Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Қазіргі заман ақпараттық технологиялардың жетік дамыған дәуірі.  Ақпаратты  жинап, өңдеп және онышартарапқа таратудың түрлі әдістері мен технологиялары адамзаттың секунд сайын жаңа ақпарат алуына, ақпаратпен алмасуына  үлкен  мүмкіндік  тудыруда. Осыған сәйкестрансшекаралық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың құқықтық негізін реттейтін халықаралық-құқықтық нормаларды бөліп қарастыру мәселесі  туындайды.

«Ақпараттық кеңістіктің құқықтық жағдайын, жеке адамдардың оны қолдану тәртібін реттейтін халықаралық-құқықтық принциптер мен нормалар шартты түрде халықаралық ақпараттық құқық деген терминге ие кешендік институт болып табылады» [1].

Бұқаралық ақпарат құралдарына түсінік берерден бұрын, оның қатарына телекөрсетілімдер мен радиохабарларын тарату, тираждалған баспа, дыбыс және визуалды өнімдері ( мысалы: газет-журнал, кітаптар, компакт-дискілер мен бейне-, магнитофон пленкалары, т.б.) жататынын айта кеткен жөн. Ғаламтордың даму заманында бұқаралық ақпарат құралдары санатына интернетті де жатқызуға болады. Дегенмен, дәл солай деуге, жаһандық ақпарат алмасу желісін пайдалануға нақты  бекітілген  заңды  негіз  жоқ. Тіпті, ғаламторды журналистика катарына қосу немесе қоспау мәселесіжурналистика саласының өзінде де әлі күнге дейін түрлі пікір тудыруда.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың техникалық шарттары,халықаралық ақпарат алмасу, таратылатын ақпарат мазмұны сияқты негізгі мәселелерге тәуелді. Атап айтқанда, өзара ақаулар тудырмас мақсатында радиожиіліктерді пайдалануды келісу, қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ететін теріс пиғылдағы ойларға тыйым салу немесежағымды  ойлар-  ды қолдау, мемлекеттердің идеологиялық мүдделері.Аталған мәселелер екі жақты және көп жақты негізде де жүзеге асырылады.

Мемлекеттер арасындағы ақпараттық мәселелерді шешуге екіжақты мемлекетаралық келісімдер ықпал еткен. Өзара байланыс саласындағы мұндай екіжақты келісімнің алғашқысы ретінде 1849 жылы жасалған телеграф желісін  қосу  туралы  Австрия-Пруссия  келісімін  атауға  болар.  Әрине,  теле-   граф желісі қалың бұқара халыққа арналған ақпараттардытаратпағандықтан, бұл уақытта  да, бұл келісімде де бұқараға ақпарат таратудың мәселелері қарастырылмаған болатын. Бұл құжатхабарды кең ауқымда тарату техникасы пайда болмай тұрып қабылданған болатын. Ал уақыт өте келе кең көлемде хабар тарататын техниканың пайда болуымен қатар, таратылатын ақпараттың мазмұны туралы мәселелерді, радиожиіліктерді пайдалану сияқты техникалық мәселелерді халықаралық-құқықтық реттеу қажеттілігі туындады.

