Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заманауи медициналық білім берудің қажеттіліктерін одақтастыру, стандарттау және үйлестіру

Қазақстанда бүгінгі күнде жүргізілетін фармацевтилық саясатты реформалау – бұл саланың әр түрлі тараптарына: мамандарды дайындау жүйесіне де, дәрілік қамсыздандыру жүйесіне де – ауыруды емдеу тереапиясының тиімділігін арттыру мен дәрілік заттарды сатып алуға бөлінетін қаражат шығындарын оңтайландыруүшін алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірбиені енгізу. Клиникалық фармацевті дайындауға қажеттілік туындайды.

Кіріспе.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары - 100 нақты қадамдар бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін, яғни қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгерістерге алып келетін бес реформаларды қойды. Құжат - қадам 82. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі негізінде медициналық қызмет көрсету сапасына бірлескен комитет жасау. Негізгі мақсат - медициналық көмектің жоғары стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, оқыту, дәрі-дәрмектерді қамтамасыз ету, сапасын бақылаужәне қол жетімділік). (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдар» атты құжатынан).

Зерттеу өзектілігі. Дәрілік заттың жанама әсерінен болатын өлім қазіргі кезде әлем бойынша 4-6-шы орынды иеленіп отыр. Бұның негізгі себебі ретінде дәрілік заттар айналысы саласында ОТС (рецептсіз босатылатын дәрілік) препараттар санының қарқынды өсуі болып табылады.Ал дәрігер маманы болса сансыз дәрілік препарат ассортиментіне тиісті талдауларды жүргізуге мүмкіншілігі бола бермейді. Бұл дәрілік препараттың құрамы мен әсер ету механизмін жетік білетін және медицина саласын қоса меңгерген маманның қажет екенін көрсетеді.

Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасының медицина саласына клиникалық фармацевт маманының қажеттілігін анықтау

Зерттеу әдістері. Зерттеу жүргізу барысында салыстырмалы, жүйелі және тағы да басқа зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеуде қолданылған ақпараттық материалдар, бұл баспасөзде және мамандырылған кезеңдік басылымдарда жарияланған ақпараттар болып табылады.

Зерттеу материалдары. Қазақстанда бүгінгі күні жүргізілетін фармацевтикалық саясатты реформалаудың мақсаттары - ауруларды емдеу және дәрі-дәрмек сатып алу үшін бөлінген қаржылардың оңтайландыру тиімділігін арттыру, мамандарды даярлау, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне де - өнеркәсіптің түрлі салаларына үздік халықаралық тәжірибені енгізу болып табылады. Мемлекетіміз Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) толық мүшесі болғаннан кейін, алдымызға қойылған міндеттерді орындау үшін қазіргі заманғы жағдайында жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандар қажет. Бұл жағдайда, Қазақстанның жедел ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, озық технологиялар қатысуымен болатын кеңейту арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы сапасын арттыру үшін жағдай жасау, ішкі нарықта қызметтер мен инвестициялар, халықаралық сапа стандарттарын енгізу бар. Тұтынушы импорттың кеңеюіне байланысты тауарлардың кең ауқымды ассортиментіне төмен бағамен қол жеткізе алады. Алдыға койылған міндеттерді қазіргі заманғы мамандандырылған технологиялардың ақпараттандыру талаптарын орындау үшін, сонымен қатар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы табысты жұмыс істеу үшін жаңа қалыптастырылған мамандар қажет және де кәсіптер мен лауазымдардың ауқымын оңтайландыру мәселесі толық шешілмеген.

2015 жылдың қазан айында Алматы қаласында Қазақстанның медициналық қауымдастығы және Еуро-Азиялық экономикалық одақтың басқа мүше- елдер ұзақ күткен «Үздіксіз медициналық білім беру / Қазақстан Республикасында үздіксіз кәсіби даму» атты I Конгресс өтті. Конгресске қатысушылардың пікірінше, қазіргі кездегі Қазақстан медицинасының басты мәселелері: халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанарлықсыз және науқастармен жұмыс істеу барысында этикалық ережелердің бұзылуына наразылықтары. Қазақстан медицинаcында бар негізгі мәселе - түлектерді дайындау болып табылады, оқытудың сапа көрсеткіштері «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының талаптарына сай келмеуі (20112015 жж.). Ағымдағы жылда қабылданған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан мамандарды тәжірибелік жататындығын көрсетті [1].

