Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бизнес-инкубаторлар — инновациялық шағын кəсіпкерлікті қолдаушы инфрақұрылымдық ұйымдар

«Бизнес-инкубатор» сөзі біздің тұрмысымызға «business», «incubator» деген ағылшынның екі сөзінен келген. Бізде «инкубатор» түсінігі дəстүрлі түрде құс өсіру жəне жылы түрде балапан өсірумен байланыстырылады. Жаңадан бастаушы кəсіпорындармен үйлестірсек, бұл сөз жаңадан құрылушы кəсіпорындардың тəжірибе алатын жəне одан əрі өсіру мен нарықтағы өз ұстанымдарын нығайтуға көмек алатын орнын сипаттайды.

Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң, əдетте үш жылдан соң, фирма бизнес-инкубатордан шығады жəне дербес өмір сүре бастайды. Бұл кезде оның қолында бар айтарлықтай тəжірибесі мен əлеуеті бірінші кезеңде өте жиі орын алатын банкротқа ұшыраудан құтылуға ғана емес, сонымен бірге əрі қарай дамуына да мүмкіндік береді. Ал оның босаған орнына бизнесті нөлден бастайтын жаңа фирмалар келеді.

Бизнес-инкубатордың əр түрлі мағынасы бар. Біреулер бизнес-инкубаторды шағын кəсіпорындарға төмен бағада жалға беретін ғимарат деп есептеуді ұсынады. Басқалар оны шағын бизнесті дамыту мен кəсіпкерлікті белсендетуді негізгі мақсат етіп ұстанатын құрал ретінде қарастырады [1]. Біздің ойымызша, бизнес-инкубаторды ғимараттың жай ғана бірлесе пайдалануы деп түсіну теріс болады. Ол кəсіпкерлерге тек алғашқы жылдары кездесетін қиындықтарды жеңуге ғана емес, сондай-ақ кəсіпорынның əрі қарай сəтті жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін менеджмент пен қаржы саласында жақсы тəртіпке келтірілген қолдауларды көрсетеді.

«Бизнес-инкубатор» сөзі кəсіпорын кұрудың икемді əдістер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Бизнес-инкубаторлар тек АҚШ-та ғана емес, сондай-ақ Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапо- ния, Қытай сияқты елдерде де кеңінен тараған. Əр түрлі елдерде бизнес-инкубаторлар инновациялық орталық, технология жəне бизнес орталығы деп əр түрлі аталады.

АҚШ-тағы бизнес-инкубаторлар саны соңғы жылдары теңдесі жоқ қарқынмен көбейді: 1980 жылы 10-ан 1994 жылы 500-ге дейін, əр аптада бір бизнес-инкубатор пайда болды [2]. Ұлттық биз- нес-инкубаторлардың арқасында 82000-ға жуық жұмыс орындары құрылған, яғни бір бизнес- инкубаторға орташа 140-қа дейін жұмыс орны келеді екен. Бизнес-инкубаторлардың арқасында банкротқа ұшырайтын кəсіпорындар санын азайту мүмкіндігі пайда болды. АҚШ-тың Адвокаттық кеңесінің мəліметтері бойынша, алғашқы 4–6 жылда 55 %-дан 65 %-ға дейін кəсіпорындар сəтсіздікке ұшырайды екен. Бұл көрсеткіш барлық əр түрлі бизнес-инкубаторларда 20-% ға дейін төмендетіледі.

Бизнес-инкубаторлар — кəсіпкерлерді қажетті кеңес берулермен жəне қолдау көрсетулермен қамтамасыз ететін бизнеске көмек көрсету бағдарламасы. Əдетте бизнес-инкубаторлар арнайы жер- лерде орналасады жəне оларға бірнеше жаңадан бастаушы фирмалар орналастырылады. Олар құрал- жабдықтарды тек бірлесе пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге бизнестің əр түрлі бағыттары бойынша, кеңес беруді қоса алғанда бизнес-инкубатор тарапынан көрсетілетін барлық қызметтерді тең дəрежеде пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Кейбір қызмет көрсетулердің құны жалға беру құнына қосылған; көрсетілетін қызметтің басқа түрлерінің бағасы айтарлықтай төмен. Бизнес- инкубаторлар келесі қызмет түрлерін көрсетеді: қаржылай көмек көрсету бойынша кеңестер беру; менеджментке көмек көрсету; жалпы сипаттағы көмек көрсетулер; кəсіби сипаттағы көмек көрсетулер; жеңілдетілген бағада жай жəне құрал-жабдықпен камтамасыз ету (1-кесте).

