Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімділігін саралау

Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімділігі олардың қоғамға жат әрекеттерін азайтып, қоғамға жат қадам басуын сиретері белгілі. Құқық бұзушылықтың күннен күнге көбеюі құқықтық білімнің жоқтығын дәлелдей түсіп, оны болдырмаудың алдын-алу шараларын тереңірек зерттеуді қажет етеді. «Қоғамға жат кейбір жеңіл-желпі құқық бұзушылықтан басталған әрекеттерден қылмыстың туындауы – құқықтық танымның жоқтығын, құқықтық білімнің төмендігін» дәлелдей түскендей [1].

Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімін жетілдіру болашақта құқық бұзушылық пен қылмыстылыққа тосқауыл болары сөзсіз.

Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімін жетілдіру жөнінде қомақты ой қозғап, жасөспірімдердің құқық бұзуына себепкер болатын осы құқықтық білімнің таяздығы екендігін баса айтқан белгілі криминолог ғалым Елеген Ізтілеуұлы Қайыржанов пікірін қолдаған ғалымдар Ө.С. Жекебаев, М.С. Нарықбаев, Е.О. Алауханов, Е.Б. Абдрасуловтар оның алдын-алу жолдарын қарастырып,нақты шаралармен әсер етуді ұсынды.

Дәл осындай пікірді ұстанған Ресейлік ғалым А.И. Долгова жасөспірімдердің құқықтық танымының қаншалықты жоғарылығын анықтау мақсатында анкеталық сұрақтардың маңыздылығына көз жеткізді. Ол анкетаның «ашық» «жабық» түрін пайдалану арқылы, кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылыққа деген көзқарасын анықтап, оларды үш топқа бөле отырып, олардың қаңдай да болмасын қоғамға жат әрекеттеріне жауапсыздықпен қарайтынын дәлелдей келе, оған құқықтық танымның төмендігі себеп болатынын тағы да атап көрсетті [2]. Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімінің төмендігіне куә ететін үш топ:

  1. өзінің әр басқан жат әрекеттерін дұрыс санайтындар;
  2. қоғамға жат, аморальдық қадам жасағанды мойындағандар;
  3. қылмыс жасағандар.

Құқық бұзушылықтың тигізер зиянын жан жақты бала бойына сіңіре білу өмірде өз пайдасын берері сөзсіз. Десек те, құқықтық тәртіпті бұзған көптеген балалар құқықтық білімнің жеткіліксіздігінен қылмыстық жауапкершілікке неше жастан бастап тартылатынын, қоғамға жат әрекеттерінің салдары қандай зардаптарға әкеп соғатынын біле бермейді.

Оқушылардың құқықтық білімінің қандай деңгейде екенін білу мақсатында Өскемен қаласы мектептерінің 8-9 сыныптарында жүргізген анкеталық сауалдар құқықтық білімнің «ақсап» жатқандығына куә етті. Анкеталық сауалға қатыстырылып, сұрақтарға жауап берген 200 баланың 96-сы құқықтық білімінің төменшілігін көрсетіп, жауапкершіліктің неше жастан басталатынын білмейтіндіктерімен қынжылтса, 12-сі құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің туындайтынынан мүлдем бейхабар болып шықты. Бұл мектептегі құқықтық білімнің саяздығын дәлелдей түсіп, мектеп оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әлі де болса өз деңгейінде жүргіз ілмейтіндігін паш еткендей. Біздің ойымызша, кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық білімін жетілдіру үшін үнемі олармен құқықтық тәрбие жөнінде өмірмен байланыстыра отырып сөз қозғаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас пен қоғамға қайшы кез келген құқық бұзушылық та, қылмыс та жазаланбай қалмайтындығы жайлы әңгімені күнде айтып отырса, ол бала қалай болмасын, кез келген жат әрекетті істер алдында ойланары сөзсіз. Ал, құқықтық білімнің жоқтығы кез келген келесі құқық бұзушылыққа, қылмысқа қадам жасауға жол ашатыны белгілі.

