Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттық білім беру ортасының математика сабақтарында оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі

Ақпараттық орта концепциясын алғаш рет ұсынған Ю.А. Шрейдер болды, ол ақпараттық ортаны тек ақпарат өткізгіш ретінде ғана қарастырған жоқ, сондай-ақ оның қатысушыларына әсер ететін белсенді бастама ретінде қарастырды. Ақпараттық орта «бағдарламалық аппараттық құралдар жиынтығы, ақпараттық байланыс желілері, әртүрлі пайдаланушылармен түсінілетін және қолданылатын, әртүрлі мағынадағы және әртүрлі мақсаттағы» жоғары мектеп пен заттық саладан қолданбалы ақпарат жүйелерінің ұйымдастырушылық әдістемелік элементтері ретінде түсінеді. Ақпараттық кеңістік ақпараттық ортамен бір мағынада емес: бір ақпараттық кеңістікте өмір сүре отырып, индивид бір ақпараттық ортадан екінші ақпараттық ортаға көше алады, мысалы, мамандығын, жұмысын, қызығуларын өзгерткенде, оқудың жаңа сатысына көшкенде. Бұл көшулердің барлығы да бір ақпараттық кеңістіктің ауқымында жүзеге асырылады. Адам бір мезгілде әртүрлі ақпараттық орталарда бола алады, мысалы, оқу мекемесінің ақпараттық ортасында немесе виртуалды шындықтың ақпараттық ортасы. Егер ақпараттық кеңістік бүкіл адамзаттың өмір іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болса, онда ақпараттық орта белгілі бір адамдар тобының бастамасымен құрылады, және, Я. Корчак пен М. Монтессори идеялары бойынша, субъектілердің еркін белсенділігі шығармашылық ақпараттық орта үлгісін береді.

Білім берудің ақпараттануы – бұл ақпараттық қоғамдағы өмірде білім беру үрдісінің субъектілерін талапқа сай даярлауда білім беру іс-әрекетінің мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру формаларының өзгеруі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мақсаты: оған қол жетімділігіне, икемділігіне, білім беру үрдісін басқару тиімділігіне оның сапасын арттыру, субъектілердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін мектептің, ауданның, қаланың, облыстың ортақ ақпараттық білім беру кеңістігін құру.

Ақпараттандыру міндеттері:

  1. Оқу мекемелерін және білім беруді басқаруды компьютерлік техникамен, телекоммуникациялық құрылғылармен және оқу және басқарушылық бағдарламалармен қамтамасыз ету, ортақ ақпараттық орта құруды қамтамасыз ететін аймақтың әр оқу мекемесінде локалді есептегіш желілер құру.
  2. Оқу мекемесі мен білім беруді басқаруды ақпараттық компьютерлік білім беру жүйесінің желісімен, ғаламдық Интернет желісімен қосу.
  3. Құрылған аймақтық ақпараттық білім беру порталы мен тиімді ақпарат алмасу ортақ Web-сайттарын ұйымдастыру.
  4. Қазіргі ақпараттық технологияларды басқару іс-әрекетіне, педагогикалық үрдіске, әлеуметтік тәрбиелеу жұмыстарына енгізу.
  5. Педагогикалық және басқару кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру (АКТ-құзіреттіліктер).
  6. Білім беру құрылымдарында ақпараттық технология құралдарын кешенді енгізу, қолдау және қызмет көрсету жүйесін құру.

Ақпараттық білім беру ортасы қазіргі ақпараттық білім беру технологияларына негізделген және интернет-ортада білім беру (оқу) үрдісін жүргізудің ортақ технологиялық құралдарымен қамтамасыз етілген адамдар өздері құрған басқарылатын психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде анықталады.

Электронды ақпараттық білім беру ортасының келесі компоненттері ажыратылады: бағдарламалық стратегиялық, ұйымдастырушылық басқарушылық, оқуәдістемелік, ресурстық-ақпараттық.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.Ақпараттық мәдениет дегенiмiз адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет – адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі".

