Социология

Мақалада үй шаруашылығы қоғамның əлеуметтік-экономикалық құрылымының элементі ретінде талданады, сонымен бірге адами капитал теориясы тұрғысынан оның əлеуметтік- экономикалық рөлі қарастырылады. Үй шаруашылығының қаржысына жəне оның əлеуметтік тұрғыдан ерекшелігіне ерекше мəн беріледі. Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің  едəуір бөлігін қамтып отырған нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржы жүйесінің дербес буынына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр. Үй шаруашылығы əлеуметтік-экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік əрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешім қабылдайды. Соңында барлық əлеуметтік-экономикалық ресурстар үй шаруашылығына жатады, алайда бұл ресурстар олардың арасында өте əркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады.
2012

Мақалада этностардың күрделі мəселелері қаралады. Этностардың өмірі қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Этникалық қауымдастық мəні қазіргі заманғы түрлі өте ерекше өздерінің психологияларымен, ой-түйіндерімен, ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Тəжірибе көрсеткендей, ұлттық қадір-қасиет, теңдік, əділеттілік сияқты əлеуметтік психологиялық категориялар молшылық, байлық, қасиеттермен салыстырғанда құндылығы аса жоғары. Сонымен, ұлттық психология əр инди- видте күрделі феномен болып табылатын, этникалық қасиеттердің психологиялық құрылымын теріске шығармайды. Ұлттықпсихологиякатегориясыменқатарұлттықөзіндіксана-сезім маңызды беделгеие. Сонымен, ұлттық өзіндік сана-сезім – бұл ұлттар мен ұлттылықтардың оларды қоршаған басқа ұлттарға енжар еліктеу емес, бұл өз ұлты, оның қоғамдағы рөлі жайлы білімге негізделген саналы сезім.
2012

Қазақстан қоғамының əлеуметтік құрылымындағы жастардың алатын орны мен атқаратын рөлі ерекше. Жастардың демографиялық көңіл-күйі жəне осы саладағы өзгерістер, демографиялық хал-ахуалға байланысты статистикалық мəліметтер олардың əлеуметтік топ ретіндегі өсу тенденциясын көрсетеді. Қазіргі қоғамдағы модернизациялық өзгерістер жағдайында бұл топтарға қатысты мемлекеттің ұстанып отырған саясаты əлеуметтік тұрғыдан дамуға қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар жастардың денсаулық саласындағы, білім жүйесіндегі жəне еңбек нарығындағы хал-ахуалы, оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің түрлері, жүргізіліп отырған жобалардың басты мақсаты əлеуметтік қызмет көрсетумен байланысты. Мақалада қолданылған статистикалық мəліметтер Республика тұрғындарының арасында жастардың алатын орнының қаншалықты деңгейде екенін бейнелейді.
2012

Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекітілуі, өзінің құқықтары мен міндеттерінің өзара байланыстығын сезінетін ерікті тұлғаны тəрбиелеу өсіп келе жатқан ұрпақтың білім беру жүйесіне байланысты, ЖОО-дағы білім беру үдерісіне мұғалімдерді, басқарушыларды, ұйымдастырушылар мен еріктілерді дайындаумен анықталады. Кəсіби педагогикалық білім беру перспективті тенденцияларының бірі болашақ маманның, яғни студенттің волонтерлік кəсіби біліктілігін қалыптастыру болып табылады, ол өз кезегінде жалпыадамдық құндылықтардың гармониялы үйлесуіне бағытталған, жас адамдарға деген сенім жəне əрекеттілік формаларын ерікті таңдауға негізделген ЖОО-дағы білім беру үдерісінің қатаң регламентациялаудан гуманистік білім беру аясына ауысуын қарастырады.
2012

