Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Музыкалық білім мен тәрбие берудің педагогикалық мәселелері

Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мәдени мұрасымен, яғни халық композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Есбай т.б. классикалық күйлерімен байланыстыра отырып жақсарту көзделген. Оқушылардың әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған жерінің табиғатын, оның сол аймақта мәдени ортаны қалыптастырушы ретіндегі маңызды қызметін жүзеге асыру керектігін бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру керек.

Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақгау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты кештерде, мейрамдарда ұйымдастырылған мәдени көпшілік шаралар оқушыларды ортақ бір іске, мақсатқа топтастырып, достыққа, ынтымаққа жетелейді.

Оқушылардың музыкалық танымын қалыптастыру жолдары

Музыкалық танымды қалыптастыру оқу сатыларының кез келген сатысында жүргізілуі тиіс. Орта мектеп оқушыларының музыкалық танымын қалыптастыру мәселесіне келер болсақ, бұл міндеттің табысты шешілуіне жағдай тудыратын бірқатар педагогикалық нысандар мен әдіс тәсілдерді ескеру қажет болады.

Музыкалық танымды қалыптастыру түрлі жас мөлшеріндегі оқушыларда әр түрлі жағдайда өтетіні белгілі. Осыған орай музыкалық танымды қалыптастыру процесі мен оның нәтижесі негізінде жекеленген ерекшеліктердің тууы мүмкін. Оның сырын мәдени құбылыстарды квалитативтік және квантитативтік негізде қабылдау жүйесінен іздеген ләзім. Бұл түсініктер біртіндеп тұрақтанып, адамның қоғамдық өмірді танып білудегі табысының динамикалық өсуін қамтамасыз етеді. Мұндай өзгешеліктерден өту музыкалық танымның қалыптасу жағдайына байланысты.

Егер музыкалық бағдары жағынан эстетикалық туынды жері, тұлға табиғатының тұрақты қасиетіне жасының қалыптасу мөлшеріне қатысты болса, онда тарихи музыкалық таным процесі де ерте қалыптасады.

Жас мөлшеріне сай даму динамикасына келсек, оқу тәрбие мазмұны тыңдаушының тарихи музыкалық танымының белгілі бір сатысында игеретін психологиялық, мүмкіндіктеріне сәйкес келуі шарт.

Оқушылардың жас ерекшеліктерінен туындайтын мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сүйеніп, олардың біліміне өзгертулер енгізетін нақты талаптар қою қажет. Психология ғылымында оқушылардың жас мөлшеріне сай ерекшеліктерді зерттеген Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Б.И. Тетішов., П.И. Якобсон, Қ. Жарықбаев, А. Алдабергенов және басқалар жасөспірімдерге жан жақты мінездеме беріп, олардың жүйке дамуының басты тенденцияларын анықтаған. Бірақ кәсіби музыкалық білім алудың алғашқы кезеңінде оқушылардың қабылдау қабілетінің психологиялық проблемалары әлі де толық шешімін таппай келеді.

Психология ғылымының талаптары бойынша, 16 жасқа дейінгі оқушылар жасөспірімдер болып саналады. Біздің міндет олардың музыкалық танымына әсер етуші факторларды халықтық музыка негізінде анықтау. Себебі музыкалық танымды қалыптастыру мектеп оқушыларымен жүргізілетін жұмыстың басты ерекшелігі. Оның музыкалық сауатын ашу арқылы осы кезге дейін қалыптасқан тарихи – музыкалық танымы өз ерекшеліктері жөне қажеттіліктерімен оның қоғамдық өміріне енеді.

Музыкалық танымды дамытудың маңызды кезеңі көркем сананың қалыптасуы. Білім алудың алғашқы кезеңінде барлық оқушылар бірдей ақыл тоқтата қоймағандықтан, олардың мінез құлқыңнан ерекшеліктер байқалып тұрады. Олардың музыка мәдениетінің қайнар көзіне деген құштарлығы бірте бірте пайда болады. Олар әсем де әуезді саздың қоғамдағы орнын, оның қасиеттерін білумен бірге, қандай тарихи ақпарат беретінін де сезінгісі келеді.

