Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сыныптарда ұлттық спорт ойындарын өткізудің маңызы

Егемен Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу алдағы стратегиялық маңызды мақсат болып табылады. Осы маңызды тапсырманы іске асыруда өскелең ұрпақтың алатын орны зор, себебі қандай да болмасын алға қойылған жоспарды іске асыру үшін білімді және денсаулығы мықты ұрпақ қажет.

Ойын, адамның балалық шағынан бастап бүкіл саналы ғұмырының барлық кезеңінде бірге болып еретін ерекше құбылыс. Сондықтанда ұлттық ойын мәселесін тек қана педагогтар мен психологтардың емес, әлеуметтанушылар мен этнографтар, өнертанушылар ғылыми объект ретінде жан-жақты қарастыруда. Ұлттық ойындар ғылымның қай саласында зерттелсе де көптеген ғалымдардың ойы бір жерден шықты, ол ойынды адам мәдениетінің бір бөлшегі ретінде алып қарауы болып табылады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, дербес мемлекеттікке қол жеткізуіне орай баланы ата мұра дәстүрінде тәрбиелеуге халықтың ынта-ықыласы арта түсті. Бұл ұрпақтар жалғастығының, дәстүр сабақтастығының нығая түсуіне септігін тигізеді. Күрделі қоғамдық феномен ретінде дене тәрбиесі мен спорт қоғамда адамдардың өмір тіршілігінде, тұрмыс салтының құрамдас бөлігіне айналады.

Ұлттың өмірі дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені анықтай береді. Ұлттық тәрбие қоғамның және жеке ұлттың өмірлері мен өзара қарым-қатынастарының тәрбиесімен тығыз байланыста болуы керек. Ұлттық тәрбиенің табиғаты әрі күрделі, әрі қарама-қайшылыққа толы болып келеді. Қазақ халқының «туыстық сезімге» барынша жақын екендігі қашаннан белгілі. Мұның өзі ұлттыққа құндылықтарға байыппен қарауды, оны әрбір ұлттың нақты ерекшелігіне сәйкес қарастыруды талап етеді. Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттық тәрбие өзара байланысты үрдістердің тұтас бір жүйесін ұсынады, оның басты мақсаты жалпы адамдық, әлеуметтік жағдайды жақсарту болып табылады. «Күллі адам атаулының дүниені бейнелеу заңдары ұқсас, әрбір жекелеген жағдайда ұлттық тәрбие жалпы адамзаттық қана емес, ұлттық өзгеше тәрбиені де іске асырушы ретінде көрініс береді» деп жазады белгілі ғалымдар А. Құралбекұлымен, С. Әкімбайұлы. Дәстүрлі дене шынықтыру мен ойындар ел арасында кең жайылғандығымен, қоғамдық өмірдің барлық саласын қамти алатындығымен ерекшеленеді.

Міндетті денсаулық қорғау жөніндегі алдын алу шараларының кешенін сақтап қалуды, балалардың денесі мен жүйке-психикалық үйлесімділігін дамыту және денсаулығының нығаюын дене шынықтыру сабақтары арқылы қамтамасыз ету қажет.

Денсаулықты қорғау мәселелерінде мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік белсенділігі ойын, әр түрлі сауықтыру әдістері, күн тәртібін бұзбау, тиімді тамақтану, таза ауада жиі болу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың ақпарат ойындық үлгілері арқылы жасалады.

Соңғы жылдары көптеген ғалымдар ұлттық ойындарды қоғамның нақты бір даму кезеңінде қалыптасқан адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі деп түсіндіреді. ХХ ғасырдың басында зерттеушілер арасында адамның дамуына бірінші болып әсер еткен еңбек пе әлде ойын ба деген сұрақ төңірегінде үлкен пікірталастар туындады. Ойын еңбектен бұрын пайда болған деген көзқарастар айтылады. Бұл пікірге алғаш рет қарсы шыққан неміс психологы философ В. Вунд болды. Оның тұжырымдамасы бойынша «Ойын-ол еңбектің баласы» дегенге сайды. Әрі қарай бұл көзқарасты орыс фәлсафасы Г.В. Плеханов дамытты. Ол адам қоғамындағы өнердің шығу тегін, пайда болу мәселесімен айналысып, нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: «ойын көп ғасырлық тарихы бар, алғашқы қауымдық қоғам кезінде әртүрлі өнер түрлерімен бірге тұтасып өрістеп, солармен бірге дүниеге келді» деп көрсетеді.