Республикасының Үкіметі салалық дайындауда ғылым, білім және денсаулық сақтаудың Үшбірлігіне істеуі, практикалық интеграциялау, технологиялардың шетелден білікті Әрине, бұл жағдай бірқатар талаптарды қажет етеді: клиникалық деректер базасын және фармацевтикалық компаниялардың тиімді жұмыс университеттермен қабылданған іске асыру, шақырылуы.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауы жоғары дәрежеде дайындалған дәрігерлер мен фармацевтерге мұқтаж, сондықтан да білім беру жүйесін өзгертуі тиіс. Қазіргі уақытта ҚР ДСӘДМ (Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму миинистрлігі) оқыту сапасына комиссия құру жұмыстарын жүргізуде, мақсаты - білім берудің барлық түрлерінің сапасын арттыру. Комиссияда болашақта одаққа бірігетін ассоциациялар жұмыс атқарады, кейін ол ДСӘДМ-нің қосымша органы болып қалыптасады. Оның міндеті - білім беру стандарттарының қалыптасуына ықпал ету. Сонымен қатар, мысалы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- де мемлекеттік бағдарламалар, яғни «Болашақ» (шетелде халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау) профессорлық-оқытушылық құраманың және студенттердің академиялық мобильділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар шет елдердің мамандарына арналған «визитинг-профессор» бағдарламалары жұмыс істейді. Барлық осы шаралар ғылыми-педагогикалық, инженерлік медициналық мамандарды дайындау арттыруға бағытталған. [2]

Конгресс кезінде Ұсынылымдар қабылданған болатын, оларда үздіксіз медициналық білім (ҮМБ) / Үздіксіз кәсіби дамыту (ҮКД) жүйелері біріктірілген және Атқарушы орган болып Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті анықталған, сондай- ақ медициналық білім беру және ғылым мекемелерінде аймақтық өкілдіктерді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Ол агенттігінің халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз аккредиттеу органының кеңірек пайдалануды ұсынамыз және ҮМБ / ҮКБ саласындағы қызметті лицензиялауды қарастыру қажет. Сонымен қатар, фармацевтикалық өндірушілер Халықаралық кодексінің аналогы ретінде дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар өндірушілердің этикалық кодексін құру қажет және де ҮМБ/ҮКД курстарының білім беру бағдарламаларына және оқу-әдістемелік материалдарына сараптама жасауды университеттердің этикалық комитеттеріне жүктелуі абзал. Бұл әр мамандық үшін кәсіптік стандарттарды, білім стандарттарын, практика, сертификаттау және тіркеу үшін ортақ құзыреттерді анықтау үшін, сондай-ақ, кәсіптік-техникалық білім арасындағы стандарттарын және маман аралық білімді анықтауда қажет. ЕурАзЭҚ елдерінде денсаулық сақтау мамандықтардың тізімін үйлесу қажеттілігі бар екенін атап өтті.

Біз жаңа қалыптағы маман даярлауда шетелдердің тиісті тәжірибесін зерделеу бойынша үлкен жұмыстар жүргіздік, яғни отандық медициналық және фармациялық өнеркәсіпке клиникалық фармацевт мамандығын енгізу және бейімдеу.

Еуропа үшін сапаны қамтамасыз ету өңірлік бюросының жұмыс тобының (1991) ұсынымдарына сәйкес көмектің сапасын бақылауға және қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шаралар төрт бағанаға негізделуі тиіс: қауіпсіздік, қол жетімділік және оңтайлы медициналық көмек, сондай-ақ науқас қанағаттануы. Денсаулық сақтау, оның ішінде қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін шетелдік және отандық тәжірибелері денсаулық сақтау саясатының сапасын іске асыру үшін, медициналық және фармацевтикалық күтімін басқару жүйесін қажетті сапасын қамтамасыз ету болып табылатындығын көрсетеді. Қоғамдық пікірдің эмпирикалық зерттеулер нәтижесінде, дәріханаға келушілердің фармацевтикалық қамқорлық сапасына қанағаттанулары және фармацевтикалық көмектің сапасына эсер ететін теріс компоненттері анықталды. Дәріханаға келушілердің көбісі қызмет көрсету сапасымен қанағаттандырылады, бірақ, , респонденттердің өте үлкен үлесі дәріхана қызметкерлерінің жұмысы барысында кәсіби этиканың бұзылғандығы турала атап өтті. Ең жиі кездесетін жағдайлар: дәріхана қызметкері және келуші арасындағы қақтығыс және дәрігер жасаған тағайынға сыни қарау [3, 4].

Әлемдік тәжірибе қазіргі жағдайда дәрі-дәрмекпен емдеудің қауіпсіздігі, тиімділігі мен экономикалық тиімділігі дәрігерлер мен клиникалық фармацевтің күш-жігерін біріктіру арқылы қол жеткізуге болады деп көрсетеді.

Фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуы, жаңа дәрілік препараттарды әлемдік нарыққа енгізу және олардың дәрілік нысандарының үлкен саны, «өзін-өзі емдеудегі жауапкершілік» тұжырымдамасын пайда болуы және дамуы бүкіл әлем бойынша фармацевттер мен дәрігерге кездесетін бірқатар проблемаларды туғызды. Фармацевтикалық нарықта қазіргі уақытта шамамен 40 000 тіркелген дәрі- дәрмектер бар болғанына қарамастан, түрлі себептерге байланысты дәрігерлер белсенді түрде осындай кең ауқымды ассортиментті пайдалана алмайды. Жаңа дәрілік заттар мен олардың нысандарын саны бірнеше рет ХХІ ғасырдың басында болған сомалардан асып кетті, бұл көрсеткіш әлі де өсіп келеді. Алайда, тәжірибе бізге дәрігердің нақты арсеналы сирек 100 препараттан асатындығын көрсетеді.

Дәрі-дәрмектер ассортиментінің кең ауқымы болуына байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Атап айтар болсақ: Таңдауымызды қай препаратта тоқтатамыз? Қалай емдеу тиімділігін арттыру және шығындарын оңтайландыру, науқастың өмір сүру сапасын жақсартуды жүргіземіз? Дәрілік терапияның жағымсыз әсерлерін қаупін қалай азайтамыз? Дәрі- дәрмектер - емдеудің құралы ғана емес, сонымен қатар өзі де көп зиян келтіре алады. Және бұл дәрігерлік қателіктердің статистикалық жазбалары бар елдерде белгілі болып табылады.

Көптеген медициналық қателердің ішінде аса көңілді саны өте көп болжамалы қателерге бөлеміз, себебі олардың алдын алуға болар еді. Бұлар көбінесе дәрілік заттарды дұрыс қолданбаудан пайда болатын жағдайар («medication errors»). 2000 жылы 44-98 мың американың тұрғындары көз жұмды, ал 2006 жылы - шамамен 200000. «Medicare» (зейнеткерлерге арнлаған мединалық көмек) бағдарламасын қамтамасыз ететін америкалық дәрігерлердің 70¿ үлкен жастағы адамдардың дәрілік терапиясы бойынша емтиханды тапсыра алмады, дәрігер тағайындамасының 88¿ бір немесе одан да көп қателері болды, ал тағайындамалрдың 22¿ пациент өміріне қауіп әкелетін қателердің тұрды. Бұл проблемалар әлемдегі басқа да елдерге қатысты. Қазақстанда көрсетілетен медициналық көмектің сапасыздығы жайлы мәліметтерді автоматты түрде жинаудың өз механизмі ойластырылған, бұл жаңа жүйені мемлекетімізде 2012 жылдың екінші жартысында енгізеді деп хабарлаған, бірақ та жұмыс әлі жалғасуда. Үкіметтік емес ұйымдардың есептері бойынша, пациенттердің көбісі госпитализация кезінде кеплдік берілген медициналық көмек үшін медицина қызметкерлері төлемақыны талап ететіне шағым жасаған. Шағымдардың көп бөлігі хирургтердің, стоматологтардың, акушер- гинекологтардың, терапевтердің, педиатрлардың және жедел жәрдем дәрігерлердің үстіне түскен. 2011 жылы ҚР ДСМ пациенттерден 2,5 мыңнан аса шағым түскен, олардың 29 пайызы дәлелді болып саналған. Сонымен қатар 2011 жылы болған медициналық ұйымдардың 393 тексерісі ішкі істер органдарына, сотқа, қаржы полициясына және прокуратураға бағытталған 15 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетімізде дәрігерлік қателер есебінің жалпы жүйесін енгізуді 2009 жылы көздеген, бірақ бұл проблема әлі де шешілмеді.

Тағы да көңіл аударатын мәселердің бірі өзін-өзі емдеу болды. Бұл жағдай қазіргі нарықтағы рецептсіз берілетін препараттар тобының (ОТС - препараттар) кең таралғанына байланысты.

Дүниежүзілік денсаулақ сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұл мәселеге өз анықтамасын береді, яғни әрбір адамды өз денсаулығы үшін күресуге шақырады - өзін-өзі жауапкершілікпен емдеу - нарықта ашық түрде сатылнатын препарттарды пациенттердің мамандырылған медициналық көмекті қажет етпейтін кездегі профилактика және жеңіл түрдегі дерттерді емдеуде үнемді пайдалану. Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) консультативтік тобының және Дүниежүзілік фармациялық федерацияның екінші жиналысында "фармацевтикалық қамқорлық" атты ұғым, яғни фармацевтің белгілі бір пациент алдында дәрілік препараттармен емдеудің нәтижесі жайлы жауапкершілігі қабылданды. ДДСҰ ұсынысы бойынша «өзін-өзі жауапркешілікпен емдеу» жүйесін мемлекеттердің Ұлттық дәрілік саясатына сәйкесінше нормативті-құқықтық, методологиялық және қаржылық қолдаумен енгізу.

