Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ мəдениетіндегі философия феномені

Философия — бүкіл адамзатты танудың басты жолы, ал қазақ философиясы қазақ халқын танудың бірден-бір жолы деп білеміз. Қазақ бітім-болмысын, адамгершілік негізін анықтаған көшпелі мəдениеттің тарихи типі. Қазақ халқын тану үшін оның ұлтының бойына сіңген ұлы данышпан даналардың қалыптастырған ғасырдан ғасырға ұласқан, ғасырлар бойы қазақ халқының қойнауын бойлаған даналық рухын тануға міндетті. Қазақтың даналық рухы даналық дүниетанымы басқа елдерде қайталанбайтын төлтума өнерінде мақал-мəтелінде, аңыз əңгімелерінде, шешендік өнерінде, рухани құндылығында жатыр. Қазақтың кең байтақ даласы, тау-тасы, топырақ, жануары оның дүниетанымдық көзқарастарында ерекше орын алған. Қазақ халқының даналық дүниетанымы қазақ өмірінің болмысымен, шаруашылық тұрмыс жағдайымен, саяси қызмет  ахуалымен,  халықтың бойына біткен тəлім-тəрбиесімен, халқымыздың керемет бай əрі терең ойлы асыл қазына тілімен ұлы даналардың мұраларымен тығыз байланысты. Қазақ философиясы адамның этикалық, эстетикалық қабілетін арттыратын, қоғамда белгілі бір көзқарас қалыптастыратын, адамның санасында шөгіп жатқан құндылықтарға сəуле түсіретін қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан даналардың асыл мұрасы. Ана сүті жас баланың буыны бекіп, бұғанасы қатаюға қандай əсері зор болса, сол секілді қазақ даналығын оқу арқылы əрбір қазақ баласының азаматтық рухы көтеріледі. Қазақ  даналығын оқи отырып, оның ұлтының бойына сіңген дүниетанымды тани аламыз. Бүгінгі күні өзіміз өмір- тіршілігімізде қолданылатын таным түсінігіміздің түптамыры тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық пəлсəпамызға деген құмарлығымыз арта түседі.

Қазақ философиясының ерекшелігі адамдық қатынастардың рухани-құндылық аспектілерінің экономикалық шындықпен байланысымен де анықталуы керек, ал соңғы мəселе əдет-ғұрып, саяси сана, мінез-құлық жəне құндылықтар формасымен анықталады. Біздің ойымызша, тарихи фактілерді көрсету ғана емес, отандық, патриоттық идеялар негізінде халықтың əр кезеңдеріндегі мəдениетін, даналығын, руханилығын тарихи жəне мағыналы түрде анықтап, олардың аксиологиялық, методологиялық, герменевтикалық сипатын көрсету қажет.

Халқымыздың рухани қазынасы мол. Əрқайсысы адамзаттың табиғи-тарихи тіршілігіне ұлылық берер биік арман асуларын аттаған сайын жаңа мақсатта, жаңа жолға бастайтын тарихи баспалдақтары іспеттес. Өмір өзегінің азығы болар ең маңызды бастау тарих пен мəдениеттің дамуына қажетті объективті алғышарттарды дайындап беретін танымдық болмыс, сол тарихта мəдениетті, парасатты философияны жасайтын адам. Олай болса, қазақ философиясының проблемалар жүйесі де «Адам – Əлем» екендігін тура айтуға болады.

Тəуелсіздіктің рухымен ортамызға қайта оралған Қорқыт Ата мен мұсылмандық қайта өрлеудегі ғұламаларымыздың мұраттарынан ұлт-өнеге алуға бет бұруымыздың өзі тарихи-мəдени құбылыс. Адам жəне адамгершілік, білім мен өнерге үйрену, еңбексүйгіштік пен сыйластық, достық пен сабырлық сияқты адам болмысы тақырыптарын тереңінен толғап, таза ой маржандарын тере білген даналарымыз жеткілікті.

