Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сөзтану ғылымының негізгі нысаны сөз туралы

Бұл мақалада сөзтану ғылымының негізгі зерттейтін нысаны сөз мәселесі қарастырылады. Сөз тер миніне берілген ғылыми концепцияларды тереңдетіп қарастыру арқылы адам сөзі туралы ғылыми тұ жырым жасау көзделінді.

Мақалада бұл салаға қатысты зерттелінбеген істер мен проблемалар өте көп, сөзтану ғылымының зерттеу нысаны, оған қатысты ғылыми-теориялық мәселелер, жалпы ғылыми теориясын жасау, практикалық мәнін ашу, мақсаты мен міндеттерін көрсету – бүгінгі қазақ тіл ғылымының кезек күттірмейтін міндеттерінің бастылары екен. Сөз сөйлеу табиғаты өте күрделі. Сондықтан сөзді интеллектуалдық, психофизиологиялық, психолингвистикалық, эстетикалық құбылыс ретінде тану оның маңызды сипатын анықтауда басты міндет ретінде алынады.

Сөзтану ғылымының негізгі нысаны – тіл арқылы қарым-қатынас жасаған адамдардың сөзі. Адам сөзі қарым-қатынас процесінде үздіксіз дамып, жетіліп отырады. А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде жеке тұлғаның сөзі туралы «Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет» дейді [1, 26].

«Сөз» терминін өткен ғасырдың 60-жылдарында лингвистика ғылымында қолдана бастаған. «Сөз» терминін алғаш рет функционалдық стилистиканың негізін қaлаған Пермь мектебінің өкілдері ұсынған болатын. Бұл термин ең алдымен жеке ғылыми мақалаларда, баяндамаларда сөз болып, кейіннен ғалымдардың қызығушылығын тудырып ғылымизерттеу нысандарына айнала бастады. Атап айтқанда ХХ ғасырда Ф.де Соссюр еңбектерінде айтылғанымен нақты ғылыми айналымға түскен жоқ еді. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары М.Н. Кожина, Г.Г. Почепцов кейінірек Н.С Болотнова, О.Б.Сиротинина, Т.В Шмелева сияқты ғалымдардың еңбектерінде сөз бола бастады [2, 323]. Сөз, сөзтанудың теориялықпрактикалық мәні ертеден қарастырылып жүргенмен, өзінің даму барысында толыққанды нысанының ғылыми-теориялық мәселелерін біртіндеп айқындауда. Сөз – сөзтану ғылымының нысаны. Сөзтану, сөз лингвистикасы қазақ тіл ғылымында жаңадан қалыптасуда. Сөз мәдениетіне арналып жазылған ғылыми еңбектердің тек тіл мәдениетіне ғана қатысты екенін айта кету керек. Белгілі ғалым Р. Сыздық «Тілдік норма, оның қалыптануы» деген еңбегінде тілдік элементтерді сөйлеу негізінде қалай дұрыс қолдану мәселесіне тоқтала келіп, «культура речи» деген терминді «тіл мәдениеті» емес, «сөз мәдениеті» деген атаумен қалыптастыру керектігін ұсынған еді [3, 23]. Көбінесе сөз мәдениеті туралы жазылған еңбектерде осы саланың басты көкейкесті мәселелері қарастырылғанмен, сөзтану ғылымына қатысты мазмұны мен нысаны, теориясы айқындалғанмен, оның негізгі нысаны «сөз» мәселесі толық анықталып зерттелінген жоқ, яғни сөз мәдениетіне жету үшін «сөз», «сөзтану» ғылымының толық нысаны зерттелінген жоқ.

Сөзтану ғылымы – филология ғылымдарының ерекше саласы, сондықтан қарым-қатынастың феномені адам сөзін зерттейді. Сөзтану ғылымына нақты іргелі ғылыми пікір мен тұжырымдар жасамастан бұрын сөз терминіне тоқтала кету керек. Сөз термині филологиялық тәжірибеде аяқ астынан пайда болған жоқ. Сөз, сөз мәні оның ерекше феномені туралы үгіт насихат беру артықшылық бо-лады. Өте ерте кезден-ақ адамзат өз сөзінің мәніне жанжақты терең концептуалды ой пікірлер айтып кеткен.

