Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бүгінгі қазақстандағы дін мен мəдениеттің біртұтастығы

Қазіргі кезде жаңартылған əлеуметтік қоғам дамуындағы жеке адамның қалыптасуы, рухани мəдениеттің артуындағы Қазақстандағы діннің бүгінгі жағдайы орасан зор рөл атқарады. Рухани мəдениет — бұл ескіден қалған тарихи мұра, ол қазіргі кездегі қоршаған өмірге, адамгершілікке, тəрбиелікке, бірігіп қимыл жасауға Қазақстандағы діннің шарттарын үйренуге жəне өркендеудегі əлеуметтік мұра ретінде қарастырылады.

Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана- сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», — дейді [1].

Расындада бүгінгі күні дінге деген адамдардың көзқарасының сенімдерінің өзіндік ерекшелігі байқалады. Діннің жағдайы бүгінгі күнгі əрбір адамға таныс. Діни тұжырым барлық діни-ғұламалық жəне діни-философиялық əдебиеттерде қарастырылған. Оның негізгі мəні діннің құдіретті күшінен туындап отырғандығы «Адамның бойында бір күш бар. Ол күшті жақсыға да, жаманға да қолдануға болады. Оны Алла тек қана жақсылыққа қолдануын қолдайды» [2].

Бұл пікірдің мағынасы, барлық нəрсе Алланың тағдыры мен қазасы бойынша жүзеге асады. Əрине, адам өз өмірін жүйелі түрде реттей алады. Ал тағдырына иелік ете алмайды. Өмірдің өзі мəдениеттің біртұтастылығына байланысты дамиды. Адам осы мəдениетте өз өмірінің ең қуанышты да, ең қайғылы сəттерінің белестерімен өсіп өркендейді. Осы сəтте оның тағдырының əр түрлі əсерлері белен алады. Осы белестерінде адамның танымдық жəне сезімдік ой өрістері дамып, дінге жəне қоршаған ортаға көзқарастары қалыптасады. Бүгінгі қоғамдағы дін өз ерекшеліктеріне қарай объективті қоғамдық болмысты бейнелейді. Құдай — күш иесі, Құдай жолындағы негізгі əрекет — ол құлшылық. Біздің Құдай қуат иесі ғана емес, ол рақым қылушы. Өмірде қиянатың болса, онда сенің иманың жоқ. Діндегі ең басты құндылықтардың бірі — сенім. Діни құбылыстардың барлығы адам сенімінің нəтижесінде жүзеге асады. «Сенім» ұғымының дінде алатын орны зор. Дінде сенім болмаса дін де жоққа шығады. Адамды тəрбиелеуде оның адамдық негізін қалыптастыруға діннің ықпалы зор. Мысалы, көптеген ойшылдар əрбір ісіңді Алла қарап тұрғандай жаса деп таныған. Егер біз əрбір ісімізді  Алла  қарап  тұрғандай  жасасақ,  адам  бойындағы  орынсыз  əрекеттер,  жаман  əрекетке аяқ баспаушы еді. Адамның бойындағы жаман əрекеттердің тууы — өзінің жаратушысын ұмытуы. Сондықтан қоғам өмірінде ерекше орын алатын құбылыс — ол дін.

Дінде адамдардың біреуі тіл мұсылман болып келсе, екіншілері дін мұсылман болады. Тіл мұсылман діни қағидаларды тек қана ауызбен айтып, оны нақты іс-əрекетпен көрсетпейді. Ал дін мұсылман діни қағидаларды нақты өзінің іс-əрекет арқылы көрсетіп жүрегімен, шын ниетпен діни қағидаларды орындайды. Сондықтан дінде құр сөзбен əрекет ету — ол дінге қайшы іс-əрекет, адам шын жүрекпен, адал ниетімен діни қағидаларға жүгінуі шарт. Адамдар бұл ғұмырдың өткінші екендігін ұмытып, кейде бір ғана берілген ғұмырын орынсыз əрекетпен, түкке тұрғысыз іспен айналысып жатады. Ал адам тек қана биологиялық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігін қанағат етіп, соны ғана місе тұтса мына қоғамымыз дамымаған болар еді. Адамдарды мəңгілікке жетелейтін оның мынау жалғанда рухани өмірі емес пе? Егер адам тойынған өмірін болдым, толдым деп біліп тек соны жасағанға қанағат етсе, мына қоғамда ешқандай құбылыстар дамымаған болушы еді. Рухани өмір адамды мəңгіліктің аясына жетелейтін, өзі өлсе де артына өлмейтін із қалдыратын, адамдық негізге аяқ бастыратын ерекше бір құбылыс. Адам басқа тірі жандылардан өзгешелендіретін оның ақыл-ойы. Егер адамда ақыл-ой құндылықтарын жоққа шығарсақ, адамның хайуаннан еш айырмашылығы болмаушы еді. Сондықтан адамзат өмірдің өткінші екендігін сезіне отырып, бұл ғұмырдың қайтіп келмейтіндігін біле отырып, тек қана өзінің адамдық болмысына сай өмір сүру. Алла Тағаланы адамзат ең бірінші өзінің жүрегінде ұстау қажет, көбіне адамды құртатын біз Алланы көктен іздейміз. Алла адамзаттың жүрегінде, сенің жүрегіңнен шыққан адамгершілік, сенің жүрегінен шыққан адамдық — ол Алланың ісі.

