Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі

Суицид (лат: suicіde – өзін өлтіру) – ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал.

Суицид – ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебінен соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз.

Суицид деген термин XVII ғасырда пайда болған. Бірақ XVIII ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым кеңінен қоғамда пайдаланылған емес. Тек XX ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты.

«Суицид» термині алғаш рет Томас Браунстың 1635 жылы жазылып, 1642 жылы басылып шыққан «Религия» атты еңбегінде қолданылды. Ал кейбір авторлардың айтуы бойынша (Хайд Д., 1972 ж; Блох Д., 1998 ж.) термин XII ғасырда қолданысқа түсті. 1651 жылы Оксфордтық сөздікте суицидке толығымен сипаттама бергеніне қарамастан, термин ұзақ уақыт бойы әдебиеттерде қолданылмады.

«Суицидология» түсінігі алғаш рет орыс тіліндегі ғылыми әдебиеттерде XIX ғ. соңында қолданылса, батыс елдерінде танымал суицидологтардың бірі Э. Шнейдман айтуы бойынша тек 1929 жылы ғана қолданыла бастады. Бұл қазіргі кезде танымал саланың бірі, өзіне психология, психиатрия, әлеуметтану, биология сияқты көптеген ғылымдарды біріктіреді. Суицидке бел байлайтын адамдарды теориялық және тәжірибе жүзінде зерттейтін, себеп салдарын анықтайтын, бұндай жолға түскен адамдарға көмектесетін, алдын алуға мүмкіндік беретін ғылымды – суицидология деп атаймыз.

Ал адам бойында суицидке деген әрекеттердің байқалуы суицидалды мінез – құлық деп түсіндіріледі. Суицидтің жасалуы екі фазадан тұрады: қалпына келу, өзі немесе басқа адамдар көмегімен адамның суицидалды талпыныстары жойылады және қалпына келмейтін.

Э. Шнейдман суицидке тән қасиеттерді көптеп зерттеп, келесідей қасиеттерін анықтады:

Суицидтің басты мақсаты шешім табу.

  1. Сананы тоқтатуды көздейді.
  2. Суицидке итермелейтін басты стимул физикалық немесе рухани ауыртпалылықты тоқтату.
  3. Суицид жасауға жалпы психологиялық құндылықтар итермелейді.
  4. Үмітті жоғалту мен көмектің болмауы өз әсерін береді.
  5. Суицид барысында адам психикасы нашарлап, тозады.
  6. Суицид барысында адам туындаған мәселелерден қашады.
  7. Суицид жасаушылардың көбі өзінің жасағысы келген әрекеті немесе өлім туралы сөз айтады.
  8. Өмір сүру барысындағы жасалатын әрекеттерге суицидте жатады.

Өз өзін өлтіру – қазіргі өмір сүріп отырған қоғамның талаптарына тұлғаның әлеуметтік – психологиялық үйренбеуің нәтижесі. Психологиялық күйзеліс жеке бас, отбасылық, әлеуметтік және шығармашылық қақтығыстар нәтижесінде пайда болады. Итермелейтін бір себеп болғанымен, оған көптеген мәселелер өз әсерін тигізіп, бұл уақытта суицид ойы қалыптасып, дами бастайды. Дегенмен, суицидке адамды шешімнің болмауы итермелейді. Ол өз болашағын құрастыра алмайды. Және бұл кезде адамның күшті, ерікті немесе эмоционалды тұрақты адам екені ешбір маңызды болмайды. Өз өзін өлтірушілік әртүрлі типті адамдарда кездеседі. Мысалы, салмақты емес адам, суицидті көңіл – күйінің өзгеруі барысында жасаса, ерікті адам бұрын алдын ала ойланып, жоспарланған суицид жасайды. Бірақ олардың әрқайсысын біріктіретін ортақ заңдылықтары бар: бұл тұлға үшін сол жағдайдың маңыздылығы. Осыдан әрбір адам пайда болған жағдайда әртүрлі әрекет етеді. Олардың әрекеттерінің басты үш типі кездеседі: демобилизациялық, дезорганизациялық, пессимисттік бағыт ұстанушылар.