Мақалада Қазақстан қоғамының жаһандану үдерісіндегі құндылық бағдарлары мен социомəдени даму тенденциялары қарастырылған. Жаһанданудың көп қырлы феномен екендігі аталып өтеді. Əлемді жаһандану үдерісі қамтығанын, тəуелсіздік алған елдердің əлемдік қауымдастықта интеграцияға ұмтылуларын атайды. Жаһанданудың біздің  қоғам  үшін  жаңа  саяси  стратегия-  сын тауып, Қазақстан халықтарының дəстүрлі мəдениетінің құндылықтарын батыс қоғамының құндылықтарымен қоса алып жүретін, бəсекеге қабілетті халықтың мəдениетін жаһандану контексінде қалыптастыру керектігі қарастырылады.
2012

Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы əлеуметтік проблемалар, олардың шешу жолдары мен əдістері баяндалады. Сондай-ақ əлеуметтік қызметкердің кəсіптік тұлғасы жəне маманға қойылатын талаптар, əлеуметтік қызметкердің əртүрлі лауазымдық міндеттері сипатталады.Мақалада қазіргі заманға тəн болып отырған кері əдеттермен күресудің жалғыз жолы – жас ұрпақты əдептілік нормаларына сай тəрбиелеудің маңыздылығы айтылады. Жас ұрпақты əдептілікке тəрбиелеу ісінде ұлттық философияның, ұлттық құндылықтардың алатын орны ерекше. Сондықтан болашақ əлеуметтік қызметкерлерді даярлау ісінде олардың бойына моральдық принциптерді сіңіру маңызды. Мақалада шығыс ойшылдарының, оның ішінде əл-Фарабидің даналық, ізгілік, мейірімділік туралы ойларына мысал келтірілген. Əлеуметтанушы В.А. Канкенің өркениет дағдарысы туралы пікірлеріне, Дж. Роулздың ақпараттық қоғамдағы əділдік қағидалары туралы ойларына сілтеме жасалған.Қазіргі заман мамандарының бойында гуманизм принципінің болуы шарт. Гуманизм əлеуметтік қызметкердің бойында гуманизм принципі мейірімділік, қарапайымдылық, мұқияттылық, сезімталдық, нақтылық, əдептілік қасиеттердің болуын міндеттейді.Сондай-ақ мақалада Қазақстан Республикасының көп ұлтты жəне көп конфессиялы мемлекет екендігі ерекше айтылып, осыған сəйкес, елімізде əртүрлі этникалық топтармен əлеуметтік жұмыстың өзіндік технологиясының қалыптасып отырғандығы баяндалған. Осы орайда, авторлар ұлтымызға тəн мейірбандық қасиеттерге тоқталған. Мақалада əлеуметтік қызметкердің тұлғалық жəне кəсіптік сапалары мен қасиеттері кеңінен талданады, əлеуметтік қызметкердің тұлғааралық сапаларына ізгілікті қасиеттерді, психикалық талдау жүргізе білуді,  педагогикалық біліктілік негіздерін білуді жатқызады. Мақалада əлеуметтік қызметкердің атқаратын функциялары, əлеуметтік қызметкердің құқықтық қатынастар жүйесіндегі білім сапасын көтеру маңыздылығы, қоғам үшін əлеуметтік қызметкердің маңыздылығын арттыру туралы жазылған. Авторлар əлеуметтік қызметкердің міндеттері қатарына Қазақстан Республикасының Заңдарын, арнаулы əлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, арнайы педагогика, психология жəне əлеуметтік жұмыс негіздерін білуді жатқызады.
2013