Адамзат ерте заманнан бері ата-бабаларымыз өмір сүріп келе жатыр, сол заманнан бері адамдар өз өмір сүріп отырған ортасына қарай дінге əр түрлі пікірлер айтып келеді. Діннің құдіреттілігі — ол адамның өзін осы дүниеге əкелген жаратушысын тану, өзін-өзі тану.

Алла Тағала адамдарды жер бетіне сынау үшін жіберген соң, адам осы жер бетінде жасаған əрекеттері үшін күндердің бір күнінде сынға түспек. Тексерілмей қоймайсын бір иең бар деп тегіннен-тегін айтылмаса керек. Адамды тəрбиелеп, оны орынды əрекеттерге аяқ бастырып, өзін тануға, өзінің жақынын тануға, тіптен өзгені өзіндей сезінуге ерекше əсер беретін — ол дін. Сондықтан адам діннің құдіреттілігін бағалай білуі шарт. Қоғамдық дамуда діннің кері əсері жоқ, керісінше, адамдарға адамшылдық қасиеттердің қалыптасуына ерекше мүмкіндік беретін құбылыс.

Мəдениет — адамдардың қоғамдық өмірде ертеден келе жатқан рухани жəне материалдық құндылықтарының қамтамасыз етілуі. Рухани мəдениет жəне материалдық мəдениет екеуі  бір- бірімен тығыз байланысты. Адам ең бірінші материалдық жағдайын қанағат етпесе, руханилыққа аяқ басуы мүмкін емес. Ал дін болса, осы рухани мəдениетіміздің ерекше бір салаларының бірі.

Адамдардың дүниеге объективті көзқарасы қалыптасуы үшін бүгінгі жағдайда исламның тарихы мен теориясын білуді əрбір азаматтан талап етеді. Адамзаттың ислам дінінің тарихын білу мəдениеттіліктің өмірге деген тəртіптіліктің, инабаттылығын мейірім, ар-ұжданын негізінде қалыптасады. Мəдениеттің негізінде білім, бағалау, қабылдау шарттары жатыр.

Адамдардың дамуы үшін, бүгінгі қоршаған ортаның əсері құбылыстары дүниені салыстырмалы бағалауына көмектеседі. Ал, ғылыми көзқарастың қалыптасуында мəдениеттің алатын орыны зор. Ғылыми зерттеулердің, діннің адам санасына, тəрбиесіне үлкен əсер барын айтады.

Ислам дінінің адамгершіліктік нормаларында тəрбиеге қатысты қайрымдылық, мейрімділік жақтары көп ескеріледі. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда қайрымдылық тиімді. Қайрымдылық көрсеткен адамның көңілі таза, мейрімділік қасиетке ие болады. Ислам дінінде сүйіспеншілік, мейрімділік, тазалық ерекше орын алады. Сол себепті, ислам дінінің тəрбиелік мəні бүгінгі таңда маңызы зор. Ислам дінінің ерекшелігі — ұлттық салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрыпымызды, рухани қазыналарымызды бір жүйеге салып, құндылығын анықтап, арттыруға көмектесетін тəртіптілік заңы. Ислам діні имандылыққа жетелейді, бойында иманы бар адам ешуақытта жамандыққа бармайды.

