Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы Америка-Ресей қатынастарының қалыптасуы жəне дамуы

1990 жылдың басында КСРО-ның ыдырауы мен Ресей Федерациясының қоғамдық-экономикалық құрылымындағы түбегейлі өзгеріс АҚШ пен Ресей арасындағы бұрынғы қарым-қатынастың өткенкеткенін көрсетеді. Кеңес Одағының құлдырауымен халықаралық қатынастар жүйесі биполярлық жүйеден монополярлы жүйеге көшті. КСРО-ның əлемдік сахнадан кетуі аса қуатты держава болып қалған АҚШ-қа əлемдегі түбегейлі өзгерістерді, сонымен қатар барлық геосаяси жəне стратегиялық артықшылықтарын ескере отырып, өзінің сыртқы саяси бағдарын қайта қарастыруға жол ашты.

Бұл кезеңде АҚШ-та «Клинтон доктринасы» деп аталатын АҚШ-тың əлемдегі рөлі туралы идея қалыптасты [1]. Оның негізгі мəні АҚШ өзіне «демократия мен еркіндікті» қорғайтын «əлемдік көшбасшы» міндетін алды. «Қырғи-қабақ соғыстағы» бұрынғы қарсыластарына келгенде жаңа əкімшілік  болған  сыртқы  саяси  құрылымынан,  əсіресе  «тежеу»  саясатынан  бас  тартып, əлемдегі «демократиялық мемлекеттің еркін рыноктық» қауымдастығының кеңеюін, яғни «кеңею» стратегиясын жариялады. АҚШ президенті Б. Клинтон, оның бірінші əкімшілігінің мүшелері – мемлекеттік хатшы У. Кристофер, қорғаныс министрі У. Перри, əкімшілік өкілі М. Маккери, АҚШтың Ресейдегі елшісі Т. Пикеринг өздерінің ресми құжаттардағы бірқатар мəлімдемелерінде Ресеймен қарым-қатынастың мəні мен маңызын пайымдады.

Əлемдегі барлық геосаяси өзгерістерден кейін Ресейдің алдында əлемдік аренада өз орнын анықтау жəне мемлекеттің ұлттық мүдделері мен басымдылықтарын белгілеу негізгі міндет болды. Қарастырылып отырған кезеңдегі сыртқы саяси қызметтегі негізгі ықпалды РФ президенті Б. Ельцин мен сол кездегі сыртқы істер министрі А.В. Козыревтың жаңа көзқарастары көрсетті. 1991-1995 ж. Ресей сыртқы саясатында америкалық бағыттың басым болғанын атап өту керек. Бұрынғы идеологиялық ұстанымнан бас тартқан Ресей басшылығы қырғи-қабақ соғыста конфронтацияның жалғыз себебі болғанын жариялап, қысқа мерзім ішінде Ресейде «өркендеуші экономикалық нарығы бар демократиялық мемлекет» құруға ниеттенді. Жаңа билік батысты жəне бірінші кезекте АҚШ-ты ішкі реформалар жүргізуге қажетті, негізгі экономикалық көмек көзі жəне басты саяси жəне идеологиялық одақтас ретінде көрді. Екі ел Ресей жəне АҚШ президенттері «ортақ мүдделер мен берік серіктестік қатынаста» екенін бірнеше рет мəлімдеді [2].

Шын мəнінде, осы жылдардағы Ресейдің сыртқы саясатын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Біріншісі, 1991-1995 ж. мемлекет өз бағытын батысқа, əсіресе АҚШ-қа назар салды. Екінші кезең 1996 жылдан бастап сыртқы саяси басшылық ауысқаннан кейінгі кезеңде Ресейде көпвекторлы саясат жарияланды.

1992 жылдан 1996 жылға дейінгі кезеңде толығымен Америка-Ресей қатынастарында орнықты құқықтық негіз құрылды. Барлығы тоқсан алты үкіметаралық жəне мемлекетаралық құжатқа қол қойылды. Бұл көрсеткіш 1933-1991 ж. аралығында елу тоғыз жыл ішінде кеңес-америкалық құжаттарының жартысын құрайды. Екі ел арасындағы əртүрлі сауда-экономикалық жəне ғылымитехникалық салаларды реттейтін келісімдердің саны өсті. Əріптестіктің жаңа бағыты – инвестиция пайда болды. Кеңестік кезеңмен салыстырғанда, əскери-саяси мəселелер бойынша келісімдер саны əлдеқайда төмендеді.

