Азаматтардың денсаулығын сақгауға және нығайтуға, олардың саламатты өмір салтын устануға бағытталған іс-шараларды камтамасыз ету ведомтсво- және сектораралық мемлекеттік уйымдардың жауапкершілігіне жүктелген денсаулық сақтау саласындағы ҚР мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Денсаулық саласындағы басты саясат солай бағытталып турғанымен, өз денсаулығына азаматтардың немқурайлы қарауы әлі де орын алуда. Бул жағдай медицинаның токсикологиялық саласында көп орын алуы бурынғы кезден-ақ белгілі. Өткен жылдарда (2009-2011) Т.О.Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымдағы оттегімен емдеу орталығының (ОЖҚОЕО) токсикология бөлімшесіндегі уланулардың нозологиялық сандық көрсеткіштерінде назар аударарлық үлкен өзгерістер байқалады.
Таблица 1 - Уланулардың нозологиялық сандық көрсеткіштері.
Улану түрлері |
МКБ-10 кодтары |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011ж |
Күйдіргіш улармен улану |
Т-54 |
187 |
186 |
220 |
Дәрі-дәрмекпен улану |
Т-36 |
559 |
440 |
532 |
Алкогольды ішімдікпен улану |
Т-51 |
1702 |
1334 |
875 |
Көміртегі тотығымен және табиғи газбен улану |
Т-58 |
254 |
234 |
327 |
ФОҚ улану |
Т-57,1 |
4 |
11 |
7 |
Есірткімен улану |
Т-40 |
16 |
19 |
10 |
Мунай өнімдерімен улану |
Т-52 |
20 |
35 |
51 |
Жәндік улармен улану |
Т-63 |
178 |
109 |
163 |
Өсімдік уымен улану |
Т-62 |
88 |
51 |
60 |
Бояулармен улану |
Т-59 |
36 |
18 |
15 |
Басқа да уланулар, оның ішінде мендуана дәнімен және долана жемісімен |
Т-65 |
57 |
8 |
13 |
Барлығы |
3101 |
2445 |
2268 |
2011 жылы емделген науқастардың 339-ын ауыл турғындары, 1934-ін қала турғындары қурайды. Түскен науқастардың 274-і балалар, науқастардың басым көпшілігі(1509) жедел медициналық көмек көрсететін қызмет көлігімен стационарға жеткізілген, ал 764 науқас өздігінен немесе туысқандарының көмегімен жеткізілген. Сандық көрсеткіштерді саралай келіп, жыл өткен сайын алкоголдық ішімдік пен есірткімен улану азаюын байқауға болады. Бул қөрсеткіштер саламатты өмір салтын қалыптастыруды уағыздаудың әсері мен жергілікті әкімшілік, қуқық қорғау қызметкерлерінің пәрменді жүргізілген шараларының нәтижесі болса керек. Ал, соңғы жылдары дәрі-дәрмекпен және күйдіргіш улармен уланудың жиіленуіне көз жеткізуге болады. Уланулардың ішінде сонымен қатар көмір тотығымен және табиғи газбен уланулар да жиілей бастаған. Соңғы науқастардың жиіленуі елді мекендерде жаңа турғын үйлердің көбейіп, олардағы жылу көздерінің дурыс жумыс істемеу салдарынан болса, ал кейбір жағдайларда пеш муржаларының уақытылы тазаланбай жанған өнімді сыртқа шығару қабілетінің күрт нашарлауынан болып отырған уланулар.
Дәрі-дәрмекпен және күйдіргіш улармен уланудың артуы турғындар арасындағы әлеуметтік- экономикалық жағдайдың өзгеруімен және де психоэмоционалдық ахуалдың күрделенуінен туындаған жағдайлардың нәтижесі болса керек. Бул уланулар көп жағдайда өзіне -өзі қол жумсау, өлуге әрекет жасау салдарынан (суицид) болады. Күйдіргіш улармен уланғандардың қал-ахуалы қабылдаған удың мөлшеріне ғана емес, оның концентрациясына байланысты, медициналық әдебиетте сірке қышқылының 70% концентрациясының 20-40 мл өлімге алып келеді, ал асханалық 6-15% концентрациясының 200 мл-ден артық мөлшері ғана өмірге қауіп төндіреді. Бул жөнінде ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі мен ҚР индустрия және жаңа технология министрлігіне концентрациясы 70% сірке қышқылын өндірмей, ал сырттан келетін өнімді қадағалап, ондай сірке қышқылын алып келуге тиым салуларын өтініп, оның орнына осы қышқылдың концентрациясы төмен 6-15%-дық түрлерін өндіріп, қажеттілікке пайдаланса, өлімді болдырмай, улану санын азайту мақсатында арнайы усыныс хат жолданды.
2009 - 2011 жылдар аралығындағы медициналық қызмет сапасы.
Көрсеткіштер |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011ж |
Түсті |
2835 |
2266 |
2105 |
Шықты |
3101 |
2445 |
2273 |
Өлім-жітім |
29 |
32 |
23 |
Өлім-жітім пайызы |
0,93 |
1,3 |
1,01 |
Төсек-орын айналымы |
118,4 |
94,2 |
87,5 |
Орташа үзақгығы |
2,6 |
3,6 |
3,8 |
Осы уакыт аралықтарында науқастардың түсу саны азайып, олардың төсекте емделу үзақтығы артқанымен, өлім-жітім көрсеткіштері жыл санап төмендеуде. 2010 жылы бөлімшедегі 2445 науқастан 32(1,3%), ал 2011жылы 2273 науқастан 23(1,01%) өлім тіркелді. Аталған көрсеткіш Республикалық токсикологиялық орталықта 2011 жылы 1,9%-ды қүрайды. Бүл жетістік емдеу сапасының жоғары қысымды оттегімен емдеуді көптеген уланудың түрлеріне кеңінен қолданумен түсіндіріледі. 2010 жылы көп орынды ауа- оттегі «Арысь-МТ» барокамерасында 3150 сеанс жүргізілсе, 2011 жылы оның саны 4499-ға, ал БЛКС бір орындық оттегі барокамерасында 219-дан 462-ге артты. Жоғарыдағы берілген деректердің негізінде денсаулық саласындағы мемлекеттік «Саламатты Казақстан» бағдарламасының өмірде дүрыс бағыт алуын атап айтуға және токсикологиялық көмектің жыл санап сапалық көрсеткіштерінің артуын емдеу технологиясының жағымды әсерімен түсінген жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Е.А. Лужников Клиникалық токсикология., М. 1999 г.
- ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазакстан» мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010ж.
- Т.О.Орынбаев атындағы ОЖҚОЕО-ның 2011 жылғы есебі.