Қазақ тіл ғылымының жаңа басталып жатқан сөзтану ғылымына жасалған алғашқы қадамы адамның сөзі болып табылды. Сондықтан тіл мен сөзді толық ажыратып алуымыз керек. Тіл ғылымында тіл мен сөзді ажыратуды негізгі нысана ете отырып, сөз – тілдің ісәрекеті, ал тіл – жалпы, сөз – жеке деп анықталады. Тіл ұлттық байлық болғандықтан, жалпыға ортақ, айтушының сөзі жеке тұлғаға қатысты, сондықтан сөз – деректі айтылым, тілден сөздің айырмашылығы сөз жеке, деректі болып келеді. Тіл таңбаларының сөзге айналу «әрекетінде» ол адамдарды қарымқатынасқа түсіреді. Сөз арқылы адамдар өз ойларын бір-біріне жеткізеді. Сөз адамның ақылы мен шындығын көрсетеді. Сөзбен адам бір-біріне ақыл-кеңесін жеткізеді. Сөзбен адамдар бір-бірінің өмірлік тәжірбиесінің парасатты пайымдауларын жеткізеді. Сөз адамды табындырады, таңқалдырады, қуантады, сөз баяндайды, оқытады, үйретеді, дәлелдейді, түсіндіреді. Сөз мұңайтады, сөз жігерлендіреді. Жалпы тіл – ұлттық байлық, сөз – жеке ата-бабалар сөзі, жеке тұлғаның сөзі, тіл – дерексіз ұғым, ұлттық тіл байлығы, мақалмәтел, тұрақты сөз тіркестері, тағы басқалар дерексіз ұғым ретінде танылады. Сөз – деректі, себебі индивид сөзі ешуақытта қайталанбайды. Сөз – айтушы мен тыңдаушы арасындағы қарым-қатынас құралы. Айтушы пікірін білдірсе, тыңдаушы қолдайды, қуаттайды немесе қарсыласады. Бұл – сөздің адамдар арасындағы коммуникативтік қызметі.

Сөз – адам санасының, ақыл-ойының, білім-парасатының құралы. Сондықтан сөз жеке тұлғаның қоғамдық санасын қалыптастырады. Бұл – сөздің танымдық қызметі. Тіл – код, сөз – хабарлау, ақпарат. Сөз – кез келген хабарақпаратты сақтап және жеткізуші. Бұл тек жеке тұлғаға емес, қоғамдық орта үшін де сөздің ең маңызды қызметі. Бұл – сөздің аккумулятивтік қызметі. Тіл – адамдық фактордың негізінде адамның сөйлеуі кезінде жүзеге асатын динамикалық «әрекет» арқылы «сөзге», адамның сөзіне айналады. Тіл өзінің қалыпты жағдайда қолдану «әрекетінде» басқа атауға, яғни ғылыми атауға толық ие болу мүмкіндігіне толық құқылы. Бірақ адамның сөзі сөйлеу кезінде түрлі факторлардың себебінен өте күрделі процеске айналады. Сөз термині мәнмәтінде сөз, тіл, гәп деген атаулармен аталады. Мысалы, Талай ғасыр құрып кеңес, көп ойлаған осы гәпті, жұмбақ болмас, бәрі шешілмес, Ұлы адам бір амал тапты (Қ. Аманжолов). Кейде гәп сөзі мәнмәтінде сыр, мән сөзінің мағынасын береді. Мысалы, сөзінде бір гәп бар (ауызекі сөйлеу тілінен). Сөзтану ғылымының нысаны осы қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын сөз мәнмәтінде: сөйлесу, айту, баяндау, сөз сөйлеу, әңгімелесу, тілдесу, жауаптасу, мәслихаттасу, сұхбаттасу, лебіздесу деген синонимдік қатар құрады. Қазақ тілінде «сөз» кейде мәнмәтінде немесе түрлі жағдаяттардың салдарынан сөйлеу, айтылу, сөзі жұмсақ деген атауларға ие болады. Тіпті «сөз мәдениеті» деген тіркес «сөйлеу мәдениеті» деген атаумен қолданысқа түсіп жүр.Тілдің жалпы тұрғандағы қызметінен емес, сөзге айналу «әрекетінде» сөз – жеке, сөз деректі қызметінде сөзтану ғылымы және көптеген басқа ғылым салаларымен байланыста қарастырылуы тиіс. Сөздің иесі – адам, себебі адам – өте күрделі тұлға, оның сөзі де өте күрделі «жанды организм» болып табылады. Сөз сөйлеу табиғаты өте күрделі. Сондықтан сөзді интеллектуалдық, психофизиологиялық, психолингвистикалық, эстетикалық құбылыс ретінде тану оның маңызды сипатын анықтауда басты міндет ретінде алынады. Сөзтану ғылымының аспектілік құрылымының басқа ғылым салаларымен байланысы осыдан пайда болады. Сөзтану лингвистикасы қазақ тіл ғылымының жаңа бағыты ретінде қазақ тілші филологтарының алдына ғылыми ізденістерді зерделеуге зор көңіл бөлуді міндет етіп қойды. Адам сөзінің тональдық, интонациялық, лексика-семантикалық, құрылымдық, функционалды-грамматикалық, прагма-стилистикалық ерекшеліктерін, өлшем шарттарын межелеу арқылы сөздің күрделі құрылымдық тұтастығын толық зерттеуді, адам сөзіне байланысты жаңа ғылыми-теориялық тұжырымдарды айқындауды қажет етеді.

