Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасөспірім құқық бұзушылығын реттеуде жанұяның ықпалы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы Халыққа Жолдауында жас жеткіншектер тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажеттігі мәселесіне баса назар аудару керектігін айтып қана қоймай, тәрбие ата-ананың тікелей міндеті екендігін ашып көрсетуде.

Соңғы жылдары жасөспірімдердің құқық бұзушылығы өте көп орын алатындықтан, құқық бұзушылықтың себептерін ашу – күн тәртібінен түспейтін мәселелердің біріне айналды десек, артық айтқандық емес.

Жасөспірімдердің құқық тәртібін бұзушылығын әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан талдау үлкен орын алады. Яғни жас “қылмыскерлердің” құқық бұзушылығына себеп болған жағдайларға ғылыми тұрғыда баға беру, шешілмеген шешуін шешу – ғалымдардың басты міндеті.

Жалпы баланың қалыптасу кезеңінде оған әртүрлі жағдайлар мен факторлар әсер етсе, ол ең алдымен оның көзқарасына, қызығушылығына, икемділігіне өз нәтижесін беріп, қатынас, сезім, көңіл күйді қалыптастырады. Осылардың деңгейінде бала бойында белгілі бір сипаттық белгілер мен жеке басының жақсы, жаман жақтары дамиды.

Баланың адам болып қалыптасуы ең алдымен жанұяға байланысты. Жанұя бала өмірінің жағдайын тудыратын, реттейтін орта болғандықтан, ол әртүрлі таңданыс пен өкініштердің қайнар көзі ретінде жат қылықтардан жирендіретін, дұрыс жолға бағыттап, басқаратын күш өмірдегі тірек және де алғаш тәрбиелік орта болып табылады.

Көптеген өмірде болып жататын жағдайлар құқық бұзушы балалар мен атаанасынан бақылағанда, жанұя жағдайының жалпы келеңсіз жақтары, жанұя тәрбиесінің бұзылуы,баланың жанына қатты әсер еткенін, оның тәртіп жағынан құлдырап, құқық бұзуға дейін әкелгенін дәлелдеп берді.

Жасөспірімнің өсуіне, тәртібіне, мінезінің қалыптасуына жоғарыда айтып кеткендей, жанұя тәрбиесі зор. Осыған орай А.М. Решетина ”Баланы адам етіп қалыптастыру бастамасы ең кішкентай әлеуметтік орта – жанұяда жүзеге асады” деген болатын. Дәл осындай пікірді С.Х. Жадыбаев та қолдаған [2].

Жанұя тәрбиесінің жеткіліксіздігі кейбір жеке ата-ананың кінәсінен емес қайта жанұя жағдайының әртүрлі сәттерінің әсер етуінің жиынтығына байланысты: жанұя санында, материалдық әлеуметтік және мәдени әлеуметтік; жанұя мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа.

Жанұя тәрбиесінің бала өміріне өзіндік өрнекті із салуы, оның мінез құлқына, жалпы тәртібіне өзгеріс әкелуі-жанұяның толық болмауы. Педагогикалық тәжірибелер мен бақылаулар көрсеткендей, баланың тәрбиесі мен қалыпты дамуы үшін толық жанұя қажет яғни баланың әкесі мен шешесіне мейірімділікпен, сыйлампаздықпен қарауы үшін толық жанұя ауадай қажет.

Құқық бұзушылыққа, ішімдікке, темекі тартуға ерте жастан әуестенген жасөспірімдердің көпшілігі осындай жарты жанұядан шыққан екен [1].

Біздің кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімделу және сауықтыру орталығында есепте тұрған 9-13 жас аралығындағы құқық бұзушыларға арнайы ұсынылған анкета құқық бұзушылардың басым көпшілігі жарты жанұядан шыққандығын көрсетті. Біз алған 200 баланың (9-13) 23,5%-і өз ата-анасымен тұрса, 36,0%-нің ата-анасы айырылысқан, 27,0%ң туған әкесі болмаса, 25,0%-нің тек өгей әкесі мен анасы, 22%-нің ата-анасы ғана болып, олардың тәрбиесін алған.

