Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Бас және мойын аурулары» пәні бойынша әдістемелік электронды оқу құралдарын қолдану

«Бас және мойын аурулары» пәні бойынша стоматология факультетінің 5 курс студенттерінің оқу нәтижелері, электронды оқулықтарды қолдану нәтижелері бағаланады. Оқутылатын тақырып бойынша студенттерде электронды контентпен қанағаттандырылған туралы анализдерді талдау жүргізілген. Электронды оқулық басылымдар оқу материалын неғұрлым тиімді игеру, студентердің білімін кешенді жүйесін қалыптастыруға ықпал етті, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы дәстүрлі білім беру жүйесін түрлендіру мүмкіндігін береді. 

Адамзатың XXI ғасырға өз дамуының жаңа кезеңінде ақпараттық қоғамға енуі жүріп отыр. Ақпараттың толқынды өсуі, оның сапалық өзгерістері, ақпараттық технологиялардың дамуы - қоғамның сапалық өзгерістеріне әкелді . [2]. Бұл өз кезегінде стоматологиялық бағдар бойынша мамандарды дайындау үрдісіне септігін тигізді.

Орта мектепегі сабақ беру әдістері мен түрлері оқушылардың психологиялық өзгерулеріне әкелді, бұл ЖОО жаңа буындағы талапкерлер мен студенттердің келуіне әкелді, олардың оқу үрдісіне деген талаптары мен жеке қасиеттері қазіргі заманға сай келмей отырған сияқты. Сондықтан да бұл студенттерді оқытуда күтпеген қиындықтар әкеліп отыр.

Осыған орай, студенттерде ойлаудың «бейнелі» түрі, қарым-қатынастың логикалық емес - эмоционалды түрін қалыптастыру, көлемді ақпаратты түсінбеу және оны қабылдаудың күрделі болуы, оқу барысында ойын болмаса басқа жаққа көңілдің ауып кетуі, өз бетінше шешімді тез қабылдау мен оқудың уақытын жоспарлай алмауы, өз бетінше оқуын жоспарлау машықтарының болмауы орын алған. [4]. Өмірдің әрбір бағыттарына ақпараттық үрдістердің екпінді түрде енуі - медициналық білім беру жүйесіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізе отырып жаңа білім беру үлгісін жасауды талап етеді. [1, 3]. Компьютерлі технологияларды

тәжірибелік түрде қолдану - талапкердің жаңа танымдық белсенділігін арттыру қарастырылады, оның қорытындысы ретінде талапкерлердің өз бетінше дамуы болып табылады. [5, 6, 7].

Мақсаты: «Бас және мойын аурулары» пәні бойынша стоматологиялық факультет студенттерін дайындауда электронды оқу құралдарын қолдану тиімділігін жақ бет аймағы жараларының жазылу әдістер мен сұрақтарын жетілдіру мысалында қолдану.

Міндеттер:

  1. «Бас және мойын аурулары» пәні бойынша әдістемелік нұсқауларға электронды оқу құралын енгізу тиімділігін ағымдағы үлгерімі мен емтиханын бағалау.
  2. Тақырып бойынша қалған білім деңгейіне баға беру: жақ-бет аймағы жараларының жазылу әдістері мен сұрақтарын оңтайландыру бойынша ағымдағы бақылау ретінде тест тапсырмаларын орындау.
  3. «Бас және мойын аурулары» пәні бойынша оқып жатқан студенттерді тәжірибелік және бақылау тобы деп екіге бөліп салыстырмалы талдау жүргізу, қалған білімін жақ-бет аймағы жараларының жазылу әдістері бойынша бағалау.
  4. Студенттердің қанағаттану дәрежесін анықтау мақсатында мониторинг жүргізу, электронды контент арқылы анкета жүргізу.

