Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан – АҚШ қатынастарының кейбір мәселелері

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, Қазақстан және АҚШ арасындағы қарым-қатынастар саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда өскелең дамып келеді. Екі ел арасындағы жоғарғы деңгейдегі саяси қарым-қатынастар, қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ынтымақтастық, американдық компаниялардың инвестициялары, екі ел арасындағы мәдени және білім беру байланыстары осындай өзара тиімді ынтымақтастықтың мысалы болып табылады.

Дегенмен, 2014 жылы АҚШ пен Қазақстандағы ғылыми академиялық топтары арасында екі мемлекеттің сыртқы саяси траекторияларында алшақтықтың байқалғандығына назар аударылды. Американдық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Батыс елдерімен сапалы және сенімді қарым-қатынас орнатқанына қарамастан, өзінің солтүстіктегі көршісімен тығыз қарым-қатынасты нығайтуды әрі кеңейтуде. Осылайша, Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одаққа қосыла отырып, өзінің көпвекторлы сыртқы саясатынан бас тарту мүмкіндігі бар екендігін және бұл Ресей мен Қазақстан халқының саны, ортақ шекараның ұзақтылығы, Қазақстандағы орыс диаспорасы, екі ел экономикалары мен инфрақұрылымдарының өзара байланыстылығы сияқты факторлармен айқындалатындығын атап өтеді [1].

Украина мен Қырымдағы жағдай Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының болашағы, атап айтқанда Қазақстан Ресейдің ең жақын әріптесі бола отырып, теңдестірілген сыртқы саясатты жүргізе алу мүмкіндігі туралы сұрақтар тудырды. Дегенмен, Қазақстанның Ресей, Қытай, АҚШ және Батыстың басқа елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты ұзақ мерзімді жоспарда ұстанатындығын 2020 жылға дейін есептелген еліміздің сыртқы саяси тұжырымдамасы айғақтайды.

Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен энергетикалық бағдарламалар, шикізаттық емес секторларға сыртқы инвестиция тарту, ядролық қаруды таpатпау, технологиялар сияқты салалар аясында ықпалдастықты нығайтуда. Екі ел арасындағы ынтымақтастық жемістері ретінде Демократиялық серіктестік туралы хартия, Экономикалық серіктестік жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасы, «Қазақстан-американ жаңа қатынастары туралы» Президенттердің Бірлескен мәлімдемесі және «Энергетикалық серіктестік туралы декларация» қабылданған болатын.

Бұл және де басқа факторлар Қазақстан сыртқы саясатының негізі әлемдік сахнада елеулі рөл ойнайтын және мемлекетіміз үшін практикалық тұрғыдан маңызды болып табылатын барлық мемлекеттермен достық және болжамды ықпалдастықты дамытуды айқындайтын көпвекторлық болып қалатындығын көрсетеді.

Қазақстан және АҚШ экономикалық ынты­ мақтастығы. Отандық және шетелдік зерттеушілердің пайымдауынша, Қазақстан және АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың дамуын негізгі үш кезеңге бөліп, көрсетуге болады.

1-кезең (1992-2001 жж.) барысында негізгі назар Қазақстанның егеменділігі мен территориялық тұтастығы, нарықтық экономикаға көшу, НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы арқылы заманауи әскерді құру, Қазақстанның басты халықаралық институттарға қосылуы сияқты мәселелерге аударылды.

Атап өтілген мақсаттар екінші кезең (20012005 жж.) барысында да өзекті болып қалды және бұл кезең Ауғанстандағы халықаралық лаңкестікпен күрес жолындағы ықпалдастықтың белсенділігімен ерекшеленеді.

