Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық Азиядағы қауіпсіздік: НАТО және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)

Қазіргі қалыптасып отырған халықаралық қатынастарда Орталық Азия аймағының алатын орны ерекше. ОрСапаталық Азия өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі тарихи кезеңдерді бастан кешеді. Сонау Шыңғыс хан дәуірінен бастап, Ақсақ Темір, Қазақ хандығы, Ресей отаршылдығы және кешегі  КСРО тоталитарлық жүйесін айтсақ жеткілікті.

Жаңа халықаралық қатынастардағы Орталық Азия екі анықтаушы фактор - энергетикалық ресурстар және Ауғанстандағы жағдаймен байланысты қауіпсіздік факторымен байланысты. Осыған байланысты аймақтағы тұрақтылық Орталық Азия мемлекеттерінің  және халықаралық ұйымдардың саясатымен ұштасып жатыр.

2009 жылы Астанада маусымның 24-25 күндері Еуро-Атлантикалық  әріптестік  кеңесінің (ЕАӘК) ІІІ қауіпсіздік форумы өтті. Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің елімізде өткен форумында Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздік проблемасы ғана емес, Кавказ аймағындағы және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері де талқыланды.

Ауғанстан мәселесінің аясындағы геосаясат. Ауғанстан проблемасын Орталық Азия мемлекеттері өзі күштерімен шеше алмайды. Бірақ АҚШ Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің, ең алдымен осы өңірдегі елдер үшін қажет екендігін дәлелдеуде. Соның бірі энергетикалық көздерден туындап отыр. АҚШ пен оның Еуропадағы одақтастары Орталық Азиядан энергетика көздерін тасымалдауда Кавказ арқылы Ресейді айналып өтудің тәуелсіз жолдарының жобасын ұсынуда. Батыс сарапшылары Қазақстанның Ресеймен арадағы стратегиялық әріптестіктен бас тартпайтынын түсініп отыр. Егер Батыс мемлекеттері тиімді құбыр жасап, балама жолдарын ұсынып, қауіпсіздікке кепілдік беретін болса, бұған біз де мүдделіміз. Қазір Қазақстан энергетикалық ресурстарын тасымалдауды Ресей мен Қытай бағытында ғана жасап отыр.

Егер оған балама жолдар көбейсе, Қазақстан өзінің энергетика көздерін тасымалдауды әртараптандыруға  қол жеткізуі әбден мүмкін.

Астана форумында энергетика көздері мәселесінің қаралуына Еуропа мемлекеттері де мүдделі.

Себебі 2009 жылдың қаңтарындағы болған Ресей мен Украина арасындағы газ қақтығысы кезінде Еуропалық Одақтың Ресейдің газ «қақпанына» түсіп қалғаны белгілі. Бүгінде Еуропаның өзі де Ресейдің газына тәуелді болып қалып, Ресейдің қауіпті ойыншы екеніне көздері жетті.

Қазіргі экономикалық дамуы жағынан Ресейде газды Украинаға бермей әртараптандырудың жолы көп. Ресей Қытайға немесе Латын Америкасына газ құбырын тартуы мүмкін. Ресей Үкіметінің басшысы Владимир Путин де «қажет болса, мұхит арқылы жол салып тастаймыз» дегенді айтты. Сондықтан Еуропа бұл жерде балама іздеп отыр. Ол балама Орталық Азияда жатыр. Кеңес одағы ыдырағанан кейін-ақ Орталық Азияда үлкен ойын басталды. Ол ойын негізінен энергия көздерінің төңірегінде жүріп жатыр.

Кавказ мәcелесі. Еуропалық Одақ жақында Шығыс Еуропа деген жобаны ұсынды. Ол жоспар бойынша Әзірбайжан, Армения, Беларус, Молдова, Украина және тағы басқа ТМД елдерін Шығыс Еуропа шеңберіне тарту көзделген. Мұның барлығы Еуропаның энергия көздеріне балама іздеуінен туып отырған дүниелер. Орталық Азия мен Кавказдың энергия көздерін тасымалдау жолының негізгі артықшылығы Түркия мәселесіне жаңаша қарауды талап етеді. Өйткені балама жолдардың бірі Түркия арқылы жүреді. Түркияда Таяу Шығыстан Еуропаны қамтамасыз ететін мұнай құбырларының жобасы бар. Түркия өз тарапынан НАТО құрамында бола отырып өзінің саясатын жүргізуге мүдделі. Өйткені Еуропалық Одақ Түркияны қатарына қабылдаудан бас тартып отыр. Егер Ресейді айналып өту жолдары қарастырылса, Түркияның рөлі көтеріледі. Бұл жерде Түркия «бізді Еуропалық Одаққа аласың, содан кейін біз өзіміздің транзиттік мүмкіншілігімізді толықтай пайдалануға береміз» деп үзілді-кесілді талап қоюы мүмкін.