Қазақстан қоғамының барлық салаларындағы прогрессивтік əлеуметтік өзгерістер басқа да факторлармен қатар, модернизация ұғымымен байланысты. Модернизация Қазақстанды социумды басқарудың командалық-əкімшілік əдістерінен барлық өркениетті елдерде қолданылып отырған индустриалдыинновациялық əдістерге бағыттау мақсатын көздейтін түбегейлі саяси, экономикалық, əлеуметтік  жəне мəдени өзгерістер жүргізумен байланысты. Жаңарудың басты ерекшелігі – мемлекеттің ұлттық мүддесіне негізделген өзіндік стратегиясы мен тактикасының болуы. Қазіргі тұлғаға қоғам тарапынан ұлттық мақсаттарға сапалық жағынан сай келетін қабілеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру секілді үлкен міндет жүктелген. Тұлғаның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның жаңа өркениетті сатыға көтерілуі өз кезегінде тұлғада жалпыадамзаттық, гуманистік үлгілерге сəйкес сапалық қасиеттердің қалыптасуын əкеледі.Тұлғаның дамуындағы басты тенденция оның əлеуметтік құбылыстардың объектісінен субъектісіне айналуы. Қоғамның инновациялық мүмкіншіліктерін ескере отырып, тұлғаны дамытуда ұлттық құндылықтардың да рөлін атап өту керек.Мақалада бірқатар əлеуметтанушылардың көзқарастары мен теориялары талданған.
2013

Мақалада автор қазақ қоғамындағы теңдік жəне теңсіздік мəселесіне тоқталған, оның ішінде əйел теңсіздігі тақырыбы көбірек баяндалған. Шығыс менталитетінің жəне қоғамда қалыптасып қалған көзқарастардың гендерлік теңсіздікке əсері де айтылып кеткен. Бұл мақалада автор «Гендер» ұғымына анықтама берген жəне де оның теориялық-əдіснамалық негізіне талдау жасаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында гендерлік саясаттың қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталған. Қазақстан қоғамындағы гендерлік теңсіздіктің факторлары қарастырылып, гендерлік теңсіздік бойынша сандық мəліметтер көрсетіліп, еркектер мен əйелдер дискриминациясы туралы айтылған. Сондай-ақ еркектер мен əйелдердің арасындағы тең құқық үшiн күресі, олардың қоғам өмipiнe бiрдей қатысуы, яғни əйелдің, ананың, қыздардың, үй шаруашылығындағы əйелдiң жəне т.б. құқықтарын сақталуы туралы жазылған. Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері, гендерлік білім беру мəселесі, қоғамдық-саяси өмірде əйелдердің гендерлік теңдікке қол жеткізуі «гендер»,«гендерлік саясат», «гендерлік теңдік», «гендерлік рөл» ұғымдарының анықтамалары кеңінен зерттелген жəне де қоғамдық-саяси өмірдегі, отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізудің жолдары, əлеуметтенудің гендерлік аспектілері, қазіргі кезеңдегі Қазақстан əйелдерінің құқықтық жағдайы мəселелері кең ауқымда сараланып, аталып көрсетілген. Автор Қазақстан саясатындағы гендерлік теңдік жəне теңсіздік мəселесіне кішігірім зерттеу жүргізіп, ол зерттеудің нəтижелерін осы мақалада ұсынған. Осы зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстан қоғамында, соның ішінде саясатта гендерлік теңсіздік бар. Теңсіздіктің себебі – шығыс менталитеті мен «əйел саясатқа көп араласпауы керек» деген сияқты көзқарастар. Саясаттағы теңсіздіктің мысалы – əйел депутат пен министрлердің аз саны; əйелдер саясаттың əлеуметтік, денсаулық сақтау сияқты бағыттарында басым болуы қажет; əйелдер саясатта 25 пайыздай үлеске тиесілі деген тоқтамға келген.
2013

Мақалада білімге негізделген инновациялық экономика дәуіріндегі интеллектуалды ресурстар, капитал теорияларына талдау жасалған. Білім экономикасы постиндустриалды экономика мен инновациялық экономиканың дамуының жоғарғы кезеңі тұрғысынан қарастырылған. Интеллектуалды капитал мен адам капиталы қоғамның постиндустриалды дамуының қайнар көзі ретінде талданған. Батыс ғылымындағы интеллектуалды капитал теориясының Қазақстан қоғамының модернизациялануы жағдайындағы өзектілігі ашып қарастырылады.
2013

