Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық құқықтың қазақ тіліндегі қайнар көздеріне түсінік беру мəселелері

Мақаланың мақсаты — азаматтық құқық саласындағы мемлекеттік тілдегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдауда орын алып отырған кейбір келелі мəселелерді зерттеу. Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын құқықтық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыруда оларға тəн отандық жəне халықаралық құқықты түсіну жəне талқылау тəжірибесін зерттеу арқылы қоғамға тиімді құқықтық нормаларды қабылдау бойынша тарихи жəне заманауи мəселелер мақалада зерделенген. Жалпы қайнаркөз түсінігін аша отырып, авторлар оның шығу тегі мен қалыптасу ерекшеліктерін зерттеген. Құқықтық қайнар көздердің өзіндік мағыналары мен қалыптасу ерекшеліктерін анықтаған. Сондай-ақ азаматтық құқықтық қайнар көздердің жекелеген түрлеріне тоқтала отырып, азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуші қайнар көздердің ерекшеліктері айқындалған. Мақаланы жазу барысында азаматтық айналымда қолданылатын құқықтық нормаларға түсінік беру жағдайларына ерекше тоқталып, олардың мазмұнын зерттеген. Атап айтқанда, түсіндіру тəсіліне қарай грамматикалық, логикалық, жүйелік жəне тарихи түсіндірулерге жеке тоқталып, теориялық ережелерді талқылап, тарихи фактілерге мысал келтіре отырып талдау жүргізген. Қорытындыда қазақстандық заңнамада нормативтік құқықтық актілердің мəтіндерін қазақ тіліне аударумен байланысты мəселелер əлі де шешімін таппай отырғаны туралы атап көрсетілген.

Кіріспе

Азаматтық құқық саласы қайнар көздерін қарастыру барысында оған жалпы сипаттама бере отырып, азаматтық заң құрылымы, азаматтық заңның кеңістіктегі, уақыт аралығындағы жəне тұлғалар арасындағы əрекеті, азаматтық құқық саласындағы аналогия жəне азаматтық заңдарды талқылау мəселелерін зерттеу арқылы осы сұрақты терең əрі толық түсінуге мүмкіндік аламыз. Қайнар көз немесе құқықтың қайнар көзі терминіне қатысты құқықтық тəжірибеде əртүрлі түсініктер қалыптасқан. Fonte del diritto — құқық қайнар көзі деп — құқық нормалары бекітілетін сыртқы көрініс табатын əдіс жиынтығы деген түсінікті кейбір авторлар анықтаған [1; 760]. Өзге ғалымдар құқықтың қайнар көздері мен нысанын теңдестіреді, олар қайнар көзбен нысан арасындағы айырмашылық ретінде мынадай негіздерді бастауға алады. Мəселен, қайнар көзді құқық нормаларын қалыптастыратын құбылыс туындататын құқық сипаты түрінде анықтаса, ал нысанын — мəні бойынша дереккөзбен сəйкес келмейтін «нормалар контейнері» ретінде анықтайды. «Құқық қайнар көзі» терминін кейбір ғалымдар «құқықтық ескерткіш» мағынасында қолданады. Құқықтық ескерткіш — құқықты тану қайнар көзі болып табылады. Құқықтық ескерткіштер ретінде əртүрлі дəуірдегі түрлі мемлекеттердің құқықтарының сипаты мен мазмұны: заң мəтіндері, əдет-ғұрып жазбалары, сот істері, заңгерлердің сөз сөйлеулері, жылнамалар мен тарихи шежірелер, археологиялық ескерткіштер жəне т.б. ұғынылатын құжаттар немесе құжаттық куəліктер болады [2; 987].

Жалпы құқық қайнар көздерін толық түсіну мақсатында мынандай мағыналарда бөлуге болады: материалдық, идеологиялық жəне формальды (заңдық) деп.

Материалдық мағынадағы құқықтың қайнар көзіне қоғамдық қатынастардың өздерін, яғни қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, экономикалық қатынастар жүйесі, қоғамда бар меншік нысандары жəне т. б. жатқызамыз. Идеологиялық мағынадағы құқық қайнар көзі — құқықтық сана жəне құқықтық мəдениетті қамтиды. Бұған орай заң шығарушылар құқықтық санасы, сондай-ақ құқықты қалыптастыруға əсер ететін халықтың да құқықтық санасы да ескерілу жағдайын жатқызамыз. Формальды (заңдық) мағынадағы құқық қайнар көзі — құқық нормаларын бекіту жəне өмірде жүзеге асыру тəсілдерімен көрініс табады.