Иманды адам ар-ұжданын, тазалығын, əдептілігін, əділеттілігін сақтайды. Əдептіліктің өзі адамның өзін-өзі тəрбиелеуіне, мінез-құлқын дұрыстауына көмектеседі. Мінезі құлқы дұрыс адам қоғамда, қоршаған ортада үлкен игілікті іс-əрекет жасауға дайын. Осылай жастарымыз имандылықты дұрыс түсініп, жақсы əрекеттерімен өздерін көрсетуі керек. Бұл ұғымдар — мəдениеттіліктің ең керекті нышандары, бүгінгі күнгі өзекті мəселелердің бірі. Біз тəрбиелі адамның дүниедегі болмыс тəсілі деп қарастырсақ, онда дін осы болмысқа мағыналық жəне тұрақтылық беретін күшке айналады. Адамның болмысы қайшылықтарға толы: өмір жəне өлім, пендешілік жəне руханилық, өзімшілдік, лəззат жəне парыз. Діннің басты қызметі — адамдық қарым-қатынастарды белгілі бір тəртіпке  келтіріп,  оның  құдіреттілігі  мен  қасиеттілігіне   адамдарды   иландыру,  сендіру.  Дін —мəдениеттіліктің бастамасы жəне оны қорғаушы күші. Кейбіреулер дін салт-дəстүрмен шектелмейді деп ұғады, ол дұрыс емес, өйткені салт-дəстүрімізден бастау алып, мəдениеттілігімізді көрсетеміз.

Дін — рухани мəдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі, дүниедегі тəрбие жөніндегі бағдар мен жол. С.Е.Нұрмұратовтың пікірінше: «Рухани дамудың негізгі мақсаты — əрбір адамды бақытты болуға ұмтылдыру. Адамның жер бетінде тіршілік иесі болып келуінің өзі оны болашағы бар, бақытты болуға лайықты жан етеді» [3].

Ислам діні мəдениеттің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Адамгершілігі мол адам көргені бар, парасатты, ақылды, ізгілікті болып келеді. Еліміз егемендік алып, тəуелсіз мемлекет болып өмір сүріп келе жатқанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы жылдар аралығында біздің қоғамымыздың барлық салаларында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Сол өзгерістердің негізін салушы осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар.

Адамдар — барлық жер бетінде ізгілікті тудырушы. Адам бар жерде ғана мəселе басталады, адам бар жерде ғана мына қоғам қалыптаса бастайды. Ал дін болса осы адамға қатысты құбылыс. Адам болмаса діннің не екендігін кім таниды.

Қоғамдық құндылықтар негіз болушы адам, жер бетіндегі кез келген құбылыс адамға қатысты туындайды. Көбіне адамдар жұмақ басқа дүниеде деп таниды. Ал шындығына келсек, біз өзіміз басқа дүниеден қайтіп келіп жұмақ сол дүниеде деп дəлелдеп берген адамдарды көрген жоқпыз. Ол тек бір бізге аңыз, миф секілді. Жұмақты адамзат неде болса осы өмір сүріп отырған дүниесінен іздеу шарт. Адамзат ерте заманан өмір сүріп сол ата-бабаларымыздың салған жолын тану ол мына бүгінгі мəдениетіміздің, руханилығымыздың жемісі. Күнделікті қарапайым қалыптапсып жатқан мəдени құндылықтар да адамға, болашағына үлкен із қалдыруына мүмкіндік жасайды. Жер бетінде қаншама мың халық бар, олардың өмірге деген түсінігі жалпы дінге деген көзқарастары əр түрлі. Қазіргі заманда сан-алуан діни ағымдар бар. Олардың көбісі халықтың көзін байлаушылыққа апаруы мүмкін. Мұсылман халқына ертеден келе жатқан ортақ діні — ислам діні. Ислам діні барлық мұсылмандарға ортақ дін. Құдіретті кітабы — Құран. Ислам діні адамды адамшылдыққа бастайтын, адамды тек қана өзін жақсы көріп қана қоймай, барлық адамзатты өзіндей көруге шақыратын дін.

Ислам — асыл қазына, ең бірінші адамға керек нəрсе ол адамшылдық емес пе? Адамның адамдық негізде өмір сүруі барлық адамзатқа ортақ мүддеде əрекет ету емес пе? Ал ислам діні сол барлық адамзатқа ортақ мүддені қолдауға шақырады. Ислам дініндегі бес парызды орындау — əрбір мұсылманның парызы.