Қазақстанда бірнеше жыл бұрын «өзін-өзі жауапркешілікпен емдеу» миссиясы анықталды: Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығының және өмір сапасының жақсаруы, оның негізгі мақсаты халықтың өзін-өзі емдеу кезіндегі қалыптасқан мінез-құлықты өз денсаулығына деген саналы жауапты түрде қарауына өзгерту, яғни тұрғындарың түрлі деңгейлерінде медициналық білімділікті жоғарылату. Бұл мақсатпен рецептісіз босатылатын препараттардың регламенттелген Тізімдері жасалынды.

Республикамызда дәрілердің мемлекеттік тіркеуі кезінде анықталған Ережелерді, яғни дәрілік препараттарды рецептпен немесе рецептісіз босатудың Ережелері (№551 Бұйрық 21 қазанның 2009 жылынан), ойластырылды және бекітілді. «Дәрілік заттарды рецептпен босату Ережесін бекіту туралы» құжаттың жаңа нұсқасы 28 сәуір 2015 жылы Денсаулық сақтау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму министрінің № 288 бұйрығымен шықты. Осы құжатқа сәйкес, фармакологиялық препараттың мамандандырылған сараптама сатысында сараптама ұйымы бағалайды: компоненттердің фармакологиялық сәйкестігі; шығу тегі және спецификалық қызметі; қолдану әдісі және жанама әсерлер профилі; фармакологиялық қасиеттері (фармакокинетика, фармакодинамика); фармакокинетикалық параметрлерге байланысты доза адекваттылығы: ұсынылған дозалардың сараптамасы, фармакокинетикалық қасиеттерін ескере отырып доза режимін және артық дозалану қаупін мөлшерлеу; препарттарды өте көп мөлшерде қолдануға және тәуелділікке әкелетін тәуекел дәрежесі, сондай-ақ дәрілік заттардың құрамында максимальді рұқсат етілген есірткі заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың болуына; уыттылығына зерттеулер, репродуктивті функциясы әсерлер, эмбриоуыттылығы, тератогендік, мутагендік, канцерогенділік; препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі. Фармакологиялық сараптаманың нәтижесінде дәрілік препараттың рецептмен немесе рецептісіз босатылатын препаратқа жататындығы туралы қорытынды жасалынады және мемлекеттік органға дәрілік препараттың босату шарттары мен қолдануы бойынша нұсқауларды бекіту үшін бағытталады. Бұл әрекеттер дәрілік заттарды іске асыру талаптарының қаншалықты өскендігін растайсын факт.

Қазақстанның басқа нормативті құжаттарында фармацевтердің, дистрибьюторлардың, өндірушілердің, сонымен қатар дәрілік препарттар жарнамаларының мінез-құлықтың этикалық нормалары нормативті-құқықтық акттерде анықталған және регламенттелген. ОТС – препараттарды өндірушілер қауіпсіздіктің, сапаның, эффективтіліктің және қаптау мен препартты қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде барлық ресми талаптарды орындауды жоғары дәрежедегі стандартқа сәйкестендіруге жауапты. Дәрілік препараттарды өндіруші және/немесе дистрибьютор халықпен жұмыс істеуде қажетті болатын ақпараттарды фармацевтті қамтамасыз етуге міндетті. Жарнамадағы онымен қолданылған барлық мәлімдемелердің ғылыми тұрғыдағы дәлелдемелері ғылыми ұлттық нормативтік құжаттарға, өндірістік және сапа стандарттарына сәйкес келеді және дәрілік заттарды дұрыс қолданбаудан сақтайтын жауаптылық. Пайдаланатын маркетингтік әдістері дәрілік препараттарды қажетті сақтықпен қолдануға болатынына үшін жауаптылық; өндіруші дәрілік препараттарды шамадан тыс мөлшерде сату үшін адамдарды көтермелеу мақсатында кез келген шараларды қабылдауға құқылы емес.

