Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Х. Досм¥хамедов - дәстүрлі қазақ қоғамын зерттеуші

Аңдатпа

Мақалада XX ғасырдағы қазақ зиялы қауымының аса көрнекті өкілдерінің бірі, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы педагог, ғалым Халел Досмұхамедовтың ғылыми мұраларының ішіндегі тарихи тақырыптағы еңбектерге мән беріледі.

Х.Досмұхамедов өзінің тарихқа қатысты бірқатар мақалаларында дәстүрлі қазақ қоғамына қатысты ойларын тұжырымдады. Ғалымның еңбектерінен қазақ халқынының әлеуметтік құрылымына, соның ішінде батырлар институтына байланысты айтылған маңызды ақпараттар алуға болады. Атап айтқанда, азаттық көтерілісінің көсемдері Исатай мен Махамбет батырлардың тұлғасына қатысты құнды мәліметтер бар. Мақалада ғалымның еңбектеріне тарихи талдау жасауға мән беріліп, еңбектерінің тарихи-деректік құндылығына назар аударылады.

Бүгінде қазақ даласында Халел Досмұхамедов есімін білмейтін адам кемде-кем екенін білеміз. Халел Досмұхамедов еліміздің саяси институттарындағы алғашқы қарлығаштар болған Алаш партиясының көшбасшыларының бірі. XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы қандай әмбебап тұлғалар болса, ұлт зиялыларының алдыңғы легінен орын алатын Х.Досмұхамедов те Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, тарихшы, тілші, әдебитші, аудармашы, түркітанушы ғалым. Бүгінгі зерттеу мақаласында жан-жақты тұлғаның қазақ қоғамын зерттеушілік қырын саралауға мән беріледі.

Х.Досмұхамедовтың ғылыми ізденістермен тереңдеп шұғылдануына басты екі қызметі эсер етті. Біріншіден, қазақ-қырғыз білім комиссиясының, екіншіден, Мемлекеттік ғылыми кеңестің төрағасы болуы еді.

Қазақ халқының өзге халықтардан ерекшелендіріп тұратын дәстүрлі құрылымдарының бірі батырлар институты болып табылады. Ұлтымыздың ерекшеліктерінің сақталып, ұлттық бірегейліктерін сақтаған ұлт ретінде танылуы мен мемлекеттілігін қалыптастыруда қазақ батырларының атқарған ролі аса жоғары болды. Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың дәстүрлі құрылымын зерттеу саяси маңызды тақырыптардың бірі ретінде қолға алынды.

Осынау ерекше құбылыстың зерттелуіне алаш арыстары қатарында Х.Досмұхамедов те өзіндік үлес қосқан еді. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандары болған алаш көсемі батырлардың дәстүрлі қазақ қоғамындағы орнына қатысты мақалалары маңызды болып табылады.

Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.

Оның қазақ батырларына арналған көлемді зерттеуі «Қазақ батырлары. Исатай, Махамбет» деп аталады, бұлардан басқа «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат», «Махамбет батыр», «Исатай кім?», «Родославная Жалантус-батыра, (Ялантуш-бахадура), строителя медресе тилля-кары и шир-дор в городе Самарканде», «Жалаңтөс батыр» еңбектерін атуға болады [1, 246].

Бұл еңбектердің қазақ батырларын зерттеудегі деректік маңызы жоғары. Өйткені күні бүгінге дейін ірі ұлт-азаттық көтерілістерді басқарған батырларды болмаса, ел арасында есімдері айтылатын XVIII-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулардың шығармаларында кездесетін батырлардың есімдері ескерілмей келді. Олар жөнінде белгілі драматург-жазушы Б.Қорқытовтың «Атырау билері мен батырлары» атты кітабында былай деп жазады: «біз батырың қайсы десе, әуелден басы ашық Исатай мен Махамбеттен басқаны айта алмадық. Елі үшін еңіреп, халқы үшін қан жұтқан Атақозы, Өмір, Темір, Сүйінқара, Досан, Ағатай, Итемген, Табылды, Құлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, Сұлтанкелді, Көктаубай, Төремұрат, Нарынбай, Өген, Тұрлан, Өгепқали сияқты батырларды біле тұра ауызға алмадық. ... Қасиетіңнен айналайын халықтың жадынан құдіретті не бар? Сол ерлердің есімін аздырмай-тоздырмай ауыздан-ауызға көшіріп баз-баяғы қалпында бүгінге дейін жеткізді. Десек те, солардың әзіз есімін, ерлігін бүгінгі ұрпақ біле ме?» [2,9].