НАТО-ның әлемдегі рөлі жайында. Кезінде Кеңес одағы құлап, Варшава келісім- шарты ыдыраған соң НАТО да тарауы қажет деген пікірді ұстанушылар болды. Бірақ АҚШ- тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон тұсында НАТО жаңа стратегия қабылдады. НАТО бірден-бір аймақтық  және  ғаламдық қауіпсіздікке жауап беретін ұйым  ретінде трансформацияланды. Құрылымдық жағынан өзгерді. Идеологиялық догмадан бас тартты. Осы ұйымға кіремін деуші елдерге жол ашып, оларды қаржыландырды. Қазір НАТО әскери ғана емес, ғылыми мәселелермен де айналысады. Гуманитарлық мәселелерге көмектесу үшін де  қомақты  қаржы  бөлініп  отыр.  АҚШ  Кеңес  одағы   ыдырағаннен  кейін жаңа әлемдік тәртіпті орнатудағы өз жауапкершілігін түсінді. Бірақ кіші Джордж Буш тұсында біраз қателіктер жіберілді. Обама қазір сол қателіктерді түзегісі келеді. Меніңше, АҚШ-тың  идеясы дұрыс. НАТО-ның рөлі қоғамда қазір де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл ұйымға соңғы  жылдары  Балтық  жағалауы  мен      Шығыс  Еуропа  елдері  қосылды.  Әрине,  НАТО құрамының кеңеюіне Ресей мен Қытай қарсы. НАТО-ға Украина мен Грузия қосылса, ұйым Ресей шекарасына тағы жақындай түседі. Жалпы, Ресей мен НАТО-ның арасында серіктестік бар. 1999 жылы ынтымақтастық туралы бірлесіп шешім қабылдау жөнінде тараптар өзара келісімшарт жасасты. Осыған қарамастан Ресей оңайлықпен Орталық Азияны НАТО мен АҚШ-тың ықпалына бермейді. Сондай-ақ Ресейдің ықпалымен қазір бұл аймақта НАТО-ға қарсы көзқарас  қалыптасып отыр.

НАТО-ның Орталық Азияға қызығушылық танытуының түпкі мәні неде? Жалпы, Солтүстік Атлантикалық Альянс ұйымының посткеңестік кеңістіктегі саясаты соңғы уақыттарда өте белсенді деп айтуға болады. Ол, біріншіден, Украина мен Грузияның одаққа кіру талпынысынан байқалады. Бұл елдердің мақсаты - Ресей ықпалынан шығу. Әрине оған Ресейдің қарсылығын біз былтырдан бері байқадық. Бұның ар жағында Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі посткеңестік кеңістіктегі АҚШ пен Ресей саясатының ызғары жатыр. Себебі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басынан бастап АҚШ посткеңестік кеңістіктегі өзінің геосаяси, геоэкономикалық, тіпті геостратегиялық мақсаттарына  жету үшін Ресейге қарсы саяси блоктарды қалыптастыру үдерісін бастады. Осыған байланысты Тербо доктринасы деген болды, кіші Буштың да, үлкен Буштың да саясаты соған  бағытталды. Яғни, 18 жылдың ішінде проамерикалық саясатты қолдайтын белгілі мемлекеттердің деңгейі қалыптасты деп айтуға болады. АҚШ-тың ар жағында НАТО тұр. Сондықтан да соңғы кездерде НАТО, әсіресе, Ауғанстандағы мәселеге байланысты Орталық Азия мемлекеттеріне, оның ішінде Қазақстанға өз ықыласын арттыруда. Бірақ Қазақстан бұған дейін де НАТО-мен жалпы стратегиялық әріптестік орнатып, бірлесіп лаңкестік күштерге қарсы тұру және  90-ыншы жылдардың басында Бейбітшілікті  сақтау бағдарламаларына қатысты. Жалпы, НАТО сияқты үлкен әскери, саяси блокпен ынтымақтастығымызды, серіктестігімізді дамытуға біз мүдделіміз. Бірақ бұл Қазақстан НАТО-ға мүше болады деген сөз емес. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін НАТО-ның қазіргі кезде АҚШ жетекшілігімен дүниежүзіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын бірден-бір саяси блок екенін Ресей де мойындайды.

