Шетелдік тәжірибе

Бұл мақала пәнаралық парадигма мен пәнаралық тәсілдің жоғары оқу орнында білім беру үрдісіндегі маңыздылығын қарастыруға арналған. Жоғары оқу орнында білім беру үрдісіндегі пәнаралықтық оқытушылар үшін біріктіруші фактор болып табылады да, оқытудағы пәндердің мазмұндық және процессуалдық компоненттерінің әрекет­ тестігін ескере отырып, оқытудың бірізділігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Пәнаралық парадигма білім беру саласындағы интеграция үрдісінің сарынымен дами отырып, жоғары оқу орнының заманауи компетенттілік даму сатысындағы негізгі концепциясының ережелері­ не қайшы келмейді. Пәнаралық байланыстарды ескере отырып, ком­ петенттілік тәсіл форматындағы оқу үрдісін жобалау, басты болып саналатын маманның компетенцияларын қалыптастыру бір ғана емес, негізгі оқу жұмыс жоспарының бірнеше пәндерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Заманауи білім беру жоғары сұраныстағы мамандарды даяр­лау әдісі ретінде негізгі компетенциялардың дамытылуын талап етеді
2015

 РR саласындағы акциялардың көпшілігі ұйымның, оның  басшылығының сол бұқарамен қоғамның өмір салтындағы орны мен ролін, оның əлеуметтік жауапкершілігі мен əкелер пайдасын бұқараның дұрыс түсінуіне мүмкіндік беретін институцияланған жарнамамен тығыз байланыста.
2009

ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасырда «жаһандану» (глобализация) термині күнделікті қолданысқа енді. Бүгінгі күні жаһандану үрдісі əртүрлі деңгейде барлығымызға да əсер етіп отыр. Сырттай барлығымызға түсінікті жаһандану терминіне əлі күнге дейін ортақ ғылыми анықтама берілген жоқ. Жаһандану үрдісінің басталу мерзімінің өзін əркім əртүрлі түсіндіреді. Бірақ бір белгілі дүние, жаһандану дегеніміз – ықпалы күшті белгілі бір қозғалыстың (мемлекет, саяси ұйым немесе сауда компаниясы болсын) əлсіз топтарға əсер етуі арқылы барлық басқа дүниені өз маңына шоғарландыруы.  
2010

Бұл мақалада Орталық Азиядағы геоэкономикалық қауіпсіздік алғышарттарына тəжірибе ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қырғызстан мүшелігінің мүмкіндіктері мен қауіптері қаралады. Əлемдік жəне аймақтық шаруашылық кеңістіктегі Қырғыз Республикасының интеграцияға, шетел инвестициясына тиімді экономиканы қалыптастыру арқылы тартылуы,  сонымен  қатар Қырғызстанның ДСҰ-ға өтуінің де ескерілу ақуалы, экономикалық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілу талаптарын да қатар алып жүруі талап етіледі. Осы талаптар аталмыш мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының ғана емес, бүтін аймақтың да қауіпсіздігінің маңызды бағыты.
2012

Аталған мақала Еуропалық экономикалық қауымдастық, кейін еуропалық одақ шеңберіндегі мүше мемлекеттердіңұлттықзаңнамаларынжақындастыру(унификациялаужəнегармонизациялау) тəжірибесіне арналған. Мақалада еуропалық одақ шеңберінде заңнамаларды унификациялау жəне гармонизациялау мəселелерін қарастыру барысында құқықтық жақындастыру əдістеріне де көңіл бөлінген. Осы тақырыпты зерттеу барысында заңнамаларды жақындастыру əдістері ретінде «аяқталған», «шеңберлі», «сілтемелі» құқықтық унификациялау мен гармонизациялау əдістері талқыланғанын байқауға болады. Сонымен қатар унификациялау мен гармонизациялау кезінде регламенттер, директивалар мен шешімдердің алатын орындарының ерекше екенін де атап өту керек. Оның дəлелі ретінде мақалада еуропалық қауымдастық пен еуропалық одақ шеңберінде қабылданған дерективалар да қарастырылған.
2014