Бизнес-инкубатордың негізгі қорларына мыналар жатады:

  • бизнес-инкубатор қызметкерлері, оның ішінде кеңес берумен қамтамасыз ететін қызметкерлер;
  • құрал-жабдықтар, оның ішінде оргтехника (көшіруші машиналар, факсимилды аппараттар, компьютерлер жəне т.б.);
  • бір ай мерзімге жалға берілетін жиһаздар. Қажет болған жағдайда жалға беру шарты ұзартылады.

Бизнес-инкубаторлардың тиімді жұмыс істеуі келесі адамдар тобының қызметіне тəуелді: демеушілер, кеңес берушілер, басқару аппараты, басшы, бизнес-инкубатор қызметкерлері жəне биз- нес-инкубатордың тұтынушы кəсіпорындары.

Демеушілері бұл дербес бизнес ретінде бизнес-инкубаторына салынған барлық салымдардың 1/3 дейін құрайды. Кейбір ұйымдар немесе университеттер қаржы салмастан бизнес-инкубаторын дамытуға қорлар тарту мақсатында басқаларға əсер ете алады. Ондай жағдайларда бұл ұйымдар да демеушіге жатады.

Кеңес берушілер оларға əр түрлі бағыттардағы сараптаушылар жатады, соның ішінде тегін жəне төмен бағада кеңес берулермен қамтамасыз ететін ғалымдар, заңгерлер, банкирлер, технологтар жəне т.б.

Бизнес-инкубатордың басында тұратын тұлғаның əр түрлі титулы бар: президент, атқарушы ди- ректор, директор немесе менеджер. Басқарушы тұлға ретінде «директор» немесе «атқарушы дирек- тор» ең лайықты лауазым болар еді. Себебі барлық бизнес-инкубаторлар коммерциялық емес ұйымдарға жатады. Дегенмен де «президент» сөзінің пайдалануы да ақталды. Бұл бизнес- инкубаторлардың тиісті тұтынушылары, көрсететін қызметтері, активтері жəне міндеттері бар бизнестің бір түрі екендігін тағы да бір рет растайды. Бизнес-инкубаторлардың негізінде жатқан негізгі принциптерін қарастырайық.

Инкубаторлардың негізгі міндеті — компанияны дамыту. Кейбіреулер бизнес-инкубаторлардың алдына əр түрлі мақсаттар қояды — аймақ экономикасын жандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа технологияларды енгізу, жоғары оқу орындарын коммерциялизациялау жəне т.б. Шындығында, бизнес-инкубаторлардың негізгі идеясы — бұл жаңа кəсіпорындарын өзін-өзі қаржыландыру негізінде олардың əрі қарай сəтті даму негізін салуы мақсатына, құруларына жəрдем көрсету. Қажетті тəжірибе жəне əлеует жинаған кəсіпорын əрі қарай дербес дами алады, яғни аймақ экономикасының дамуына, технологияның енгізілуіне жəне жаңа жұмыс орындарының ашылуына жəрдемдеседі.

Жоғарыда аталып өткендей, бизнес-инкубаторлар — бизнестің бір түрі, сондықтан стратегиялық жоспарларды дамыту, қызметкерлерді таңдау мен басқару жəне клиент-кəсіпорындарының қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатында олармен жүргізілетін маркетинг жұмыстарын дайындауды ұйғаратын тиісті басқару жүйесін құру қажет. Бизнестің бұл түрінің негізгі өніміне тиімділігі жоғары, өзін-өзі қаржыландыратын кəсіпорындарды құру жатады.

