Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

1950-1960 жылдардағы Иранның ішкі саясаты

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Иран өндірісі нашар дамыған, ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық қатынастар басым келген аграрлық ел болып қала берді. Капитализмге дейінгі өндірістік қатынастардың ыдырауы және осы реттегі капитализмнің үздіксіз дамуы елдегі ішкі саяси жағдайды қиындатты. Бұған Иран үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты әсер етпей қоймады. Шетел тауарларының елге кіргізілуіне кең мүмкіндік бере отыра Иран үкіметі ұлттық өндірушіні тең емес бәсекеге итермелеп отырды.

40-шы жылдардың ортасында Иранда феодалдылықтың қалдықтары мен үлкен әлеуметтік бөлініс әлі де орын тапты. Көптеген артықшылықтарға ие әл-ауқаттылар және халықаралық сауда монополиясына қолы жеткен шексіз байлыққа кеңеліп өмір сүрді. Ал ұсақ буржуазия өкілдері мен ауыл тұрғындары және де басқа әлеуметтік топтар кедейшілік жағдайда өмір сүруге мәжбүр болды.

Экономикалық зерттеулердің нәтижелеріне қарайтын болсақ, Иранның Исфахан, Мазендеран, Лурестан, Хузестан қалаларында жұмысшылардың табысы күніне 50 риалдан аспаған, ресми мәліметтер бойынша мамандандырылған жұмысшылардың айлық еңбекақысы 1961-1962 жж. орта есеппен 2500 риалды құраған, ал шын мәнінде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен болған. 1961 ж. 29 мамырындағы «Кейхан» газетінің мәлімдеуі бойынша барлық жұмыспен қамтылған халықтың 87 пайызы 2500 риалдан төмен кіріс алған, яғни бұл ресми төменгі өмір сүру көрсеткішінен 12 есеге артық болған, ал осы жылдар ішінде өмір сүру индексінің құны 12 есеге өскен.

Бағаның тоқтаусыз өсу қарқынында халықтың көп бөлігі аштық жағдайында өмір сүруге мәжбүр болуы кедейшілік, аштық, антисанитария өз ізін қалдырмай қоймады. Елде эпидемиялық аурулар өршіді, көптеген аймақтар медициналық көмекке қолдары жетпеді. Жалпы ел ішінде 20 мың дәрігерлік орын болса соның, 8 мыңы Тегеранда орналасты. Жағдайды медицина жұмысшыларының тапшылығы ушықтырды. Елдегі 5 мың дәрігердің 4700-і Тегеран және басқа да ірі қалаларда жұмыс істеді, ал 45 мың ауылды мекендерге небары 300 дәрігер тура келді. Балалар өлімінің көрсеткіші өте жоғары болды, жас балалардың 80 пайызға жуығы 4 жасқа дейін жетпей өліп отырды [1].

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу және Орта Шығыс халықтарының ұлт-азаттық және демократиялық қозғалысы Иранды да қамтыды. Елде демократияландыру күресін 1945 ж. құрылған Иранның ұлттық партиясы (Туде) басқарды. Осы ретте өз биліктерінен айырылғысы келмеген және елді  демократияландыруға  қарсы  шыққан  Иранның  билік  өкілдері  импералистік  державалардан көмек сұрады. Олардың ерекше сенім білдіргендері АҚШ болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзін «капитализм қатерінен» «әлемді азат етуші» ел ретінде сезінген АҚШ өзінің пиғылының таза екендігін және оның ұмтылысы Иранды «батыс өркениетіне» қосу екендігін БАҚ арқылы насихаттап отырды.

Импералистік державалармен жақындасу жолына түскен Иран үкіметі бірте-бірте өзінің жеке- даралығынан айырыла бастады. АҚШ империализміне бағытталу арқылы Иран күрделі әлеуметтік- экономикалық проблемаларға тап болды. Иран үкіметінің бұл әрекеті АҚШ-тың Иранды экспансиялауына және елді өндірістік дамуын халықаралық монополиялық капиталға бағындыруына жол ашты.