АҚШ осыдан 3-4 жыл бұрын үлкен Орталық Азия деген жобаны ұсынған еді. Бұл жобаның жүзеге асуына сұраныс немесе қажеттілік бар ма? Бұл жобаның басты мақсаты - Орталық Азия деген ұғымды кеңейту. Яғни, бұл аймақтың географиялық ауқымын ұлғайту арқылы оған Ауғанстан, Иран және Қытайдың Шынжаң Ұйғыр автономиялық өлкесін кіргізу. Сөйтіп аймақтағы елдердің жауапкершілігін күшейту көзделген. Бұл бір жағынан дұрыс. Бірақ оның екінші жағы да бар. Ауғанстан мен Қазақстанды мәдени тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да салыстыра алмаймыз. Бізде үлкен айырмашылықтар бар.

Қазақтанның аймақтағы рөлі. Қазақстанның сыртқы саясатында аймақтық держава болу туралы тұжырымдама жоқ. Батыс сарапшылары аймақта Қазақстанды  жетекші мемлекет деп мойындайды. Біз ешқашан да өзімізді көшбасшы деп санамаймыз. Әркімнің амбициясы бар. Қазақстанды жасанды түрде осылай көшбасшы қылу аймақтағы мемлекеттердің арасына іріткі салу деп ойлаймын. Қытай ешқашан да өзін ірі держава деп айтпайды. Меніңше, елді мұндай категориямен өлшеу дұрыс емес. Мәселен, аймақтағы әр елдің өз орны бар. Олардың келісімінсіз өңірде  тұрақтылықты сақтау мүмкін емес. Әрине,  әр елдің арасында бақталастық бар. Бақталастық Еуропада Франция мен Германияның, Азияда Жапония мен Қытайдың, Орталық Азияда Қазақстан мен Өзбекстанның, Латын Америкасында Мексика мен Канаданың арасында белгілі бір деңгейде бұрыннан көрініс табуда. Ол нарықтың заңы. Аймақтың қауіпсіздігіне келген кезде бір елді жетекші етіп, оған өзгелерді топтастыру дұрыс емес. Еуропалық одақтың өзі бұл тәжірибеден бас тартты. Өкінішке қарай, Орталық Азия одағы саяси амбициядан құрылмай отыр. Тәжікстан трансаймақтық ұйым құрайық, оған Ресейді қосайық дегенді айтуда. Шындығына келгенде, олар күшейіп кетеді деп бізден қауіптенеді.

Жалпы, Орталық Азия үшін қазір бәрі күресіп жатыр. Оны көріп, біліп отырсақ та біз әлі бір-бірімізді аңдып, күш біріктіруге келгенде кежегеміз кейін тарта береді. Шындап келгенде, өңірлік одақ құруға бізде тарихи да, экономикалық та алғышарттар бар. Тек саяси элитада сенім жоқ. Қарапайым халық арасында ықпалдастық ертеден-ақ жүріп келе жатыр.  Бұл жерде Қазақстан Президентінің Орталық Азия одағы туралы идеясы дұрыс. Оны қайта жаңғыртуға бұл форумның әсері болады. Өзіміз шеше алмайтынымызды көрген соң, бұған енді НАТО араласып отырғанын мойындау керек. Ол бұл шараны біз үшін жасап жатыр. Сондықтан оның нәтижесі болады деп ойлаймын.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ). ШЫҰ әскери блок болып табылмайды.

Осы себепті оның қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталмайды. Оның үстіне ШЫҰ өзінің мүшелерінің арасында түрлі салаларда кең ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптестерімен тең құқықты үнқатысуы еліміздің өңірдегі ұстанымын бекемдеп, өзара сенім мен түсіністікті арттыруға оң ықпал етіп келеді.

ШЫҰ-ның екі жетекші елі – Ресей мен Қытайдың ортасында орналасқан Қазақстан Ұйымның маңызды буыны бола отырып, өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларының белсенді қатысушысы мәртебесіне ие. Шанхай үдерісінің ең бастапқы кезеңінен, яғни 1996 жылдан бастап Қазақстан ШЫҰ уәжіндегі көпқырлы өзара іс- қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Мұны еліміздің Ұйым аясында өткізіліп келе жатқан антитеррорлық әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға жиі қатысуынан айқын көреміз.

Қазіргі кезеңде ШЫҰ алдында мемлекет басшылары алға қойған стратегиялық біртұтас екі міндет тұр. Бұлар – өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту. Ұйым алдындағы міндеттерді шешуде ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдары – Бейжіңде орналасқан Хатшылығы мен Ташкентте орын тепкен Өңірлік антитеррорлық құрылымның (ӨАТҚ) Атқарушы комитеті негізгі рөл ат- қарады. 2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ-ның Бас хатшысы болып Қазақстан өкілі Болат Нұрғалиев, ал ӨАТҚ Атқарушы комитетінің директоры болып Қырғызстан өкілі Мырзақан Субанов тағайындалған. Қазақстаннан ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында алты қызметкерден өкілдік етеді. Еліміздің жыл сайынғы қаржылық жарғысының үлесі 21 пайызды құрайды.