Үлкен адамдар балалардың еңбек әрекеті үшін жаттығу ойыншықтары: садақ, жебе, қалқан, арқан жасай бастады. Осылайша жаттығу ойындары туып, оның барысында бала еңбек құрал жабдықтарын ұстап, оны пайдаланып ойыншық кішкене садақпен нысананы көздеп, кіші кетпенмен жер шауып үйренеді.

Әртүрлі қолөнердің дамуы, еңбек құралының күрделенуі нәтижесінде жаттығу ойыншықтары олардың көрінісі болудан қалды. Олар еңбек құралдарын қолдануы тұрғыдан емес (ойыншық қару-жарақтар т.б.) сыртқы бейнесімен еске салды. Басқаша айтқанда ойыншықтар еңбек құралдарының бейнесі болды. Бұндай ойыншықтармен еңбек қызметін атқаруға болмайды, бірақ оны бейнелеп ойнауға болады. Осы жерден рөлдік-сюжеттік бейнелеу ойындары дүниеге келді. Кішкентай бала үлкен адамның өміріне белсене қатысқысы келеді, ал рөлдік-бейнелеу ойыны оның сол қажетін қанағаттандырды. Шынайы өмірде үлкендер өміріне балалардың белсенді қатысуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, бала өз қиялымен, іс-әрекетімен үлкендерге еліктеп бейнелеу ойынын ойнады. Рөлдікбейнелеу ойыны ішкі, табиғи инстинктің нәтижесінде емес, баланың қоғамдағы нақты әлеуметтік шартты қажеттілігінен туындаған үрдіс. Үлкендер өз тарапынан арнайы жасалған ойыншықтар көмегімен бала ойынын дамытып, ойын ережесі мен тәртібін нақтылап, ойынды атадан балаға мұра етіп жеткізіп, ең соңында ұлттық ойынның өзін қоғам мәдениетінің бір бөлшегіне айналдырады.

Адамзаттың әлеуметтік-тарихи дамуында ұлттық ойындар баланың қалыптасуына көмектесетін бірден-бір құрал ретінде қарастырылды. Ұлттық ойын көмегімен балалар қоршаған әлеммен өзара қатынас жасап, моральдық нормалары қалыптасып, адамның көп ғасырлық даму тарихындағы практикалық және ой еңбегін өмірге енгізу әдісіне көмекші болды. Осылайша қазіргі замандағы ұлттық ойын теориясына қатысты пікірлер оның тарихпен қатыстылығын, әлеуметтік табиғатын адам қоғамындағы мазмұны мен мәнін дәлелдеді.

Біз жоғарыда айтқанымыздай ұлттық ойындар әлеуметтік негізден бастау алады. Оның ішінде балалар ойнайтын ұлттық ойындар үлкендер әлемімен тығыз байланысты. Бұл жағдайды ғылыми-психологиялық тұрғыдан алғаш дәлелдеген К.Д. Ушинский болды. Ғалым еңбегінде: «баланың өзін қоршаған үлкендер әлеміне кірудің басты жолы ойындар. Балалар ойыны өзін қоршаған әлеуметтік ортаның көрінісін бейнелеп, ойыншықтар арқылы шынайы өмірді суреттейді». Шынайы өмірді ойын арқылы бейнелеу баланың құндылық жүйесінен жинақталған әсері нәтижесінде болады. К.Д. Ушинский былай деп жазды: «бір қыз баланың қуыршағы тамақ істеп, іс тігіп, киім жуып, үтіктейді, екіншісінің қуыршағы салтанатты түрде диванда отырып қонақ күтіп, театрға асығады, үшіншісінің қуыршағы басқаларын ұрып, жинақ қобдишаға тиын жинап, ақша санайды». Қоғамдық дамуда жалпы ойын атаулы жүзеге асу әдісі тұрғысынан да әлеуметті.