Сондай-ақ, құқық қайнар көздерін тарихи жəне саяси мағынадағы түрлерге бөліп қарастыруға болады: тарихи мағынада ол əртүрлі құқық ескерткіштерін («Ману», «Хамурапи», «Он екі кесте» заңдарын) білдіреді, ал саяси мағынада құқықтың басты қайнар көзі деп Мемлекет түсіндіріледі. Негізінен құқық қайнар көздерінің құрамы мен жүйесі осы елдің құқықтық жүйесінің қандай құқықтық отбасына тиесілі болу мен тарихи ерекшеліктерімен айқындалады.

Қойылған мəселенің өзектілігін нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тілдегі аудармасының сапасына қатысты заңдық техникамен байланысты мəселелер айқындап береді. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздік алғалы бері 29 жыл ішінде өтсе де, өкінішке орай бұл мəселе шешілмеген. Өзіміздің заңгер ретінде кəсіби қызметімізді жүзеге асыру барысында құқық нормалары мен заңдық терминдерді орыс тіліне сəйкес келмейтін дұрыс емес аудармаларды күнделікті кездестіріп отырамыз. Мəселен, мəтінді тікелей аудару жүзеге асырылады, əлемде жалпы танылған роман-германдық құқық жүйесінде қолданылатын рим құқығынан белгілі, басқа да шетелдердің тілінен енгізілген заңдық терминдер бірнеше нұсқада қазақ тіліне аударылады. Соның салдарынан құқықтық норманың мағынасы өзгереді, құқықтық нормаға теріс түсінік беріледі. Ал құқық теориясының ережелері бойынша заңдық техниканың қажетті шарты — терминдердің бірізділігі сақталуы тиіс, бір ұғымды белгілеу үшін əртүрлі терминдерді қолдануға жол берілмейді. Заң шығарушының еркі «құқықтың тілінде» білдірілуі тиіс. Сондықтан бұндай маңызды проблеманы шешу қазіргі қазақстандық қоғамдағы құқықтық мəдениеттің деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді деп санаймыз.

Əдістері мен материалдар

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында құқықтың қайнар көздерінің қалыптасу үрдісіне тарихи- теориялық əдіс қолдану арқылы түрлі ғылыми əдебиетке талдау жасалды. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне, құқықтық нормаларға түсінік беру тəсілдеріне жеке тоқталып, тарихи деректер талданды. Құқық нормаларына түсінік берудің тəсілдерін тереңірек түсіну мақсатында осы салада маман ретінде танылған бірқатар ғалымдардың теориялық көзқарастары мен жалпыға танылған құқықтық теориялардағы тұжырымдар қарастырылды. Құқыққа түсінік беру тəсілдерін жеке-жеке талдау мақсатында азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзі — ҚР Азаматтық кодексінен басқа кодекстер мен азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдарға сілтеме жасалды.

Нəтижелер жəне талқылаулар

Азаматтық құқық саласының қайнар көздерін зерттегенде алдымен оның түсінігі мен олардың негізгі түрлеріне тоқтала кету керек. Азаматтық құқықтың қайнар көзі — бұл азаматтық құқық нормаларын тану мен бекітудің ресми танылған нысаны болып табылады. Азаматтық құқықтың қайнар көзі дегеніміз бұл азаматтық құқықтық қатынастарды теріс пайдаланудан, оларды бұзушылықтан жəне өзге де заңсыз іс-əрекеттердің алдын алатын жəне қорғайтын нормативтік- құқықтық актілер мен əдет-ғұрыптар, шарттар жүйесі. Яғни, осы анықтамаға зейін салатын болсақ, жалпы ең негізгі үш қайнар көздердің орын алып отырғанын байқауға болады. Олар нормативтік- құқықтық актілер, əдет-ғұрыптар жəне шарттар. Осы қайнар көздермен қоғамдағы барлық азаматтық құқықтық қатынастар реттеледі.

Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде негізгі орынды азаматтық құқық саласын реттейтін басты құрал — ол азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуші нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Бірақ барлық азаматтық құқықтық қатынастарды тек заңмен реттей алу мүмкін емес, себебі азаматтық құқық диспозитивтік, яғни тараптардың теңдігіне негізделген қатынастарды реттейтін болғандықтан, қоғамдық қатынастарды реттеуде елеулі орынды шарттар алады. Себебі шарт азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы тараптардың келісімінен тұратын əмбебап қайнар көз болып табылады. Барлық қатынастарды заңмен реттей беру мүмкін емес, сол себепті шарт жəне əдет-ғұрыптардың азаматтық қатынастарды реттеуде алатын орны зор.