ШЫҰ жанындағы байқаушы мәртебесіне Үндістан, Пәкістан, Иран және Моңғолия ие. Астана ШЫҰ-ға мүше болу үшін кезеңдік сынақтардан өткен дұрыс деп есептейді. Бірінші, Хартияда қарастырылғанындай, үміткер мемлекет байқаушы мәртебесін алады. Екіншісінде “үнқатысу бойынша әріптес”, ал тек осыдан кейін ғана ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болады.

ШЫҰ-ның 2006 жылдың 15 маусымында Шанхайда өткен саммитінде Қазақстан Ұйымның Азиядағы энергетикалық стратегиясын жасауға бастамашылық танытты. Бұл қатысушы елдердің сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастығының іс жүзінде бас- талуына негіз қалады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ШЫҰ аясында заңсыз миграциямен күрес туралы келісім жасасуға ұсыныс білдірді.

Ұйымға мүше елдердің лаңкестікпен, сепаратизммен, экстремизммен және басқа да қауіп-қатерлермен күресудегі әлеуетін көтеруге ықпал ету мақсатында экономикалық бағыттағы ынтымақтастық дәйектілікпен кеңейтіліп келеді. Бұған ұзақ мерзімді, яғни 20 жылға есептелген сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы мүмкіндік туғызып отыр. Қазіргі кезде аталған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары жұмыс істеп тұр. Оның құрамында энергетика, көлік, коммуникация, қоршаған ортаны қорғау және басқа салаларды қамтитын 130 шамасындағы инвестициялық жоба бар. Экономикалық міндеттерді шешумен айналысатын құрылымдар жасақталған.

2006 жылы Қазақстанда Қытаймен бірлескен “Тянь-Шань-2006” антитеррорлық жаттығулары, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше елдердің қатысуымен “Шығыс-Антитеррор” жаттығулары табысты өтті. 2006 жылдың сәуірінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері қол қойған Бірлескен коммюникеге сәйкес, 2007 жылдың тамызында Ресей Федерациясының аумағында “Бейбіт миссия-2007” деп аталған кең ауқымды әскери антитеррорлық жаттығулар ұйымдастырылды.

Өңірде тұрақсыздықтың алаңдатарлық факторы мен лаңкестіктің ошағы Ауғанстан болып қалып отыр. ШЫҰ мемлекеттері аталған елдегі ахуалды жақсартуға барынша күш- жігер жұмсап келеді. Мәселен, 2005 жылы “ШЫҰ-ның байланыс тобы - Ауғанстан” құрылды. ШЫҰ шеңберінде есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрестегі ынтымақтастық туралы келісім жұмыс істейді.

ШЫҰ ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтуымен ерекшеленеді. Мәселен, 2006 жылы алғаш рет ШЫҰ-ға мүше елдер парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің кездесулері өткізілді. Бас прокурорлардың, сыртқы экономикалық және ішкі сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауапты министрлердің кездесулері тұрақты өткізіліп тұрады. Отын-энергетика кешені саласындағы өзара іс-қимыл нығайып келеді, 2007 жылы энергетика министрлерінің тырнақалды кездесуі ұйымдастырылды. Жоғарыда көлденең тартылған деректердің барлығы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бірте-бірте көпқырлы өңірлік құрылымға айналып келе жатқанын айғақтайды.

2007 жылдың тамызында Бішкекте өткен Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының саммитінде Ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітіп, Бішкек декларациясына қол  қойды.  Ұйымға  мүше  елдердің  уәкілетті  өкілдері  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымынамүше елдер үкіметтерінің мәдениет саласындағы келісіміне және ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесі мен ШЫҰ банкаралық бірлестіктердің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды.

Ал ШЫҰ-ның Душанбеде өткен саммитінде төмендегідей құжаттарға қол қойылған болатын:

  • Қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы келісім;
  • ШЫҰ Банкаралық бірлестігі мен Еуразия Даму банкі арасындағы әріптестік қарым- қатынастың негіздері туралы меморандум;
  • саммиттің қорытындысы бойынша Бірлескен коммюнике.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Болат Нұрғалиевтің пікірінше, егер Үндістан немесе Пәкістанның, басқа да бір мемлекеттің ұйымға қабылдануы халықаралық аренадағы салмағын арттырар болса... Мұны Бас хатшы ретінде қолдаймын. Мұның халықаралық қауымдастықтардың Шанхай Ұйымымен санаса бастағандығын, халықаралық аренадағы салмағы мен беделінің арта түскенін айғақтайды.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.