Ресейлік ғалым А.И. Долгованың орта мектептерде, жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, әрбір он оқушының жетеуі қылмыстық жауаптылыққа 18 жастан тартылатынын айтса, тек 16 пайызы ғана 14, 16 жастан бастап жауапкершілік табалдырығын аттайтындығын дұрыс көрсеткен [3].

Көптеген тәжірибе құқықтық жауапкершіліктен білімі барлардың қатарына бас бостандығынан айырылып, арнаулы мектептерде, колонияларда жазасын өтеп жүрген кәмелетке жасы толмағандарды жатқызуға болатынын дәлелдеді.

Белгілі криминолог ғалым Е.ІҚайыржанов зерттеулері бас бостандығынан айырылған 251 кәмелетке толмағанның 14 пайызы қылмыстық жауапкершілік 15 жас немесе одан жоғары жаста тартылатынын айтса, 50 пайызы дұрыс жауап берумен бірге қылмыстық жауапкершілік жасын ішкі істер қызметкерлерінен, тергеушілерден естігендіктен жеткізген. Ал, 13 пайызы нақты білмесе, 20 пайызы достарынан, 4 пайызы ата-анасынан, 3 пайызы күнделікті басылымнан, 2,5 пайызы кітаптан оқығанын мәлімдеген [4].

Кейінгі кездері жас балалар (9-13 жастағы) құқық бұзушылығы мен кәмелетке жасы толғандар қылмысының қайталануы кімді болса да, алаңдатпай қоймаса керек. Осы орайда, балалар құқық бұзушылығының қайталанбауы жолында қандай шаралар мен пайдалы істер істелуде деген сұрақ туар болса, ол заңды да.

Қазіргі кезде кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының тиімділігі:

  • құқық бұзған балаларды дер кезінде есепке алып, тәрбиелік сипаттағы шара қолданудан;
  • есепте тұрған балалар мен қайталап қылмыс істеген балалардың түзелуінен көрінеді.

Ескерту жұмыстарының белгілі мөлшерде әсер еткенін, қылмыстың сәл болса да азайғаны кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссия жұмысының тиімділігінен деуге болады. Десек те, кейбір келеңсіз жағдайлар бұл мекеменің істеген жұмыстарын жоққа шығаратындай дәрежеге жеткізеді.

Кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияның құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары мен жүргізген тиімді істеріне қоса, олардың жіберетін кейбір олқылықтарын зерттеген ресейлік заңгер ғалым М.Е. Токарева колониядан босаған 18-ге дейінгі кәмелетке жасы толмағандардың 42 пайызы, шартты түрде сотталған кәмелетке жасы толмағандардың 20 пайызы және құқық бұзғаны үшін комиссия тарапынан шара қолданылғандардың 27 пайызы кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияға есепке алынбағанын ашып көрсетті.

Есепке алынбаған кәмелетке жасы толмағандар әрекетінің назардан тыс қалуы олардың бойында еркінділік, сенімділік сезімін тудыратыны белгілі. Бұл олардың келесі құқық бұзушылықты ойланбай оңай істеуіне бірден бір себепші болмасына ешкім кепілдік бермейді.

Жасөспірімдер мен кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылығының көбінесе ішімдік, есірткі шегу екенін зерттеу барысында анықтаған Мәскеудегі ғылыми зерттеу институтының кәмелетке жасы толмағандар ісімен айналысатын секторы 2000 жылдан бастап, бұл құбылыстың тұрақтылығымен көзге түскенін дәлелдей келіп, соның әсерінен бөтен адамның мүлкін ұрлау қылмысының көп орын алатынын ашып көрсеткен.