Әсіресе, ХХ ғасырдың бас кезінде әлем бойынша белең ала бастаған көтеріліске  деген ұрандардың, соғысқа деген насихаттың көбеюі халықаралық құқықтық реттеуді қажет етті. Шешуін іздеген мәселелер: төңкеріске шақыратын ойлар мен ұрандардың таратылуын шектеу және соғысты насихаттауды тоқтату болатын. Себебі, сол кездің өзінде өзге мемлекеттің рұқсатынсыз сол елдің халқына тиісті ақпарат таратудың түрлі техникалық әдіс-тәсілдері  болған.  Осы  жәйттерді   еске-  ре мемлекеттер бірте-бірте шетелдік насихатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шектей  бастады.  Оның  дәлелі  ретінде  1923  ж. Танжерде қабылданған испандық-франкобритандық келісімді айтуға болады. Бұл келісім Француздық және испандық Мароккодағы тәртіпке қайшы келетін Танжерден төнген насихаттқа тыйым салды. Сол сияқты 1928 ж. Испания, Англия, Франция,Италия арасындағы келісімді, 1938 жылғы Англия мен Италия арасындағы араздыққа әкеп соқтыратын насихат жұмыстарын тоқтататын келісімді айтамыз.Осы жылы Литва мен Польша да баспа бетінде жауласпауды уағдаласып тиісті келісімге отырады. Кеңес Үкіметі де халықты ақпаратпен қамту барысында теріс пікір қалыптастыратын насихат жұмыстарын болдырмауды көздеп, мемлекеттер мүддесін сыйлау саясатын ұстанды. Нақтыласақ, өзге елдің үкіметіне қарсы бағытталған насихаттан теңқұқылық негізде бас тартты. Бұл принциптер 1918 ж. Брест келісімінде, 1921 ж. Англиямен, Польшамен, Италиямен, Норвегиямен арадағы келісімдерде бекітілген еді. 1933 ж. КСРО мен АҚШ арасындағы келісімде де аталған принциптер орын алды.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын халықаралық-құқықтық реттеумен қатар, өзара ақпарат  алмасу  жағы  да тиісті келісімдер негізінде реттеліп отырды. Қазіргі таңда қоғамдық ұйымдар арқылы мекемелер мен жеке адамдар арасында ақпараттық өнімдермен алмасу үкіметаралық ақпарат алмасумен қатар жүріп жатыр. Ақпарат алмасудың аса маңызды мәселелері саяси мәселелермен қатар мемлекетаралық деңгейде талқыланып, шешіледі.

Халықаралық ақпарат алмасуға халықаралық құқықтың жалпы императивті принциптері ықпал етеді. Ал арнайы принциптер императивті принциптерді     толықтырып     тұрады.  «Арнайы принциптерді жекелесек, халықаралық қауымдастықтың мініне ұшыраған ойпікірлерді мемлекеттер тоқтатуға міндетті; мемлекеттердің өздерінің саяси, экономикалық, мәдени   мақсат-мүдделерін жүзеге   асыруда ақпараттық инфрақұрылымдарын дамыту құқығы; мемлекеттердің телекөрсетілімдері  мен радиохабарларды трансшекаралық таратуды жүзеге асыру немесе бекіту құқығы; тұрғындардың ақпарат алуға еркіндігін мемлекет қамтамасыз етуге міндетті; ұлттық ақпарат құралдарының өзге елдің ішкі саясаты мен ісіне араласуын, шетелдік теріс насихат жүргізуін мемлекет болдырмауға, тоқтатуға міндетті; өз аумағында халықаралық қауымдастықтың тыйым салған және мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығы мен санасына қауіпті ой-пікірлерді таратуға қарсы тұруға мемлекет құқылы»[2].

Журналистика саласында шетелдік ақпараттыжинап, өңдеп, онытаратушы, сонымен қатар халықаралық ақпараттың маңызды ақпарат көзі ақпараттық агенттіктердің қызметкерлері. Еуропаның  біршама  мемлекеттерінде  шетел журналистері кәсіби журналист екенін айғақтайтын баспагерінің хаты негізінде үкіметтік ақпараттық мекемелерінде тіркеледі. ҚР Сыртқы iстер министрлiгiҚазақстан Республикасы аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді жүргiзедi.Сонымен қатар, Қазақстанда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен оның журналистерінің қызметі туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚРЗаңында (24баптың 2тармағында) бекітілген: «Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерiнің және басқа да шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi» [3]. Мемлекетіміздің Конституциясын және «БАҚ туралы» Заңның нормаларын бұзған болса, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртiбiмен тыйым салынады, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін – Қазақстан аумағында көрсетілген интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата  тұру  көзделеді.  Бұл  дегеніміз,  жекелеген мемлекеттер мен жалпы халықаралық қауымдастықтың ақпараттық қауіпсіздігіне қатер төнген шақта көкейкесті мәселе болып табылады.