Қазақ тіл ғылымының соңғы табыстарының бірі сөзтану теориясын, сөз лингвистикасын, сөз сөйлеу қызметінің прагматикасын, сөзбен әсер ету теориясын, сөз мәдениетін прагматикалық аспекті арқылы зерттеу болып табылады. Бүгінгі әлемдік тіл ғылымындағы сөздің күрделі мәнін ашатын мысалы, “тіл және сөз”, “сөз де адам тағдыры сияқты”, “табиғат та адам сөзі сияқты” секілді адамның сөзі мен шығармашылық туындысының күрделі мәнін ашатын анықтамалар жиі қолданысқа еніп жатыр.

Адамдық фактордың шығармашылығының биік шыңы болып табылатын сөзтанудың лингвистикалық құрылымының прагматикалық әлеуетін көрсету күрделі зерттеуді талап етеді. Сөз бен прагматиканың басты ерекшеліктері төмендегідей: прагматиканың шындыққа қатысын семантика, ішкі құрылысын синтактика, аудиторияларға қатысын прагматика қарастырады деген теориялық негізді басшылыққа ала отырып, коммуникативті-прагматикалық көп функционалды қызметі, эстетикастилистикасы мен когнитивті-ассоциациялық жүйе сипаттары, сапалануы толық дәйектеліп, түрлі аспектілері арқылы қарастырылады, прагмастилистикалық бағдары арқылы танылады. Жеке тілдік тұлғаның сөз прагматикасының әлеуеті ерекше, бұл бүгінгі мәдени коммуникацияда коммуникативті прагматикалық, бейнелік-символдық, когнитивті-ассоциативті т.б. қызметінен ерекше байқалады.

Ауызша және жазбаша сөз – дүниетанымдық, прагматикалық аспектісін құрайтын, тілдің көпқырлы мәнін танытатын, субъект маңына топтасып, тұтас мағыналы кешен құрайтын жүйе. Шығармашылық мәнмәтін сияқты күрделі функционалды, семантикалық-синтаксистік, жеке сөйлеушінің тілдік ерекшелік “бет пердесі” мен синтездің үйлескен тіркесімінің ұйымдасуымен өндіріледі. Сөз сөйлеудегі прагматикалық фактор, мәтін түзуші факторлардың барлық түрі логика-психологиялық, когнитивті-ассоциациялық, ұлттық-концептуалдық ойларының шындыққа қатысты көзқарасын анықтауды мақсатқа алады. Кең көлемдегі сөз түрінің барлығы күрделі тұтастыққа құрылған прагматикалық мәнін толық ашып беретін, қимыл-әрекет арқылы толық сақталған сөздің ауызша және жазбашы екі формасы адам сөзінің күрделі құрылымы ғана емес, ең басты жоғарғы мәндегі жетістіктерінің ең маңыздыларының бастауы болып табылады. Сөз – когнитивті-ақпараттық, психо-

логиялық, прагматикалық ережелер бойынша толық ұйымдасқан коммуникация бірлігінің негізгі белгілерінің жиынтығы.

Адамның сөзі жеке тұлғаның психофизиологиялық табиғатына қарай екіге бөлінеді:

  1. Ішкі сөз.
  2. Сыртқы сөз.

Ішкі сөз – адамның ішкі ойлау стилінде сыртқы көріністі түйіндейтін, түрлі құбылысқа жинақталған түсінігі. Ішкі сөз сыртқы сөзге қарағанда өте күрделі, себебі ішкі сөз сыртқы сөздің қалыптасуына, құрылуына негіз болады. Ішкі сөз сыртқы сөздің мәнді, хабарламалық сипаты мазмұнды, стильді болуына тікелей ықпал етеді. Бірақ ішкі сөз сыртқа шықпауы да мүмкін. Мысалы, «Әбдрахман ақылды адам, нағыз көреген кісі. Сөзінің бәрі шындық. Зұлымдық жалғыз ғана қалада екен десем, ел іші де шылқыған әділсіздік екен. Мұны біз қалай көрмегенбіз?.. Өмір қызық. Ойлаған ойың орындал-майды. Кеше ғана Жымпитыға жүремін деп бел байлап едім», – деді ішінен Хакім, учительдің үйіне келе жатып, Аңқатының нақ жиегіне жеткенде (Х. Есенжанов). Абай ішінен«Шіркін, Базаралы оқыған болса, бір Тобықты емес, бар қазақтың осындай мұңмұқтажына алтын береке, асыл діңгек болар еді-ау!» – деп ойлады (М. Әуезов).