Музыкалық танымға деген қызығушылық қызық әрі маңызды педагогикалық процесс. Себебі дәл осы танымдық процесс арқылы қажетті білім деңгейін меңгеруге болады. Осы негізде тәрбие беру міндеттерінің ауқымы кеңіп, көркемдік қызығушылық, тарихи көзқарасты қалыптастырудың да мүмкіндіктері туады. Бұл процесс оқушылардың біліктілігін жан жақты кеңейтіп, мол тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бұл кезеңнің маңыздылығы оқушылардың жадында музыкалық танымның қалыптасуымен дараланады. Педагогтік ұжымның мұндай процестің қалыптасуын тарихи негіздегі жекеленген ой пікірлердің тууы негізінде байқағаны жөн.

Психология ғылымы әркімнің өз еркімен іс әрекет жасауға қадам басу кезеңі болады деп санайды. Бұл кезең оқушылардың ой сезімінің сапалық жағынан өсуімен де ерекшеленеді. Мұның бәрі оларды өз бетінше және оқу процесінде қабылдайтын тарихи ақпараттың қаншалықты күрделі әрі маңызды екендігін сезінуге итермелейді. Егер оқушылардың өз халқының музыкалық өнеріне деген құштарлығы болса, оңда өнер туындыларына деген тарихи танымды қалыптастыру да жүйелі сипатқа ие болады. Оқушыны музыка өнеріне баулу үстінде оның өзіне және жас мөлшеріне тән ерекшеліктерін ескерген жөн. Оқыту ісіндегі психологиялық үрдіс ұлттық танымды дамыту үстіне педагогикалық бағдар берудің мазмұнын да айқындайды.

Музыкалық туынды тыңдаушыдан эмоциялық негіздегі қабылдаумен қатар саналы түрдегі талдауды да талап етеді. Мұның өзі тыңдаушының музыканың көркемдік құралдарын игеріп, мазмұн мен форманың бірлігінен туындайтын көркем құбылыстардың маңызын түсінеді деген сөз. Сондай ақ, тыңдаушы орындаушылық шеберлік мәселелерін де сезініп, оның қыр сырына қаныға түседі.

Педагогтік тәжірибеде көркем шығарманы қабылдау қабілетінің дамымай, керісінше, құлдырайтын кездері де кездесіп отырады. Ол көбіне мұндай қабілетті тәрбиелеудің мақсатты түрде жүргізілгендігінен туындайды. Мұндай қасиеттердің төтелей жас ерекшелігіне тәуелді болмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушылардың музыкалық танымының қалыптасу процесі тұрғысынан келгенде, бұл салаға біз бағалау қызметін де жатқызамыз. Оның мазмұны музыкалық шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдау және қазақ халқының тарихы мен мәдениеті тұрғысынан ойлы да саналы түрде бағалаумен өлшенеді.

Оқушылармен жұмыс үстінде көркемдік эстетикалық танымның тереңдеуіне орай музыкалық ақпарат көлемін де ұлғайтып отыруға болады. Көркем таным оқушының тұрақты белсенділік деңгейін танытатын жеке тұлғаға тән қасиет болғандықтан, оның жас ерекшелігі жағынан қалыптасу процесі де ерекше назар аударады. Себебі, жеке тұлға бір жағынан, өзінің өсу өркендеу жолында, екіншіден, педагогтік тұрғыдан әсер етудің нәтижесінде қалыптасады. Жеке тұлғаға тән көркем таным адам дүниетанымын қалыптастыратын қоғамдық пәндердің ықпалымен де жинақталады.

Педагогтік басқару міндеттері оқушылардың көркем танымының қалыптасуына тигізетін кездейсоқ жерлерді жеңіп шығуға, сонымен бірге тарихи музыкалық даму негізінде құрылатын бағалау талаптарының жиынтығын қалыптастыруға бағытталады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы да белгілі дәрежеде көркем ойлаудың жалпы заңдылықтарын анықтауға қызмет істейді. Мұның өзі даму, жетілудің нәтижесі ретінде байқалады. Сондықтан музыкалық көркем шығармаларға қатысты көзқарасты дамыту міндеті бірыңғай эстетикалық емес, сонымен бірге тарихи таным шеңберінде шешілуі шарт. Эстетикалық әсерді музыкалық танымда тыңдай білу, түсіне білу, түйсіну тәжірибесінен тыс қалыптастыруға болмайды. Осыған биік саналы деңгейдегі тарихи және көркем ақпараттың қажетті мөлшерін де қосамыз.