Ең бастысы бала үлкендер өміріне белсене қатысып, өзінше тәуелсіз болуға ұмтылады. Баланың дамуына қарай қоршаған әлем мен таным туралы түсінігі кеңейіп, ішкі жан-дүниесімен үлкендер қызметіне араласу қажеттілігі артады. Сондықтан бала ойнағанда тәжірибесі мен ойында сақталып қалған үлкендерге еліктеу рөлін өзіне алады. Ойын барысында бала тәуелсіз қимылдап, өз тілек-қалауын, сезімін еркін білдіреді. Күнделікті өмірдегі балаға жасалатын ескертпелер мен үйрету мақсатында айтылатын «жүгірме, қолыңмен ұстама, құлап қалма, өтірік айтпа» деген сөзден бөлек, ойын сәтінде барлық ұнамды бейнені: «кемеде жүзіп»«космосқа ұшып»«атқа мініп» өз қуанышын жағымды эмоциялық түрге ауыстырады. Бала кез-келген ойынды дене қимылы арқылы дамытып, бала іс-әрекетке тән қозғалысты меңгеріп, мақсат қойып, жоспарлап, нәтижеге жетуге ұмтылады. Кейін осы білгенін қызметтің басқа салаларына, оның ішінде еңбекте қолданады. Балаларды ойын арқылы денесін шынықтырып, еңбекке даярлау мәселесін күн тәртібіне өмірдің өзі қойып отырады. Ойын адам баласының алғашқы әрекеті және саналы әрекеті болып табылатындығына көз жеткіземіз.

Еңбек пен ойын әрекеті адам баласын саналылыққа жетелейді. Адам баласының қоғамдасқан алғашқы дәуірінде ұлт ойындары әмбебаптық рөл атқарды, оның қолданыс әрекеті кең болды. Ұлт ойындары сан-салаға бөлініп, адам баласын саналы болуға бастады. Денені жаттықтырушы, шынықтырушы, денсаулық кепілі, тек ойын арқылы жүзеге асты. Еңбек тәрбиесі халықтың дене шынықтыру өзегі, өйткені еңбек өмірдің бірден-бір қайнар көзі, адамның өмір сүруінің шарты, жеке адамды қалыптастырудың факторы. Қазақ халқының дәстүрлі еңбек тәрбиесі этностардың өмір салтымен, олардың шаруашылық қызметімен, әлеуметтік қатынастарымен байланысты. Сондықтан да дене шынықтырудың маңызы еңбек етудің мән-мағынасымен өзара байланысты. Қазақ халқының дене шынықтыру дәстүрін жүйелеу жұмысы, оның әлеуметтік-мәдени және педагогикалық мән-мағыналарына жасалған талдау көрсеткендей, ойын түрлері жасөспірімдерді дене шынықтыру саласында тәрбиелеудің қажеттілігіне жауап береді. Балалардың тұлғасы мықты, денесі шымыр, қимылы ширақ, әрі епті болуы үшін ұлттық ойындар арқылы дене шынықтыру әдістерін қалыптастырған жөн болып табылады.

Ойынның еңбекпен мұндай байланысы жасанды болып табылады. Себебі ойын тікелей еңбекке айналмайды, сондайақ ойын да тікелей еңбек бола алмайды.

Бала еңбегін зерттеу барысында анықталғандай мектеп жасына дейінгі балалар өз еңбектеріне ойын элементтерін жиі әрі құлшына қосып отыратынын көреміз. Ойынға еңбек элементтерін енгізе отырып, балаларға тәрбиелік ықпалдың тиімділігін арттыруға, ойын көмегімен балалар тарапынан байқалған олардың еңбекке деген құлшынысын дамытуға және нығайтуға болады.

Қоғамдық дамуда халық ойындарының бала өміріндегі тағы бір мәнді жағы бар. Ол ұлттық ойындардың балаға беретін патриоттық тәрбиесі болып табылады. Қазақ халқы сонау көне дәуірден бері соғыстар мен өзара күрестерге толы тарихи дәуірді басынан өткергені белгілі. Сондықтан ұлттық рухта тәрбие алмаған, тілін-ділін, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа отанын қорғау сияқты жауапты істерде сенім арту өте қауіпті. Өйткені өз ұлтының ұлттық өнерін-тілін сыйламаған адам Отанын да сыйламайды. Ұлттық ойындар бала өмірінде Қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, отан сүйгіштікке тәрбиелейтін бірден-бір құрал болып табылады.