Жергілікті зертгеушінің еңбегінде аттары аталған бұл батырлардың есімдері Х.Досмұхамедовтің «Қазақ батырлары. Исатай, Махамбет» мақаласында да аталады. Патша үкіметінің езгісіне қарсы Кіші жүзде өткен азаттық күресінің бірқатары жайында былай деп жазады: «Бұлардың зорлары мыналар: 1785-1800 жылдардың шамасында байұлы байбақты руынан шыққан Сырым батыр Датұлының көтерілісі. ...Екіншісі, 1830-1845 жылдардың шамасында байұлы беріш руынан шыққан Исатай батыр Тайманұлының һәм Махамбет батыр Өтемісұлының көтерілісі. Үшінші, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының шамасындағы шекті руынан шыққан Есет батыр Көтібарұлының көтерілісі.» [3,29]. Осы зерттеуде жоғарыда аталған жалпы көтерілістерден басқа көптеген рулардың батырлары патша билігіне қарсы бастаған күрестері мол болғандығы аталады. Ондай күрес әсіресе, адай руының арасында жиі болғандығы да жазылады да, Б.Қорқытов еңбегінде есімдері келтірілген батырлардың бірқатары, олардан басқа Құдабай, Дәуімшар, Кебіс, Құлшар, Батырбек батырлардың аттары аталады. Сөз соңында олардың әлі де зерттелмей келе жатқандығына қынжылады, «тарихшы енді шықса керек» деп сенеді.

Ғалымның тарих ғылымына, оның ішінде қазақ қоғамына байланысты шығармалары ішінде «Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет», «Исатай кім?», «Аламан» және басқа да еңбектері бар. Олардың ерекшелігі тарихи оқиғаларды, ел аузынан естігендері мен білгендерін тізіп, сипаттап жазбай, оқиға мен ол болған дәуірге талдау жасауы болып табылады. «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» мақаласында мәселе «ақтабан шұбырынды» оқиғасынан бастау алады.Яғни көтерілістің себептерін талдай келе, «он сегізінші, он тоғызыншы ғасырлардағы ең күштілері - Сырымдыкі, Исатайдыкі, Кенесарыныкі»,- деп қазақ даласында болған азаттық күресіне талдау жасайды [4, 11].

Атап айтқанда, «3 көтерілістің басты мақсаты - қазақты орыстың жәігірлік құшағынан құтқару. Сырым мен Тсатай хандарды патша үкіметінің құралы болғанына түсінікғ әуелі орыс үкіметі арқылы хандарды жойып, сонан соң орыс үкіметінен құтыламыз деген саясат жүргізді. Хандар мен патша үкіметін бір-бірінен айыруға мүмкін емес екендігін бұл екеуі тез-ақ түсінді. Сондықтан ақырында хандарға да, орыс үкіметіне де қатар қарсы болды»,- деп зерттеушілік түйін жасады [4, 11].

Х.Досмұхамедов «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» атты еңбегінде көтерілістің басталуымен қатар XVIII-ші ғасырдың 30-40-шы жылдары болған саяси ахуалға, Әбілқайыр хан және оны қолдаған қазақ батырлары жайында жазып өтеді. 1738 жылы Әбілқайырмен бірге ант беріп, қол қойған елу алты адам деп, әр рудан қол қойған 56 адамның санын келтіреді. Олардың қатарында Қошқарұлы Жәнібек пен Бөкенбай секілді батырларға назар аударады. Осы зерттеуде Х.Досмұхамедов Әбілқайырдың орыс патшасына ант беруіне өзінің көзқарасын Әбілқайырдың хан сайлануға ұмтылысы деп білдіреді. Осыған байланысты елдің билері екіге бөлініп кетті, бір бөлегі «арғын Жәнібек пен табын Бөкембай (Бөкенбай болса керек) болып соңына ерген елдерімен хан жағына шығып кетті» деп жазады [3, 29].

