Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құқық нормасын талқылаудың жүйелік жəне тарихи əдістері

Құқық нормаларын талқылау — құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну жəне түсіндіру. Талқылау барысында нормативті нұсқаудың мазмұны, олардың əлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мəселелері шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың реттеу жүйесіндегі абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық əрекеттің ақаулығына байланысты болуы қажет. Құқықтық нормаларды талқылау əрекетінің мақсаты — заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түсіну жəне оларды қолдануды қамтамасыз ету.

Талқылаудың екі жағы танылған: мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы; өзгелерге түсіндіру. Ішкі интеллектуалды процесс ретіндегі норма талаптарын ұғыну мен құқық мазмұны туралы өзіндік тұжырымдарын құқықтық актіні қалай түсіну қажеттігін көрсету мақсатында сыртқа шығару құқықты талқылау ұғымына бірігеді.

Құқықты талқылау мəселелері құқық қолдану мен құқықты жүзеге асыру көлемінен асып кетуде. Себебі ол мемлекеттік-құқықтық өмірді ғылыми жəне кəдімгі тану процесінде дербес мағынаға ие. Сондай-ақ қолданыстағы құқықтың мазмұны туралы нақты түсініктің болуы құқықшығармашылық əрекетінің барысында да аса қажет. Онсыз жаңа құқықтық акт қабылдау немесе бар актілерді жүйелендіру мүмкіндігі болмай қалады. Талқылау объектісі болып заңдар жəне заңға бағынышты актілер саналады. Оларда бекітілген нормалар ғана емес, актілердің преамбуласы да, өзге де бекітілген ережелері маңызды болып табылады.

Талқылау пəні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі танылады. Заңды қолдану уақытындағы заң шығарушының да еркі ескеріледі, себебі талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттарда алдыңғы актінің мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы мүмкін. Əрине, бұндай жағдай заңдылықтың қатаң режимі сақталған жəне құқықтық тəртіп орнатылған жағдайда орын алуы тіпті де мүмкін емес.

Талқылау белгілі бір табиғи немесе қоғамдық құбылыстарды тануға бағытталған үрдіс. Талқылау деп тар мағынасында берілген формулаларды, белгілерді, ережелерді, т.б., яғни заңның табиғи жəне жасанды тілді, түсіндіруді айтамыз. Осыған орай талқылауды екі түрлі тұрғыда қарастырамыз:

  1. Талқылау — ол белгі жүйесін түсіндіруге бағытталған ойлау үрдісі.
  2. Алдында көрсетіліп кеткен ойлау үрдісінің нəтижесі, яғни белгі жүйесіне белгілі бір мағына беруі.

Заң ғылымдарында жəне тəжірибеде «құқықты талқылау» (немесе заңды) термині қолданылады. Мұнда да анықталған ойлау үрдісі нормалардың мазмұнын ашуға бағыттала отырып, ондағы терминдердің, анықтамалардың негізгі мағынасы мен түсінігін береді, яғни нəтижеге жетеді.

Талқылау — танымды жүйелеу. Құқық нормалары — бұл адамның көру, есту, ұстап білу сияқты сезімдері арқылы қабылданбайтын объект болып табылады. Құқық нормасын зерттеуге, белгілі бір құралдарға қойып өлшеуге, микроскоп астына қойып қарауға келмейді. Құқық нормасы жалпылау мен абстракциялаудың нəтижесі бола тұра, ойлаудың, яғни оның ұғым, пікір, ой қорытындысы сияқты формаларының, объектісі болады [1].

Құқық нормаларын талқылау ойлаудың бір түрі ретінде қарастырылады. Оның нəтижесінде жалпы ойдан басқа, яғни құқық нормаларының мазмұны жөніндегі, ойлар туындайды. Талқылау тілмен байланысты жүйелік танымның формасы ретінде қарастырылса, онда «қандай білімдердің жүйеленуі негізінде құқық нормасының мазмұнына тереңірек үңілуге болады?», «қандай жаңа ойларды қорытуға болады?», «құқық нормаларының нақты мазұнын қалай ашуға болады?» деген сұрақтар туады. Əрине, мұндай білімдердің қатарына өмірдің жоғарғы формалары туралы білімдер жатады, яғни олар құқық нормаларымен жүйеленетін жəне сезімдік қабылдауға жататын білімдер болуы керек. Өмір жөніндегі құқық нормалары əр түрлі формаларда жүйеленеді жəне басқа құбылыстармен жан-жақты байланыста болады. Интерпретатор талқылау үрдісінде, нақты өмір сүру формаларындағы құқық нормасының қолданылуын ескере отырып, құқық формаларының нақты мазмұнын бекітеді. Нақты құқық формаларының сыртқы байланысы мен оның қолданылу формаларын анықтау, талқылау үрдісі мен əдістерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Алдымен, олардың ішіне тілдік форманы жатқызамыз, екіншіден, құқық нормалары анықталған жүйенің ішінде өмір сүреді, құқық жүйесінің бір бөлігі болып табылады, əрбір жекелеген құқық нормасы басқа құқық нормаларымен байланыста болады. Бұл байланыстар жеке нормалардың мазмұнына əсер етеді жəне талқылау кезінде олар ескерілуі тиіс. Үшіншіден, құқық нормаларының өзінің генезисі, яғни генетикалық байланысы, болады. Нормалардың арасындағы генетикалық байланыс нақты байланыс болып табылады. Құқық нормаларының бұл генетикалық байланыстары жөнінде білу олардың пайда болуын түсіндіреді жəне құқық нормаларын тану үрдісі кезінде қолданылады. Келесі айтылатын, ол іс-əрекет нəтижесінде белгілі бір анықталған əлеуметтік ортадағы адамдардың тəртібі нəтижесінде құқық нормаларының пайда болуы.