Ертеден келе жатқан сабақтастықты жалғастыруда да осы діннің маңызы зор болды. Адам имандылыққа салынып, өзінің адамдық негізінде өмір сүріп, бұл өмірдің өткінші, қайтып келмейтіндігін, өмір бар жерде өлім бар екендігін сездіретін ол ислам діні. Адамға мына ғұмыр өткінші, ол өзінің қайтіп келмейтіндігімен өзгешеленеді. Ал ислам діні осы ғұмырдың өткінші екендігін ескере отырып, адамның адамшылдық негізін жоймауға үлкен үлес қосатын рухани ілім саласы.

Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Исламдағы танылған діни-саяси жəне мəдени алғы шарттар классикалық дерек  көздерді талдау арқылы анықталады. Діннің қалыптасуы мен даму ерекшелігі ондағы «ижтиһад» ұғымының дінді пайымдаудағы басты шарт ретінде болып табылатындығы анықталып, Құран, хадис жəне сүннетке, сондай-ақ «ақидаға» қатысты көзқарастарының ерекшеліктері айқындалуда. Ижтиһад исламды өмірлік тəжірибеге, бейімділікке əкеледі. Дін күнделікті өмірмен жəне кейбір жекеленген практикалық мəселелермен байланысты болады. Дін заманға байланысты бейімделіп тəжірибелерінде өзгерістер болып жатады. Адамдардың дінге деген көзқарастары өзгеріп, жаңадан мешіттер, діни оқу орындары ашылып, мектептерде араб тілін оқытып, Құран кітабын дұрыс оқи бастады, осының өзі дінге деген бетбұрыс. Дін өзінің қоғамдық болмысымен байланысымен жəне оның бейнелеу формасымен сипатына қоғамдағы қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты күрделі. Халықты тұрмыс- тірлікке тəн əдет-ғұрыпқа, салтқа тəрбиелеу — бүгінгі жағдайдың міндеті. Тəрбиенің арасында əрбір адамның өз талғамы, ой-толғауы, түйгені болуы керек. Сонда ғана ол өркениеттік деңгейде көтеріледі, алды-артына үніледі.

Əрбір қазаққа ойланатын уақыт жеткен сияқты. Мыңжылдаған тарихы бар ата-бабаларымыздың жолымен жүріп, салт-дəстүрімізді сыйлап, қолға алып, болашақ жастарға насихаттауға бейімдеу. Батысқа қарап еліктемеу, өз дінімізді қадірлеп қастерлеу. Дін де адамның барлық іс-əрекеттерінің сапалығына ықпал етіп, адамның «адам» деген атауға лайықты болуына қадағалайды.

Ислам діні өте таза, қарапайым, елдің өмір сүру қағидаларына ыңғайлы. Ислам діні бүкіл адамзатқа бағышталған болашағы көлемді, əлемдік дін. Исламның өзге діндерден айырмашылығы,ғылым мен зерттеулерге жол ашып, еркін ойлауға, ізденуге мүмкіндік береді. Енді ғана өркендеп келе жатқан дінімізді орнықтыра түссек, одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өйткені ислам діні тарихи дамуымыздың негізі. Дінімізді бекем ұстап, дұрыс түсіну, жастарды ұлттық рухпен тəрбиелеу бүгінгі жағдайдың ісі. Ислам кез келген уақытқа, жағдайға, толыққанды тіршілікке арналған дін.

Қазақстандағы ислам, біріншіден, адамзаттың өткенімен де, бүгінгісімен де, болашағымен де тығыз байланысып өмір сүре алады. Екіншіден, ғасыр замана үрдісімен процесінен, өркениеттен қалып қоятындай кертартпалыққа жол бермейді. Ислам кең, əр адамның ізденіп, зерттеу жасауына жəне өз заманының қайғы-қасіретіне шипа боларлық шара іздеуіне ерікті бағыт-бағдар береді.

Біз өмір сүріп жатқан күрделі əрі қарама-қайшылықтарға толы бұл ғасыр — технологиялық, ақпараттық-коммуникациялық төңкеріс, спутниктер, бағдарламалар жəне интернет дəуірі өткен ғасырдан мүлде ерекше екендігі айдан анық. Бұл замандағы жетістіктері жер шарындағы барлық адамзат баласына ортақ.

Күн сайын жарық көріп жатқан ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді игеруге жеке адамның қауқары жетер емес.