Ерлік тәрбиесі дегеніміз ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде балалардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бүгінгі күн тұрғысынан алып қарайтын болсақ, егемен еліміздің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың санасына жастайынан ата-бабаларымыз негізін салған ерлік рухты ендіру.

Баланы ұлттық негізде жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулуға байланысты халық батыры Б. Момышұлының «Жігітті жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейтін қазақтың игі дәстүрлері» атты мақаласында солдаттардың бойында жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлерінің маңызы зор екеніне тоқтала келе, халық даналығының алтын қазынасын білім мен тәжірибеге пайдалану жолдарын көрсетеді.

Осымен қатар халық арасындағы тараған ойын түрлері арқылы баланың денесін шынықтыру басты міндет болып саналғандығын, ал дене жаттығуларын ойын арқылы беру, жетілдіру тиімді жол екендігін ертеден білгендіктерін көрсетеді. Сонымен қатар ел арасында тараған ойындар жас балалардан бастап, орта және егде жасқа дейінгі адамдарды қамтығанын көруге болады. Әсіресе жас балаларға арналған ойын түрлері бала ағзасына көп күш түсірмейтін, көп қозғалысты қажет ететін және эмоционалдық тұрғыдан бала психикасына күш түсірмейтіндей ойындар жүйесі таңдалып алынғандығын көреміз. Қазақ халқы арасында ойындар тек ұлдар үшін немесе қыздар үшін деп бөлінбейтіндігі ерекше құбылыс болып табылады. Осы жағдайдан қазақ халқының ұл мен қыздар тәрбиесі арасындағы айырмашылықты дене тәрбиесі арқылы бөлмей ұл мен қызды бірдей тәрбиелегендігін көруге болады. Сонымен қатар ойындар арқылы жас балаларды күнделікті тұрмыс-тіршілік қажеттілігін үйренуге жол ашу және дала климатына биім деуге бағыттағандықтан айқын көруге болады.

“Ойын” түсінігі өзіне көптеген ойын фольклордың әртүрлі формаларын кіргізеді, қайда қайсысы, аяқ шеніңде, балалардың әртүрлілік: денелік, психикалық, ойлық дамуына әсер етеді. Ұлттық ырықты ойыны да ойын фольклорының бір түрі болып келеді, қайда жоғарыланған ориентация әрекеттердің қарқындылығында білдіріледі.

Алғашқыда ойындар тек еңбек шілік және тұрмыстық әрекеттерін ғана білдірген. Кейін бұл түсінік кеңейген және бұған кең мазмұн салынатын. Еңбек іс-әрекеттеріне ұқсас ойындары өздерімен дене тәрбиесіндегі объективті бар құралдарын өте ерте көрсете бастады. Қоғамның дамуымен бұл әрекеттерді эмоционалды, ойын және би түрлерін, сонымен қатар эстетикалық қанағаттандыру әкелетін түрлерін жүзеге асыруы керек бола бастайды. Профессор В.К. Никольскийдің пікірі бойынша адамдық мәдениеттің дамуының ерте деңгейінде ойын адамды, оның ұжым мүшесі функцияларына дайындайтын, іштегі дене шынықтыру мінезін қабылдайды.

Көптеген ойындарда, соғыс жағдайларынан дифференциаланған, аллегориялық түрінде көрсетілген, әскери мінездің көркемділігі сақталған. Балаларға арналған әскери тақырыпты ойындар, қайсыларды үрдісінде, денелік және өнегелі сапалар дамуы, әскери дайындықтың сұраныстарына жауапты қолданбалы дағдылар қалыптасуы, үлкендермен мадақтанған, өйткені өмірге дайындықтың ең жақсы түрі деп саналатын.

Егер тарихи жоспарда ырықты ойын өзімен еңбектік, тұрмыстық немесе әскери әрекеттерін жасауға ұқсасқан болса, қазіргі уақытта бұл әрекеттер ойнаушылар арасында сезілмейді.