XVI–XVII ғғ. қазақ философиясы космологияға бағытталды. Оның ішінде жұлдыз əлемі, мұсылмандық   күнтізбе   жəне   эмпирикалық   (тəжірибелік)   метеорология   болды. Космологиялық түсініктер діни сенімдермен байланысты. Олар əсіресе ақын, сал-сері, жырау шығармашылығында, Доспамбет, Шалкиіз, Жиімбет ерліктерінде байқалды. XVIII ғасырдағы «ақтабан шұбырынды» философиялық проблемаларды ақыл мен үкімет ара қатынасында, практикалық  философия мəселелері ретінде қойды. Бұқар-жыраудың «Практикалық зердесі», Ақтамбердінің этикасы, Төле, Əйтеке, Қаздауысты Қазбек билердің рух философиясында қалыптасты. Бұл Махамбеттің, Шернияздың, Сүйінбай, Шөже, Жинақ, Кемпірбай шығармашылықтарында жəне    «Қармыс-Батыр», «Балуан-Нияз», «Бекет-Батыр» шығармаларында байқалды.

19 ғ. философиясында Ш.Уəлихановтың қоғамдық прогресс концепциясы мен əлеуметтік- саяси көзқарастары ерекше орын алды. Өзінің ағарту философиясында Ы.Алтынсарин жастардың тағдырын ерекше көңіл бөліп, педагогикалық жəне психологиялық көзқарастарын дамытып, халқымыздың өмірде жаңғыруын көкседі. Қоғамдық дамудың жаңа сатысында эстетика көтеріліп, ақындардың айтысы, хикаялар мен қиссалар жаңа этикалық поэмалар өз көріністерін тапты. Музыкалық мəдениеттілікке Құрманғазы, Дəулет-Керей, Тəттімбет, Ықылас, Біржан, Мұхит, Ақан сері, Жаяу Мұса, Əсет, Сара т.б. əн-жырлары мен күйлері арқылы көрінді.

Философияның ең жоғарғы көрінісі — Абай Құнанбаев. Өзін «философ» деп есептемесе де, оның айтуынша, философтар Платон, Сократ, Аристотель табиғат — адам — қоғам жүйесінде философияның экзистенциалды мотивін ашып, «45 қара сөзін» болашақ ұрпағына өсиет етіп кеткен ұлы тұлға.

Абай Құнанбаев — қазақ халқының ұлы данышпан ойшылы, ұлы ғұламасы. Абайдың философиялық көзқарастары:

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын, —

деген қағидасынан басталады [1].

Əрбір адамды өз болымысына сай өмір сүруге шақырады. Өмірде адам бойынан адамдық əрекеттерден басқа хайуандық əрекеттерде бой алады. Ал адам хайуандардан ақыл-ой арқылы өзгешеленбейді ме? Міне, адам өзінің ақыл-ой, санасы арқылы өткінші өмірде орынды харекет етуге шақырады.