Көптеген толық емес жанұяда тәрбиелеу тек қалған ананың немесе әкенің үлесіне тиетіндіктен, тәрбиелеудегі барлық ауыртпалық соған ғана түседі. Соның нәтижесінде жанұяда педагогикалық талаптар мен тәрбиелік шаралардың құлдырауы пайда болып, жасөспірімге деген әлеуметтік бақылау төмендейді.

Бұл әсіресе, көп уақыттың жұмыста өткізетін, жалғыз анасы бар жанұя жағдайынан айқын сезіледі. Анасы жұмыста болғандықтан, ол үнемі өзімен-өзі қалады. Олай болса, оған анасының көңіл бөлмеуі, уақытының аз болуы, болса да, шаршауы қатты әсер етіп, қандай жұмыс болса да, ол бала өзіне уақытында көмек беретін адамды таба алмайтын дәрежеге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Үлбі аудандық кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімделу және сауықтыру орталығында есепке тұрған 146 бала (9 – 13) анкеталық тәсілмен сұралса, олардың 93-і ұл бала, қалған 56-ы қыз бала. Ал, Алматы қаласы Алатау аудандық кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімделу және сауықтыру орталығында есепте тұрған 54 бала (9 – 13) сұралса, оның 37-і ұл бала, 17-қыз бала.

Осылайша, бірте-бірте анасының ықпалы жоғала бастаған жасөспірім бала тығыз байланыстан айырылып, оның жанұядан бөлінуі басталады. Осындай жайттарға байланысты А.С Макаренко “Қараусыз балалардың жағдайы жетім балаларға қарағанда, көп жағдайда күрделі де қауіпті” деген болатын.

Жасөспірімдердің құқық бұзуына қатты әсер ететін тағы бір жағдай ата-ананың айырылысуы [4]. Ата-ананың айырылысуы оның іштей қатты күйзелісіне, сабаққа деген ықыласын жоғалтуына алып келеді.

Жанұя құрамының өзгеруі, жанұяның ішіндегі ауыр қарым-қатынас, ара-тұра болып қалатын айқай-шу – оның бүкіл өмірін өзгертіп, нәтижесінде тез ашуланғыш болуын, тәртібінің нашарлауын нерв жүйесінің өзгеруін, мінезінің ашуланғыш болуын қалыптасты.

Жанұяда орнаған жағдай, ата-ананың айырылысуы осылайша, жасөспірімдерді қатты күйзелтеді. Ата-ананың некесінің дұрыс болмауы, олардың бір-біріне реніші, күнделікті ұрыс, төбелес-баланың дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай жағдайда бала ата-ананың қайсысы дұрыс айтып тұрғанын, қайсысын қолдау керектігін білмей дағдарады. Оған себеп, ата-анасының әрқайсысы өздерінікі жөн санайтындығы. Бұндайды көрген бала ата-анаға деген махаббатын жоғалтып, немқұрайлы қарауды дағдыға айналдыра бастайды. Осыдан барып, олардың бойында өзін қорғау формасы ретінде, сөз айтқан адамға тіке жауап беру, өшпенділік, мінез көрсету секілді әдеттер пайда болады. Көптеген жасөспірімдер үйде аз болуға, ата-анасы, туыстарымен кездесуден қашуға бейімделіп, жалғыз күй кешеді. Бұндай балалардың ересектердің ықпалына тез көніп, құқық бұзу жолына тез түсетіні сондықтан.

Жанұядағы келеңсіз жағдайлар, баланың одан кейін мектепте де өзіне жақын адамдармен қақтығысқа түсуіне алып келеді, бұл баланы одан әрі қатайта түседі. Аяғында бұндай балалар сабағын тастап, жаман жолға түскен топ балалармен достасып, сол топқа кіруге мәжбүр болады, олардың 60% осылайша құқық бұзу жолын таңдайды.

