Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Nitraria schoberi l.-фитосубстанциялар алудағы бағалы нысан (әдеби шолу)

Кіріспе:

Денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі халықты қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осыны негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Үкіметке Ұлттық фармацевтикалық өндірушілер есебінен ішкі сұранысты дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. 2016 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010 - 2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламасының жалғасы ретінде бекітіліп, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі халықты отандық өндірістегі медикаменттермен қамтамасыз ету мәселелерін, дәрілік заттардың қолжетімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін, тиімді қолданылуын қамтамасыз ету сияқты негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар кешенінің тиімділігін әзірлеу, орындау және мониторинг жасауды және Денсаулық сақтау жүйесін дәрідермектермен қамтамасыз етудің ұлттық саясатын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан республикасының фармацевтикалық нарығының басты ерекшелігі болып шетелдік дәрі-дермектерді алуға тәуелділік болып отыр. Халықты тоқсан пайызғаимпортық фармацевтикалық өнімдермен қамтамасыздандырады.Еліміздегі фармацевтикалық өндірістерді дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау және оның өнімділігін арттыру ұлттық экономиканы дамытуға үлес коса алады. Сондықтан республика аумағында импорттық фармацевтикалық өнімдерді отандық өнімдермен алмастыру жоғарыда аталған мәселелердің оң шешімдерінің бірі болып саналады[1].

Соңғы жылдары дүниежүзінде фармацевтика нарығында өсімдік текті дәрілік препараттарды ақпараттық-патенттік ізденіс, Шобер ақтікені қолдану жоғары сұранысқа ие болып келеді. Дәрілік өсімдіктер фармакологиялық және терапевтикалық әсері кең фитопрепараттарды алу үшін бағалы шикізат көзі болып табылады. Өсімдіктер негізінде алынған дәрілік препараттардың табиғи биологиялық белсенді заттары төмен уытты және кең спектрлі болып келеді.Жыл сайын фитопрепарттардың түрлері және саны көбеюде. Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің шамамен 1000-нан аса түрі белгілі,солардың ішіндежабайы өсетін, емдік қасиетке ие, фитохимиясы жағынанкөптеген белгілі биологиялықбелсенді заттарға бай өсімдіктер кездеседі [2].

Зерттеу материалдары мен әдістері. Осындай табиғи жаңа дәрілік заттарды іздеуде бағалы нысан ретінде Nitraria туысының танымал түрінің бірі Шобер ақтікені (Nitraria Schoberi L.) өсімдігі соңғы кезде көптеген ғалымдардың қызығушылығын туғызуда.

NitrariaL. туысы осыған дейін

Zygophyllaceaeтұқымgасына кірген, ал қазіргі уақытта бөлек өзіндік монотипті Nitrariaceae тұқымдасына бөлу қабылданған. Ақтікендердің жапырақтары бірізді, тұтас, сирек, кейде жоғары бөлігі иректі. Гүлдері қосжынысты, актиноморфты, 5 және 4-бөлікті, ақ немесе сарғыш ақшыл түстіболады. Жемісі шырынды, сүйегі үлкен, құрғақ, жұмыртқа тәріздес болып келген. Тұқымдары эндоспермсіз, тура өскінді[3].

Nitraria L. туысыныңдүниежүзінде 10 түрі белгілі,олар Батыс, Орта және Орталық Азия,Солтүстік Африка, оңтүстік-шығыс Еуропа, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Аустралия елдерінің далалы және шөл аудандарында өседі. Шобер ақтікені (Nitraria Schoberi L.) галофит, биіктігі 1-1,5 метр, бұтақтары тік және сәл иілген бұта болып өседі. Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи құмбекіткіш, тұзды батпақта, тұщы жерасты сулары жақын тұзды құмдарда, тау бөктері алқаптарында өседі. Үлкен қаумдастықтарды құрап, құм ұйындыларына жақсы төзеді.

Құрғақшылыққа төзімді болғандықтаншөл және шөлейт аудандарда орман түзу құрылысында қызығушылық тудырып келеді.Аталған ақтікендер тұқымдасының өсімдіктері органикалық қышқылдарға, фитостеролдарға, полиқанықпаған май қышқылдарына, алколоидты және

флавоноидты қосылыстарға бай. Ақтікендердің жер үсті бөліктерін және тұқымдарын тұрақсыз жүрек соғысын түзетуде, гипертония, диспепсия, өкпе ауруларын, тұмауды емдеуде және дәстүрлі халық емінде қолданады. Қышқылды-тәтті дәмді жемістері жеуге жарамды, шырын, джем, кәмпит, т.б. жасауға және тағамдық бояғыш зат ретінде қолданылады. Жемістерінің тағамдық құндылығы құрамындағы қанттардың, протеиндердің, амин қышқылдарының, витаминдердің, пектиндердің, минералды элементтердің болуымен негізделген[4].

Шобер ақтікені(Nitraria Schoberi L.) өсімдігі Қазақстанда аз зерттелген, алайда шетелде соңғы уақытта ғалымдардың қызығушылығын тудырып, белсенді зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реестірінде ақтікен негізінде жасалынған фармацевтикалық препараттар жоқ.