Сəйкесінше, құқық нормасының «өмір сүруінің» бірден бір формасы — ол осы нормалармен реттелетін адамдардың іс-əрекеті, тəртібі. А.М. Яковлев: «Құқық нормалары өздерінің мазмұны нақты іс-əрекеттер мен нақты анықталған адамдардың актілерінде ашады», — деген. Оның ойынша, құқық нормалары (басқа да əлеуметтік нормалар) «жасанды түрде» де, яғни формалды норма түрінде, сонымен қатар нақты анықталған тұлғалардың іс-əрекеттерінде де, яғни нақты нормаларда да, көрініс табады.

Талқылау барысында интерпретатор келесі ұғымдарды пайдалана отырып, құқық нормалардың нақты мазмұнына жетеді. Олар:

  • құқық нормасы құрылған тілді білу;
  • интерпретацияланған нормалардың басқа нормалармен байланысын, яғни құқық жүйесін білу;
  • құқық нормаларының генетикалық байланысы жөнінде білу;
  • құқық нормаларының жүзеге асуының міндеттемелері, басқа əлеуметтік құбылыстармен қызметтік байланысы жөнінде жəне олардың негізгі шарттары туралы білу.

Құқық нормаларының бір белгісі ретінде олардың жалпы жəне абстрактілі (нормативті) мағынада болуын, яғни олардың субъектілер мен оқиғаларға кең ауқымда əсер етуін айтамыз. Құқық нормалары нақты субъектілердің іс-əрекеттерінде жүзеге асады жəне нақты оқиғаларға қолданылады. Сондықтан құқық нормаларын жүзеге асыру кезінде олардың мазмұнындағы элементтерді нақты көрсету керек, сондай əрекеттерден кейін құқық нормасының мазмұны нақты оқиғаларға жақынырақ болады.

Талқылау барысында жалпы жəне абстрактілі нормалар түсінікті, нақты анықтамалар беретін тілге ауыстырылады. Бұл талқыланып жатқан норманың заңдық тұрғыда шешуді талап ететін оқиғаға байланыстылығын көрсетеді. Əрбір құқық нормасы қоғамдық қатынастардың анықталған түрін реттейді. Құқық нормасымен реттелетін нақты қатынастар сан алуан, олар берілген қатынастарға тəн белгілерді сақтай отырып жеке өздерінің ерекше қасиеттері болады. Құқық нормаларын жеке қатынастарға қолдану құқық нормаларының мазмұнына байланысты көптеген сұрақтар туғызады. Бұл сұрақтарға жауапты тек талқылау арқылы ғана алуға болады.

Заң қабылданған кезде жаңадан пайда болып келе жатқан немесе мүлдем болмаған қатынастар мен оқиғалар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда заңшығарушы оларды абстрактілі түрде құқық нормаларымен реттейді. Жалпы нормалар мен жаңадан пайда болған қатынастарды реттеудің өзі əр түрлі сұрақтар туғызады. Бұл сұрақтарға талқылау актілерінің көмегімен жауап беруге болады. Алдында айтылып кеткен қатынастар қазіргі кезге тəн. Себебі өмірде бұрын құқық нормаларымен реттелмеген жаңа экономикалық, саяси, əлеуметтік, ұлттық қатынастар пайда болуда [2].

Жаңадан қабылданып жатқан заңдарда көптеген жетімсіздіктер мен ақаулықтар бар. Бұл ақаулықтарды тек бұрын қолданылған нормаларды дұрыс талқылау арқылы ғана түзетуге болады. Заңдағы көптеген жетімсіздіктердің пайда бола бастауы заңшығарушыны жаңа «заңмен тыйым салмағанның барлығына рұхсат» деген қағиданы енгізуіне əкелді.