Айырылысу кезінде ата-ана баланы бөлуге дейін барады,анасы өзіне тартса, әкесі өзіне тартады. Екеуін де қимаған бала дел-сал күйге түсері сөзсіз. Немесе атаанасы айырылысып кеткеннен кейін жанұяда жаңа жанұя мүшелері пайда болады, яғни әкесі, шешесі,балалар.

Жасөспірім жаңа жанұя құқықтарын бірден түсіне алмай, өзін де сол ортаға бейімдей алмай күйзеледі, оған себеп, оның санасынан туған анасының немесе әкесінің оған деген мейірімі кетпей, ұмыта алмауы. Сондықтан да, ол жаңа жанұя мүшелеріне сенімсіз көзқараспен қарап, олардың өтінішін, талап-тілектерін тыңдамай, қандай да болса тәрбиелік шараларға наразылығын білдіреді.

Жасөспірімдердің көпшілігі жаңа ата-анасының тәрбиесіне үзілді кесілді қарсы шығады. Қалай болса да, өзінің дұрыс істегенін дәлелдеуге тырысады, сөйтіп, бірбеткейлігімен, мінез көрсетуімен жаңа ата-анасымен ұрсысуға дейін барады [3].

Жанұяда орнаған жайсыз жағдай баланың үйден кетіп, кезбелікке түсуіне жол ашады. Кезбелікке түсіп, ұзақ жол жүрген, тамақ ішкісі келген баланың неге болса да ілесіп кетуі ықтимал. Олардың ересектер ықпалына тез еруі, қоғамға жат әрекет істеумен шұғылданатын топтарға кіруі, ұрлық істеуі, адам тонауы, бір сөзбен айтқанда, құқық тәртібін бұзуын осы кезде жүзеге асырады.

Көп жағдайда ата-ана баласының үйден кетіп қалғанын білдірмейді Ол жайында мектеп басшылығына айтумен шектелетін ата-аналар да баршылық [4]. Олар баланың үйден кетіп қалғанын, кезбелікке түскенін ең алдымен мектепке емес, құқық қорғау орындарына хабарлауы керек екенін ойламайды.

Жалпы, құқық қорғау органдарына үйінен аз мерзімге кетіп, қайтып оралған балалардың әрекеті белгісіз күйінде қалады.

В.К. Андриенко құқық бұзушы жасөспірімдердің неліктен құқық тәртібін бұзатындықтарын себебін ашуға ниеттенген еңбегінде, оған бірден-бір себеп болатын жанұя атмосферасы екенін атап өтті. Оның пікірі бойынша, құқық бұзушы балалар мен педагогикалық тәрбиеге көнбейтін жасөспірімдердің 68%-і жанұяда жағдайы келмегендіктен, үйінен қашуға мәжбүр болған. Ал, 56% жасөспірім жанұя тәрбиесінің жеткіліксіздігі мен жанұядағы қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты құқық тәртібін бұзып, қоғамға жат әрекет істеген.

Н.И. Озерский “Ата-ана айырылысуының кәмелетке жасы толмағандар құқық бұзушылығына әсері” деген кітабында айырылысудың көбеюі балалар құқық бұзушылығының өсуіне тікелей қатысы бар деп атап көрсетті.

Материалдық-әлеуметтік жағдайдың жанұяда жоғары дәрежеде болуы-баланың жан-жақты дамуына жол ашады.Бұған керісінше тұрмыс жағдайының жетіспеушілігі баланың әлеуметтік ортамен байланысын қалыптастыруды төмендетіп, тәртібіне, өсуіне зиянын тигізеді.

Көптеген тәжірибелер көрсеткендей, көп ата-ана бала тәрбиесіне аз көңіл бөледі. Көптеген ата-ана мектепке бармайды, класс жетекшісі мен мұғалімдермен байланыспай, баласының қалай оқып жүргенін, оқу үлгерімін сұрамайды. Енді бір атааналар мұғалімдерге құрметпен қарамайды, оған қоса бала тәрбиесімен мектеп айналысады деп есептейді. Ешкімнің Бақылауынсыз қалған балаға бұл әрекеттер үйреншікті әдетке айналғандықтан, ол біртебірте ата-ана бақылауынан мүлдем кетеді. Ата-ана бақылауынсыз күй кешкен баланың тағы да құқық бұзуына себеп болар жағдай осындайдан туындайды.