1992 жылы қазанда АҚШ-та америкалық ведомстволарды міндеттеген посткеңестік мемлекеттерге экономикалық жəне гуманитарлық көмек көрсететін еркіндікті қолдау заңы қабылданды. Заң осы мемлекеттерде жүргізілетін «нарықтық реформа», «демократия», «əлеуметтік реформа» сияқты үш критерийге негізделген, саяси жəне экономикалық реформалардың нəтижелігінің ескерілуін талап етті. Американың Ресейге алғашқы көмегі 1992 ж. қаңтарда өткен халықаралық үйлестіру конференциясынан бастау алды. Бұл кезде АҚШ гуманитарлық көмек көрсететін халықаралық əріптестік шеңберінде бірнеше жұмыс топтарына қатысу мен гуманитарлық көмек көрсететін бағдарламаларын жариялады. Осы кезден бастап үш негізгі сала: гуманитарлық, техникалық, кредиттер  кепілдігі  мен  экономикалық  келісімдер  бойынша  Ресейге   көмек көрсетіле  бастады.

Америкалық гуманитарлық көмектің негізгі бөлігі ресми басталған «надежда» операциясы шеңберінде көрсетіледі. «Надежда» операциясы үш кезеңнен тұрды: азық-түлік, дəрі-дəрмек жəне медициналық құрал-жабдықтардың жеткізілуі АҚШ-тың қорғаныс министрінің Ресейге жəне басқа аймақтарға министрліктің көліктік мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жеткізу негізгі міндет болды. Жалпы көрсеткіштер бойынша, «надежда» операциясының үш кезеңдік шеңберінде АҚШ 48,8 млн долл. сомасында азық-түлік жəне 32,9 млн долл. сомасында дəрі-дəрмек пен медициналық құралжабдықтар əкелуді жүзеге асырған [3].

Ресей мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың маңызын айтқанда, əріптестіктің оң да, теріс те жақтарын атап өту керек. Əрине, Ресей тарихындағы қиын кезеңде Құрама Штаттардың Ресейге көрсеткен экономикалық көмегін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, соған қарамастан,  АҚШ өзінің экономикалық бағдарламалары арқылы ресейлік рыноктағы америкалық компанияларға белсенді жұмыс атқаруға жəрдемдеседі, америкалық экспортты қаражаттандырды, өздерінің мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдарына қаржылай көмек көрсетеді [4].

1991 жылы америкалық-кеңес қатынастарындағы қарусыздандыру мен стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту мəселесіне байланысты жаңа дем берілді. 1991 жылдың тамыз айында АҚШ-тың бастамашыл тобы кеңестік түбі бар кеңінен таралған жаппай қырып-жоятын қарудың қаупіне бағытталған жоспар құрды. Топқа америкалық сенаторлар С. Нанн, Р. Лугар, Карнеги қорының президенті Д. Гамбург жəне т.б. кірді. 1992 жылы 17 маусымда АҚШ пен Ресей Нанна-Лугар заңы бойынша АҚШ-тан Ресейге құрал жіберуге рұқсат ететін «Қауіпсіз жəне сенімді тасымалдайтын, қарудың сақталуы мен оны жою жəне оның таралмауының алдын алу» туралы жеті жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт Ресей-Америка əріптестігінің қауіпті бірлесе отырып азайту саласы бойынша құқықтық негізі болды. Мақсаты Ресей ураны үшін ашылған АҚШ рыногы мен «ядролық қауіпті азайту» болып табылатын Нанна-Лугар бағдарламасын айрықша атап өту керек. Бастапқыда Нанна-Лугар заңы ядролық қаруды таратуды ескертуге АҚШ бюджетінен қаражат тартуды көздемеген. Клинтон əкімшілігінің өкілдері Нанна-Лугар бағдарламасын қаруды бақылаудың жаңа формасы, привентивті дипломатия, ядролық қаруды таратудағы нəтижелі жəне тиімді күрес құралы, тіпті АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қамтамасыз ететін басты элементі ретінде сипаттады. Бұл айтылған барлық факторлар 1992-1994 жылдары бағдарламаны 1,2 млрд долл. көлемінде қаражаттандыруды анықтады. 1995 жылы тағы да 400 млн долл. бөлінуі көзделді.