Жасөспірімдермен жүргізілетін профилактикалық жұмыстың оларға әсер етуі, құқық бұзушылықты болдырмау жұмысының тиімділігі қоғамға жат әрекеттің кейбір саласына терең талдау жасауды, оның себептерін ашып көрсетуді, қандайда болмасын құқық бұзушылыққа қарай туындайтын ниеттің ерекшеліктерін ашуды, оның жүзеге асуын, одан кейінгі, дейінгі зардаптарын көрсетуді қажет етеді. Кәмелетке жасы толмағандар тәртібінің әртүрлі болатынын талдаған ғалымдар В.Н. Кудрявцев, А.А. Герцензон, В.К. Звирбуль, И.И. Карпец бірінші орынға бас пайдасын ойлау және күш көрсету қылмысын қоя отырып, бас пайдасын ойлау мақсатында жасалған қылмыс (көбінесе ұрлық,тонау) кәмелетке жасы толмағандар қылмысының % құрағанын баса көрсетті. Заңгер ғалымдар бұл қылмыстардың қауіптілігі көбінесе топтық сипат алатынын, ұрлық жасаушылардың жасы 10-13 жас аралығында болатындығымен ерекшеленетінін де айқындап берді.

Сондай-ақ, ғалымдар зерттеулері жанұяда, мектепке дейінгі, кейінгі тәрбиеде баланың бойында өзінің, қоғамның мүлігіне деген дұрыс қатынастың қалыптасуы өз дәрежесінде еместігін ашып, қылмыстың бұл түрімен байланыс ішімдік ішу, есірткі шегу, достарына ілесу кезінде жүзеге асатыны белгілі болғанын нақты дәлелдер арқылы саралап берді.

Жасөспірімдердің мұндай жат әрекетке бармауы үшін оларды қоғамға пайдалы іспен айналысуға тарту басты орын алады. Баланың еңбегі жалақымен бағаланатын былай қойғанда, ұйымдастырылған пайдалы жұмысқа араластыру мақсаты еңбекпен тәрбиелеу екенін еске алсақ, бұл шара оларды ынталандыра түсері белгілі. Оған қоса, еңбектегі ересектердің үлгі аларлықтай әрекеттері де, олардың бойындағы жат қылықтарынан арылуына әсерін тигізбей қоймайды.

Кейінгі жылдары статистика жасөспірімдердің бас пайдасын ойлап, қоғамға қарсы жат әрекет қылмысты топтасып жасауын, ересектер ықпалына еруін жиі көрсетіп жүр, бұл болашақ тағдырына бейжай қарамайтын кез-келген адамды алаңдатары сөзсіз.

Жасөспірімдер құқық бұзушылығы мен кәмелетке толмағандар қылмысына ересектердің тікелей ықпал етуі – қылмыстық әрекетке тартудың бастапқы сатысы болса, бұл қылмыстық ойды жүзеге асырудан көрініс табатынына куәгер боламыз.

Қоршаған ортаның кері әсері кәмелетке жасы толмағандардың қылмысқа дейінгі тәртібіне өз өрнегін салмай өтпейтіні белгілі. Қоршаған ортаның бала психикасына ықпал етуінің салдарынан бала бойында пайда болатын жат қылықтардың әсері болашақ қылмыстың алғашқы баспалдағы болып табылатын құқық бұзушылыққа бастайтыны айтпаса түсінікті. Бұл жөнінде өзекті мәселе қозғаған ғалымдар Е.І. Қайыржанов, М.Ф. Орлов, В.М. Фокиннің пікірінше, баланы ерте бастан тәрбиелеп бағыт бағдар беру баланың болашағына зор әсер етіп, өмірінде басты орын алады екен.

Сондай-ақ, ғалымдар жасөспірімдер құқықтық жағынан білімді болса, олар өздерінің істеген әрекеттері мен ересектер ықпалымен істеген әрекеттерінің зардабын түсіне білсе, қоғамға жат әрекетке бармас бұрын, олардың ойланары сөзсіз екенін баса көрсете кеткен.

Алайда, көптеген тәжірибе көрсеткендей, кәмелетке жасы толмаған балалар қылмыстық әрекетке барғанда, сол әрекеттің зардабын ойламай, қоғамға жат қылық істейтіні белгілі. Мәселен, Өскемен қаласында кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссиясында құқық бұзып есепте тұрған 500 баланың басым көпшілігі (326-бала) істеген істерінің зардабын ойламай, құқық бұзушылыққа барған. Олармен жүргізілген анкеталық сұрақтар барысы олардың заңды дұрыс білмегендіктен жат әрекеттерге барғандығын көрсетті. Біздің ойымызша, жасөспірімдердің құқық бұзбауы үшін мектептерде ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен тәрбиелік шаралар жиі-жиі өткізіліп тұрса, заң білмеушіліктің деңгейі азаяры айтпаса да түсінікті.