Үшінші кезең (2006 – қазіргі кезге дейін) алғашқы екі кезеңдегі мақсаттарды біріктіре отырып, көпөлшемді, оның ішінде, экономикалық және институционалдық тұрғыдан дамыған қатынастармен айқындалуы тиіс. Көрсетілген кезеңдер Қазақстанға қатысты АҚШ-тың саясаты, негізінен, геосаяси мүдделерді және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, қауіпсіздік және лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықты дамытумен, сондай-ақ саяси реформаларға қолдау көрсетумен, Батыс өлшемдерін ілгерілетумен айқындалады [1]. Қазақстан Республикасы дамуының тұрақтылығы мен болжамдылығы, экономикалық өсуі, көп жақты және прагматикалық көзқарасқа негізделген сыртқы саясаты, демократиялық үдерістердің оңды серпінділікпен дамуы АҚШ-тың елімізді Орталық Азиядағы басты серіктес ретінде қарастыруына ықпал етуде.

Қазақстан және АҚШ басшылығы екіжақты қатынастарды «стратегиялық әріптестік» ретінде сипаттайды. 2001 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында екі мемлекет арасында стратегиялық серіктестік сипатындағы қатынастарды  орнатуды  айқындайтын  келісімдер  мен келісімшарттарға қол жеткізілді. Екі Президентпен қабылданған «Жаңа Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары» атты бірлескен мәлімдемеде тараптардың ХХІ ғасырдағы бейбіт, гүлденген және егеменді Қазақстан туралы ортақ көзқарасқа қол жеткізу мақсатымен екі мемлекет арасында ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті нығайтуға өзара бейімділігі атап өтілді. Алайда, тек 2012 жылы екіжақты саяси консультациялардың деңгейін екі елдің жаңа кезеңдегі өзара ықпалдастығының кеңдігіне әрі тереңдігіне сәйкес келетін «Қазақстандық-американдық Саяси әріптестік жөніндегі комиссияға» дейін көтеру туралы шешім қабылданды.

Бұл тұрғыда сауда-экономикалық, энергетикалық салалардағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселесі өзекті болып табылады. Американдық бизнестің мүдделілігі экономикамыздың барлық саласының, әсіресе, келешекте мемлекетіміздің қауіпсіздігінің шешуші элементтері болатын салалардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылуымызбен ұштасады. Қ. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан үшін сыртқы саясатқа«экономикалық сипат беру» айрықша маңызды, яғни әлемдік тәжірибеден мейлінше экономикалық артықшылықтарды айырып ала білуді, қазіргі халықаралық қатынастардағы біздің еліміз үшін маңызды үдерістерді мұқият зерттеуді, жаһандану үдерісінің оң және теріс аспектілерін талдай білуді білдіреді [2, 115-б.].

Қазақстанның экономикалық болашағы әрі қарайғы реформаларды өткізуге, нарықты дамытуға, әртараптандыруға, Американың жеке секторларындағы инвесторларды тартуға бағытталған «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрініс тапқан. Қазақстан АҚШ-тың іскерлік мүдделеріне қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміз үшін тек қауіпсіздік кепілдігін ғана емес, экономикалық реформалардың жүзеге асуына көмек алып отырғанын атап өткен жөн. Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынастардың дамуын халықаралық аренадағы ұлттық мүдделердің жүзеге асуымен және әлемдік қоғамдастықта үйлесімді болуымен байланысты ұзақ мерзімдік басымдық ретінде қарастырады. Өз кезегінде АҚШ өкілдері Президент Н. Назарбаевтың шетелдік инвесторларға берілетін салықтық жеңілдіктер, инвестициялық омбудсмен лауазымын қалыптастыру, бойынша ұсыныстарына өз қолдауын білдірді.

Қазақстандық-американдық экономикалық қатынастары жағымды серпінмен ерекшеленеді. АҚШ Қазақстан экономикасының жетекші халықаралық инвесторларының біріне жатады. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша АҚШ-тан Қазақстанның экономикасына тікелей инвестициялар көлемі 2,3 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе артқан. Негізгі инвестициялар өндіруші өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік нарығы мен іскерлік қызметтерге, сонымен қатар қаржы секторына бағытталған. 2014 жылдың екінші тоқсанында өзара тауарайналым 21%-ға арта түскен [3].