Демобилизациялық – адамдар арасындағы қарым –қатынас барысында ерекше жиі байқалатын түрі. Адамның қарым – қатынас сферасы күрт өзгереді, өз жалғыздығын ауыр қайғырады, үмітін жоғалтады, санасында психикалық травманы ойлайды, алдында қайғылы шешімді ғана көреді. Бірақ ешнәрсеге қарамай, ол оқиды, жұмыс істейді, өмір сүреді. Күн сайын іштей қайғырады, бірақ ешкімге айтпайды. Жалғыз өзі отырғанды ұната бастайды, белсенсіз болады және өз өзін өлтіру туралы ойлана бастайды. Нәтижесінде суицид шынайы түрде болуы мүмкін [1].

Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар: шынайы, демонстративті, жасырын суицид.

Шынайы суицид оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Оны қоршаған ортасы адамның осындай күйін байқамауы да мүмкін.

Демонстративті суицид өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. (Мысалы біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса арқан, жіп ала жүгіріп, «өлем» деуі).

Жасырын суицид. Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді. (Мысалы: нашақорлық, алкоголизм, көлікте қауіптірек жүру, спорттың экстремальды түрімен немесе қауіпті бизнеспен айналысу және т.б.) [4, 151].

Осыған байланысты танатолог Э. Шнейдман тұлғаның екі сипатын бөледі: суицидтік және летальдық. Суицидтік жеке өзін-өзі өлтіруге деген қауіпін білдіреді. Адамның жалпы өз-өзіне қауіптілік деңгейімен ажалмен байланыстылығын білдіреді, яғни өз-өзін бұзатын жат әрекеттер.

Суицидтік мінез-құлықтың жіктеулеріндегі айырмашылықтары қарастырылатын шынайы дүниені әр алуан формада бейнелейді. А.Г. Амбрумова: өзін-өзі өлтіру – шынайы суицид, және де өзін өзі өлтіруге талпыныс – аяқталмаған суицид деп бөледі. Брукбенк суицид туралы арнайы немесе әдейі өзін-өзі өлтіруге ниеттенген және парасуицид әдейі өзін-өзі жаралау, бірақ та өліммен аяқталмайтын ниетті актіге негізделген деп пайымдаған. А.Е. Личконың пікірі бойынша суицид жасөспірімдерде жариялылық, аффективті және шынайы болады дейді. Е. Шир: ниеттенер алдындағы суицидтік мінез-құлық, тежелмейтін, амбивалентті, импульстік және жариялылық түрлеріне бөледі.

Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды атауға болады.

Суицид ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде , адамның әдейі өз өзіне қол жұмсау себебінен соңы өлімге әкеліп соғады.

Психологиялық сөздікте суицид ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндіріледі.

Белгілі психолог У. Джеймс суицидті «интеллектінің дамуындағы ауру» деп атаған [2].

А.Г. Амбрумова өз ойын былай білдіреді: ‘‘Өзін өзі өлтіру шынайы суицид, сондай – ақ, өзін өзі өлтіруге әрекет аяқталмаған суицид’’. Ал А.Е. Личконың пікірі бойынша суицидалдық мінез құлық жасөспірімдерге демонстративті, аффекті және шынайы болып келеді. В.А. Тихоненко өлуге ниет қылғандардың санатын көңілге ала отырып, өзіне өзі қол салу мінез – құлқы әрекетін қосымша бірнеше толықтырулар енгізді.

Американ психологы Edwin Schneidman суидцидтің аса күрделі сипаттамаларын бейнеледі. Онда ішкі жан дүниесінің күйзелу сезімі, дәрменсіздік, қоғамнан оқшау-ланып қалу сезімі және тек қана өлім барлық мәселелерді шешудің жалғыз тәсілі болып табылады.