Жоғарыда айтылғандарды саралай келе айтарымыз, музыкалық танымның қалыптасуы оқушының өсіп жетілуінің нәтижесі ғана емес, ең алдымен, мақсатты түрдегі педагогтік процестің қорытындысы. Оның жүзеге асуы барысында оқушылардың мүддесіне қатысты басымдық танытатын сапа ерекшеліктерін де ескеру қажет.

Бұл талап тілектер халық музыкасының құрылымында байқалатын өзге тарихи теориялық өлшемдерге де қатысты. Көптеген халық әндерінің көркемдік жүйесін салыстыра келіп, оқушылар шығарманың мазмұны мен көңіл күйіне жете мән беріп, олардың әр түрлі музыкалық дыбыстардың өзара алмасып келуіне, ырғақтық ерекшеліктеріне байланысты екенін байқайды. Екпін мен ырғақты тұтас көркемдік жүйенің бөлшегі ретінде қабылдау ісін өте қарапайым ырғақтық жүйеден бастаған абзал. Ол музыкалық ырғақтың ұсақталуы немесе жинақталуы болуы да мүмкін. Оқушылар бұл бағыттағы қызығушылығы мен ынта – жігерін жоғалтып алмас үшін, оқу процесінің бұл түріне де үлкен мән беру керек.

Оқушылардың тарихи танымын тәрбиелеудің алғашқы кезеңінде олардың назары шығарманың мазмұнын бағдарлаумен дараланбайды. Себебі, алғашқы кезде олар халық әндерінің нәзік пернелерін жете ұғына бермейді. Сондықтан, бұл мәселені оқу процесінің алуан түрлеріне енгізіп отыру қажет. Сол арқылы балалар халық музыкасы саласында ұғым түсінік алып, білігін тереңдетіп, оның көркемдік құралдары, жалпы эстетикалық деңгейі және тарихи мазмұнына қаныға түседі. Осы мақсатқа орай біз педагогтік тұрғыдан барынша ұтымды әдіс тәсілдер қолданып, ал нақты шығармашылық шешім шығаруды оқушылардың өздеріне қалдыруды ұсынамыз. Олардың өз күштерімен мәселенің байыбына барып, түйінін шешуі сынып оқушылары арасында үлкен қуаныш туғызып, шығармашылық әсерге бөлейді. Мұның өзі оқушылардың музыкалық танымын қалыптастырудың басты бір құралы.

Музыка сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары

Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды.

Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі. Ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ, мұнда өнердің, оның ішінде музыканың атқарар рөлі ерекше.

Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым қатынас тәжірибесін ашады, қорытындылайды. Бұл музыканы эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын құралына айналдырады. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.

Музыканың мынадай қызметі бар: эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру және дамыту), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым қатынастың ерекше қызметі, өзіндік құралы ретінде әрекет етуі және т.б.)

Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.

Музыка ісі оның жан жақты әсер ететіндігіне (ерік жігерге, ақыл ойға, ойлауға, «логикалық сезім») байланысты;

Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан «өзінен-өзі» дамиды және ол үшін мұғалім тарапынан арнаулы күш жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне көңіл бөлуді қажет етеді.

Музыкалық материалды игеру үстінде оқушыларда гармония жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер қажет.

Сабақтың сапалы болуы үшін оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі, ал мазмұны қазіргі теория ғылымында жаңалықтарға сай болуы шарт.

Ешкім де педагог болып тумайды, бірте бірте қалыптасады. Ол үшін оның бойында:

а) психологиялық педагогикалық білім;

ә) шеберлікпен шектесетін ептілік;

б) дентологиялық мүмкіндіктері, ерекше ұстаздық мінез құлық, ойлау қабілеті болмағы ләзім. (Дентологиялық мүмкіндіктері деген жүріс тұрыстығы, қылықтығы, әрекеттегі пайыздылық туралы ілім).

Мақсатымыз өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.

Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.

Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту аппаратының дамуы, музыкалық аспапты ұстау, оны шеберлікпен меңгеру, педагогикалық – психологиялық дайындық, әдістемелік шеберлік, жаңа технологиялар енгізу қажет.

Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жағдайларды қамтиды:

  1. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру.
  2. Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.
  3. Жаймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
  4. Көмейдің тұрақты қалпы, оның маңызды қасиеті.
  5. Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты келтіру.
  6. Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.

Сонымен бірге проблемалық іздену жағдайын жасау арқылы оқушылардың ой қиялын өрістетуге, белсенділігін, ұмтылысын, істі ақыл оймен атқару қабілетін қалыптастыруға жаңа технология үлкен жол береді, негіз болады.

