Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәдімгі адраспан (peganum harmala l.) жапырағы мен сабағын микроскопиялық талдау

Бұл мақалада кәДімгі адыраспан өсімДігінің кептірілген шикізатын микроскопиялық талдауының негізінде анатомиялық диагностикалық белгілері анықталды, біз оның көмегімен кәДімгі адыраспан түріне дифференциалды диагностика жүргізе аламыз. Алғаш рет нақты сипатталды.

Кіріспе:Қазақстан әр түрлі аурулар түрін емдеуге қолданылатын кең спектірлі әсерге ие дәрілік өсімдік шикізатына бай, солардың бірі адыраспан. Адыраспанда алкалоид, гармалин, гармин және аз мөлшерде гармалол, пеганин сынды биологиялық белсенді заттардың комплексі бар. Бұл комплекс қабыну ауруын басатын, зәр айдайтын тер шығаратын, ревматикалық артритті емдейтін әсер көрсетеді. Көптеген зерттеулер жүргізілгенімен де адыраспан (Peganum harmala) шөбінен дәрілердің түрлері елімізде аз өндіріледі. Сондықтан, адыраспан шөбінен тиімділігі жоғары және қымбат емес дәрілік қалыптар әзірлеу заманауи фармацевтика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Кәдімгі адыраспан (Peganum harmala) – Zygophyllaceae тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабығы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі адраспан. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1–3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.

Жұмыс мақсаты: Zygophyllaceae тұқымдасына жататын кәдімгі адыраспан (Peganum harmala) шикізатын анатомиялық зерттеу.

Материалдар мен әдістемелер.

Алға қойған мақсатқа жету үшін және диагностикалық белгілерін анықтау үшін Peganum harmala L. жапырақтарына анатомиялық зерттеу жүргізу қарастырылды. Кәдімгі адыраспанның жерүсті бөлігіне анатомиялық зерттеу жүргізу үшін шикізат генеративті фазада жинап алынды.

Препараттарды дайындау үшін кептірілген шикізат қолданылды. Жапырақ кесектері мен бөліктерін хлоралгидрат-су (1:1) ерітіндісінде 5-10 мин ағарғанша қайнатып, артынан зерттеу нысандарын зат әйнекте бір тамшы глицеринмен араластырып, инемен екіге бөлдік. Шикізат бөлігін инемен алдық, егер жапырақ жұқа болса және алғанда жиналып қалса, жапырақ бөліктерін зат әйнек үстіне суға салып, оны инемен әйнекке шығарып түзейді. Егер жапырақтың екі жағын да қарау керек болса, зат әйнектің үстінде жапырақ бөлігін екіге бөліп, бір бөлігін абайлап аударып, біріншінің жанына орналастырамыз. Тығыз жапырақтарды қараған кезде иненің ұшымен немесе кескіш пышақпен бөлшектейді. Дайын препараттар мен кесінділерді хлоралгидрат ерітіндісінде қарайды.

Нысанды жабын әйнекпен жауып, екі жағын да микроскоп астында қараймыз, алдымен аз үлкендікпен (х100), артынан үлкен (х400) ұлғайтуды қолданып, МС-300 (MICROS, Austria) микроскобының көмегімен дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық және микрохимиялық зерттеу техникасы (Фармакопея Республики Казахстан, 2008)[1] бойынша зерттейміз.

Сабақ бөліктерін 5¿ натрий гидроксиді ерітіндісінде 5-10 мин бойы қайнатып, артынан сумен жуамыз, эпидермисті инемен бөліп алып, оның жоғарғы бөлігін қарадық. Қалған тін материалынан препарат дайындап, оны зат әйнекте глицерин ерітіндісінде пышақпен бөлшектедік.

Беткі препараттарды және өсімдік органдарының кесінділері микротом көмегімен мұздатқыш құрылғы ТОС-2-де қолмен дайындалды. Анатомиялық кесінділердің қалыңдығы 10-15 мкм құрады. Анатомиялық құрылымын сипаттағанда жалпы қабылданған терминдер қолданылды (Вехова и др., 1980) [2, 3].

Нәтижелер мен талқылаулар.