Фармацевтің халыққа консультациялық қызметтер көрсету жағынан жауапкершілігі - фармацевт өзін-өзі емдеу және рецептісіз босатылатын дәрі-дәрмек туралы қажетті объективті кәсіби кеңесті жүзеге асыруға міндетті болып табылады; ол басқаратын және бақылайтын мемлекеттік органдарды барлық рұқсат етілген рецептісіз босатылатын дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлері туралы оларды хабарлауға қажет; өзін-өзі емдеуді дұрыс емес деп санағанда жол бермеуге міндетті; дәрілік заттарды дұрыс сақтау туралы ақпаратты тұтынушының назарына ұсынуға және оларды қолданған кезде, сонымен қатар көп мөлшерде сатып алғандағы сақтық шаралар туралы айтуға мiндеттi.

Сонымен қатар дәрігердің пациентке ем тағайындауда қойылатын мынадай жауапкершіліктері бар: дәрігер пациетке дәрілік заттарды, оның ішінде ОТС препараттар жайлы обьективті мәліметтерді түсіндіруге міндетті; ұзақ уақыт жедел аурумен ауратын науқастарды бақылау керек және дәрілік затты науқас өзі қабылдайтын болса, қалай қабылдау жайлы түсіндіруі қажет; көпшілік жағдайда науқастардың өзін өзі емдеуден кейін дәрігердің көмегіне жүгінетінін ескере отырып: дәрігер науқасқа өзін өзі емдеудің жауапкершілігі мен халықтың іс әрекетіне өзінің әсерін тигізуге міндетті.

Мамандардың кваликациясын көтеру үшін фармацевтерге арналған өзін өзі емдеу мен фармацевтикалық қамқорлық жайлы арнайы бағдарламалар бар: ДДСҰ- ның шешімі бойынша «фармацевт қоғамдық денсаулық сақтауда басты рольді ойнайды, әсіресе дәрілік зат айналымы саласында» (10.05.1994 – ВОЗ47.12); пациентпен тікееле байланыса отырып фармацевт өзінің арнайы кваликациясын пайдалана отырып, босатылып отырған препарат жайлы мағұлмат бере ала алады, осының әсерініен фармацевтің халыққа алғашқы көмек берудегі ролі жоғарылайды Өзін-өзі емдеудегші негізгі жауапкершіліктердің бірі фармацевтке жүктеледі және осыған байланысты міндетті түрде өзін өзі емдеу туралы мен рецептсіз босатылатын дәріліер жайлы білімді жоғарлату керектігі туындайды. Осындай міндертерді орындау үшін әртүрлі формадағы және әдістертердегі оқыту түрлері бар:

  • бұл фармацевтерге арналған өзін өзі емдеу жауапкершілігі пен халыққа фарамацевтикалық қамқорлық жайлы оқытатын бағдарламалар;
  • халықтың медициналық сауаттылығының мақсатты деңгейлері БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы ақпараттық үгіт насихат жұмыстарын жүргізу және тұрғындар арасында өзін өзі емдеу жауапкершілігі жайлы білім беру бағдарламаларды өткізіу.

Қазақстанда дәрілік затты рационалды түрде қабылдау туралы тұрғындарға ақпарат беретін құрылым болып дәрілік заттар жайлы ақпараттық орталықтар саналады (ҚР ДСӘДМ ДЗЖАО), ол орталық офиспен және 14 обылыстың орталықтарында ашылу тиіс филиалдарынан және Алматы және Астана қалаларындағы филиалдардан тұрады. Бұл қоғамдық денсаулық сақтау үшін өзін өзі емдеу жауапкершілігі жайлы концепцияның енгізілуі келесідей пайдалы жақтарын көздеп отыр: өзін өзі көмек беру мен өзін өзі тексеру жайлы сұрақтарға медициналық сауаттылығының жоғарлауы; азаматтардың өзінің денсаулығы жайлы дұрыс шешімдер қабылдауды; аурушаңдылықтың төмендеуі, осығын байланысты медициналық ұйымдарға түсетін жүктемелердің төмендеуі; өзін өзі емдеудің жағымсыз жақтарының төмендеуі; уақыттың және пациентерге арналған заттардың және қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерінің үнемделуі; сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасының жоғарылауы.

Сонымен қатар, дәл қазіргі уақытта С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ де «Фармация» мамандығы бойынша клиникалық-фармацевт жайлы жеке сұрақтарға жауап ретінде міндетті және элективті дициплина ретінде енгізілген. Бакалавр деңгейінде студенттер негізгі дициплиналар - «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері», «Фармацияны басқару және экономикасы», элективті дициплиналар - «ҚР тұрғындарын фармацевтикалық қамтамасыз ету негіздері», «Фармацевтикалық қамқорлық сферасындағы этико-деонтологияылық қарым қатынас аспектілері», «Фармэконоимкасының негіздері». Магистратурада «Фармакологияның заманауи аспектілер», «Фармакобақылаудың заманауи аспектілері», «Дәрілік заттардың клиникаға дейінгі сынамасы», «Фармацияның әлеуметтік аспектілері» оқытылады. Ал доктарантурада «Фармацевтикалық индустрияның биоэтикасы», «Фармакология және оның фармакотерапиялық аспектілері», «Ғызыми зерттеулердің фармакоэконоимкалық әдістері», «Әлеуметтік фармация».