Француз әлеуметтанушысы Дюркгейм: «Өзін өзі өлтіру рейтингісі адамның әлеуметтік бірігумен және индивид үлкен топтың бөлігі ретінде қаншалықты өзін сезіне алуымен байланысты» екенін дәлелдеді. Оның ойынша, әлеуметтік қарымқатынастың жеткіліксіздігін сезінген адам және аяқ астынан қоғамнан оқшауланып қалған жағдайда суицидке аса бейім келеді. Сонымен қатар Дюркгейм еңбегінің маңызды бөлігі өз – өзін өлтіруші адамдардың әрекет етуі уақыт кезеңіне де байланысты екенін анықтады. Олар қаңтар айынан бастап әр ай сайын суицидтер саны өсе бастайды, ал маусымнан бастап олардың саны біршама азаяды. Сонымен бірге апта күндері мен тәулік уақыты бойынша адамдардың суицидке баруының бейімділігін анықтады. Яғни, көктемдік – жаздық және күздік – қысқы мезгілдердің ауысуы кезінде суицид ерекше байқалған. Өз өзін өлтірушілердің саны сейсенбіде артып, сәрсенбіде азая түседі. Жұма соңы көбінде ер адамдар үшін аса қауіпті, өйткені ер адамдар жұмадан жексенбіге дейінгі аралықта суицидке аса бейім келеді екен. Жасөспірімдер көбінде өз өзіне қол жұмсауды сейсенбіден жұмаға дейінгі уақытта жасау қауіпі басымырақ болады. Әрі бұл мағлұматтар да қазіргі кездегі мағлұматтардан еш айырмашылығы жоқ.

Қазіргі кезде соңғы бес жылда жастар арасында өзін өлімге қоғандардың саны артып, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орында екен. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әр бір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді.

Әр суицидтің шығу себебі әртүрлі және оның себебін адамның биологиялық, генетикалық, психологиялық және әлеуметтік аймақтарынан қарастыру керек. Өз өзіне қол жұмсаған адамдардың көпшілігіне депрессия, стресс жағдайлары тән, алайда ем шара қолданбай депрессияны одан ары ушықтырып алады. Соңы өз өзіне қол жұмсауға әкеліп соғады. Басқа психикалық аурулар да, яғни, биополярлық бұзылулар және шизофрения да суицидалдық әрекетке баруына ықпал етеді. Бірақ көп жағдайлардағы себеп ондай адамдардың иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарына төзе алмауы, оны түсінбеулерінде болады. Жеке басына байланысты себептер де болуы мүмкін.

Суицидалды мінез – құлық жасөспірімдердің патологиялық іс әрекеттерінің бір түрі. Дәл осы уақытта көп түрлілік байқалады: суицидалды ойлар, көзқарастар, қорқытулар, талпыныстар. Сондықтан көптеген еуропа мемлекеттерінде бұл үрдіс қатты дамығандықтан, өлім себептерінің ішінде 2,3 орынды алады. Ал Ресейге келетін болсақ, 1960 жылдарға дейін суицид жасөспірімдер арасында өте аз кездескен. Бұл жылдардан бастап өте қарқынды дамып, жасөспірімдер арасында жиілігі 265% өсті.

13 жасқа дейін суицид өте аз кездеседі. 14-15 жастан бастап белсенділік артып, 16-19 жаста максимумға дейін жетеді. Себебі, бала кішкене кезде өзіне ауыратын іс әрекеттер жасамайды, ал уақыт өте келе адам бойында агрессиялық мінез – құлық байқалып өздерін бұл өмірден жоюға талпыныстар көбейеді.

Жасөспірімдерде көбінде парасуицидалды мінез байқалады: өлім тақырыбына сөйлесу, өлімге деген қызығушылық пен қорқыныш, суицидалды ойлар, қоршаған адамдарды қорқыту үшін жасалатын суицидалды талпыныстар. Ең қызығы жасөспірімдер арасында кездесетін суицид өз өзін жоюға емес, әлеуметтік қарым – қатынас бұзылыстарын қалпына келтіруге негізделген [3].