Соғыстан кейінгі жылдары Иранның билік өкілдері ел экономикасын тығырықтан шығаруға бағытталған біршама әрекет жасады. 1946 ж. Квама ос-Салтане үкіметі елді экономикалық,  әлеуметтік тұрғыдан реконструкциялауға бағытталған жеті жылдық жоспарды жасауға кірісті. Бірақ бұл жоспарды жасау үшін Иранның жеткілікті дәрежеде кәсіби мамандары болған жоқ және жүзеге асыруға қажетті қаржының мүмкіндігі төмен болды. Осы мәселелерді шешу мақсатында Иран үкіметі АҚШ-тан жеті жылдық жоспарды жасауға және оны қаржыландыруға көмектесуін сұрады. Осы ретте АҚШ-тың  алдында  Иран  экономикасын  өз  мүддесіне  пайдалануына  жол  ашылды.  Америкалық «Моррисон-Надсен» және «Оверсиз Консалтанс» фирмалары жеті жылдық жоспарды құрастыруда консультант ретінде елге шақырылды [1, 45 б.].

Бірақ ел экономикасын құлдыраудан алып шығарудағы шах режимінің әрекеттері нәтижеге алып келмеді. Көптеген себептердің әсерінен алғашқы жеті жылдық жоспарды (1949-1950, 1955-1956) жүзеге асыру нәтиже берген жоқ. Ұлыбритания мен АҚШ-тан келген көптеген кеңесшілер жоспарлау комитеті мен экономика министрлігінде негізгі әрі маңызды орындарды ұстап алып, елдің өндірістік дамуын әдейіге тежеумен болды. Онысы түсінікті де, олардың негізгі мақсаттары өздерінің монополиялық капиталы үшін өндірістік база табу және оны инвестициялау көздерін  қарастыру болып табылады. Импералистік державалар жоспарлау комитеті алғашқы орынға әскери-стратегиялық объектілердің салынуын жүзеге асуына қол жеткізді.

Бірінші жеті жылдық жоспардың нәтижесіз болғанына қарамастан, Иран үкіметі ел экономикасын жоспарлы түрде дамытуға шешім жасап, келесі жеті жылдық жоспарды жасады, оны 1956 ж. Иранның мәжілісі бекітті.

Жеті жылдық жоспардың жүзеге асырылу кезеңінде импералистік державалар  Иранның валютаға деген мұқтаждығын түсініп, оған көптеген несиелер мен займдар бере отыра, елде өз позицияларын күшейтіп, Тегеранның оларға қажетті саяси-экономикалық бағытты жүргізуіне қол жеткізбек болды [2] .

Екінші жеті жылдық жоспар ресурстарды мобилизациялауды, шетел капиталын көптеп тартуды, елдегі жеке кәсіпкерлікті қолдауға және капитализмді өсіруге бағытталды. Осы мақсатта 1957 ж. Жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі заң қабылданды. Заң бойынша кәсіпкерлікті банктер арқылы несиелеу қарастырылды. Жеке кәсіпкерлікке бағытталған несие көлемі 1955 ж. 7,6 млрд риалды құраса, 1958 ж. басында бұл көрсеткіш 14,7 млрд риалға жеткен. Осы уақыт ішінде мемлекеттік секторды несиелеу 1,8 млрд-тан 18,9 және 20,7 млрд-қа дейін өскен. Тек қана жергілікті капитал ғана емес шетелдік капитал да көптеген жеңілдіктерге ие болды. Мұндай саясат Ирандағы капиталистік қатынастардың дамуына және сауда операцияларын несиелеумен айналысатын жеке банктердің  пайда болуына алып келеді деп жоспарланды. Егер 1956 жылға дейін Иранда 13 ғана банк болса, 1956-1959 ж-ға дейін тағы да 14 банк пайда болды [3].

Көптеген ирандық авторлардың сөзіне қарасақ, екінші жеті жылдықтың нәтижесінде едәуір әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болған жоқ. Ауылды жерлерде сақталып қалған жартылай феодалдық жүйе Иранның ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік берген жоқ. Жер онда жұмыс істейтін шаруаның меншігі болған жоқ. Осы уақыт аралығында ауыл шаруашылығына небары 23464 млн риал жұмсалды. Бұл ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы негізгі рөл ойнайтынын ескермегенде, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін халықтың 56,2 пайызы шоғырланған.