Зерттеудің мақсаты – қазіргі отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен үй шаруашылығының кіріс деңгейі көрсеткіштерін сипаттайтын негізгі статистикалық мәліметтер беру және отбасының негізгі мәселелерін дәйектеу. Әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда отбасы үлгісіне қатысты әртүрлі болатын зерттеу жүйесін дамыту бойынша ғылыми негізделген кепілдемелер және әдістемелік (қолданбалы) нұсқамалар дайындау.Зерттеуде жүргізу үдерісінде экономикалық және статистикалық сараптау, салыстыру және сараптама, сондай-ақ дәйектеу арқылы баға беру сияқты әдістері пайдаланды.Бірегейлігі/құндылығы: алынған тұжырымдамалар теоретикалық тұрғыдан демографиялық жағдайдың деңгейі жоғары болғанда, заманауи отбасылары мәселелері өз шешімін тапқан кезде маңызды, сондай-ақ жастарды отбасылық өмірге дайындау барысында, рухани тәрбиелеу, мәдени және тарихи дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды сақтауға үйрету  кезінде негізгі тұрғыдан маңызды.Зерттеу нәтижелері: Қазақстан Республикасы халқының демографиялық жағдайы бойынша зерттеулік жұмыстар жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелерді толықтай қамтыған кезде ғана оларды шешуге көмегін тигізеді.Отбасы, сәбидің дүниеге келуі, отбасы мүшелерінің денсаулығы, білім алу, сапалы өмір сүруге талпыну.Ата-аналар отбасы мәселелеріне қатысты жауапкершілікті сезген кезде ғана мемлекет тарапынан пайдалы шешілімдер таба алады. Алынған ең маңызды нәтижелер төмендегідей қорытындыланады:көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедек балалары бар отбасылар, студенттер, нарықтық қарым- қатынасқа көшкен жұмыссыз отбасыларының экономикалық жағдайлары туралы статистикалық сипаттамалар берілген;төменгі кіріс көлемін, денсаулық сақтау және білім беру (оның ішінде мектепке дейінгі мекемелер) салаларының ақылы қызмет көрсетуге ауысуы, кіріс көздерінің тұрақсыздығы, жұмыссыздық, әсіресе жастар арасында жұмыссыздықтың көбейуіне қатысты салыстырмалы сараптама дайындалды.
2013

Еңбек этикасы, еңбек өнімділігі мәселелері кез келген қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі еңбек басымдыққа жеткен қоғам әрқашан басқа мемлекеттерден бірнеше табан алда болған және алда болатынын әлемдік тәжірибе мен ғалымдардың ой-пікірлері дәлелдеп отыр. Мақалада Конфуцийдің, М. Вебердің, Ли Куан Юдің, Махатхир Мохаммадтың және т.б. ғалымдардың еңбек этикасы мен еңбек өнімділігіне қатысты ой-пікірлері сарапталады. Дамудың үлгісіне айналған «Азия барыстарының» дамуындағы еңбектің рөлі мен еңбектің маңыздылығын арттыруға арналған мемлекеттік іс-шаралар салыстырылып талданады. Тарихы, салт-санасы, менталитеті, діні, мәдениеті бір Корея халқы 1945 жылдан кейін социолизмдік даму бағытын алған Солтүстік Корея және капитализмдік даму бағытын алған Оңтүстік Корея деп екіге бөлінді. Әртүрлі даму жолды таңдаған ұлты бір екі мемлекеттің жеткен жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мақалада сипатталады. Еңбек өнімділігі жоғары мемлекеттердің санатына Жапония мемлекетін қоса аламыз. Екінші дүниежүзілік соғыста үлкен жеңіліске ұшыраған Жапонияның экономикалық және әлеуметтік салалары әлсіреген еді. Дегенмен соғыс аяқталғаннан кейінгі 25-30 жылда Жапония әлемдегі ең қарыштап дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды. Жапония әлемге техника мен технологияның ең жаңа түрлерін алып келді. Өмір сүруге ең қолайлы мемлекеттердің алдына шыққан Жапонияның дамуында еңбектің рөлі қарастырылады. Мемлекеттің дамуындағы еңбектің орны сипатталып, еңбекқорлықтың қалыптасуына мемлекеттік саясаттың, діннің, ділдің, психологияның, халық дәстүрінің әсері мен ықпалы талданады. Мақалада әлеуетті мемлекеттердің не себепті басқа қоғамдардан дамуы тұрғысынан алда болатындығы сарапталған. Адамның еңбегін жеңілдететін, мемлекеттің дамуына әсерін тигізетін түрлі факторлардың оң және теріс тұстары көрсетілген.
2013

