Халықаралық қатынастар

Соңғы онжылдықта əлемдік саясатта артта қалған қарусыздандыру мəселесі қазіргі таңда қайтадан маңызын алуда. Бір кезде қосполярлы тайталасты аяқтаған келісімнің тағдыры енді халықаралық қауымдастықтың назарында. Осы саладағы жағдай мұқият талдауды қажет етеді, өйткені шұғыл шешімдер халықаралық тұрақтылыққа зиян келтіруі мүмкін. Ядролық қаруды бақылау аясындағы тоқырауды жеңу керек. Бақылау режимі сақталуы керек. Ядролық қаруды бақылаудың жоқтығына қарағанда барлық кемшіліктеріне орай халықаралық қауіпсіздікке бұлардың болғаны дұрыс. Егер Ресей жəне АҚШ басшылары саяси ерікті білдірмесе, осындай бақылау 2012 жылдан кейін жоғалуы мүмкін.
2012

Бұл мақалада қазіргі Сириядағы жағдай қарастырылады. Сирияда қанды қақтығыстар мен осы елге қарсы енгізілген шектеулердің күшеюімен бірге сириялықтардың əлеуметтік жағдайы да күн сайын нашарлап келеді. Ресми іс-шаралар мəселенің уақытында бейбіт жолмен шешілуі үшін əлі де жеткіліксіз. Ресей мен Қытайдың Сирия мəселесі бойынша ұстанымдары Батыс тарапынан қатты сыналуда. АҚШ пен Израильдің мəселеге қатысты ұстанымдары түсінікті. Түркия, Иран, Араб елдері лигасының ұстанымдары толық зерттеуді қажет етеді. Сириядағы жағдай əлі де тұрақсыз.  Бұл жағдайда алда қандай оқиғалардың болатынын, олардың қалай өрбитіндігін анықтауды күрделендіреді
2012

Бұл мақалада АСЕАН-тың жаһандық əлемдегі болашағы мен проблемалары қарастырылған. АСЕАН соңғы жылдардағы қызметін өз бетінше дамуындағы өзгеше үрдісін бағалауға, экономика- лық өзара тəуелділік формаларын, əсіресе, ішкіаймақтық саудасын жəне өндірістік желілердің құрылуы, халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеруіне орай Оңтүстік-Шығыс Азияның тəсілдері оның əлдеқайда дамығандығы көрсетілген. Шығыс Азия елінің аймақтық ынтымақтастығын нығайту, макроэкономикалық жəне қаржылық тұрақтылық негізін құру мақсатында əр түрлі тəсілдерін іске асыруда.
2012

Бүгінгі таңда жаһандық халықаралық қатынастарда аймақтағы ықпал үшін күрес аса өзекті де маңызды мəселелердің қатарына жатқызылып отыр. Абырой мен ықпал үшін тайталас үлкенді-кішілі кез-келген мемлекеттердің арасында болуы мүмкін. Олардың арасындағы ең ірісі АҚШ пен Қытай арасындағы Азия Тынық Мұхиты аймағы үшін күрес болып табылады. Өйткені көптеген мамандардың пікірінше дəл осы аймақ болашақта шешуші рөл атқаруы мүмкін. Ал халықаралық сарапшылар ХХI ғасырды Азия ғасыры деп бекер атамаса керек. Бұған дəлел Азия елдерінің қарқынды дамып келе жатқан экономикасы мен халық саны болып табылады. АТА-ғы ықпал үшін күрес дегенде, қазір тек екі мемлекетті атауға болады. Оның бірі батыс жəне бүкіл əлем өкілі АҚШ болса, екіншісі, лапылдап жатқан айдаһар Қытай Халық Республикасы. Осы бір тұжырыммен дауласатын ешкім жоқ деп ойлаймын.
2012

Бұл мақалада 1992 жылы Ташкенттегі Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты қабылдануынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымының (ҰҚШҰ) қалыптасуына дейін посткеңес республикалардың əскери-саяси ықпалдасудағы эволюциясының негізгі кезеңдері қарастырылады. Авторлар ҰҚШҰ-ның қазіргі халықаралық қатынастардағы өздерінің мүшелерінің қауіпсіздікті қамтамасыздандырудағы маңыздылығына тоқталған.
2012