Жартылай феодалдық қатынастар аграрлық саладағы технологиялардың ескі болуы, жердің тұздануынан сақтандыратын әдістердің болмауы егін науқанының төмен болуына алып келіп соқтырды. Иран бидай, арпа, күріш сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін сырттан импорттауға мәжбүр болды. 1961-1962 жж. осы өнімдердің импорты 126000 тоннаға жеткен.

Өндіріс саласының да даму қарқыны төмен болды. Ел бойынша бірнеше ғана ұсақ өндіріс ошақтары пайдалы болды. Иранның мәліметтеріне қарағанда 1961-1962 жж. ел бойынша небары 10247 өндірістік, негізінен ұсақ мекемелер қызмет етті, онда барлығы 131000 жұмысшы еңбектенді. Сол кездегі Иран шахы Мұхаммед реза Пехлевидің айтуы бойынша екінші жеті жылдық жоспарда әлеуметтік мәселелер қарастырылған. Онда халықты азық-түлікпен, үймен, киіммен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету және білім беру жүйесін дамыту жоспарланған. Бірақ әлеуметтік салаға деген қаржылай шығындар оны толығымен қамтамасыз етуге жеткен жоқ. 1956 ж. Халық санағының мәліметі бойынша, Иран халқының 16 пайызы ғана білімді болған. Сонымен қатар медициналық қамтамасыздандыру да өте төмен дәрежеде болды. Екінші жеті жылдық жоспар бірінші  жоспар сынды айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шеше алмады. Жалпы алғанда, жоспардың өзі ел экономикасын секторларға бөліп дамытуға бағытталмай, негізгі мәселелерді  шешуге үстіртін халде болды. Иранның жоспарлау комитеті көптеген себептерге байланысты мемлекеттік және жеке секторларды бірге ұстай алмады. Сонымен қатар ел үшін ең маңызды ауыл шаруашылық саласын біріктіру процесі нәтижесіз болды. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге  асыруда жоспарлау комитеті мен тиісті министрліктер жұмысында ешқандай координация болған жоқ [4].

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі империялистік мемлекеттердің ықпал ету тәртібі өзгерді. Германия, Италия, Франция аймақтарындағы бұрынғы күштерін жоғалтып алды. Ұлыбританияның рөлі де біраз әлсіреп қалды. Бұл тек қана соғыстың нәтижесінде емес, сонымен бірге Британ империясының құрамындағы мемлекеттерде ұлттық азат ету қозғалыстарының белең алуының нәтижесінде де болды. Дәл осы уақытта қуатты ғылыми- техникалық және экономикалық потенциалы бар АҚШ аймақтағы өз рөлін күшейте бастады.

КСРО-мен бейбіт қатынас орнатқысы келгендей болып, Иран қоғамындағы, яғни халық арасындағы тынышсыздықты басуға әрекет етсе, екіншіден, АҚШ-тан өзіне тиімді жағдай талап етіп алу үшін пайдаланды, Иран үкіметі ресми түрде КСРО-ға 20-ж. аралығында өзара шабуыл жасамау туралы ұсыныс жасады. Келісімшарт мәтіні Иран жағымен дайындалып, Тегерандағы Кеңес елшісіне берілді [5].

Кейіннен екі жақ жоғары дәрежедегі келіссөздер жүргізу туралы шешімге келді. 1959 ж. басында КСРО үкіметінің Сыртқы істер министрінің орынбасары В.С. Семенов бастаған делегация келді.

Бірақ кейінгі оқиғалар желісі көрсеткендей, Эгбаль үкіметі ниеттерінің шын емес екендігін көрсетті. КСРО Иранмен келіссөздердің алғашқы кезінің өзінде, өзара келіссөздер жүргізу үшін, ең басты талап, Иран басқа үшінші елмен әскери келісім жасасуына болмайтын еді. Қол жеткізген келісімге қарамай, Иранның басқарушы тобы КСРО-мен қатар АҚШ-пен  келіссөздер  жүргізе отырып, 1959 ж. 5 наурыз күні екіжақты әскери келісімшарт жасасты. Осылайша, Иран КСРО-мен тату көршілік саясатынан біржолата бас тартты, АҚШ-тың әскери әріптесіне айналды, сәйкесінше КСРО-ға қарсы мемлекеттер қатарына кірді.

