Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан халқының референдум арқылы билікке араласуы

Референдум жалпы халық билігін жүзеге асырудың бірден-бір əдісі болып табылады. Ол  туралы А.Т. Мухамбедьярова: “Институт народовластия – референдум является одним их важных в казахстанской  модели народовластия на переходном этапе его развития.

На сегодняшний день Казахстан не имеет достаточно большого опыта в проведении референдумов, как, например, Италия или Швейцария. Однако, у нас имеются достаточно большие возможности в применении данного непосредственного института народовластия, что подтверждает конституционно-нормативная база” [1], деп орынды айтады. “Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының жəне мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мəселелеріне арналған шешімдерінің жобалары бойынша бүкілхалықтық  дауыс беру” [2,], түсініледі. Республикалық референдумға шығарылатын мəселелердің қатарына еліміздің конституциясын, конституциялық заңдарын, тағы да басқа заңдарды қабылдау оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізу тағы да басқа мемлекет өмірі үшін маңызды мəселеле қойылады. Ал А.К. Котов болса, өзінің зерттеулерінде референдумға жататын мəселелерді былай топтастырады: “во-первых, установление Конституции Республики Казхастан; во вторых, избарние законодаьельной власти; в-третьих, определение статуса депутатов Парламента; в-четвертых, перименование страны. Также, к исключительным вопросам референдума следует отнести вопрос о продлении полномочий Президента” [3, с 99]. Республикалық референдумға қойылмайтын, оның талқысына түспейтін мəселелер бар. Олардың қатарына: 2 қараша 1995 жылғы “Республикалық референдум туралы” Конституциялық заңға сəйкес мынадай жағдайлар жатады:

“1) адамның жəне азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына əкеліп соғатын;

2) мемлекеттік біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын Республиканың басқару нысанын өзгерту;

3) Республиканың əкімшілік-аумақтық құрылысы мен шекараларының;

4) сот əділдігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жəне қоғамдық тəртіпті қорғау;

5) бюджет пен салық саясаты;

6) рақымшылық пен кешірім жасау;

7) Республика Президентінің, Парламент Палаталары мен Үкіметінің қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау жəне сайлау, лауазымынан бостау;

8) Республиканың халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелерін орындау мəселелері референдум талқысына қойылатын мəселелер бола алмайды” [2, 39 б].

Республикалық референдум тағайындау жөніндегі бастамашылығы: Қазақстан Республикасының Президентіне; Қазақстан Республикасының Парламентінде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентіне тілек білдіреді. Бастамашылық көтеруді Парламент Палаталарының бөлек отырысында мəселені əуелі Мəжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы жүзеге асырады жəне Парламент Палаталарының тиісті қаулыларымен рəсімдейді. Қазақстан Республикасының Үкіметінде болады, ол референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентіне тілек білдіреді. Бастамашылық көтеруді Үкімет өзінің мəжілісінде мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады жəне тиісті қаулымен рəсімдейді. Сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде білдіретін республикалық референдумға қатысу құқығы бар екі жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Республика Президентіне тілек білдіреді. Бір ғана мəселе бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстар қайтара енгізілуі мүмкін жəне оларды Республика Президенті аталған мəселе (аталған мəселелер) жөнінде алдыңғы шешім қабылданғанан кейін кемінде екі жыл өткеннен соң ғана қайтадан қарайды” [2, 41 б].

