Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жедел респираторлы аурулар кезіндегі (жра) фитотерапия және фитопрофилактикасы

ДД¥ жіктемесі бойынша жедел респираторлы ауруларға жедел ринит, фарингит, ларингит, трахеит, синусит, тонзилит, ортаңғы отит, іріңді бронхит, тамақ ауру, эпиглотит, пневмония және бронхиолит жатады. Фитотерапия арқасында дененің иммунитетін көтереді , жоғарғы дәрежеде аурудың жиілігін, аурудың ауырлығын, емдеудің тиімділігін, болжамын қалпына келтіру, алдын алу және емдеу мақсатында дененің функционалдық жағдайын емдеу жолдары мен тәсілдерін жеңілдетеді.

Бұл мақала жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы туралы мәлімделген. Жедел риниттің, тонзилиттің, трахеиттің фитотерапия және фитопрофилактикасы туралы мәселелер қарастырылады. Бұл аурулар жиі асқынулармен жүретініне қарамастан, созылмалы инфекцияның асқынуын өршітеді немесе басқа ауыр ағымдағы ауруларды дамытады, мысалы, ревматизм, ревматоидты артрит, жедел гломерулонефрит, пневмония, тіпті қатерлі ісіктерді, бұларға көп жағдайда дәрігерлер ортасыда, тұрмыстық ортада жеңіл ойлы қарым- қатынаста. Қазіргі кезде науқастардың өзін-өзі емдеуі кең етек жайған, әрине науқастар аурудың ағымын ауырлататын жиі қателіктер жібереді. [1]

Қазақстан Республикасы аумағында 6000 астам өсімдік түрлері кездеседі. Осы уақытқа дейін 130 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдалынылады. Дәрігер мен науқастың алдында тұрған басты мәселе-ауруды асқынусыз және салдарсыз жеңу. Бұл тек ұтымды терапияны жүргізу арқылы ғана мүмкін, яғни аурудың симптомдарын жоюға бағытталмауы керек, аурудың патогенезіне негізделген болуы қажет және де ағзаның қорғаныштық жүйесіне сақтықпен қарау болып табылады.

Бәрінен бұрын бұл қызудың көтерілу реакциясына қатысты. Қызудың көтерілуі ағзаның қорғаныстық реакциясы екенін ұмытпауымыз керек, бұл кезде вирустарды бейтараптандыратын өзіндік интерферондар түзіледі. Өз уақытындағы көрнекті вирусолог проф. Н.Кителадзе: Өте қажеттілік болмаған жағдайда тұмау кезінде қызу түсіретін заттарды қолданбауды кеңес берген. Көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып вирусты инфекция кезінде қызудың көтерілуі қолайлы әсер ететіні туралы қорытынды жасауға болады. Көп жағдайда балаларда, үлкен жастағыларда гипертермияны жақсы көтереді. Дене қызуының 39 градустан жоғарлауы кезінде ауру симптомдарының жеңілденуі: бас аурудың, трахеядағы ауру сезімінің төмендеуі, жазылу үрдісінің жылдамдауы бақыланады.

Көп жағдайда ЖРА жеңіл формада өтеді. Вирусемиямен жүретін дене қызуының көтерілуі 5-6 күннен артық созылмайды. Сырқаттанған адам жергілікті және жалпы әсер ететін қарапайым заттарды үй жағдайында қолданып емделе алады. Егерде жоғарғы тыныс жолында қабыну үрдісі өршісе, ол жағдайда дәрігердің алдында аурудың таралуына жол бермеу мәселесі тұрады, яғни синусит, отит, бронхит, пневмонияның дамуына жол бермеу. Бұл мәселенің барлығын қазіргі таңда заманауи медицина химиялық вирусқа қарсы ДЗ көмегімен шешеді: ремантадин және оның аналогтары, арбидол, оксалин және т.с.с. Дегенмен, ДДҰ фитотерапия қолдануды және зерттеуді ұсынады, олар ғасырлар бойы сынақтан өткен заттар және жанама әсер шақырмайды. Дәл осы жоғарғы тыныс жолдарының жедел қабынуы кезінде фитотерапия баламалы әдіс болып табылуы мүмкін. [2]

Олар келесі мәселелерді шешеді:

  • Қабынуды тоқтату;
  • Интоксикациямен және вирусемиямен күресу;
  • Қолайсыз қантамырлық реакциялардың алдын-алу (артериальды қан қысымының төмендеуі);
  • Ағзаның өзіндік қорғаныш күшін ынталандыру;
  • Шырышты қабақтың қалыпты функциясын және құрылымын қалпына келтіру.