Кейбіреулер мұндай қарқынды құбылыстың жалпы дін атаулының бəріне, əсіресе Ислам дініне келіп-кетер қаншалықты кері əсерінің барын білгісі келсе, біреулері діннің адамзат өміріндегі орны қандай, оның елеулі ықпалы барма, əлде жоқпа деген мəселелер ойландырады. Ислам дінінің бүгінгі таңда, келер ғасырларда да қоғам тынысынан оқшау қалдырмай жан-жақты зерттеп отыру қажет. Өйткені оның негізгі адамзат өміріне материалдық пайымдау тұрғысынан да, рухани қырынан да жан-жақты, кеңінен қамтиды, яғни қоғамдық өмірдің барлық саласына бағытталды. Исламның мəн- мақсаты не, бүгінгі жағдайын замана тынысына сай түсіну əр мұсылман міндеті.

Осыған орай Қазақстанда насихат тəсілдерін жаңғыртып жетілдіру кезек күттірмейтін міндетті шара. Өйткені өмірдің өзі əрдайым қозғалыс, даму үстінде, ал ижтиһад бейне оны жаңартып, жаңғыртып отыратын өлмес рух тəрізді. Тіршілік қажет іс-əрекеттерді ұдайы дамытып отыруды қолдайды жаңа жолдарды мегзейді. Бүгінгі таңдағы, əрі келешекте əр түрлі түйінде мəселелерді шешуде діннің алатын орны бөлек. Дініміздің басты мақсаты — мұра құндылықтарымызды қауіп- қатерден сақтау.

Ислам əлеміндегі Қазақстандағы қарама-қарсы бағыттағы басқа бір топ, шығыстан немесе батыстан жеткен барлық ой-пікірді тексеріп, саралап, сосын барып қабылдап насихаттау  керек. Діннің кейбір мəселелерін дұрыс түсінбестіктен, əр түрлі қайшылықты шиеленістер болады, оны дер кезінде сараптаудан өткізіп тоқтау салу қажет. Дінді насихаттауда мəселенің дұрыс-бұрысын тиісті дəрежеде зерттеуді, ой таразасына салып, əділікпен шешу қажет. Осындағы исламның  негізгі мақсаты ішкі жəне сыртқы саясаты, ағымдарды дұрыс адамзатқа ұқтырып бүгінгі заман дамуына сай қалыптастыруы керек. Адамзат жер бетінде ғұмыр кешкен күннен бері материалдық жетістікке ұдайы ұмтылып келеді. Алайда адам бақыты біртұтас гармониядан құралатындықтан, материалдық жəне рухани байлықтың қатар болуын қажетсінеді. Себебі бұл өмірдің өзі диалектиканың заңымен қалыптасып, дамиды. Дегенмен де, аталған қажеттілікте материалдық қажеттіліктен рухани қажеттілік жоғары болады. Рухани байлық адамды адам ретінде, адамның барлық іс-əрекетінің сапалы болуына ықпал етіп қалыптастырады. Осындай рухани байлық қайнар көздерінің бірі — дін. Дін де адамның барлық іс-əрекеттерінің сапалылығына ықпал етіп, адамның «адам» деген атауға лайықты болуын барынша қадағалайды.

«Біз Исламның, басқа да əлемдік жəне дəстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп, əрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз», — деп атап көрсетті Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев.

Міне, бүгінде адамзат өз дамуының жаңа белесіне көтерілді. Осынау тарихи үрдістердің қай қырына көз салсаң да, діни ұстанымдар көзге бірден шалынады. Діни ұстанымдар, діни деңгейдің жоғары болуын талап етеді. Ислам дінінің көшпелі қауымының рухани өмір тіршіліктеріне байланысты қалыптасқан дін деп те бағалауға болады.