Бірталай жанұяда сабақ қарауға, белгілі бір іспен айналысуға жағдай жоқ . Нақты сабаққа дайындалатын орынның жоқтығы, қажетті оқу кітаптарының болмауы, көркем әдебиет, дене тәрбиесімен айналысатын қажетті спорт құралдарының болмауы да, баланың бос уақытын көбейтіп, бос жүріске түсіріп, жаңа достар табуына, олардың ықпалымен құқық бұзуына себепші болады.

Біздің арнайы жүргізген анкеталық сұраққа жауап берген (163) баланың 51-і 10-12 жастағы қыз бала, 112-і 10-13 жас аралығындағы ұл балалар. Олардың барлығы кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімделу және сауықтыру орталығында есепте тұрғандар, анкета сұрақтары олардың құқық бұзуға неліктен барғаны, жанұя жағдайы, бос уақытында қандай жұмыспен айналысатындығын қамтыды. Анкеталық сарап көрсеткендей, олардың 32,4%-і жайсыз тұрмыстық жағдайда (бір бөлмелі пәтерде,жатақханада) тұрғандықтан, сабаққа дайындалуға мүмкіндік болмаған. Оған қоса, ата-аналары ішкендіктен, олардың арасындағы жанжал, төбелес қатты әсер етіп, көбінесе көше кезуге құмар болған. Бұл олардың құқық бұзуына себепші болған.

17% құқық бұзушы жасөспірімдер тәрбиелеуге жайсыз тұрмыстық жағдайда тұрды (барлық жанұя бір бөлмеде тұрған). Сабаққа дайындауға жағдай болмағанына қоса, балалар ата-ана мен жанұяның басқа мүшелері арасындағы келеңсіз қарымқатынастың куәгері болған (ұрыс, төбелес, балағаттау). Осылайша, жанұяда болған төбелес, ұрыс, дауыс көтеру сияқты кері әрекеттер оның сапасына мықтап орын алып, оның тәртібін де сондай арнаға жетелейді. Сондықтан да бұндай “қиын” жасөспірімдер өзін дұрыс ұстай алмай, сабақты да оқи алмай, жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды.

Ата-анасынан уақытында көмек алмау (ата-ананың білімінің жеткіліксіздігі, педагогикалық жағынан сауатсыздығы, мәдениетінің төмендігі, бала тәрбиесінен саналы түрде бас тартуы) және қажетті көңіл бөлудің, мейірімділіктің, аялаудың жоқтығы бірте-бірте жанұя мен мектептен алыстауы (мектеп бітіруге 4 немесе 3-2 жыл қалғанда мектепті тастап кету) қалыптасады. Осылайша, бала жанұя мен мектепті топтасқан кездейсоқ балалар ортасымен алмастырады.

Олай болса, мәдениетінің төмендігі мен білімінің, моралдың жоқтығы, кейбір ата-ананың педагогикалық жағынан сауатсыздығы жат жаман қылықтары ол баланың бойында кері әдетті қалыптастырып, құқық бұзуға себепші болады.

Ата-ананың ішімдікке әуес болуы, дұрыс тәрбие бере алмауы, тұрмысқа бейімдеп өсірмеу, кейде ішімдікке өзі үйретуі, қылмысқа итеруі баланың оған деген сыйламаушылығын туғызады. В.К. Андреенко өз зерттеулерінде баласының тағдырына жауапсыздықпен қараған 70% ата-ананың үнемі ішкенін, 20%-нің қалай болса солай тәртіпсіз өмір сүргенін дәлелдеп, 65% жанұяның ата-анасы үнемі өзара төбелескен, ұрсысқан, жанжалдасқанын ашқан. Бұндай жанұяда балағаттау, қорқыту, төмендету орын алып, баланы қатты жазалау қоса жүрген. 82% бала ата-анасының бақылауынсыз, мейірімін көрмей өзімен-өзі күн оздырған.