Құқық нормаларын талқылаудың ерекшелігі олардың тілдік-логикалық, «заңдық» сипаты болып табылады. Сондықтан құқық нормаларын талқылау кез келген тілді талқылау қажеттілігі сияқты маңызды болады.

Құқық нормасы, құқық субъектілерінің туындауы мүмкін мінез-құлқы жөніндегі заңшығарушының ойын білдіреді.

Материалдық негізсіз қандай да болмасын ой өмір сүре алмайды. Ол бір адамнан басқа бір адамға сөз немесе кез келген іс-əрекет арқылы беріледі, соның нəтижесінде ол құрылады. Тіл арқылы ой материалды, сезімдік қабылдау формасына келеді, сол арқылы жазып, естіп, көріп, оқып отырған адамға нақты ой береді.

Құқық нормаларын құрған кезде заңшығарушы əр түрлі сөздерді, терминдерді, күрделі сөйлемдерді қолданады. Сөйлемдер мен құқық нормалары тығыз байланыста бола тұра, сөз бен ұғым сияқты əр түрлі түсініктерді береді.

Құқық нормасы (нақты немесе пайда болуы мүмкін мінез-құлық жөніндегі ой) тілдік форманың астында жасырын болады, яғни кез келген сөйлемнің формасында бола алады. Нормативтік анықтамалар сырттай нормативтік мəнге ие емес сөйлемдердің астарында болуы мүмкін. Құрамында құқық нормасы бар сөйлемдерді құру тағы да талқылауды қажет ететін мəселелердің қатарына кіреді. Құқық нормалары қоғамдық қатынастарды бір-бірінен оқшауланған түрде емес, анықталған жиынтықта, байланыста реттейді, яғни олар қатынастарды реттеуде өздеріне берілген қызметтерді бөліп алады. Құқық нормасының негізгі мəні, мазмұны басқа онымен логикалық байланыстағы нормаларға бағынады. Басқа нормалар, талқыланып жатқан нормамен байланысты нормалар, оның мағынасын тарылтады немесе кеңітеді. Нормалардың арасындағы байланысқа мəн бермеу талқыланып жатқан норманың мағынасын дұрыс түсінбеуге əкеледі. Ал нормалардың арасында пайда болатын байланыстар сан алуан болуы мүмкін.

Құқық нормаларын талқылау — мемлекеттің құзыретті органдарының қызметі, жəне ол қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың шын мəнісіндегі құқық нормаларының мазмұнын түсінуге арналған. Талқылау процесінде норма əрекеттерінің жағдайы, құқықтық қатынастың мүшелерінің заңды құқықтары жəне міндеттері белгіленеді, сонымен бірге құқық нормаларының ұйғарымын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік мөлшері көрсетіледі.

Талқылау құқық нормаларының іске асырылуын толық жəне жан-жақты жүргізу, атқару органдарының қызметінде, сот жəне прокуратура органдарында, азаматтардың жəне ұйымдардың өздерінің, заңды құқықтары мен міндеттерін орындау кезінде қамтамасыз етілу қажет болады. Соған байланысты талқылау құқық нормаларының барлық əрекет ететін аумағында бір жақты түсінуге жəне қолдануға ықпал жасайды, əр түрлі қоғамдық өмір аясындағы заңдылықты жəне біркелкі құқықтық тəртіпті қамтамасыз етеді.

Құқық нормаларын талқылаудың, екі түрі бар: анықтау (өз түсінігі) жəне түсіндіру (басқаға түсіндіру). Құқық нормаларының мəнін анықтау — оның талабын дұрыс түсінуге қажетті алғышарт. Құқық нормаларын түсіндіру тек сол кезде, яғни түсіну процесінде, оның мазмұнында түсінбеушілік кездессе. Ондай жағдайда құқық нормаларының мəнін шын мəнісінде қосымша түсіндіру қажет бо- лады. Барлық құқық нормалары анықталады, ал сөйлеу жөніндегі дəлдік туралы, не болмаса құқық нормаларын күнделікті істе пайдалану туралы келіспеушіліктер болса, қосымша түсіндіру қажеттігі туады. Сонымен, құқық нормаларын анықтау, барлық жағдайда оның мазмұнын түсіндіру емес. Талқылау зияткерлік (интеллектуалды) қызметке жатады, ол процесс кезінде ғылыми тұрғыдан құқықтың тереңірек қасиеті білінеді, объективті жəне жетімді тұрғыдан құқық нормаларындағы ұйғарым баяндалады. Талқылаудың тиімділігі талқылаушының құқықтық санасының деңгейіне бай- ланысты болады. Құқықтық сана деңгейі жоғары адам түсінсе, құқық нормаларының мазмұнын түсіндірсе, соған сай құқық бұзушылар аз болады, жеке адамның құқығы мен бостандығы толығырақ қанағаттандырылады [3].