Осылайша Қазақстан Республикасында «өзін өзі емдеу жауапкершілігі» концепциясын табысты түрде жүзеге асыруға жақсы алғышарттар бар: тұрғындардың жеткілікті түрдегі сауаттылық деңгейі, аталған концепцияны қабылдауға деген белгілі бір дайындығының қоғамда бар болуы, мемлекеттің медицина қызметкерлері мен фармацевттерді кадрлық дайындау мен қайта дайындауға зор көңіл бөлуі және әкімшілік ресурстардың жеткілікті деңгейі.

Шетелдік тәжірибенің талдауы науқасқа деген толыққанды қамқорлық «дәрігер-провизор-науқас» тізбегінде жұмылдырылған және орныққан өзара әсерлесулер болмаған кезде мүмкін болмайтындығын көрсетеді. Осындай қарым- қатынастың дамуы «клиникалық фармация» дисциплинасы шеңберінде мүмкін болып отыр.

Клиникалық фармация - бұл фармацевттердің аурулардың клиникалық симптомдары жайлы білімдеріне сүйене отырып науқастың зерттеу нәтижелерін,дәрілік терапияның бағыттары мен принциптерін түсіндіре ала отырып, дәрілік құралдарды қолданудың қауіпсіздігі,тиімділігі және эконмикалық аспектілері жайлы ақпараттың негізгі көзі болып саналатын,алдын-алу мен емдеу шараларының сапасын жоғарылатуға әсер ететін ғылыми-тәжірибелік бағыт. [5]

Көптеген елдерде фармацевт жиі дәрігерлермен әсерлесе отырып,емдеу процесіне белсенді түрде қатысып,терапияның сапасы мен оңтайлы нәтижелері жауапкершілігінің бір бөлігін өз мойнына алады.

Клиникалық фармацияда фармацевтикалық көмек философиясы бар - ол препараттарды рационалды қолдану,оларды дұрыс сақтау шарттары,дәрілік қалыптарды таңдау,терапия курсының құны туралы мәселелері бойынша науқастар мен дәрігерлерге тұрақты жоғары квалификациялық кеңес беруге негізделген инновациялық тәсілдеме. Бұл концепцияны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы Халықаралық фармацевтикалық ұйымымен бірге үгіттейді («Фармацевтикалық тәжірибенің дамуы» нұсқаулығы). «Науқасқа көңіл бөлу»( 2006) дәрігерлер мен фармацевтерге науқасқа қатысты бірігіп жұмыс жасау қажеттілігін жеткізуге шақырады. Солай бола тұра,фармацевттер үшін науқастарды емдеу барысын бақылауға, дәрілерді қолданудың баламалылығын бағалауға,қолданылған дәрілік терапиямен байланысты жанама әсерлердің дамуының және аурулардың туындауының алдын алудың маңыздылығына аса мән беріледі.

Еуропалық клиникалық фармация ассоциациясының (European Society of Clinical Pharmacy) анықтамасына сәйкес клиникалық фармация – бұл дәрілік құралдарды рационалды және тиісті түрде қолдану, қоғамның және жеке науқастың медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалануы.

Фармацевтикалық бақылау бойынша Комитет тұрғындарға медициналық көмекті көрсетуді оңтайландыру бойынша,сапа индикаторы мен дәрілік құралдардың қауіпсіздігі көрсеткіштерінің мәліметтер базасын бірігіп дамытуға қажетті іс- шараларды анықтайтын құрылым болып табылады. Мұндай жүйе препараттардың қозғалысын, әр науқас үшін қабылданған емдеу схемаларының дұрыстығын, сонымен қатар, емнің қаншалықты тиімді болғандығын,терапевтиклық мақсатқа жеткен- жетпегендігін бақылауға мүмкіншілік береді. Мұндай мәліметтер базасының қызмет етуі қажетті хаттамалар мен құжаттарды жасаумен, ауру тарихы және қабылданған терапевтикалық шешімдер жайлы ақпартты жинаумен байланысты ауқымды жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Бұл тәсілдеме әсіресе созылмалы нозологияларды емдеуде ақпаратты болып табылады,өйткені,ол терапияның уақытқа байланысты тиімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе,өлімге дейін алып келетін дәрілік әсерлесулер мәселесі өзекті болып отыр. Статистика көрсеткендей,науқастардың ауруханаға жатқызылуы барлық жағдайының 5¿-на жуығы осындай әсерлесулердің көрінуімен байланысты және оны тоқтату өте маңызды міндет болып табылады.