Иран - америкалық келісімшарт өз сипаты бойынша, Иран - КСРО бейбіт қатынастарды әлсіретуге, Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды басуға бағытталған болатын. Бұл келісімшартқа қол қою арқылы, АҚШ Иран территориясына «агрессияның барлық түріне» тойтарыс беру үшін өз әскерін еркін кіргізуге заңды құқық алды. СЕНТО-ның құрамына кіру арқылы Иранның КСРО-ға қарсы қырғи-қабақ соғысқа қатысуы Иран халқының онсызда ауыр жағдайын, одан сайын ауырлатты. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің аса үлкен аппаратының полицияларына, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне бюджеттің 50%-ға жуығы жұмсалып отырды. Мемлекетті полицейлік- террористік әдіс арқылы басқару, демократиялық қозғалыстарды басып тастау, ұлттық байлықтарды монополистік  капиталдардың тонауы Ирандағы еңбекшілердің өз  құқықтары  үшін  жаңа көтерілістерге шығуына алып келді. Ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық қиындықтардан халықтың ойын басқа жаққа бұру үшін басшылар халықтың назарын әдейілеп сыртқы саясатқа аударды. Мысалы, Ауғанстан Гильменд өзенінде гидротехникалық құрылма болғандықтан, Иранға келетін су көлемі азайғанына және соның кесірінен аштық болғанына халықты сендірді [6].

Шаруалар өз мүдделері үшін көтеріле бастады. Сол сәттен бастап меджлисте Гильменд өзенінің суын дұрыс бөлу туралы мәселе қаралып, радио және газеттер арқылы антиауғандық насихат  белсенді жүре бастады. Бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтардан назарының ауытқуына алып келді. Дәл осы әдісті Иранға қатысты да қолданған болатын, яғни әскери шығындардың көбеюіне ақталу мақсатында, билеушілер халықты әр түрлі жолмен Иран елінен Иранға төніп тұрған қауіпке сендіргісі келді.

АҚШ-пен жасалған әскери келісімнен кейін Иран КСРО-мен келіссөз жүргізуге мүдделі  болмады және алдында жасалған өзара шабуыл жасаспау туралы келісімді «қатырып» тастады.

Эгбальдің ішкі және сыртқы агрессивті саясатын жасырып, халықты кеңес үкіметіне қарсы қою үшін антикеңестік бағыттағы іс-шаралар жүргізіледі (газетте, радиода хабарламалар беру, т.с.с.).

Иранның капиталистік дамыған елдердің техникалық-экономикалық көмегіне сүйеніп, тығырықтан  шығу  деген  үміті  ақталмады.  Бұл  жеті  жылдық  жоспарлардың  құлдырауынан  кейін белгілі бола бастады, яғни қымбатшылықтың өсуі, үкіметтің азық-түлік тағамдары мен көп қолданылатын тауарларға бағасын тұрақтандыра алмауы және т.с.с. оқиғалар бой алды.

«Позитивті ұлтшылдық» атты Иранның 50-жылдардың ортасымен 60-жылдар  басындағы сыртқы саясатының басты принципі елді басқа дамушы елдерден оқшаулады. Осылайша, монорхиялық Иран дамыған ірі державалардың аграрлық-шикізат көзіне, тауар өндіру саласының біріне айналды. Сонымен қатар Иран өзінің территориясын дамыған ірі державаларға әскери алаң ретінде беріп алды. Иранның қаржылық алпауыт АҚШ пен басқа да батыс елдеріне біржақты бағыт алуы, елдің экономикасының құлдырауына, табиғи ресурстардың тоналуына, көптеген тиімсіз несие алулардың арқасында валютаның келуі 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басындағы қаржы- валюталық дағдарысқа алып келді.

 

Әдебиеттер

  1. Агаев С.Л. Иран между прошлым и будущим. - М., 1997. С.23-28
  2. Васильев Л.С. История востока. - М., 1994. С.12-13
  3. Акимбеков С. М. Афганский узел и проблемы безопасности центральной Азии. - Алматы 2003. - 1-2 С.
  4. Мирский Г.И. Армия и политика в странах Азии и Африки. - М., 1970. - С.8-13.
  5. Примаков Е.Н. Восток после распада колониальной системы. - М., 1982. - С.4-7.
  6. Денчев К. Нефтегазовый фактор в международных отношениях. – Полития, 1999. С 45-47.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.