторлар айтарлықтай маңызға ие. АҚШ үшін соғыстан кейінгі уақытта — германдық жəне жапондық экстремизмді «бақылау мен қайта тəрбиелеу», «атлантикалық» əлемді бекіту, Батыс Еуропаның Солтүстік Америкамен байланыстарын нығайту. КСРО элитасы үшін — соцлагерді бақылау, оның бірігуі жəне «бөтен жүйе» ықпалынан қоршау [8; 19]. Екі жүйенің əрқайсысының дəл өзін халықтардың мүдделері мен қызғушылықтарын білдіруші мен қорғаушысы ретінде есептеуі кездейсоқ емес, тиісінше өз жеңісінің болмай қоймайтындығын, ал қарсы жақтың күйрейтінін негіздеді. Өз позицияларының идеологиялық негіздемелерін жасап шығып, АҚШ өзін еркін əлемнің қорғаушысымын деп, ал КСРО өзін бейбітшілік, демократия жəне социализм қорғанымын деп жариялады.

Нəтижесінде екі блок арасындағы шиеленіс кең ауқымды өлшемді иеленіп, əлемнің екі тайталас блоктарға бөлінуін, халықаралық қатынастардың екі полюстік құрылымын өзінше заңдастырды.

Аса державалардың жаһандық ұмтылыстары жəне жер шарының барлық аймақтарындағы оқиғалардың дамуын «тайталастық» терминімен түсіндіру биполярлықтың өз сипаты ретінде соғыстан кейінгі онжылдықтарда орныққан халықаралық жүйе сипаттамаларының белгілерін иеленуге əкелді. Екі аса державалар мен блоктардың басты итермелеуші мотивтеріне өзара қорқыныш пен өз қауіпсіздігі үшін абыржу жатты. Іс жүзінде КСРО-да да, АҚШ-та да «ұлттық қауіпсіздік мемлекетінің» ерекше түрі қалыптасты. Бір-бірінің бейнесіндегі сыртқы жаумен қатаң конфронтацияға түсу ондағы өзекті басымдыққа айналды. Турасын айтқанда, НАТО жəне ОВД блоктары конфронтациялық қауіпсіздіктің тиімді құралының ролін атқарды. Сəйкесінше қос тараптың назарының ортасында əскери қуатты күшейтуге деген ұмтылыс тұрды.

Биполярлы əлемде ахуал өте қарапайым болды: əрбір тарап қатердің қайдан шыққанын жəне қандай қатер екендігін азды-көпті білді. Бір-бірімен қатынаста конфронтациялыққа деген ұстаным КСРО үшін де, АҚШ үшін де жаһандық сыртқы саяси стратегияның негізі болды. Мұндай қарамақарсылық жағдайында жер шарының кез келген аймағындағы соғыстар жəне шиеленістер екі тараптың бір-бірімен жаһандық күресінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Аталмыш соғыстар (немесе шиеленістер) қос тараптың əрқайсысының көз алдында қандай да бір нақты мəселені шешу тұрғысынан ғана емес, сонымен қоса Шығыс немесе Батыстың ұтысы немесе жеңілісі ретінде маңыздылыққа ие болды. Жəне де бір тараптың планетаның белгілі бір аймағындағы немесе жеке қарастырылған елдегі кез келген жеңісі басқа тараптың жеңілісі болып есептелді.

Мұндай қатынас өзара ымыралар мен компромистерді қаламайды немесе оларға қол жеткізуге айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан да қос тараптың халықаралық қатынасты қызығушылықтар балансы қағидасымен құру туралы пікірдің өзін тойтаруы таңданарлық емес.

Кеңес Одағының ыдырауы жəне «суық соғыстың» аяқталуымен əлемде түбегейлі өзге ахуал қалыптасты. Ең алдымен, екі полюсті əлемнің идеологиялық-саяси өзегі құлдырап, жоғарыда аталған стратегиялық императив ескірді. «Батыс» ұғымының өзі маңыздылығын жоғалтты. Жапония   Азияға «қайта» оралғандай болып, Азия-Тынық мұхиты аймағының өзге жаңа индустриалды елдерімен қатар қайсыбір идеологиялық-саяси байыптарға қарамастан, қалған барлық елдермен жəне аймақтармен өз қатынасын орнату мүмкіндігіне ие.