Құқықтық əдет-ғұрып (əдеттегі құқық) — тарихи қалыптасқан, жазылмаған жəне əдетке айналған қоғамдағы мінез-құлық ережесі болып табылады.

Азаматтық заңдылық, əдеттегі құқықтар, қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтар, дəстүрлер, мораль жəне адамгершілік ережелері бұлардың бəрі ғұрыпқа негізделген қайнар көздерді қалыптастырады. Іскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтар деп азаматтық айналымда орнатылған тəртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскерлік қызметтегі ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскерлік қызмет өрісіндегі əдеттегі құқықтарды санкциялаған кезде ол заңды күшке ие болып, азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді.

Азаматтық-құқықтық дауды шешу кезінде жалпы əдет-ғұрып деп заңдарда көзделмеген, бірақ қалыптасқан, яғни өзінің мазмұнында жеткілікті түрде анықталған, азаматтық құқықтарды қалыптастыру мен жүзеге асыру жəне азаматтық міндеттерді орындау кезінде тек кəсіпкерлік, сондай-ақ өзге де салаларда, мысалы азаматтардың ортақ мүлікті пайдалану тəртібін айқындауы, қандай да бір міндеттемелерді орындауы кезінде кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережесін түсінген жөн. Бірақ олар қолданыстағы заңдарға қайшы болса оның заңды күші жойылады.

Уақыт өте келе мемлекет əдет-ғұрыптарды жиі санкциялаудың нəтижесінде олар құқықтық нормалар жүйесіне кірді. Əлем мемлекеттерінің барлығында азаматтық құқықтың сан ғасырлық тарихы жəне оны қолдану дəстүрлері бар. Барлық елдерде əдет-ғұрыптар мен дəстүрлер, белгілі бір халықтың кең таралған діни нанымдары мен көзқарастары, тарихи дамудың əртүрлі кезеңдерінде қалыптасқан құқықтық нормалар жүйесі азаматтық-құқықтық қатынастар мен азаматтық-құқықтық реттеудің қайнар көздері болып саналады. Тарихи даму барысында бұл жүйелер өзгерістер, жетілдіру, байыту үрдісінен өтті, алайда эволюцияның бастапқы сатыларында оларға тəн жекелеген белгілер бүгінгі күнге дейін сақталған. Азаматтық құқықтың ең кең таралған қазіргі негізгі жүйелерінің арасында континенттік (роман-германдық), ағылшын-американдық (ағылшын- саксондық жүйе, жалпы құқық) жəне мұсылман құқық жүйесін атап өткен жөн. Континенттік (роман- германдық) жүйе азаматтық заң саласының құқықтық жүйесі болып саналады. Континенттік жүйе Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ Азия, Африка жəне Латын Америкасының бірқатар елдерінде таралған жəне əрекет етеді.

Тарихи экскурске жүгінер болсақ, Ресей империясының бұрынғы отарларының, содан кейін КСРО одақтас республикаларының заңдары негізінен осы жүйеге барынша жақын кесте бойынша құрылғанын көрсетеді. Тарихи алуан түрлі оқиғаларға байланысты, өткен ғасырдың басында Қазақстан жəне сол сияқты өзгеде елдерде жүргізілген келеңсіз реформалар барысында басқару жəне құқықтық жүйесінің талай мəрте өзгеріске ұшырауына байланысты өзінің ұлттық құқық жүйесін қолдану мүмкіндігінен айырылған мемлекеттер аз болмады. Көптеген жылдар бойы қатаң тоталитарлық режим орнатқан кеңес империясының кенеттен құлдырауы, енді көптеген тəуелсіз елдерді қапыда қалдырды. Сондықтан олар қалыптасқан құқықтық жүйенің пайдасына таңдау жасай отырып, «ең аз қарсылық» жолымен қолдарында жылдар бойы қалыптасқан, тұрақталған жүйеге таңдау жасауды жөн көрді. Бұл құқықтық жүйені өз жүйелерінің негізіне қойып, жаңа заңдар, кодекстер қабылдады, түрлі халықаралық шарттарды бекітті. Алайда уақыт өте келе тəуелсіз мемлекеттердің өзінің тарихи өткенін қайта ойлау үрдісі, ежелгі құқықтық жүйелерге деген қызығушылықтың өсуі жəне олардың қайта жаңғыруы байқала бастады. Бұл əр ұлттың өзіне тəн, ерекше, орны толмас, барлық халықтың санасына көне əдет-ғұрыптар мен дəстүрлердің ізін түсіретін жəне олардың негізінде қалыптасқан құқықтық жүйе, құқықтық сана сақталған тарихи жадымен түсіндіріледі. Өзінің бай тарихи мұрасына қызығушылық оятатын мемлекеттердің бірі — Қазақстан Республикасы. Ұзақ жылдар бойы ұмытылудағы ғасырлар бойы ұлттың мəнін анықтайтын мəңгілік жоғары құндылықтар қайта оралады. Халық даналығы «Өз-өзіне келген халық өз өткенін іздейді» дейді, сондықтан қазақ əдет-ғұрып заңдарының қайта жаңғырту процесі өмірде орын алатындығы əбден заңды құбылыс болып танылады [3].