Жапырақ микроскопиясы. Жапырақ құрылымында келесі ерекшеліктер кездеседі. Жапырақтың астынғы және үстінгі эпидерма қабытының астында 2-3 қатар бағаналы паренхима орналасқан, оның дамуы жапырақ кеңістігінің вертикалды бағытына байланысты (сурет 1) . Тығыз бағаналы ұлпаның астында кристалды қабат жатады, клетка қуысы ұсақ ине тәрізді кальций оксалаттарына толы. Клеткаарылқты 3-5 қатарлы түссіз борпылдақ паренхимада клеткаларынша шырышы кездеседі. Метилен көгімен өңдеген кезде шырыш қанық көк түске боялады. Борпылдақ паренхима клеткаларында сондай-ақ друздар мен кальций оксалаты кристалдары кездеседі. Коллатеральды өткізгіш шоқтары шағындау, түссіз паренхима клеткаларымен қоршалған.

Жапырақ эпидермисі суккулентті, оның клеткаларында шырыш бар, оған кальций оксалаттарының кристалды құмдары қосылған. Кристалл құмдары барлық эпидермальды клеткаларда (устьицаның түйістіргіш клеткаларынан басқа) жинақталады, жеке клеткаларда толығымен клетка ішін толтырып қою дақ түрінде көрінеді.

Эпидермальды клеткалар жапырақ беттік препараттарында әртүрлі формада: тікқабырғалы, ұзартылған, ірі клеткалар ұсақ полигональды клеткалармен кезектесіп орналасақан (сурет 2). Устьицалар амфистоматикалық, ранунклоидты, 2-5 әртүрлі көлемдегі клеткалармен қоршалған эпидерманың өалған клеткаларымен бірдей деңгейде орналасқан. Кутикуласы жұқа. Жас жапырақтары эфемерлі безді түктермен қамтамасыз етілген. Безді түктердің аяқшасы және шайырдан тұратын түк қалпақшасынан тұрады. Үлкен өсімдіктерде түкшелер тек жапырақ негізінде пішіні қатты өзгерген түрде сақталады.

Жапырақтарының анатомия-морфологиялық

белгілерінің сәйкестігі бойынша кәдімгі адыраспан ксерофиттерге жатады. Жапырақтың ксероморфты құрылымы суккуленттіліктің белгілерімен үйлеседі: перифериялық ұлпалардың тұздарды бөліп шығаруы және эпидермис пен мезофилл клеткаларында шырыштың болуы. Жапырақтың бұл анатомиялық ерекшеліктері олардың вертикалды жазықтықта орналасуымен қатар транспирациясын төмендетеді. Дегенмен, адыраспанға барлық ксерофиттік белгілер тән емес. Керісінше, мұндай белгілер жапырақтың екі бетінде де лептесіктің көп болуы, олардың эпидерманың беткі қабаттарында орналасуы, жәй трихомалардың жоқтығы, эпидерма клетка қабырғаларының әлсіз қалындауы, палисадты ұлпаның жоғары деңгейде дамуы транспирацияның интесивтілігін арттырады. Бұл жер асты сулар қабатына дейін терең дамыған тамыр жүйесімен қамтамасыз етеледі, сондай-ақ өсімдікті қызып кетуден қорғайды. Аталған экологиялық белгілер өсімдікті гемиксерофит ретінде сипаттайды.

Кәдімгі адыраспан жапырағының құрылымдық ерекшелігі бадырайып көрініп тұратындығында. Жапырақ құрылымының типі - центрикалық, ол құрғақ жағдайға бейімделуді нұсқайды, бейімделудің алуантүрлілігімен ерекшеленеді (сурет 4).

