Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан-Жапония: 20 жыл бейбіт, тұрақты жəне жемісті ынтымақтастығы

Тəуелсіздіктің алғашқы таңынан Қазақстан Республикасының əлемдік аренада əрекет ету бағыттары «Сыртқы саясат» тұжырымдамасында анықталды. ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 1992 ж. басылып шығарылған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу жəне даму стратегиясы»    құжатында    алғашқы  концепция «сыртқы саясаттың басты мақсаты қолайлы сыртқы жағдайды қалыптастыру жəне саяси-экономикалық реформаларға негізделген мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету»[1] деп көрсетілген. Қазақстанның көпвекторлы саясаты əлемнің барлық дерлік мемлекеттерімен қатынастар орнатуға негіз болды. Қазіргі таңда біз əлемнің барлық негізгі күштерімен серіктестік қатынастамыз (Жапония, Ресей, Қытай, ЕО, АҚШ, Бразилия, Үндістан).

Қазақстан мен Жапония арасындағы қарымқатынас ерекшелігін атап өту қажет. Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен Жапония Қазақстанға үлкен қолдау көрсетті. Жапония – Қазақстан егемендігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі. 2012 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан мен Жапония дипломатиялық қатынастарының 20 жылдық мерейтойы болды. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 26 қаңтарда орнатылған болатын [2]. Осы тарихи оқиғаға орай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Жапония премьер-министрі Нода Есихикодан құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жақсы баға берді.  Осыған  дəлел  ретінде  премьер-министр:

«Бұған былтырғы наурыз айында Жапонияның шығысында болған сұрапыл зілзала кезінде бізге көңіл айтқан жылы сөздеріңіз бен қолдауыңыз, сондай-ақ Сіздің атыңыздан жəне көптеген басқа да қазақстандықтар тарапынан көрсетілген көмек айғақ болып табылады», – деп қосты жəне тағы да алғысын білдірді. Жапония үкіметінің басшысы өзінің құттықтау хатында экономикалық өсімнің ұшқыр қарқынына жетіп отырған Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңызы барған сайын арта түсіп отырғанын атап көрсетеді.

Жапония – премьер-министрі, сонымен қатар дипломатиялық   қарым-қатынас    орнағанына  20 жыл толу күні өз елінің Қазақстанмен жəне Қазақстан халқымен байланысын одан əрі тереңдетіп, дамытуға серпін береді деп үміттенетінін білдіреді. Жəне құттықтау хатының соңында Қазақстан басшысымен «Орталық Азия+Жапония» үнқатысуы аясындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, түрлі салаларда одан əрі қарай да белсенді өзара іс-қимыл таныту мүмкіндігін тағатсыздана күтетінін жеткізді[3].

Осы жылдары Жапония əлеуметтік-экономикалық даму мəселелерін шешуде берік серіктес болып келеді. Жапония көмекке мұқтаж елдерге шын жүректен қолдау көрсетуге ұмтылыс жасайтын бейбіт жəне тату ел образын қалыптастырып отыр. Қазіргі кезде дамушы  елдердің  «Дамуына  Ресми  Көмек»  (ODA  –  Official Development Assistance) көрсету – жапондық үкіметтің арнайы бағдарламасы аясында Орталық Азия мемлекеттеріне экономикалық, техникалық жəне өтеусіз көмек көрсететін алдыңғы қатарлы донор елдерінің бірі болып табылады. «Дамуға Ресми Көмек» бағдарламасының Жапонияның сыртқы саясатындағы рөлі өте жоғары. «Дамушы мемлекеттерге ресми көмек» арқылы Жапония Қазақстандағы көптеген инфрақұрылым жобаларына жеңілдік несиелер қамтамасыз еткенін көрсетті [4]. 2010 ж. Қазақстан үкіметі мен Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (JICA – Japan International Cooperation Agency) арасында орта азиялық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының (CAREC) Тасымалдау коридорларын қайта құру жобасына арналған 75 миллион АҚШ долларына зайым келісімі жасалды.

Жоғары деңгейдегі сапарлар екі мемлекет арасындағы диалог дамуында маңызды рөл атқарады. ҚР үкіметі 2008 ж. Маусымда ҚР Президенті Жапонияға ресми сапарында қол жеткізілген өзара қолайлы ынтымақтастық туралы келісім мен біріккен мəлімдемелермен сəйкес серіктестіктің тереңдеуіне мүдделілік көрсетеді.

