Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы əскери қызметшілерді əлеуметтік қорғаудың конституциялық-құқықтық реттелу мəселелері қарастырылған. Автор əскери саясат жəне қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық нормаларының қорғау жəне қамтамасыз ету сұрақтарын қарастырды. Сондай-ақ Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етті.
2014

Мақалада азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың негізіне алынатын зиян келтіру қағидасы мен кінə қағидасы деп аталатын екі түрлі тұжырымның айырмашылықтары, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық құқық ғылымындағы «кінə» ұғымына қатысты əр түрлі көзқарастарға талдау жүргізілді. Соның нəтижесінде автор зиян келтірушінің кінəлі жауапкершілік қағидасын қолдай отырып, деликтілік құқықтық қатынастағы тараптардың кінəсі осы міндеттемелердің құқықтық табиғатына қарай кеңірек көрініс табады жəне өзіне тəн ерекшеліктерге ие болады деген қорытынды жасайды.
2015

Мақалада Қазақстан Республикасында қызметкерлердің еңбек құқықтарының қазіргі таңдағы қорғалу дəрежесі қарастырылған. Авторлар Қазақстан Республикасы еңбек құқығының ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар мен қорытындылар жасауға тырысқан. Сонымен қатар қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды реттейтін еңбек заңнамасының нормаларын, аталған нормаларды қолдану барысында пайда болатын теориялық жəне практикалық мəселелерді зерттеген.
2015

Мақалада көп партиялықты, өкілдік демократияны, сонымен қатар ұлттық идеологияны жетілдірудің конституциялық негіздері қарастырылған. Авторлардың ойынша, осы факторлар жаһандану кезінде мемлекеттілікті нығайтудың негізі болып есептеледі, жазу барысында авторлар еліміздің таңдаулы мемлекеттанушыларының еңбектеріне сүйенген.
2015

Мақалада автор Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының бала асырап алуының құқықтық тетігін қарастырған, сондай-ақ асырап алынған қазақстандық балалардың шетел отбасыларындағы құқықтарының қорғалуына бақылау жасау мəселелерін зерттеген.
2015

Мақала заң шығару билігінің мемлекет жəне құқық туралы ілімдер тарихындағы ежелгі дəуірден қазіргі кезеңге дейінгі бастауларын, құқық идеяларының қалыптасуын, заң жəне əділеттілік, заң жəне құқық түсініктерінің арақатынасын зерттеуге арналды. Авторлар салыстырмалы түрде əр түрлі елдер мен Қазақстан дамуының қазіргі кезеңіндегі заңшығару билігінің қалыптасуы мен дамуының кейбір мəселелерін (тəртібі, шарты жəне қызмет етуін) қарастырды. Жаңа көзқарастар тұрғысынан заң шығару билігінің барынша манызды қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролі мен маңызы айшықталды. Заң ұғымын қоғамдық өмірді құқықтық ұйымдастыру құралы ретінде қарастырудың, заң түрлерінің жəне қоғамдық дамудың көптеген факторларының заманауи заңнама сипатына əсер етуінің даулы мəселелері ашылды.
2015

Мақалада қайталап жасалатын қылмыстылық детерминанттары, сондай-ақ тұлғалардың қайталап қылмыс жасауына итермелеуші факторларға адамның сотталғанға дейін өмір сүрген жағымсыз ортасы, қылмыстық іс жүргізудегі кемшіліктер, бас бостандығынан айыру орындарындағы ұсталу жағдайлары мен босап шыққаннан кейінгі əлеуметтік бейімделу проблемалары қарастырылған. Автор пенитенциарлық қылмыстардың қайталануына ықпал етуші факторларды шартты түрде топтастыра отырып, сотталғандармен жұмыс істеу барысында оларды есепке алу — жаңа қылмыстар жасауды ескертудің бір жолы екендігін белгілейді. Мақала шеңберінде ғылыми ізденуді жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын тұжырымдауға əрекет жасайды.
2015

Мақала халықаралық деңгейде тиісті шешімін таппай жатқан, жалпы адамзат баласы үшін қауіп туғызушы жағымсыз құбылыс болып табылатын діни экстремизм жəне терроризммен күрестегі халықаралық тəжірибені қарастыруға арналған. Зерттеуші Батыс Еуропа мен Шығыс елдерінің жəне Орталық Азия мемлекеттерінің діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес жүргізу жəне оның алдын алуға байланысты заңнамаларын шолып, əр мемлекет заңнамасындағы өзіндік ерекшеліктерді көрсетуге қадам жасады. Сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмді халықаралық деңгейде алдын алу бойынша ұсыныстар берді.
2015

Мақалада қылмыстық процестегі жаңа институт тергеу судьясының ұғымы жəне мəні, қылмыстық істердегі сот төрелігі жалпы жүйесіндегі субъектілері арасындағы орны қарастырылған. Қылмыстық іс жүргізудегі тергеу судьясы институтының мазмұнына жəне жүйедегі іс жүргізуге соттық бақылауды нығайтуға байланысты сұрақтар зерттелген. Авторлар, ең бастысы, тергеу судьясының өкілеттігіне, яғни санкция беру жəне айғақтарды сақтауға, баса назар аударған. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мəселелерді сот отырысын өткізбестен жеке-дара қарайды.
2015

Мақалада қылмыстық сот өндірісінде қолданылатын арнайы білімдер мазмұны түсінігіне қатысты мəселелер қарастырылған. Қылмыстылықпен күрестегі арнайы білімдердің алатын орны көрсетілген. Автор арнайы білімдер мазмұны түсінігі жайлы бірқатар ғалымдардың пікірлерін талқылап, осы мəселеге қатысты өз көзқарасын қалыптастыруға тырысқан. Арнайы білімдердің белгілері жан-жақты зерттеліп, олардың сипаттамасы берілген.
2015

Мақалада қылмыстылықпен күрестегі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел-тергеу топтары қызметінің кейбір ұйымдастырушылық аспектілері қарастырылды. Жедел-тергеу топтарының ішіндегі криминалды полиция аппараттарының жедел қызметкерлері мен тергеу бөліністерінің тергеушілерінің, сондай-ақ басқа да қатыстырылған қызметкерлердің өзара іс-қимыл жасасу сұрақтары зерделенді. Сонымен қатар жеткілікті ғылыми-теориялық жəне практикалық тұрғыда жедел-тергеу топтарының ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымдарының түрлері зерттеліп, соның нəтижесінде олардың неғұрлым тиімдісін анықтауға талпыныс жасалған.
2016

Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың тиімді өзара əрекеттестігіне əсер ететін келесі жағдайлары себеп: құқық қорғау органдарының оң немесе теріс беделі (құқық қорғау органдарының қызметіне деген халықтың сенімінің деңгейі); қылмыстылықпен күресу барысындағы заңдылық, ашықтық, жариялылық пен сөз бостандығы принциптерін сақтай отырып, құқық қорғау органдарының қызметін жаңғырту; халықтың идеологиялық-құқықтық, рухани-адамгершілік мəдениетін жоғарылату, мемлекеттің ақпараттық қылмыстық саясатын тиімді ұйымдастыру; қылмыстар туралы ақпараттардың толықтығы, шынайылығы, объективтігі жəне жеделдігі, құқықтық жəне шығармашылық аналитиканың жоғарғы деңгейін қалыптастыруға тəуелді болады. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары құқық қорғау органдары мен халық арасындағы кері байланыстың маңызды арнасы болып табылады.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.