Жасөспірімдер қылмысының себептерін зерттеген ғалымдар еңбектері (Е.І. Қайыржанов, У.С. Жекебаев, М.С. Нарықбаев, С.А. Шапинова) бас бостандығынан айырылған көптеген жеткіншектердің басым көпшілігі заң «әліппесін» қамауда отырған кезден бастап, «тани» бастайтынын жан-жақты саралаған.

Л.С. Халдеев колонияда жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің құқықтық танымын тексеру барысында жүргізген зерттеулерде сотталған кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстық жауапкершілік жайында соттың үкімінен кейін ойлана бастағанын көрсете келе, олардың 30 пайызы өздерін қоғамға қайшы ерекше ештеңе істеген жоқпын деп санағанын, 26 пайызының тиісті орындардың жазаның өте ауыр түрін тағайындағанын, 30 пайызы жазасының әділ еместігін айтқанын тілге тиек етті [5].

Сондықтан да, біздің пікірімізше, колонияда тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатқан тәрбиешілер тәрбие жұмысын бас бостандығынан айырылғандармен жүргізу барысында олардың істеген қылмысының ауырлығын мойындату арқылы екінші рет қайталамауы үшін ол баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиенің нәтижелі болуы мақсатында жұмыс жүргізуі қажет.

Өзімізге белгілі болғандай, көптеген жасөспірімдер қылмысты біреудің ықпалымен не болмаса бірден тұтанған ойын іске асыру мақсатында соңынан не боларын, тигізер зардаптарын ойланбастан істейтін болғандықтан, профилактикалық тәрбие жұмысы кезінде, оны да естен шығармаған абзал.

Көптеген өмірдегі тәжірибе көрсеткендей, 10-13, 14 жастағы баланың ойлау қабілеті күннен күнге өсетін болғандықтан, бұл жастағы баланың кейбір балалық көзқарастары толысып, тұрақтана түседі. Маңайындағы адамдарды сынап, бағалауда жаңа ойлар қалыптастырады. Өзіне сенімділік, тұрақтылық нығайа түседі. Оған қоса, ескі жаңа ойлаудың арасында қарама қайшылық пайда болады. Бұл екі жақтылық оның мінезінің өзгеруін, тәртібінің бір орында болмауын, асығыс қорытынды шығаруын қалыптастырады.

Құқықтық білімнің маңыздылығын зерттеген ғалымдар (У.С. Жекебаев, Е.І. Қайыржанов. Е.О. Алауханов) колонияда тәрбиеленушілердің өздерінің істеген қылмысына жауапкершілігін сезінуін әр тұрғыда қарауға болатынын зерттеген. Зерттеу олардың кейбіреуінің құқық бұзушылықты сезіне, түсіне тұрып істегенін, кейбіреуінің жауапкершіліктен оңай құтылатындығын ойлағанын дәлелдеген. Тәрбиеленуші балалардың қылмыстық ниетінің неліктен жүзеге асқандығын сұрағанда мынандай нәтиже берген:

  • достарының алдында мақтанып, өзін күшті көрсеткісі келгендер (сұралған 103 бала, яғни 23%);
  • ересектердің ықпалына ергендер (бұл әсіресе тәрбиеленіп жатқан балалар, яғни 14 жастағыларға тән (сұралған 46 бала, яғни 13%);
  • көрсеқызар, заңды бұзуға дайын тұрғандар (62 бала, яғни 12%)).

Қазақстандық белгілі криминолог – ғалым Е.І. Қайыржанов кәмелетке жасы толмағандар қылмыстылығының себептерін ашу мақсатында жүргізген зерттеулерінде олардың қылмыстық жауапкершілік жөнінде түсініктерінің өте төмен екендігін айта келе, олармен үнемі тәрбиелік мақсаттағы құқықтық білім діңгегіндегі шаралардың өтіп тұруын қамтамасыз етуді ұсыныс ретінде қарастырған.