«Ей өтіп кеткен қайран күндерім-ай» демейтіндей, өзінің адами табиғатына сай əрекет етуді талап етеді. Адам табиғаттың аясында туған ұланы. Ендеше, сол табиғаттың аясындағы бұта, сол берілген мүмкіндікті, еркіндікті пайдалана отырып, неге өспейді. Өздерінің орынсыз əрекеттері арқылы өмірдің тұнығын шайқап, шат-шалағай болатындығы не? Адам атына лайықты іс істеліп, оның мəртебесін көтеретін биік мұраттан мұрындық болмаса, өзгенің бəрін-бəрін қойғанда пендешілік, ал əрілеп айтсақ, хайуандықтың айналасындағы бірдеңелер болып шығады. Ондай адам тіршілігінде от оттап, су сулаған жабайы хайуан «нəжістің қабы», ал өлгеннен кейін, одан да сасық өлексе, бара-бара қара топыраққа айналып кететін шіріндіге айналмақ. Сондықтан əрбір адам адамдық мəнділігін жоғалтпауы шарт. Ол үшін Абай адамдарды ғылым-білімге, адамгершілікке, еңбекке шақырады. Надандық пен күрестің басты құралы — ғылым-білім. Халқының санасына сəуле түсіргісі келді, ол сəулені Абай ғылымнан іздеді. Білімді адамның жүрегі — айна, көңілі ояу. Білімді адам үнемі білген сайын білуге талпынады, өйткені көкірегі ояу, бірдеңе айтса, жаны балқып шын көңілімен еліге тыңдайды, беріле ұғынады. Білімнің құдіреттілігі соншалықты, адамның санасында шөгіп жатқан құндылықтарға сəуле түсіреді. Тек қана биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру адам үшін түкке тұрғысыз нəрсе. Əрине, биологиялық қажеттіліктер тұқым жалғастыру, тамақ ішу, құрып кетпеу үшін қажет. Ал адамды мəңгілікке жетелейтін оның рухани өмірі. Рухани өмірде адам шексіз мəңгіліктің аясында өмір сүреді. Өлмес құндылықтарға қол созады. Адами мəнділігін жоғалтпауға тырысады. Адам тек қана биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратын  болса, адамға тəн көптеген құндылықтар қалыптаспаған болар еді. Адамды мəңгіліктің аясына жетелейтін оның рухани өмірі екендігін болашақ ұрпағына жеткізеді. Адам болам десең, байлықпен озбай, адамгершілік, ғылым, ар-мінезбен оз дейді. Кісінің адамшылық қасиетін бірінші орынға қояды. «Өмір жолының екі басы» туу мен өлу ғой. Екеуі де тəңір ісі, жаратылыс заңы. Осы екі аралықта өзіңе шақтап берілген өмірде құлап кетпе, тура шық дегенге шақырады. Адамгершілікті жоғары бағалап, əрбір ісің адамшылыққа бастауға шақырады. Жалған намыс сақтау қасиет емес, ар-ұят адамшылықты сақтау қасиет. Ар-ұят жазасы бар жазадан ауыр. Қазақта: «Өлімнен ұят күшті» деген қағида текке айтылмаған секілді. Абай — қазақ халқының ұлы ғұлама данышпаны. Абайдың дүниетанымы терең даналық, оның философиялық экзистенциялық мотиві терең, синтездің сипаты да бар. Абай дүниетанымында қазіргі заманымызда ерекше орын алатын ар-ұят мəселесі өз өрнегін табады. Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ, — дейді Абай. Ұят деген — адам өз бойындағы адамшылығы. Ал ұялып қызара білу адам бойындағы адамгершілік қасиетті білдіреді. Ұялу — жақсы сезім,  ең жақсысы адамның өзінен-өзі ұяла білу. Егер адам өзінен-өзі ұялса, жаман харекетке бармайды, өтірік, өсек, мақтаншақтыққа салынбайды. Көбінесе адам өз-өзінен ұялмаған нəтижесінде  өзгелерді алдайды. Кімде-кімнің əділеті жоқ болса, оның ұяты жоқ. Əділ, шыншыл адам ешқашан ұятсыз əрекетке аяқ баспайды. Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі. Егер де адамдардың бойында ар-ұят болса, оның əрбір істеген əрекеті адамшылдыққа бастайды. Ешкімге зиян тигізбей, қазіргі қоғамымызда адамның бойында ар-ұят табылса, ол болашаққа деген сенімді жол болар еді. Шындығында жалған намыс сақтау қасиет емес, ар-ұят — адам бойындағы ұлы қасиет. Арлы адам əрбір ісін əділділікпен істейді, ақты ақ дейді, қараны қара дейді. Не əділ болса, сол мəңгілік қой. Əділді əділ деу қажет деп қарау қажет екендігін ұғындырады.