Біздің бала тағдырына қалай қарайтынын білу мақсатында жүргізген зерттеулерге қатысқан 163 жанұяны алсақ , осы жанұяның басым көпшілігі ішімдікті жанына серік еткендер. Күн сайын жанжалдасатын жанұя – 57%, баланы ұрып-соғу, балағаттау – 87% орын алса, үнемі ішкен ата-аналар – 65%, баланы бақылаусыз қалдырып, өз қара басын ойлаған ата-ана – 81%-ті көрсетті.

Ұзақ уақыт баланың небір жат қылықтарымен көрінуімен қоса, аяусыз жазалануы оны мейірімділіктен гөрі өшпенділікке әуестендіретіні сөзсіз. Осыдан барып, өзін ренжіткен баланы үнемі ұрып-соғуы, бұзақылық көрсетуі орын алып, ол опоңай құқық бұзушы бала болып шыға келмесіне кім кепіл.

Кейбір ата-ана кері әрекеттерімен баласы көзге түсе қалса,оны жазалауға, күш көрсетіп, басып тастауға ұмтылады. Бұндай балалар ата-анасына дәл солай жауап беруге тырысады да, соңынан үйінен қашып кетеді.Бұндай балалар бойында қандай да болмасын тәрбиелік шараға қарсыласу қалыптасады. Оларға мұғалімге сенбеушілік, жауласушылық және барлық ересек адамға, ата-анасына, жақындарына деген сыйламаушылық тән. Осы орайда, А.С. Макаренконың ата-аналарға “ өздеріңнің балаларыңды тәрбиелемес бұрын, өздеріңнің тәртіптеріңді тексеріңдер”, деген аса ойлы пікірін айтпасқа болмайды.

Жоғарыда айтып кеткендей, жанұяның толық болмауы бала өміріне өз ізін салмай кетпейді. К.Е. Игошевтің зерттеулері туған ата-анасының біреуі жоқ (әкесі не шешесі) балалардың 91,2% ұрлық, 76,2% бұзақылық әрекет, 74,5% тонау, 69,7% денсаулыққа қасақана зиян келтіру сияқты қоғамға қауіпті әрекет жасағандары үшін жауапкершілікке тартылғанын көрсетті. Бұл көрсеткіштер атаананың балаға деген бақылауының төмендігіне қоса, тәрбиеге көңіл бөлмейтінін, материалдық жағынан көмек көрсетпегендіктен, құқық тәртібін өрескел бұзғанын тағы да паш етсе керек.

Толық жанұяның болуы үшін ата-ана бір-бірімен айырылысып кеткеннен кейін де, бала тәрбиелеуді екеуі де өз міндеті ретінде қарағаны абзал. Баланың ары қарайғы тағдырына жауап беру – қоғам алдындағы, өз ар-намысы алдындағы ата-ананың міндеті.

Қазақстан Республикасы жанұя және неке туралы Кодексі баласынан бөлек тұратын ата-ананың онымен араласуына, тәрбиелеуге қатысуына құқық берген.

Баланың құқық тәртібін бұзып, кері жолға түсуіне көбінесе ата-анасының жоғарыда айтып кеткендей, ішімдік ішуі, кері жүрістері әсер етеді.

В.С. Орлов әртүрлі құқық бұзған балалардың жанұя жағдайын зерттегенде, 50% жанұяда үнемі ұрыс-керіс болғанын, 25-30% жағдай ата-ананың үнемі ішімдікке салынған, 7-10% ата-ананың жаман кері жолға түсіп, тәртібінің нашарлығын анықтаған.

Дамып өсіп келе жатқан баланың көзінше бір-бірін балағаттаған, тіл тигізген ата-ана баланы кері әдеттерге үйретеді.