Мақалада Орталық Азия мемлекеттері үшін күрделі əрі өзекті мəселе болып табылатын – су-энергетикалық ресурстарды реттеу проблемасы қарастырылған. Автор қазіргі таңда аталмыш мəселені шешуде мемлекеттер мен ұйымдар алдында тұрған кедергілерге сараптама жасап, ЕурАзЭҚ аясында əр мемлекеттің мүддесіне сəйкес мəселенің ортақ шешімін табуға деген қауымдастыққа мүше-мемлекеттердің талпынысына кеңірек тоқталды.
2012

Мақалада Орталық Азия аймағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің  оңтайландыру жолдары қарастырылады. Аймақта экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автор экологиялық қауіпсіздік аймақтық жүйесін құруды, бірыңғай экологиялық тұжырымдаманы қабылдауды, құқықтық-заңнамалық базаны дамыту, институттардың қызметін жетілдіруді, қоғамдық сананың экологизациялануын жүзеге асыруды ұсынады.
2012

Бұл мақалада Иран ядролық бағдарламасының даму тарихы қарастылырып, түрлі кезеңдердегі ерекшеліктері айқындалған. Иран айналасындағы мəселе аймақтағы, тіпті əлемдегі тек саяси ғана емес, экономикалық үрдістерге де ықпал етеді. Иран ядролық бағдарламасы айналасында қалыптасқан жағдайды түсіну үшін оның даму тарихын жете зерттеу қажет, бұл өз кезегінде себеп- салдарлық байланыстарды айқындап, Иран ядролық бағдарламасының даму заңдылықтары жəне оның саяси жағдайға ықпалын анықтауға мүмкіндік береді.
2012

Мақалада қазіргі кезеңге дейін жанкүйерлердің назарын өзіне аударып отырған жапон классикалық мəдениетінің қайталанбас үлгілері дүниеге келген кезең – VIII-XII ғасырлардағы Жапониядағы мəдениет дамуы қарастырылады. Жапондық мəдениет дамуына аристократтық топтардың қосқан үлесі мен мəніне ерекше көңіл бөлінеді.
2012

Бұл мақала Джордж Буш əкімшілігінен кейінгі АҚШ-тың сыртқы саяси имиджі тақырыбына арналған. Мақалада автор Барак Обама əкімшілігінің билік басына келген уақытта АҚШ-тың əлемдегі жағдайына сараптама жүргізді. Сонымен қатар Обама əкімшілігінің сыртқы саяси курсының теориялық негізі зерттелді.
2012

Бұлмақалада Қазақстанныңұлттыққауіпсіздігінқамтамасызетумəселелеріқарастырылады. Ұлттық қауіпсіздік – бұл елдің ұлттық мүддесін қорғауға жəне жүзеге асыруға бағытталған саясаты. Бұл саясат экономикалық, дипломатиялық, əскери сияқты əр-қилы түрге жəне құралға ие болуы мүмкін. Дейтұрғанмен де, барлық мемлекеттер ұлттық қауіпсіздік саясатын жүргізе отырып сыртқы мүдделерін қорғайды. Сол ретте Қазақстанның сыртқы қарым-қатынастарының бағыттары да қауіпсіздік мəселесімен тығыз байлынысты екендігі мақаланың негізі болып табылады.
2012

Бұл мақалада Орталық Азиядағы геоэкономикалық қауіпсіздік алғышарттарына тəжірибе ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қырғызстан мүшелігінің мүмкіндіктері мен қауіптері қаралады. Əлемдік жəне аймақтық шаруашылық кеңістіктегі Қырғыз Республикасының интеграцияға, шетел инвестициясына тиімді экономиканы қалыптастыру арқылы тартылуы,  сонымен  қатар Қырғызстанның ДСҰ-ға өтуінің де ескерілу ақуалы, экономикалық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілу талаптарын да қатар алып жүруі талап етіледі. Осы талаптар аталмыш мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының ғана емес, бүтін аймақтың да қауіпсіздігінің маңызды бағыты.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.