Екінші негізгі қайнар көзге азаматтық құқық саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жатқызамыз. Ал нормативтік құқықтық акт дегеніміз — республикалық референдумда қабылданған не уəкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат жəне сонымен бірдей электрондық құжат (25 п. 1-бап) [4].

Азаматтық құқық нормалары заңдарда жəне нормативтік құқықтық актілерде бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативтік құқықтық актілер заңды күшіне байланысты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативтік актінің мəні оның заңды күшімен анықталады. Нормативтік құқықтық актінің заңды күші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық емес, тəжірибелік маңызы да бар. Барлық құқықтық актілер мынадай түрлерге: нормативтік құқықтық актілерге жəне нормативтік емес құқықтық актілерге бөлінеді. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi жəне туынды болып бөлiнедi.

Қазіргі таңда «Құқықтық актілер туралы» заңның 8-бабына сəйкес, жалпы он сегіз кодекс анықталған. Азаматтық кодекс сол салалық кодификацияланған нормативтік құқықтық актілер ішінде ерекше орын алады. Салалық кодификацияланған нормативтік құқықтық актілер азаматтық құқық пəніне кіретін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған жəне Қазақстан Республикасы аумағында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.

Азаматтық кодекс салалық кодифицикацияланған нормативтік құқықтық акті ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында мүліктік-бағалы жəне жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған сəйкес азаматтық кодекс азаматтық құқық пəніне кіретін барлық дерлік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды құқықтық нормаларын бекітеді.

Кодифицикацияланған нормативтік құқықтық актілермен қатар азаматтық заңнама жүйесін азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдар құрайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңы электр энергиясын тұтынушы абоненттер мен қызмет көрсетуші ұйымдар мен азаматтар, кəсіпорындар, мекемелер арасындағы қатынастарды реттейді; «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы азаматтық құқықтық қатынастар барысында тұтынушылар мен тауар сатушылар, қызмет көрсетушілер жұмыс жүргізушілер арасындағы туындаған қатынастарға сəйкес құқықтық қорғау жəне қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты мүліктік жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде кеңінен қолданылатын заңдардың келесі түрі шоғырланған заңдар. Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары заңнаманың құрылымын жетілдіру мақсатында қабылданады. Шоғырланған заңдар аясы мемлекеттік мүлік туралы, білім жəне ғылым туралы, тұрғын үй қатынастары туралы, оңалту жəне банкроттылық туралы жəне тағы да басқа заңдар жиынтығын құрайды, «Құқықтық актілер туралы» заңның 9-бабында оның толық түрлері анықталған. Шоғырланған заң дегеніміз белгілі бір қоғамдық қатынас аясында туындап қабылданған жəне сол саланы реттеуге бағытталған заңдардың орталықтандырылған түрлерін қарастырамыз.

Қазақстан Республикасы əлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларымен, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдермен есептесуі керек. Осыған сəйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларына қосыла отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған принциптері мен нормалары жəне Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны түсіндіреді. Халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен принциптері жəне халықаралық шарттар Қазақстан құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, бұл ретте, егер Қазақстан Республикасы жəне халықаралық шартында заңмен қарастырылған өзге ережелер белгіленіп, құқықтық қақтығыс орын алса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Бұл жөнінде ҚР Конституциясында келесідей атап өтілген «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады» (4-баптың 3-бөлімі) [5]. Халықаралық шарттың басымдығы халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена Конвенциясының 26, 27, 46-баптарында бекітілген, оған сəйкес халықаралық шарттар жасасу құзыретіне қатысты ерекше маңызды мəндегі ішкі құқық нормаларын бұзуды қоспағанда, ішкі (ұлттық) құқықтың ешқандай ережелері халықаралық шарттың орындалмауына тосқауыл бола алмайтындығын анықтаған [6].

Азаматтық-құқықтық нормаларды түсіндіру деп онда кездескен түсініспеушіліктерді жою арқылы оның мазмұнын түсінуді айтады. «Нормативтiк құқықтық актiлердің анық болмауы мен əртүрлi түсiндірілуі, оларды қолдану тəжірибесінде қайшылықтар анықталған жағдайларда, нормативтiк құқықтық актiде қамтылған нормаларға ресми түсiндiрме берiлуi мүмкiн» [4].