Білім беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиеттер мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды. Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi aқпараттық коммуникациялық құзырлылық. М.В. Лебедева мен О.Н. Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын "оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi" деп анықтайды. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Алайда, ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процессін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі педагогтың дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді педагог мамандардың біліктілігін көтеру ақпараттық әлемде оқутәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

Ал өз кезегінде, білім берудегі ақпараттық технологиялар: компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялы белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

  • дидактикалық бағыт;
  • бағдарламалық ұсыныс;
  • техникалық ұсыныс;
  • пәндік аумақта қолданылуы. 

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты: 1) білім алушыларға ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер; 2) компьютерлік оқулықтар; 3) оқытылатын мәліметтер қоры; 4) үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын, дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.

Математика пәнінде ақпараттық технологияны пайдалану.

Жасөспірімдерге заманауи жағдайда өз бетімен нарықтық еңбекке және тез өзгеріп тұратын ақпараттық кеңістікке түсу үшін білімді, бәсекеге қабілетті болу қажет. Ол шығармашыл, коммуникабельді, өздігінен шешім қабылдай білетін, ұжымдағы және өз мәселелерін шеше білетін тұлға болуы керек. Оған жаңаны танып,таба білетін, керекті ақпаратты іздей білетін қасиеттер тән болуы абзал. Осы қасиеттерді құзыреттілік амалды математика сабақтарында қолдана отырып, тұлғалық және әлеуметтік білім бере отыра сәтті қалыптастыруға болады. Түйінді құзыреттілік деп, әмбебап білім, білік, дағды және де білім алушылардың жеке жауапкершіліктері мен өздік қызметі тәжірибесінен тұратын біртұтас жүйені айтады.

Математика сабақтарында түйінді құзыреттіктерді қалыптастырудағы мақсат құзыреттілік амалды қолдана отырып, оқушының ақпараттық білім беру ортасында жеке өмірлік тәжірибесін және сұранысын ескере отырып өнімді, саналы қызметке жетелейтін білімнен, біліктен,дағдыдан тұратын математикалық білім беру. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

  • Сабақта ақпараттық білім беру ортасын құру;
  • Оқушыларды жетістікке жету үшін мақсат қоя білуге және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйрету;
  • Қолжетімді ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты таба білу және оны өңдей білуге үйрету (сөздіктер, анықтамалар, оқулықтар, Бұқаралық Ақпарат Құралдары);
  • Топта, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өз ойын дәлелдей білуге үйрету;
  • Ортақ нәтижеге жету үшін топта өзінің үлесін қосуға үйрету;
  • Кіші-топта жетекшілік етудегі жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Өз бетімен шығармашылық жұмыстарды істеу дағдысына тәрбиелеу;
  • Сөйлеген кезде математикалық терминдерді сауатты қолдана білуге үйрету;
  • Қалыпты өмірлік жағдайда математикалық білім,біліктерін қолдана білуге үйрету;
  • Өзін-өзі, бірін-бірі бақылау дағдыларын қалыптастыру.

«Математика сабақтарында түйінді құзыреттіктерді қалыптастыруда қандай нәтижеге жетуге болады?» деген сұрақ туындайды.

  • Балалар математика сабақтарында алған білім, білік, дағдыларын практикалық іс-әрекетте пайдалана алады;
  • Кәсіби техникалық мектептерде, жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыра алатындай дағдылары қалыптасады;
  • Балалар қатысымдық, аналитикалық, жобалау, шығармашылық , ақпараттық типтегі іс-әрекеттерді меңгереді;
  • Шәкірттер әр түрлі деңгейдегі математикалық білім,білік, дағдыларды меңгереді: стандартқа сай төменгі деңгейден міндетті деңгейге дейін және тереңдетілген деңгейге дейін;
  • Шәкірттердің математикалық тілі жаттығады;
  • Ақпарат көздерімен, анықтама құралдарымен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; қажетті өлшеулер жүргізіп, оның нәтижесін сараптауға үйренеді;
  • Оқушылар өз іс-әрекеттерімен қатар қасындағы жолдастарының іс-әрекеттерін де бағалап үйренеді;
  • Балалардың ұжымдағы тәртібі, көзқарастары өзгереді, бір-бірінің ойларын тыңдап үйренеді, өз ойын ашық айтуға машықтанады.