Автор «Табиғи ресурстар қарғысына» қарсы тұрудың халықаралық тәжірибесіне шолу жасаған. Табиғи ресурстарға бай елдердің дамуын талдау «голландық ауруға» қарсы тұруда экономикалық саясаттың сипаты басты рөл атқаратындығын көрсетеді. Боствана, Индонезия, Норвегия секілді елдерде тиімді экономикалық саясаттың нәтижесінде голландық аурудан аман қалып, айтарлықтай экономикалық өсуге қол жеткізе алды. Ал, кейбір елдерде керісінше жағдайлар орын алды. Бұл дұрыс жүргізілмеген экономикалық саясаттың, атап айтқанда қаржы және валюта саясатының, сондай-ақ елге шикізатты сатудан түсетін кірістерді тиімді басқара алмаудың нәтижесі екендігі дәлелденді. Экономиканың дамуына ресурстардың болуының өзі емес, оған сай келетін жауаптар іздеу қажет және солармен бпйланысты әрекет ету болып табылады. Ресурстық қарғыс түсінігінің мазмұнын басқаша ойлаудың авторлық көрінуі қалыптастырылған.
2014

Бұл мақала қазіргі Қытайдағы кибер-нацонализм құбылысын жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қоғамдық-саяси өмірге тигізіп отырған ықпалының мысалы ретінде сараптауға арналған. Қытайдың интернетті пайдаланушылар, әсіресе жастар арасында ұлтшылдық идеялардың кең таралуы Қытай коммунистік партиясының идеологиялық монополиясына белгілі дәрежеде қауіп төндіріп отыр және интернетті белсенді пайдаланушылардың либералды-демократиялық және батысшылдық идеяларға жақындығы туралы қалыптасқан көзқарастарға қарсы болып отыр. Сонымен қатар, мақалада ҚХР-дағы кибер-национализм феноменін сараптау барысында Қытайдың интернет-мәдениеті мен Батыс пен Қытайда сөз бостандығына бай- ланысты айырмашылықтарға шолу жасалады. Қытай Коммунистік партиясы үшін кибер-национализм жаңа, танылмаған құбылыс болып табылады және осыған байланысты кибер-ұлтшылдарға қатысты нақты саяси бағытты таңдау мәселесі туындап отыр. Себебі, қытайлық кибер-националистер ҚХР үкіметінің ішкі саясаты- на сын көзбен қараса, сыртқы саясат пен қорғаныс саясатында ел басшылығын толық қолдап отыр, бұл қолдау әсіресе Қытай мен басқа мемлекеттер арасында қақтығыстар мен дау-дамай пайда болған кезде күшейе түседі.
2014

Республикамызда жүргізіліп отырған құқықтық жүйені реформалау арқылы тәуелсіз сот жүйесінің негізі қаланып, заң үстемдігі қамтамасыз етіліп келеді. Енгізіліп отырған демократиялық озық дәстүрлерді құқықтық жүйеге сіңдіріп, сот төрелігін жүзеге асыру, судьяларға қойылатын талаптарды арттыру арқылы қазақстандық сот билігінің бейнесі күннен-күнге биіктеп келеді. Осы орайда, герман сот жүйесі қызметінің ұйымдастырылуына, Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесіне талдау жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада неміс сот жүйесіндегі әкімшілік соттардың орны қарастырылады. Автормен Германия сот жүйесінің қалыптасуының алғышарттарына жалпы талдау жасалынады. Зерттеу барысында Германия әкімшілік сот судьяларының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің ерекшеліктері анықталды. Германия сот жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші түрлі факторлардың рөлі қарастырылады.
2014

Мақалада жастардың арасындағы Батыс субмәдениетінің түрлері мен ерекшеліктері оның Қазақстанға ықпалы туралы айтылады. Қазіргі жаһандану дәуірінде жастардың болашағы үшін алаң туғызып отырған батыс өркениеттерінің бірі – субмәдениеттің көріністері, жастардың субмәдениетке деген қызығушылығы туралы талданған. Батыстан бастау алған бейресми топтар мен бірлестіктер: эмо, хиппи, панк, яппилер, экстремалдылар, паркур, роллерлер, байкерлер, граффити және т.б. түрлері, оның Ресей және Қазақстандағы белгілері туралы жеке-жеке  қарастырылған. Қоғамдағы қалыпты жағдайларға ерекше көзқараспен қарап, өзіндік ой-тұжырым жасайтын, қарапайым әлеуметке түсініксіз көрінетін әрекеттерге әуес топтардың: имиджі, әлеуметтік бағыты, философиялық ұстанымдары, өмір сүру мәдениеті  баяндалады.
2015