Кейбір ата-ана баласының оқуы мен демалуына жағдай жасауға жанталасады. Ата-ананың мұндай қадамы балаға масылдықты, бір сөзбен айтқанда, жатып ішер арамтамақты қалыптастырады, енді бір атаана баланы киімге құмар ғып өсіреді, ал үшінші бір ата-ана баласының алдында қалай ұрлағаны немесе қоғам мүлкін қандай жолмен жымқыру жолын, істеген істерін “жайын” салады. Бұл бала ойына құқық бұзушылық әрекеттердің келуіне, атаананың өз баласының алдында беделі болмауына алып келуі мүмкін. Бұндай жанұяның балалары ата-ананың ақылын тыңдамауға әдеттенеді. Ондай балалар атаанасына деген құрметті жоғалтары белгілі.

Белгілі криминолог ғалымдар (Ө. Жекебаев, Е. Қайыржанов, Е.О. Алауханов) көптеген құқық бұзушы жасөспірімдер әкешешесінің өзара қарым-қатынасының төмендігін, олардың берген тәрбиесіне көңілі толмайтындығын айтқандықтарын көруге болатынын дәлелдегенін

С.С. Остроумовтың жүргізген анкеталық сұрақтарына жауап берген балалардың 40% ата-анасына немқұрайлы қарайтынын білдірсе, 67%-і қорыққандарынан ғана тіл алатынын, 40%-і ата-анасынан ешқандай адамгершілікті көрмейтіндіктерін, 5%-і ата-анасының тек біреуінен белгілі бір адамгершілікті, жауапкершілікті көретінін мойындаған. Ал, бас бостандығынан айрылған немесе кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімделу және сауықтыру орталығында есепке алынған балалардың 25%-нің ата-анасы үздіксіз ішкендер екен.

Біздің Өскемен қаласында кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімделу және сауықтыру орталығында есепте тұрған 9-13 жас аралығындағы жасөспірімдердің 65%-нің ата-анасы үздіксіз ішкен. Сондықтан, олардың басым көпшілігі (51%) өздерінің құқық бұзу жолына түскеніне ата-анасын кінәлап, атааналарының бойынан 42% адамгершілікті көрмейтіндігін айтса, тек 2,5% сескенгеннен ғана сыйлайтынын жазды.

Біздің ойымызша, кейбір ата-ана немқұрайлы қараудың нәтижесінде баласының құқық бұзушылығын, қылмысын тек ішкі істер қызметкерлерінен бірақ естиді.

Сонымен, ата-ананың балаға қалай болса солай қарауы, оларға деген әке-шешелік жауапкершілігін сезінбеуі, ішімдікке салынуы, өзін қалай болса солай ұстауы бәрі-бәрі жасөспірімнің құқық бұзуына жол ашады.

Жасөспірімнің құқық бұзуына себеп болатын тағы бір жағдай қоршаған орта [4].

Баланы қоршаған орта ретінде оның аулада, көшеде, мектепте қоршаған балаларды айтуға болады. Жасөспірімнің мінезінің өзгеруі тәртіп ережесі мен өлшемін меңгеріп, өздерін қоғамның толық мүшесі санаған аздаған топ (референттік топ) әсерінің нәтижесі.

Мектептен тыс уақытта көптеген оқушылар ата-анасының қарауынсыз болғандықтан, бақылаусыз өмір кешеді. Бұндай баланың мектептегі сабаққа бармауы, немқұрайлылығы осы бақылаусыздықтан шығады десек, артық айтқандық емес. Сонымен қатар, ондай балалар көбінесе класта “қиын” балаға, тәрбиеленуі қиындық туғызатын балаға айналады.

Тәжірибелер көрсеткендей, Бақылаусыз қалған балалар өздері тұратын жерлердегі кіші топтарға біріккен. Ал, ол топтардың қандай іспен айланысатыны белгілі. Ата-аналардың басым көпшілігі, сабақтан бос уақытта баласының немен шұғылданып жүргенін, достарының кім екенін, достарының қандай пайдалы іспен айналысатынын білуге ниет етпейді. Осыдан барып, баланың, ата-ана бақылауысыз тыс қалғанына сенімі артып, құқық бұзушылыққа оңай қадам жасайды. Баланың достарының ықпалы да құқық бұзушылыққа себеп бола алады.

