Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәсіби қазақ тілін меңгертуде мәтіннің маңыздылығы

Тіл қарым-қатынас құралы. Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл адамзат баласының рухани күш қуаты, елдігіміздің тірегі де тілегі, сол себепті де оны қазақ халқы ғана емес, елімізді мекендейтін өзге ұлт өкілдері де құрметтеп, үйренуі тиіс. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп, бекер айтпаған. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым қатынастың ұйытқысы. Қазақ және елімізде мекендейтін өзге ұлттар үшін де, Қазақстан жалғыз Отаны, алтын бесік, туған жері. Сондықтан мемлекеттік тілді білу, оны күнделікті өмірде қолдану, оған құрметпен қарау тұрмыс-салтымыздың, мінез-құлқымыздың бөлінбес белгісі болу керек.

ХХI ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Бүгінгі жастардың өмірдің өзінен үйренері көп-ақ. Бүгінгі заман талабына сай нарықтық экономика өркендеп отырған кезеңде студенттердің, яғни болашақ мамандардың ой-өрісінің жан-жақты бай болуы, тілді меңгеруде «қазақ тілі қазақ халқының ана тілі» екендігін сезіне отырып, еліміздің экономикасын, мәдениетін дамытқан асыл мұра ретінде тани білуі қажет. Кез-келген жағдайларда қоғам үшін өте пайдалы іс істеу үшін болашақ маман өз мамандығынан бұрын, адам бола білу мамандығын игеріп, қазақ халқының тілін, тарихын, мәдениетін бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып халыққа танылуы тиіс. Осы орайда өзекті мәселелер қатарына шоқтығы биік болып әрқашан студенттерге мемлекеттік тілді меңгерту мәселесі тұрады.

Тілді үйренудің негізгі мақсаты – өзара сөйлесе, пікірлесе білуге үйрену. Мемлекетіміздің кез келген оқу орнында қазақ тілі ана тілі және мемлекеттік тіл ретінде оқытылады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістері өзгеше. Ол өзге тіл есебінде жүргізіледі. Сондықтан қазақ тілі пәнінің мақсаты тілі үйренушілерді қарым-қатынас біліктілігімен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. Осы орайда студенттерге қазақ тілін оқыту – ең маңызды іс. Қазақ тілін оқыту процесінде тіл дамыту жұмыстарын жүзеге асыра білуі, ойын ашық айтуы, үйреніп отырған тілдің өзіне тән дыбыстарын дұрыс айтып, сөзді мәнерлеп оқи алатын болуы негізгі талаптар болып табылады.

Ал, «Кәсіби қазақ тілінің» мақсаты қазақ тілін кәсіби деңгейде жетік меңгеру. Бұл пәнді оқыған тіл үйренуші:

  • мемлекеттік тілде мол ақпараттар өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, коммуникативті функционалдық бағытта қолдана білуі керек;
  • мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі;
  • өзінің алған білімі мен білік – дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны үнемі дамытып отыруы;
  • мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге дағдылануы;
  • кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;
  • проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем жеткізе білуі керек және т.б.

Қазіргі таңда жеке адамның жанжақты дамуына үлкен мән беріліп отыр. Жас жеткіншектің қабілеті, талабы, ерік күші айқын болуы керек. «Өзіне сенімі жоқ адам өзгелердің уысынан шыға алмайды» деген қанатты сөз бекерге айтылмаған. Бүгінгі колледждердің мақсаты – қоғамда өмір сүруге бейім, өз көзқарастарын, пікірін қорғай алуға қабілетті дара тұлғаны дамыту.

Бүгінгі студент ертеңгі маман. Қазақ тілін дамытатын да, оның қанатын кең жаюға көмектесетін де бүгінгі студент. Себебі, ол оқу ордасында бүгінгі жаңалықтарды терең меңгеріп, ертеңгі күні жүзеге асыруы қажет. Сондықтан оқу орындарында, яғни біздің арқау етіп отырған колледжде кәсіби қазақ тілін оқыту барысында студенттерді болашақ өз мамандықтарына сай, яғни болашақ мамандығын қазақша кәсіби сөйлеуге үйретуде жүйелілік пен сабақтастық, бірізділікті қалыптастырудың маңызы ерекше деуге болады.