Бұл мақалада дін әлеуметтік құбылыс және әлеуметтік сананың ең күрделі түрі ретінде қарастырылады. Осының негізінде діни сананың қоғам және адам өміріндегі алар орны көрсетілген. Сенім, сезім және үміт діни сананың бастамасы ретінде  көрініс табады.Қоғамның жұмыс істеуінің және дамуының маңызды саласы болып оның рухани өмірі табылады. Ол адам өмірінде жағымды рухани атмосфераны және жақсы психологиялық-адамгершіліктік климатты қалыптастырады. Қоғамның рухани өмірінің негізін рухани іс-әрекет құрайды. Оны адамның белгілі бір ойлары мен сезімдері, табиғи және әлеуметтік құбылыстар туралы түсініктер мен бейнелер ретінде туындайтын сананың іс-әрекеті ретінде қарастыруға болады. Бұл іс-әрекеттің нәтижесі ретінде адамдардың әлемге, ғылыми идеялар мен теорияларға, адамгершіліктік, эстетикалық және діни танымдарға деген белгілі көзқарастары көрініс та- бады. Олар адамгершіліктік қағидалар мен мінез-құлық ережелерінен, халықтық және кәсіби шығармашылық туындылардан, діни рәсімдерден, салт-жоралардан және т.б. байқалады.Діннің барлық әлеуметтік институттар сияқты салыстырмалы тұрақты және консервативті білім екендігіне қарамастан, ол қоғамдық тұрмыстың өзгермелі жағдайларына бейімделгіш болып келеді. Ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен, әлеммен байланыстылығы, қоғамның өмір тіршілігінің түрлі салаларындағы жаhандық трансформацияларымен сипатталатын қазіргі кезең діни салаға өзіндік әсерін тигізді. Діннің сыртқы бейнесі алғашқы кейпінде сақталған болса, ал сана тұрғысында ол біршама өзгерістерге ұшырады.Діни сана мәселесінің өзектілігі бірнеше объективті факторлардан туындайды. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр. Діни сананың негізінде діни идеологияның негізгі элементі болып табылатын діни сенім, діни оқуларға толық сенім білдіретін бір Құдайға сенуге негізделген тылсым күштерге ие құбылыстарға деген сенім қалыптасады.Өзін түбегейлі өзгертуші, ішкі және сыртқы қиын жағдайларда жаңа мемлекеттілікті қалыптастыратын қазақстандық қоғам үшін ұрпақтар жалғастығы мен жас ұрпақты осы процеске ендіру мәселелері қоғамдық мақсаттарға жету жолында маңызды шешім болып табылады. Дінге артылатын үміттер көп жағдайда ақталмайды: түрлі діндердің ғасырлар бойы орын алып келе жатқандығына қарамастан, жер шары тұрғындарының басым бөлігі дінге сенбейді.Мақалада Э. Дюркгейм, К. Маркс, Ф. Энгельс, Д. Бонхеффер, И. Кант және т.б. ғалымдардың көзқарастарына талдау жасалынады. Қазіргі таңда қоғамның діни сана мәселесі өзекті болып қала береді.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.