XX ғасырда қазақ философиясы репрессияға ұшыраған, не қудалаған зиялы қауымның іс- əрекеттерімен байланыcты. Жаңа қоғамдық қатынастар негізінде (қоғамдық қатынастарды жасайтын адам) ұлттық философияны дамытқан, «Үш анық» еңбегі арқылы синтетикалық ой-тұжырым жасаған Шəкəрім Құдайбердиев. Шəкəрім Құдайбердиев — қазақтың ұлы данышпан ойшылы. Оның дүниетанымында көбіне мораль философиясымен мəдениет ілімін қамтыды. Шəкəрім дүниетанымында Тəңір, Нұр, Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Оның дүниетанымы мораль философиясына жақын.

Еңбекке шыда ебін тап,

Сабырдың түбі сары алтын.

Өзімшіл болма, көпті сыйла.

Адамның бəрі өз халқың [2; 45].

Адамзатқа өзара бірін-бірі қор қылмауға шақырады. Адамзатқа ортақ негізде өмір сүруге үндейді. Əрбір адам адамзатқа ортақ мүддені қорғауға, адам деген ұлы ұғымды қор етпеуге шақырды. Ар-ұят мəселесін бірінші орынға қойды. Егер адам өзіне сай адамгершілігін адамшылығын жоғалтса, оның өлгенімен бірдей. Бар жазадан ар-ұят жазасы ауыр. Қараңғы елді надандықтан құтқарудың басты жолы адамгершілік пен өнер, білім жолы деп біледі. Өнер білімге сүйене отырып, адамгершілік мақсаттарды туралы көзқарастарды көтереді. Ойшылдың өлеңдері, шығармалары терең даналыққа толы. Осындай шығармаларының бірі «Үш анық». Бұл Шəкəрімнің терең даналыққа  толы шығармасы еді. Шəкəрімнің дүниетанымындағы өзекті мəселе — ар-ұят мəселесі. Əрбір адам дүниеге келгеннен соң мақсаты дос көбейтіп, өзгелермен адамгершілік, ар-ұятты сақтамақ. Өйткені өмір бірқалыпты тұрмайды, ол аумалы-төкпелі. Қазақ дүниетанымында жақсылық пен жамандық категорияларының алатын орны зор. Себебі жамандық жасаған адамның өзіне, жақсылық жаса, сонда оны жеңесің, жақсылық жасасаң, жарқырап ашылып, толарсың. Ар — үлкен, ұлы ұғым. Ар — адамның өмір сүруінің бірден-бір кепілі. Ұят сезімі ардан келіп шығады. Ары жоқ адамда ұят болмайды. Осы ар-ұят мəселесі Шəкəрім дүниетанымында ерекше орын алады.

Сабыр-сақтық ой толып болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан,

Ынсап, мейірім, ар-ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан, —

деп жырлайды [2; 57].

Əрине, адам қарны ашса, өмір сүруі мүмкін, қаны бұзылып, ар-ұятын сатса, саналы адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қазақта осыған орай жоғарыда айтылған «Өлімнен ұят күшті» деп таныған. Егер ар-ұятты аяққа бассаң, өлгенмен бірдейсің. Сондықтан қазақ дүниетанымында ар-ұят мəселесіне байланысты тірі жүріп, арамдықпен бал жалағанша, адамгершіліктің уын ішіп өлген артық деген идеяға сəйкес өмір сүруге шақырады. Шəкəрім Құдайбедіұлының ең негізгі философиялық шығармасы — «Үш анық». Шəкəрім дүние ешқандай кездейсоқсыз белгілі  бір заңдылықты дамуының негізінде құдайдың, жаратушы, жаратқанды — бірінші анық деп таныған.

Жанның ажалсыздығы, аса маңыздылығы — Шəкəрім философиясындағы екінші анық. Егер дүние мақсаты жарымсақтылы дамып жетілсе, адамның жаны мəдениетті жасауда ең негізгі роль атқарса, оған енді азық керек, ол ұждан. Ұждан — бұл Шəкəрім философиясындағы үшінші анық. Ол əділет, мейірім, ынсап. Шəкəрімнің философиялық толғаулары адамды даналыққа бастайды, адамды үнемі орынды харекет етуге шақырады. Шəкəрімнің философиялық ойлары адамдардың өз болмысына үңілуге шақырады. Бұл өте ауыр жол, қиын. Бұл жеке адамның тұлғаның ғана қолынан келе береді. Сондықтан көп адам осыдан қашады. Қашу арқылы біз мүмкіндігімізден айырыламыз.