Осы мәселелерге сәйкес фитофармацевтикалық заттарлы жергілікті және жалпы әсер жергілікті бөлуге болады. Жергілікті қабыну үрдісіне әсер еткенде, мұндай патологиялық жағдайда жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының функциясының және құрылымының бұзылысы және де қозғалмалы кірпікшелі эпителийдің санының азаюы оның белсенділігінің төмендеуі болатынын есте сақтау керек. Жоғарғы ДЗ мөлшері дистрофияны және жасушалардың жойылуын шақыратынын ғалымдар дәлелдеген. [4] Бұл жағдай жергілікті тамыр тарылтқыш заттарды (галазолин, нафтизин т.б) жиі және ұзақ қолданғанда түзіледі Шырышты қабатқа бумен ингаляция тиімді әсер көрсетеді. Бір жағынан, температурасы 42 градустан жоғары бу вирустарды жояды, екіншіден, жылы бу қозғалмалы эпителийдің функциясының қалпына келуіне жағдай жасайды. Ингаляция жасау үшін қарапайым су немесе физиологиялық ерітіндіден басқа арнайы фитофармацевтикалық заттарды қолдануға болады:

  • Ингаляция үшін №1 және № 2 қоспалар (түймедақ сәлбенмен және түймедақ эвкалиптпен)
  • Элекасол
  • Қарағайдың немесе шыршаның бүршіктері
  • Эвкалипт жапырақтары
  • Қазанақ өркені
  • Тасшөп
  • Жебір шөбі
  • Шалфей дәрілік жапырағы
  • Майдаланған сарымсақ немесе пияз
  • Ингаляция үшін қоспа, құрамына эвкалипттің эфир майы, ментол және спирт кіреді.
  • Эвкалимин ( бұл ДЗ эвкалипт өркенінен және жапырағынан алады, терпеноид қосылыстар)
  • «Кармолис» тамшылары (спиртте ерітілген 12 эфир майларының қоспасы)
  • Майқарағайдың таза эфирлі майы, , эвкалипт, лаванда, лимон, жебір, дәмқабықижәне т.б микробка қарсы қасиеті бар эфир майлары.

Кептірілген өсімдіктен ингаляция жасау әдісі келесідей. №1 немесе 2 ингаляция үшін брикет қоспа алады, жоғарыда аталған өсімдіктерден бір ас қасық алып болат ыдысқа немесе жабық эмальды ыдысқа салып, 1-2 стақан су құйып отқа қояды. Дәрілік өсімдіктерді сумен қайнаған дейін жеткізбеу керек, себебі эфир майының бір бөлігі суда ериді. Ингаляцияны бу пайда болғанан ыдысты оттан алып бастауға болады. Емшараның ұзақтығы 20 минутты құрайды. Күніне 3-4 рет немесе одан жоғары. Аурудың бірінші белгілері пайда болғанда ингаляцияны әр 2-3 сағат сайын жүргізсе симптомдардың регрессиясына қол жеткізуге болады, яғни аурудан тез айығады. Қалған тұнбаны мұрын-жұтқыншақ жолын және ауызды шайқауға немесе дәрі тамшылатқышпен тамшылатуға болады. Ингаляция үшін сұйық спиртті қоспаны 300 мл ыстық суға 10 тамшыдан есептеп қолданады. Эфир майлы бумен 5-20 минут уақыт аралығында демалу керек. Қалған қоспаны қайта ингаляция жасауға, тамақты шаюда немесе мұрын- жұтқыншақты ылғалдандыруда қолдануға болады. Таза эфир майын ыстық суға 2-3 тамшы қосады, көп мөлшерде қолдану тітіркендіргіш жөтелді шақыруы мүмкін. Сарымсақты немесе пиязды ыстық суға ұсақталған түрде қосады. Кішкентай балдар ұйықтап қалғаннан кейін жастық астына пияздың бір бөлігін салуға, ал сарымсақтың бір бөлігін жіпке өткізіп мойнына тағып қоюға болады. Халық медицинасында ЖРА емінде және алдын-алуда түйінді пиязды сүтпен қолдану әдісі бар. Орташа көлемді бір бас пиязды алып ұсақтап турап, эмальды күрішкеге сүтпен бірге қосып қайнатады, кейін оттан алып буымен демалады, сосын сүтті-пиязды ботқаны жеп қояды. Осындай емшараны күніне 2-3 рет қайталайды. Ағза фитонцидтермен қаныққаннан кейін аурудың басында және айқын симптомдар кезеңінде де вирусты инфекциямен тез күреседі. Бұдан басқа дәрілік өсімдіктердің құрамындағы эфир майлары және фитонцидтерге вирусты инфекция кезінде белсенетін, микроорганизмдерге резистенттілік дамымайды.