Қалай десекте, кәмелетке жасы толмағандар қылмыстылығы болашақ қылмыстылықтың орнын толтыратындықтан, олармен жүргізілетін шаралар нәтижелі де нәрлі болу керектігі айтпаса да түсінікті. Нәтижелілік қай кезде де үнемі жақсы жақтарды туындатып, баланы жақсылыққа ғана жетелейді. Ал,жақсылықтың жандана түсуі үшін жоғарыда айтқан құқықтық білімділікті бала бойына сіңіре білсек, сонда ғана құқық бұзушылықты болдырмай, қылмыстылықтың алдын ала аламыз. Алдын алу үшін әлі де болса, кәмелетке жасы толмағандармен көп жұмыс істеу болашақ еншісіне қалмақ.

Криминологиялық тұрғыдан қарасақ, қазіргі кезде жасы толмағандар қылмысымен күрестің негізгі құралы қылмыстыққұқықтық нормаларын дұрыс пайдалану болса, социологиялық зерттеудің басты бағыты – жасы толмағандар қылмысымен күрестің қылмыстық – құқықтық шаралардың тиімділігін пайдалану, іске асыру. Алайда, қылмыстық заңдылық пен оның тиімділігін пайдалану көбінесе, заң техникасының қағидаларын бұзуға байланысты төмендейді.

Жасы толмағандар қылмысын ескерту шараларының тиімділік проблемаларын оқып-үйрену тек қана нақты заңдылықты жетілдірумен шектелмейді, бұдан оның тәжірибеде қолдану қажеттілігін зерттеу, оқып-үйрену қажеттігі туындайды. Ол жасы толмағандарға тағайындалатын жаза болуы мүмкін.

Қылмыстық құқық ғылымда әлі де болса, толық зерттелмеген қиын проблеманың бірі жасы толмағандардың қоғамға жат әрекеттерінің ерте бастан шығатынын дер кезінде көре алмау. Оған қоса, жасөспірімдердің қаңғыбастыққа салынуының себептері мен жағдайын ашу нақты зерттеуді қажет етсе, бұл – олардың қоғамға жат әрекеттікінің ерте бастан біліне бастағанына куәгер етеді. Жасы толмағандардың қаңғыбастығы олардың құқық бұзушылығының алдын – алу проблемаларымен тығыз байланысты екені айтпаса да түсінікті.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысына бағытталған қылмыстық, әкімшілік заңдылықтарының проблемалары бүгінгі күні бірінші орында десек, қателеспеген болар едік. Қылмыстық, әкімшілік заңдылықтарының проблемасы жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қызметімен тығыз байланысты екенін тағы да еске сала кетсек, артық болмас.

Жалпы, жасы толмағандардың қоғамға жат қылықтарын ерте бастан ашып, алдын алу – құқық бұзушылықтың профилактикалық тиімділігінің негізі, қайнар көзі. Сондықтан,кәмелетке жасы толмағандар тарапынан құқық бұзушылық кең етек алмас үшін олардың құқықтық білімін жетілдіру проблемалары басты мақсат ретінде қалып, шешу жолдары шешімін табуы қажет. Сонда ғана заң тілімен сөйлейтін білікті де саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Джекебаев У.С. Об опыте криминологического изучения личности преступника и преступного поведения. – В кн.: Преступление и ответственности. АлмаАта, 1979.
  2. Долгова А.И. Изучение правового сознания несовершеннолетних. В кн: Научная информация по вопросам борьбы с преступностью.М., 1969, № 22. – 15 с.
  3. Каиржанов Е.И. Объект преступления – интересы социальных субъектов. Алматы, 2008.
  4. Абдрасулов Е.Б. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзышылықтың алдын алу. – «Заң», 2005, -№6, 21 б.
  5. Халдеев Л.С. Социально – психологические исследования личности воспитанников колоний для несовершеннолетних. Научная информация по вопросам борьбы с преступностью. – М., 1969, №22. – 16 с.

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.