Қандай да бір азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнында түсініспеушіліктер түрлі себептерден туындауы мүмкін. Бұл жағдай мысалы нормативтік құқықтық актінің қысқаша жазылуынан немесе қате аударылуынан пайда болады. Сол себепті азаматтық-құқықтық нормаларға алуан түрлі түсініктер қолданылады. Жалпы азаматтық құқықтық нормаларды түсіндірудің үш басты түрлерін бөліп қарастыруға болады. Олар: түсіндіру субектісіне байланысты, түсіндіру əдісіне байланысты жəне түсіндіру көлеміне байланысты деп бөлінеді.

Түсіндірудің субектісіне байланысты түрі бұл жерде түсіндіруді жүзеге асыратын тараптар, яғни субъектілері бойынша жіктеуді қарастырамыз. Түсіндіру субъектісіне байланысты: аутентикалық, легальды, соттық жəне ғылыми түсіндіру болып бөлінеді.

Аутентикалық түсіндіру құқықтық акт мəнін оны шығарған органмен берген түсіндіруді қарастырамыз (мысалы: Парламент заң қабылдап сол заңды өзі түсіндірсе).

Легальды түсіндіру бойынша құқықтық норманы шығарған органмен емес, заңды түсіндіруге құзыреті бар органның берген түсіндіруін жатқызамыз (мысалы Парламент заңды қабылдайды, ал оны түсіндіруге Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құзыретті).

Соттық түсіндіру құқықтық норма мəні соттық органмен қабылданған шешім ретінде немесе іс бойынша анықталған кезде қолданылады. Соттық түсіндіру шешім немесе анықтама қабылданған іске қатысы бар тұлғаларға ғана міндеттеуші күшке ие. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты соттарда қарастырылған материалдарды жəне сот актілеріне жалпылама талдау жүргізіп, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы түсініктер береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының түсініктері нормативтік қаулы нысанында қабылданып, Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттары үшін міндетті. «Құқықтық актілер туралы» заң бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне жатқызылған (7-баптың 2-бөлімінің 5) тармағы [4].

Ғылыми түсіндіру (доктриналды) құқықтық норма мəнін ғалыммен қандай да бір əдебиетте, азаматтық заңдарға түсініктеме ретінде, ғылыми конференцияларда, журналдарда жарияланған мақалалар түрінде, немесе монографиялар жəне т.б. сипаттарда талқыланған түрде қолдануды қарастырамыз. Ғылыми түсіндірудің міндеттеуші күші жоқ. Бірақ оның мəні өте зор, өйткені ғылыми түсіндірулер міндеттеуші күші бар мемлекеттік органдармен де қолданылады.

Заңдардың тəжірибеде іске асырылмау себебі құқықтық нормалардың қате, түсініксіз жазылуынан туындайды. Оған мысал ретінде заңдардың екі тілдегі мəтіндеріндегі сəйкессіздіктер болады. Сонымен қатар, бұндай құбылыстарды соңғы жылдары республика соттарының құқық қолдану тəжірибесінде заңдардағы кейбір баптардың түсініксіздігінен азаматтық істерді қарау тəжірибесінде қиындықтар туындауына байланысты ҚР Конституциялық кеңесіне түсінік беру туралы жолдануларының жиілеп кетуі дəлел болады. Сол себепті соттардың осындай жолдауларын, олар бойынша ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулыларын зерттеу қажет. ҚР Конституциялық кеңесінің берген түсінігін, заңдардағы жіберілген ақаулықтарды айқындау негізінде доктриналдық түсінік беру мақсатында зерттеу жүргізу өте қажет. Сондықтан заңдарда бекітілген құқықтық нормаларға заңдық техника ережелері негізінде доктриналдық түсініктер беру өте маңызды.

Сонымен, азаматтық құқық нормаларын түсіндіру дегеніміз — бұл құқықтық тəртіпке қатысты айқындылықты алу үшін саналы немесе интуитивті субъекті пайдаланатын құқықтық нормалардың мағынасын танудың арнайы тəсілдері, ережелері мен құралдары.

Түсіндіру тəсіліне қарай грамматикалық, логикалық, жүйелік жəне тарихи түсіндірулер болып бөлінеді.

