Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы ИЫҰ-ның «Іс-əрекеттердің онжылдық бағдарламасына» қосқан үлесі

Халқымыздың  рухани  мəдениетінің  ислам өркениетімен ежелден тамырлас екені баршамызға мəлім. 1995 жылдан бері ИКҰ-ға мүше мемлекет ретінде Қазақстан  əр  уақытта да бұл ұйымның атқарып келе жатқан іс-шараларына белсене араласуда.

Бүгінгі ИЫҰ – үлкен əрі толығымен пайдаланбаған əлеуеті бар, қазіргі кезге лайық, болашаққа бағытталған ұйым. ИЫҰ Бас хатшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы жоғары кəсіби деңгейде өтіп, халықаралық өлшемдерге сай болып келеді.

Қазақстан мен ИЫҰ ынтамақтастығы жемiстi дамуда. Бiздiң еліміздің ұйымдағы мүшелiгі ИЫҰ-ға мүше мемлекеттермен тиімді байланыстарды орнатуға, ислам кеңістігінде саяси жəне экономикалық үдерістерге Қазақстанның белсенді  қатысуына,  сондай-ақ  Қазақстанда ірі   экономикалық  жобаларды іске асыруға қаржылық қорларды тартуға мүмкіндік жасады. Бұл ынтымақтастық бірқатар факторларға байланысты  өте  маңызды.  Ұйымдағы  экономикалық жағынан дамыған елдердің көпшілігі Қазақстанның сауда-экономикалық жəне инвестициялық   əріптестері   болып  табылады.

Парсы шығанағындағы араб елдері Астана құрылысына белсене қатысқанын атап айту шарт. Олардың басқа да ірі инвестициялық жəне инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға атсалысқаны тағы белгілі.

Қазақстан Республикасы 15-16 қарашадағы 39-сессияда салтанатты түрде «Бейбітшілік, ынтымақтастық, Даму» ұранымен өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлер кеңесінің төрағалығын Джубиттиге берді. Қазақстанның  Сыртқы  істер  министрі  Е. Ыдырысов конференцияда еліміздің ИЫҰ СІМК төрағалығы, əсіресе бұл төрағалық қиын геосаяси жəне жаһанды экономикалық өзгерістер кезінде болған, отандық дипломатия тарихында маңызды оқиға деп бағалады [1]. Төрағалық кезінде Қазақстан Сомалидегі гуманитарлық дағдарыс,   Палестина   мəселесін   бейбіт шешу,«Араб көктемі» сияқты өзекті мəселелердің шешімін іздестірді.

«Араб көктемінің»  салдарынан  бір  жарым жылға созылып кеткен төрағалықта Қазақстанның қосқан еңбегі зор. Еліміз төрағалықтың күн тəртібін ұйымның дамуы мен саяси-экономикалық жаңғыруына негіздеген:

  1. Қазақстан ұйымның атауы мен эмблемасын ауыстырды. Ұйымның атын өзгерту жөнінде ұсыныс СІМК деңгейінде сонау 1974 жылы СІМК 5-сессиясында, яғни ұйымның жарғысын қабылдағаннан кейін бір жылдан кейін, алғаш рет ұйымның атын өзгерту ұсынысы пайда болды. Олардың ішінде «Мұсылман мемлекеттерінің ұйымы», «Ислам   ұйымы», «Мұсылман халықтарының ұйымы» сияқты ұсыныстар болған [2]. Бірақ біздің ойымызша, «Ислам ынтымақтастық ұйымы» атауы ұйымның негізін толығымен ашады. Сонымен қатар 2005 жылы қабылданған «Іс-əрекеттердің онжылдық бағдарламасы» 1-бөлімінің 11-тарауында ұйымның атауын ауыстыру қарастырылған болатын [3]. Бұл – Қазақстанның жоспар бойынша ісшараларды атқарып жатқанының дəлелі.
  1. Тек атауын ғана ауыстырмай, ұйымға жаңа леп, жаңа мазмұн беруге тырысты. Қазақстан төрағалық қызметінің мақсаты – əлемдік жəне өңірлік деңгейде ИКҰ  беделі  мен əлеуетін арттыру, халықаралық қауіпсіздік пен  ынтымақтастықты  сақтау  мен   дамытуда Ұйымның əлеуетті тетігін жақсарту мен нығайтуға жұмылдыру. Ұйым қызметін жаңа жағдайға сай жаңғырту дегеніміз – адам өмірін ардақтау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, діни төзімділік пен адамзатқа ортақ құндылықтарды ұлықтау, экономикалық дағдарыстарды болдырмаудың жолдарын шешу, бейбітшілік пен тұрақтылық, қауіпсіздікке қол жеткізу. «Іс-əрекеттердің онжылдық бағдарламасында» ИЫҰ реформалау, қызметін жетілдіру, аймақта рөлін нығайту міндеті қойылған. Сондықтан Қазақстан тарапынан 6 аймақтық кеңселерді құру бастамасы ұсынылды. Олардың біреуін Астанада орналастыру жсопарланған.
  2. Ислам əлемін Батыс елдерімен байланыстарды нығайтуға бар жағдайды жасады, еліміз Батыс пен Шығыс арасында көпір тəрізді іс-əрекет етті. Қазақстан ғасырлар бойы Шығыс пен Батысты байланыстырып отырған. Қазақстанның батыс пен шығыс арасындағы диалогты жүзеге асыруы төмендегі механизмдермен сипатталады:
  • əлемдік қауіпсіздікке нұқсан келтіріп отырған діни топтарды бірігіп құрықтау арқылы екі тарап арасындағы мүддені тоғыстыру;
  • ислам діні жəне өзге де діндер арасындағы бейбітсүйгіштік ерекшеліктерді кеңінен таныту.