Бұл мақалада шетелдер үлгісі негізінде ислам банктері қызметін құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған. Бұл тақырыпты зерттеудің өзектілігі ислам қаржы жүйесінің аса қарқынды өсуі, сонымен қатар Қазақстан үшін еуропалық елдердің стандарттарына сәйкес келетін шариат нормаларын бірегейлендіру бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты елдердің тәжірибесін қолданудың экономикалық қажеттілігімен шартталған. Авторлар ислам банк жүйесінің негізгі даму кезеңдері ашылған, дәстүрлі банктерге қарағанда ислам банктерінің қызмет етуінің ерекшеліктері зерттелген. Құқықтық сипатта туындайтын мәселелер анықталды: ол мемлекеттер арасындағы біріңғай ережелер және стандарттардың жоқ болуы, ол банк операцияларын жүргізуді қиындатады, шариат қағидаларына қатысты құқықтық білімнің жетіспеушілігі. Мақаланың қорытынды бөлімде авторлар мұсылмандық және мұсылмандық емес (батыс) елдердің ислам банктері қызметін құқықтық реттеудің әдістері және жолдарына салыстырмалы талдау жасалды.
2015

Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық сферада қарқынды даму заманында өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасы өзі белсенді қатысушысы болып табылатын Еуразиялық Экономикалық Одақтың халықаралық аренадағы орнын күшейту, Еуразиялық Экономикалық Одаққа дейін әрекет еткен – ЕурАзЭҚтың тәжірибесін ескере отырып Еуразиялық Экономикалық Одақтың мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуына үлес қосу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін ЕурАзЭҚ шеңберінде туындаған мемлекетаралық дауларды заманға сай әдістермен шешуді жүзеге асырушы ЕурАзЭҚ Сотының тәжірибесін зерттеп, Соттың артықшылықтары мен кемшіліктерін табу арқылы Еуразиялық Экономикалық Одақ Сотының тиімділігін арттыру аса маңызды. ЕурАзЭҚ өзінің қызметін тоқтатқанға қарамастан, 15 жыл бойы ЕурАзЭҚ Сотының жинаған тәжірибесі қазіргі күндері кең қолданылуда және өзінің маңыздылығын жоғалтпайды. ЕурАзЭҚ Сотының тәжірибесі, соның ішінде дауларды шешу тәжірибесі ЕАЭО Сотымен дауларды шешу кезінде үлгі ретінде қолданылуы тиіс. ЕурАзЭҚ Сотының қабылдаған шешімдері – ЕурАзЭҚ нормативті-құқықтық актілеріндегі кемшіліктердің анықталып, алынып тасталуына, ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің шаруашылық субъектілеріне сауда қатынастарын жеңілдеткен жаңа қаулылардың қабылдануына себеп болды.
2015

Бұл мақала қазіргі Қытайдағы ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемін сараптауға арналған. Ақпараттық индустрияның дамуы, оның ұлттық экономикадағы рөлінің өсуі осы саладағы қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын арттырған болатын. Ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемін зерттеуде Қытайдың осы саладағы өзіндік ерекшеліктерінің бар екендігін ескеру қажет. Сонымен қатар, мақалада ҚХР-дағы экономика саласындағы басты қауіп-қатерлер, ақпараттық қылмыстардың негізгі түрлері мен мемлекеттің осы саладағы шараларына шолу жасалады. Қытай үшін ақпараттандырылған экономика өмірлік маңы-  зы бар сала болып табылғандықтан, оған қатысты тиімді саясат пен жауапты органдарды анықтаудың маңызы өте үлкен. Қытайдың бір ерекшелігі: ақпараттық қауіпсіздік саласында бірнеше мүдделі акторлардың болуы, мысалы олардың ішінде Коммунисттік партияның Орталық комитеті, министрліктер, құқық қорғау органдары мен әскери бөлімшелер кездеседі. Қазіргі таңда ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық аспектілерінде ҚХР басшылығы өзіндік саяси бағытты іздену үстінде.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.