Егер адамдар өз болмысына үңіліп, соған сай əрекет етсе, дүниеде адам деген атқа лайықты орын тебеді. Сондай-ақ қазақ даналығының дамуына өзіндік үлесін қосқан ойшыл адам бойындағы тал бесіктен жер бесікке дейінгі барлық мəселелерді көтере отырып, адамзатқа ортақ мəселелерді көтерген. Адамзат өмірінде Шəкəрім Құдайбердиевтің дүниетанымының ерекше даналыққа толы, даналық екені анық. Оның тереңіне бойлаған сайын біз оны əр түрлі қырларымен көреміз. Оған зерттеулер жүргізілген сайын біз даналыққа шомыламыз. Сондықтан Шəкəрім дүниетанымы адамзатқа ортақ құндылық. Қазақ философиясында өзіндік орыны бар ойшыл Шоқан Уəлиханов. Ш.Уəлиханов — қазақ халқының ұлы ғұлама, ағартушысы. Шоқанның дүниетанымында терең философиялық көзқарастар жатыр. Шоқан адамдардың діни сенімін табиғат күшінің адамға еткен өктемдігінің əсерінен, адамның оның алдындағы əлсіздігінен пайда болған деп дəлелдейді. «Табиғат пен адам» өмір мен өлім ақыл жетпес құпия болып келді. Əлемді жəне ғажайып ғаламаттарын өмір мен өлімнің сырын адамның табиғатқа деген қатынасын, құпиясын білу сияқты қажеттіліктерден келіп əлем мен табиғат, өлген адамдарды қастерлеу шаман дінін туғызды. Сəбилік дəрежедегі адам күнге, ай мен жұлдызға жəне біздің табиғат немесе əлем деп атап жүрген шетсіз, шексіз мəңгілікке, бəріне табынатын болады. Əлемнің басы да аяғы да жоқ, өмір мəңгілік деп білген.

Ш.Уəлихановтың саяси, əлеуметтік көзқарасына тоқтайтын болсақ, ол басыбайлылық, патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққан ресей прогресшіл-демократтар тобына жақындығын дəлелдеді. Ол қазақ қауымын демократиялық жолмен өзгертуді көкседі. Шоқан алдымен елжанды, адамгершілігі мол, интернационалист жан еді. «Ең алдымен өзімнің туған халқымды, сосын Сібірді, сосын бүкіл Ресейді, содан кейін барлық əлемді сүйемін», — деп жазды Шоқан.

Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мəдениетінен үйренуге, прогреске шақырды. «Сот реформасы туралы жазбаларында» Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасында бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгенін, қазақ еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол берілгендігін əшкерледі. Сөйтіп, ол қазақ қоғамында үстем тап пен езілуші тап бар екенін айқындайды.

Дүниетанымдық көзқарасында Шоқан жалпы идеализм шеңберінен шыға алмағанымен, көп жағдайда материалистік көзқарасқа жақындады. Материяның санаға қатысы туралы мəселені материалистік тұрғыда шешті. Оның діни ұғым туралы пікірі өте құнды. Қазақ жерінде ол ислам дінімен қатар шамандық дін кең орын алып отырғанын талдап көрсетті. Діннің гносеологиялық тамырын ашты. Ислам дінін таратушы татар молдаларын сынады. Қазақ халқының тез дамуы үшін қазақ жерінде орыс мектептерін ашып, ислам діні ықпалынан босату қажет деп көрсетті. Шоқан Орта Азия,  Шығыс  Түркістан  елдерінің  тарихын,  мəдениетін,  тұрмыс-салтын  зерттеді.  Қырғыздардың «Манас» эпосын зерттеп, ол туралы ғылыми пікір айтты. «Жоңғария очерктерінде» Шоқан ең бай мəдени ошақтары болған Самарқан, Хиуа, Ташкент, Ферғана, Бұқара кітапханалары мен XIII–XIV ғасырларда қирағанын өкінішпен айтады.