Талқылауда ерекше роль арнайы заңгерлік дайындығы бар, заң ғылымдарының жетістіктерін терең меңгерген жоғары заңдылық мəдениеті бар адамдарға беріледі. Заңгерлердің кəсіби дайындықтарының деңгейінен көп жағдайда құқықты түсіндіру жұмысының сапасы көрінеді,тұрғындар шын мəнісінде құқық нормаларының мəнін, олардың ұйғарымдарының дəл іске асыры- луын қажет екендігін түсінеді.

Талқылаудың негізгі тəсілдері құқық нормаларының мазмұнын анықтауға арналған. Грамматикалық талқылау — құқық нормаларының мəнін грамматикалық тəсілде қолданып, оның мəтінін (түпнұсқасын) талдап түсіну. Мұндай талқылаудағы қажеттілік, қандай сөздерде, сөйлемдерде құқық нормаларының гипотезасы (болжал), диспозициясы жəне санкциясы құрылғандығын білуіміз керек. Ол үшін жекелеген сөздердің маңызы белгіленеді, олардың грамматикалық нысаны түсіндіріледі, бір-бірінің арасындағы байланыстар белгіленеді, содан кейін норманы құрайтын сөйлемнің грамматикалық жəне мəндік құрамы түсіндіріледі. Құқық нормасын грамматикалық талқылауда, жекелеген атаулардың маңызын білуге арнайы тоқтау қажет. Дегенмен, заңда кейбіреулеріне ерекше мəн беріледі (мысалы, лауазымды адам, кінəсіз жəбірленуші, дəлелдемелер т.б.). Ондай атауларды түсіндіру көп жағдайда заңдардың өзінде жəне басқа нормативтік-құқықтық актілерде түсіндіріледі. Құқық нормаларын қолдану кезде əр түрлі маңыздағы көп пайдаланылатын атаулардың тікелей құқықтық-шығармашылық органның өзімен белгіленген шын мəнін білу қажет. Онсыз заңда істерді теріс шешуге əкеліп соғуы мүмкін. Нормативтік- құқықтық актілерде арнайы атаулар кең пайдаланылады, олар əр түрлі техника, ғылым, өнер салала- рынан болады. Оларды дұрыс түсіну үшін сөздіктерге жəне мамандардың көмегіне сүйену қажет [4].

Жүйелі талқылау дегеніміз — құқық нормаларының мазмұнын басқа нормалармен салыстыру арқылы түсіндіру жəне оның солармен байланысын анықтау. Əрбір құқық нормалары құқық жүйесінің бір бөлігі жəне басқа нормалармен бірігіп əрекет етеді. Сондықтан белгілі құқық норма- лармен мазмұнын түсіну үшін оның басқа нормалармен логикалық байланысын түсіну қажет. Ең ал- дымен, мазмұны жағынан талқылайтын нормалармен байланысты талдау белгіленеді. Ойға айтатын нəрсе, қандай нормативтік-құқықтық актіде, ол қандай орын алады. Егер ол норма қосымша заң актілерінде болса, оның заңға не болмаса басқа, үлкен заңдылық күші бар актіге сай екендігіне көз жеткізу қажет. Əр түрлі құқық салаларының нормаларымен салыстырылуы мүмкін.

Құқық нормаларын қолданатын органдар үшін, жүйелі талқылаудың үлкен маңызы бар. Ол заңды істерді дұрыс бөлуге қажетті жағдай жасайды. Мысалы, арнайы əскери машинаны жүргізу тəртібін бұзғандықтан, қылмыстық жауапқа тарататын норманы қолдану үшін, қандай тəртіп бұзылғанын белгілеу (анықтау) қажет. Ол үшін басқа нормативтік актілерге қараймыз, себебі оның мəні сонда көрсетілген. Жалпы алғанда, жүйелік талқылау қарым-қатынаспен бір-біріне тəуелді, құқық нормаларымен реттелген, қоғамдық қатынастармен қамтамасыз етілген.

