Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық қолайсыз аймақта тұратын балалар денсаулық жағдайына қаупті бағалау

Мақалада балалар денсаулығына атмосфералық ауа ластану салдарының кері әсерін бағалау бойынша эпидемиологиялық зерттеу аймақтық деңгейде жүргізіліп, нәтижесі берілген. Қауіпті бағалаудың критериясы ретінде салыстырмалы және атрибутивті қауіптер шамасы қолданылған. Кешенді атмосфералық ауа ластануы мен тұрғындар сырқаттанушылығы таралуы арасында медико-экологиялық заңдылықтар анықталған. Қауіпті топтар мен индикаторлық патологиялар белгіленген. Жұмыста қазіргі заманның биостатистика әдістері қолданылған. Статистикалық шама мен тәуелділік мәнділігі 95% деңгейінде деп ескерілді.

Алынған нәтижелер көрсеткіші бойынша салыстырмалы қауіп және оның этиологиялық үлесі 0–6 жастағы ұл балаларда көз және оның қосымшалары ағзасы (RR=7,33; EF=86,3%) мен құлақ және еміздікше тәріздес өсінді (RR= 5,87; EF = 82,9 %) ауруының өте жоғары дәрежелі тәуелділігі анықтаған, бұл экологиялық қауіпті бар екенін дәлелдейді, демек жалпы соматикалық аурудың қалыптасуына атмосфералық ауаның ластану өз үлесі қосатынын айқындайды.

Өзектілігі. Қазіргі уақытта медицина ғылымдарының ең негізгі басты міндеті адамдар өмір сүретін қоршаған ортада қалыптасқа, техногенді қолайсыз факторлардың денсаулыққа әсерін анықтау. Сыртқы орта факторларының қарқындылығы мен сапасындағы шамалы ғана ауытқулар адам ағзасындафункционалды және органикалық бұзылыстар шақырып, патологиялық өзгерістерге ұшыратуда. Климаттық жағдайдың өзгерісі, ауадағы, судағы және топырақтағы улы заттардың концентрациясының жоғарылауы адамның бейімделу мүмкіндіктеріне әсер етіп, жалпы аурулармен қатар, түрлі экологияға тәуелді ауруларды да дамытады. Осыған байланысты қоршаған орта қолайсыз факторларымен тұрғындар сырқаттамасы арасындағы байланысын зерттеу жолдарының бірі денсаулыққа қауіпті бағалау[1,2,3,4,5].

Сондықтан осы еңбекте қауіпті бағалау әдісін қолдану арқылы жергілікті және аймақтық деңгейде балалар арасында қауіптіанықтау болып табылады.

Зерттеудің мақсаты:экологиялық қолайсыз аймақта тұратын балалар денсаулық жағдайына салыстырмалы және атрибутивті қаупті бағалау.

Материал мен әдістері. Зерттеу дизайны бойынша сандық обсервациялық түріне жатады, оның ішінде аналитикалық әдіс қолданылды. Зерттеу аймағына Қарағанды қаласының экологиялық қолайсыз аймақ қатарына жататын Майкұдық елді мекені алынды. Зерттеу нысанасына науқастың амбулаторлық картасы, облыстық және қалалық денсаулық сақтау департаментінің есептік құжаттары жатты. Сонымен қатар қауіптілік факторын талдау мақсатында оқиға – бақылау тәсілін қолдана отырып, сырқаттылық пен әсердің арасындағы байланысты атрибутивті (EF) және салыстырмалы қауіптер (RR) көмегімен сандық сипатта өлшенедіоның дәлме-дәлдігін 95 % сенімділік интервалының (СИ) төменгі және жоғарғы шегі арқылы анықталды. Зерттеу барысында жалпыға белгілі гигиеналық, эпидемиологиялық және биостатистикалық әдістер қолданылды.Математика-статистикалық талдау компьютерлік бағдарлама Statistic for Windows көмегімен жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері мен талқылау. Әр түрлі топтар ішінде жұқпалы емес патология сырқаттамасының қауіптілік коэффициентінің салыстырмалы қауіпі және оның этиологиялық үлесін есептеу арқылы тәуелділік дәрежесі анықталған. Алынған мәліметтер нәтижесі көрсеткендей(кесте 1)0 – 6 жастағы ұл балалар арасында салыстырмалы қауіп және оның этиологиялық үлесі жоғарғы тыныс алу ағзалары аурулары бойынша RR=1,18; EF=15,2 %-ды құрады, яғни бұл төмен дәрежелі байланыс, ал қыз балаларда RR=1,49; EF=32,9 %-ды құрады, яғни осы жастағы ұл балалар мен қыз балаларды салыстырғанда, жоғарғы тыныс алу ағзалары ауруларымен ауыру қаупі қыз балаларда 2 есеге жоғары. Осы жоғарғы тыныс алу ағзалары ауруы бойынша 7–9 жастағы ұл балалар арасында RR=1,18; EF=15,2%, ал қыз балаларда RR=1,02; EF=1,9 %-ды