Энергетика, əсіресе мемлекеттер компаниялары ынтымақтастық ететін ядролық энергетика саласы, экономикалық қатынастарды алға тартатын қозғаушы күш болып табылады. Жай энергия көздерінің тапшылығын ескеретін болсақ, осындай қатынас болашақта үлкен үміт күттіреді. Қазіргі таңда Қазақстан өндірістік кешенін үлкен көлемді модернизациядан өткізуде. Қазақстанға Жапониямен осы салада ынтымақтастық аса қажет. Қазақстан инвесторлар үшін нарықтық экономика, салық салудың қолайлы жүйесі, инвестицияларды қорғайтын заңнама, инвестициялық климат жəне жақсы дамыған қаржы жүйесі сияқты барлық жағдай жасады.

Өндірістік жəне технологиялық потенциалымен қатар, Жапония инвестициялық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейін тани отырып, Қазақстан шикізат саласынан бөлек салаларда екіжақты ынтымақтастықтың елеулі тереңдеуін қалайды. Жапония – Үлкен сегіздік пен Үлкен жиырмалықтың, басқа да халықаралық қаржылық топтардың беделді мүшесі. Жапонияның алдыңғы қатарлы технологиялары мен Қазақстанның бай табиғи ресурстары сапалық жаңа деңгейдегі өзара тиімді серіктестік құруға жəне «инвестиция мен технологияны табиғи ресурстарға айырбастау» қағидасы үшін қосымша орта тудырады. 2008 жылы маусымда ҚР Президентінің Жапонияға сапары инвестиция мен технология салаларындағы қатынасқа  жаңа  серпіліс  берді.  Екі  мемле  кет арасындағы экономикалық қатынастардың бағыттары мен перспективаларын анықтады. Сондай-ақ екі мемлекет халықаралық құқық пен келісімдерге негізделген инвестиция мен технологиялар салаларында ынтымақтастық үшін тиісті қор құруда жұмыс жасауда. Мəселен, 19 желтоқсан 2008 ж., екі мемлекет дипломатиялық қатынастарының тарихында алғаш рет бірінші үкіметаралық келісімге қол қою  рəсімі  Токиода өтті. Қазақстан Республикасы мен Жапония арасында қосарланған салық салуды болдырмау жəне кіріс пен капиталға арналған салықтарға қатысты, салық төлеуден жалтарудың алдын алу жөніндегі Конвенцияның да алар орны зор [5]. Қазір экономикалық қатынастар саласында Инвестицияларды ырықтандыру, ынталандыру жəне қорғау келісім жобасы қорытындылау деңгейінде жасалуда. Жалғасып жатқан  экономикалық  жəне сауда қатынастарының тағы бір басты элементі – Қазақстан-Жапон экономикалық ынтымақтастығы туралы жеке жəне мемлекеттік секторлардың біріккен комиссиясы. Оның үшінші сессиясы 2011 жылы 6 қазанда өткізілді. Аталған комиссияның негізгі мақсаты  экономикалық жəне сауда қатынастарын дамыту үшін жеке  жəне қоғамдық секторлардың біріккен талпыныстарын барынша қолдау. Екі мемлекеттің үкіметтік мекемелерінің қолдауларына қосылып, Қазақстанның даму институттары жəне жапондық корпорациялары, қаржылық ұйымдары жəне шешім шығарудың жəне оны жүзеге асырудың жалғыз біріккен жүйесін құруға кепілдік береді.

«Орталық Азия+Жапония» үнқатысуы Қазақстанды қоса алғанда, Жапония мен  Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың негізі ретінде 2004 жылы құрылған  болатын.  Сол  жылдың тамызында  Астанада  сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі өтті. Жапония Орталық Азияның тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өңір елдері ортақ мүдделерге қатысты мəселелерді бірлесіп қарауы тиіс деп есептейді. Өңір елдері ішкіөңірлік ынтымақтастықты  ортақ  нарықты  құруға  бағыттауы қажет. «Орталық Азия+Жапония» үнқатысуының негізгі мақсаттарының бірі Орталық Азия мемлекеттерінің  Жапония мен өңіраралық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі күш-жігеріне көмектесу. Бастама шеңберінде Жапония катализатор рөлін атқарады. «Орта Азия+Жапония» үнқатысуында ынтымақтастықтың 5 бағыты белгіленген [6]:

  • саяси диалог;
  • ішкі өңірлік ынтымақтастықты дамыту;
  • бизнесті ынталандыру;
  • зияткерлік диалог;
  • мəдени байланыс жəне адамдардың алмасуы.

Аталған бастама негізінде сыртқы істер министрлерінің төртінші  кездесуі  2012  ж.  Күзге Токиоға жоспарланып отыр. Осы диалог шеңберінде көзделген кездесуде бес нақты мəселе тобы аймақтың бес мемлекетімен талқылануға жоспарланған: қоршаған орта, энергияны үнемдеу, энергияның қайта жаңаратын көздері; мыңжылдық даму мақсаттары, экономикалық өзгешеліктерді азайту қадамдары; Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты бағыттар; табиғи апаттарды алдын ала болжау бағытындағы ынтымақтастық; сауда жəне инвестиция.

