Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық азия мен қытайдың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының дамуы

Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы экономикалық саясатында мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзіндік орны бар. Қытай экономикасының қарқынды да тез дамуы оның энергия көздеріне мұқтаждығы мəселесін күн тəртібіне шығарды. Мемлекет басшылығы елдің энергетикалық стратегиясын қайта қарауға мəжбүр болды. Қытай, бір жағынан, ел ішіндегі мұнай өндірісін ұлғайту арқылы өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпынса, екінші жағынан, шет мемлекеттерден сенімді мұнай тасымалын орнатуға ұмтылуда. Мемлекеттің ішкі экономикалық дамуымен тығыз байланысты болған мұнай мен газ мəселелерін шешу мақсатында Қытай 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап Орталық Азияда осы саладағы байланыстарын тереңдетуде белсенділік танытты. Қытай əлемдегі ірі мұнай импорттаушыларының біріне айнал- ғаннан кейін Орталық Азиядағы мұнай мен газ кеніштерін өңдеу мен өндіруге қатысты тендерлерге қатысып, елдің ірі мұнай компаниялары шетелдік мұнай концессияларына ие бола отырып, əлемдік мұнай алпауыттарының қатарынан орын алды. Сөйтіп, Орталық Азия елдерімен отын-энергетикалық саладағы байланыстарды дамыту Қытай сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды.

Баршаға белгілі, Орталық Азия аймағының мұнай мен газ қорларына бай болуы əлемнің алпауыт мемлекеттерінің осы өңірге деген қызығушылығының басты себебі болды. Қытай да осы мемлекеттердің қатарында өзіндік орынға ие болды. Оның қарыштап дамып отырған экономикасы- ның мұнай мен газ импортына тəуелділігі жылдан-жылға артуда. Сондықтан аталмыш саладағы ынтымақтастық өзара экономикалық ынтымақтастықтың құрамдас бөлігі болып отыр.

XXІ ғасырда Орталық Азия əлемдік экономиканың маңызды энергетикалық қоймаларының біріне айналады деуге негіз бар. Қазақстандағы мұнай мен табиғи газдың барланған қоры сəйкес  түрде 2,2 млрд т. жəне 2,5 трлн текше метрді құрайды. Түрікменстандағы табиғи газдың қоры 3 млрд текше метр төңірегінде, ал Өзбекстанда 2 млрд шамасында. Каспий теңізінің шельфіндегі жəне Арал теңізінің бассейніндегі кенді есепке алғандағы Қазақстанның болжамдық қоры 13 млрд т. мұнай мен  6 трлн текше метр табиғи газды құрауы мүмкін. Түрікменстанда сəйкес түрде – 6,3 млрд т. мұнай жəне 15,5 трлн текше метр газ, Өзбекстанда – 0,3 млрд т. мұнай жəне 2 трлн текше метр газ болуы мүмкін. Ресейлік мамандардың есебі бойынша, ортаазиялық мұнай мен газ үшін орташа жəне ұзақ мерзімді болашақта тек Азия-Тынық мұхит аймағы ғана ірі өтім рыногы бола алады. Əңгіме, ең алдымен, Қытай жөнінде. Кейбір есептерге қарағанда, Қытайда мұнайды тұтынудағы таза импорттың сыбағалы салмағы 1995 жылы 12%-ды құраған, ал 2000 жылы 45%-ға өскен. Келешекте Қытай рыногының маңызы артатыны сөзсіз, бұл ең алдымен экономиканың жылдам дамуымен жəне энергетикалық баланстың мұнай мен газ пайдасына қайта құрылатынымен тікелей байланысты [1].