Екі мемлекеттің экономикалық байланыстарының дамуында мұнай өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Халықаралық энергетикалық инфрақұрылымға республиканың интеграция үдерісінде Қазақстан-Америка ынтымақтастығы үлкен рөл ойнады. АҚШ-тан келген компаниялар қазақстандық мұнай-газ кешенінің бірінші инвесторлары, олар бұл кешенге жаңа білімді, инновациялар мен технологияларды әкеліп енгізді. 2005-2014 жж. аралығында Қазақстанға тартылған американдық инвестициялардың жалпы көлемінің негізгі бөлігі көмірсутек шикізатын игеру саласына салынған. Бұл Орталық Азия аймағы елдерінің,  оның  ішінде  Қазақстанның «Батыс және Шығыс арасындағы» және «Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы» қолайлы қатынас дәлізі ретінде маңыздылығының арта бастауы, әлемде энергия қорларына сұраныстың өсуі және олардың аймақтағы елеулі қорларының шоғырлануы сияқты факторлармен түсіндіріледі. АҚШ әлемнің ең ірі экономикалық әрі әскерисаяси державасы және нарықта ұсынылатын энергия қорларының елеулі көлемін тұтынушысы ретінде әлемдік энергетикалық нарықтың негізгі қатысушы болып табылады. Отандық сарапшылар Б. Сұлтанов пен Л. Мұзапарова АҚШтың Каспий аймағындағы саясатын былай түсіндіреді: «АҚШ-тың Каспий және Орталық Азия аймағының энергетикалық ресурстарына нақты қызығушылығының болуымен қатар, Вашингтон бұл ресурстарды игерудегі өзінің рөлін Орталық Азия мемлекеттерінің саясатына, әсіресе, әрдайым мойындалмайтын Ресейге байланысты саясатқа ықпал ету тетігі ретінде қарастырады. Құрама Штаттар үшін энергия ресурстары парықсыз емес, өйткені түпкілігінде олар он-он бес жылдан кейін АҚШ экономикасымен бәсекелесе алатын қарқынды дамып келе жатқан экономикаға ие Қытай және Үндістанға қарай кетуі мүмкін» [4, 237-б.]. Құрама Штаттардың Орталық Азия мемлекеттерін Ауғаныстанмен қосуға және оларға тікелей ықпал етуге бағытталған саясаты отандық сарапшылардың сөзін анықтай түседі.

Америка Құрама Штаттары Қазақстанның экономикалық  мүмкіндіктерін Ауғаныстандағы жағдайдың тұрақтануы үшін пайдалануға мүдделі болуда. 2011 жылғы «Жаңа жібек жолы» жобасында экономикалық даму мен қауіпсіздік проблемаларын кешенді түрде шешу мақсатында Орталық Азия аймағына Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын өзек ретінде Ауғаныстанды қосу арқылы жаңа аймақтық қатынастар жүйесін дамыту ұсынылды. Жобаның негізгі мақсаты аймақты тұрақты, болжаулы арнада дамуын қамтамасыз ету. АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блэйктің айтуынша, Оңтүстік және Орталық Азиямен арадағы осы аймақтың елдеріне, әсіресе Ауғанстан мен Пәкістанға пайда әкелетіндей сауда және транзиттік байланыстың жетілдірілген әрі кең ауқымды желісіне айналуы тиіс. Болашақ аймақтық серіктестіктің нақты мысалдары ретінде Түрікменстан, Ауғанстан, Пәкістан мен Үндістанды жалғайтын газ құбыры құрылысы мен Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғанстан аумағы арқылы Пәкістанға электр энергиясын тасымалдауға мүмкіндік беретін CASA-100 жобалары аталуда [5].

Американдық сарапшылардың ойынша, Ауғанстан экономикасы мен оның көршілес мемлекеттерінің экономикасы оқшаулануда дами  алмайды.  Американдық  саясаттанушы  Ф. Старр келесідей пікір білдіреді: «Ауғанстан – көптеген проблемаларды шешудің жолы. Ондағы соғыс бітпей, Орталық Азияның Үнді мұхиты мен іргелес жатқан көлік дәліздеріне шығуға мүмкіндігі болмайды» [6].