құрады, яғни осы жастағы ұл балалар мен қыз балаларды салыстырғанда, қауіп ұл балаларда 8 есе жоғары. Ал 10 -14 жастағы қыз балаларда атмосфералық ауа ластануы нәтижесінде салыстырмалы қауіп және оның этиологиялық үлесі орташа дәрежеде екені анықталды RR=1,85; EF=45,9%. Осы тәжірибе ауданында төменгі тыныс алу ағзалары ауруы бойынша орташа қауіптілік дәрежесіне ие болған 0-6 жастағы қыз балалар, оларда RR=1,64; EF=39,0 %-ды құрады. Сонымен қатар, төменгі қауіптілік дәрежесіне 7-9 жастағы қыз балалар үлесіне тиесілі екені анықталды RR=1,25; EF=20%. Қалған жас топтары арасында төменгі тыныс алу ағзалары ауруы қаупі анықталмады.Қан, қан түзуші ағза және жекелеген иммундық өзгерістер аурулары бойынша қауіптілік дәрежесі 7-9 жастағы ұл балалар арасында RR=1,05; EF = 4,8 %-ды құраса, қыз балалар арасында RR =2,27; EF = 55,9 %-ды құрады. Осы жастағы ұл мен қыз балаларға қауіпті салыстырсақ, қыз балалар арасында сырқаттану қаупі 10 есе жоғары екені анықталды. Осы нозология түрі бойынша 10-14 жастағы ұл балалар арасында RR =1,37; EF = 27 %-ды құраса, қыз балалар арасында RR=1,82; EF=45,0%-ды құрады.Сонымен, қыз балалар арасында 1,6 есе қауіп көрсеткіші жоғары ұл балалармен салыстырғанда. Жүйке жүйесі ауруының салыстырмалы қауіп және оның этиологиялық үлесі 0 – 6 жастағы ұл балалар арасында RR=1,07; EF=6,5 %-ды құрайды, яғни бұл төмен дәрежелі байланыс, ал қыз балаларда орташа дәрежелі RR=2,20; EF=54,5%-ды құрайды, яғни осы жастағы ұл балалар мен қыз балаларды салыстырғанда жүйке жүйесі ағзалары ауруларымен ауыру қаупі қыз балаларда 8 есеге жоғары. 7-9 жастағы ұл балалар арасында RR=2,18; EF=54,1%-ды құраса, қыз балалар арасында RR=2,29; EF=56,3 %-ды құрады. Осы нозология түрі бойынша 10-14 жастағы ұл балалар арасында RR=1,50; EF=33%-ды құраса, қыз балалар арасында RR=2,84; EF=64,8%-ды құрады.Сонымен, қыз балалар арасында 1,9 есе қауіп көрсеткіші жоғары, ұл балалармен салыстырғанда. Көз бен оның қосымшалары ағзасының аурулары 0 – 6 жастағы ұл балалар арасында RR= 7,33; EF = 86,3 % -ды құрайды, яғни бұл өте жоғары дәрежелі тәуелділік, ал қыз балаларда жоғары дәрежелі RR=3,94; EF= 74,6 % -ды құрайды. Осы нозология түрінен 7-9 жастағы ұл балалар арасында RR =4,53; EF = 77,9 %-ды құраса, қыз балалар арасында RR =7,0; EF=85,7 %-ды құрады. Ал 10-14 жастағы ұл балалар арасында RR =1,10; EF=9,1 %-ды құраса, қыз балалар арасында RR=7,34; EF=86,4%-ды құрады, бұл өте жоғары дәрежелі тәуелділік.Сонымен ұл балалармен салыстырғанда, қыз балалар арасында 9,0 есе қауіп көрсеткіші жоғары. Құлақ пен еміздікше тәріздес өсінді ауруының салыстырмалы қауіп және оның этиологиялық үлесі 0– 6 жастағы ұл балалар арасында RR=5,87; EF=82,9%- ды құрайды, яғни бұл өте жоғары дәрежелі байланыс, ал қыз балаларда орташа дәрежелі RR=1,54; EF=35,1%-ды құрайды, яғни осы жастағы ұл балалар мен қыз балаларды салыстырғанда қаупі ұл балаларда 2,3 есеге жоғары. Құлақ пен еміздікше тәріздес өсінді ағзалары ауру қаупі 7-9 жастағы ұл балалар арсында RR=3,01; EF=66,8%-ды құраса, қыз балалар арасында RR=4,85; EF=79,4%-ды құрады. Осы нозология түрі бойынша 10-14 жастағы ұл балалар арасында RR =1,53; EF=34,6%-ды құраса, қыз балалар арасында RR=1,83; EF=45,3 %-ды құрады. Ас қорыту ағзалары ауыруы 7-9 жастағы ұл балалар RR=1,51; EF=33,8%-ды құраса, қыз балалар арасында RR=3,42; EF=70,8%-ды құрады. Сонымен, ұл балалармен салыстырғанда, қыз балалар арасында 2,1 есе қауіп көрсеткіші жоғары. Зәр шығару жолдары ағзасының ауру қаупінің мүмкіндігі 7–9 жастағы балалар арасында анықталды, ұлдарда RR=2,78; EF=64,0%-ды құраса, қыз балалар арасында RR=3,56; EF=71,9 % құрады. Өзге жас топтары арасында зәр шығару жолдары ағзасының ауыру қаупі байқалмады. Тері және тері асты қабаты аурулары салыстырмалы қауіп және оның этиологиялық үлесі 0 – 6 жастағы қыз балалар арасында RR=1,89; EF=47,1% -ды құрайды, яғни бұл орташа дәрежелі байланыс, ал 7-9 жастағы қыз балаларда RR=3,44; EF=70,9 %, 10 – 14 жастағы қыз балаларда RR=2,86; EF=65,0 % екені анықталды