Ресми мəліметтерге сəйкес, Қытайда көмірсутек шикізатының 424 кеніші табылған. Соңғы 40 жыл ішінде олардың 150-інде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда Қытайдағы мұнай қоры 14 млрд т. (анықталғаны – 5,3 млрд т.), ал табиғи газ – 8,5 трлн. текше метрге бағаланып отыр, оның ішінде барланып алынған қорлар үлесіне, америкалық сарапшылардың бағасы бойынша, сəйкесінше, 1,62 млрд т. жəне 1 трлн текше метр тиеді. Елу жыл ішінде, яғни 1949 жылғы 0,12 млн тоннадан 1999 жылғы 151 млн тоннаға өскенімен, Қытай өзінің мұнайға деген сұранысын қанағаттандыра алар емес. 1993 жылы Қытай нетто-импортшыға айналды. 1996 жылы ел үкіметі қабылдаған мұнай өндірісі көлемін ұлғайту жөніндегі жоспар 2010 жылға мұнай өндіруді 300 млн тоннаға дейін жеткізуді қарастырғанмен, мұны жүзеге асыру оңай болмайтын сыңайлы. Оның негізгі себебі – күрделі геология жəне отын-энергетикалық комплекске ірі қаржының қажеттігі. Осы айтылғандарға байланысты ҚХР Мемлекеттік кеңесі 1997 жылы мұнай мен газды барлау жəне тасымалдау саласында шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға аса назар аудару туралы шешім қабылдады. Ең алғашқы басым бағыттар ретінде жақын көршілер – Ресей мен Қазақстан қарастырылуда [2].

Аталмыш мұнай магистралі құрылысының маңыздылығы - оның республиканың батыстан шығысқа созылған бүкіл аумағын кесіп өтетіндігінде. Мұның өзі жалпыұлттық транспорт инфрақұрылымын елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік береді. Қытай Ұлттық Мұнай-газ компаниясы 1997 жылдың маусым айында өткізілген тендер бойынша 4 млрд долларға «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының 60%-дық акциясына ие болған. Сонымен бірге бұл компанияның иелігіне бірқатар кеніштер, оның ішінде қоры жағынан Теңізден кейін екінші орындағы Маңғышлақ түбегіндегі Өзен де кіреді [3, с.74.].

2003 жылдың мамыр айының аяғында Қытай Ұлттық мұнай компаниясы тағы СНПС- АқтөбеМұнайГаз-дың 25,12 пайыздық мемлекеттік пакетін 150 млн долларға сатып алған. Осылайша, бүгінде аталмыш компания Қазақстандағы мұнай өндіру саласындағы үшінші ірі кəсіпорын болып табылады. Қолда бар бағалар бойынша, СНПС-АқтөбеМұнайГаз өңдеп жатқан кеніштердегі қорлар 121 млн тоннаны құраған, ол сəйкесті түрде 907,5 млн баррелге тең. 2003 жылы  компания Қытайға    5 млн тонна мұнай жіберген [4].

2003 жылдың маусым айында Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының «ҚҰМК-Ақтөбе- мұнайгаз» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне ие болғанын тиянақтаған «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының Қазақстандағы инвестициялық қайраткерлігін кеңейту туралы келісімге» қол қойылды. Ал 2003 жылдың тамыз айында «Қазмұнайгаз» ЖАҚ-ы мен мұнай мен газды барлау жəне өңдеумен айналысатын Қытай ұлттық корпорациясы арасында «Мұнай құбырының алғашқы кезектегі құрылысын тездету жəне Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысының мүмкіндік- терін зерттеу туралы Меморандумға» қол қойылды. 2002 жылы Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры жұмыс істей бастады [5].

2004 жылдың мамыр айындағы Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың Қытайға ресми сапарының қорытындысы бойынша Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры құрылысының негізгі прин- циптері туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат жөнінде Н. Назарбаев: «Құны 1 млрд доллар, ұзындығы 990 километр болатын мұнай құбыры құрылысының осы жылдың тамыз айында басталып, 2005 жылдың аяғына қарай аяқталатынын айқындаған құжатқа қол қойылды. Бұл құбырдың бас төрағасы Қазақстан жағы болмақ. 50/50 принципі бойынша бірлескен кəсіпорын құрылады. Бұл Қазақстан мұнайының болашағы үшін жаңа бағыт болып табылады. Бұл менің əрқашан да айтып жүретін көпвекторлықтың диверсификациясы. Меніңше, батыс та, Ресей де бұл жөнінде алаңдамауы қажет. Оған қоса Ресей мұнайы бұл құбырды жəне болашақтағы газ құбырын пайдалана алады. Біз Қытайға бағытталған газ құбырының құрылысы туралы да келістік. Бұл бізге жəне біздің көршілерімізге үлкен пайда əкелмек» [6], - деп атап көрсетеді.