Жәнібек пен Бөкенбайдың Әбілқайыр ханды қолдауын Х.Досмұхамедов арғын мен табын руларының Орта жүз бен Кіші жүздегі аса мәртебелі болмаған жағдайынан деп есептейді. Сол тұсга арғынның да, Жетірудағы табынның да саяси биліктегі орны мен жайылымдық қоныстарында да тапшылығы болды. Осы мәселелерді оңтайлы шешіп алу үшін олар Әбілқайырды қолдап, хан жағына шықты деп тұжырымдайды.

Елдің саяси билігінен, бас еркінен айырылғанына қынжыла отырып 1731-1870-ші жылдар арасында қазақ қоғамында таптың күресі болғанын тап өткен Досмұхамедов 1731 жылдан бастап «кіші жүздің ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсын көтерілістерінің бәрін патша үкіметіне қарсы көтерілістер деп атау керек» дейді.

Батырлық қазақ қоғамында ерте орта ғасырларда қалыптасқан әлеуметтік институт болып табылады. Алайда оның өрлеу кезеңі қазақ- жоңғар соғыстары тұсында жүрді. Ол халықтың өз жері мен бостандығын сақтап қалуға деген ерлігінен туындады. Тарихи қалыптасқан жағдай халықтың бірігуіне, жекелеген адамдардың бойындағы батырлық қасиеттерінің әлеуметтік топ деңгейіне дейін көтерілуіне ықпал етті. Қазақ жүздерінің арасында батырлықты кәсіби дәрежеге жеткізген адамдардың тобы пайда болды.

Қазақ-жоңғар соғыстарынан кейінгі тұста осы әлеуметтік топтың өкілдері қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресінің де көш басында тұрды. Бұл жерде батырлардың әуел бастан еркіндікті, бостандықты негізгі ұстанымы санайтын қасиеті алда тұрғанын көреміз.

Х.Досмұхамедов батырлардың халықтың өз соңынан еруіне жағдай жасайтын мінезіне сипаттама жасайды: 1. Исатай - нағыз батыр, орынсыз мақтанның батыры емес, керек орныда батыр; 2. Исатай - би, оның ішінде көп сөйлемейтін сабырлы адам, керек жерінде сөзге шешен; 3. Исатай - тақуа адам, ол да көп алдында сыйларлық қасиет; 4. Исатай - алдау, арбауды білмейтін, әділ, турашыл адам; 5. Исатай - көпті ұйымдастыруға шебер адам. Сөйтіп, қазақ батыры Исатайдың Досмұхамедов атап өткен қасиеттерінен жалпы батырлардың бәріне ортақ белгілерді байқай аламыз.

Батырдың тағы бір ерекшелігі оның ру мен рудың арасын бөлмейтін жолдастығы еді. Сондықтан да Исатай мен Махамбет батырлар бастаған Бөкей ордасы қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне Табын руының батыры Жоламанның қатысқаны белгілі.

Жалпы ел қорғаған қазақ батырлары жайында сөз еткенде олардың ата-бабаларының да халық арасында батырлығымен сақталған әулеттер болғаны байқауға болады. Мұндай тұжырымды Исатай Тайманұлы жайында да айта аламыз. Оның бабасы қазіргі кезде қазақтың беріш руының ұранына айналған жоңғарлар шапқыншылығы заманында ел қорғаған Ағатай батыр еді. Ал осындай ұрпақ сабақтастығын табын Бөкенбай әулетінің тарихынан да көруге болады. Әбілқайыр хан тұсында халқымызды қорғауға үлес қосқан Бөкенбай батырдың ұрпақтары Тіленші де, оның ұлы Жоламан да қазақ халқының патша езгісіне қарсы күресін бастаған тарихта есімдері қалған батырлар еді [1,248].