Грамматикалық түсіндіру азаматтық құқық нормаларының мəні сауаттылық ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады. Яғни, заңды жазу барысында оның бойынан «заң қаріпі мен заң рухы» түсініктері үйлесімді көрініс табуы тиіс. Егер заң сауатсыз жазылса ол, сол норманы қолданушылардың алапатына айналары сөзсіз. Тарихтан сауатсыз қалыптастырылған құжаттарға қатысты көптеген жағдайлар бұған куə. Осыған қатысты бір оқиғаны мысал ретінде келтіріп көрелік. Бұл оқиға Карл V Габсбург кезінде — 1516 жылдың 23 қаңтарынан бастап Карлос I атымен Испания Королі, 1519 жылдың 28 маусымынан 1556 жылдар аралығында Германия королі кезінде орын алған болатын. Билік үшін сол кездегі еуропа елдері арасында үлкен соғыс басталғалы барлық елді мекендердегі еркек атаулысының бірі қалмай майданға аттанған кезең еді. Сол замандар өмір сүріп жатқан бір елді мекендегі оқиғаны назарға алу арқылы осы жағдайды түсіндіріп көрейік. Бір отбасының отағасы, оның екі інісі мен ағасы соғысқа аттанады, бұл шаңырақта ересектерден жалғыз əйелі жəне оның төрт баласы артында қалады. Ауылда еркек қалмаған соң ерлердің жұмыстарын əйелдері атқарады. Міне жаңағы қалған əйелде өз жұбайының орнына ауыл диірменіне жұмысқа шығып диірменші болып еңбек етеді. Күнде таңнан кешке дейін бидай тартып үйіне қайтарында жерге шашылып қалған бидайдан балаларына екі дəннен теріп үйіне əкеліп, оларға беріп қуантып отырады. Балаларының бірі ол дəндерді толық жемей бірін жесе, екіншісін қалтасына салып жинайды. Күндердің бір күні əлгі баласы ауыл балаларымен алысып ойнап жүріп құлап, қалтасынан жиналған бидайы шашылады. Мұны көрген жергілікті қадағалаушы оның анасынан астық ұрлаудан сезіктеніп, сол заманның құқық қорғаушы жандармдарына жеткізеді. Олар болса сұрапыл соғыс заңына сəйкес қатал соғыс уақытындағы трибуналға сəйкес өлім жазасына кеседі. Бишара əйел соңғы үміті сол дəуірдің патшасы Карл V Габсбургтен рахымшылық хатымен барлық мəн-жағдайды түсіндіре отырып кешірім сұрап, өлім жазасынан араша сұрайды. Мəн–жəйді саралаған патша өзіндік бір ой түйіп, алдындағы хатшыға жауап жазуды бұйырады. Сонда ол «казнить нельзяпомиловать» — деген сөзді жаздырады. Ал хаттамашы сауатсыздығынан ба, əлде салғырттығынан ба үтірді дұрыс қоймай «казнитьнельзя помиловать» — деген бұйрықты шығартып əлгі əйелдің өмірін тоқтатады [7]. Бір адамның сауатсыздығы кесірінен, сауатсыз қалыптастырылған заңнан екінші бір адам немесе бір қоғам не тіпті бір мемлекеттер жапа шеккен оқиғалар аз емес. Сондықтан заңның сауатты қалыптастырылуы əділдік пен парасаттылықтың басты кепілі екенін ұмытпаған жөн.

Осы жерде айта кететін мəселе, ұлттық зaңнaмa тepминoлoгияcындa шeшiлмeй жүpгeн бipқaтap өзeктi мəceлeлep бap. Oның бipiншici — нopмaтивтiк-құқықтық aктiлepдeгi aтaу cөздepдiң, тepминдepдiң бipiздiлiгi мəceлeci. Нopмaтивтiк құқықтық aктiлep жoбaлapының opыc тiлiндe əзipлeнуi, Пapлaмeнткe кeлiп түcкeншe ocы жoбaлapдың coл тiлдeгi мəтiнi ғaнa пыcықтaлып, aл қaзaқ тiлiндeгi aудapмa нұcқacының нaзapдaн тыc қaлуы, дeпутaттық жұмыc тoптapындa дa жoбaмeн жұмыcтың нeгiзiнeн opыc тiлiндe жүpгiзiлуi, жaлпы aлғaндa ұлттық зaңнaмa тiлiнiң, oның тepминoлoгияcының opыc тiлiндeгi нұcқaғa бaйлaнып қaлуы ұлттық зaңнaмaның тiлi мeн тepминдepiндeгi бipiздiлiктiң caқтaлмaуынa ceбeп бoлып oтыp [8].

Логикалық түсіндіру азаматтық құқық нормаларының мəні формальды логика ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады. Логикалық түсіндіру — заң мен логика ережелерін тікелей пайдалануға негізделген құқықтық ұйғарымдардың қисынды құрылуын зерттеу барысында норманың мəні анықталатын түсіндіру тəсілі болып табылады.