Бірақ Қазақстан – Қытай мұнай құбырының үшінші тармағы болып табылатын Атасу- Алашанькоу құбырының құрылысы келісілгендей 2004 жылдың тамыз айында емес, қыркүйекте басталды. 22 қыркүйекте Қарағанды өңірінде Атасу-Алашанькоу магистральді мұнай құбыры құрылысының тұсаукесер рəсімі болып өтті. Ғасыр құбыры аталып, Қазақстан мен Қытай елі арасында «алтын көпір» болғалы отырған стратегиялық маңызды желі 2005 жылы желтоқсанда пайдалануға берілді. Мұнай құбыры Қарағанды, Шығыс Қазақстан жəне Алматы облыстарының аумағы арқылы Ағадыр, Ақшатау, Ақтоғай, Үшарал ауылдарын басып өтеді. Алғашқы 5-6 жыл аясында құбыр арқылы 10 млн тонна «қара алтын» шығысқа жөнелтілетін болса, екінші кезеңде құбырдың қуаттылығы 20 млн тоннаға жетеді деп болжануда [7].

Бұрындары елiмiзге тартылатын инвестициялар көлемi жөнiнен Қытай тек 9-орында тұрса,  қазiр аспанасты елi алдыңғы орынға шықты. Осылайша, таяу арада экономикамыздағы Қытай капиталының үлесi 20 миллиард долларға жетпек. Қытай инвестицияларының 90 пайызы несие түрiнде берiлген. Қазiрдiң өзiнде Қазақстанның Қытай алдындағы қарызы 7,3 миллиард долларға жеттi. Қазақстан даму банкi де Қытайдың China Development банкiне 45,1 миллиард теңге қарыз. Бүгiнде елiмiздегi мұнайдың 28 пайызы қытайлық компанияларға тиесiлi. “ҚазМұнайГаздың” 11 пайыз акциясы, “CNPC Ақтөбемұнайгаздың” 60,3 пайызы, PetroKazakhstan-ның 67 пайызы, “Қазгермұнай- дың” 50 пайызы қытайлықтардың қолында. Жақында “Маңғыстаумұнайгаздың” 50 пайыз акциясы да қытайлықтарға өткенi белгiлi [8].

Қазақстанның  мемлекеттік  бюджетінің  40  пайызын  мұнай  экспортының  түсімі  қамтамасыз ететіндіктен қара алтын үшін жаңа рыноктар ашу өте маңызды болып табылады. Əйтсе де пайда көздерін іздеп жүргенде, өз мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмас.

Мұнай-газ саласы - Қытайдың Орталық Азия елдерімен байланыстарының басты бағыттары- ның бірі. Осы саладағы ынтымақтастықта Түрікменстанның да алатын орны ерекше. 1998 жылдың тамыз айындағы Түрікменстан президенті С. Ниязовтың Қытайға жасаған екінші ресми сапары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан əрі тереңдете түсті. Өйткені қол жеткізілген келісімдер ішінде мемлекетаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия құру туралы, екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы, азаматтық əуе қатынасы туралы келісімдер сияқты маңызды құжаттар бар. Пекинде қол қойылған құжаттар Түрікменстаннан Қытайға газ құбырын салу сияқты бірлескен ірі жобалар үшін қажетті құқықтық негіз салды [9].

Көмірсутек қоры бойынша əлемде алдыңғы қатарлы орындардың бірін иеленетін Орталық Азияның бұл кішігірім мемлекетіне бүгінгі таңда əлемнің іскерлік топтары қызығушылық танытуда. Түрікменстанның энергия ресурстарын əлемдік рынокқа жеткізуде туындайтын бірден-бір мəселе ол транспорт мəселесі, яғни энергия ресурстарын тасымалдау болып отыр. Осы мəселеге қатысты Түрікменстан мен Қытай арасында газ құбырын салу сияқты ірі жобаны талқылауға кіріскен болатын. Жобаға қатысушы тараптар аталмыш газ құбырын 10 жыл ішінде салуды болжаған болатын, осыған байланысты оның қызметін 30 жыл бойына пайдаланатын рыноктар зерттелді. Жерүсті бөлігінің жалпы ұзындығы 6084 км-ді құрайды, оның ішінде Түрікменстан аумағымен - 20 км, Өзбекстанның аумағымен - 430 км, Қазақстан аумағымен – 1155 км, ал Қытайдың территориясымен – 4479 км. Трасса, негізінен, жазық дала арқылы өтеді. Теңіз құбыры Шанхайдан Мокпоға (Корея) дейін - 628 км, одан Ниигатаға (Жапония) дейін 1654 км болады. Осылайша газ құбырының жалпы ұзындығы 8366 км-ді құрамақ. Жерүсті трассасының жалпы құны 11 млрд долларды құрап, оның ішінде 2,5 млрд доллар ТМД елдеріне (яғни, Орталық Азия республикаларына) тиесілі. Ал теңіз учаскесінің құны - 1,7 млрд доллар [10].

