Халықаралық қатынастар

Бəсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші халық өмірінің жоғарғы деңгейі мен сапасы. Білім берудің деңгейіне, адами капиталды дамытуға, атқарушылық сапасына айрықша орын беріледі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы Орталық Азия елдеріне өзара тиімді қатынастар үрдісі мен интеграциялық байланыстарға тек қауіпсіздік жəне трансшекаралық байланыстар тұрғысынан ғана емес, білім беру саласы мен социо-мəдени жобалар тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді. ШЫҰ-ға мүше елдері арасындағы білім беру саласындағы үйлестіру мəселесі айрықша мəнге ие болуда. ШЫҰ университеті – елдердің негізгі базалық жоғары оқу орындарының жүйесі. Бұл дайындықтың бес бағыты экология, энергетика, IT-технология, аймақтану жəне на- нотехнологиялар бойынша жұмыс істейтін 62 жоғары оқу орны. ШЫҰ университетінен білім алу сызбанұсқаға сəйкес, ШЫҰ университетінің бағдарламасы бойынша оқитын студенттің өз білімін кез келген семестрден аталмыш бағдарламаны жүзеге асырушы негізгі шетелдік университетте жалғастыруға мүмкіндігі бар. Осылайша, ШЫҰ университетінің халықаралық бағдарламалары аясында елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы  шынайы түрде кеңейеді.
2013

Жалпы адамзат əлемі көптеген мемлекеттерден құралып, белгілі бір байланыс тəртібі бойынша өзара қатынаста болып келеді. Бірақ əлемдегі мемлекеттердің алуан түрлі болуы, яғни үлкен-кіші, күшті-əлсіз болуына байланысты олардың арасындағы қатынастардың сипаты да əртүрі формада бейнеленеді. Əлемдегі мемлекеттер мен халықтардың бəрінде бірдей өмір сүру жəне даму құқығы бар. Алайда тарихтан қалыптасып қалған əлемдік тəртіп дүниежүзіндегі мемлекеттер мен халықтардың бəріне бірдей өмір сүруі мен дамуына тиімді бо- лып отырған жоқ, бұл қазіргі қоғамдық тəжірибеден анық байқалып отырған құбылыс. Бұл құбылыстың басты себебін Қытай: ХVІІ ғасырда “The Treaties of Westphalia” шарты бойынша қалыптасқан халықаралық саяси тəртіп, тек Еуропадағы «христиан өркениетіндегі мемлекеттерге» бағытталған. Сондықтан ең алғаш тəртіптің өзі əділетті емес; 1945 жылы өмірге келген «БҰҰ-ның Хартиясында» белгіленген суберенді мемлекеттердің 9 принципі, 40 жылдан аса жалғасқан Қырғиқабақ соғысының салдарынан атқарылған жоқ. Енді Қытай ұсынып отырған дипломатиялық бес принцип негізінде халықаралық саяси, экономикалық, мəдени жəне қауіпсіздік жаңа тəртібін орнату керек деп санайды.
2013

Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) қызметіне белсенді қатысуы жəне 2011 жылы ұйымның Сыртқы істер министрлері Кеңесінде төрағалық етуі еліміз үшін маңызды оқиға болды. Бұл төрағалық ұйымның күн тəртібіндегі мəселелерге оңтайлы ықпал етуге, олардың маңыздылығын арттыруға, халықаралық қақтығыстарды реттеу жолдарын іздестіруге жəне осы бағытта сыртқы саяси бастамаларды ұсынуға мүмкіндік туғызды жəне ислам əлемінің жетекші елдерімен екіжақты қатынастардың дамуына септігін тигізді. Əрине, бұл мүмкіндіктердің барлығын бірдей қолдану мүмкін емес. Өйткені ұйымның күн тəртібінде тұрған бір ғана Палестина мəселесінің өзі жарты ғасырдан астам уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мəселе жəне ол көтерілген жағдайда да мүше мемлекеттердің көптігіне байланысты мəселеге қатысты ұстанымдардың да жақындасу нүктелері алшақтап кететіндігі белгілі. Бұл өз кезегінде ұйым қызметінің нəтижесіздігін, мəселелерді шешудегі қауқарсыздығын көрсетеді. Сондықтан төрағалық кезінде Қазақстан екіжақты жəне көпжақты байланыстарды дамытуға, əсіресе экономикалық жəне гуманитарлық бағытқа басты назар аударды. Солардың ішінде атап өтетін болсақ, Ислам даму банкі сияқты ұйымның қаржылық құрылымдарымен, арнайы институттарының ішінде сауда жəне экономикалық ынтымақтастық бойынша тұрақты Комитетімен байланыстар нығайып келеді. Бұған мысал ретінде елімізде исламдық банкингтің дамып келе жатқандығын жатқызуға болады.
2013