Ақпараттық саладағы халықаралық ынтымақтастықтың көптеген мәселелері мемлекеттер арасындағы көпжақты келісімдер арқылы шешіледі. Соның ішінде алғашқы халықаралық конвенция Телеграф байланысы мәселелеріне арналған болатын. Ол 1865 ж. Парижде, ал 1875 ж. Петерборда қабылданған еді. 1906 жылғы Берлин конференциясында Халықаралық телеграф одағы құрылған еді. Ал Мадридте 1932 ж. өткен конференцияда Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО) құрылған болатын. Бұл Одақ әлі күнге дейін қызмет етіп келеді және БҰҰ арнайы мекемесі болып табылады.Бірнеше рет өзгеріске ұшыраған ХЭО-ның қазіргі конвенциясы 1998 ж. Миннеаполисте бекітілген болатын. Оның қатарында 150-ге жуықмүшемемлекеттер бар. Ғалым Ю.М.Колосовтың айтуынша,  ХЭО  Конвенциясының  талапта-  ры ақпаратты таратудың мәселелерін ғана реттемейді, негізінен ХЭО жиіліктерді пайдалану мәселесін, яғни ақпарат таратудың техникалық мәселелерін қамтуы тиіс.

1936 ж. Женевада бейбітшілік мақсатта радиохабарларын тарату туралы халықаралық конференция өткізіліп, әлі де маңыздылығын жоғалта қоймаған конвенция қабылдады. Қатарына КСРО-мен бірге 37 ел мүше болған конференция нәтижесінде Радиохабар таратуды бейбітшілік мақсатта пайдалану туралы конвенция қабылдап, оған 22 мемлекет қол қойды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1954 ж. сессиясыаталған Конвенция ақпарат еркіндігі саласындағы маңызды фактор болғандығын мойындап, №841 (IX)қарарында бекітті.

БҰҰ БА 1947ж. 3 қарашадағы №110 қарары бейбітшілікке қауіп төндіретін, бейбітшілікті бұзатын немесе басқыншылық әрекеттерін мақсат ететін насихатты қатаң сынға алады. Осы сияқты және БҰҰ БА бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану туралы басқа  да қарарлары, мемлекеттердің бұқаралық ақпараттар таратуда нұсқауға алуы тиіс принциптер тізбегін құрайды.

Әрбір мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануда өз мүдделеріне, саяси  көзқарастарына  және  дәріптейтін  идеологияларына қайшы келмейтінарнайы нормалар меноларды халықаралық-құқықтық реттеудің принциптерін құра  алды.  Ұстанған  бағыты  бір болған мемлекеттер ақпарат саласын құқықтық реттеуде бірауыздан қабылдап, қол қойған біршама құжаттар қатарын бұқаралық ақпараттардың мазмұнын айқындайтын нормалар құрайды. Төменде келтірілген халықаралыққұқықтық актілер аталған нормалардың қайнар көздері болып табылады:

  • БҰҰБА 1946ж. №59 қарары (ақпарат еркіндігі мен оны теріс пайдаланбау туралы);
  • БҰҰ БА 1947ж. №110 қарары (бейбітшілікке қауіп төндіретін, бейбітшілікті бұзатын немесе басқыншылық әрекеттерін мақсат ететін насихатты қатаң сынайды);
  • БҰҰ БА 1947 №127 қарары (мемлекеттер достастығына кері әсер ететін жалған немесе бұрмаланған ақпар таратумен күресу мүмкіндігін берді);
  • 1948 ж. Жалпығаортақ адам құқығы декларациясы (мемлекет шекарасына тәуелсіз адамның ақпаратқа деген құқығы);
  • 1966 ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық келісім (мемлекет қауіпсіздігін, тұрғындар денсаулығы мен адамгершілігін қорғау үшін ақпарат еркіндігі шектелуі мүмкін);
  • 1978 ж. ЮНЕСКО бұқаралық ақпарат құралдарының бейбітшілікті және халықаралық өзаратүсіністіктінығайтуға, адам құқығын дамыту мен нәсілшілдікке, апартеидке және соғысқа арандатушылықпен күреске қосқан үлесіне қатысты негізгі принциптер туралы декларациясы;
  • БҰҰ БА 1982ж. №37/92 «Тікелей телекөрсетілімдерін тарату үшін мемлекеттердің жасанды Жер серіктерін пайдалануын реттейтін принциптер».

