Қылмыстық заңнама

Қылмысты саралаудың астарында нақты әрекеттің қылмыс құрамымен сәйкес болуы қылмыстық заңнамамен қарастырылуы керек деп А.А. Герцензон түсінген [1]. В.Н. Кудрявцева қылмысты саралаудың екі маңызды жағы бар дейді: 1) тұлғаның қылмыс жасау процесінің қалыптасу процесі; 2) осы әрекетті сот және прокуратура органындағы заңды бір құқықтық актіге (тергеушінің қаулысында немесе тергеу органдарында, айыптау парағында, сот үкімінде немесе ұйғарымында) тігу арқылы қылмыстық заңнамадағы қылмыс құрамына сәйкестендіру керек [2].
2009

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мен кең таралуы 20-21 ғасырлардың жетістіктері ғана емес, олар адамзат эволюциясынаң барлық орын алып отырды. Экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қазіргі таңдағы қоғамдық жағдайын ғалымдар ақпараттық қоғамның құрылуы деп сипаттайды. Жақын болашақта Қазақстан да осындай мəртебеге ие болатынына еш күмəн жоқ. Ғылыми-техникалық прогресс адамның қызметінің əртүрлі салаларына кіре тұра, 20-ғасырдың екінші жартысына қарай «ақпарат» ұғымы өзге сипатқа, маңызға ие болды. Осындай өзгерістердің басты себебі компьютерлік техника саласындағы революциялық өнертабыстар болып табылады. Осындай өнертабыстардың нəтижесі ретінде адамдардың қатынастарының жаңа түрі – ақпараттық қатынастар пайда болды.
2011

Мақалада шетелдердің заңнамасы бойынш аайыппұл заңнамасын қолданудың ерекшеліктері көрсетіліп кетеді, яғни АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Швейцария сияқты мемлекеттердің қылмыстық құқықтық жүйесінде осы жазаны қолдану статистикасы, тəжірибеде кездесетін қиындықтары ата- лып кетеді.
2012

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы қылмыстық нормалар жиынтығы қарастырылады. Зерттеу барысында анықталған мəселелер бойынша сол кездегі заңнаманың кемшіліктеріне тоқталып, талқылау жасалады. Зерттеу барысында дəстүрлі құқықтық нормалардың жаңа патшалық ережелері арқылы өзгеріске енуі қазақ қоғамындағы қылмыстық жүйенің отаршыл саясатына бейімделгенін дəлелдейді.
2013

Мақалада құқық шығармашылық қызметтің мәселелері талданылған. Құқық қолдану деңгейінде көрініс тапқан кемшіліктер көрсетілген. Автор қолданыстағы қылмыстық заңдағы жіберілген олқылықтарды жеке-жеке сипаттаған және қылмыстық заңнамадағы кемшіліктерді жоюға байланысты ұсыныстар жасауға тырысқан.
2014

Қазақстан Республикасының Конституциясы заңнамалық негізде адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазынасы ретінде бекітті [1, 4 б.]. Қоғамның ілгерілемелі дамуының және тұрақты өмір сүруінің, қазақстандық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен лайықты шарттарын құрудың конституциялық шарты болып құқықбұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу, қылмыстылықпен күресу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету танылады. Осының барлығы мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің міндеттерін қайта қарауға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қорғаушылық және құқықты қалпына келтірушілікті жүзеге асыру бағытында құқық қорғау органдарының рөлін концептуалды өзгертудің қажеттілігіне әкеліп соқты.
2015

Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңның дамуында қатысу нысандары туралы мəселе 40-шы жылдардың аяғы — 50-ші жылдардың басында ғалымдардың назарын аудартты. Бұл кезеңде А.Н.Трайнин «Қатысу туралы ілім» атты кітабында қатысу нысанының төрт мүшелі жүйесін ұсынды: 1) қарапайым қатысу; 2) қатысушылардың алдын ала келісімімен мамандандырылған қатысу; 3) ерекше түрдегі қатысу, яғни қылмыстық бірлестікпен қатысу; 4) ұйымдасқан топпен қатысу [1]. Бұл ғалымның нысандарды бұлай бөлуіне мына өлшемдер себеп болды: қатысушылардың субъективтік байланысының сипаты жəне қылмыстың қауіптілік дəрежесі, яғни субъективтік өлшемдері. Осы өлшемдер П.И.Гришаев пен Г.А.Кригердің қатысу нысандарын бөлу үшін негіз болып табылды. Аталған ғалымдар революцияға дейінгі зерттеушілерге еліктеп нысандармен бірге қатысудың түрлерін бөлді, бірақ олардың зерттеулерінде бұл тұжырымдама əрі қарай жалғасын таппады.
2011

Мақалада ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу мəселелері қарастырылды. Автормен ұйымдасқан қылмыстылықпен тиімді күресуді жүзеге асыру мақсатында жəне қылмыстық сыбайластық нысанының түсінігіне қатысты қылмыстық заңда нақты анықтамасын бекітуге байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін жетілдіру бойынша бірқатар негізді ұсыныстар жасалды.
2013

Мақала қылмыстық құқық бұзушылықтардағы сыбайлас қатысу институтының теоретикалық жаңалықтарын шолуға арналған. 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі көп жағынан 1997 жылғы Қылмыстық Заңның нормаларын сақтап қалды (сыбайлас қатысу түсінігі, сыбайлас қатысушылардың түрлері, олардың жауаптылығының негіздері жəне шектері). Қазақстанның қолданыстағы қылмыстық заңнамасының негізгі жаңа енгізулері: қылмыстық құқық бұзушылықта сыбайлас қатысу нысаналарын (адамдар тобы, алдын ала келісім бойынша адамдар тобы) жəне сыбайлас қатысудың ұйымдасқан нысаналарын (қылмыстық топ) ажырату. Авторлармен қылмыстық топ түрлерінің заңнамалық анықтамалары талданған, олардың қылмыстық-құқықтық жəне криминологиялық ерекшеліктері анықталған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.