Мәліметтер мен әдістер: 2016 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 5 курс стоматология факультетінің орыс бөлімше топтарын біз зерттеуге алдық. Педагогикалық тәжірибе жүргізу барысында барлық студенттер (42 адам) екі топқа бөлінді – тәжірибелік (21 студент) және бақылау (21 студент). Тәжірибелік топта оқу әдістемелік құрал ретінде электронды оқу құралдары қолданылды, ал бақылау тобында – әдеттегідей оқу әдістеме материалдары қолданылды.

«Бас және мойын аурулары» пәні бойынша тәжірибе барысында қалған білімін бағалауды аралық бақылауға сүйене отырып талдау жасалды. Содан соң, екі айдан кейін тәжірибелі және бақылау топтарында берілген пән бойынша білімдерін тексеру тест түрінде жүргізілді.

«Бас және мойын аурулары» пәнін оқу барысында электронды оқу құралдарын қолдану тиімділігін талапкерлердің ағымдағы оқу үлгерімі, емтихан мен қалдық білімін бағалау негізінде талдау жүргізілді.

Оқу барысында және емтиханнан кейін студенттердің ЭОҚ бойынша қанағаттану дәрежесін анықтау жүргізілді. Соңғы рет анкетамен сұрау кейінге қалдырылған білімін тексеру кезінде жүргізілді, яғни екі айдан кейін. Анкета ретінде стандартты, яғни білім алу бойынша қанағаттану дәрежесін анықтайтын анкеталар қолданылды, олар алдын ала 5 курс стоматология фаультетінің студенттерінде апробация жасалынған.

«Бас және мойын аурулары» пәні бойынша оқу құралының негізі ретінде HTML 5 (HyperTextMarkupLanguage) форматы ASCII-кодында қолданылды. HTML 5 форматы WindowsLinex операционды жүйесінде, сонымен қатар, мобильді байланыстың Android4.0 мен AppleiOS6.х және басқа да одан жоғары жүйелерде жұмыс жасай береді. Форматтың басты артықшылығы бұл мәтіндегі басылымды гиперсілтеме түрінде қоюға болатындығы, ол арқылы басылымның берілген құжаты бойынша ішкі және сыртқы өтпелдерге көшу мүмкіндігі болып табылады. Жекелеп айтқанда, гиперсілтеме арқылы автормен немесе басылым басшылығымен электронды почта арқылы байланысуға болады, қолданылған әдебиеттер тізімін көруге, иллюстрацияларды шақыртып мәтін фрагментінің мәнін және тағы басқаларын түсінуге болады.

ЭОҚ құрамына сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және тағы да басқа ақпарат кіреді, ол оқу мәліметтерін терең түсінуге, ой толғауға, оқу мағлұматын есте сақтауға көмектеседі. Өз білімін бақылау мақсатындағы оқу материалын меңгеруді деңгейін тексеру үшін тест түріндегі тапсырмалар енгізілген.

Зерттеудің нәтижелері: 5 курс стоматология факультеті студенттерінің «Бас және мойын аурулары» пәні бойынша тәжірибелік топтағылардың ағымдағы үлгерім рейтингісі мен емтиханның қорытындылары бойынша орта баға 91,37 болды, бұл баллдық рейтинг жүйесі бойынша А- (үздік) бағасына сәйкес. Бақылау тобындағы ағымдағы үлгерім рейтингісі мен емтиханның қорытындылары бойынша орта баға 88,3, бұл ВÁ (өте жақсы) бағасына сай.

Қалған білімдерін аралық бақылау мен тестілеудің нәтижелері арқылы бағаланды, тестілеу екі айдан кейін жүргізілген, тәжірибелік топтың бағасы айтарлықтай жоғары болды 90,04 (А-, үздік), ал бақылау тобында төмендеу, яғни 80,43 (В, жақсы) болды.

Анкета жүргізудің қорытындылары бойынша тәжірибелік топта, яғни ЭОҚ қолданған студенттердің оқумен қанағаттанудың деңгейі жоғары болды. Бақылау тобында оқумен қанағаттану деңгейі орташа болды.