1992 жылы маусымда Вашингтонда өткен жоғарғы кездесуде «шеңберлік» келісім жасалып, 1993 жылы оның негізінде АҚШ пен Ресей арасында қол қойылған стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы Мəскеу Құжаты (СШҚ-2) екі мемлекеттің ядролық қуатының ең радикалды қысқартуын қарастырды. Осылайша, жаңа құжат қырғи-қабақ соғыс кезіндегі əскери-саяси конфронтацияның шынымен аяқталғанын көрсететін айғағы жəне тек Ресей мен АҚШ арасында ғана емес, жалпы Шығыс-Батыс бағыты бойынша да жаңа сипаттағы қатынастардың негізін салады. Құжаттың құрылымы қарапайым болды. Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту екі кезеңде жүзеге асыру қарастырылды. Біріншісі – жеті жыл ішінде өз күшіне енгеннен кейін. Екіншісі – 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін. Соғыс құралдарындағы жарылғыш заттары санының қысқартылған жағдайда тараптар СШҚ-1 құжатында көрсетілген шектеулерден бас тарта алады. СШҚ-2 мұндай азайтуда бір ғана шектеу қоя алады – əр МБР-ге соғыс құралдарындағы жарылғыш заттар 5 бірліктен артық қысқармауы керек жəне мұндай қысқартылулар бір типті МБР-дің 105-тен артық емес зымырандарына қолданыла алады. Тəжірибеде бұл ережелер АҚШ тарапынан жол бергендігін жəне Ресей үшін 300-дің 105-ін сақтап қалу мүмкіндігін береді [5].

1995 жылы Ресей-Америка қатынастарының жағдайы біршама нашарлады. Ресей тарапы АҚШ сыртқы саясаты мазмұны бойынша Америка президентінің риторикасына сəйкес келмеуіне көңілі толмады. Республикалық көпшілік Ресейге экономикалық көмек көрсету жолын қайта қарастыруға көшті. Конгресс мүшелері президент Б. Ельцинді қолдау саясаты өзін ақтамады деген тұжырымға келді. Заң шығарушыларды бағалаудағы өзгерістер конгресс пен АҚШ президенті қатынастары арасындағы қақтығысты күшейтті. Конгресс елде саяси жəне экономикалық реформалар аяқталмай отыр деп көрсетіп, Клинтон əкімшілігі Ресейдің демократиялық ұстанымын асыра бағалады деп айыптады. Заң шығарушылардың Ресейдің бірінші президенті Б. Ельцин тұлғасына қатынасы өзгерді. 1995-1996 жылдары сыртқы саяси мəселелер бойынша Ресей басшылығының бағыттарында біршама өзгерістер орын алды. Сыртқы саяси бағыттың нағыз өзгерілуі 1996 жылы 9 қаңтарда жаңа сыртқы істер министрі Е.М. Примаков тағайындалғаннан кейін байқалды. АҚШ Е.М. Примаковтың тұлғасына  сақтықпен  қарады.  Батыста  Е.М.  Примаковты  қатаң  саясаткер   ретінде   таныды. Е.М. Примаков АҚШ-пен қатынаста теңқұқықтық əріптес құру курсын ұстанғанын айта кету керек.

АҚШ-та Е.М.Примаков саясатын бақталастық ретінде бағалады. 90-жылдардың басында «стратегиялық əріптестік» деңгейіне жеткен Ресей-Америка қатынастарының мəртебесі келесі жылдары біртіндеп төмендеді. АҚШ-тың ресми тұлғаларының мəлімдемелерінде: бірінші «прагматикалық серіктестік» деңгейі, кейін «реалистік серіктестік», «ескертілме шеттетілу» (preemptive disengagement) жəне соңында XXI ғасыр қарсаңында конфронтация саясатына қайтып келу жəне тіпті Құрама Штаттар тарапынан Ресейді «тежеу» (containment) саясатының жаңа нұсқасы қаупінің алдында тұрды. 1994 жылы ақпанда сенатор Ричард Лугар Мəскеу мен Вашингтон арасындағы қатынасты əріптестік емес, «қатаң бақталастық» ретінде қарастырды [6].