Кесте 1 - Балалар сырқаттылығының салыстырмалы күштеме (RR ) көрсеткіші

Ауру тобы

Нозологиялық формалар

0 - 6 жас

7 - 9 жас

10 - 14 жас

ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

X

Жоғарғы тыныс

1,18 ± 0,49

1,49± 0,16

1,18 ± 0,39

1,02 ± 0,11

0,76 ± 0,07

1,85 ± 0,25

 

алу ағзалары

(0,4 - 3,06)

(1,08 - 2,0)*

(0,5 - 2,5)

(0,82 - 1,27)

(0,66 - 0,87)

(1,14 -

3,03)*

 

Төменгі тыныс

0,66 ± 0,24

1,64±0,31

0,64 ± 0,18

1,25 ± 0,32

0,65 ± 0,21

0,84 ± 0,21

 

алу ағзалары

(0,95 - 2,43)

(0,9 - 3,0)

(0,45 - 0,9)

(0,66 - 2,34)

(0,43 - 0,98)

(0,56 - 1,27)

III

Қан, қан түзуші

0,61 ± 0,24

1,09±0,23

1,05 ± 0,56

2,27 ± 0,81

1,37 ± 0,95

1,82 ± 0,84

 

ағза және

жекелеген иммундық өзгерістер

(1,02 -

2,61)*

(0,69 - 1,69)

(0,35 - 3,13)

(0,46 - 11,13)

(0,21 - 8,76)

(0,35 - 9,48)

VI

Жүйке жүйесі

1,07 ± 0,15 (0,79 - 1,42)

2,20±0,38 (1,05 - 4,6)*

2,18 ± 0,73 (0,52 - 9,11)

2,29 ± 0,67 (0,62 - 8,5)

1,50 ± 0,60 (0,47 - 4,85)

2,84 ± 0,78 (0,61 - 13,1)

VII

Көз және оның

7,33 ± 0,2

3,94±1,66

4,53 ± 0,64

7,0 ± 0,2

1,10 ± 0,36

7,34 ± 3,01

 

қосымшалары

(4,95 -

10,8)*

(0,15 -

101,4)

(1,3 - 15,8)*

(4,75 -10,38)*

(0,53 - 2,23)

(0,2 - 264,3)

VIII

Құлақ және

5,87 ± 0,19

1,54±0,73

3,01 ± 0,18

4,85 ± 0,09

1,53 ± 0,50

1,83 ± 0,56

 

еміздікше тәріздес өсінді

(4,01 -8,41)*

(0,37 - 6,4)

(2,1 - 4,26)*

(4,09 - 5,74)*

(0,57 - 4,09)

(0,61 - 5,42)

XI

Ас қорыту

0,58 ± 0,26

0,64±0,18

1,51 ± 0,28

3,42 ± 1,31

0,30 ± 0,10

0,43 ± 0,10

 

ағзалары

(0,3 - 0,9)