Бұқаралық ақпарат құралдарын трансшекаралық пайдаланудың техникалық және коммерциялық мәселелері келесі құқықтық актілермен реттеледі:

  • 1906 ж. Халықаралық радиотелеграф одағын құрған Берлин конвенциясы;
  • 1923 ж.  Порнография  басылымдары-   на және оларды сатуға жол бермеу туралы халықаралық конвенция;
  • 1936 ж. Радиохабар таратуды бейбітшілік мақсатта пайдалану туралы Женева конвенциясы; o 1949 ж. Оқу, ғылыми және мәдени сипаттағы бейне,   дыбыс   материалдарымен халықаралық алмасуды жеңілдету туралы келісім;
  • 1952 ж. Халықаралық теріске шығару құқығытуралы конвенция;
  • 1958 ж. Ресми басылымдар мен үкіметтік құжаттармен халықаралық алмасу конвенциясы; o 1965 ж. Станциядан ұлттық аумақтан тыс жерде хабар таратуды тоқтату туралы келісім;
  • 1974 ж. Жер серігі арқылы жеткізілетін бағдарламалы сигналдарды тарату туралы Брюссель конвенциясы;
  • 1989 ж. Трансшекаралық телевидение туралы Еуропа конвенциясы;
  • 1992 ж. ХЭО Жарғысы мен Конвенциясы және міндетті сипаттағы ХЭО тәртіптері.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысына сәйкес бірлескен қызмет қатарына байланыс жүйесін дамытудағы ынтымақтастық, ортақ ақпараттық кеңістікті дамытудағы ықпалдастық та жатады. Ең бастысы, ТМД құру туралы келісімде мүше-мемлекеттер арасында ақпарат беру, тарату еркіндігі қамтылған[4].

Ақпарат алуға, оны өңдеп, таратуғаәрбір адам құқылы-ақ, бірақ қоғамдық пікірді оң немесе теріс бағытта қалыптастыру құралы болып табылатындықтан,ақпаратқа еркіндік беріліп, шектеу де қойылуы заңды құбылыс. Әрбір ақпарат идеологиялық мүддеге негізделген өнім және оны тұтынушылар дұрыс-бұрыстығын білместен түрлі жағдайда қабылдауы моральдық тұрғыда зиян келтіруі ықтимал. Алайда таратылатын ақпардың қайсысы хабар, қайсысы насихат екенін айыра жіліктейтін арнайы механизмдер, құралдар жоқтың қасы. Сонымен бірге, қоғам сынына ұшыраған белгілі ой-пікірлердің насихатталғаны үшін жүктелетін жауапкершілік те қатаң болуы тиіс. Халықаралық ақпараттық құқықтың басты міндеттерінің де бірі осы мәселе болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М.. Международное публичное право. Алматы, Қазақ университеті, 2012. 285 б.
  2. Ермичева Е.В. Международно-правовые аспекты деятельности средств массовых информации: Дисс.к.ю.н. М., Изд-во: Дип. Академия МИД РФ, 2003. 177 с.
  3.  «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңы. Алматы, Жеті Жарғы1999, 24б.
  4. Конвенция Содружества Независимых Государств о правах и основных свободах человека (от 26.05.1995 г.). 11-ст.(1). http://base.spinform.ru/website
  5. Декларации "О средствах массовой информации и правах человека" (от 23 января 1970 г.) Консультативная Ассамблея Совета Европы.http://online.zakon.kz/
  6. Конвенция и Устав Международного союза электросвязи (от 22.12.1992 г.). Право и этика в работе журналиста: Сборник документов. Екатеринбург, http://online.zakon.kz/
  7. Устав Организации Объединенных Наций и Статут Международного Суда. Сб. Действующее международное право в 3-х тт. – М., Изд-во: МНИМП, 1996. Т.
  8. Свобода доступа к информации. НПО Артикль 19.www.articleorg

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.