Жоғарыда аталған жергілікті әсер ететін заттарды бөлек қолдануға немесе бір-бірімен кешенді ретінде қолдануға болады. Оларды емдік мақсатта сондай-ақ алдын алуда қолданады. Емнің ұзақтығы клиникалық тиімділікпен анықталады. Мұрын-жұтқыншақ жолындағы жедел қабыну көріністері (мұрынмен тыныс алудың қалпына келуі, тұмаудың және тамақтың жыбырлауының тоқтауы) басылғаннан кейін, репаративті әсер ететін дәрілік өсімдіктерде өтуге болады. Олардың арасынан жиі қолжетімді дәрілік өсімдіктер қолданады: қырмызыгүл, гүлдер; қалақай, жапырақтары; шайқурай шөбі; сонымен қатар өсімдікті ДЗ: шырғанақ майы, каротолин, итмұрын майы, қызыл шетен, шайқурай майы және т.б. Сулы шығарылымдар аэрозольды ингаляцияда немесе мұрын- жұтқыншақты ылғалдандыруда қолданады, ал майлы шығарылымдыр аз мөлшерде (2-3 тамшы) мұрынға тамызады, кірпікшелі қозғалмалы эпителийдің қозғалысын бұзбау үшін, шырышты қабаттың беткейіне біркелкі ақырын таралуы қажет. Бұл ДЗ қолдану ұзақтығы 7-14 күнді құрауы мүмкін. [3]

ЖРА емдеуде және алдын алуда жергілікті әсер ететін фитофармацевтикалық заттар міндетті түрде жалпы әсер ететін заттармен үйлесуі қажет. Оларға өсімдік текті вирусқа қарсы ДЗ жатады:

  • Гиорамин
  • Аллисат және алликор
  • Дәрумендер және иммуномодульдеуші заттар:
  • Итмұрын, ұрығы
  • Қызыл шетен, ұрығы
  • Қырмызыгүл гүлі
  • Түймедақ гүлі
  • Жолжелкен, шөбі
  • Қалақай шөбі
  • Жөке гүлі
  • Тобылғы, гүлденген өркені
  • Дала қырықбуыны шөбі
  • Хауанатамыр (хауанатамыр тұнбасы, қытай лимонының тұнбасы, манчужур аралии тұнбасы, сапарал, элеутерококк экстрактысы және т.б) топ өсімдіктерінен алынған, адаптогенді және иммуномодулдеуші қасиеті бар ДЗ қолданылады.