Сонымен бірге белгісіздік дəуірі, немесе, М.Вебердің өзі ескерткен, түңілу, елестердің жоғалу кезеңі орнады [8; 30]. ХХ ғасыр бойы біз білетін секулярлы идеялық-саяси құрылымдар мен утопиялар өткен дəуірлердің ұлы діни ойлары іспеттес көбіне мобилизациялаушы мұраттар ролін атқарудан қалды. Олар не өз мүмкіншілігін сарқыды, не банкроттыққа ұшырады, не айтарлықтай əлсіреді. Заманымыздың көптеген радикалды, социалистік, коммунистік утопияларының жоққа шығарылуы жүзеге асқан факт болды. Адамдар реформаторларға да, революционерлерге де сенуден қалды. Ұлы бағдарламалар, ұлы табулар жəне ұлы бастартулар жігерлендірмейді əрі қорқыныш тудырмайды. Олар өздеріне деген толық немқұрайлықтан əрекет қабілетсіз болуда.

Кеңес мемлекетінің құлауымен коммунистік утопия да жоққа шығарылды немесе, керісінше, утопияның жоққа шығарылуымен империя құлады. Марксизм-ленинизмнің құлдырауы жəне сонымен байланысты кеңестік тəжірибенің сəтсіздігін мойындау қазіргі əлемнің көптеген əлеуметтік ойларына соққы болып тиді. Жəне де социалистік революция мен жалпылама əлеуметтік теңдік қағидасына негізделген қоғам туралы аңыз болашақтағы қайсыбір маңыздылығынан айрылды.

Алайда бұл құлдырау қоғамдық-тарихи дамудың батыстық жолының жəне қоғамдық құрылыстың батыстық үлгісінің кемелдігінің көрсеткіші емес. Бұған дəлел ретінде батыстық емес əлем нарықтық экономика жəне саяси демократия қағидаларын қабылдап жатқандай болғанымен, Батыстың өзінде ағартушылық мұрасын жəне ол тудырған — индивидуализм, саяси демократия прогресін сынау күшейіп жатқанын айту жеткілікті. Жəне де Батыс қандай да бір нандырарлық альтернативті аңызды ұсына алмады.

Соғыстан кейінгі уақыттың көп бөлігі бойы алдыңғы қатарлы елдердің халықаралық-саяси əрекетін анықтап отырған идеологиялық аңыздың жойылуы əлемнің екі тайталас шепке бөлінуіне əкелген қарама-қарсылықтың идеологиялық негізінің эрозиясын жəне құлауын білдіреді.

Бірінші кезде марксизм-ленинизмнің құлдырауы кез келген идеологияның толық өлімін білдіргендей ой қалдырды. Бұл жағдай бірсыпыра жалған əулиелерге «тарихтың соңы» жəне прагматикалық либерализмнің жаңа дəуірінің орнығуы туралы айтуларына мүмкіндік тудырды. Жəне де мобилизациялаушы мұрат сипатында қандай да бір идеалды-бағдарламалық, саяси-идеологиялық құрылымдардың болу мүмкіндігі мен заңдылығының өзіне шүбə келтірілді. Көптеген сұрақтар туындады. Демократия жаңа тарихи шындықтардың талаптарына тиімді жауап беруге қабілетті ме? Либерализм немесе капитализм дəстүрлі идеологиялық жүйелердің анық дəрменсіздігінен кейін орын алған вакуумды толтыра алады ма? Бұл жəне өзге де сұрақтарға жауап іздеу барысында идеологияның адамдар қауымдастығын байланыстырушы ретіндегі қызметінің толығымен жоғалып кетуі мүмкін емес екенін де ескеру қажет. Өйткені ешнəрсеге қарамастан, жаңа идеологиялық құрылымдар мен аңыздар пайда болады, бірақ олар əр түрлі кейіпке енеді.