Жүйелік түсіндіру азаматтық құқық нормаларының мəні осы норманың азаматтық заңдылықтағы орны мен құқықтың сабақтас нормаларымен қатынасын анықтау жолымен сипатталуын қарастырамыз. Құқық нормаларын жүйелі түсіндіру дегеніміз — құқық нормаларын ұғындыру жəне түсіндіру тəсілдерінен тұрады, бұған сəйкес нақты салалық заң жүйесінің толық сабақтастығын, нормалардың қызметтік жəне өзге де байланыстылығын анықтай отырып, қоғамдық қатынастарды реттейтін əдістер жиынтығы деп тануға болады.

Тарихи түсіндіру азаматтық құқық нормаларының мəні оны өзі қабылданған кездегі шарттарды салыстыра отырып, анықталатындығымен сипатталады. Қазіргі таңда аса ақсап тұрған түсіндіру түрінің бірі осы тарихи түсіндіру болып табылады. Егер мемлекет өзінің елдігін нақты ұстағысы жəне оны дамытқысы келсе өз тарихын жақсы біліп одан негіз алған ақпараттарды толық еңсере отырып күнделікті өмірде пайдалануға жол салуы тиіс. Себебі өмірде барлық қатынастар мемлекет қабылдаған заңдармен реттеле бермейді. Мəселен адам қайтыс болса оны заң бойынша өлді деп танып, оған тиісті құжаттарды заңға сəйкес рəсімдейміз, ал оны жерлеу жəне сонымен байланысты өзге де мəселелерді біз əдет-ғұрыптық нормалар арқылы жүзеге асырамыз (ахырет, жаназа жəне т.б.) Себебі бірде-бір зайырлы мемлекет заңдары бұндай қатынастарды реттемейді. Тарихи талдауды тереңірек зерттеу арқылы бізге жақын көптеген қатынастар шиеленістері шешілетіндігі сөзсіз. Тарихқа зейін салсақ, билер соты «Айтылған сөз атылған оқ» — демекші ол кездерде дауларды шешудің шеберлігі жоғары дəрежеде болған. Мысалыға мына бір тарихи жағдайды айта кетуге болады: «Ерте бір замандарда үстінде көнелеу бір шапаны, тозығы жеткен бөрігі мен мəсісі, белінде қысқалау бір арқаны оралған жапан далада бір баз кешіп келе жатқан кедей адам болыпты. Жерден тамақ іздеп əртүрлі шөпті, оның тамырын қорек көріп келе жатса алыстан бір еміс-еміс дауыс естіледі. Ылдилап əлгі дауысқа қарай жүреді, биіктеу бір тау, соның үстінде аттылы біреу атымен келе жатып астындағы аты үркіп, үстіндегі жүргізушісін құлатып кеткен. Əлгі адам құздан құлап бара жатып бір қара жартасқа жабысып қалып, айғайлап көмек сұрап тұр екен. Əлгіні көрген кедей еш ойланбастан жүгіріп беліндегі арқанын түсіріп, ол адамды ажалдан алып қалады. Өлімнен құтылған адам сол жердің бір бай азаматтарының бірі болып шығады. Аман қалғанына қуанып, өлімге араша болған кедейге «Малым жанымның садақасы» — деп жүз бас қой əрі еншісіне жер береді. Арада біраз жылдар өтіп кедейдің малы өсіп жүз басы мың бас қойға жетеді. Бұны көрген бай «мен саған жүз бас бердім ол мыңға жетті, демек жүзі сенікі ал тоғыз жүз бас төлі менікі» — деп дауласады. Екеуі бір бітімге келе алмай, дауды сол жердің биінің алдына ұсынады. Би мəселенің толық мəн– жайын пішіп, малды алдырып сол жердің жалпақ өзегіне жайылымға жібертеді, бай мен кедейге екі қой шарбақ тіктіртіп, мынау сенікі ал мынау сенікі деп екеуінің қой шарбақтарын көрсетіп, үшеу сол жердегі биіктеу төбенің басына шығып таңнан кешке дейін əлгі малды бақылайды. Қой болса жайылып, жусап, суға құлап кеш батып ымырт жамыларда тыпыршып рефлекстері бойынша қойлар қора іздей бастайды. Ауыл маңына тігілген əлгі қораларға қойлар топырлап кіре бастайды. Басым көпшілігі кедейдің, азын аулағы байдың корасына кіреді. Би жəне дауласушы тараптар төбе басынан түсіп қой шарбақтарға келеді. Би болса кесім осы əркім өз шарбағына кірген малдарын айдап əкетсін деп шешім қабылдайды. Бұл жағдайда тараптар бір-бірімен дауласа алмайды, тіпті би шешіміне шүбə келтіре алмайды. Міне қылды қақ жару деп осындай шешімдерді айтуға болады. Яғни, қоғамдық қатынастарды реттеуші нормаларда тарихи талқылаулар ерен орын алатын болса, заңдардың пəрмендігінің орны артары еш күмəн келтірмейді. Яғни бұдан ұғынарымыз елімізде ұлттық заңдар мемлекеттік тілде қабылданбаса онда олармен қатынастарды реттеу өмірде көп шикілік туғызары заңды құбылыс.