Ұлт азаттық қозғалыстың өкілі А.Бөкейханов, ұлттық тілтану мен  лингвистика саласын дамытқан А.Байтұрсынов, əйгілі ақын-лирик М.Жұмабаев, қазақ романтикасының негізін қалаушы М.Дулатов, «Шығыстың ұлы азатшысы» М.Шоқай. Көне түрік жазбаларындағы алғашқы философиялық ойлардың да орыны ерекше. Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан, көшпенділік əмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.

Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тəңірге табынушылығында жəне сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мəселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мəдениетінің дүниеге келуімен белгілі.

Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі Қазақ хандығында — билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, əскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының əрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тəуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған ел заңы.

VIII ғасыр басында жазылған аталмыш жəдігерліктер типі XV–XIX ғасыларға дейін жеткен. Мұндай жəдігерліктер қатарына «Қорқыт Ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.

Бұл аталмыш жəдігерліктердің барлығының да мазмұнын тəңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түркілердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоғарыда Көк тəңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі текті жаралған екен». Олардың үстінен қарайтын «Тəңіріден болған», яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар, Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екендігін көне түріктер үстірт болса  да пайымдай алды ма? Əрине, оның үстіне тəңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тəңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының қайсысына «жақын» екендігі туралы əпсаналармен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. Тəңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі — Тəңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да Тəңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Орхон-Енисей жазбалары «Қорқыт Ата» кітабы, «Оғызнама» жəдігерліктерінде тотемдік, анимистік көзқарастар сілтемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.

Табиғи ортаны өңдеудің туындауы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп, дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғышарты еді. Тұтас, бірақ қарама-қайшылықты процесте оның əрқилы табиғи заңдылық жəне адамдардың мақсаты қызметі ретінде көрінеді. Енді  ол «табиғат бөлшегі» емес, оның əміршісі, өңдеушісі дəрежесіне ұмтылуымен бірге дамиды. Қауымдық болмыстың бейнесі — қауымдық сананың негізгі өзекті мазмұнын құрайтын, жеке адамдардың, яғни қауым мүшелерінің, мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал жасайтын, реттеушілік атқаратын ой кешу үрдістерінің жиынтығы танымдық тəжірибесі мол, көргені мен көңіліне түйгені көп ру ақсақалдарының құзырында болды. Жазу-сызудың жоқ кезінде ру көсемдерінің ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тəжірибені зердесіне сақтаған əрі күнделікті өмір сүру процесінің қарапайым қағидаларын тұжырымдап отыруы сол заманға тəн заңдылық болатын.

Көне жазулар ең алғаш тас бетіне жазған, одан кейін ағашқа жазған. Қазіргі күнгі жазу-сызу жобалары осындай үлкен өзгерістерден өту арқылы бізге жеткен.

Қазақ философиясының түп-тамырын ашу, оның тарихи кезеңдерін анықтау бүгінгі философтар үшін терең ойды, білімділікті қажет етеді. Біздің ойымызша, ең бір тиімді əдіснама — ол философияның принциптері мен заңдылықтарын қолдану, герменевтика, тарихилық пен логикалық бірлігі.

Тарихилық пен логикалықтың бірлігі. Қазақ философиясына қатысты негіздері үш мəселені ашып алу керек:

  1. Қазақ философиясы «қалай» пайда болды?
  2. Қазақ философиясы «қандай»даму сатыларынан өтті?
  3. Осы дамудың негізінде қазақ философиясы неге айналды қандай болды, болу керек? [3].

