Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын медико-фармацевтикалық қамсыздандыруын жетілдірудің негізгі аспектілері

Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мен сапасын басқарудың мемлекеттік деңгейде тиімді тетіктерін жасау қажеттілігі туындап отыр. Алай да, соңғы кездері бұл бағыттағы зерттеулер толықтай жүргізілмей келеді. Осы ретте біз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын медико-фармацевтикалық қамсыздандыруын жетілдірудің ғылыми негіздерін жасау қажеттілігін ұсынамыз.

Өзектілігі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев, еліміміздің алдағы уақыттағы даму мен әлемнің 30 ең дамыған елдерінің қатарына кіру бойынша 2012 жылғы 14 желтоқсан күнгі «Стратегия «Казахстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының елдері арасында даму жағынан алшақтықты аттап өту мақсатын қойған болатын. Осыған орай үкімет алдында, медициналық қызметті ұсынудың сапасы мен қолжетімділігін жетілдіруге бағытталған ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын кезең- кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын басқару мен қаржыландыру жүйесінің тиімділігін жоғарлату, және де қолдағы бар қорларды тиімді пайдалану міндеттері қойылды [1, 2].

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жасалған болатын. Оның негізгі индикаторларының бірі болып, тұрғындардың медициналық көмек сапасына деген қанағаттанушылық деңгейін 46%-ға дейін жоғарлату саналады. Тұрғындардың медициналық көмек сапасына деген қанағаттанушылығына әсер ететін факторлардың бірі болып, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік осал топтардың медициналық өнімдерге (дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға) экономикалық және нақты қолжетімділігі саналады [3].

Зерттеу мақсаты.

Біздің зерттеуіміздің мақсаты болып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жағдайында тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын медико- фармацевтикалық қамсыздандыруын жетілдірудің негізгі аспектілерін қарастыру саналды.

Зерттеу нәтижелері.

Қазіргі таңда, бүкіл әлемде денсаулық сақтау саласына кеткен шығындардың өсуі жалғасып келеді. Сөйтіп, ЖІӨ қарағанда денсаулық сақтау саласына кеткен шығындардың үлесі барлық елдерде жоғарылайды (1 сурет), және де бұл өсім сала табысының көп бөлігін құрайтын жетілген нарықтарда біршама жоғары болып келеді. Ел қаншалықты бай болған сайын, әдетте, денсаулық саласына соншалықты көп ақша қаражатын жұмсайды [4].

«IMS Institute for Healthcare Informatics» компаниясының «Global Outlook for Medicines Through 2018» атты баяндамасында жарияланған болжамдарға сәйкес, 2018 жылы дәрілік заттарға деген жалпы шығындар шамамен 1,3 трлн. АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін [5, 6].

2014 мен 2018 жылдар аралығында абсолюттік мәнде дәрі- дәрмектерге деген жаһандық шығындардың өсімі ақша қаражаттың нақты және болжамды бағамында 290-320 млрд. АҚШ долларына (2 сурет), ал ақша қаражаттың тұрақты бағамында - 205-335 млрд. АҚШ долларына жететін болады.

Ары қарай біз, жалпы дүниежүзілік фармацевтикалық нарықтың дамуын, жаңа қарқындар мен ағымдарды қарастырып көрейік. IMS Health Consulting халықаралық аналитикалық компанияның бағалауы бойынша 2012 жылы дүниежүзілік фармацевтикалық нарықтың көлемі 940 млрд. АҚШ доллары деңгейіне жеткен. Ақшалай тұрғыда өсім шамамен 6%-ды құрады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштің жылдық өсім қарқыны 3-4%-дан кем емес деп күтілуде. Осындай қарқын одан әрі жалғасуын тапса, онда 2020 жылы дүниежүзілік фармацевтикалық нарық 1,5 трлн. АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін.

Бұл ретте, басқа аналитикалық компания, Business Monitor International, 2020 жылға дейін дүниежүзілік фармацевтикалық нарық көлемінің дамуына және территориялық үйлестірімге төмендегі суреттерде көрсетілгендей болжама жасады (3 сурет, 4 сурет) [4].

Алайда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі институционалдық қайта құрылу нәтижесінде экономиканың мемлекеттік аймағынан шығып кеткеніне қарамастан, өндіріс пен тұтынудың негізгі реттегіші ретінде нарыққа сүйену, қалыптасқан жағдайда, өзін-өзі ақтамайды. Бұл жағдайда, сапалы медициналық өнімдермен денсаулық сақтау саласын және тұрғындардың оған деген қолжетімділігін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі тек қана төмендемей, ол одан әрі біршама күшеюде.

Бұл жағдайда ерекше маңызға аймақтық деңгейде денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық өнімдермен тұрғындарды қамтамасыз етуде басқару деңгейлері бойынша өкілеттілік пен жауапкершілікті үйлестіру ие болады. Әсіресе қызметтердің бұндай үйлесімділігі десаулық сақтау мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету салаларының өзара қарым-қатынасында құрылады. Бұл ретте, медициналық өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мен сапасын басқару стратегиялық маңызды кешенді міндеттер болып саналады. Оны шешу үшін аталған екі сала басқармаларының барлық деңгейлерінде келіспелі түрде қызмет жасауын талап етеді. Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарында ДЗ мен ММБ қолжетімділігін қамтамасыз ету мен сапасын басқарудың мемлекеттік деңгейде тиімді тетіктерін жасау қажеттілігі туындап отыр. Алайда, соңғы кездері бұл бағыттағы зерттеулер толықтай жүргізілмей келеді.

Біз жоғарыда аталған мәселелерді қарастыру мақсатында келесідей міндеттерді шешу қажеттілігін алға тартып отырымыз. Атап айтар болсақ:

  • тұрғындардың әртүрлі топтары арасындағы әлеуметтік маңызға ие патологиялардың таралуын зерттеу;
  • емдеу-сауықтыру мекемелерінде тұрғындарды дәрілік заттармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен қамтамасыз ету сапасына талдау жасау;
  • дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарға қолжетімділігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін анықтау мақсатында науқастар мен медициналық қызметкерлер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу.
  • формулярлық реттеу қағидаларына сүйене отырып, медициналық өнімдерді сатып алу кезінде тиімді саудалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқаулар жасау.
  • медициналық өнімнің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Қорытынды.

Қорыта келгенде, жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, және де оларды шешу жолдарын қарастыра келіп, қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын медико-фармацевтикалық қамсыздандыруын жетілдірудің ғылыми негіздерін жасау заман талабы болып қалуда.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» // Казахстанская правда. - 2012. - № 437-438 (27256-27257).
  2. Политика Республики Казахстан в области здравоохранения в свете стратегии «Казахстан-2050» [Электронный ресурс]. - Режим доступа: https://articlekz.com/article/11175.
  3. Указ Президента Республики Казахстан от 15 января 2016 года № 176 «Об утверждении Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 2016 - 2019 годы и внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 957 «Об утверждении Перечня государственных программ» // САПП Республики Казахстан. 2016 г., № 5-6 ст. 19.
  4. Перспективы развития фармацевтического рынка Единого экономического пространства. - Алматы: 2013. - 39 с.
  5. Тищенко А.Н., Доровской А.В. Социально-экономическое значение и характерные черты фармации // Проблемы экономики. - 2013. - №3. - С. 13-20.
  6. Батталова А. Прогноз развития мирового фармацевтического рынка до 2018 года // Фармацевтическое обозрение Казахстана. - 2015. - №1(39). - С. 5-12.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.