2000 жылдың маусым айындағы ҚХР Мемлекеттік кеңесі төрағасының орынбасары Цянь Цичэньнің Түрікменстанға сапары кезінде терең талқыланған мұнай-газ саласындағы түрікмен-қытай серіктестігі тақырыбын «Синопек» Қытай мұнай-химия корпорациясының делегациясы жалғастырды. Өзінің «Туркмен Преске» берген сұхбатында компанияның вице-президенті Моу Шулин «Синопек» Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен (CNPC) жəне Қытай теңіз мұнай компаниясымен бірге мемлекеттің біртұтас құрылымдық мұнай-газ комплексіне кіретінін айтты. Соңғы жүргізілген ішкі реформалардан кейін бұл аталған үш компания мұнай-газ саласындағы мұнай мен газды немесе олардан шыққан өнімдерді барлаудан тасымалдау мен сатуға дейінгі жұмыстардың барлығын орындайтын интеграцияланған беделге ие болған. Моу Шулин осы қайта құрулармен байланысты Қытайдың ірі «Шенли» кеніші CNPC жүйесінен «Синопекке» өткендігін атап көрсетті. Бұл кеніш бригадалары 1997 жылдан бастап Түрікменстанның батысындағы мұнай ұңғымаларын қалпына келтіруде. Түрікмен əріптестерімен болған кездесуде бүгінде жұмыс істеп жатқан келісімді қайта рəсімдеуге қатысты мəселелер талқыланды. Бірақ ол қытай жөндеушілері жұмыстарының сапасы мен көлеміне ешқандай да əсер етпейді. «Туркменнефть» мемлекеттік корпорациясының мəліметтері бойынша, «Шенли» бригадалары өздерінің техникасы мен жабдықтарын қолдана отырып келісім уақыты ішінде Котурдепе ірі мұнай кенішінде жұмыс істейтін 77 ұңғыманы іске қосқан. Оның ішінде жалпы алғанда бүгінде мұнайдың тəуліктік келуі орта есеппен 1,5 мың тоннаны құрайды. «Туркмен- нефть» қайта қалпына келтірілген ұңғымалардан 260 мың тонна мұнай өндірген. Сондай-ақ Қытайдың газ инфрақұрылымының түрікмен газын Жапонияға тасымалдау мүмкіндіктері талқыланды. Моу Шулиннің пікірінше, бұл ірі масштабты жоба XXI ғасырға жобаланған қытай мұнай корпорациялары мен Түрікменстан серіктестігінің стратегиялық сипатын айқындайды [11].

Түрікменстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың нəтижелі жалғасын 2006 жылдың сəуір айындағы Түрікменстан басшысының Қытайға сапары көрсетті. Сапар барысында екі ел басшысы Түрікменстан-Қытай газ құбыры жобасының жүзеге асырылуы жөніндегі Бас келісімге қол қойды. Келісімнің 2-ші бабында: «Қытай Тарапы Түрікмен Тарапынан Түрікменстан шекарасында 2009 жылы, яғни Түрікменстан-Қытай газ құбырының іске қосылуынан бастап жыл сайын 30 жыл бойына 30 млрд текше метр көлеміндегі табиғи газ сатып алатын болады» [12].

Аталмыш құбырдың жұмысы келісім бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылу керек болатын. Бірақ соңынан түрікмен газының Қытайға экспорты 2009 жылдың аяғы, 2010 жылдың басына тура келеді деген түзетулер енгізілді.