Əскери-саяси салада ресми мəлімделетін «стратегиялық серіктестіктің» жүзеге асырылуы АҚШ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін біржақты бағыт болды. Осыған байланысты Ресей мен АҚШ арасындағы қатынасты күрделендірген келісеалмаушылықтар пайда болды. Келісе алмаған басты объектілердің біріне НАТО-ның кеңеюі мен блоктың күшеюі жəне оның Ресей шекарасына қарай қозғалуы болды. Ресей-Америка қатынастарының контекстіндегі Ресей-НАТО қатынастары Солтүстік-атлантикалық одақтың кеңею мəселесіне қатысты 90-жылдардың соңында дағдарысқа əкелді. Ресей кеңеюге үзілді-кесілді қарсы болды.

1993 жылы Ресей президенті Б.Н. Ельцин одаққа Польшаның кіруіне еш қарсылық білдірмейтінін айтты [7]. 1994 жылдың соңында Вашингтон кеңею курсын толығымен нақты қолдайтындығы жөнінде мəлімдеді. АҚШ бұл мəселені шешуде ымыраға келу мүмкіндігін жібермеді. НАТО кеңеюінің жаңа толқыны одаққа Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттері (Варшава келісімшарты ұйымының бұрынғы мүшелері) жəне Балтық елдерінің кіруін ойлады. НАТО күші мен əскери инфрақұрылымды Ресей шекарасына жақын орналастыру мүмкіндігі Ресей тарапынан қатты үрей туғызды. Əсіресе Ресей НАТО-ның құрамына Балтық елдерін қосу мен одаққа жаңа қосылған мүшелердің территориясына ядролық қару орналастыруына қарсы шықты. Осы мəселеге арналған екіжақты келіссөздердің барысында АҚШ Ресейге одақтың жаңа мүшелерінің территориясында НАТО-ның қарапайым əскерін орналастырмауға кепілдік беруден бас тартты. Одаққа кіру құқығы бар мемлекеттерді Ресейдің талабы бойынша анықтауға АҚШ құқылы емес екендігін айтты. Оның орнына Ресей «Бейбітшілік үшін əріптестік» бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен əріптесуді ұсынды, ал 1997 жылы негіз болатын Актіге Ресей Федерациясы мен солтүстік-атлантикалық құжат ұйымының арасында қол қойылды.

НАТО-ның кеңеюі Ресей-Америка қатынастарындағы маңызды мəселе болып табылады. 19921996 жылдары альянстың шығысқа қарай қозғалуы ашық түрде болса, ал 1999 жылы мамырда оның құрамына үш жаңа мүше – Чехия, Венгрия, Польша қабылданды. Еуропа территориясы бойынша 750 километрге жылжыған Солтүстік-атлантикалық одақ ТМД шекараларына жақындады. 1990 жылы  сол кездегі АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж.Бейкер Кеңес Одағына НАТО «өз ұстанымдарынан шығысқа қарай бір қарыс та жақындамайды» деп сендірсе де, 1999 жылы солтүстік-атлантикалық одаққа үш жаңа мүше қабылданып, Югославияда көрсеткендей, НАТО-ға БҰҰ-ның санкциясыз жер шарының кез келген нүктесінде əскери қимылдар жүргізуге мүмкіндік беріп, блок жаңа стратегиялық концепция қабылдады [8].

АҚШ Ресейдің ТМД мемлекеттеріне деген қатынасына сын көзбен қарады. АҚШ-тың бұрынғы кеңес мемлекеттерін демократиялық тəуелсіз ұлттық мемлекеттерге өзгертуге күш салуы негізгі бағыт болды. Негізгі назар жəне көмек Украина, Грузия, Қазақстанға жұмылдырылды. АҚШ Ресейді Достастық елдерінің территориясында əскери база ұстауын да сынға алды. Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі интеграцияға бағытталған барлық талпыныстары Ресейдің империялық амбициясының жандануы болып анықталды.