Сабақ микроскопиясы. Кәдімгі адыраспан сабағының құрылысында әртүрлі деңгейдегі құрылымдық өзгерістер байқалады. Сабақ өте қалыңданған клетка қабықшалыр бар және устьицалары терең орналасқан сукулентті эпидермиспен қапталған (сурет 7, 8, 10). Қабығында безді түктер кездеседі. Кейбір эпидермальды клеткаларла кальцидың кристалдары кезедседі. Қабық астында гиподерма төселген, оның клеткалары көлемі бойынша эпидермальды клеткаларға қарағанда шағын және толығымен кристалды құмдармен толтырылған. Бағаналы типті хлоренхиманың астында (2-3 қатарлы) түссіз негізгі тін орналасқан, көп клеткалары шырышпен толтырылған. Шырышты клеткалар басқа полигональды паренхима клеткаларымен салыстырғанда, көлемі бойынша ірі және шеті дөңегелек.

Орталық цилиндр коллатеральды шоқтармен толтырылған, дамудың бастапқы сатысынан перициклды талшықтар дамыған. Перициклдың жалғастырмалы әрекеті нәтижесінде, күшті склеренхималы сақина түзіледі, орталық цилиндрді тығыз футлярымен қаптаған (сурет 8, 9).

Сабақ сүрегінің гистологиялық құрылымы. Кәдімгі адыраспан сабағының өткізгіш жүйесі қабырғалары әртүрлі типті қалыңдаған трахея және трахеидтермен құралған (сурет 11). Түтіктері салыстырмалы жұқа қабырғалы, тар, диаметрі 20—60 мкм. Түтік мүшелері ұзын әрі қысқа (286 мкм), кішкене тұмсықпен. Перфорациялары қарапайым, дөңгелек немесе сопақ, бүйір және көлденең қабырғаларында орналасқан. Түтіктері көбіне торлы немесе жиекті көмкерілген тесіктері бар, жиі спиарль тәрізді үшінші реттік қалындау байқалады. Түтікаралық тесіктер қарама-қарсы, кезекті немесе өтпелі, тесіктері сопақ және доғал. Прото- және метаксилемаларға иректелген, сақиналы және сатылы-торлы түтіктер тән. Трахеидтер сондай-ақ, қабырғалырының әртүрлілігімен сипатталады: сатылы-торлы, торлы, тесіктері доғалданған жиекті. Либриформды талшық жұқа және қалың қабырғалы, тесіктігі сирек, доғалданған. Сүрек талшықтарының арасында (200-250 мкм) 1400 мкм жететін либриформ талшықтары да кездеседі. Талшықтардың ұшы доғалданған немесе үшкір, шеттері кетіктері де кезедседі. Сүрек паренхимасы ұршық тәрізді немесе 2-4 клеткаларға біріккен.

Адыраспан сабағының сүрегінің құрамын элементарлы талдау оның мамандануының жоғарғы деңгейін көрсетті. Сабақтың трахеалды элементтерінен түтіктері жоғарғы деңгейде дамыған. Талшықтардың болуы сондай-ақ сабақ сүрегінің тамыр түтіктерінің жәй перфорациясымен коррелятивті байланысқан маманданғанын көрсетеді.

Қорытынды: Кәдімгі адыраспанды анатомиялық талдау кезінде оның жалпы құрылымдық ерекшеліктері анықталған (орталықты мезофиллмен қатар – жұқа кутикула, амфистоматикалық, аномацитті устьица типтері). Ол экологиялық түрлі жағдайларға бейімделуіне негізделген. Осылайша, гемиксерофит болып табылатын кәдімгі адыраспан жабын түктері болмайды (жас жапырақтарды қорғайтын түктерден бөлек), ксерикалық жағдайда транспирациясы көбееді. Сонымен қатар ылғалды сақтауға қабілеттендіретін бейімделгіштік белгілер де дамиды (шырышы бар клеткалар), транспирацияны төмендететін (эпидермис клеткаларында кристалды құмдардың жинақталуы). Сабақ құрылымының түрлік ерекшеленуі ксероморфты жағдайда айқын байқалады: қабық паренхимасының нашар дамуы, лигнифицирленген перициклды белдеудің тез және ерте қалыптасуы және гистологиялық элементтердің ұсақ клеткалы болуы.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. - Шымкент: 2012. - 273 с.
  2. Қожабеков М.,Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер. - Алматы: Қазақстан, 1982. - 251 с.
  3. Никиточкина Г.Д. Дәрілік өсімдіктер. 5- басылым. - Алматы: Колос С, 2003. - 391 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.