Жасөспірімдік суицидтің психологиялық мағынасы өз мәселесіне басқалардың көңілін аударту, көмек сұрау. Бұл кезде адамда жеткілікті түрде өлім туралы мағлұмат жоқ, өлім туындаған мәселеден кетіп, ұзақ уақытқа созылатын ұйқы, басқа жақсы өмірге өту көпірі деп түсініледі.

Жасөспірімдік суицидке тән мінез қасиеттері төмендегідей:

  1. Суицидке аз уақытқа созылатын, күрделі емес жақын адамдар (мектепте, жанұяда, топта) арасында туындайтын қақтығыс тән;
  2. Бұл қақтығыс соңғы және шешуші мәселе ретінде қарастырылып, ішкі күйзелісті тудыртады;
  3. Суицидалды мінез демонстративті болып келеді, бұл жерде қоршаған адамдарды қорқыту мақсатымен жасалатын әрекеттер кездеседі;
  4. Суицид аффект жағдайында жасалатын, ойланбай, жоспарланбай жасалған әрекет болып табылады;
  5. Өз өзін өлтіруші өлім құралын дұрыс таңдамауы мүмкін (2-3 қабаттардан секіру, жұқа жіп т.б.).

Жалпы суицид әрекетін жасағалы дайындалып жүрген жасөспірімдердің өзіне тән қасиеттері де байқалады. Оларға: мазасыздық деңгейінің жоғары болуы, ұйқының бұзылысы, қорқынышты түстерді көруі, агрессия, апатияның кездесуі, жасаған іс әрекеттерге жауапкершіліксіз қарай бастауы, өз өзінің кемшіліктерін жиі айта беруі, қоршаған адамдарды жек көру, өмірінің мағынасыз өтіп жатқандығы туралы сөздер қозғауы, махаббат объектісінің жоғалуы, наркотикалық заттарды, алкогольді қолдануы, сабақ үлгерімінің төмендеуі, өмірлік қызығушылықтардың байқалмауы, достарымен қарым – қатынастың бұзылуы.

Ал суицидтің таралуының себептеріне тоқталып өтейік:

  • Көбінде отбасылары нашар тұратын балалар жақын болып келеді. Ата-анасы ұрсыс керістен көз ашпайды, ішімдікке, нашақорлыққа бейім болады. Бала ешбір жанұя мүшесінен жылулық көрмейді. Құпиясын ашып, сырласуға деген адам таппай, эмоционалды жағдайы нашарлайды;
  • Махаббат объектісі жоғалғанда да жасөспірімдер сезімтал болуына әкеледі. Мысалы, баланың кішкене кезіндегі атаанасын жоғалтуы кездеседі. Баланың көңілінде сақталып жатады. Енді бір рет жақын адамы (жолдасы, туысы, ғашығы т.б) қайтыс болған жағдайда адам стресске шалдығып, кейін депрессияға айналып, нәтижесінде суицидке әкеледі;
  • Көп кездесетін себептердің бірі – депрессия. Бұл кезде адамның көңіл-күйі нашарлап, шар шаңқы, ойланғыш болып келеді. Өмірдегі басты мақсаты, қызығушылығы жойылады.
  • Нашақорлық және ішімдік әсерінен жасалуы да мүмкін. Ойлана келіп емес, тек аяқ астынан пайда болған стимулдар әсерінен жасауы мүмкін.
  • Өз эмоцияларын қадағалай алмайтындар. Олардың пікірінше тек бұл өмірден кетіп қана жан рахатына, тыныштыққа қол жеткізуге болады деп ойлайтындар.
  • Еліктеу. Жасөспірімдер арасында бір–біріне деген еліктеушілік қатты байқалады. Мысалы, АҚШ-та Техас штатының Пиано қаласында орта мектеп оқушысы өзөзін тұншықтырып өлтірген соң, оған еліктеп сол сыныптың 8 жасөспірімі суицидтік әрекеттер жасаған.
  • Ауру ретінде де кездеседі. Олар галлюцинациямен зардап шегеді, бұл кезде оларға біреудің дауысы бұндай әрекеттер жасау керектігін айтатындай болып көрінеді.
  • Тұқым қуалау. Суицидке баратындардың ата тектерінде бұндай жолмен дүниеден қайтқан адамдар, байқалатындықтарын зерттеушілер анықтаған.
  • Жасөспірімдік кезеңде балалар барлығын жүрегіне жақын қабылдайды. Сол кезге тән алғашқы ғашық болу, махаббат сезімі тән.

