ТҮЙІН
Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша анықталғандай, орталықтандырылған ауыз сумей жабдықтау кезіндегі жүйе жағдайының ескіруі судың сапасының санитарлық талапқа сай болмауының себебі болып табылады. Бүтіндей соңғы 5 жылда түрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жүмыстардың нәтижесі бойынша орталықтандырған ауыз сумен қамтамасыз ету қандай болса, орталықтандырылмаған да жүйеде ауыз сумен қамтамасыз ету тура сондай, сондықтан да алдағы уақытта ауыз судың сапасын жақсартудың ой-мақсаттары белгіленіп отыр.
Кілт сөздер: ауыз суы, гигиеналық баға, өмір сапасы, өмірдің жалғасуы, түрғындардың денсаулығы.
Қазіргі кездегі әлемнің көптеген аймақгарындағы, олардың ішінде Қазацстандағы да су нысандарының жағдайы, жалпы алғанда, қолайсыз деуге болады. Соңғы жылдарда шиелініскен көптеген мәселелердің ішінен ең маңыздыларын: су көздеріндегі су сапасының нашарлауын және шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шиеленісуін бөліп көрсетуге болады. 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Концепциясында көрсетілгендей, климаттың өзгеруі мен озон қабатының бүзылуы, атмосфералық ауа, топырақ жабындыларының ластануы мен басқаларымен бірге, су көздерінің ластануына байланысты мәселелер де. Қазақстан Республикасының өте өзекті экологиялық мәселелері болып табылады. Судың сапасы адам денсаулығына тікелей эсер етеді. Судын биологиялық ластануы адамдарда жуқпалы жэне паразиттік аурулар туғызады, эпидемиологиялық түрғыдан қаупті болып саналады. Судың химиялық қүрамына байланысты ауруларды (жүқпалы емес ауруларды) екі топқа бөледі: -судың табиғи химиялық қүрамына байланысты аурулар; -судың антропогендік химиялық ластануымен байланысты аурулар[1,2].
Су түтынуға байланысты эр түрлі ауруларды алдын алу мацсатында ауыз су сапасына қойылатын бір қатар талаптар дайындалған. Біріншіден, ауыз су эпидемиологиялық жэне радиациялық жағынан қаупсіз болуы тіис, екіншіден, химиялық қүрамы жағынан зиянсыз болуы керек, ушіншіден, органолептикалық қасиеттері жағымды болуы керек[3]. Бүл талаптар келесі іс-шаралар кешеңінен орындау нэтижесінде жүзеге асырылуда: - занамалы гигиеналық шараларды орындау; -су көзін тандау; -су көзіне санитарлық-қорғаныш аймағын үйымдастыру; -суды тазарту, зарарсыздандыру жэне өндеудін арнайы эдістерін қолдану; -су қубыры жүйесін санитарлық қорғау. Облысымызда халықты сапалы қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық «Таза су» бағдарламасынын орындалуы аясында жыл сайын біршама жүмыстар атқарылауда. Бүл мақсатқа республикалық, облыстық жэне жергілікті б+джеттерден қомақты қаржылар бөлінуде. Онтүстік Қазақстан облысында сонғы 5 жылда түрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған су қүбырларынын саны 325-тен (2007ж.) 407-ге көбейген (2011ж.). Түрғындарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 67,9%-дан (2007ж.) 82,0%-ға өсті (2011ж.).
Орталықтандырылған су сапасынын санитарлық-химиялық көрсеткіші бойынша санитарлық талапқа сэйкес келмегені 2,0%-дан (2007ж.) 1,7%-ға төмендеген (2011ж.). Бірак, санитарлық талапқа сэйкес келмеген сынамалар көрсеткіші Бэйдібекте 0%-дан (2007ж.) 3,6%-ға (2011ж.), Шардарада 12,6%-дан (2007ж.) 14,6%-ға (2011ж.), Кентауда 0,5%-дан (2007ж.) 2,2%-ға (2011ж.) жоғарылағандығы байқалады. Орташа облыстық көрсеткіштен жоғары Бэйдібек ауданында 4,5% (2010ж.), 3,6% (2011ж.), Ордабасыда 5,4% (2007ж.), 4,1% (2009ж.), Мақтааралда 3,4% (2007ж.), 2,1% (2011ж.), Шардарада 12,6% (2007ж.), 19,9% (2008ж.), 11,5% (2009ж.), 35% (2010ж.), 14,6% (2011ж.), Кентауда 1,8% (2009ж.), 4,4% (2010ж.), 2,2% (2011ж.), Түркістанда 6,9% (2007ж.), 2,1% (2008ж.), 1,8% (2011ж.) анықталған.
Микробиологиялық көрсеткіші бойынша санитарлық талапқа сэйкес келмегені 2,4%-дан (2007ж.) 1,5%- ға төмендеген (2011ж.). Бірак, Шардарада санитарлық талапқа сэйкес келмеген сынамалар 12,5%-дан (2007ж.) 22,4%-ға (2011ж.) жоғарылағандығы байқалады. Орташа облыстық көрсеткіштен жоғары Арыста 2,9% (2007ж.), 2,7% (2008ж.), 7,6% (2009ж.), 2,8% (2011ж.), Қазығүртта 2,6% (2007ж.), 3,3% (2008ж.), 4,4% (2010ж.), 2,4% (2011ж.), Мақтааралда 3,4% (2007ж.), 2,3% (2008ж.), 3,8% (2009ж.), 5,6% (2010ж.), 2,0% (2011ж.), Отырарда 3,2% (2010ж.), Созақга 5,5% (2007ж.), 2,5% (2008ж.), Түлкібаста 7,0% (2009ж.), 2,9% (2010ж.), 2,0% (2011ж.), Шардарада 12,5% (2007ж.), 19,6% (2008ж.), 16,1% (2009ж.), 18,6% (2010ж.), 22,4% (2011ж.), Кентауда 3,0% (2007ж.), 3,1% (2008ж.), 5,1% (2010ж.), Түркістанда 5,8% (2007ж.), 4,1% (2008ж.), 3,6% (2009ж.), 2,9% (2010ж.), 2,1% (2011ж.) тіркелген.