В.Ф. Кондратишко мен В.Г. Сенько зерттеулері бойынша, көптеген жасөспірімдер мектептен тыс уақытында мұғалімдер мен ата-ана бақылауысыз қалған. Педагогикалық тәрбиеге көнбейтін балалардың аздаған мөлшері ғана жалғыз бақылаусыз қалғандар. Бірінші, екінші кезеңде Бақылаусыз қалған оқушылардың әлеуметтік жағынан құлдырауы сан жағынан аз топтарға біріккен: екі адамнан 4%, үш адамнан 2%, төрт адамнан 13%, бес адамнан 4%. Бұл топты жасы толмағандардың қылмыстық топтармен салыстырсақ оған қатысушылар сан жағынан төмендегідей бөлінген: екі адамнан 13%, бес адамнан 62%.

Әлеуметтік құлдырау төмендеген сайын кішкене топтарға қатысатын балалар саны өсе түсуде. Олай болса, олардың мүшелерінің басқа балаларға кері одан әрі өсуде.

Жақсы жанұядан шыққан балалар жасы жағынан өзінен үлкен тәртібі нашар, мектептен тыс жерде танысқан балалардың ықпалымен құқық бұзу жолына оңай түседі. Баланың мұндай жағымсыз ортаға түсуі, болашақта олардың бақылаусыз болуына, мектептен шеттеуіне алып келсе, одан әрі құқық бұзушы балалар тәртібінің нашарлығымен, кері жолға түскен ересектер әсер етіп, кейде “қылмыскер” аталуына себепші болады.

Жат әрекеттермен ерекшеленген ортаға кірген баланың тәртібін реттеп отыратын ұжымшылдық емес, енді еліктеу, өзін-өзі көрсету болып табылады. Мінезінің біркелкі босаң болуы, жасөспірімнің ол ортаның кері әсеріне қарсылық көрсетуін тежеп отырады [5]. Өзін-өзі тежеу тағы да, оның тағы бір ықпалмен улануына алып келіп, құқық бұзушылыққа түсуіне қадам жасатқызады.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданы бойынша 2005-2007 жылдары 146 рет жасөспірімдер қолымен құқық бұзушылық жасалса, оның басым көпшілігі – бұзақылық, топтасып әрекет жасау, ұрлық, тонау және мас күйінде ұсталғандар. Ал, бұл көрсеткіш 2008-2009 жылдары азайғанын көрсеткен. Десек те, кәмелетке толмағандарға арналған уақытша бейімделу және сауықтыру орталығы қызметкерлері жасөспірімдермен, атааналарымен әңгімелескенде, көп ата-ана балаларының мектептен тыс уақытта немен шұғылданып жүргенін білмеген.Орталық қызметкерлерін 2010 жылдың бір ғана айында 30 рет бұзақылықтың болғаны алаңдатады. Топтасқан әрекеттің 9-рет қайталануы кезек күттірмес іс атқаруды талап етеді.

Сонымен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алғаш табалдырығын аттауына себеп болатын әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік материалдық жағдай, қоршаған орта, бейне көріністерінің әсері, кей кездері ата-анасының өзі ұйытқы болатын болса,оның тереңіне бойлап, әсер ететін тағы бір жағдайларының қайнар көзін ашу, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу болашақтың ісі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Андреенко В.К. Неблагоприятные условия семейного воспитания, способствующие возникновению педагогической запущенности и правонарушений школьников. М., 1989.
  2. Жадыбаев С.Х. Правопорядок и поведение несовершеннолетних. Алма-Ата, 1982.
  3. Игошев К.Е. Опыт социально-педагогического анализа личности несовершеннолетнего правонарушителя. М., 1977.
  4. Нарикбаев М.С. Подросток и закон. - Алма-Ата ,1981
  5. Кайржанов Е.И. Назначение наказания по делам несовершеннолетних.Вопросы борьбе с преступностью. Алма-Ата, 1998, №.2

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.