2009-2010 жж. Қазақстанның құрметті консулдықтары Осако, Саппоро, Нагое жəне Фукуокеде ашылды. Бұл оқиға дипломатиялық қатынастардың күрделілігін көрсетеді жəне болашақта сауда, экономикалық, мəдени жəне гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюына үлкен үлес қосады[7].

Бүгінгі таңда Қазақстанның инвестициялар мен технологиялар бағытында ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етудегі  ретті жəне жүйелі əрекеттері жемісін беруде. Қазақстанның Ұлттық Банкінің мəліметтеріне сəйкес, 2010 ж. Жапонияның қазақстандық экономикаға инвестиция көлемі 804,7 миллион долларға жетті. Республика егемендігінің толық кезеңінде Жапониядан тікелей инвестиция көлемі 2010 ж. 31 желтоқсандағы мəліметтері бойынша 2,794 миллиард доллар құрады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Жапония көлік секторында ынтымақтастығы үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Қазақстанның географиялық бірден-бір орналасуы: Еуразияның орталығында, Еуропадан Оңтүстік жəне Шығыс Азияға дейін. Қазақстанның транзиті мен көлік потенциалын қолдана отырып, Жапония Еуропаға болашақта экспорт жасай алады. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей жəне Белоруссия арасында Кедендік Одақтың құрылуы  Қазақстандағы  жапондық инвесторлар үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын пайдалы бизнес  климатын  қалыптастырар  еді.  Себебі  қазір 170 миллион адамға бағаланып отырған үш мемлекеттің нарығында жапондық дайын өнім қолайлы сатылар еді.

Парламентаралық қатынастардың кеңейгендігіне де тоқталу қажет. Жапонияда, міне 10 жылдай, Қазақстанмен Достық Парламенттік Лигасы бар. Лига төрағасы – Жапонияның бұрынғы Премьер-минстрі Юкио Хатояма. 2004 ж. ҚР Парламенті Сенатының кейбір мүшелері Қазақстанның Жапониямен қатынастарын қолдау мақсатында бір топ құрды. Осылайша, ұқсас топ ҚР Парламентінің төмегі палатасы – Мəжілісте де құрылған еді. Екі мемлекет халықаралық ұйымдар құрылымдары шеңберінде де толық стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асыруға мықты негіз құрды[8].

Қазақстан мен Жапония – адамзат тарихында ядролық қарудан ең көп зардап шеккен мемлекеттер. 2011 ж. 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толды. 2009 ж. 9 желтоқсанда 29 тамыз күні Ядролық сынақтарға қарсыкүндепжариялағанрезолюцияқабылданып, осы  резолюцияның  авторларының  бірі  бол-  ды. Жапония мен Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік туралы түсініктері бір көзқарастан шығады. Жапония Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы қадамдары мен бастамаларын толық қолдайды жəне құрметтейді. 1994  ж. Қазақстандағы жоюға бағытталған ядролық қару саласында ынтымақтастық жөнінде жапонқазақстандық комитет құрылды. Жапонияның аталған комитетке жасаған төлем көлемі 1 миллиард. 770 миллион жапондық йена құрады (3,4 миллиард теңге көлемінде). Сонымен қатар атомдық энергия объектілерінде жарылғыш материалдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жəне Семей полигонының сынақтарынан зардап шеккендерге медициналық құрылғылар берумен көмек көрсетті. Қазіргі уақытта Ядролық физика институтына жəне Ульба  металлургия  зауытына ядролық материалдарды физикалық қорғау үшін құрылғылармен қамтамасыз ету жобасы келісілуде[9].

Өз алдына, Қазақстан Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болуы ұсынысына қолдау көрсетеді. Ядролық қарудан зардап шеккен осы мемлекеттер ядролық қарусыздану жəне қауіпсіздікті нығайту жөнінде бағдарламалар  мен  жобалар    ұсынуға  толық құқылы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы Сессиясында президент Н.Ə. Назарбаевтың ядросыз əлем əмбебап декларациясын ұсынды. Осындай халықаралық актіні қабылдау, Елбасы айтқандай, 21-ші жүзжылдықты БҰҰ-ның қатаң бақылауындағы əлемдік ядролық қауіпсіздіктің біріккен жүйесін құруды білдіреді.