Сондықтан олардың көңілін қайтарған адамдарды жазалау мақсатымен де атқарады [5].

Суицидалды талпыныстар жасаған жасөспірімдермен арнайы мамандар жұмыс атқарғанымен, талпыныстар көп жағдайда қайталанып, соңы өліммен аяқталады. Бұндай талпыныстардың көбі «бақытсыз махаббат» әсерінен болып келеді. Заман ағымының өзгеруіне байланысты, соңғы кезде өз жынысының адамына деген махаббатты, бұрынғы заманға қарағанда өте жиі кездестіреміз. Бұндай жасөспірімдер өздерін басқа жасөспірімдерге қарағанда сенімсіз, өмірлік сыңарларын таба алмайтын, махаббатқа тұрақты етіп сезінеді.

Сондықтан өз «махаббат объектілерімен» ажырасып, қақтығысқа түскенде өздерін ешкімге керек емес деп сезініп, суицидалды талпыныстар жасайды. Сонымен қатар «бақытсыз махаббат» қалыпты бағдарды жасөспірімдер арасында кездесіп, суицидалды талпыныстардың себебі болатын жағдайларда да кездеседі. Мысалы, бір қызды ұнатқан ер бала жолдастарын үйіне қонаққа шақырады. Қызға жүрегіндегі сырын айтып, демалуға далаға шығып кетеді. Үйге кіргенде сол қызды өзінің досы құшақтап отырғанын көріп, ас бөлмеге барып өз белбеуіне асылып қалған. Қуанышқа орай досы үлгеріп, аман есен алып қалған.

Міне, осы сияқты жағдайларды тізбектей жаза берсек, саны шексіздікке шейін жетеді. Ойланбастан суицидке бел буатын импульсивті адамдарға тән қасиет.

Яғни, дәрігерлер тілімен айтатын болсақ «Жүйке – жүйенің қозғалмалы типі». Жасөспірімдер махаббаттың біреуі кетсе, екіншісі келетіндігін ұғына бермейді. Жалпы барлық жасөспірімдерге алдымен іс әрекетті жасап, артын ойлау қасиеті тән. Ертеңгі күн туралы ойлар адамның жасы ұлғайған сайын келе бастайды [2].

Жасөспірімдердің бұл қайғылы қадамға баруына ата – ананың да өз әсері бар. Жасөспірім үйі – бейбітшілік, тыныштық, өмір моделі. Ал кейде болып тұратын қақтығыстарға толы өмір болса, жанұя мүшелері бір – біріне қолдау көрсетпесе, бұл дүниеде өмір сүріп не керек? Міне осы сияқты пікірлермен суицидке бел байлаған жасөспірімдермен жұмыс атқаратын психолог, психиатрлар өте жиі естіп жатады.