Егемендігімізді алғаннан бері қазақ халқының мəдениетінің қалыптасуына ислам өркениетінің жасаған əсері бар, ашық мəселе деп қаралуда. Діннің мəселелері бұрын жабық қаралса, қазір ашық қабылдау арқылы жүзеге асып жатыр. Адамзат қай дінді қабылдаса да өз еркі, бірақ Ислам дінінен таза, мəдениетінің əсері көп екендігін мойындауға болатын ақиқат. Ислам діні  Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) аян жолымен келген ақиқат болса, ислам мəдениеті мұсылман дінін қабылдаған халықтардың қатысуымен жасалған өркениет. Осы ислам мəдениетіне қазақ халқы өз жолымен, өз дүниетанымымен келіп, енді жаңа дінді қабылдай отырып, көне түркілер дəуірінен бергі «Тəңір»,«Аруақ», «Хызыр» сияқты түсініктерді санасында сақтап қалды, түркілік менталитетпен    суфизмнің терең белгілері адам ойының еркіндігімен идеялары тамаша үйлесімін тапты. Қазір республикамызда ислам дінінің қайта жаңғыру процесі жүріп жатыр. Осы процесс барысында діни фанатизмнің қандай болмасын формасынан сақтандыруда қазақ этносының ислам дінін неліктен, қалай жəне қандай формада қабылдағаны, ислам діні мен ислам мəдениеті түсініктерін, тіліміздегі араб діні ғана емес, философиялық мағынасын ажырата білу маңызды. Бүгінгі күні қазақ халқының бет-бейнесі ашылып ислам дінінің əсерін түсініп, оның қоғамда қалыптасуына, орнығуына жол көрсетуде. Жалпы адамзатқа ортақ мəдени құндылықтарға ортақтасу философиялық-дүниетанымдық жəне адамшылық- эстетикалық мəдениет аспектілерінде қарастырылады.

Ислам өркениетінің қазақтың ұлттық менталитетінің қалыптасуына əсері бүгінгі күннің тың мəселелері деуге болады. Бүгінгі күні қазақ ғалымдары ислам мəдениеті мəселелерін зерттеумен шұғылдануға бет бұруда. Бүгінгі күннің талабы бұрынғы мұра құндылықтарымызды жинастыру, орта ғасыр ойшылдарының еңбектерін аудару, жұртшылыққа дұрыс жеткізе білу. Ислам қағидаларын аса жоғары адамгершілік тарапынан қабылдап адамзат бет бұруда. Ислам қағидаларын аса жоғары адамгершілік-этикалық құндылықтарының тұрғысынан насихаттау бағыттарын қоғамымыздың дамуына тигізер əсерлерін, ықпалын қалыптастыру.

Ислам дінінің жылдам жəне көптеген аймақтарға бейбіт таралу құпиясын зерттей  келіп, Бартольд оны исламның мəдени қуатында деген тұжырымға келеді. Демек, ислам бірінші кезекте мəдени феномен. Екінші, ислам діннің əлемдік дəрежесіне көтерілуі тиіс. Ислам өркениетінің Қазақтың ұлттық менталитетінің қалыптасуына əсері жоғары. Адамшылық нормаларды қалыптастыруға қызмет ететін көркем туындылардан, халықтың əдет-ғұрыптарынан, мəдениетінен көрініс табады. Қазақ елі өзінің саяси, экономикалық дербестігін алып, тəуелсіз ел болғанымен, қоғамдық сана бөліп алып, шекара қоя салатын жер де, дүние-мүлік, мал да емес, адамды мəңгілікке жетелейтін руханилық. Ол — миллиондаған қандастарымыздың өмірдегі іс-əрекеті мен өмірлік позициясын айқындайтын діни, тарихи, мəдени, əдет-ғұрып, салт-дəстүрлік  құндылықтар жүйесі. Осы озық ой мұраларын, құндылықтарымызды ашу оның құбылысының орын алуы туралы сөз еткен əділірек. Ислам діні қайырымдылық жақтарды көп ескеріп, бүгінгі күні қоғамда өз көрінісін тауып отыр. Ислам діні имандылыққа жетелейді, «имандылық» деген ұғымда үлкен мəн-мағына бар екендігін уағыздайды.

Қалай болған күнде де Қазақстан өркениеті мен мəдениеті тұрғысынан мұсылман əлемінен тысқары қала алмайды. Өйткені ислам діні — Орта Азия халықтар өркениетінің өзегі. Ислам діні бүгін кең етек алып дамып өз шапағатымен қоғамымыздың күшінің қуатты болуына ықпал етуде. Жастарымызды, халқымызды ұлттық рухпен нəрлендіру. Адамға адамзаттың баршамызға ортақ өркендеу жолын жете түсінуіне жəне қоршаған ортамызға төніп тұрған экология, ядролық қару, топтық қылмыс, құмарпаздық, СПИД т.б. ғасыр аурулары сияқты қауіптің бар екенін жастардың жете түйсінуіне ықпал ететін əлемдік ортақ мəселелер кездеседі. Батыс өркениетінің қанат жайып кеңінен таралуы ұлттар мен халықтардың мəдени ерекшеліктеріне қауіп төндіріп, тіпті мүлдем  жойып жіберуі мүмкін. Міне, бұл исламият кеңістігінде наразылық тудырар күрделі мəселе.