Ақпараттық-патенттік ізденіс нәтижесіндешетел ғалымдарының зерттеулерінен Шобер ақтікені өсімдігі фармацевтикалық және тағам өндірісінде кең қолданылатыны көрінді. Nitraria schoberi жеміс экстракттары, жапырақтары және тамырлары жоғары антиоксиданттық қасиетке ие, бос радикалдардың түзілуіне кедергі келтіреді [5]. Сонымен қатар жеміс экстракттары микробқа қарсы, антифунгицидтік және қабынуға қарсы белсенділігі бар [6].

Жапониялық ғалымдар Ақтікендер туысыөсімдігінің экстракты қосылғанқол күтіміне арналған фармацевтикалық өнім жасады[7].

АҚШ ғалымдары Nitrariaceae тұқымдасының Nitraria retusaтүрінен семіздікті емдеу және диабеттік гиперхолестеринемияны төмендету үшін композиция алған [8].

Қытай ғалымдары жұқа қабатты хроматография әдісімен бөлініп алынған Nitraria schoberiL. жерүсті бөлігінен СО2 экстракция негізінде жүрек-қан тамырлар жүйесін емдеуге арналған Назлинин препаратыналған [9]. Сонымен қатар кытайлықтар Шобер ақтікенінің табиғи ұнтағы және табиғи экстракты қосылған күйзеліске қарсы медициналық сусын алған[10].

Ресей ғалымдары Шобер ақтікені (Nitraria Schoberi L.) «hairy roots» дақыл экстракты негізінде тұмауА, H3N2 және H5N1 субтипті вирусына қарсы фармацевтикалық зат алды[11].

Жалnы,Nitraria Schoberi L. өсімдігінің химиялық құрамын және фармацевтикалық белсенділігін толық ауқымды зерттеуді қажет етеді.Сондықтан қазіргі уақытта Шобер ақтікені негізінде жаңа фитосубстанциялар алу өзекті болып отыр.

Зерттеу нәтижесі. Ақпараттық-патенттік ізденіс жүргізіліп,жасалынатын зерттеулер қоғамдық денсаулық сақтау, медицина және фармация мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Ізденіс барысында барлығы 30-дан аса патенттер қарастырылды. Таңдалып іріктелген 3 патент диссертация тақырыбына қатысты, Шобер ақтікені өсімдігінен шикізат алуға, оның биологиялық белсенділігін анықтауға бағыттылған. Nitraria Schoberi L. өсімдігінің қазақстандық түрінен отандық түпнұсқалық фитосубстанцияларды алу жоспарланды.

Әдеби шолу нәтижесі болып Қазақстанда өсетін көптеген дәрілік өсімдіктер ішінде Шобер ақтікені (Nitraria Schoberi L.) өсімдігін толық ауқымдызерттеу өзекті мәселе болып отыр.

Қорытынды. Медицинада өсімдік текті дәрілерді қолдану болашақта мемлекеттік бағдарламалардағы мәселелерді шешуде және отандық нарықтағы фитопрепараттарды кеңейтудемаңызды рөл атқарады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Жакипбеков К.С., Датхаев У.М., Жумабаев Н.Ж., Сакипова З.Б. Современное состояние привлечени я инвестиций в фармацевтическую промышленность Республики Казахстан. Современная медици на: актуальные вопросы // Сб. Ст. по материалам XXVIII междунар. науч-практ. конф. Новосибирск: Изд. «СибАК», 2014. С. 108-115.
  2. Shyur LF, Yang NS. Metabolomics for phytomedicine research and drug development / / Curr. Opin. Chem. Biol. 2008. №12. Р. 66-71.
  3. Бобров Е.Г. Об азиатских видах рода NitrariaL. // Советская ботаника. 1946. Т. 14, №1. С. 19-30.
  4. LeventUstunes. Pharmacological Activity of The Extracts of NitrariaSchoberi (Zygophyllaceae) // J. Fac. Pharm. Ankara: 1988. №18(1). P. 74-86.
  5. Javad Sharifi Rad, Seyedeh Mahsan Hoseini Alfatemi, Majid Sharifi Rad, Marcello Iriti. Free Radical Scavenging and Antioxidant Activities of Different Parts of Nitrariaschoberi L. // Journal of Biologically Active Products from Nature. 2014. Vol.4. , Issue 1. Р. 88-97.
  6. Javad Sharifi-Rad, Seyedeh Mahsan Hoseini-Alfatemi, Majid Sharifi-Rad, Jaime A. Teixeira da Silva. Antibacterial, antioxidant, antifungal and anti-inflammatory activities of crude extract from Nitrariaschoberi fruits // 3 Biotech. 2015. №5(5). P. 677-684.
  7. Патент: 2005267415. Skin care preparation for moisturizing or improving chapped skin/басылымға шыққан уақыты -29.03.2007.
  8. Патент:№ 13685104. Compositions and methods for treating or ameliorating obesity or for reducing diabetic hypercholesterolemia /басылымға шыққан уақыты 29.05.2014.
  9. Патент № CN102659788A. Method for extracting and purifying Nazlinin /басылымғашыққануақыты 18.07.2012.
  10. Патент № CN103349332A. Altitude stress resistant healthcare beverage and preparation method thereof / басылымға шыққан уақыты 16.10.2013.
  11. Патент № RU2615376C1. Противовирусное средство на основе экстракта культуры "бородатых корней" ("hairy roots") селитрянки Шобера (Nitraria schoberi L.) / басылымға шыққан уақыты 04.04.2017

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.