Өзге маңызды мәселе болып дәрілік құралдардың қолжетімділігі мен тиімділігі саналады.Тіпті, тиімділігі дәлелденген препараттардың өзі фармакогенетикалық аспектілерге байланысты күтілген әсерді көрсетпеуі мүмкін екендігін байқалған. Бұл мәтінде дәрілік құралдардың тиісті қолданылуын қамтамасыз етуге көмектесетін клиникалық фармацевтің позициясы аса маңызды болып беріледі.

Қазіргі кезде шет мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктерінің көпшілігінде дәрілік құралдардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық көрсеткіштерін,сонымен қатар олардың өзара әсерлесу ерекшеліктерін зерттеуге айрықша көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда фармацевтикалық қамқорлықтың стандартты хаттамаларын жасау мен бекіту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Қазірдің өзінде ҚР-да 2006 жылдан бастап Қазақстанның фармацевтика саласының барлық буынын әлемдік стандарттарға жақындататын реформаларды ендіру басталған. Осылайша, осы кезде отандық және шетелдік өндірушілер үшін де тиісті өндірістік тәжірибе талаптары (Good Manufacturing Practice - GMP) енгізілуде, тиісті дистрибьюторлық тәжірибені (Good Distribution Practice - GDP) енгізу жалғасуда, ал күн тәртібінде тиісті дәріханалық тәжірибені (Good Pharmacy Practice - GPP) енгізу мәселесі тұр. Фармацевтика саласын халықаралық стандарттармен үйлестіру бойынша Қазақстанның өзге де жетістіктері бар, бұл Қазақстандағы денсаулық сақтаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге байланысты мақсатқа бағытталған. Тек дәрігер,провизор және ғалымдар арасындағы жақын әріпестік медициналық көмекті көрсету сапасына оң әсерін тигізуі мүмкін. Фармацевттердің қызметінде өндіріспен, стертификаттау және стандарттаумен, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техника айналасы саласындағы басқа мәселелермен байланысты өзге де аспектілердің тобы бар.

Қазақстандағы клиникалық фармацияның дамуына әсер ететін механизмдерге фармацевтикалық қамқорлықты промоциялау, мемлекеттік құрылымдардың ықпал етуі, профильді ассоциацияны жасау жатады. Клиникалық фармацевт фармакобақылау мен клиникалық зерттеулер жүйесінде,сонымен қатар фармацияның өзге сегменттерінде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Заманауи шарттарда білім алу ұлттық басымдылыққа айналады, дамудың стратегиялық бағыттары жаңа мамандықтарды ЖОО-на ендірумен және еңбек нарығы талаптарына сәйкес жоғары санатты мамандарды дайындаумен байланысты болады «Клиникалық фармация: халықаралық тәжірибе және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы даму ерекшеліктері» атты «ҚазҰМУ-не 85 жыл: жетістіктер мен келешек жоспарларына» (2015 жылдың 2-4 желтоқсаны) арналған конференцияларда ғылыми- тәжірибелік және білім беру іс-шаралары жүргізілді. Конференцияның мақсаты - «Клиникалық фармация» мамандығын енгізудің негізгі бағыттарын анықтау,талқылау және жасау, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дегі фармацевтикалық білім беруді әлемнің жетекші университеттерімен үйлестіру.

Конференцияның қатысушылары назарында келесі мәселелер болды:

  • «Клиникалық фармация» мамандығының қазіргі жағдайы мен даму келешегі;
  • фармациядағы білім берудің,ғылымның және тәжірибенің бірігуі;
  • сапалы фармацевтикалық білім беру аспектісіндегі ұлттық қауіпсіздік;
  • фармацевтика саласындағы кәсіпорындар үшін мамандардың квалификациясын жоғарылату мен қайта даярлау;
  • замануи тиісті тәжірибелер шеңберіндегі білім беру мен ғылымның өзекті мәселелері;
  • оқыту процесіне Қазақстандық Ұлттық дәрілік формулярды ендіру және т.б.