(0,45 - 0,9)

(0,86 - 2,61)

(0,26 - 44,7)

(0,25 - 0,36)

(0,35 - 0,52)

XIV

Зәр шығару

0,79 ± 0,36

0,95±0,26

2,78 ± 0,49

3,56 ± 0,72

0,42 ± 0,16

0,69 ± 0,25

 

жолдары

(0,39 - 1,6)

(0,57 - 1,58)

(1,06 -

7,24)*

(0,86 - 14,58)

(0,31 - 0,57)

(0,42 - 1,13)

XII

Тері және тері

0,93 ± 0,31

1,89±1,20

0,89 ± 0,26

3,44 ± 1,74

0,81 ± 0,27

2,86 ± 1,04

 

асты

қабаты

(0,5 - 1,7)

(0,17 - 19,7)

(0,54 - 1,49)

(0,11 - 104,6)

(0,48 - 1,38)

(0,37

21,97)

Ескерту - * - мәліметтің дәлме-дәлді екенін білдіреді, жақша ішінде - 95 % сенімділік интервалының төменгі және

жоғарғы шегі көрсетілген

Сонымен қатар, тері және тері асты қабаты аурулары алдында айтылған жас топтары бойынша ұл балалар арасында қауіптілік көрсеткіші анықталмады.

Медико-экологиялық заңдылықтардың қуаттылығы анықтау кезінде зерттеуге алынған аймақ бойынша «индикаторлық» нозологиялардың бірі ретінде жүйке жүйесі аурулары талданып қаралды, ол барлық нозология құрылымы ішінде 19,7 % құрады. Осы жүйке жүйесі ауруларының ішінде перентальды энцефалопатия (ПЭЦ) 41,7 % 0-6 жас аралығындағы жаңа туған нәреселерде алғашқы дәрігерге қаралу кезінде анықталған. Яғни, жас өспірімдер арасында жалпысоматикалық патологияның қалыптасуына, атмосфералық ауаның ластануының үлесі салдарынан екеніне алынған дәл және өте жоғары дәрежеде экологиялық қауіп шамасының нәтижесі негіз береді бұл жағдайды, болашақ ата-ана денсаулығының көрсеткіші деп білуге болады. Бұған дәлел үлкендер арасындағы жүйке жүйесі ауруы мен фенол арасындағы жоғары корреляциялық байланыс растайды r = 0,97; р = 0,024.

Қорытынды. 1.Салыстырмалы қауіп пен оның этиологиялық үлесінің өте жоғары дәрежелі коэффициенті 0-6 жастағы ұл балалар арасында да көз және оның қосымшалары (RR=7,33; EF=86,3%), құлақ және еміздікше тәріздес өсінді ауруының (RR=5,87; EF=82,9 %) және 7-9 жастағы қыз балаларда көз және оның қосымшалары ағзасының ауруының (RR=7,0; EF=85,7 %) салыстырмалы қаупі мен оның этиологиялық үлесінің өте жоғары дәрежелі коэффициенті анықталды.

2. 0-6 жасқа дейінгі балалар арасында перентальды энцефалопатия ауруының үлесінің жоғарғы жиілікте таралуы және бала туғанан кейін 2 ай ішінде осы диагноздың қойылуы болашақ ата-аналарда патологияның қалыптасуы арасында өзара байланысты көрсетеді.

 

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

  1. Кику П.Ф., Ярыгина М.В., Горборукова Т.В., Челнокова В.И., Ананьев В.Ю., КалашниковР.П.Влияние факторов среды обитанияна распространение экозависимыхзаболеваний в биоклиматическихзонах Приморского края // Гигиена и санитария. - 2013. - №
  2. - С.87-91.
  3. Кику П.Ф., Воронин С.В., Гельцер Б. И., Ананьев В.Ю.Эколого-гигиенические аспекты распространения врожденных аномалий в Приморском крае // Гигиена и санитария. - 2011. - № 5. - С. 81-84.
  4. Привалова Л.И., Кузьмин С.В., Кацнельсон Б.А., и др. Развитие методологии эколого-эпидемиологических исследований и оценки риска для здоровья населения // Современные проблемы профилактической медицины, среды обитания и здоровья населения промышленных регионов России.- Екатеринбург: 2004. - С. 59- 62.
  5. Ревич Б.А. Экологическая эпидемиология: учебник. - М.: Академия, 2004. – 384 с.
  6. Фролова О.А., Карпова М.В. Оценка риска развития канцерогенных и не канцерогенных эффектов при употреблении продуктов питания //Гигиена и санитария. – 2012. - № 5. – С.107-108.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.