Бұл саладағы қазіргі ахуал импровизация мен фрагментарлықтың басым болуымен, қандай да бір толық жəне бірізді теория мен идеологияның жоқтығымен сипатталады. Əлемдік үдерістердің белгісіздігі, болжай алмаушылық жəне кездейсоқтық сезімінің артуы орын алуда. Бұл көбіне идеологиялық негіздерден айрылған жаһандық ауқымдағы ығысулар күтпеген жағдайларды тудыруы мүмкін көптеген əлеуметтік, экономикалық, мəдени, технологиялық жəне өзге факторлардың тіркесуінен туындауымен түсіндіріледі. Сол себепті қалыптасу үстіндегі жаңа əлемдік тəртіптің күтпеген нəтижелер тудыруы мүмкін көптеген жасырын аспектілерінің болуы таңданарлық емес. Бұл нəтижелер жиынтығында жеке қоғамдастықтар ішінде жəне де əр түрлі халықтар, елдер, мəдениеттер, конфессиялар жəне т.б. арасында шиеленістік потенциалды күшейтуі мүмкін факторлардың ауқымды кешеніне жапсырылады. Постиндустриалды революция, урбанизация, ақпараттану, сауаттылықтың өсуі ерекше мəдениетті тудырып, өз тамыры мен жерінен айрылған, əлемнің бар игілігін беруге уəде беретін кез келген аңызды қолдауға əзір физикалық жəне ой еңбегі люмпендерінің бұқарасын қалыптастырды. Сонымен қоса секуляризация динамикасы жеке қажеттіліктері мен тілеулерін қанағаттандыру əрекетінің басты мотиві, басты өмірлік кредосы болып табылатын адам түрін тудырды. Бұл өзімшіл адам, С.Даннелс сəтті көрсеткендей, жауапкершілікпен түзетілмейтін бостандық дамуының нəтижесі болып табылады [9]. Ол тұлғаның айқындалуын шектейтін барлық нəрсені жоққа шығарып, институттарға, əлеуметтену үдерістеріне, міндеттемелерге, яғни кез келген қоғамның негізін құрайтын барлық нəрсеге, қарсы шығады. Ол қоғамды барлық қателіктерге, кемшіліктерге, рухани кедейлікке жəне т.б. жауапты ретінде жазғырады. Барлығы қажеттіліктерді қанағаттандыру, ляззаттану қызметіне қойылған гедонистік қоғам ол үшін идеалды болып табылады.

Қажеттіліктер əрдайым қайта туындап отыратындықтан, адамдар өз жағдайымен түпкілікті қанағаттана алмайды. Сол себепті постмодернизм жақтаушыларының батыс қоғамын «қанағаттанбаған қоғам» деп атауы кездейсоқ емес. Бұл бағыт өкілдері А.Геллер мен Ф.Фезер жазғандай, аталмыш ұғымға қазіргі батыс қоғамының ерекшелігін қажеттіліктерді өндіру, қабылдау, тарату контекстінде ашу талабы қойылған. Қажеттіліктерді өндіру, қабылдау, таратудың қазіргі формалары қандай да бір нақты қажеттіліктің шынайы немесе шынайы емес түрде одан тəуелсіз жүзеге асуына қарамастан, қанағаттанбаушылықты күшейтеді. Жəне де жалпылама қанағаттанбаушылық қазіргі қоғамдарды қайта тудырудың күшті итермелеуші факторы сипатында əрекет етіп отыр [4; 127].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ойзерман Т. Принципиальные основы самокритики марксизма // Свободная мысль. — 1993. — № 7. 
  2. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. — М.: Гардарики, 1999. 
  3. Сирота Н.М. Основы геополитики. — СПб.: Мысль, 2001.
  4. Мировое политическое развитие: Век ХХ / Под ред. Н.В.Загладина. — М.: Логос, 1995. — 325 с.
  5. Лебедева М.М. Мировая политика. — М.: Логос, 2003. — С.
  6. Бек У. Национальное государство утрачивает суверенитет. — М.: АСТ, 2004.
  7. Цыганков П.А. Международные отношения. — М.: Логос, 1996. 
  8. Ханнингтон С. Столкновение цивилизаций // Полис. — 1994.
  9. Рормозер Г. Кризис либерализма. — М.: Наука, 1996. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.