Бірақ бұл мəселені сан қырынан талдап, қарастыру керек. Ислами ақыл-сана, ой-өріс өте биік, имандылыққа, адамгершілікке жақын, жоғары деңгейде болғандықтан, белгілі бір мəдениеттегі кейбір ерекшеліктің исламға жат деп тосырқағандықтан ғана қабылдамайды, керісінше, оны таразылап жете зерттеп, мəдениетіміздің өркендеуіне ықпал ететін пайдалы жерлерін ала біледі. Ата- бабаларымыздың: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген даналық қағидасын жадымызда сақтағанымыз жөн. Ислам шын мəнінде адамның мүддесін қорғап, оған талпыныс береді. Сондықтан адамзат мүддесін көздейтін мəдениетті қабылдамауы мүмкін емес. Өз ғасырымыздың тыныс- тіршілігінен, озық мəдениетінен оқшауланбай, мұның бəрін заңды құбылыс деп түсініп, дұрыс жақтарын қабылдап іс-əрекеттерімізде, өмірде қолдану керек.

Сондықтан біз хақ дінімізді берік ұстанып, ондағы асыл құндылықтарды пайдаланып, ұрпақтарымызды имандылық қағидаларымен тəрбиелесек, өркениетті елдердің алдыңғы қатарлы биік деңгейлеріне шығатынымызға толық сенеміз. Дін бірлікті, ынтымақтықты дəріптейді, ол қоғамдағы рухани ілім саласы. Бірлік бар жерде тірлік бар. Тірлік бар жерде адамгершілік құндылықтар бар. Ынтымақты ел əр уақытта мəдениеті жоғары, салауатты ел.

Адам имандылық жолында əрекет етсе, ең бірінші оның ісі одан кейін оның аузындағы сөз түзеледі. Адамға басқа пəле тіл деп атаған, егер адамда сөз түзелсе, одан кейін адамның ісі оңға басады. Имансыз адам құдайдан қорықпайды. Адам бойында иманы болмаса, адам орынсыз əрекеттерге аяқ баспақ. Адамның адамдық қасиетінің аяққа басылуы — ол имансыздықтың нəтижесі.

Адамның иманы болмаса адам əрқашан өмірде қиналып өтпек. Кейбір адамдар өзіміздің ислам дініне сенбей басқа діндерге кіріп жатады. Мұның себебі неде? Өзге дінге аяқ басқан адамдар нағыз надандық дегеніміз сол болмақ. Ислам діні қазақ халқынан ешқашан бөлек жеке дара тұрғызуға болмайды. Тойынған тіршілігін қанағат ететін адамдар имандылық не екендігін ойланбайды. Имансыздар мына заманда өз ойына келгенін істеп жүр. Олар өздері секілді тіпті адамдардың көз жастарынан сескенбей əрекет етіп жүр. Бұл ғұмырдың өткінші екендігін сезінбеген адамдар бір ғана берілген ғұмырының орынсыз əрекетпен өткенін жөн деп біледі.

Адам көбіне басына қиыншылық түскен кезде ғана Алланы есіне алады. Адам сондықтан дер кезінде орынды əрекетке аяқ басуы шарт, себебі ертең қартайғанда қайран өтіп кеткен өмірім деп өкінбейтіндей. Адамның ең бірінші санасы, ақыл-ойы таза болуы керек, ниеті түзу болу шарт. Адамның мына заманда орынсыз əрекетке аяқ басуы — ол жүрегінде нұр,  имансыздығының нəтижесі. Тіптен Отанды сүю, өзіңді жақсы көру, өзгені өзіңдей сезіну имандылықтан бастау алмақ. Имансыз тіптен ұлттық рухында жоғалтып алмақ. Қазіргі заманда Батысқа еліктеп жастарымыз өзінің ұлттық мəдениетін ұмытуға да аяқ басты. Қаймағы бұзылмаған қайран жастар оларды дер кезінде бұзбай, өзінің қандай деңгейде өмір сүріп жатқандығын ешқашан ұмыттырмау керек. Адамға ешқашан сырттан қайғы келмейді, ол əрбір адамның өзінің істеген іс-əрекетінің жемісі. Сондықтан адам осы əрекеттермен алдын ала күресуіміз шарт, себебі адам асқынып кеткеннен кейін, оған ешқашан ем жүрмейді. Еліміздің болашағы осы жастарымыздың қолында, заманның қандай екендігін адамнан білеміз. Тəрбие-тəлім болмай, ешқашан жұлдызы жанған жұрт болмайды. Құранды оқып, хадисті жаттаған сайын адамның санасы жаңғырып, ақыл-ойы кеңейді. Қазіргі заманда жылтырмен ораған қорапшадағы бос зат секілді, адамдардың көбісі бос əрекетке аяқ басып жүр.

