Діни бірлестіктер

Мақалада діннің қоғам дамуында алатын орны, атқаратын міндеттері мен қызметтері әлеуметтік-мәдени институт ретінде түсіндіріледі. Дін және әлеуметтік құрылым. Э. Дюркгеймнің дін турасындағы теориясы. Зерттеу нысаны: қазіргі кездегі Қазақстандағы сенушілер. Зерттеу пәні бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Діннің пайда болу тарихы. Зерттеу мақсаты: бұл сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, олардың санасы мен сезімінде діни іс-әрекеттегі моральдық тірек пен сенімділікті қалыптастыру. Зерттеудің болжамы – Қазақстан бастамашылдығы бойынша Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылуы азиялық континентте қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көпжақты тамаша құралына айналды. Бұл дегеніңіз мемлекетіміздің тұрақтылығын, бейбітшілігін сақтап қалуда біздің мүмкіншілігіміздің көп екендігін көрсетеді. Қай жағынан алып қарасақ та бірлігін сақтауда діннің өзектілігі маңызды. Олай болса, алдағы уақытта дін мәселелері өз алдына шешімін тауып, әлемдік дағдарыс, төңкеріс, ашаршылық сияқты көптеген зұлматтарды басынан кешіріп, бейбітшілік пен амандықта жасап келе жатқан еліміз бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деген үмітіміз бар.
2014

Қазақстан Республикасындағы дін аясы бірқатар заңнамалық актілермен: Конституциямен, Азаматтық кодекспен, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңмен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Қазақ жері тарихи жағдайлармен ұлы өркениеттердің - ислам, христиан, буддизм, конфуциандық өркениеттерінің өзара іс-қимыл орнына айналды. Біздің шексіз кең байтақ даламыз өзіне алуан түрлі өркениет пен мәдениетті сіңірді.
2009

Ислам және оның шариат заңдарын зерделеу ғылымға көп жаңалық әкелері хақ. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында ислам мен ғылым арасында ерекше жүйелік және  үзуге  болмайтын байланысты күшейте түскен жөн. Ислам және оның Шариат заңының ғылыми тұстары әлі де ашыла түсетініне күмәніміз жоқ.
2009

«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңы біздің қоғам үшін маңызы орасан зор. Ол азаматтық қоғамды қалыптастыруды ілгері жылжытуда айтарлықтай ықпал ете алады. Сондықтан қандай да бір зайырлы мемлекет дінге қатысты өзінің ұлттық заңнамасын түпкілікті айқындап алуға міндетті. 1992 жылы тəуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыттың ішінде осындай заңның қабылдану себебі де сол. Өйткені, ол өз саласында қоғамды түрлі қыспақтардан қорғауға əсер етті. Демек, ол дер кезінде қабылданған құжат болып шықты. Бірақ уақыт өзгермей, алдыға жаңа талаптар қоймай тұра алмайды. Бұл – өмір заңы.
2011

Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған жылдардан бастап өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтыруды негізгі ұстаным ретінде алға мақсат ретінде қойып келеді. Бұл Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Конституциясының 1-бабында зайырлы мемлекет ретіндегі негізгі ұстанымы бекітілген болатын [1, 6б]. Зайырлы мемлекетті орнықтыруды одан əрі дамыту үшін бұл конституциялық идея өзінің даму механизмдерін арнайы заңдарда бекіте түсуі қажет. Діни бостандық туралы соңғы жаңа заң қабылданғанға дейін Қазақстан Рсепубликасында 15 қаңтар 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандық жəне діни бірлестіктер» туралы заң өзінің қызметін атқарып келді. Əрине, бұл заң қабылданған кезеңде қоғам өмірінде əл-ахуал бөлек болатын. Қазіргі кезеңде елімізде белең алып отырған діни экстремизм мəселесі бізге жаңа заңды қабылдауды алға тартқан болатын. Сондықтан да, 11 қазан 2001 жылы «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» жаңа заң өмірге келді. Жаңа заңда мемлекет пен діннің арасындағы байланыс мəселесі арнайы жеке-дара реттелуге түсетін болып белгіленді.
2011

Мақалада діни бірлестіктерді тіркеу, қайта тіркеу рəсімдері мен олардың қызметтерін реттеу тəртібі кеңірек қарастырылған. Автормен Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерін тіркеуге қатысты нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалған. Сонымен қатар діни бірлестіктердің Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері қарастырылған. Қазақстандағы қайта тіркеуден өту үдерісі бойынша статистикалық көрсеткіштер келтірілген.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.