Бұған əлемдік діндер диалогын өткізу өзіндік дəлел бола алады;

  • батыс елдеріндегі исламға қарсы партиялар мен топтарды Ислам елдеріндегі радикалды қозғалыстармен бейбіт мəмілеге келтіру. Нəтижесінде қарсылас екі тараптың өзара əрекеттерін белгілі бір деңгейде шектеуіне үлес қоса алады;
  • халықтың діни наным-сенімін саясат құралы ретінде пайдаланып, сол арқылы дауыс алып отырған партиялар мен қозғалыстарды сынға алу.
  1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жүйесін құру. Бұған Ислам даму банкі жəне ұйымға мүше елдердің азықтүлік қоры топтары жүйесінде FАО үлгісіндегі аймақтық қордың құрылуы негіз болар еді. Оның штаб-пəтерін азық-түліктің экспорттық əлеуетін белсенді дамытушы ел ретінде Қазақстанда орналастыруды ұсынды. Бір жағынан, Қазақстан өзінің бидай сату нарығын кеңейтуге барлық мүмкіндіктері бар, ал екінші жағынан, ислам əлеміндегі көптеген елдердің аштық мəселесін шешуге ықпал етеді. Қазіргі кезде Қазақстан мен Ислам даму банкі ислам əлемінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты қаржы механизмдері жөнінде келіссөздер жүргізіп отыр [4]. Еліміз Ауғанстан, Иран жəне басқа да ИЫҰ-ға мүше елдеріне тез əрі ұтымды бағамен астық жеткізу жоспарланған тұжырымдамасын ұсынды.
  2. Исламдық G10. Қазақстан ислам əлемінде дамушы 10  мемлекеттің  қатарына  кіреді. Мемлекеттер арасында экономикалық дамуда тəжірибе алмасу форумын  құру көптеген мəселелердің алдын алуға ықпал  етеді. Халықаралық қатынастар тəжірибесі көрсеткендей, G8 дамыған елдердің, G20 дамушы  елдердің  форумдары  ағымдағы   өзекті мəселелерді шешу ынтымақтастығын қамтамасыз етеді. Ислам əлемі елдерінің экономикалық ынтымақтастығы шеңберінде жаңа бағыт қалыптастыру заман қажеттілігі. Бұл үшін Дүниежүзілік ислам экономикалық қоры негізінде он жетекші мұсылман қауымдастығы елдерінің экономика саласына арналған сұқбат алаңын құруды ұсынады. Əсіресе əлемдік экономикалық-қаржылық дағдарысқа төтеп берген Ислам даму банкі негізінде бұл форумның болашағы зор деп қарастырылады.
  1. Ислам əлемін жаңғырту стратегияcы ұсынылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Əлем тұрғындарының бестен бір бөлігін құрайтын мұсылман əлемі өзінің экономика саласындағы əлеуетіне мүлдем сай келмейді. Мысалы, үлкен сегіздіктің ішінде мұсылман үмбетінен бірдебір ел жоқ... Мұсылман елдері айтарлықтай жаңғыртудан өтуге тиіс. Мұны қолға алмасақ, тарихи тұрғыдан артта қалу тағы да жүз жылға созылып кетуі мүмкін», – деген еді [5]. СІМ Кеңесі əлеуметтік-экономикалық даму қоғамның тұрақтылығында үлкен рөл атқаратынын ескере отырып, мұсылман əлемінің экономикасын дамытуға бар қолайлы жағдайларды жасауға келісті. Бұл сауданы дамыту, көмек көрсету, мұсылман қоғамын жаңғырту үшін білім мен инновацияның дамуына ерекше көңіл бөлу жəне т.с.с. «ИЫҰ-ға басқа мүше мемлекеттердің, ұйым хатшылығының бізге көрсеткен қолдауын қабыл ала отырып, біздің əрекетіміз ИЫҰ ұстанымын нығайтып, ұйымның «Іс-əрекеттердің онжылдық бағдарламасының» екінші жартысын іске асыруға жаңа күш қосуға өзіндік үлес қосты  деп үміттенеміз. 2005 жылы іске қосылған бұл бағдарлама төзімділікті, экономиканы жаңғырту мен жан-жақты реформалар жүргізуді нығайтуға, сонымен қатар басқару стандарттарын арттырып,  адам  құқықтарын  қорғауға бағытталған», дейді ҚР  СІМ  басшысы  Е.   Ыдырысов   [6]. «Араб көктемі» ислам əлеміне жаңа даму лебін берді жəне бұл өзгерістердің мұсылман елдерінің оңтайлы даму арнасына бұру үшін «Ісəрекеттердің онжылдық бағдарламасын» барынша ұтымды қолдану қажет. Бұл бағдарламада төзімділік, ынтымақтастық, экстремизм мен лаңкестікпен күрес, қақтығыстардың  алдын  алу жəне исламофобияға қарсы тұру сияқты өзекті мəселелер қарастырылған. Қазақстан мəдениетаралық жəне өркениетаралық үнқатысу идеяларын қолдайтын көпэтносты, көпконфессиялы мемлекет ретінде алдағы кезде бұл бағыттағы жұмысты жандандыра түсу ниетінде. ИЫҰ əлеуетін этностық жəне діни төзімділікті, нəсілшілдік пен исламофобияны еңсеру үшін барынша тиімді пайдалануға тырысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзінің көпұлтты ел сипатымен толеранттылық тəжірибесімен бөлісіп,  дəстүрлі  жəне  əлемдік  дін  басшылар  съезін  жыл  сайын  өткізеді.  Еліміздің  бұл халықаралық бастамасы ИЫҰ мүшелері тарапынан зор қолдауға ие.