Сондықтан сауда, энергетика саласындағы ықпалдастық аймақ дамуындағы негізгі бағыт болып табылады. Бұл көлік саласындағы жағдайды жақсартуды, Оңтүстік Азия мемлекеттеріне қарай мұнай мен газды тасымалдайтын Ауғанстан аумағы арқылы өтетін құбыр желісін салуды талап етеді. Осылай, сауда-экономикалық үдерістерге қатысатын Ауғаныстан Оңтүстік және Орталық Азияны байланыстыратын өзек ретінде шыға отырып, сауда көлемінің өсуі барысында аймақ мемлекеттеріндегі экономикалық өсуді ынталандырады және Ауғаныстандағы жағдайдың орнығуына ықпал етеді.

Аймақтық, құрлықтық интеграцияның генераторына айналған Қазақстан Ауған проблемасын дәйектілікпен шешуге, 2014 жылдан кейін де Ауғанстанда тұрақтылықтың сақталуына мүдделі. Сондықтан Қазақстан аймақтағы экономикалық байланыстарды дамыту арқылы Ауғанстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздеп отырған АҚШ басшылығы ұсынған «Жаңа жібек жолы» стратегиясына қолдау көрсетуде және оны жүзеге асыру барысында аймақтық транзиттік саудаға жәрдемдесу, энергетика, көлік инфрақұрылымын дамыту сияқты басым бағыттарға аса зор мән беруде.

Алайда, екі жақты экономикалық қатынастардың белсенді әрі тұрақты дамуына кедергі келтіретін белгілі бір проблемалар бар. Олардың арасында «Қашаған» мұнай кен орнын өңдеу бойынша шешілмеген мәселелерді (артық шығындар мен болжалды кірістің болмауы) атап өтуге болады. Бұл екіжақты қатынастар-  ға жағымсыз әсер етуде. Екіншіден, Қазақстанға қатысты сауда шектемелері жөніндегі кемсітуші Джексон-Веник түзетуінің қолданылуы ынтымақтастықтың нығаюына кедергі жасауда. Атап айтқанда, бұл түзетуге сәйкес қазіргі заманғы жоғары технологиялық құралжабдықтардың ТМД елдеріне жеткізілуі және бірнеше тауарлардың АҚШ-қа экспортталуы шектелген. Аталған түзету Қазақстанға жоғары технологиялық жабдықтардың экспортталуын шектейді, сондай-ақ  республикамызға ең қолайлы жағдайдағы мемлекет мәртебесін пайдалануға мүмкіндік бермейді және Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы кезінде жағымсыз рөл  ойнауы мүмкін.

Өз кезегінде АҚШ тарапы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуына байланысты инвестиция және сауда саласындағы серпіннің төмендеу мүмкіндігін атап өтуде. Өйткені біздің экономикамыз әлі жеткілікті түрде әртараптандырылмаған. Қазақстан және АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарының дамуында ассиметрия байқалады. Ал ЕАЭО аясында бекітілген бірыңғай кедендік тарифтің енгізілуі үшінші елдерден жеткізілетін импорттың шектеуде. Сондықтан Кеден Одағы мен ЕАЭО-ға мүшелік етуіне байланысты туындайтын қатерлер Қазақстанның экономикалық әлеуетін толығырақ ашылуына мүмкіндік бермей отыр әрі келешекте де мүмкіндік бермейді. Бұл тұрғыда АҚШ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне барынша қолдау көрсетуде және осы ұйымға мүше болу мемлекеттің өзінің көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізуінің маңызды көрсеткіші бола алады. ДСҰ-ға мүшелікке өту Қазақстанның технологиялық тұрғыдан ғана емес, қоғамдық-саяси және экономикалық тұрғыдан да қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Бұл оның әлемдегі бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруы тиіс. ДСҰ-ға кіру және Қазақстан үшін сыртқы саудадағы кедергілердің азаюы, керісінше оның экономикалық әлеуетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