Балалар құрдастарының және үлкендердің тәжірибелеріне бейнелі ойынды таңдайды, бірақ бұл ескермейді, керісінше, олардың анықталған кішкене өмір тәжірибелеріне, тұрақты шығармашылық кіргізіліп отыруын ұйғарады. Сонымен қатар, сайысты мінезбен аздап байланыстырған, әр түрлі әрекеттерде, дене сапаларында және т.б. асқандықты көрсетуге мақсаттанған біртіндеп абстракция жүріп жатады. Сондықтан ырықты ойындардың сайысты міңездін анықталған жартысы спорттық ойындардың қалыптасу негіздерінің иықтарына жатады. Дамып келе жатқан халық ойындарында (кейбір ойындарға спорттың бөлек элементтері қосыла басталды) спорттық құрал қолдана басталды. Әр түрлі халықтардың фольклорлық фондтың анализ көрсеткіші бойынша, балалар өздерінің ойындарында үлкендердің міңез-құлықтарына ұқсастық әрекет ғана емес, сонымен қатар жай ғана күнделікті өмірде қолданатын құралдарды қолданады. Бірақ көп жағдайларда ойындарға дайын заттар кіреді, яғни балалар өздерінің қиялдарына сәйкес ойынның сұраныстарына келтіруге тырысады. Әрине, кейде үлкендердің қарамағымен, кеңесімен балалар өздерінің шамаларына сәйкес құралдар жасайды екенің ескертуден шықпайды.Сонымен әр түрлі еңбектік операциялар негізінде туған және оларды көрсетіп, еңбек құралдарына ұқсас құралдар сапасында қолданып, ойындар әрекеттер қалыптасуына әсер етеді, қайсылары ойын құралын өздік жасауға керек іс жүзінде әрбір бала өзінің садақ немесе соғу таяғын жасай білуін және басқаларда бұлардың жоқтығы мақтанышты болатын. Осы жасалғанына қанағаттанған ойынға стимул боп қызметін атқаратын, өйткені ол ойында құралды жасау шеберлігінен кем еместігінен көрсеткісі келмеді. Бірақ сәттік үшін ойында кездеспейтін еңбек дағдыларымен қолдана білу керек екен. Сондықтан халықтық ырықты ойындарында қолдан балылық тын еңбек тәрбиелеумен байланысын қолдануымен бәрінен жарық көрінеді.

Ойын әрбір халықтын тарихи-мәдени дамуында адамдардың өмірге алғашқы дайындық үрдісінде тәрбиенің негізгі факторы болып келеді. Бұл дайындықтың негізінде қоршаған ортамен ерекшеліктердің қарымқатынасы жатыр. Ойын баланы қоршағандармен, табиғатпен әңгімелеуге, өмірге кіргізеді және еңбек дағдыларын, білім алуды, қимыл әрекетін жетілдіруге әсер етеді.

Халықтық ұлттық ойындарында, қимыл әрекеттерінің әр түрлілігі, шұғылданушылардың қалыпты денелік дамуына және денсаулықты нығайтуға әсер етеді. Қазіргі дене шынықтыру және спорт жұмысына ерекше бағалы халықтық ырықты ойындарды кіргізу, ғасырлық салт-дәстүрлерің қолдануын және халықтық ырықты ойындарының бүкіл байлығының ғылыми хаттауы және терең оқылуы қажет. Бұл мұраны, қазіргі адамдардың өміріне дұрыс қолдануы өсіп келе жатқан ұрпақтың денелік және рухани тәрбиеленуіне әсер етеді, ал қорытындысында – ұлттық мәдениеттердің жақындауымен өзара бай болуы.

Қорытындылай келе, қоғам дамуындағы ұлттық ойындардың бала өміріндегі маңызын зерттей келе, қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуында ұлттық ойындар тек халықтың өткен мәдениетінің бір бөлшек мұрасы ғана емес, бүгінгі ХХІ ғасырдағы дамуымыздың кешегі мен бүгінгі ұрпақ байланыстылығын тарихи этнопедагогикалық тұрғыдан жалғастыратын өркениетті құбылыс ретінде көру маңыздылығы анықталды.