Əсіресе осы  соңғы  тармақ  бойынша,  қазіргі кезде ислам əлеміндегі болып жатқан оқиғалардың   ара қатынасын  талдап  көрейік. «Іс-əрекеттердің онжылдық бағдарламасы» ислам əлемінің өзара əрекеттестігін жəне ынтымақтастығын  нығайтуға бағытталған. «Араб көктемінде» бір мемлекетте болған толқулар басқа мемлекеттерде қолдау тауып, ислам əлемі жаңа демократиялық өзгерістерге бағытталған бір толқын сияқты болды.

Бірақ  қарулы  қақтығысқа  айналып  кеткен Либия мен Сирияда сыртқы күштер мүдделерінің   тоғысуына   байланысты   ислам əлемі екіге бөлінгендей болды. Бір жағы Түркияның басшылығымен АҚШ саясатын қолдайтын мемлекеттер Сириядағы оппозия-  ны қолдап отырса, Иран жəне т.б. мемлекеттер Бас партиясының билікте қалуын жақтап отыр. Бұл ислам əлеміндегі толыққанды бірліктің жоқтығын байқатады.

Енді мұлыман уммасынан тыс болып жатқан оқиғаларда, мемлекеттердің ұстанымында да біркелкілік байқалмайды. Тіпті Палестина мəселесінде де қарама-қайшылық бар. Ал ол ИЫҰ-ның жариялаған мақсаттарына қайшы келеді:

  • саяси, экономикалық жəне əлеуметтiк салаларда ИЫҰ-ға мүше ислам мемлекеттерiнiң арасындағы ислам тілектестігін жəне ынтымақтастығын күшейту бойынша бiрлескен əрекеттер;
  • исламның негiзгі қағидаларынан туындайтын бейбiт саясат;
  • исламның құндылықтарын сақтауға, өз бостандығы жəне тəуелсiздiгін қорғаудағы мұсылман халықтарын қолдауға, атап айтқанда, Палестина халқын қолдау жəне Палестинадағы ислам қасиетті жерлерін сақтауға бағытталған бірлескен күш-жігер.

Ислам əлемінің алдында экономикалық қысымдарға қарсы тұру мен жаңа əлемдік тəртіпке бірігіп кіру міндеті тұр. Оларды біріктіретін идеялық негізі – ислам, яғни исламның мұсылман халқының ағайындығы, біртұтастығы идеясы. Осындай стереотиптің пайда болуының басты себебі – саясат, мəдениет жəне дін арасындағы байланыстың бүгінгі күнге дейін сақталуы болып табылады. Сондықтан ислам əлеміне жат Батыстың демократиялық құндылықтары қоғамдық өмірге кіре  алмайды. Ислам қоғам өмірінің барлық салаларын қамтыған. Қаншама ғасыр бойы қалыптасып бекіген халықтың тұрмыс-тіршілігін бірден өзгерту мүмкін емес.