Тарихи-саяси талдау — құқық нормаларының мақсатын-міндетін, сол өздері қабылдаған кезеңдегі, тарихи жағдайларды зерттеу арқылы түсіндіру. Тарихи-саяси түсінуде қажетті нəрсе — оның тереңге кететін əлеуметтік бағытын жəне құқық нормаларының мақсатын зерттеу керек, оның нақты қабылданған жағдайын білу қажет. Мұндай жағдай, норма олардың əлеуметтік-саяси мəнін ашып көрсетуге мүмкіндік береді, оның негізін, адамгершілік мазмұнын көрсетеді. Тарихи-саяси тал- дау құқық нормаларын дəл жəне дұрыс іске асыруға көмектеседі, қолдану кезіндегі заңдылық бұзылуына тежеу болады. Құқық нормаларын түсінуде барлық көрсетілген тəсілдерді пайдалану қажет. Оларды біріктіріп қолдану талқылайтын құқық нормаларының мəні дəл жəне дұрыс түсінуге жағдай жасайды.

Құқық нормаларын талқылаудың нəтижелері. Құқық нормаларына шек қоятын жəне таратушы талқылаулар. Құқық нормаларының мазмұнын түсіну, олардың толық жəне дəл іске асырылуына əкелуі міндетті. Талқылаудың нəтижесінде құқық нормалары толық түрдегі анықтықта жəне мəні белгілі болуы қажет. Мағынаның айқындығы — норманың мазмұнын терең тусіну, талқылаудың нəтижесіндегі əр түрлі сенімсіздіктің жоқтығы. Мағынаның белгілілігі — жасалған қорытындылардың негізінде, бір, не бірнеше шешім шығаруға жол бермейтін, құқық нормаларының мазмұндарының нақтылығы [5].

Талқылдаудың нəтижелері мəтіндегі нормалардың көрiнісімен (заңның сөзі) жəне оның шын мəнісіндегі мазмұндарының (заңның рухы) арасындағы қатынастарға байланысты түрлерге бөлінеді. Көбінесе шын мəніндегі құқық нормаларының мəнін сөз арқылы түсінуге болады, норманың анық түрдегі мəтініне сай болу қажет. Ондай талқылдауды сөзбе-сөз талқылау деп атайды. Сөзбе-сөз талқылауды құқық нормалары толығымен оның мəтінінің мазмұнына сай келеді (заңның сөзімен ру- хы бір-біріне дəл келеді).

Егер түсіну нəтижесінде шын мəнісіндегі мазмұнын оның мəтіндегі көрінісінен кемдеу болса, талқылауды шек қоюшы деп атайды. Шектеуші талқылауда норманың мəтіндері оның мазмұнымен толық сəйкестендіріледі.

Егер түсіну нəтижесінде нормалардың шын мазмұны оның мəтінінде кеңдеу болса, оны тарату- шы талқылау деп аталады. Бұған мысал ретінде Конституцияның бабын айтуға болады, онда соттар тəуелсіз, тек заңға бағынады делінген, Конституцияның бұл бабындағы шын мəніндегі шын атауының мазмұны, оның сөздік көрінісінде қарағанда кең.

Сонымен, шектеу жəне тарату талқылаулары шын мəніндегі құқық нормаларының мазмұнын толық сəйкестендіреді жəне нормативтік-құқықтық баптың мəтінінде дəл жазылады. Құқық нормала- рын ресми жəне ресми емес, нормативті жəне казуальді талқылау.

Заңға қосымша актілер. Құқық нормаларын түсінуде, жоғарыда көрсетілгендей, олардың мазмұнының анықтығы, белгілілігі толық еместігін байқаймыз. Ол əр түрлі себептермен түсіндіріледі. Мысалы, азаматтардың заңмен таныстығының жетімсіздігі көп жағдайда құқық норма- ларын түсіндіруде қиындық туғызады, мысалға, кейбір кездегі кездесетін iс жүзіндегі құқық қолданудағы қайшылықтарды айтуға болады. Сондықтан қажетті жағдайға жататындар құқық норма- ларын талқылау — түсіндіру жəне оларды дəл асыруды қамтамасыз ету, iс жүзіндегі, əсіресе оларды қолдану процесіндегі қателікті жібермейді.

Еліміздің Ата Заңында «мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деп айқын көрсетілгені бəрімізге аян. Сондықтан да мемлекетіміздің, қоғамымыздың тіршілігіндегі қарым-қатынас нормаларының жүргізілуі, яғни, заң саласына қатысты құжаттар (нормативтік актілер, заң жобалары, ережелер т.б.) түрлеріне тəн синтаксистік қүрылымдардың қолданыс ерекшелігін анықтау, жүйелеу, саралау, екшеу сияқты өзекті мəселелерді көтеру — өмір қажеттілігінен туындаған заңды құбылыс. Заң шығару, сот ісін жүргізу, əкімшілік-шаруашылық салаларында сөйлеу тілінің табиғаты екі жақты: оның мазмұны нақты болғанмен, сол мазмұнды бейнелеудің құралдары дерексіз. Кезінде бұл туралы лингвист Шарль Балли былай деп жазды: «Əкімшілік тілінің мəні мынадан көрінеді: оның негізі ғылыми си- патта болады, сонымен бірге күнделікті өмірмен үйлесіп жатады (Ш. Балли. Француз лингвистикасы. М., 1961). Өмірдің түрлі құбылыстары іс жүргізу стилінде белгілі бір қалыпқа түскен жағдайлардың, терминденген сөздердің (сауалнама, анықтама, нұсқаулық, қаулы-қарар, хаттама, бұйрық, заң т. б.), сондай-ақ тұрақты тіркестердің шектеулі мөлшеріне сыйғызылып беріледі.