Музыканы үйрету, есту, тыңдау барысында оқушының ой толғанысын жандандырады, жігерлендіреді, ой қиялын өсіреді.

Оқушылардың шығармашылық қабілетіне импровизация да жатады. Импровизация музыканы түрлендіре білу қабілеті.

Бұл тапсырмалар оқушының ой өрісін ұштайды. Балалардың қиялдай білуінің мәні айрықша. Баланы музыка арқылы қиялдауға үйрете отырып, өмірге дайындаймыз. Бұл проблема ізденуге жағдай тудыру әдісі арқылы жүргізіледі. Ол төмендегі жолмен саналы түрде жүзеге асады:

  1. Оқушы алдына мұғалімнің қойған нақты мақсаты.
  2. Мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әрекеті.
  3. Толық, жан жақгы жасалған соңғы қорытынды.

Музыка пәнін түсініп қабылдау үшін бұл өнер саласының өзіндік ерекшелігін айқын аңғарып, табиғат құбылыстарын, өмір шындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жөн. Музыка тілі басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі.

Музыка өнерінің ерекшелігі сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза эмоцияға әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.

Бала өзінің жан дүниесіне үлкендердің өктемдігін сезсе, ашылмай тұйықталып қалады. «Балалығын тыйған, оның есейгендегі даналығын тыйғанмен бірдей» деп Ж. Баласағұн айтпақшы, музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану, оқушыларды аялап, эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп қанағаттандыру.

Жеке тұлғаның қалыптасуына өнер саласының рухани және адамгершілік ықпалы

Бүгінгі таңда елімізде жеткіншек ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беру маңызды орын алып отыр. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында айтылғандай, «Білім беру реформасының басты өлшемі, тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы еліне қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады».

Қоғамның бет бейнесі әр адамның рухани байлығына, жеке өмірге деген көзқарасына байланысты. М. Жұмабаевтың сезінем айтсақ: «Рухани байлықсыз адамзаттың өсіп өркендеуі мүмкін емес».

Жеке тұлғаның рухани көзқарасының қалыптасуымен мектеп жасында айналысқан дұрыс, себебі баланың жүрегі пәк, таза кезінде оны дұрыс жолға салып, бағыт бағдар беру мектеп ұстаздарының орасан еңбегінің арқасында іске асырылып келеді.

Мектеп оқушыларына саналы тәрбие беруде өнердің алатын орны ерекше. Өйткені кез келген өнер туындысы ең алдымен адамгершілік қасиеттерді уағыздайды. Айталық, математикалық есептер немесе физиканың заңы оқушыны адамгершілікке баулиды деп айту қиын.

Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамдық, сүйіспеншілік сезімдерді сіңіруде музыканың алатын орны ерекше. Жалпы өнермен айналысқан баланың жан дүниесі ерекше болады. Ол ешқашан жаман әрекеттерге бармайды.

Саз өнеріне келетін болсақ, ол жеке тұлғаның адамгершілік сезімінің қалыптасып дамуына тигізетін әсері мол өнердің бір түрі.

Бала бойындағы рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы музыка мәдениеті. Өнер саласында эстетикалық тәрбие беру, яғни музыкада дыбыс, суретте бояу, әдебиетте сөз арқылы өрнектеледі.

Ғұлама ғалым Әл Фараби өз еңбектерінде эстетикалық, этикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт категорияларының негізін дәлелдегенін аңғарамыз. Адамның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруда музыкаға үлкен мән бере отырып, оның сұлулықты сезінуде рухани күш екендігін атап көрсетті.

Қазақтың ағартушы демократтары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және ақын жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, рухани эстетикалық тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.

Жасөспірімдерге рухани – адамгершілік тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалаған. Жасөспірімдердің сұлулыққа, әдемілікке деген көзқарасын, рухани сезімін тәрбиелеп қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше.

Аса көрнекті жазушы Л. Толстой өз шығармаларында өнерді эстетикалық тәрбие мен руханилықты құралы ретінде көрсете отырып: «Өнер дегеніміз ойын емес. Бұл тек адамдардың өзара қарым – қатынасы, бұл қарым қатынас оларды сол бір сезімдер арқылы байланыстырады», деген.