Сыртқы сөздің тілден тысқары тұратын экстралингвистикалық факторлардың әсерінен айтылым сипаты, мәнділік құндылығы, құрылымдық жүйесі өзгереді.

Сыртқы сөз жазбаша және ауызша болады. Мысалы, «Шолпан екі қолын жоғары көтеріп, қос алақанын қабыстыра тікесінен суға шым батты да, бір минуттен кейін суды бұрқ еткізіп қайта шықты, «пу-у-п» деп демін бірақ алды, әдемі басын сілкіп жіберіп, көзін жапқан ұсақ шаштарын кері серпті» (Х. Есенжанов). Айтылу барысы мен ойлау арқылы сөздің екі түрі пайда болады. Оларды сыртқы сөз және ішкі сөз деп қарастыруға болады. Адамдық фактордың қатысуымен ішкі сөз логикалық байламдар жасайды. Мысалы, «Қазірде Абай соны өмірден тапқанына да дән ырза... Өз ақылымен тапты... Тапты да:

«осының бәрі бір жерде, бір кеудеде, бір адамның ішінде болмаққа лазым... деп, өзгеше бір сенімді байлау жасады» (М. Әуезов). Айтылу барысы мен ойлау арқылы сөздің екі түрі бар болғандықтан, сыртқы сөз бен ішкі сөз әруақытта алмасып отырады.

Сыртқы сөз ішкі сөзді тудырады. Мысалы, Бұлардың ақысы өздерінде де бар. Қол астарына қараған өзгелерде де бар. Тапжылмай отырып, осыны орындайсыңдар. Болмаса, дәл осы орыннан тұра бере, іске кірісем! – деді. .

Біріншіден, сөйлеу – нақты, қайталанбайтын белсенді уақыт ішінде өрістейді, белгілі уақыт пен кеңістікте жүзеге асады. Мысалы, кейбір шешендердің қабілетін, сөз сөйлеу шеберлігін еске алайық, қоғамдық мінбеден сөйлеген шешендердің сағаттап сөйлеуін немесе жеке жоғарғы қабілетті тұлғалардың, қазіргі көрнекті қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, көптеген жазушылардың шығармалар жинағының ондаған томдардан құралуын, тағы басқаларды осының айғағы ретінде қарастыруға болады. Қоғамның өркендеп дамуы, экономикалық өзгерістер, саяси-әлеуметтік жағдай кез келген сөйлеушінің «сөзінің» ақпараттық мазмұнын, мәнін өзгертіп отыратындықтан, ауызша және жазбаша сөз өзгермелі, қозғалмалы сипатта болады.

Екіншіден, сөз сөйлеу белсенді, ұзақ, толассыз болып келеді, сөйлеу барысында сөз сөйлеуші сөздерді байланыстыруға тырысады. Сөз тілге қарағанда керітартпалау, динамикалы, қозғалмалы, еркін. Елімізде сөз еркіндігі мен сөйлеу бостандығының жариялануына байланысты, әсіресе саяси қайраткерлер мен кез келген социум өкілінің мәдени коммуникациядағы сөздерінің жалпы формасы мен мазмұны өзгерді. Үшіншіден, сөйлеудің жүйелілігі мен оның сөзге қатысы сөйлеуші адамның қабілетін айқындайды, мәнмәтін (контекст) мен жағдайға (ситуацияға) тікелей қатысты, вариативті, тіпті спонтанды (ішкі себептерден пайда болған) және тәртіпке түсірілмеген болуы мүмкін. Мұндай сөз жанрлары мен сөз формалары тұрмыста және шығармашылықта, қоғамдық өмірдің барлық саласында жиі ұшырасады.

Адамның өзі – күрделі құбылыс, сондықтан сөзі де өте күрделі. Сөзді лингвистикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық, психо-физиологиялық, эстетикалық құбылыс ретінде тану арқылы сөздің динамикалы «әрекеті» ғана емес, әлеуметтік құбылыс екендігі анықталып, айқындалып жатады. Сөздің көп қырлы күрделі құбылыстық сипатын тану, маңызын анықтау адамдық фактормен тікелей байланысты.

Сөз қарапайымнан күрделіге қарай қозғалмалы сипатта болады. Күнделікті тұрмыстық сөзден, яғни қарапайымнан мәдени коммуникацияға, күрделі сипатқа ауысады. Сөз әлеуметтік мәнге ие болады. Осыдан келіп сөздің әлеуметтік рөлі шығады.

 

Әдебиет

  1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы: 1998. – 156 б.
  2. Стилистический энциклопедический словарь русского языка. Под . ред. М.н. Кожиной и др. – М., Флинта: Наука, 2003. – 696 с.
  3. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы) Астана: Елорда. – 2001.-230 б. 4 Голуб Ю.Б. Руский язык и культура речи: Учебник. – М. : Логос, 2004. – 344 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.