 Қорытынды

 Қорыта айтқанда, жоғарыда атап өтілген факторлар жақын және ұзақ мерзімдік болашақта еліміздің өркендеуі үшін өз үлесін қосатын болады. Орталық Қазақстан аймағындағы және жалпы ғаламдық жағдаятты ескеретін болсақ, АҚШ үшін Қазақстан басымдық берілетін елдердің қатарынан саналады деп есептеуге болады. Сондықтан Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығының тиімді болуы үшін әрі қарай аймақтық және ғаламдық сипаттағы әрекет жоспарын жасау қажет деп есептейміз.

Қазіргі таңда Қазақстан және АҚШ стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге шығуы тиіс. Қазақстан Республикасы АҚШ-тың Орталық Азиядағы басты серіктесі болуы, бір жағынан, Қазақстан үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты жан жақты дамытуға ықпал етуде, ал екінші жағынан, АҚШ Орталық Азияның  ең  тұрақ-  ты және болжамды арнада даму үстіндегі және экономикасы жедел қарқынмен дамып, прагматикалық тұрғыдан негізделген көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізіп жатқан, демократиялық үдерістері серпінділігімен сипатталатын Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту қажеттігін түсінуде.

Қазақстандық-американдық экономикалық, әсіресе, сауда байланыстары АҚШ үстемдігімен айқындалатын теңсіздіктің сипат алуымен, яғни ассиметриялығымен сипатталады. Екі жақты сауда қатынастардың дамуына қажетті шарттарға Қазақстанда және Орталық Азияда тұрақты саяси жағдай сақтауды, екі жақты қатынастардың шартты-құқықтық негізінің әрі қарай дамытылуы және АҚШ-тың сауда заңнамасындағы кемсітетін түзетулердің күшінің жойылуы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының дамытылуы және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету қажеттігін жатқызуға болады. Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастарындағы ағымдағы проблемаларды зерттей отырып, екі стратегиялық әріптестер ынтымақтастығының өзара тиімді деңгейге, екі жақ мемлекеттік мүдделерін қамтамасыз етуге кедергі жасайтын себептерді жою жөніндегі стратегия дайындалу қажет деп есептейміз.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Frederick Starr S., Sultanov B., S. Enders Wimbush, Kukeyeva F., Svante E. Cornell, Nursha A. Looking Forward: Kazakhstan and the United States // http://www.silkroadstudies.org/resources/pdf/publications/SRP-1409Kazakhstan. pdf> Accessed: 18/01/2015
  2. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы: АО «Сак», 2000. – 584 с.
  3. Remarks by H.E. Erlan Idrissov Minister of Foreign Affairs of Kazakhstan at the U.S.-Kazakhstan Business Association Round Table, Washington, DC, December 11, 2014 // http://www.mfa.kz/index.php/ru/last-news/2720-remarks-by-h-e-erlan-idrissov-minister-of-foreign-affairs-of-kazakhstan-at-the-u-s-kazakhstan-business-association-round-table> Accessed: 18/01/2015
  4. Султанов Б. К., Музапарова Л.М. Политика и интересы великих держав в Казахстане // Стратегические перспективы: ведущие державы, Казахстан и центральноазиатский узел: Сб. статей / Под ред. Легволда Р. – М.: «Интердиалект+», 2004. – С. 225-258.
  5. Remarks by Robert Blake, Jr. Assistant Secretary, Bureau of South and Central Asian Affairs. Indiana University’s Inner Asian and Uralic Natural Resource Center. October 18, 2012 // http:// uspolicy.be/ headline/state%E2%80%99s-blake-us-policycentral-asia> Accessed: 18/01/2015
  6. Starr F.A. Partnership for Central Asia // http://www.sfr.org/ publication/ 8937/partnership _for_central_asia.htm. > Accessed: 18/01/2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.