Х.Досмұхамедовтың батырлар және азаттық күресіне қатысты алғашқы жазған еңбектерінің қатарында «Бекет батыр» жыры бар. Халелтанушылар пікірінше, аталмыш еңбекті өзі жазбағанымен алғашқы түсініктемесі мен ғылыми пікірін айтқан ғалымдардың бірінен саналады. Ол турасында оның өзі толтырған құжаттар арасындағы мәліметтер нақты мәліметтерде зерттеушілердің пікірі бойынша, Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясының 1921 жылдың қазақ айына дейінгі Мемлекеттік Ғылыми Кеңеске берген есебінде жарыққа шығарылатын оқу құралдары мен әдебиеттер бойынша тексеру жұмыстары мамандардың жоқтығынан өздерінің мойындарына түсіп отырғандығын жазады. Осының ішінде «Бекет батыр» жырының желісіндегі қазақ кино өнерінің туындысы сценарийіне сын ескертпе береді. Көлемі жеті беттік, жалпы саны сексен алты бапқа бөлінген шағын «Бекет батыр» кино сценарийінің алдына Әбубәкір Диваев, Халел Досмұхамедов деп жазылған екен. Соған қарағанда, автордың Ә.Диваев екені сөзсіз, бірақ Х.Досмұхамедовтың де елдегі батырлар жыры, азаттық күресінің өкілдері, жалпы, ел ішіндегі рухани және мәдени мұра туындыларына қатты көңіл бөлгенін көрсетсе керек.

Х.Досмұхамедов аталған туындыға пікірінде «Бекет» кинотеатр экранына шығатын бірінші пьеса, Түркістан өлкесін мекендайтін жергілікті халықтың мәдени өміріндегі елеулі оқиға деп атап өтеді. Жалпы, бұған дейін қазақ кино өнеріндегі алғашқы туынды ретінде «Амангелді» фильмі саналса, зертеуші ғалымдар Ташкент мұрағат қорларынан «Бекет батыр» киносының сценарийін тапқан. Фильм және «Бекет батыр» жыры жайында М.Әуезов «заманында Исатай істеген ерлікті істеп, қалың елдің қамын ойлап, көптің тілеуіне сүеніп, өз басын құрбандыққа шалған. Қылышынан қан тамған ұлықты өлтіріп, патша өкіметіне қазақ елінің жүрегінде жатқан қарсылықты ақырғы рет осындай іспен көрсеткен. Сондықтан Бекеттің даңқы қазақ даласына көп жайылып, жоғарыда айтқандай ертегіге ұқсас әңгіме болған. Бекетті тарихи өлеңнің қаһарманына қосатын себеп осы» деп ой түйеді.

Х.Досмұхамедовтың 1925 жылы бастырған нұсқасы Махамбет батырдың жырларының канондық түрдегі нұсқасының ролін атқара алады. Махамбеттану ғылымына қосылған үлес болып табылатын осы еңбекте Ығылман Шөрековтың «Истай-Махамбет» дастаны мен жекелеген өлеңдеріне де орын беріледі.осы тұрғыдан Х.Досмұхамедовтың жариялаған ақынның жырлары ең сенімді нұсқалар болйып саналады.

1926 жылы жарияланған «Аламан» жинағында ел арасынан жазып алған «Қармыс батыр», «Байбоз-Жанбоз», «Балуанияз», «Жиембет батырдың ашуы», «Қалмақтың қарғысы» тағы басқа ерлік жырларының үзінділерін енгізеді.

Х.Досмұхамедов еңбектері дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік институттары болған хандар, сұлтандар, батырлар, билер туралы мәліметтер молынан кездесуімен құнды болып келеді. Ғалым өз мақаларында айтатын Өтен, Нарынбай, Төремұрат секілді батырлар есімі әлі де зерттеле қойған жоқ. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламсы аясында азаттық үшін қызмет еткен жандарды бүгінгі ұрпаққа танытуда және батырлар институтын зерттеуде де Халел хакімнің еңбектері деректік маңызды бола бермек.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қайргалиева Г. Қазақ батырлары тарихының Х.Досмұхамедов шығармаларында зерттелуі. // «КСРО аймағындағы түрік-мұсылман халықтарын заман талабына сай бейімдеудің тарихи тәжірибелері» халықаралық ғылыми-теориялық конфеернция. Ақтөбе, 2008
  2. Қорқытов Б. Атырау билері мен батырлары. -Алматы, «Өлке», 1992. 9 б.
  3. Досмұхамеұлы X. Таңдамалы. -Алматы, «Ана тілі», 1998, 29 б.
  4. Қайырғалиева Г. Х.Досмұхамедов еңбектеріндегі азаттық күрес мәселелері // III Республикалық «Досмұхамедов оқулары» материалдары. 2 т. Атырау, 2006, 10-13 бб.

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.