Мысалы:

Берілген ақпаратты пайдалана отырып, кестені толтырыңыз.

№1 ақпарат «Телесемь» газетінен: «Дәрігер Линданың құпиялары» телехикаясының бесінші бөлімінен аңдатпа

Қылмыскерлер ұлы князьдің ұлын ұрлап кетеді де оған сыйақы талап етті. Баланың өмірі ата-аналары үшін күнделікті гувернантка Эмилия арқылы жіберілетін бір қымбат әшекей бұйыммен бағаланды. Ұрланған балаға Эмилияны терезелері шегеленген күймемен апарып тұрды. Баланы қайда жасырғанын білу үшін іздесуші Эмилияны дөңгелектердің сықырын «санауға» үйретті... Телехикаяның жалғасын ТК-3 телеарнасынан көре аласыздар.

№2 ақпарат Б. Акунинің «Коронация» кітабынан үзінді.

… Мен Эмилияға дөңгелектердің сықырын санауды үйреттім. Кез келген өте жақсы май жағылған дөңгелек осі де сықырлайды, егер жақсылап құлақ түрсе,бірдей дыбыстар, яғни циклдық қайталанатын дыбыстар шығарады. Бір цикл – дөңгелектің бір айналымы. Дөңгелектің неше айналым жасағанын білсе жеткілікті, күйменің қанша жол жүргенін анықтауға болады. Фаэтон күймесінің дөңгелегінің диаметрі стандарт бір метр қырық сантиметр. Сонда геометрия заңына сәйкес шеңбердің ұзындығы төрт метр сексен сантиметр болады. Ал қалғаны өте қарапайым. Мадмуазель бұрыштан бұрышқа дейінгі дөңгелектердің сықырын санайды. Экипаждардың оңға , солға бұрылғаны өте тез сезіледі. Біз алдымен күйменің Эмилияны қай жаққа алып кеткенін көріп тұрамыз, егер бізге бұрылыстар саны мен бағыттары белгілі болса, және де бұрылыстар арасындағы қашықтық белгілі болса, қылмыскерлердің баланы жасырған жерін анықтауға болар еді.

  1. Қылмыскерлердің ұясын іздеудің негізгі кезеңдерін атаңыз;
  2. Эмилия іздеудің әрбір кезеңінде қандай іс-қимылдар жасауы керек?

Іздеудің кезеңдері

Эмилияның іс-қимылдары

1

   

2

   

Модельді жауабы:

Әрбір іздеу кезеңінің дұрыс жауабы 2

баллмен бағаланады.

Эмилияның әр сәйкес іс-қимылы 1

баллмен бағаланады.

Іздеудің кезеңдері

Эмилияның іс-қимылдары

1

Арақашықтықты анықтау

(2 балл)

Дөңгелек сықырының саны бойынша әр бұрылыс санын санау (1 балл)

2

Бағытты анықтау

(2 балл)

Каретаның қисаюына байланысты каретаның бағыты мен бұрылыстар санын анықтау (1 балл)

балл

Барлығы: 6 балл + есепті шешу 2

Максимал 8 балл -ІІІ деңгей (есепті

істей отырып мәселенің шешімін табу, ақпараттық құзыреттіктерінің қалыптасу деңгейін көруге болады.

шешу); 6 балл ІІ деңгей; 4 балл І деңгей Жоғарыда келтірілген мысалдан оқушылардың берілген ақпараттармен жұмыс 2010 жылдың қазан айындағы оқушылардың ақпараттық құзыреттіктерінің қалыптасу деңгейі төмендегідей:

Сынып

Ақпараттық құзыреттілік

Қатысымдық құзыреттілік

Мәселе шешу құзыреттілігі

Деңгей

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

60%

25%

15%

54%

31%

15%

47%

25%

28%

42%

21%

37%

53%

42%

5%

74%

21%

5%

11к

57%

39%

4%

61%

27%

12%

56%

27%

17%

Барлығы

53%

28%

19%

56%

33%

11%

59%

24%

17%

2011-2012 оқу жылының қазан айында осы сыныптарда (7к, 8к) тағы кірме диагностика жасалды:

Сынып

Ақпараттық құзыреттілік

Қатысымды құзыреттілік

Мәселе шешу құзыреттілігі

Деңгей

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

56%

28%

16%

32%

39%

29%

52%

28%

20%

12%

55%

33%

30%

26%

44%

45%

31%

24%

Барлығы

34%

42%

24%

31%

33%

36%

49%

29%

22%

Өткен оқу жылындағы көрсеткішпен салғастырғанда өсу байқалды: І деңгей динамика -19%, ІІ деңгей +14%, ІІІ деңгей +5%.