Нəтижесінде ТМД-ға қатысты Клинтон əкімшілігінің саясаты бұл аймақтағы америкалық ұстанымның күшеюіне бағытталды. АҚШ өзінің мүдделі аймағы ретінде Каспий бассейнінің  мұнайлы аймағын анықтады, сонымен қатар көрші мемлекеттерге қысым көрсетудің алдын алу үшін Ресей территориясын айналып өтетін құбыр салуды ұсынды. Осылайша, 90-жылдардағы АмерикаРесей қатынастарының дамуында анық ассиметрия байқалды. АҚШ халықаралық мəселелерді шешуде өз мүдделерінің іске асуында қатаң ұстанды. Ресейлік саясаткерлер керісінше, Ресейдің мүдделерін қорғай алмады. Мүмкін оның себебі мықты оппозиция жəне елдегі либералдардың тұрақсыз жағдайында болған шығар.

Нəтижесінде XXI ғасырдың басына қарай Ресей-Америка қарым-қатынасы XX ғасырдың соңғы он жылындағы өз дамуының ең төменгі нүктесіне түсті. АҚШ сыртқы саяси бағытында ресейлік бағыттың басымдылығы маңыздылығын жоғалтты. Жаңа жүзжылдыққа арналған Американың ұлттық қауіпсіздігінің  жаңа  стратегиясында  Американың  сыртқы  саясатының  бағыттары  трансатлантикалық қатынастар басқа кеңістікке ауысты. НАТО Американың Еуропадағы тірегі жəне трансатлантикалық қауіпсіздіктің өзегі болып қала береді. Ресейдің саяси элитасы арасында жалпы қоғамда АҚШ саясатына сенімсіздік өседі.

Сонымен, айтылған ойларымыздың бəрін тұжырымдай келе, мынадай қорытындылар жасауға болады:

Біріншіден, КСРО-ның тікелей мұрагері болып саналатын Ресей Федерациясының Америка Құрама Штаттары мен сыртқы саясатының негізгі мəні мен бағыттары КСРО тұсындағы саясаттың біршама жалғасы болып табылады. Ресей Федерациясы XX ғасырдың 90-жылдарында өзінің АҚШпен қарым-қатынасында тең дəрежелі саясат жүргізуге тырысқанмен, АҚШ-тың жетекші рөл атқарғаны анық байқалады.

Екіншіден, тарихи хронологиялық тұрғыдан алғанда, он жыл ішіндегі екі ел арасындағы қарымқатынастардың барысын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырамыз. 1991-1995 жылдар аралығындағы қатынастар. Бұл кезеңдегі қарым-қатынастардан мынадай ағымдарды көреміз. Екі ел арасындағы жасалған көптеген келісімшарттар, мəлімдемелер, келісімдер болашақ қатынастардың құқықтық негізін қалап, салыстырмалы түрде алғанда, жемісті болды деуге болады. Соның нəтижесінде екі ел бұрынғы қарсыластан əріптестік ұстанымға көшті.

1995-2000 жылдар арасындағы қатынастарда керісінше салқындылық белең ала бастайды.  Оның ең басты себебіне Варшава келісімшарты елдерінің бірнешеуінің жəне Балтық жағалауы елдерінің НАТО-ға алынуы, Солтүстік атлантикалық одақтың шығысқа қарай, яғни Ресей шекарасына қарай жақындауы Ресейге төнген қауіп болып есептелді.

 

 Әдебиеттер

  1. Каширина Т.В. Российско-американские отношения в 1992-1996 годах // автореферат диссертации на соискание…. Москва, 1999. 14 c.
  2. Небываев И.В. Российско-американские отношения в 1990-х начале 2000-х годов: исторический аспект исследования // автореферат дис. кандидата истор. наук. – Российская экономическая академия им. Г.В.Плеханова.
  3. Американская помощь России // США – Канада, 1993. №7 Справки. С. 121-127.
  4. Американская помощь России // США – Канада, 1993. №7 Справки. С.
  5. Aфонин Р.Н. Российско-американские отношения в области сокращения и ограничения стратегических вооружений и стратегическая стабильность. Москва,
  6. Клинтон Б. Стратегия национальной безопасности США. 1994-1995. Вовлечение и расширение.;
  7. Фролов В.Л. Вашингтон и ядерное наследство СССР // США-Канада. № 7. С. 32-43.
  8. Программа «Партнерство во имя мира" в рамках "особых отношений" России и НАТО www.nasledie.ru

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.