Зертханалық тексеру бойынша орталықтандырылған ауыз су сапасынын санитарлық талапқа сэйкес келмеуінін бірден-бір себебі ауыз су жүйелерінін ескіргендігінен болып отыр. Оған дэлел, орталықтандырылған ауыз су жүйелеріндегі апаттар болып отыр. Атап айтқанда, 2007 жылы облыс бойынша орталықтандырылған ауыз су жүйелерінде 1062 апат тіркелген, оның 1034-ы алғашқы тәуліктерде қалпына келтірілген, оның ішінде 963-і залалсыздандырылған. Аудандар бойынша Арыста-116, Бәйдібекте-4, Қазығуртта-15, Мақтараалда-114, Отырарда-145, Ордабасыда-9, Сарыағашта-14, Сайрамда-37, Толебиде-31, Түлкібаста-7, Шардарада-185, Кентауда-36, Түркістанда-35, Абайда-136, Әл-Фарабиде-116, Еңбекшіде-63 апат тіркелген. 2008 жылы облыс бойынша орталықтандырылған ауыз су жүйелерінде 465 апат тіркелген, оның 436-ы алғашқы тәуліктерде қалпына келтірілген, оның ішінде 346-і залалсыздандырылған. Арыста-75, Бәйдібекте-6, Қазығуртта-2, Мақтараалда-31, Отырарда-36, Ордабасыда-2, Сарыағашта-24, Сайрамда-22, Толебиде-14, Түлкібаста-3, Шардарада-134, Кентауда-10, Түркістанда-5, Абайда-48, Әл-Фарабиде-49, Еңбекшіде-4 апат тіркелген.
2009 жылы облыс бойынша орталықтандырылған ауыз су жүйелерінде 1198 апат тіркелген, оның 1184- ы алғашқы тәуліктерде қалпына келтірілген, оның ішінде 899-і залалсыздандырылған. Әсіресе, Арыста-173, Бәйдібекте-2, Қазығуртта-2, Мақтараалда-140, Отырарда-39, Ордабасыда-6, Сарыағашта-15, Сайрамда-57, Толебиде-57, Түлкібаста-20, Шардарада-383, Кентауда-75, Түркістанда-18, Абайда-110, Әл-Фарабиде-86, Еңбекшіде-15 апат тіркелген. 2010 жылы облыс бойынша орталықтандырылған ауыз су жүйелерінде 2602 апат тіркелген, оның 2128-і алғашқы тәуліктерде қалпына келтірілген, оның ішінде 2126-і залалсыздандырылған. Аудандар бойынша Арыста-173, Мақтараалда-56, Отырарда-96, Ордабасыда-8, Сарыағашта-11, Сайрамда-89, Созақга-4, Толебиде-36, Түлкібаста-20, Шардарада-437, Кентауда-1460, Түркістанда-7, Абайда-145, Әл- Фарабиде-54, Еңбекшіде-4 апат тіркелген. 2011 жылы облыс бойынша орталықтандырылған ауыз су жүйелерінде 956 апат тіркелген, оның 946-ы алғашқы тәуліктерде қалпына келтірілген, 946-ы толық залалсыздандырылған. Әсіресе, Арыста-96, Қазығуртта-19, Мақгараалда-76, Отырарда-48, Ордабасыда-19, Сарыағашта-15, Сайрамда-42, Созақта-6, Толебиде-16, Түлкібаста-14, Шардарада-424, Кентауда-24, Түркістанда-15, Абайда-59, Әл-Фарабиде-78, Еңбекшіде-5 апат тіркелген.
Орталықтандырылмаған су сапасының санитарлық-химиялық көрсеткіші бойынша нормативке сәйкес келмейтіні 11,8%-дан (2007ж.) 7,1%-ға төмендеген (2011ж.), микробиологиялық көрсеткіші бойынша 9,0%-дан (2007ж.) 6,3%-ға төмендеген (2011ж.). Жалпы алғанда, облысымызда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын көптеген жумыстар атқарылауда. Турғындарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 67,9%-дан (2007ж.) 82,0%-ға өскен (2011ж.).
ӘДЕБИЕТТЕР
- Кенесариев, У. И. Экология и здоровье населения : учеб. для медицинских вузов и колледжей / У. И. Кенесариев, Н. Ж. Жакашов ; Каз. Нац. мед. ун-т им. С. Д. Асфендиярова. - Алматы : Эверо, 2011. - 232 с. - ISBN 9965-579-65-2
- Мазаев, В. Т. Коммунальная гигиена. В 2 ч. Ч. 1. [Электронный ресурс] : учебник для вузов / В. Т. Мазаев, А. А. Королев, Т. Г. Шлепнина. - 2-е изд., испр. и доп. - Электрон. текстовые дан. (35,7 МБ). - М. : Издательская группа "ГЭОТАР- Медиа", 2009. - 304 с. эл. опт. диск (CD-ROM) : ил. - (Электронный учебник).
- Неменко, Б. А. Коммуналдық гигиена: оқулық / Б. Неменко. - Алматы : Б. ж., 2005. - 275 б.