Математиканы оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану оқушыларды ынталандырып, олардың бойындағы қабілетінің дамып көрінуіне және пәнге, жаңа техникаға деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылуы қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, іскерлікті тексеруде. Оқыту әдістемесіне компьютерді енгізу, оқушының ойлауына, сезіміне, еске сақтауына, танымдық, ынталылық әрекеттеріне оң ықпал жасап, жақсы нәтиже береді. Компьютерді оқу процесіне қолданғанда, компьютер оқушының ойлау қызметін көз алдына әкеліп көрсеткендей болады. Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалімдер, яғни біздер топтағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеріп отыруы мүмкін емес, ал компьютерді қолданғанда бұл жағдай толығымен шешіледі. Яғни, компьютерді қолданғанда, өткізілген сабақтың сапасы артады және оқушылардың танымдылық, біліктілік, өз беттерінше жұмыс жасау қызметтері белсенді түрде өтеді. Қазіргі жағдай компьютерді әр жұпта, әр топта барынша мүмкіндігімен өз пәндерімізге күнделікті қолдану мүмкін емес. Дегенмен, әсіресе, алгебра, геометрия пәндеріне, арнаулы курс сабақтарында компьютерді қолданамын. Себебі, геометриялық фигуралардың түр өзгерістерін бейнелейтін сызбаларды көрсетуде, қима салуда компьютердің рөлі ерекше. Мысалы: математика сабағында 7-8 сынып оқушыларына функция графиктерін түрлендіру тақырыбына келгенде қолданамын,графиктерді сығуға, созуға және берілген есеп бойынша түрлендіруге болады.

Электронды оқулықтар ақпараттық білім беру ортасының негізі болып табылады, ол оқуға қажетті материал болып табылады. Электрондық оқулықтың негізгі ерекшелігі болып оның толықтығы және материалды айту үзіліс сіздігі, жаңа дидактикалық схемаларды жаңа ақпараттық амалдарды, кешенді мультимедиялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру жатады.

Электрондық тестілеу жүйесі. Оқушының білім сапасын дағды, шеберлік, білімді бақылауды бағдарламалық амалдар арқылы білім беруді қолданады.

Ақпараттық іздеу жүйесі оқушылардың өзіндік жұмысын, шығармашылығын қолдауға бағытталған. Оқу мүмкіндіктерін үнемі толықтырып отырады және материалдардың жалғасылығы жүреді, негізгі сөздерді іздеп қажетті материалдар тапсырыстарға сәйкес жүреді.

Имитациялы моделдеу және математикалық амал. Моделдеудің негізгі мақсаты оқушылардың тәжірибелік білімін автоматтандыру. Бұл экспериментті моделдеу және тренингтік жүйені дифференциациялар болуы мүмкін. Моделдеу амалдарының ішінде ерекше орынды электронды тренажерлер алады, оларсыз шынайы жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес болса, күтпеген жағдайда немесе күрделі кездерде тиімді жұмыс жасайды. Электронды тренажерлер тәжірибелік шеберлік және дағдыларды әртүрлі деңгейде өз бетінше талдауға, бақылау және өзін-өзі бақылауды жаттықтыруға арналған.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Хеннер Е.К., Шестаков А.П. Информационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; № 12; 5-6 б.
  2. Денищева Л.О. Проверка компетентности выпускников средней школы при оценке образовательных достижений по математике // Математика в школе, 2008, №6, с. 19-25.
  3. Хуторской А.В. Ключевые компетенции. Технология конструирования. // Народное образование, № 5. – 2003. – С. 55-61.

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.