Гипорамин әртүрлі штамм вирустарына жоғарғы вирусқа қарсы белсенділігі бар. Олар дамудың ерте кезеңінде вирустарлың өндірілуін тоқтатады және қан жасушаларында интерферондардың жоғарлауын ынталандырады. Оны аурудың ерте мерзімінде ересектерге күніне 1-2 таблеткадан 3 рет және сәйкесінше одан төмен мөлшерде балаларға тағайындайды. Егерде айқын вирусты фарингит немесе тонзилит болса, таблетканы жұтады немесе сорады. Ринит кезінде гипораминді ересектер 4-6 тамшы, ал баллар 2-4 тамшыдан мұрынға тамызады. Гипорамин балауызын көп жағдайда балалардағы жоғарғы гипертермияда, вирусты пневмония және бронхитте қолданады. Өкінішке орай гипораминнің тиімділігі аурудың клиникасы асқынған жағдайда бастапқы кезеңдегідей әсері айқын болмайды. Аллисат және алликор- сарымсақтан алынған ДЗ, атеросклероздың алдын-алуда қолданады, вирусты инфекция кезінде де тиімді. Осы ДЗ қолданған дәріхана жұмысшылары немесе науқастарда басқалармен салыстырғанда вирусты аурулармен сирек ауыратыны анықталған. Аурудың алдын-алуда қарапайым сарымсақты қолдануға болады, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайда күніне сарымсақтың 3-4 бөлігін тамақпен бірге ретті түрде қолдану керек. Науқас жатқан бөлмені және басқа бөлмелерді майқарағай (самырсын) майымен хош иістендіргіш жүргізуге, хош иіс шығаратын шамдарды қолдануға немесе төсек орынның бас жағына қағазға иісті майды тамызып іліп қоюға болады. Хош иіс шығаратын шамдарға антисептикалық қасиеті бар және жағымды иісі бар майқарағай майының 6-8 тамшысы жеткілікті. Төсек орынның бас жағына қоятын қағазға 2-3 тамшы тамызса жеткілікті.

Интоксикациямен күресу кезінде қара аю бадам гүлінің жылы тұнбасын ішу, жөке гүлдерін немесе қарапайым түймедақты қолану ұсынылады. Аталған тұнбаларды ыстық күйінде қолдану тер бөлінуін ынталандырады, ағзадан токсиндерді шығарады және дене қызуын төмендетеді. Қазіргі уақытта аю бадамның гүлдері тек дәрумен ғана емес, иммуномолульдеуші қасиеті анықталған, жөке гүлінде эфир майы болғандықтан, жөке гүлінің тұнбасын ауыз қуысын шаюда, вирусты және вирусты емес фарингитте, тонзилтте қолдануға болады.

Көрнекті фитотерапия облысындағы неміс маманы Р.Ф.Вайсс түймедақтан және аю бадамнан жасалған ыстық шәйда жеткілікті емдік әсері бар деп есептейді. Жоғарғы тыныс жолдарының жедел қабыну ауруларында, интоксикациямен күресу кезінде және ағзаның қорғаныс күшін жоғарылату үшін мақсатты түрде өсімдік текті дәруменді сусындарды қолдану. Кезкелген инфекция кезінде дәрумендерге деген қажеттілік жоғарылайды. Ағзаның дәрумендермен жеткілікті түрде қамтылуы тезірек жазылуға әкеледі. Ауру кезеңінде энергияның көп жұмсалуына байланысты, компенсация ретінде К дәруменді сусынға бал, фруктоза, глюкоза немесе қарапайым қант қосады. Итмұрыннан, қызыл шетеннен, таңқурай жапырағынан және ұрығынан жасалған емдік шәйлардан басқа шырғанақ жапырақтарымен, жұпаргүл, өгей шөп, әсіресе жыбырлатушы жөтелде жолжелкенкен мен бірге қолдануға болады.

Мысал ретінде бірнеше рецепттері келтіруге болады:

Кәдімгі таңқурай, 20,0

Кәдімгі жұпаргүл, 10,0 Дәрілік түймедақ, 20,0 Екі ас қасық жинақты 400 мл қайнаған суға салады, 15 минут тұндырады, 45 минут уақыт аралығында суытады, сүзгіден өткізеді, бастапқы көлемге дейін қайнаған су құяды және тамақтанудан алдын күніне 3 рет 2 ас қасықтан қабылдайды.

Итмұрын, 50,0 ұрығы Қызыл шетен ұрығы 30,0 Шырғанақ жапырағы 10,0

Бір ас қасық жинақты 400 мл қайнаған суға салады, термоста 3 сағат тұндырады, сүзгіден өткізеді, күніне бірнеше рет қабылдайды.