  1. Бастауыш сынып оқушыларының дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойын түрлері терең зерттеліп, физиологиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай саралауды ары қарай қажет етеді.
  2. Дене тәрбиесін өткізуге жауапты дене шынықтыру маманы болғандықтан, олармен жүргізілетін білім жетілдіру жұмыстары жоспарлы түрде ұйымдастырылып, сапасын арттыру қажет.
  3. Бастауыш сыныптарға арналған қазіргі қабылданған бағдарламаларға ұлттық ойын түрлерін кеңінен қолдануға арналған толықтырулар енгізу қажет.
  4. Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабағына арналған материалдық базасын нығайту және дамыту қажет.
  5. Ұлттық ойындар құндылығын, қажеттілігін халық арасында насихаттау.
  6. Дене шынықтыру саласында халықтық ойындарды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту қажет.
  7. Дене шынықтыру саласындағы мамандар даярлайтын оқу орындарында, білім жетілдіру курстарында ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға арналған бағдарлама жасау ұсынылады.

Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасып, бүкіл дүниежүзілік саяси аренадағы орны айқындалып жатқан кезде жеке адамның, әсіресе, жас ұрпақтың болашақта білімді болуымен қатар, дені сау азамат болып өсуіне, елінің мәдениетін, дәстүр-салтын білетін патриот болып қалыптасуына ұлттық ойындардың қосар үлесінің зор екендігін ескере келіп, ұлттық ойындарды балабақша жасынан үйрету таңдап алған тақырыптың өзекті екендігін айқындады. Ұлттық ойындардың баланың дүниені танып білуіне қадам жасар алғашқы өмір кезеңінде тікелей қоршаған ортамен байланысын, адамдармен қарым-қатынасын арттырушы құрал екендігі дәлелденді. Қазақ халқының ұлттық ойындары – жеке адамдарды тәрбиелеу құралы ғана емес, қоғамдық ортаға тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік құрал ретінде де күрделі қызмет атқаратындығы айқындалды.

Ұлттық халық ойындары тек бір елдің ғана емес, бірнеше халықтың дәстүрлі ойындарының ұқсастығын көрсетті. Қазақ елінің мұрасы дәстүрлі халық ойындарына қатысты өз еліміздегі, шет елдердегі мәдени мұраларды жинақтау, зерттеу, жүйелеу, оның пайдалы өнегесін балаларға үйрету осы күнгі заман қажеттілігінен туған өзекті мәселе екендігі дәлелденді.

Бала ағзасын қалыпты өсіру үшін дене шынықтыру сабақтарын мақсатсыз ойындар арқылы емес, жүйелі түрде жинақталған ұлттық ойындар негізінде өткізу пайдалы екендігі дәлелденді. Осы жүйелеудің арқасында әр ойын түрлері қандай қозғалыс дағдыларына және қандай дене күш қабілеттеріне әсері бары анықталып, сабақ мақсатына сай ойын түрлерін таңдап алуға мүмкіндік туды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Болғамбаев М. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. – Алматы: Қайнар, 1983. – 163 б.
  2. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Мектеп, 1998. – 301 б.
  3. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқутәрбие ісінде пайдалану. – Алматы: Рауан, 1991. – 176 б.
  4. Айтбаева А.К. Қазақ халық ойындары – бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы. – Алматы: Қайнар, 1992. – 410 б.
  5. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану. – Алматы: Атамекен, 1995. – 304 б.
  6. Қуанышев Т.Ш. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін ұлттық ойын құралдары арқылы даярлау. – Алматы: Қайнар, 1992. – 279 б.
  7. Төтенаев Б.Ә. Қазақтың ұлттық ойындары. –Алматы: Қайнар, 1994. – 55 б.
  8. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. – Алматы: Мектеп, 1998. – 29 б.
  9. Төтенаев А.Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы: Мектеп, 1995. – 83 б.
  10. Алимханов Е.А. «Шөген» – шын далалық ойын. – Алматы: Спорт KS – № 31. 2003. – 12б.
  11. Кенжебеков А.Е. Ұлттық спорт пен ойындардың дамуына ғылыми көзқарас қажет // Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Аламты, 2010. – №1. – Б. 23-26.
  12. Айдаров Е.Н. Дене тәрбиесі спорт этнопедагогикасы. – Алматы: Атамұра, 2008. – 30 б.
  13. Балжанов Қ.О. Ұлттық ойындарға байланысты халық арасындағы салт-дәстүрлер, наным сенімдер және жол-жоралғылар // «Орта бастауыш мектеп дене тәрбиесі». – 2010. – №2. ҚХР. Құлжа қаласы. – Б. 7-11.

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.