Бұл мақалада мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын жақындастыру мәселелері қарастырылады. Ұлттық заңнамаларды жақындастыру ұғымдары мен нысандары туралы авторлар әртүрлі қөзқарастар ұсынады. Соның ішінде мақалада құқықтық жүйелерді жақындастыру, заңнамаларды гармонизациялау мен унификациялау ұғымдары мен олардың нысандарына көп көңіл бөлінген. Авторлардың айтуынша, ұлттық құқықтық жүйені, құқықтық нормаларды жақындастыру, гармонизациялау мен унификациялауға анықтама беру кезінде ортақ шешімнің болмауына қарамастан, олардың түпкі мағынасының бірдейлілігін, ұқсастығын байқауға болады. Сонымен қатар бұл мақалада ұлттық құқықтық жүйені, мемлекеттер заңнамаларын жақындастыру, гармонизациялау және унификациялау ұғымдарын салыстыра отырып анықтау мәселелері зерттелген.
2013

Бұл мақалада ГАТТ ДСҰ әмбебап халықаралық сауда ұйымы ретінде құрылуы және дамуы қарастырылады. Халықаралық сауданың реттеу сатыларына авторлар әртүрлі қөзқарастар ұсынады. Соның ішінде, мақалада негізгі мақсаттары антидемпингтік шектік келісімдер, тарифтік және тарифтік емес шараларды дамыту арқылы әлемдік сауданы реттеуді мақсат етіп қойған көпжақты сауда келісімдерінің жаңа Уругвайлық және Токиялық, Дилондық, Кеннеди, Уругвай механизмдерін ашуға ерекше назар аударылады. Авторлардың айтуынша, келісімдер жүргізу еркін нарық пен дискриминацияға шек қою ережелерінің ортақ негізінде өзге мемлекеттермен АҚШ тың сыртқы саудасын жүргізудің ресми позициясына байланысты бірқатар қиыншылықтарға тап болды. Осы ұйымның қызметінің алғашқы сатыларында әлемдік сауданың мәселелері зерттелген.
2013

Орталық Азияның тұрақтылығы туралы сөз болғанда сыртқы геосаяси күштер мен олардың аймақтық саясаты көп айтылып, аймақтың ішкі факторлары ұмыт қалдырылады. Қазақстанның қауіпсіздік және тұрақтылық саясатының негізін қазақ халқының бейбітшіл дүниетанымы мен тарихи тәжірибесі құрауы тиіс. Қазақстанның тұрақты, ашық, төзімді және бейбіт ел ретінде танылуының негізінде жергілікті жүйеқұраушы фактор – қазақ ұлтына тән терең қауіпсіздік ұғымы мен бейбіт тепе-теңдік түсінігі жатыр. Қазақстанның Орталық Азия қауіпсіздігіндегі үлесі мен стратегиялары өте үлкен маңызға ие болуда. Қазақстандағы тұрақтылық бірінші кезекте қазақтардың арқасында және солардың ұлтқұраушы мүдделеріне сай жүзеге асырылып отыр. Орталық Азия бос саяси алаң, идеологиялық бостық емес. Аймақта жергілікті динамикалар күшейіп келеді. Қазақтар – Еуразия мен Орталық Азиядағы ең бейбіт,  космополит және кең ойлайтын халық. Қазақстан – аймақтың    ең тыныш және бейбітшіл елі. Қазақстан – Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін ең көп күш жұмсайтын мемлекет. Қазақстанның қауіпсіздік стратегияларының негізін қазақы үлгідегі қауіпсіздік ұғымдары құрауы тиіс. Орталық Азияның келешегінде Қазақстанның, қазақтардың атқаратын қызметі зор болмақ.  Ол үшін Орталық Азия елдері қауіпсіздік мәселесінде ынтымақтасуы қажет.
2013

Бұл мақалада Үндістан мен Пәкістан Республикаларының арасындағы жалпы екі жақты қарым-қатынастарын, әлем қауымдастығының екі елдің ядролық саясатына қатысты ұстанымдары мен көзқарастарына қатысты мәселелердің барлық қырларын талдай отырып, оның ғаламдық жүйедегі өзіндік маңыздылығын айқындау болып табылады.Үндістан мен Пәкістан арасындағы шекаралық, діни, этносаралық қатынастарын анықтау да негізгі зерттелетін мәселе. Жалпы, Үндістан және Пәкістанның арасында әскери даулар екі елдің экономикалық және әскери потенциалға ие бола отырып, көршісін қорқыту амалы ретінде атомдық қаруды өндіруге итермеледі. Өлкедегi атомдық қарсыластық негiзі болып «Кашмир мәселесі», сонымен қатар Үндістан мен Пәкістан арасындағы екiншi әлемдiк соғыстан кейiнгі орын алған әскери даулардың саяси, экономикалық және мәдени зардаптары қарастырылады. 1846-1947 жылдардағы Британ үкіметінен пайда болған Кашмир дауының зардаптары әлемді назарына аудартып отыр. 1962 жылғы Үнді-Қытай соғысынан кейінгі Кашмирге үш елдің, яғни Үндістан, Пәкістан және Қытайдың мүдделі болуы. БҰҰ шеңберінде Кашмир мәселесі уақытша дау ретінде қарастырады. Ал ғалымдардың пікірі бойынша өте шиеленіскен және шешімі табуы қиын мәселе екені де дау тудырмайды.
2013