Қазақстанның конституциялық дамуында республикалық референдумның екі рет өткенін біз білеміз. Бірінші рет 1995 жылы 29 сəуірде Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы  өткізілді.  Ал екінші референдум болса 1995 жылы 3 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау мəселесі туралы өткізілген болатын. Осы референдумдардың нəтижесі туралы Д.М. Баймаханова мынандай  пікір  білдіреді: “Первый референдум в 1995 г. проводился 29 апреля по вопросу “Согласны ли вы продлить до 1 декабря 2000 года срок полномочий Президента Назарбаева Н.А., всенародно избранного 1 декабря 1991 г.”. В процессе проведения этого референдума голосование состоялось на всех 10194 участках референдума. Из 9110156 граждан республики, внесенных в списки для участия в референдуме, в голосовании приняли участие 8309637 человек, или 91,21%. Из принявших участие в голосовании граждан 7932834 высказывались за продление полномочий Президента, что составило 95,46%, 312256  или 3,76% проголосовали против. 64647 (0,8%) бюллетеней признаны недействительными. Второй референдум в 1995 г. был проведен 3 августа по вопросу: “Принимаете ли вы новую Конституцию Республики Казахстан, проект которой опубликован в печати 1 августа 1995 г. В процессе проведения этого референдума голосование состоялось на всех 10253 участках. Общее число граждан республики, включенных в  списки для голосования составляло 8933516 человек. Число граждан, принявших участие  в голосовании составило 8091715, или 90,58%. Число граждан, проголосовавших “да” -7212773, или 89,14 % проголосовавших “нет” – 800839, или 9,90%, число бюллетеней, признанных недействительными78,103” [4]. Көріп отырғанымыздай, республикалық референдум қазіргі кезеңде жұмыс істей алатын тетік екендігін көрсетуде.

Сайлау органдары, олардың жүйесі мен өкілеттіктерінің мерзімі: Қазақстан Республикасында сайлауды əзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады; Сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды; Республиканың Орталық сайлау комиссиясы; аумақтық сайлау комиссиялары; округтік сайлау комиссиялары; учаскелік сайлау комиссиялары; Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл. Аумақтық, округтік жəне учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мəслихаттар сайлайды. Əрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Мəслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін бір айдан кем бол-мауға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мəслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің жəне жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады жəне өкілеттік мерзімінің бітуіне кемінде үш күн қалғанда аяқталады.

Республиканың Орталық сайлау комиссиясы: Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді жəне тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан жəне алты мүшесінен тұрады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 маусымдағы №268-111 Конституциялық Заңымен 11баптың 3-тармағы алып тасталды. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады  [2, 52 б].

Орталық сайлау комиссиясы: Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді; өзінің құзыреті шегінде бүкіл Республика аумағында міндетті шешімдер қабылдайды; Президент пен Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді; саяси партияларды Парламент  Мəжілісі  депутаттарының  партиялық  тізім  бойынша  сайланатын  бөлігіне  қатыстыру мəселесін қарайды; Сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады; Президентті, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешімдерінің күшін жояды жəне тоқтата тұрады; республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап белінген қаражатын олардың арасында бөледі; сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық жəне округтік сайлау комиссияларының шешімдері мен ісəрекеттеріне (əрекетсіздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру жəне θткізу жθнінде семинарлар өткізеді; сайлау жүйелері саласында халықаралық-ынтымақтастықты жүзеге асырады; Президентті сайлау жөнінде дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мəтінін, Парламенттің, мəслихаттардың депутаттарын жəне өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнінде дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды жасау тəртібін, сайлаушылар  (таңдаушылар) тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға жəне Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдір материалдан жасалған жəшіктің нысанын жəне сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін, сайлау құжаттарын сақтау тəртібін, сондай-ақ қорғалу дəрежесін белгілейді; Президент пен Парламенттің жəне мəслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді; дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куəліктерін жасаудың жəне берудің тəртібін айқындайды; сайлауды əзірлеу мен өткізуге байланысты мəселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебін, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мəселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы; Республика Президенттігіне кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куəліктер береді, кандидаттарды тіркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Президентті жəне Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзім-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады.

Республика бойынша тұтас алғанда Президентті жəне Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті жəне Парламенттің депутаттарын тіркейді, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Президент сайлауы кезінде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды жəне өткізілуін ұйымдастырады; Парламент депутаттарының қайта  сайлауын тағайындайды; шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды; мəслихаттардың кезекті жəне кезектен тыс сайлауын тағайындайды; мəслихаттар мен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына əдістемелік басшылықты жəне олардың қызметінің осы Конституциялық заңның талаптарына сəйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиісті сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтінішпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгінеді; əкімшілік-аумақтық бөлініс халқының мөлшеріне сəйкес олардан сайланатын мəслихаттар депутаттарының санын анықтайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтына сайлау заңдары жөніндегі нормативтік  құқықтық актілерді, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нəтижелері туралы ақпаратты орналастырады; Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық Тіркеу тізілімін жүргізеді; электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізу кезінде тиісті сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесін пайдалануды үйретуді ұйымдастырады [2, 52-53 бб].