Əр түрлі клиент–кəсіпорындармен жұмыс істеген кезде бизнес-инкубаторлар клиент- кəсіпорынның қажеттілігі мен даму деңгейіне қарай дифференциалды саясат жүргізуі қажет. Барлық кəсіпорындарға бір көзқараспен қарауға болмайды, сондықтан бизнес-инкубатор əр түрлі кəсіпорын түрлерін дамыту үшін өзінің құрамында əр түрлі бағдарламалар түрін қамтуы керек. Бизнес- инкубаторларды құру алдында, кез келген басқа бизнестегідей, үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуі керек. Бірінші кезекте мына сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

  1. Инкубатор құру идеясы шындыққа қаншалықты жанасады?
  2. Бизнес-инкубатор қалай қаржыландырылады?
  3. Бизнес-инкубатордың президенті қандай қасиеттер мен қабілеттерге ие болуы тиіс?
  4. Бизнес-инкубатор тарапынан қамтамасыз етілетін шаралар мен қызметтерге деген қажеттілік бар ма?
  5. Бизнес-инкубатордың əлеуетті клиенті кім бола алады жəне оның талаптары қандай?

Бизнес-инкубатордың маркетингтік əлеуетін анықтау бизнес-инкубаторды құрудағы ең маңызды саты болып табылады. Сонымен қатар өткен жылы қанша бизнес-инкубатор құрылды, оларға қандай ұйымдар көмек жəне қолдау көрсетті, аймақ экономикасының дамуына жаңа кəсіпорынның əсері қандай? Мұндай түрдегі талдауды жүргізу кезінде мыналар сарапшы бола алады:

Кəсіпкерлер — жұмыс істеп тұрған компаниялардың негізін құрушылар, олар өздерінің бизнесі үшін технологияны дамытуға мүдделі, бұл бизнес-инкубатор қызметінің объектісі болуы мүмкін. 

 1- к е с т е Бизнес-инкубаторлар көрсететін қызметтердің түрлері  

 Пайда табу мақсатында колледждер, университеттер жəне басқа оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының талдамалары ұсынылуы мүмкін. Оқу орындарының қызметтерін коммерциялау да бизнес-инкубаторлар қызметтерінің бір бағытына жатады.

Ерікті жеке инвесторлар. Оларды қандай бизнес түрінің қызықтыратынын жəне бизнестің қандай түріне жартылай қаражат салғандарын анықтау маңызды. Ерікті инвесторларды тарту бизнес- инкубаторды қаржыландырудың маңызды бағыттарының біріне жатады.

Аймақтық шағын бизнесті дамыту орталығы. Шағын бизнесті дамыту орталықтары қызметтің қандай түрлері қамтамасыз етілуде жəне қандай қызмет түрлеріне қосымша қажеттілік бар екендігін анықтап алуға міндетті. Бизнес-инкубаторларының шағын бизнесті дамыту орталықтарымен мақсаттық құру мүмкіндігі қандай. Жаңа кəсіпорынды тіркеуге алатын мемлекеттік органдар.

 Сур. Бизнес-инкубаторлардың жұмыс істеу схемасы

Суретте көрсетілгендей, бизнес-инкубатордың қызметін пайдаланатын тұтынушылардың екі типі болады екен: макродеңгейде — бұл қоғам; микродеңгейде — жекелеген клиент-кəсіпорындар. Қоғам өзінің демеуші ұйымдарының торабы арқылы бизнес-инкубатордың жұмыс істеу үрдісін қажетті қаржы қорларымен қамтамасыз етеді жəне жаңа кəсіпорындардың құрылуына көмек көрсетеді. Қоғам тұтынушы ретінде сол арқылы экономикалық дамуға, шағын бизнестің дамуына, жаңа технологияны жасау мен енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, кəсіпкерлер тобын қалыптастыруға жəне кəсіпорынның жылдам дамуына қол жеткізуді қалайды. Клиент-кəсіпорындар бизнес-инкубаторларды өзінің бизнесін құру мен дамытудағы бастама ретінде пайдаланады. Əрбір клиент-кəсіпорындарының бизнес-инкубатордың барлық бағдарламаларын, соның ішінде қаржы, оқыту, білім беру жəне ақпараттық бағдарламаларын пайдалануларына жол ашық.