Итмұрын, 30,0 ұрығы Қара қарақат, 50,0 ұрығы Қойбүлдірген, 20,0 жапырақ Қара аю бадам жапырақтары 10,0

Жинақты үккіштен немесе кофе ұнтақтатқыштан өткізіп ұсақтау керек. Бір ас қасық жинақты 400 мл қайнаған суға салады, термоста 3 сағат тұндырады, сүзгіден өткізеді, жылы күйінде күніне 3-4 рет 1/4 стаканнан қабылдайды. Трахеиттің пайда болуында келесілерлі ұсынуға болады:

  • Өгей шөп, 20,0 жапырақтары
  • Кәдімгі жұпаргүл, 10,0 шөбі
  • Дәрілік түймедақ, 20,0 гүлдері
  • Шілтер жапырақты шәйқурай, 10,0 шөбі
  • Үлкен жолжелкен, 20,0 жапырағы
  • Қоңыр итмұрын, 40,0 ұрығы

Тұнбаны 200 г қайнаған суға 2 ас қасық қосып дайындайды. Тамақтанудан алдын күніне 3 рет 2 ас қасықтан қабылдайды.

Үй жағдайында жеміс сусындарын дайындауға болады, ол үшін қантпен консервіленген шырғанақ, қызыл және қара қарақат, бүрген (калина) шырындарын қолданылады. Құрамында салицин және эфир майы бар тобылғы өркенінің гүлі өте жақсы қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Интоксикация көрінісін төмендету мақсатында, дренаждық зат ретінде дала қырықбуыннын қолданады.

ЖРА ауыр ағымында өтетін науқастар, сонымен қатар гипотониямен, нейроциркуляторлы дистония, гипотрофиясы бар науқастар адаптогендерді жалпы қолданатын мөлшерде қабылдаған жөн. Әсіресе адаптогендерді тәтті дәруменді шәйлармен немесе морстармен бірге қолданса тиімділігі жоғарлайды.

Соңғы жылдарда бүкіл әлемде емдік-прфилактикалық мақсатта қызылкүрең итмұрын қолданады. Эксперимент жүргізгенде және клиникада лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі 25% жоғарлағаны дәлелденген. Қызылкүрең итмұрын ДЗ жылына 2-3 рет профилактикалық емшара ретінде қабылдаса салқын тигеннен болатын аурулармен аурушаңдық төмендейді. Бұл өсімдіктің антисептикалық қасиеті бар екенін ғалымдар дәлелдеген. Кеуде қуысының терісін эфир майлы микробка қарсы жақпа майлармен сылау керек екенін ескерген жөн. Үнемі дәріханаларда болатын «Доктор Мом», «Тайсс» жақпа майларын айтуға болады. Үй жағдайында дайындауға болатын жақсы емдік қасиеті бар сарымсақ майын ескеру қажет. Ұсақталған сарымсақты өсімдік майына қосады, бірнеше сағатқа қойып қояды, ыдысты бірнеше рет шайқайды, сосын кеуде аумағын, мойынның алдыңғы бетін, жауырын аралықты дайын жақпа майды жағып шығады. Сарымсақ-бұл әмбебап табиғи антисептик, сондықтанда тез әсер етеді және сенімді. Әсіресе бұл заттар трахеитте жақсы. Булы ингаляциямен қоса жоғарыда көрсетілген жақпамайларды трахея аумағына және жауырын аралығына жақса трахеитке тәне үрме тәрізді жөтел тезірек жойылады, қақырықтың шығуын жеңілдетеді және қабыну үрдісі басылады. [5]

Жедел ринит пен фарингит үнемі бірге жүреді. Тез дамитын ауру синдромында, тамақтың қатты жыбырлауы кезінде белсенді түрде тамақты шаю керек. Өсімдік текті ДЗ ішінен әсіресе түймедақ гүлдері, жөке гүлдері, шалфей шөбі, қырмызыгүл, эвкалипт тұнбалары тағайындалады және айқын микробка қарсы әсері бар дайын спиртті тұнбалар: ротокан, эвкалимин, шайқурай тұнбалары т.б. Тамақты шаятын ерітінділер қолданар алдында дайындайды, 1/2стақан суға 1 шәй қасық дәрілік зат қосады. Шаюға арналған ерітінді жылы болуык керек. Емшараны әр 2-3 сағат сайын қайталайды.