Ауруханаға өз өзін өлтіруге талпыныс жасаған қызды әкелген. Қыз әрқашан «идеал оқушы» моделін ұстаған. Анасы қызына жақсы білім беру мақсатымен мектептен мектепке ауыстыртып отырған. Жасөспірімде сөздік қорында жолдастар деген сөз кездеспеген. Себебі, қыз бір топқа енді ғана бейімделе бастағанда, оны екінші мектепке ауыстырады. Осылай қыз өзін «қаңбаққа» теңеген. Анасы қай кезде басқа топқа жібергісі келсе, сол кезде қыз басқа жаққа кетеді. Жасөспірім басқа өз құрдастарына қарап, әрқашан қызығады. Ал өзіне келетін болсақ, не достары, не тұрақты сыныптастары болмаған. Сөйтіп, жасөспірімде әлеуметтік байланыс үзіліп, өз – өзіне қол жұмсаған. Яғни, жасөспірімдік кезде білім алудан да басқа қызықтар кездеседі. Сол кезде ата – аналар өз балаларына жан – жақты қолдау беру керектігін есте сақтаған жөн.

Келесі суицидке итермелейтін себептерге мектеп, білім алу мекемелері жатады. Әрқашан жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы арасында қабырға жүреді. Жаман оқитын балаға екіншісін үлгі тұтады. Мысалы келесідей жағдай кездескен. Жаңа мектепке ауысып келген қыз баланың мектепке бейімделуі өте ақырын жүріп жатты. Сабағы жағынан үлгермей, нашар оқитын оқушылар қатарына жата бастады. Ал оның апайы керісінше, сол мектепке бауыр басып кетті. Ұстаздар апайын мысалға ала отыра кішкене сіңлісіне, өздері байқамастан қысым көрсете бастады. Ата – анасының жұмысқа кеткенін тосып, ас бөлмеге сабақ қараймын деген сылтаумен ұзақ отырады. Апайы ақ параққа көптеген сөздерді жазып жатқанын көріп, шынында сабақ оқумен айналысқан екен деп өз сабағына кетіп қалады. Ата – анасы жұмыстан келген соң қызының ас бөлмеде аяқ киімінің белбеуіне асылып қалғанын көреді. Не себепті бұл әрекетке барғанын ата – анасы ұқпай киім – кекештерін, қалтасын ақтара бастайды. Қыздың қалтасында не себепті бұлай жасағаны, кім кінәлі, ұстаздардың қысымы туралы жазылған хатты тауып алады. Өкінішке орай, мектептің, ұстаздардың жасөспірімнің тұлға болып қалыптасуына кері әсер ететін жағдайлар да кездесіп жатады [2].

Жалпы қорытындылай келе қандайда болмасын үрдіске өз себептері әсер етеді. Яғни, бұл жағдайда әлеуметтік – психологиялық себептер. Жасөспірімдік кезеңнің өзі өте күрделі кезең болып келеді. Жалпы жасөспірімдік кезең әрбір индивид үшін қиындықтар мен сындарға толы кезең.Бұл уақыт ересек өмір мен балалық шақ арасындағы өтпелі көпір. Үнемі құрбы-құрдас, сыныптас және мұғалімдер тарапынан болатын жазықсыз ескертулер мен төмендетулер, мейірім түсінігі жоқ ата-ананың әсері жасөспірімнің өмірге деген көзқарасы солғандай бола бастады, мұндай жолдан шығудың бірден-бір жолы ол өз-өзін өлтіру деп түсінеді.

Ал әрбір баланың бақыты бұл отбасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың оңтайлылығы, ата-аталар жағынан көңіл бөлушілік,түсінушілік болып табылады деп ойлаймыз. Сонда ғана өз-өзіне қол жұмсайтын балалардың саны азаяр деген үміттеміз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Әбікенова А. Өскелең ұрпақ арасындағы суицид мәселелері // Қызықты психология. Алматы, 2009. №6. Б. 7-8.
  2. Қаражанова Ж. Суицидтік әрекеттің негізгі факторлары және суицидтік мінез көріністері // Қызықты психология. – Алматы, 2010. №4. Б. 15-16.
  3. Кондрашенко В.Т. Суицидальное поведение. Минск, 1999.
  4. Колончук В.Н. О психологическом смысле суицидов. Минск, 1999.
  5. Боенко А.В. Суицидальное поведение. - А.1995.

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.