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар жəне республика астанасы), аудан-дық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.

Аумақты сайлау комиссиялары: Президент, Парламент жəне мəслихаттар депутаттарының, θзге де жергілікті θзін-θзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруды жəне өткізуді қамтамасыз етеді; жеті адамнан құрылады. Президент, Парламент жəне мəслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін он күннен, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады [2, 53-54 бб].

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы: əкімшілік-аумақтық бөліністер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;Округтік сайлау комиссиясы: тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады; мəслихаттар депутаттарын сайлаудың өткізілуін ұйымдастырады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады; олардың шешімдерінің күшін жояды жəне тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен іс-əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтінішпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгінеді; мəслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куəліктер береді, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды; сайлаушылар тізімдерінің уақытылы əрі дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды; учаскелік сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерімен қамтамасыз етеді; сайлауды əзірлеу мен өткізуге байланысты мəселелер бойынша учаскелік сайлау комиссияларының жəне округтік аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мəселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының хабарламасын тындауға хақылы; учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нəтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нəтижелерін анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; қайта сайлау жəне мəслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізеді; Республика заңдарына сəйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады [2, 55-56 бб].

Учаскелік сайлау комиссиялары: Учаскелік сайлау комиссиялары тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мəжілісінің жəне мəслихаттардың депутаттарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Учаскелік сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. Президент, Парламент жəне мəслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін жеті күннен, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері: сайлау учаскесінде Президентті, Парламент Мəжілісінің, мəслихаттардың депутаттарын жəне өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргізеді; учаскелік комиссияның орналасқан жері туралы сайлаушыларды хабарландырады; тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылардың тізімін нақтылайды; азаматтарды сайлаушылардың тізімімен таныстырады, тізімдердегі қателіктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды жəне оған тиісті өзгерістер енгізу туралы мəселелерді шешеді; сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты жəне орны туралы хабарландырады; дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жəшіктердің жасалуын қамтамасыз етеді; сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс берілуін ұйымдастырады; дауыс санауды жүргізеді жəне учаскедегі дауыс беру нəтижелерін анықтайды; дауыс беруді əзірлеу мен ұйымдастыру мəселелері жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарайды жəне солар бойынша шешімдер қабылдайды; Республика заңдарына  сəйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сайлау комиссиясы мүшесінің мəртебесі: Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады жəне мемлекеттің қорғауында болады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен жəне өзге де заң актілерімен айқындалады. Сотталғандығы заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам; сот іс-əрекетке қабілетсіз немесе іс-əрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелері жəне оның аппаратының қызметкерлері өз өкілеттіктерін кəсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының төрағасы сотта жəне басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін білдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттікті тиісті сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелері сайлау өткізу кезеңінде өздерінің келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.

 

Әдебиеттер

  1. Мухамбедьярова А.Т. Институты    народовластия  в  условиях    социально-политической  трансформации казахстанского общества //   Развитие  институтов  демократии  в  Республике Казахстан в  свете конституционной реформы
  2. 2007 года: Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, 2008. 29 февраля. – С. 157-160.
  3. Республикалық референдум туралы Қазақстан  Республикасының Конституциялық  1995  жылғы  2  қарашадағы №2592 Заңы // Қазақстан Республикасының Президент, Парламент, Үкімет, референдум, сайлау туралы Конституциялық заңдары. – Алматы: Юрист, 2008. –39-49 бб.
  4. Котов А.К. Суверенный Казахстан: граждан, нация, народ (вопросы конституционного права). – Алматы, – С. 99.
  5. Баймаханова Д.М. Некоторые вопросы конституционно-правового регулирования политических прав и свобод граждан Республики Казахстан // Вестник КазНУ. Серия юридическая. 2003. №2 (27). С. 55-58.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.