Соған орай заң шығармашылық саласына тəн құжаттар түрлерінде қолданысқа түсетін синтаксистік құрылымдарды зерттеудің мынадай екі жақты маңызы бар:

  1. Синтаксистік құрылымдардың заң шығарушылық стилінде қолданыс ерекшелігін анықтау.
  2. Түрлі синтаксистік құрылымдардың заң шығарушылық стиліндегі коммуникативтік мүмкіндіктерін танып-білу. Демек, заң саласына тəн құжаттар стилінің ерекшеліктерін, синтаксистік сипатын тану тек осы стиль үшін ғана құнды емес, қазақ тілінің синтаксистік жүйесі үшін де маңызды. Себебі ресми іс жүргізу стилі əлеуметтік сананың ерекше формасы — қүқықтық санамен сəйкеседі. Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай-ақ моральдық-этикалық, ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен, басқарушы үшін құқықтық жəне моральдық нормаларды білу ерекше мəнге ие болады [6].

Заң салаларына тəн құжаттар жанрларының түрлерінде стилистикалық ерекше амал-тəсілдері мен синтаксистік құрылымдар кездесуі мүмкін. Тіпті бір ғана арыз бен актілердің немесе баптардың стилі қысқа əрі нұсқа болып келсе, екіншілерінікі біртұтас мазмұнда байланысқан мəтінде бірнеше шешім, тұжырымдар, бөлімдер, бөлімшелерге, тармақтарға бөлініп келуі арқылы ерекшеленіп отыра- ды. Мазмұны мен құрылысына сəйкес мүлдем əр алуан синтаксистік құрылымдардың ұшырасуы осы стильдің негізгі ерекшелігі болып табылады. Заң құжаттары тілінің синтаксистік құрылысы деген ұғымды қазақ əдеби тілінің синтаксисінен бөлек құбылыс екен деп қорытпау керек. Тілдік құрылымның басқа салаларда жазба тіліміздің, соның ішінде заң құжаттары тілінің синтаксистік құрылысы да ресми хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде үнемі дамып, өзгеріп отыратыны белгілі. Сондай-ақ өзінің атқаратын қызметіне лайық терминологиялық жағынан ерекшеленіп, саралануыда оның синтаксистік құрылысының дамуынан да көрінеді.

Сол себепті бұл форма «қимыл есімі» деген атпен де мəлім. Мысалы, «Қазақстан Республикасының Конституциясынан» үзінді келтірейік: «Заңдардың жобаларын қарауға қабылдау жəне қарау». Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар əзірлеу. Республика Президентінің ұсынысымен Республиканың Орталық сайлау комиссиясының төрағасын, төрағасының орынбасарын, хатшысы мен мүшелерін

сайлау жəне қызметтен босату. Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау жəне оның ке- зектен тыс сайлауын тағайындау.

Сөз болып отырған жағдай осы форманың жаңа функциясын туғызған, яғни, мемлекеттік тіліміздегі барлық салада кеңінен қолдану үшін іс қағаздарының қазақ тіліндегі үлгісі ретінде жаңа заман ағымы, өмір талабына сай туындаған қажеттілік деп есептейміз.

Қандай да бір халықтың тілі болмасын сан ғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамдарға қызмет етіп отырған тілдің тарихы, дамуы, қалыптасуы негізсіз, тақыр жерден шыға салмайды.

Ал, бұл күнде мұндай абстракты есім-терминдер қосымшасымен жасалған тұйық етістікпен беріледі: айыптау, қаралау, жазалау, мойындату, мойындау т.т. Бұл грамматикалық категориялық қолданыс өрісі көбінесе қаулы-қарарларда, ережелерде заң баптарында жиі кездесетіні, яғни заңшығарушылық стиліне тəн болуы, оның көркем əдебиет, публицистикалық, ғылыми жəне ауызекі стиль тармақтарынан ажыратылып саралануына жəне заң саласына тəн құжаттар стилінің бірізділікке түсіп, жүйелеуі қазақ тілінің стилі үшін ғана емес, синтаксистік жүйесі үшін де маңызды. Сөйтіп, қазақ лингвистері тарапынан айтылған барлық пікірлерді саралай келе, қимыл есім жасайтын тұлғалы форманың сонау тарихи көне жазбаларда жиі көрініп, бұл форманың қалыптасу процесі барлық дəуірлерде əр түрлі дəрежелерде дамып, қазіргі қазақ тілінде етістіктен қимыл есім жасайтын грамматикалық мағынасымен, формасымен, құрылысымен ерекшеленгенін салыстыра отырып, бұлардың арғы тегі бір екен деп тұжырымдадық.