Күн-шығыс елі Қазақстанның табиғи ресурстарының ішінде уранға ерекше көңіл бөледі. Жапония əлемде уранды бейбіт мақсатта атом электр станцияларына пайдаланатын мемлекеттер тізімінің бірінші қатарында. Өткен жылдың мамыр айында  екі  мемлекет  арасын-  да Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану туралы ынтымақтастық келісімі күшіне енді.

«Қазатомөнеркəсіп» ұлттық атом компаниясы мен жапондық «Sumіtomo Corporatіon» компаниясы жерасты  сирек  кездесетін  металдар  саласында «Summіt Atom Rare Eartһ Company» (SARECO) бірлескен кəсіпорнын құру жөніндегі құжатқа 2010 ж. қол қойды.

Қазақстанға сирек  металдар  кен  орында-  рын игеріп, олардың негізінде өндіріс ашу – индустриялық-инновациялық дамудың жаңа бағыты ретінде жоғары технологиялық кəсіпорындарды құруға мүмкіндік бермек. Сирек металдар əлемдік нарықта жылдан-жылға өте тапшы дүниеге айналып барады. Ал Жапония дүниежүзінде осы сирек металдардан дайындалатын өнімнің 50 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан Күншығыс елі осы бір ерекше элементтерді жеткізіп берушілерге аса мүдделі. Соңғы жылдары уран өндірісі мен сирек металдар саласындағы жапон-қазақ іскерлік байланысы тереңдей түсті деуге болады. Екі ел арасындағы келісімдер таяу жылдары қазақстандық уран өнімдерін жапон нарығында қазіргі 3-4 пайыздан 40 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал оның 30 пайызына дейінгі мөлшері қазақстандық Үлбі металлургиялық зауытында белгілі бір техникалық сипаттамаларға дейін өңделмек. Қазақ елі 2011 жылдың қорытындысы бойынша, əлемде уран қоры жағынан екінші орынды, ал оны өндіруден бірінші орынға шыққан болатын. 2012 жылдың шілде айынан бастап іске кірісуге тиіс SARECO бірлескен кəсіпорынның 51 пайыз үлесі «Қазатомөнеркəсіп» ұлттық атом компаниясына тиесілі де, қалған 49 пайызын Sumіtomo Corporatіon иеленеді. Бас кеңсесі Өскеменде болмақ.

Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласының жобасы Жапонияның белгілі архитекторы Кисе Курокавамен жасалғандығы  белгілі.  Архитектор Астана бейнесіне жаңа əлем көрінісі мен табиғатпен байланысты біріктірген. Ол қаланы табиғатпен бірге дамитын тірі организм ретінде көрген. Қазіргі кезде Астана – қоршаған ортаға зиянсыз, əдемі, жаңа капитал, ол – Шығыс жəне Батыс мəдениеттерінің синтезі, дəстүр мен даму символы.

Көрініп отырғандай,  екі  мемлекет  арасында тек өзара тиімді саяси, экономикалық жəне инновациялық қатынастар ғана емес, сондай-ақ жаһандық аренада бейбіт бастамаларды  дамыту мүдделері бар. Болашақта Қазақстан мен Жапония арасында қатынастар барлық салаларда дамиды, себебі стратегиялық ынтымақтастыққа ешқандай кедергі жоқ.

 

Əдебиет

 

  1. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана суверенного государства. Алма-Ата, 1992
  2. Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы қатынастар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіhttp://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/kz/ content/policy/cooperation/asia_africa/03
  3. Жапония премьерінің құттықтауы // Егемен Қазақстан. – 2012.27 қаңтар
  4. Japan’s ODA:  Rolling   Plan   for   Republic   of Kazakhstan. http://www.mofa.go.jp/policy/ oda/rolling_plans/pdfs/uropean.pdf
  5. Конвенции об избежание двойного налогообложения, заключенные между Республикой Казахстан и другими государствами. Налоговый Комитет Министерства Финансов Республики Казахстан
  6. Казахстанско-японское сотрудничество: состояние и перспективы: Материалы международного «круглого стола» (5 декабря 2006  г.).– Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2007. –С. 48-52
  7. Kazakhstan – 19 Years of Independence. Akylbek KAMALDINOV // “Japan Times”, 12.2010
  8. Parliamentary major  Laura Tusupbekova,// Казахстанская правда, -2010. – 26 қазан. http://www.kazpravda.kz/c/1290769102
  1. Астана – Токио: в духе искренней дружбы. Казахстанская правда, -2011. – 23 қараша. http:// www.kazpravda.kz/print/1322007907
  2. Kazakhstan and  Japan  establish  Summit AtomRare Earth Company (SARECO) JV. Government of the Republic of Kazakhstan. News of March 2010 http://en.government.kz/site/news/032010/04

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.