Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Артериялық гипертензияны диагностикалау және емдеуге деген науқастардың ұстанымдылығы

Төмендегі мақалада қазіргі таңдағы артериялық гипертензияны диагностикалаудағы және емдеудеге деген науқастардың ұстанымдылық принциптері көрсетілген.

Өзектілігі: Ұстанымдылық (комплайентность) науқастың мінез-құлқының дәрігердің ұсыныстарымен сәйкестігі дәрежесі. Көптеген дәрігерлер «ұстанымдылық» терминін дәрігер мен науқастың арасында орын алуға тиісті өзара тең құқылы әріптестік қарым-қатынастарын сипаттау үшін ыңғайлы деп санайды. Дәрігерлік емдеуге деген ұстанымдылықтың төмендігінің алғашқы көрінісі науқастың дәрігер ұсынған препаратты қабылдаудан бас тартуы болуы мүмкін. Сәйкес емес дозаны қабылдау немесе оны дұрыс емес уақытта қабылдау, «ұмытып кету», емдеудің рұқсатсыз тоқтатылуы сынды әрекеттер немқұрайлылықтың мысалдары болып табылады. Көбінесе ұстамдылықтың төменгі көрсеткіштері дәрігерге бармау және өмір салтын өзгертуге қатысты ұсыныстарды орындамау болып табылады. Бәрінен жаманы, емдеудің үзілуі науқастың жағдайына мүлде ем алынбаудан да артық кері әсерін тигізеді. Мысалы, емдік терапиядан жиі бас тарту және кейіннен емдеуді қалпына келтіру алғашқы дозаның немесе бас тарту синдромының әсерімен байланысты асқыну ықтималдығын арттырады [1] Ұстанымсыздық болуы мүмкін:

  • әдейі емес пациент дәрігермен өзара тиімсіз әрекеттесуі салдарынан не күтілетінін түсінбейді және ұсыныстарды орындамайды;
  • қасақана пациент дәрігердің одан не күтетінін біледі, бірақ ол ұсыныстарды орындамайды.
  • Ұстанымдылықты бағалау әдістері төмендегіше бөлінеді: фармакологиялық (дәрі-дәрмектің дұрыс қабылдануына биологиялық ортадағы препарат концентрациясын анықтау арқылы көз жеткізуге болады);
  • клиникалық (науқастың дәрігердің қарауына тағайындалған уақытта баруы, АГ жағдайында науқастың жағдайын жақсарту, қан қысымының көрсеткіштерін тұрақтандыру сынды мысалдар ұстанымдылықты көрсетеді);
  • физикалық (бекітілген дәрі-дәрмектер қорын толықтыру бос қаптамалардың болуы, қалған таблеткалардың санын санау, дәрі-дәрмектердің сатылымы туралы дәріханалардан ақпарат алу және т.б.).

Жоғарыда келтірілген тәсілдердің әрқайсысының өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар, сондықтан ұстанымдылықты сенімді түрде бағалау үшін олардың жиынтығын қолданған дұрыс (мысалы, клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде).

Ұстанымдылықты арттыратын факторлар

Дәрігерге жүйелі түрде бару.

АГ асқынуларынан қорқу.

Бірлескен аурулардың болуы.

Қан қысымын қадағалауға ұмтылу.

Антигипертензивті терапияның қарапайым режімі.

Қан қысымын дербес бақылау мүмкіндігі. Отбасы мен достардың қолдауы.

Медициналық сақтандырудың болуы.

Зерттеу міндеттері: Артериялық гипертензияны

диагностикалау және емдеуге деген науқастардың ұстанымдылығы бойынша ғылыми анықтамалр жинау.

Ұстанымдылықты төмендететін факторлар:

Ұстанушылықты төмендететін себептер өте көп, әрі бұл жиі жасына, аурудың сипатына немесе жағдайдың ауырлығына қарамайды. Сонымен қатар, оған науқастың жынысы, сауаттылық немесе әлеуметтік-экономикалық дәрежесі де әсер етпейді. Өкінішке орай, жалпы алғанда созылмалы аурулар кезіннде ұстанушылық тәртібі уақыт өткен сайын азайып кетеді.