Қоздырғышы жиі стрептококк болып табылатын жедел тозилиттің емдеу әдісі басқа. Бұл жағдайда сәйкес келетін антибиотиктерді қолдану керек екенің ұсынған, фитотерапия аумағындағы фрацуз мамандарымен толықтай келісуге болады. Фитотерапия бұл жағдайда көмекші әдіс болып қалмақ, алайда өте маңызды әдіс, антибиотиктердің әсерін жоғарылатады, дисбактериоздың алдын алады. Бадамшалардың қабынуында, шырыш асты қабатында немесе лакунасында ірің болса, лимон шырынымен, сарымсақ және шайқурай майын жағу керек. Одан басқа науқасқа микробка қарсы әсері бар өсімдік текті ДЗ тұнбасымен тамақты шаюды ұсыну қажет (түймедақ, шалфей, жебіршөп, жөке, эвкалипт, қырмызыгүл, емен қабығы). Тамақтың тез дамыған ауру сезімінде бұл емшараны орындау қиындау, сондықтан бадамшаларды микробка қарсы әсері бар затты қолдану немесе ингалиптпен нгаляция жүргізу қажет. Сарымсақ майымен және басқада микробка қарсы әсері бар майларды мойынның алдыңғы бет терісіне жағып, сосын жылы шарфпен орау керек. Ауру сезімі төмендегеннен кейін көп ретті тамақты шаю, ол лакунаның және бадамша тіндерін тазалайды.

Интоксикациямен күресу кезінде итмұрын шәйін, бүрген шырынын, шырғанақ, лимон шәйін пайдалану. Әлсізденген және гипотрофты науқастарға қызылкүрең итмұрыннан жасалған ДЗ және адаптогендерді (хауанатамыр тұнбасы, қытай лимоны, манчжур аралии, эвкалипт экстракты және т.б) бірге пайдаланған жөн. Қолдану ұзақтығы 2-3 апта. Баспаны (ангина) осылай кешенді емдеу кезінде тезірек жазылатыны және асқынусыз өтетіні тәжірибе жүзінде дәлелденген. [6]

Қорытынды:

Сонымен, заманауи дәрігердің алдында жеткілікті түрде жоғарғы тыныс жолдарының жедел қабыну ауруларында емдік-профилактикалық мақсатта қолданатын табиғи қауіпсіз ғасырлар бойы дәлелденген өсімдік текті ДЗ бар, соларға назар аудару және қолдана білу қажет. ЖРА кезіндегі кешенді терапия жүргізгенде физикалық емдеу әдісін ұмытпау керек. Аурудың ағымы кезінде науқастардың жылынуға қажеттілігі туындайды. Сондықтанда оларды ыстық шәймен, қол және аяққа жылы ванналар жасау, жылы төсек орнына жатқызу керек. Бұның бәрі жылу энергиясын сақтауға көмектеседі.

Жоғарғы тыныс жолдарының жедел қабыну көрінісі басылғаннан кейін, 5-7 күнге дейін шырышты қабаттың құрылымы мен функциясы қалпына келіп үлгермейді. Сол себепті қайта қалпына келтіру үшін бір апта күту қажет. Өкінішке орай науқастар күтінбей асығыс жұмысқа, сабаққа кетіп қалады. Сондықтан 2 апта бойы кешкісін жоғарыда көрсетілген фитофармацевтикалық заттармен булы ингаляция жасау, ал астенияны жеңу үшін дәруменді шәйларды адаптогендермен бірге қолдану керек.

Жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары кезінде фитотерапия баламалы және тиімділігі жоғары емдеу әдісі, бұл заманауи медицинадан тыс қалмауы керек, керісінше толықтыруы қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Вирусные респираторные заболевания. Доклад Научной группы ВОЗ // Серия технических докладов 642./Всемирная организация здравоохранения. - Женева: 2014. - С. 12-16.
  2. Наумов Г.П. Применение аэрозолей при воспалительных заболеваниях верхних дыхательных путей. - М.: Медицина, 2015. - 152 с.
  3. Пискунов С.В. Диагностика и лечение воспалительных процессов слизистой оболочки носа и околоносовых пазух. - Воронеж: Издательство Воронежского университета, 2014. - 104 с.
  4. Кукес В.Г. Фитотерапия с основами клинической фармакологии. - М.: Медицина, 2015. - 56 с.
  5. Weiss R.F. Fintelmann V- Lehrbuch der Phytotherapie // Hippokrates Verlag. - Stuttgart: 2013. - Р. 48-56.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.