2009 жылдың желтоқсан айында Қытай басшысы Ху Цзиньтаоның Орталық Азияға сапары барысында Түрікменстанның Самандепе кенішінде Түрікменстан-Қытай газ құбырын іске қосу салтанаты өтті. Осы жолғы жұмыс сапары кезінде Қытай төрағасы Ху Цзиньтао Түрікменстан-Қытай газ құбырының қазақстандық учаскесінің де іске қосу салтанатына қатысты. Газ магистралінің ресми атауы «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» деп аталады. Бұл атау газ құбырының география- сын ғана емес, сондай-ақ қазіргі таңда теңдесі жоқ инфрақұрылымдық жобаны көрсетеді. Аталмыш газ құбырымен Аспан асты еліне жақын арада жылына 5 млрд текше метр газ жеткізу жоспарланып отыр. Ал 2010 жылы 2-газ тазалау зауытын сала отырып, Қытайға жеткізілетін газ көлемін 8 млрд текше метрге, ал 2013 жылы 13 млрд текше метрге жеткізу көзделіп отыр. Қазақстан аумағында орналасқан газ құбырының ұзындығы - 1,3 мың км, Түрікменстанда – 188 км, Өзбекстанда - 525 км құрайды. Оның 5 мың км-ді құрайтын ең ұзын бөлігі Қытай аумағы арқылы өтеді. 2007 жылдың тамыз айындағы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапары кезінде екі ел үкіметтері арасында газ құбырын салу мен пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Жобаны жүзеге асыру жəне басқару үшін 2008 жылдың 15 ақпанында бірлескен кəсіпорын «Азия газ құбыры» ЖШС-і құрылып, осы жылдың 9 шілдесінде құрылыс жұмыстарына кірісіп  кеткен. Қазіргі ғаламдық экономиканың тұрақсыздығы жағдайында жоспарланған уақытынан бұрын аяқталғандығы бұл жобаның ерекшелігін айқындайды.

Қорыта келе, Қытай мен Орталық Азия арасындағы экономикалық байланыстардың сапалы деңгейге көтерілуі дəл осы отын-энергетикалық саладағы ынтымақтастықтың дамуымен тікелей байланысты. Аталмыш саладағы байланыстарды дамыту тек Қытай үшін ғана емес, өз аумағындағы мұнай мен газды əлемдік базарға шығаруда Орталық Азия елдері үшін де маңызды болып отыр. 1990 жылдардың екінші жартысында жүзеге асуы мүмкін еместей көрінген ірі жобалардың іс жүзіне асуы тараптардың ұзақ мерзімді серіктестік ынтымақтастықты дамытуға бет алғанын байқатса керек.

 

Әдебиеттер

  1. Резникова О. Центральная Азия и Азиатско-тихоокеанский регион // МЭМО. - - № 4. - С. 102.
  2. Галаджий И. Внутренний рынок Китая становится все более привлекательным для России и ряда стран СНГ //Нефть России. -  2000. - № 2. - С.6.
  3. Юданов Ю. Центральная Азия - новый фаворит иностранных инвесторов // МЭМО. - 2000. – № 3. – С. 72-79.
  4. Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы. Научное издание. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, – С. 201.
  5. Казахстанско-китайское сотрудничество в нефтегазовой сфере // Аналитик. - 2003. № 5. - С.6.
  6. Сапар нəтижесі оңтайлы // Жеті күн. - 2004 жыл.- 23 мамыр. http://www.khabar.kz.
  7. Ерболұлы Р. Атасу-Алашаңқай аса маңызды жоба // Жас Алаш. - - 2 қазан.
  8. Елнұр Бақытқызы. Айдаһарға арбалу // Жас Алаш. - 31 желтоқсан,
  9. Ниязов С. Внешняя политика нейтрального Туркменистана. – Ашхабад, 1999. – С.
  10. Покровский С. Недешево, но сердито // Нефть и газ.- 1999. - № 4. - С.141.
  11. Туркменско-китайское сотрудничество в нефтегазовой сфере // http://іgpі.ru/monitoring/1047645476/jun2000/ turkmen.html.
  12. Нейтральный Туркменистан. – 4 апреля

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.