Адамдар дені сау, тамағы тоқ болып жүргеніне мəз болып, көбісі өзінің жаратқан иесіне сенбейді. Адамдарды мына ғұмырда көбіне қанағатсыздық жеңіп, өзінің адамдық  болымысын ұмытып кетеді.

Тəлімсіз ұрпақтан кез келген қоғамның болашағы болмайды. Адамда ең бірінші алға жетелейтін оның бойындағы ізгі қасиеттер, жүрегіндегі имандылық. Адал адамның терісі кең, оның ауласында ешқашан жамандық болмайды, жамандықтың өзін жақсы адамдар жақсылыққа балайды, ал жаман адамдардың ауласына ешқашан құт қонбайды, ондай адамдар жақсылықтың өзін жамандыққа балайды. Жүрегінде иманы жоқ адамның жүрген кезде табаны нық болмайды.

Адам кей кезде жамандық көріп өзінің қатарластарынан кейін қалып жатса Алланың ісі деп біледі. Ал, шындығына келсек, Алла да адамды алалау жоқ, күн нұры шуағын бəрімізге қалай сеуіп тұр, сол секілді Алла тағала адамға жақсылықты да солай беріп тұр. Оның өмірде бақытты немесе бақытсыз болуы — ол əр адамның істеген ісінің жемісі. Адам əділ əрекет етсе, əрқашан оның іс- əрекеті оңға баспақ. Əрбір мұсылман өз дінін құрметтемейді, ибалы ешқашан ел иманын кірлетпейді. Ата-бабамыздың бойындағы тазалықтан бүгінгі егеменді еліміздің білікті азаматтары қалыптаспақ. Ғылымның негізін дінен тапқан ойшылдарымыздар да бар, олар əл-Фараби, Ибн-Сина, Қожа Ахмет Иассауи, тағы басқа даналарымыз. Иманды адам арсызға қатты қатал болады, олар елінің мүддесінде өмір сүреді.

«Балық басынан шіриді» деген сөз тегін айтылмаса керек, біздің алға бастап басшы болып отырған адамдар қандай əрекет етсе, бізде сондай қадам басамыз. Дін ислам — ол əрбір қазақтың діңгегі, ол адамды орынды əрекет етуге бастайтын ерекше бір рухани ілім саласы.

Имандылықтың негізі болашақ ұрпағын дұрыс қалыптасуына, əрекет етуіне шақырды, ұрпағының келешегін көздеді. Ата діннен ақиқат іздесек, біз өзге жұртпен тереземізді теңестіре аламыз.

Алла адамның өзінің пейіліне, ниетіне қарай береді, өзгені өзіндей сезінуге шақырады, əрбір адамды Алла жаратқанан кейін əр адамның өз несібесі бар, дүниеден бос қалдырмайды. Адамды ең алға жетелейтін ол адамда имандылық, адамгершілік, адам əрқашан рухани бай болуы шарт. Адам сонда ғана мəңгіліктің аясында өмір сүріп орынды əрекетке аяқ баспақ. Адамның өшуі оңай, ал өсуі қиын нəрсе, сондықтан адам аяғын бір шалыс басып қалса, қайтіп орынды əрекетке аяқ басып адамдық негізде өмір сүру қиынға соқпақ. Сондықтан əрбір мұсылман баласы өзінің жүрегіне имандылық ілімін жақындатып, адамдық болмысына сай өмір сүруі шарт.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  • Назарбаев Н.Ə. Сындарлы он жыл. — Алматы: Рауан, 2003. — 110-б.
  • Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар əлемі: əлеуметтік-философиялық талдау. — Алматы: ҚР БҒМ Философия жəне саясаттану ин-ты, 2000. — 98-б.
  • Əбу Ханифа. Əл-Фиқһул-Əкбар. — Алматы: Жалын, 2002. — 43-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.