Конференция жұмысына: әлемнің алдыңғы ЖОО қызметкерлері - Украинаның, Ресейдің, Молдованың, АҚШ-тың,Ұлыбританияның, Польшаның, Жаңа Зеландияның, Тайландтың, Қырғызстанның және Қазақстанның, сонымен қатар Астана, Қарағанды, Семей, Алматыдан келген тәжірибелік фармацияның өкілдері және Фармация Институты білім алушылары қатысты. Осылайша, медициналық білім беру мекемелері оқытушылары, сонымен қатар тәжірибелік денсаулық сақтаудың қызметкерлері қатысқан «Медициналық оқыту мекемелеріне Қазақстандық Ұлттық дәрілік формулярды енгізу туралы оқу бағдарламасын ендіру келешегі» атты дөңгелек үстелде білім беру жүйесіне формулярлық жүйені енгізу және Қазақстандық Ұлттық дәрілік формулярмен жұмыс істеу дағдылары жайлы мәселелер талқыланды. «Антибиотиктерді рационалды қолдануды жетілдірудегі фармацевттің рөлі» атты мастер-классты ҚазҰМУ-нің визитинг- профессоры, CORSUM дәрілерді рационалды және қауіпсіз қолдану бойынша Еуропалық коалицияның президенті, MD, профессор Чеботаренко Н.А. ұйымдастырды, мастер-класс микробқа қарсы резистенттілік(АМР) - қазіргі заманның өршіп келе жатқан қауіпіне арналды. Спикерлер - StephenA. Lerner, медицина ғылымдарының докторы, (инфекциялық аурулар) Уэйн мемлекеттік университетінің медицина профессоры, Детройт медицина факультеті, Мичиган, Халықаралық микробиологиялық қоғам одағының вице- президенті,АҚШ; David Woods, MPharm FPS (NZ) FRPharmS (UK) Отаго университеті фармация кафедрасының доценті, Жаңа Зеландия формулярының редакциялық директоры; Ewa Polezhak, медициналық университеттің қолданбалы фармация кафедрасының меңгерішісі, Люблин қ., Польша және т.б.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Клиникалық фармация:халықаралық тәжірибе және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы даму ерекшеліктері» атты конференцияның барлық қатысушылары соңғы он жылдықта әлем бойынша денсаулық сақтау тәжірибесіне дәрілерді рационалды және қауіпсіз қолдану туралы концепция,сонымен бірге формулярлық жүйе, фармакобақылау, фармакоэкономикалық зерттеулер кең түрде енгізіліп жатқандығын атап өтті. Осыған байланысты тәжірибелік денсаулық сақтаудағы бұл концепцияны жүзеге асыратын мамандардың- клиникалық фармацевтер мен фармакологтардың рөлі артуда. Осылайша, қазіргі кезде клиникалық фармацияның қалыптасу жолы - Қазақстан денсаулық сақтау ұлттық жүйесіндегі клиникалық фармацевтің рөлі мен орынынан бастап оның тәжірибелік қызметінің басталуына дейінгі жол жоспарлануда.

Қорытынды. Клиникалық фармация- тауартанудың фармацевтикалық және клиникалық аспектілерін біріктіретін, клиникалық тәжірбиеде дәрілік затты рационалды қолдануға теориялық және әдістемелік база құруға мүмкіндік беретін кешенді ғылым. Дәл осы клиникалық фармация медикаментті емдеуді оңтайландырып, біздің негізгі мақсатымыз- халық денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Осындай жоғарғы дәрежелі конференцияларды өткізу біздің елімізде клиникалық фармацияның белсенді дамып келе жатқанына, отандық денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс жолда екеніне дәлел болмақ. Клиникалық фармация болашақ медицинаның міндетті элементі болып табылады. Осы орайда ҚР клиникалық фармацевт жаңа мамандығын енгізу үшін мемлекеттік іріктеу жургізеді. Медициналық және фармацевтикалық мекемелерде сәйкесінше керекті қызметтерді, сонымен қатар нормативті- әдістемелік базаларды жасап, енгізу жұмыстары жүргізіледі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы. – Астана: 2015 – 52 с.
  2. Образавательное сообщество Казахстана [Электронный ресурс] / Новые задачи программы «Болашак»; - электронные данные. – Алматы: 2013. - Режим доступа :http://www.uchi.kz/novye-zadachi-programmy-bolashak, свободный. – Загл.с экрана
  3. Яворский А.Н. Медицинские ошибки, связанные с применением лекарств: зарубежный опыт решения проблемы // Проблемы экспертизы в медицине. -2008. – Т. 8. - №31. – Р. 3-4.
  4. Клочкова Е.А. Изучение общественного мнения о качестве оказания фармацевтической помощи в аптеках // Медицина и здравоохранение. – 2014.- №9. – С. 1370-1375.
  5. Клиническая фармация: учебно-методический практикум: учебное пособие для студентов спец. 7.110201 «Фармация» и 7.110202 «Технология парфюмерно-косметических средств» вузов III–IV уровней аккред. - Харьков: Золотые страницы, 2010. — 152 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.