Бизнес-инкубаторды құрудан бұрын оның өміршеңдігін талдап алу керек, бұған келесі мəселелердің шешімі көмектесуі мүмкін:

  • бизнес-инкубаторға сай нарықтық ортаның бар екендігін анықтау;
  • белгілі бір   аймақта   бизнес-инкубатор  құру   мүмкіндігі   жəне   артықшылығы   жөнінде демеушілермен, қоғам өкілдерімен жəне кəсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • бизнес-инкубаторды құрып, жұмыс істеу үшін қажетті ресурстарды анықтау;
  • басқа бизнес-инкубаторлардың оң жұмыс тəжірибесін зерттеу;
  • бизнес-инкубатор құру жөнінде оң шешім қабылданған кезде оны дамыту бизнес-жоспарын дайындау [3].

Филадельфиядағы (АҚШ) «Университет иелігіндегі ғылыми орталық» бизнес-инкубаторы осындай бизнес-инкубаторлардың алғашқыларының бірінен саналды. Ол 400 мың м2 жерге орналасқан жəне 28 университет, колледждер мен дəрігерлік оқу мекемелерін қамтитын консорциум болып табылады. Орталықта 6000-ға жуық адам жұмыс істейді [2].

Бизнес-инкубаторларды қаржыландыру мен олардың негізгі шығындарын қарастырайық. 2- кестеде көрсетілгендей, бизнес-инкубаторларды қаржыландырудың негізгі көздеріне демеушілердің қаржылай инвестициялары, клиент-кəсіпорындарының жалгерлік төлемдері, көрсетілген бизнес- қызмет төлемдері, кəсіпорынды құру мен басқарудағы көрсетілген көмектер жатады. Бизнес- инкубатордың жұмсайтын қаражаттарының негізгілеріне мыналар жатады: инкубатор тарапынан жұмсалған күрделі қаражаттар, жалпы жəне басқару шығындары, соның ішінде маркетинг шығындары. Бизнес-инкубаторлардың арасында университет пен басқа ғылыми-зерттеу мекемелерінің базасындағы бизнес-инкубаторлар негізгі орынға ие, олардың негізгі мақсаты — ғылыми-зерттеу нəтижесінде жаңа технологиялар мен өнімдерді дамыту арқылы ғылыми- зерттеулерді коммерцияландыру мүмкіндіктерін іздестіру.

 2- к е с т е Бизнес-инкубаторларды қаржыландыру шығындары жəне көздері

 ТМД елдерінде Зеленоград ғылыми-техникалық орталығы (Ресей) — осындай бизнес- инкубаторлардың бірі. Ол 1991 жылы Қалалық басқарма мен Мəскеу мемлекеттік электроникалық технология институты тарапынан (ММЭТИ) құрылды. Əкімшілік пен бизнес-инкубатор қызметі ММЭТИ ғимаратында орналасқан, оның жалпы алаңы 350 м2. Бұдан басқа 1500 м2 жерде орналасқан басқа да ғимараттар бар, оларға 32 фирма орналастырылған. Бұл бизнес-инкубаторлардың негізгі мақсаты — ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерцияландыру жолдарын табу жəне қаржылық қолдау көрсету, ал бұл өз кезегінде ғылыми-зерттеулерді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бизнес-инкубаторлардың клиент-фирмалары өзінің дамуында 4 сатыдан өтеді. Бірінші сатыда жобаның жаңа келешегінің бар болуы жəне өтімділік критерийлері бойынша үміткерлер таңдалып алынады. Содан соң үміткерлермен ай сайын келісім-шартты растап отыру шартымен келісім жаса- лады. Клиенттер өз міндеттерін орындамаған жағдайда жалға алған жайларды босатулары керек. Екінші сатыда клиент-фирмаларға инкубатор тарапынан əр түрлі қызметтер көрсетіледі, соның ішінде кеңес беру, техникалық, қаржы жəне басқа қызмет түрлері қамтылады. Үшінші саты — бұл фирманың пайда болу жəне өсу сатысы. Жұмыс істеушілердің саны 2–3-тен 10–15 адамға дейін көбейеді. Фирма даму қарқынын жоғарылата бастайды, бұл жалгерлік төлемді осы аймақтағы жалгерлік төлемнің орташа нарықтық деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік береді. Кеңес беру қызметінің құны да жоғарылайды. Нəтижеде фирма қалыптасқан сыртқы орта шарттарына барынша жақындатылған жағдайларда жұмыс істей бастайды. Төртінші сатыда фирма тиісті əлеует жинап алып, бизнес-инкубаторлардан кетеді, ал оның орнына жаңа клиент фирмалары келеді.