Музыкалық тәрбие берудің негізгі мақсаты рухани дүниесі жан жақты дамыған, салауатты өмір салтын берік ұстаған жеке адам тәрбиелеу. Мектепте музыка сабағын оқытудың негізгі мақсаты оқу программасында оқушылардың Отанға, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, олардың рухани байлығын, эстетикалық сезімін тәрбиелеу, ой өрісін кеңейту, талабын байқау. Өйткені, музыка сезімтал болуға, өмірдің әсемдігі мен сұлулығын білуге, мейірімді болуға тәрбиелейді.

Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты оқушылардың белсенді өмір жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру.

Оқушыларға саналы тәрбие беруде мектеппен бірге қосымша мекемелер, яғни музыка, спорт, өнер мектептерінің қосатын үлесі мол деп айтсақ қателеспейміз.

Мектеп оқушыларының кейіннен өмірден өз орнын тауып, шығармашылық жұмыстармен айналысуына және рухани – адамгершілік көзқарастарының дамуына осы өнер мектептері ықпал етеді.

Біздің мектебімізде бірнеше өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Олар: домбыра, қобыз, би және вокал үйірмелері. Үш жылдан асты № 43 мектеп жанынан Өнер мектебі ашылып, қарқынды жұмыс жасап келеді. Әрине, бұл нұр үстіне нұр. Яғни, оқушылар өздерінің сабақтан бос уақытын тиімді пайдаланады.

Жалпы Гауһар Қайырбаеваның осы мектепте жұмыс істегеніне он жылдан астам уақыт өтті. Өзекті тақырыбы: «Жеке тұлғаның табиғи дарындылығын еске ала отырып, олардың рухани және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру» болып табылады. Осы жылдар барысында көптеген дарынды балалармен жұмыс жасады.

Баланың ішкі жан дүниесі, дарыны тікелей сабақ процесі кезінде айқын байқалады. Мысалы, бейнелеу өнеріне жуық бала ұқыпты, жинақы келеді. Ал музыкаға әуес бала өте елгезек, айналасына аса бір қызығушылықпен қарайды. Тіпті музыка аспабынан шыққан әрбір дыбысқа, орындалған әндерге үлкен сезіммен, ынталықпен қарайды. Олардың есте сақтау қабілеті, ырғақты сезінуі жоғары дамиды. Сондай балалармен жекелей жұмыстар жүргізіп үйірмеге тартады, дауыс ерекшелігіне байланысты репертуар таңдайды.

Оқушының табиғи дарыны, дауыс диапазоны, музыкалық қабілеті, ырғақты сезінуі, есте сақтау қабілеті жеке жеке диагностикалық жолмен анықталады. Ал, бұл қасиеттер оның жалпы музыкалық қабілетін көрсетеді.

Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу және шығармашылық жұмыстану музыкаға тәрбиелеудің басты іс әрекеті болып есептеледі. Оқушылардың жан жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады, саз өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді.

Менің өз ойым, қазіргі заман талабына сай жалпы білім беретін орта мектептерде музыка пән мұғалімі жан жақты болуға тиіс. Яғни, бір емес бірнеше аспапты меңгерген бәсекеге қабілетті, жан жақты білімді, кәсіби маман болу керек. Сонда ғана алдымызда тұрған мақсаттарға қол жеткізе аламыз деген ойдамын.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абдразақ С. Нотаны жүргізіп оқытудың алғы шарттары // Музыкальная педагогика, № 2, 2006.
  2. Азаров Ю.П. Сезім, техника, шеберлік. – М.«Білім», 1962.
  3. Байтұқбаева Н. Халықтық өнердің інжумаржаны // Музыкальная педагогика №3, 2007.
  4. Банулов Ғ.Жағалова Г. Музыкально-эстетическое воспитание в школе и проблемы организации музыкальных кружков // Музыка в школе №3 (15), 2006.
  5. Бәкірова А. Теориялық пәндерді оқытудың сапасын арттыра түселік // Музыкальная педагогика №3, 2007.
  6. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003.
  7. Жаманкұлова М. Формирование у детей национального образа мышления и культуры // Музыкальная педагогика №3, 2007.
  8. Ильжанова Х. Қазақтың ұлттық өнері // Музыкальная педагогика №3, 2007.
  9. Кипиев Қ. Музыка мектебінде білім мен тәрбиенің берері көп // Музыкальная педагогика №2, 2007.
  10. Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2005 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2004.
  11. Қайырбаева Г. Жеке тұлғаның қалыптасуына өнер салаларының рухани – адамгершілік ықпалы. // ШҚО педагогика жаршысы №2, (25) 2008.

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.