Тіл дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі – мәтін бойынша жұмыс істеу. Осы тұрғыда мәтін, оның кәсіби сөйлеу тілін дамытудағы алатын орнын қарастырайықӘдіскер ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф. Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілсімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-бірімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды… Адам тілдік қатынаста үлкендіішіліірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесі әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді»деп тұжырымдайды. Мәтін арқылы тілдік қатынастың барлық түрі үйретіледі. Ол мәтінді оқыту әрекетімен бірге, мәтін бойынша әңгімелеу арқылы сөйлеу әрекетіне, мәтін бойынша сұрақ-жауап арқылы тілдесім әрекетіне, мәтін бойынша мазмұндама жазғызу арқылы жазу әрекетіне, мәтінді оқумен бірге тыңдау туралы ойын жеткізе айту әрекетіне үйретіледі. Сондықтан оларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаналық болу керек. Ол мұғалімнің көп ізденісін қажет етеді.

Мәтінмен жұмыстың негізгі міндеттері:

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
  2. Сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттықтыру.
  3. Байланыстырып сөйлеуді үйрету.
  4. Еркін оқуға үйрету.

Мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Студенттер мәтінмен әртүрлі жұмыстар істегенде (мәтінді оқу, мәтінге ат қою, мәтін бойынша сұрақтар дайындау, диалог құрастыру т.б.) байланыстырып сөйлей білуге үйренеді. Мәтін – қашан да тілдік әрекеттің нәтижесі болып табылады. Мәтінде тілдік тұлғалардың бәрі орын алады. Сондықтан, мәтін арқылы тілдің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын меңгертуде.

Кәсіби қазақ тілін оқытуда мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту екенін қарастырайық. Оның мынадай себептері бар:

  • студентті мамандыққа байланысты мәтіндер қызықтырады;
  • мамандыққа қатысты қазақша терминдермен танысады, сол арқылы сөздік қорын байытады;
  • мамандыққа байланысты меңгерген сөздік қор қай салада болмасын қажет;
  • мамандыққа байланысты мәтін студентке мамандық жөнінен қосымша мағлұматтар береді.

Мамандыққа қатысты оқытудың басты мақсаты – өз мамандықтары бойынша алған білімдерін қазақ тілінде мамандықтарына қатысты жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен байыту болып табылады. Мамандыққа қатысты мәтіндер мазмұнын нақты дұрыс түсінуін қамтамасыз етуге арналған жұмыстың түрлерін белгілеу қажет. Мәтінмен жұмыс арқылы, оның мазмұнын ғана емес, мәтіндегі тілдік құралдардың қолданысын есте сақтау, ойын, тілін дамыту жұмыстары да басты назарда болуы тиіс. Мәтінді оқытуда, оның мазмұнын студент нақты түсіну үшін тақырыптың ішкі бөліктеріне студент көңілін аударуымыз қажет. Ол үшін мәтіндегі ішкі әр бөліміне жеке тақырып қойғызып, әр бөлікке сұрақтар қойып, оған жауап бергізу арқылы тірек сөздерді тапқызу жұмыстарын жүргіземіз. Мамандыққа қатысты мәтіндер мазмұнын нақты дұрыс түсінуін қамтамасыз етуге арналған жұмыстың түрлерін белгілеу қажет. Мәтінмен жұмыс арқылы, оның мазмұнын ғана емес, мәтіндегі тілдік құралдардың қолданысын есте сақтау, ойын, тілін дамыту жұмыстары да басты назарда болуы тиіс.

Мәтінде қамтылатын материалдар жүйесі мамандыққа қатысты оқытылатын арнайы пәндермен тығыз байланысты болып келеді. Бұл орайда құрылымы, мазмұны жағынан қарапайым мәтіндерді өз бетімен оқытуды жетілдіру, сұрақ қою, сұраққа жауап беру, жаңа тақырыптық лексикамен жұмыс істеу, яғни сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрау, талдау сияқты жаттығу түрлерімен қатар, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, қорытындылау, жинақтау көзделедіӘрине, мамандыққа қатысты тілді меңгеру арнайы алынған бір мәтінді оқыту және аудартумен ғана шектеліп қалмай, мәтіндегі тақырыптық сәйкестіктің алынып отырған мамандыққа сай мазмұн түсініктілігін қалыптастырып, мәтінге лексикалық және грамматикалық материалдардың сәйкестілігін басшылыққа алу керек.

Мамандық бойынша берілетін мәтінге қойылатын талаптар мынадай:

  • мәтіндер аяқталған ойды білдіретін біртұтас мазмұнды болуы керек;
  • мәтін мазмұны студент шамасына лайықты, түсінікті болуы тиіс;
  • мәтінде мамандыққа байланысты сөздер болуы керек;
  • мәтін мазмұны студентті қызықтыратын тартымды, пайдалы мағлұматқа құрылуы тиіс;
  • мәтін тілі әдеби тіл нормасына сай болуы тиіс;
  • мәтін көлемі бір беттен аспағаны дұрыс.

Мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек таныстыруға мүмкіндік туады. Мысалы, «Туризм» топтың студенттеріне төмендегідей тапсырмалар беріледі:

  1. тапсырма. «Туризмнің түрлері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді есте сақтаңыздар.
  2. тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, түсінгеніңізді айтыңыздар.

«Туризмнің түрлері» Туризмнің 6 түрін анықтаймыз:

  1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады.
  2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған. Бұл туризмнің түрі танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, мәселелерін қамтиды. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше дені мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.
  3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.
  4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар.
  5. Экономикалық туризм бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын туризм болып табылады.
  6. Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалықәлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады.

Осы мәтін бойынша әр түрлі тапсырмалар берілді. Ол тапсырмалар сту-

денттердің қазақша сөйлеу тілін дамытуға бағытталады. Олар:

  • мәтіндегі сөздердің түсінікті, түсініксіз екендігін сұрау;
  • мәтіндегі сөздерді лексикалық жақтан түсіндіру;
  • мәтіндегі сөз тіркестерінің түрлерін ажырату;
  • мәтіндегі сөздердің орын тәртібі мен байланысу жолдарын ажырату;
  • мәтіндегі қиындау сөздер мен сөйлемдерді қайталатып оқыту;
  • мәтіннің қысқаша мазмұнын айтқызу;
  • мәтінді дұрыс оқуға пайдасы тиетін жаңалық хабарларды оқыту және т.б.

Мамандыққа қатысты мәтіндерді меңгергенде студенттер сөз жүйесін түсінедіәрі сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге қалыптасады.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Осы технологияны қолданудың мақсатым:

Студенттің білім деңгейін көтеруде, жан-жақты білім беру ортасын құру.

Міндеттерім:

  1. Сөйлеу тілі арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзін-өзіне бақылау жасау үшін қолайлы жағдай туғызу.
  2. Студенттердің ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, сауатты жазу қабілеттерін жетілдіре отырып білім деңгейінің көтерілуіне ықпал ету.
  3. Студенттердің өзара қарым-қатынасы арқылы оқуда жетістікке жетуге бағыттау.

Кәсіби қазақ тілі сабағының құрылымдық кезеңдерінің пәндік ерекшеліктері:

  1. Қызығушылықты ояту сатысында студенттерді үйренетін, зерттелетін тақырыпқа тарта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі қарастырылуы керек. Қызығушылықты оятуда қазіргі заман талабына сай болу үшін білікті маманға өз ана тілін ғана білуі аз екенін ұғындыру арқылы студенттердің тұлғалық мәдениетін арттыру керек.
  2. Мағынаны тану сатысында студенттер оқытушы басшылығымен меңгерілуі тиіс болған материалдарды жанжақты талдауы қажет.
  3. Ой толғаныс сатысы (рефлексия). Бұл саты өте маңызды саты болып саналады. Меңгерілген тақырып бойынша әрбір студент өзіндік қорытынды жасай алуы тиіс. Ойлану, пікірлесу арқылы тақырып төңірегінде алынған білімдерін пысықтайды, әрі өзіндік ұғым ретінде білім қоры кеңейеді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болады:

  • сабақ түбегейлі студентке бағытталады;
  • ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнатады;
  • бұрынғы білімдеріне білім қосады;
  • микроклимат өзгереді;
  • студенттердің жауапкершілігі артады;
  • проблемалық ситуациялар туғызады;
  • студенттер жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастайды.

Қорыта айтсақ, мамандыққа байланысты мәтіндер студентке мамандық туралы қосымша мағлұмат берумен бірге, студенттің тілін дамытып, сөздік қорын байытады да, белсенді сөздік қорына айналады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ныязбекова К.С. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімінде кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2010.
  2. Әбдікәрімова Т.М. Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін құраудың теориясы. Павлодар, 2007.
  3. Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде қазақ тiлiн оқытудың кейбір мәселелер. – Алматы, 1993.
  4. Оралбаева Н.Жақсылықова К. Орыс тiлiндегi мектептерде қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi. Алматы: «Ана тiл»i, 1996.
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әлауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. ҚРПрезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: «Елорда», 2008.
  6. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдiстемелiк негiздерi: өзгетiлдi дәрісханалардағы қазақ тiлi: Пед. ғыл. док.дисс. – Алматы, 2001.

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.