Кез келген ірі оқу немесе ғылыми-зерттеу орны өз базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізу үшін бизнес-инкубаторын құра алады. Оның үстіне мұндай тəжірибе бізде бұрын да болған, ол уақытта шаруашылық келісім-шарт жұмыстарын жүзеге асыратын. Кəсіпорынмен жасалған келісім- шартқа сəйкес жетекші профессор қызметкерлер тобымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асы- рады, кейін оларды келісім-шартқа сəйкес қолданысқа енгізеді. Мұндай зерттеушілер тобының əрбірі қазіргі таңдағы университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының базасындағы бизнес- инкубаторының белсенді кеңес берушісі бола алады.

Аймақ экономикасының дамуына бизнес-инкубаторлар зор үлес қосады: біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құрады, екіншіден, өнім өндірісі мен қызмет көрсету көлемін арттыру есебінен экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Осы екі факторды ескере отырып, аймақтық басқару органда- ры өзін жақсы танытқан бизнес-инкубаторды экономиканы дамыту құралдары ретінде пайдаланула- ры қажет. Бизнес-инкубаторлардың көбісі өз қызметтерін қаңырап тұрған мектеп ғимараттарында жəне бұрынғы əкімшілік офистерінде бастайды. Мемлекеттік жəне аймақтық құрылымдарды қайта ұйымдастыру үрдісінде республикада көптеген əкімшілік ғимараттары босатылады, олардың кейбіреулері аймақтағы көптеген кəсіпорындар үшін мəре алаңы бола алар еді.

АҚШ-тағы бизнес-инкубаторлардың 90 %-ға жуығы коммерциялық емес ұйымдар, олардың негізгі мақсаттары — жаңа кəсіпорындар құру жəне оны дамыту. Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі сатысында бизнес-инкубаторларын құруға əлі ерте деп есептейтін оппоненттер де табылады. Шын мəнінде бизнес-инкубаторлар коммерциялық емес құрылымдардың қаржылай демеушіліктерінің арқасында өмір сүруде. Сірə, біз үшін осы қаржыландыруды табу ең күрделі про- блема болатын шығар. Республиканың қазіргі экономикалық қиын жағдайында бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдайлар құруға қаражат табу оңай емес. Осылай бола тұрса да, шетел тəжірибесін үйрену барысында, бизнес-инкубаторларының клиент-кəсіпорындарының 90 % тиімділігі жоғары кəсіпорындарға айналатындығын көруге болады. Бұл жай республикада алдымен эксперимент ретінде біреуін, содан соң бірнеше бизнес-инкубаторларын құру кезінде шешуші ықпал жасау мүмкін.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ruans C. Cyntia. Managing the Small Business. Insights and Readinga. — Englewood Cliiffs, New Jersey: Prentice-Hall, Inc., 1989. — Р.
  2. Rise P.Mark and Jana B.Matthews. Growing New Ventures, Creating New Jobs. Principles and Praktices of Syssessful Incuba- tion. — London: Quorum Book,
  3. Исабеков Б.Н. Кəсіпкерлікті өркендетудің индустриалды-инновациялық негіздері. — Түркістан: Тұран, 2008. — 165– 168-б. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.