Біз айқындап көрсеткен тарихи кезеңдер, сұрақтың қойылуына байланысты көрсетіліп отыр. Əдебиетшілердің, əлеуметтанушылардың, мəдениеттанушылардың т.б. мамандардың өз тұрғысынан ойы болар. Солай болуы да керек. Осы орайда бүгінгі қазақстандық философия тұрғысында сөз ету өте орынды. Бүкілəлемдік философияның бір бөлігі ретінде қазақстандық философияның өзінің қайталанбайтын тағдыры бар, алдына қойған императивтері мен міндеттерін жауапкершілікпен жүзеге асыратын қоғамдық сананың ерекше формасы, рухани іс-əрекет. Көптеген  міндеттердің ішінде ең бастысы — қазақ философиясының ерекшелігі, философиялық рухани құндылықтарымызды тереңінен зерттеу, қазақи дүниетанымның бет-бейнесін жасау, оның өмірлік- мағыналы құндылық бағыттылығын анықтау. Қазақ философиясы — өзіне тəн онтологиясы мен антропологиясы бар мəдениеттің рухани «квитэcсенциясы» ретінде анықталады.

Қазақ философиясы батыстың логоцентризмі мен рациоцентрлік дəстүрінен ерекше біртұтастық принципіне негізделіп, жүрек пен сезім бірлігі арқылы руханилық пен адамгершілік өлшемін анықтайды. Қазақ философиясының дамуының 5 кезеңін анықтаймыз:

1. V–XV ғғ. болмысты түсінудегі түрік кезеңі;

2. XV–XVIII Қазақ хандығының дүниетанымы;XIX ғ.

3. қазақ даласындағы ағартушылар;

4. XX ғ. басындағы қазақ зиялы қауымның көзқарастары;

5. XX ғасырдың ортасынан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақстандық кəсіптік философия [4].

Қазақ, түрік, ислам философиясының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ашып көрсету арқылы қазақ философиясының бүгінгі келбеті, философиялық ойлаудың қазіргі моделі, руханилықты меңзейтін біртұтас көзқарас қалыптастыруда мына төмендегі мəселелерді ескеру керек:

  • қазақ философиясын жаңа деңгейде дамыту;
  • қазақ философиясының тарихын зерттеуде əдіснамалық бағыттылықты анықтай білу (материалистік тұрғыдан қарастырудан гөрі, тарихи-логикалық, аксиологиялық, герменевтикалық, синергетикалық принциптерді этноəлеуметтілік кеңістікте қолдану);
  • қазақ даналығының   негізгі   көзқарастық   ерекшеліктерін  талдауда  адамзаттың   рухани біртұтастығы негізінде, жеке тұлға ретінде олардың қөзқарастық жүйесін ерекше айқындау;
  • қазақтың дүниетанымын анықтауда əлемдік философиялық ғылымның бүкіл технологиясы мен методологиясын, қос-қостан болатын категорияларды қолдану қажет. Бірақ шығыс менталитетін, көшпенділер, қазақи дүниетаным сипатын қабылдауы мен түсінуін ерекше сақтағанымыз дұрыс;
  • қазақи дүниетаным, діни ерекшеліктер мен түсініктер, əлемдік-кеңістік таным, қазақи ойлауды терең түсіну;
  • бүгінгі қоғам дамуының жаңа сипатын ескере отырып, адамның жаңғыруы ұстанымын анықтау;
  • қазақ философиясының категориялық деңгейде анықтау.

Сонымен қатар бүгінгі күнде қазақ философиясы бойынша зерттеу пəні болатын ғылыми бағыттарды көрсетуге болады:

  • түріктілдес əлемдегі мифология;
  • қазақ даласындағы ислам философиясы (өткені мен бүгіні);
  • қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы ерік идеясы;
  • ортаазиаттық аймақтық   ойшылдардың   көзқарастық   категориялардағы  «Адам — Əлем» проблемасы;
  • қазіргі глобалды проблемалар контекстіндегі Қазақстан философиялық мектебінің еңбектері.