Құқықтық нормаларды қолдану үшін оның мазмұнын азаматтар, бірлестіктер, органдар жақсы білуі керек. Егерде қоғамның құқықтық сана-сезімі төменгі дəрежеде болса, нормативтік актілер дұрыс қолданылмайды, заңсыздыққа жол береді. Құқық нормаларының маңызды ерекшеліктерінің бірі — олардың жалпылама қиялдық (абстракты) сипаты. Бұл нормаларды қолдану барысында нақтыландыру, талқылау, түсінік беру қажеттігі туады [7].

Сондықтан мемлекеттік органдар жаңа құжатты бекітсе, оған жан-жақты түсінік беру қажеттігі туады. Түсінік берудің негізгі мақсаты — жаңа норманы халық оқып, біліп сол арқылы оның дұрыс қолдануын, іске асуын қамтамасыз ету. Түсінік бергенде норманың өмірге келу себебі, оның қолдану тəсілі, жолдары, ондағы құқық пен міндеттердің орындалуы, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.

Құқықтық нормаларға түсінік берудің екі бағыты болады: біріншісі — жеке адамдардың норма- ны өздері оқып, білуін қамтамасыз ету; екіншісі — үгіт-насихат арқылы халыққа жаңа норманың мазмұнын, мақсатын түсіндіру. Түсінік беретін мемлекеттік органдардың қызметкерлер өте сауатты, тəжірибелері мол болу керек. Сонда ғана олар түсінікті жоғарғы дəрежеде бере алады. Сонымен, жүйелік талқылау — нормаларды жүйе жүйеге, сала салаға бөліп, салыстырмалы түрде түсінік беру.

Негізгі заңды анықтау, қосалқы нормаларды салыстыру. Мысалы: жол ережесін бұзуда қандай негізгі норма, қандай қосалқы нормалар бар соны жан-жақты оқып, түсініп барып қолдану керек. Ал тарихи талқылау деп норманың өмірге келуінің уақыты, ол кездегі саясаттың мазмұны оның оның алдына қойған мүдде-мақсаты. Оның бəрі жан-жақты талқыланып, қорытынды жасалу керек.

Бұл талқылау əдісі құқықтық норманың құрылымдық қасиеті сияқты жүйелік талқылаудан негіз алады. Құқық нормалары қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырамас, бір-бірімен байланыстырып жүзеге асырады. Бұл қатынастар талқылау кезінде ескерілуі тиіс. Құқық қолдану тəжірибесі үшін құқық нормалары арасындағы құрылымдық талдау жасау — маңызды құбылыс.

Осындай қатынастың бірі — терминнің мағынасын ашатын нормативтермен талқыланған нормалардың ара қатынасы. Тілдік талқылау ережесінен терминдерге арнайы мағыналы заңдық анықтама бергеніне сүйену қажет. Мысалы, ҚР ҚК 7-бабында қылмыстың түсінігі берілген, ҚР ҚАК 21-бабында 28 терминнің заңдық (ҚАК-де кездесетін) анықтамасы беріледі. Ал ҚР «Тауар биржасы туралы» Заңының 1-бабында 7 терминге анықтама берілген.

Сонымен қатар кейбір заң шығарушы актілер заңдарда қолданылатын терминдерге анықтама бермейді. Мысалы, ҚР «Шаруашылық серіктестіктер» жəне «Акционерлік қоғам туралы» Заңындарында «сенім серіктестігі» термині қолданылады. Бұл терминді тек тар мамандандырылған адамдар түсінеді, бірақ бұл заң адамдардың кең көлемді тобына арналып жасалады. Біздің ойымыз- ша, осындай терминдерге заңда түсініктеме беру керек.

Талқыланып жатқан норма басқа шұғыл, тез арада қабылданатын нормалармен ара қатынасы маңызды болып табылады. Бұл көрсетілген байланыс құқық нормасын талқыланғанда міндетті түрде ескерілуі қажет. Шұғыл мерзімде қабылданатын нормалар əдеттегі нормативтік əрекет жағдайынан ажыратылуы керек немесе қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа топтар не болмаса əрекеттің жаңа мерзімдік күшіне сай кеңейтілуі, яғни таратылуы, тиіс. Бұл ара қатынасты қалыптастыру норманың уақыт, кеңістік, тұлға шеңберінде нақты жəне дұрыс анықтауға көмектеседі.