Статистикалық мағлұматтар SPSS бағдарламасы бойынша өңделді.

Кесте 1 - «Бас және мойын аурулары» пәні бойынша 5 курс стоматология факультеті студенттерінің ағымдағы үлгерімі, қалған білімі және студенттердің қанағаттану деңгейі бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері

 

Тәжірибелік топ

бақылау тобы

Үлгерім деңгейі

91,37ã0,81

88,3ã1,3

Қалған білім деңгейі

90,04ã0,31

80,43ã0,86

Қанағаттану деңгейі

Жоғары

Орта

Талқылау: Педагогикалық зерттеу нәтижелері бойынша ЭОҚ қолданудың тиімділігі жоғары. Ағымдағы үлгерімі мен қалған білімінің деңгейі тәжірибелік топта жоғары болды. Мұндайда анкета жүргізудің нәтижелері бойынша студенттердің оқумен қанағаттану деңгейі тәжірибелік топта жоғары болды.

ЭОҚ қолданудың жағымды жақтары бұл талапкерлер мен мұғалімдерге бірдей пайдалы болуы. ЭОҚ оқу үрдісінде қолдану анкета және сұрау қорытындылары бойынша студенттің сабаққа дайындалу уақытын үнемдейді, қосымша әдедиет пен ақпаратты іздеуді жеңілдетеді, оқу үрдісін түрлендіреді, сабақты одан әрі қызықты және интенсивті етеді, талапкерлердің ынтасын арттыруына әсер етеді, басқа материалдарды қолдануға мүмкіндік береді және өздігінен сабаққа дайындалуға түрткі бола алады. Айта кетер тағы бір жағдай, бұл ЭОҚ оқу материалын тиімді игеруге, студенттердегі білімінің бүтіндігін жүйелендіруге септігін тигізеді, сонымен қатар, профессорлық мұғалімдер құрамына әдеттегі сабақ беру дәстүрін трансформациялауға көмектеседі.

Электронды оқу құралын педагогикалық құрлығы ретінде қолдану «Бас және мойын аурулары» пәні бойынша сабақ беру сапасын арттырады және студенттердің оқу материалын игеру тиімділігін арттырады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Амбрушкевич Ю. Г. Современные информационные технологии в образовательном пространстве медицинского вуза: проблемы и перспективы // Использование информационных образовательных технологий и электронных средств обучения в вузе: материалы науч.-метод. Конф. Гродно. - М.: ГрГМУ, 2011. - С. 6-8.
  2. Баданов А.А. Информационная культура курсанта в современном мире // Комплексная оценка деятельности военного института как отражение качества подготовки офицерских кадров: материалы межвузовской научнопрактической конференции 19.03.09. - Новосибирск: НВИ ВВ МВД России, 2009. - С.113-118.
  3. Галеев И.Х., Храмов Д.Л., Светлаков А.П., Колосов О.В. Адаптивное обучение и тестирование // Материалы Всероссийской научно-методической конференции «Развитие методов и средств компьютерного адаптивного тестирования». -2003. - С. 33-35.
  4. Исаева Е.Р. Новое поколение студентов: психологические особенности, учебная мотивация и трудности в процессе обучения первого курса // Медицинская психология журнал. - 2012. -№4 (15). - С. 91-96.
  5. Кривошеев А.О. Компьютерная поддержка систем обучения // Бюллетень Минобразования России «Проблемы информатизации высшей школы». - 1998. - №1. - С. 179-183.
  6. Лукашевич И.П. Проблемы информационного взаимодействия в медицине // Новости искусственного интеллекта. - 2005. - № 2. - С. 12-16.
  7. ЩербининаИ. А. Интеграция традиционного контроля и компьютерного тестирования как средство повышения эффективности обучения в вузе: автореф. дис. … канд. пед. наук - Владивосток, 2007. - 165 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.