Емдеуге деген ұстанымдылық мәселелерін шешу жолдары

  1. Науқасты ауру мен емдеу туралы хабардар ету:
  • пациенттің ауруды түсінуін және қабылдауын, оның ұзақ мерзімді бақылаулар мен емдеулерден күтетін үміттерін бағалау;
  • күмәнді талқылау және туындап отырған мәселелерді шешу;
  • пациентке қан қысымының деңгейі туралы хабарлау;
  • дәрігердің жеке көздеген қан қысымы дәрежесі турлы пациентпен келісу;
  • жазбаша түрде тағайындалған дәрілік заттар туралы толық ақпарат беру;
  • дәрілік заттарды қабылдау қажеттілігін түсіну проблемаларын анықтау, пациенттерге таңдау мүмкіндігін беру;
  • АГ ұзақ мерзімді емдеу қажеттілігіне баса назар аудару.
  • Жеке терапия режимдерін таңдау: пациентті шешім қабылдауға тарту; емдеу режимін оңайлату;
  • пациенттің өмір салтына терапияны енгізу;
  • өмір салтын өзгерту және емдеу режимдерін сақтау бойынша нақты қысқа мерзімді мақсаттарды белгілеу; ықтимал жанама әсерлерді талқылау;
  • қан қысымын өздігінен бақылауды ынталандыру; емдеу құнын барынша азайту;
  • пациенттердің ұсыныстарды сақтануын (науқасты білуімен) үнемі қадағалап отыру;
  • салмақ жоғалтудың жағымсыз әдістерінің алдын алу мақсатында әңгімелесу жүргізу.

Қол жеткізілген жетістіктерді белгілеу:

  • науқас қабылдауға келген кезінде қан қысымының динамикасын талқылау;
  • қан қысымын бақылауға қол жеткізуге бағытталған қарым қатынасты ынталандыру;
  • пациенттің емдеу жөніндегі ұсыныстарды игеру туралы растау алу;
  • келесі келудің нақты күнін тағайындау; пациенттердің емделуге келу жиілігін арттыру;
  • Қабылдауға келе алмаған пациенттермен қарым-қатынасты қалпына келтіру.

Әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету:

  • Қан қысымын бақылауға қол жеткізу үшін пациенттің отбасын оқыту;
  • өзара қолдау және ынталандыруды жақсарту үшін пациенттер тобын ұйымдастыру.

Басқа мамандармен өзара әрекеттесу: медбикелердің, фельдшерлердің, фармацевтер мен диетологтардың білімдері мен дағдыларын пайдалану; науқасты нақты мәселелер бойынша тереңдетілген кеңес алу үшін мамандармен кеңес алуға бағыттау.

Пациенттердің ұстанымдылығын арттыруға арналған тиімді стратегиялар

Сенімге құрмет пен өзара түсіністікке негізделген дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы, сөзсіз, пациенттің қанағаттануын арттыруға, емделуге ұстамдылығын және оның денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Пациенттер жиі дәрігерлердің құзыреттілігін клиникалық дағдыларына емес, олардың қызмет көрсету деңгейіне байланысты бағалайтындығы жасырын емес. Осыған байланысты, дәрігер әрдайым оның қоршаған ортасы үшін де, пациенттер үшін де үлгі болуға тиіс.

АГ бар науқастарды ұзақ мерзімді бақылау қиын, өйткені науқастар көбінесе тағайындалған мерзімдегі қабылдауларға келмей қалады. Бұл кемшіліктер тұрақты бақылаудың маңыздылығын түсінбегендіктен, жұмыстан сұрану қажеттілігінен, туған-туыстар алдындағы міндеттерге, медициналық мекеменің қашықтығы және көлік қиындықтарына қатысты орын алады. Тұрақты бақылау жүргізуді жеңілдету үшін қабылдауға жазылған күнін және қабылдауға келуін бақылайтын арнайы деректер базасын құру тиімді болады. Қабылдау мерзімін пациенттердің есіне салу үшін орта медициналық персоналдрды жұмылдыруға немесе автоматты түрде телефондық хабарландыру жүйесін пайдалануға болады.

Сондай-ақ, пациенттердің медициналық жазбаларын және АГ өзіндік бақылау күнделігін талдау да ұстанымдылықты қадағалауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бақылау арналған күнделікті жаза отырып, науқас өзінің жағдайындағы өзгерістерді жазуға және қалыптастыруға үйренеді, емделу мен өзіндік сезіну арасындағы себеп-салдарлық байланысты талдайды, бұл терапияның тиімділігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Дәрі-дәрмектерді пайдалану дағдысын адамның қарапайым әдеттерімен (тіс тазалау немесе қырыну және т.б.) біріктіру дәріні кезекті қабылдау уақытын жіберіп алмауға мүмкіндік береді.

Дәрі-дәрмектерді қабылдауды «ұмытшақтыққа» жол бермеу үшін, пациенттерге таблетка салуға арналған ұяшықты қораптарды қолдануға кеңес беріледі, онда таблеткалар аптаның күндеріне қарай қоюға болады.

Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас негіздері: Жалпыға бірдей мәселе науқасқа ауру туралы ақпарат беру. Оқушылар мен әріптестерді оқыту үшін қолданылатын логикалық тәсіл пациенттерге қолданылмайды, өйткені ол тәсілдер олардың тәжірибелерін және түсіну қабілетін ескермейді. Науқастың дәрігердің айтқандарын қаншалықты дұрыс түсініп, қабылдағанын білу үшін дәрігерге келесі ақпараттарды берер алдында ауру мен емдеу туралы өз ойларын, қорқыныштарын және өз ойларын түсіндіруге мүмкіндік беру керек.