Түсіндіру көлеміне байланысты тура, шектеулі жəне кеңейген түсіндірулер болып бөлінеді.

Азаматтық заңды тура түсіндіру заңның мазмұны оның мəтініне тура сəйкес келген жағдайда қолданылады. Заң шығарушы азаматтық-құқықтық норманың нақты мəні оның тура мəтініне сəйкестендіруге тырысқандықтан, көп жағдайда осы тура түсіндіру қолданылады.

Құқықтық норманың мəні оның мəтінінен тарлау болған жағдайлар да кездеседі. Бұндай жағдайларда шектеулі түсіндірулер қолданылады.

Азаматтық-құқықтық норманың мəні оның мəтінінен кең болған жағдайда кеңейген түсіндірулер қолданылады.

Қорытынды

Жоғарыдағы мəселелерді қорытындылай келе еліміздегі заң шығарушылық тəжірибесін шыңдауда аса көңіл бөлетін жағдай — заң шығару үрдісінің дұрыс жүзеге асырылуын, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Мемлекеттегі қатынастарды реттеуші нормаларды қабылдауда тарихи талқылау мəселесіне ерекше назар аудару қажет. Себебі қазіргі таңда көп жағдайда заңдардың бұзылуының бірден-бір себебі қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың ұлттық менталитетке, болмысқа қатысы жоқ элементтердің орын алуы қанша дегенмен өзінің кері салдарын туғызатыны заңды құбылыс. Бұлармен қатар қабылданған заңдарда орын алып отырған қателіктер, өзге заңдармен қайшылықтар жəне тағы да басқа мəселелер азаматтық қатынастарды реттеуші кейбір нормалардың тəжірибедегі шикілігін көрсетеді. Бізде көбіне заңдар орыс тілінде қабылданып, кейін олар қазақ тіліне аударылады. Бұл құқық қалыптастырушы жəне құқық қолданушы тəжірибеге көптеген қарама- қайшылықтар туғызады. Себеп қабылданған заңдарды аударуда кететін қателіктер, мағынасының ауысуы жəне соттағы да басқа мəселелерді айта беруге болады. Қоғамдық қатынастардың мемлекетімізде дұрыс жүзеге асуы үшін сапалы заңдар қабылдануы тиіс, міне бұл құқықтық мемлекеттің бірден-бір көрінісі болып табылады. Сондықтан, нормативтік құқықтық актілердің қазақ тілі нұсқасындағы мəтінінде қолданылған сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыруда жіберілген кемшіліктерді айқындау, заңдардың құқықтық нормаларына түсінік беру қазіргі кезеңде өте қажет деп санаймыз.

 

Əдебиеттер тізімі:

  1. Марченко М .Н. Источники права: учеб. пос. / М.Н. Марченко. — М.: ТК Велби; Изд-во «Проспект», 2006. — 760 с.
  2. Нечаев В. М . Источники права: энцикл. словарь / В . М . Нечаев. — М .: Изд- во «Проспект», 2001.— 987 с.
  3. Мұхтарова А. Қ. Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы [Электронный ресурс] / А.Қ. Мұхтарова. — Алматы: Нұр-Пресс, 2005. — Режим доступа: https://articlekz.com/article/9747.
  4. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2016 жыл 6 сəуір, № 480 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480.
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_.
  6. Международные договоры в области гражданского права [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://jurisprudence.club/pravo-grajdanskoe/mejdunarodnyie-dogovoryi-oblasti-grajdanskogo.html.
  7. Казнить нельзя помиловать [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://ru.wikipedia.org/wiki
  8. Ильясова Г. А. Заңнамалық актілердің мəтінін мемлекеттік тілге аударуға байланысты өзекті мəселелер [Электронный ресурс] / Г.А. Ильясова // Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы. — 2017. — № 1 (46). — Б. 155–163. — Режим доступа: http://www.iz.adilet.gov.kz/sites/default/files/upload-files/na_sayt_vestnik_no146–1017.pdf

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.