Келесі ара қатынас талқыланып жатқан бап пен актілерді, сол норма құрамын өзгерту немесе толықтыру жəне нақтылау үшін қарастырылады. Осындай қатынастарды өткізіп алу құқық нормала- рын бұрыс талқылап, тіпті заңның құрылуына əкеліп соғуы мүмкін. Енді сілтемелік баптарға тоқталсақ. Заңшығарушы экономикасы мақсатында, артық қайталану болмас үшін (заңшығарушы кейде құқықтық норманың барлық элементін көрсетпейді), басқа баптарға сілтеме жасайды. Бұған мысал ретінде ҚР ҚК 93-бабында ҚР ҚК 88-бабының 1-бөлігіне сілтеме жасайды [8].

Сонымен, сілтемелік баптардан бланкеттік нормалардың айырмашылығы сол, бланкеттікте нақты нормативтік акт, нақты бап көрсетілмейді. Олар əдетте белгілі бір нормаға сілтеме жасайды (қайнар көзін көрсетпей). Мысалы, ҚР ҚК 217-бап («Жол ережесін бұзу»), ҚР Əкімшілік құқық- бұзушылық кодексінің 134-бабы.

Тарихи талқылау əдісі. Тарихи талқылау құқық нормаларының мағынасы оның шығу тарихына байланысты болады. Бұл əдісте талқылау құқықтан тыс, тарихи аспектілерге сүйенеді.

Нақты тарихи аспектілерге сүйену кезінде əр түрлі құжаттар, тарихи зерттеулер ескерілуі мүмкін. Заң шығару үрдісіне тікелей қатысты ету үшін, көп жағдайда қайнар көзден бастау алады; нормативтік актілердің жобасын талқылау; түсіндірме қағаздарының болуы; органдар отырысының хаттамалары; заңдардың жалпы халықтық талқылаудан өткізген ұсыныстар; органдардың заң шығаруға тікелей қатысты баяндамалары мен ұсыныстарын қабылдау.

Қазақстанның тəуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңдегі экономикалық, саяси жəне қоғамдық өмірдің түпнегізді өзгеруін республиканың өзінің құқық жүйесін өңдеу керектігін ұсынып отыр.

Дəл қазір қазақстандық заң ғылым алдында жəне жеке жалпы теориялық құқық алдында сот органдарының, прокуратураның, құқық қолдану практикасының жаңа жүйесін құру барысында қандай құқықтық концепцияны ұстану керектігі жөнінде сұрақ туып отыр.

Қазіргі таңда республикамызда бүкіл заңнаманы жаңарту процесі іске асып жатыр. Бірақ экономикалық тұрақсыздық, əлеуметтік қатыстығы тұрақсыздық жəне нақты заңшығарушылық акт қабылдау — оңай іс емес, бұл ғалымдардың үлкен талпынысы ғана емес, сонымен қатар ірі қаражат бөлуді де талап етеді.

Осылай Конституцияны талқылау процедурасы оның заңдық əзірленуі, мемлекет жəне демократиялық қоғамның қамына сай талқылаудың басқа критерийлерінен кем емес рөл ойнайды; сөз мағынасы, грамматикалық конструкция, Конституция мен заңның мағыналық байланысы, Негізгі Заң жағдайының мағынасын анықтау үшін жəне оны құқықты жүзеге асырушы бүкіл субъектілердің адекваттық түсінуі объективтік мақсат жəне тарихи контекстегі реттеу мақсаттарының кезеңі болып табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан // Го- сударство и право. — — № 8. — С. 24, 25.
  2. Баймаханов М.Т. Спор продолжается // Юридическая газета. — 2002. — 6 февр. — С.
  3. Əбдрасұлов Е. ТМД конституцияларына түсінік берудің кейбір аспектілері // Заң. — — № 12. — 3-б.
  4. Соцуро Л.В. Неофициальное толкование норм права. — М.: Профобразование, 2000. — С.
  5. Карасев М.Н. Некоторые аспекты толкования норм права // Журнал российского права. — — № 11. — С. 37–39.
  6. Вопленко Н.Н. Официальное толкование норм права. — М.: Юридическая литература, 1976. — С.
  7. Вильнянский С. Значение логики в применении правовых норм // Ученые записки Харьков. юрид. ин-та. —Вып. 3. — С. 49.
  8. Дюрягин И.Я. Применение норм советского права // Вопросы теории. —  С. 19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.