Қазіргі уақытта Жапонияда басқа кез келген мемлекеттегідей энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі негізгі және алдыңғы қатарлы саяси мақсаттардың бірі болып табылады. 1970 жылдардың басындағы алғашқы мұнай дағдарысының салдары Жапонияның энергетикалық саясатының қалыптасуында маңызды орын алады. Негізгі мұнай жеткізуші болып саналатын Таяу Шығыс аймағы елдеріндегі тұрақсыздық энергетикалық саясаттың жаңа бағыттарын қарастыруға, энергетикалық саясат саласында жаңа ведомстволар құрып, жаңа заңдар қабылдауға, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаратын дипломатиялық әдістерді жетілдіруге итермелеуде. Отыз жылдам астам уақыт бойы дамып келе жатқан энергетикалық саясат бағыты 2011 жылы Жапонияда орын алған табиғи-техногендік Фукусима апаты салдарынан соң өзгерістерді талап етуде. Жаңа энергетикалық стратегия қабылдау биліктің ауысуы жағдайында жүзеге асты. Фукусима апатынан кейін бір жылдан соң қабылданған жаңа стратегияға әлі де өзгерістер енгізілетіні сөзсіз.
2013

Қазақстан Республикасының ЕурАзЭҚ мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастығы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарына айналды, өйткені Қазақстан мен Қауымдастықтың өзге де елдері экономикаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты, олардың экономикалық қауіпсіздік деңгейінің көтерілу кепілдігі болып отыр. Қауымдастық шеңберінде ұлттық экономикалар міндеттерінің бірдей болуына және олардың бірін-бірі толықтырып отыруына негізделген терең интеграцияланған экономикалық жүйенің құрылуы, ЕурАзЭҚ халықаралық құқықтық негізінің даму деңгейіне де байланысты. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграция еркін сауда аймағы сатысынан өтіп, кеден одағын құру сатысына тіреліп тұр. Кеден одағы бастапқы кезде үш мемлекет арасында (Қазақстан, Ресей, Белоруссия) 2010 жылы құрылмақ, одан кейн оған Қырғызстан мен Тәжікстан дайындық сатысынан өткеннен кейін қосылмақ. Кеден Одағынан кейінгі келесі интегарция сатысы – бірыңғай нарықты құру, одан кейін толық экономикалық одақтың құрылуы.
2013

Қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру қазіргі таңда мемлекеттердің құқық қорғау органдарының өзекті мəселесіне айналып отыр. Қазіргі таңда қылмыс жаңа нысандарға ие болды, халықаралық байланысы бар қылмыстар саны артты, Қазақстан Республикасының азаматтары қатысушысы болып табылатын халықаралық қылмыстық топтар артуда. Мақалада халықаралық қылмыспен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының əртүрлі деңгейдегі халықаралық-құқықтық негіздерінің мазмұны мен ерекшеліктері туралы ашылып айтылады. Автoрлар ТМД шеңберінде қылмыспен күрес бoйынша халықаралық ұйымның құрылуы жəне бұл ұйымға Қазақстан Республикасының қатысуы туралы баяндайды.
2014

Бұл мақалада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып ену мəселелеріне өзге мемлекеттердің тəжірибесі мен ұлттық ерекшеліктері жан-жақты құқықтық тұрғыдан қарастырылып, оған кешенді талдау жасалынған. Сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы келісімде көрсетілген міндеттемелердің барлығын сақтауға ресми түрде дайындығы айқындалады. Автор отандық экономистердің əр салаға байланысты пікірлерін ескеріп жəне оларға талдау жасай отырып өзінің қөзқарасын ұсынады. Соның ішінде ауылшаруашылық өндірісіне байланысты болжамдарға ерекше назар аударады. Қазіргі кезде дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға кедергі келтіретін мəселелерді Қазақстан жан-жақты зерттеп, олардың оңтайлы шешілуіне келіссөздер арқылы қол жеткізуде. Осы орайда еркін нарық пен кемсітуге шек қою ережелерін ортақ негізге ала отырып, автор Қазақстанның халықаралық саудаға қатысуы кез келген мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқын дəлелдеген.
2014

Аталған мақала Еуропалық экономикалық қауымдастық, кейін еуропалық одақ шеңберіндегі мүше мемлекеттердіңұлттықзаңнамаларынжақындастыру(унификациялаужəнегармонизациялау) тəжірибесіне арналған. Мақалада еуропалық одақ шеңберінде заңнамаларды унификациялау жəне гармонизациялау мəселелерін қарастыру барысында құқықтық жақындастыру əдістеріне де көңіл бөлінген. Осы тақырыпты зерттеу барысында заңнамаларды жақындастыру əдістері ретінде «аяқталған», «шеңберлі», «сілтемелі» құқықтық унификациялау мен гармонизациялау əдістері талқыланғанын байқауға болады. Сонымен қатар унификациялау мен гармонизациялау кезінде регламенттер, директивалар мен шешімдердің алатын орындарының ерекше екенін де атап өту керек. Оның дəлелі ретінде мақалада еуропалық қауымдастық пен еуропалық одақ шеңберінде қабылданған дерективалар да қарастырылған.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.