Қазақ халқының ұлтына нəр беретін ұлттық рухы өз дамуында талай тарихи кезеңді басынан өткізді. Қазақ философиясы бүкіл адамзатты танудың жəне халықтың ұлттық рухын танудың басты жолы. Адам ең бірінші өзін-өзі тану арқылы, өзін білім алып жетілдіру арқылы халқының рухани дүниесіне зер салып, содан өзіне керек руханилықты жинай білмек.

Рух, ең алдымен, қазақ рухының күнделікті өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, шаруашылығымен байланысты болған. Рухтың негізі халықтың бойына сіңген тəлім-тəрбиесінде, халқымыздың бойына сіңген керемет əрі бай, терең даналыққа толы тілінде, басқа елдермен салыстыруға келмейтін төл тума өнерінде жатыр. Халқымыздың даналық рухы мəңгі сарқылмайтын даналық. Рух дегеніміз — көне заманнан бүгінге дейін келе жатқан халық дүние-танымының ең жоғарғы формасы. Қазақ халқының даналық рухының көзіне айналған аңыз əңгімелер, жыр дастандар, мақал-мəтелдер, күй өнерінде жатыр. Бұның бəрі адамның өмір салтына байланысты туындаған. Қазақ даналығы — таусылмас дүниетаным. Қазақ даналығы адамдардың санасында шөгіп жатқан құндылықтарға сəуле түсіретін, ойлау қабілетін артыратын дүниетаным.

Қазақ халқының ұлттық сананың қалыптасуы оның даналық дүниетанымының қалыптасуының ең басты жолы. Халық санасында ерекше орын алған мəселелер оның күнделікті өмір тіршілігіне байланысты туындады. Халық санасына оның тереңінде шөгіп жатқан құндылықтарға сəуле түсірген ғылым-білім болды. Халықтық дүниетанымының қалыптасуы күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Көптеген ұлттық даналықтың қалыптасуына əсер еткен ол күнделікті өмір əрекеті. Адам жалпы өз тағдырын жасаушы өмірдің негізін құрушы басты себепші, өзгертуші пенде болса, оның өмірінде ерекше орын алған құндылық оның ұлттық санасы.

Жалпы қазақ халқының дүниетанымында ұлттық ілімнің идеялары басым. Жалпы адамды өзге тіршілік иелерінен өзгешелендіретін оның ұлттық санасы. Қазақ халқының ұлттық санасы өте биік, ұлттық сананың өзіндік ерекшелігі басым екенін анық дəлелдей аламыз. Біз оны ұлы  даналарымыздың дүниетанымынан жəне жыраулар ілімінен аңғара аламыз. Халық дүниетанымындағы ұлттық рухтың биіктігі, ол біздің ұлттық санамыздың жемісі. Сондықтан халық санасының қалыптасуы өзіндік қайталанбас əртүрлі кезеңдерден өтті. Халықтық дүниетанымның қалыптасуы ол жалпы халық санасының жемісі. Қазақ халқының даналығы ұлтының бойына біткен асыл қазынаны таныттыратын ерекше бір тағылым. Қазақтың даналық дүниетанымы толғамы тереңде жатқан құндылық. Сонау ертеден келе жатқан даналық сөздері қай заманда болмасын мағынасын жоғалтпайтын асыл қазына. Біз оны қай жағынан алып қарастырсақ та, терең даналыққа толы тағылым. Даналық дүниетанымның болашақ ұрпақтың өмірінде алатын орны ерекше. Ол əрбір қазақ баласының жанына мəңгі азық бола бермек.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Құнанбаев А. Шығармалар жинағы. — Алматы: Атамұра, 1991. — 32-б.
  2. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. — Алматы: Жазушы,1996. — 45–57-б.
  3. Қасабеков А., Алмаев Ж. Қазақ философиясы. — Алматы: Атамұра, 2006. — 12-б.
  4. Табылдиев Ə. Халық тағылымы. — Алматы: Жазушы,1985. — 33-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.