Белсенді тыңдау және қайта жасау: науқастың естігені және түсінетінін көрсету үшін сізге науқастың айтқандарын қайта жасау қажет. Қайта жасау бірдей дәлдікпен және екпінмен естілген нәрсені басқа сөздерді қолдану арқылы орындау. Осыған байланысты пациент өзінің ой-пікірін біледі және оны дұрыс деп санайды.

«Белсенді тыңдаушы» бола отырып, дәрігер науқасқа өзінің шағымдарын ести алатынын және күмәнін түсінетіндігін білдіреді. Жауап бергенде, дәрігер науқастың шағымын бір мезгілде мәселені шешуді ұсынатын етіп қайталау арқылы өзінің жанашырлығын көрсете алады. Қайта жасау кеңес берудің негізгі стратегиясының бірі болып табылады. Бұл үрдіс импровизация бола алмайды, ол дағдыға айналуы тиіс, арнайы дайындық пен тәжірибені қажет етеді.

Кәсіби терминдерді пайдаланудан бас тарту: Әдетте дәрігерлерге науқасқа ауруы туралы қарапайым сөздермен айту қиынға соғуы мүмкін. Бұл дәрігер өзінің күнделікті тәжірибесінде үнемі арнайы медициналық терминдермен жұмыс істейтіндігіне байланысты өзінің «түсініксіз тілінде» сөйлейді. Бірақ егер біз түсіністік пен ұстанымға ұмтылған болсақ, онда есте сақтаған маңызды, медициналық терминология көбінесе науқасты қорқытады және емдеу процесінде сенімді қарым-қатынас жасауға кедергі келтіреді. Науқас тілінде сөйлеу қабілеті тәжірибе барысында жинақталады, бірақ бұл, әрине, дәрігерден белсенді шығармашылық тәсілдерді талап етеді.

Қорытынды: Толыққанды жауаптарды талап ететін сұрақтарды қолдану. Пациентке сауалнама жүргізу барысында дәрігер оған екі түрлі сұрақ қоюы мүмкін: бірі толыққанды жауаптарды талап ететін ашық сұрақ; екіншісі жабық, яғни олар «иә» немесе «жоқ» деген бір мәнді жауаптарды білдіреді. Ашық сұрақтар көбінесе егжейтегжейлерді түсіндіруге бағытталған және олар науқастың ауру туралы хабардар болу деңгейін және олардың ауруға деген көзқарасын анықтауға көмектеседі. Ашық сұрақтармен салыстырғанда жабық сұрақтар фактілер мен шағымдарды нақтылауға көмектеседі және пациентке сауал қойып отырған кісі күткендей жауап бере алады. Көбінесе бұл сұхбатты уақыт болмаған жағдайда қолданамыз. Сөзсіз, ашық сұрақтар дәрігер мен науқастың арасындағы жоғары сенімділікті орнатады. Сондықтан пациенттерге қалай сұрақтар қою және олардың сұрақтарына қалай жауап беру керектігіне мұқият болу қажет.

Төменде қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға және емдеуге ұстанымдылықты дамытуда жетістікке жетуге көмектесетін кейбір ұсыныстар берілген:

  • науқастың тілінде, оның әлеуметтік-мәдени деңгейіне қарай, басқа науқастардан естіген сөйлемдерді қолданып сөйлесіңіз;
  • мәселені жақсы түсіну және науқаспен жақсы сенімді байланыс орнату үшін егжей-тегжейлі жауап талап ететін сұрақтарды жиі қолдану;
  • сұқбат барысында пациентті айыптауға емес, қолдау көрсетуге тырысыңыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Benetos, A. A decrease in diastolic blood pressure combined with an increase in systolic blood pressure is associated with a heart cardiovascular mortality in men // J. Am. Coll. Cardiol. 2000. Vol. 35, №3. P. 673-680.
  2. Шальнова, C. А. Факторы, влияющие на смертность от сердечно-сосудистых заболеваний в российской популяции // Кардиоваскулярная терапия и профилактика. 2005. Т.4, №1. C. 4-9.
  3. Waeber, B. How to improve adherence with prescribed treatment in hypertensive patients? // J. Cardiovasc. Pharmacol. 2000. Vol. 36, №3. Р. 23-26.
  4. Конради, А. О. Недостаточная приверженность к лечению артериальной гипертензии: причины и пути коррекции // Артериальная гипертензия. 2004. Т.10, №3. С. 137-143.
  5. Ощепкова, Е. В. Низкая приверженность больных артериальной гипертонией к лечению: подходы к ее улучшению // Атмосфера. Кардиология. 2003. №3. С. 33-36.
  6. Bourgault, C. Antihypertensive drug therapy in Saskatchewan: patterns of use and determinants in hypertension // Arch. Intern. Med. 2001. Vol. 161, №15. P. 1873-1879.
  7. A retrospective, population-based analysis of persistence with antihypertensive drug therapy in primary care practice in Italy // Clin. Ther. 2002. Vol. 24, №8. Р. 1347-1357.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.