Бірақ VII-XIV ғасырларда қалыптасқан «ислам бірлігі» тұжырымдамасы біраз өзгерістерге ұшырап, исламның дəстүрлі таралуына əсер етті. ХІХ ғасырдың соңында «ислам бірлігі» панисламизм доктринасының негізі болды. Ал қазіргі кезде елдердің саяси, экономикалық дербестігін нығайтудың теориялық негізі болып табылады.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдары «ислам бірлігі» идеясы исламның саяси ықпалы мен ислам қозғалысының жандануына байланысты зор маңызға ие болды.

Жалпы алғанда, «ислам бірлігі» идеясының дамуында 2 бағыт белгіленген:  «жандану»  жəне «жаңғырту» [7]. Жандану немесе фундаменталистік бағытты ұстанғандар ислам дінінің барлық қоғам өмірінің салаларына енгізіп, дəстүрлердің сақталуын қолдайды. Ал модернистер, ислам дінін рухани, яғни саясаттан жат нəрсе деп қарастырады. Бірақ бұл екі ағымның ортақтығы – мұсылман əлемінің ислам идеясы негізінде бірігуі қажет.

Бірақ бүгінгі күнге дейін «ислам бірлігі» идеясы заманауи үдеріске жауап бермейді. Тек, 2005 жылы қабылданған «Іс-əрекеттердің онжылдық бағдарламасының» ислам əлемінің заманға сай бірігіп дамуына жол ашты. Негізінен, бағдарлама зияткерлік, саяси жəне экономикалық, мəдени саланы қамтитын екі бөлімнен тұрады. Бұл тұжырымдаманың жаңалығы – əйел құқықтарының мəселесі қарастырылған. Мұсылман əйелдерінің экономикалық, саяи, мəдени жəне əлеуметтік саладағы қоғамда белсенділігін арттыру, əйел құқығын қорғау, гендерлік жікшілдікке жол бермеу жəне əйелдердің білім алуына  мүмкіндік  беру  сияқты əрі өзекті, əрі маңызды мəселелерді қолға алды. Тіпті бағдарлама мұсылман мемлекеттерінде əйел құқықтарын қорғайтын ислам дін бейнесін жасауға шақырады. Осыны негізге ала оты-  рып, Қазақстан Республикасы «Ислам Давосы» аталып кеткен Астанада ИЫҰ шеңберінде VII Бүкілəлемдік Ислам экономикалық форумына əйелдерді шақырып, арнайы «Іскерлік əйелдер» басқосуы болды.

Бұл бағдарлама бүгінгі күні өтіп жатқан өзгерістерге сай, өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ мемлекеттердің іс-шараларды орындау не орындамауы бұл екінші мəселе.

Қорыта келе, Қазақстанның ИЫҰ төрағалығы өзара тиімді болды. Қазақстан мұсылман əлеміне жаңғырту, заманауи даму үдерістерімен дем беріп, Батыс елдерімен қатынасты, ынтымақтастықты дамытуда көпір сияқты  іс атқарып, ЕҚЫҰ төрағалығында жинаған бар тəжірибесімен бөлісті. Ал ол Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға ықпал етті. Қазақстанға қай салада болмасын, əсіресе экономика жағынан болашағы зор мұсылман əлемімен экономикалық қатынасты дамытуға, жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға жол ашты.

Қазақстан ұйымды радикалды экономикалық жəне саяси өзгерістердің ауыр кезеңінде төрағалық етті. ИЫҰ-ға мүше мемлекеттері жас егеменді еліміздің бұл қадамын жоғары бағалады. Енді Астана ұсынған халықаралық бастамалар Джибуттиге тапсырылды.

 

Əдебиеттер

 

  1. Председательство Казахстана в ОИС завершилось успешно http://www.khabar.kz/rus/ politics/Predsedateljstvo_Kazahstana_v_OIS_ html
  2. Аль-Файез Мохаммад Зияб. Роль Организации Исламкой Конференции в решении региональных проблем. Диссертация. М, 1990
  3. Ten-Year Programme of Action http://www. oic-oci.org/page_detail.asp?p_id=228
  4. В Казахстане могут разместить офис продовольственной безопасности ОИС http://news. kz/chto_v_strane/v_kazahstane_mogut_ razmestit_ofis_prodovolstvennoy_bezopasnosti_ ois.html
  5. http://oic2011-2012.kz/index.prezidenta-respubliki-kazaxstan-nanazarbaeva-na-vii-vsemirnomislamskom-ekonomicheskom-forume
  6. Қазақстан ИЫҰ-ға төрағалық ете отырып, ұйымның позициясын нығайтуға өз үлесін қосты http://wap.bnews.kz/kk/news/post/110827/
  7. Аль-Файез Мохаммад Зияб. Роль Организации Исламкой Конференции в решении региональных проблем. Диссертация. – М.,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.