Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діни антропологиядағы адамның мəнділігі мəселесі

Діни философиядағы адам мəселесін қарастыру үшін, ең алдымен, діни антропологияның қандай ғылым екендігіне назар аударсақ. Бұл ілім адамның құдайға, тəңірге, этникалық жəне əлемдік діндердегі қасиеттілікке қатынасы туралы түсініктерге назар аударады. Бұл сонымен бірге діндерді танитын дəстүрлер мен қасиетті мəтіндерге негізделген адамның бағыт-бағдары мен оның мəні туралы ілім. Мұнда адамның шығу тегі мен мəні туралы əр түрлі діни түсініктерге салыстырулар жасалады, адамның жердегі жəне көктегі болмысына, оның ішкі жəне сыртқы мүмкіндіктеріне, оның бостандығы мен парызына деген алуан түрлі көзқарастар сараланады. Өйткені əрбір дін алғашқы қауымдық қоғамнан бастап осы уақытқа дейін адам, оның табиғаты, оның ғарыш пен адамзат қоғамындағы алатын орны, өмірдің мəні мен өлім, адамның Жоғарғы Мəнге деген қатынасы туралы түсініктер беруге тырысады.

Осындай адамға деген діни көзқарастардың алуан түрлілігі оның өмір сүруінің өзінің көп қырлы екендігін көрсетеді. Христиан теологтары адам туралы өздерінің түсініктерін сипаттап беру үшін антикалық философияның ілімдеріне жүгінді. Бастапқыда діни ілімдердің шеңберінде, кейін дербес түрде, сонымен бірге олармен əрдайым өзара байланыста бола отырып, діни-философиялық антропология, адам туралы христиандық философия дами бастады [1; 41].

Христиандық антропология адамды Жаратушының өзіне тектес тудырған Құдайдың жаратқан санаға ие туындысы деп анықтайды. Православиелік антропология апологетика мен патристика, исихазм мен неополамизм сияқты діни ілімдерде көрініс табады. Нақ осында ХІХ–ХХ ғасырлардағы орыстың діни философиясының антропологиялық тұжырымдары қарастырылады, олар: соборшылдық философиясы, софиология, персонализм, гегельшілдік, рухани-академиялық философия. Бұл мəселеге назар аударған орыстың танымал философтары: Памфил Юркевич, Владимир Соловьев, Николай Бердяев, Семён Франк, Павел Флоренский жəне тағы басқалар.

Католиктік антропологияда неотомизм, тейярдизм, неоавгустинизм, экзистенциализм сияқты католик шіркеуінің философиясы мен діни ілімдегі негізгі бағыттар мен тенденциялар көрініс береді. Мұндағы танымал ойшылдар: Анри де Любак, Тейяр де Шарден, Ханс Урс фон Бальтазар, Карл Ранер, Анри Жильсон, Жак Маритен, Эммануэль Мунье, Габриэль Марсель, Поль Рикёр.

Протестанттық антропологияда протестантизм өкілдері, либералды теология, диалектикалық теология, протестанттық экзистенциализмдегі дінсіз христианшылдық, протестанттық герменевтика көрініс береді. Мұнда Мартин Лютер, Жан Кальвин, Фридрих Шлейермахер, Паул Тиллих, Карл Барт, Рудольф Бультманн, Дитрих Бонхёффер, Ганс Георг Гадамер сияқты ойшылдардың антропологиялық ойлары қарастырылады.

Қазіргі заманда антропологиялық мəселелерге қатысты екі қарама-қарсы бағыт қалыптасты деп айтуға болады, олар, біріншіден: орта ғасырлық теоцентристік принциптің жаңа дəуірден бастап антропоцентристік     принциппен     алмаусына     жəне     жан-жақты     сипат     алуына  байланысты

«Антропологиялық Ренессанс» кеңге қанат жая бастаған. Екіншіден, бұл позицияға қарама-қарсы көзқарастар пайда болған [1; 53].

Енді адам туралы түсініктерге назар аударатын болсақ. Мысалы, Ежелгі əлемде жекелеген адамның өзі зерттеудің дербес пəні болған жоқ. «Антропология» терминін ертедегі гректер қолданбаған. Христиандыққа дейін антикалық дəуір «тұлға» ұығымын білген жоқ. Адамның өз өзін тұтас бір тұлға ретінде қабылдау идеясын көтерген Тертуллиан болатын, ал тікелей  бұл мəселені жеке өз алдына өңдеген Августин Аврелий болды. Христиандықта адам космологиялық сюжеттерден тəуелсіз өздігінен құндылыққа ие болды. Ақыл оймен жанданған, тəндік сезімнің субстанцияға ие қайталанбас жан ретіндегі адам туралы түсінік пайда болды. Христиандық адамды ғарыштық шексіздіктің билігінен құтқарды.

Ежелгі əлемнің Құдайы көбінесе адамды өзінің пайдасына жаратқандай, яғни мұнда адамды табыну мен құрбандықтар шалу үшін ажартқандай. Адамдар бұл дəуірде түкке тұрғысыз күйде. Адамнан гөрі табиғаттың сипаты таза, саналы, асқақ жəне Құдайға жақындау болды.

«Көне Өсиеттегі» мəтіндерге назар аударсақ, мұнда аспан шырақтары, жер мен өсімдіктер жансыз. Таң қаларлығы, адам мұнда құдайдың белгілі бір практикалық мақсаттары үшін құрал ретінде емес, құл да емес, мұнда ол Құдіреттің тудырған табиғатының бейнесі ретінде көрініс береді. Құдай өзінің ерекше туындысы ретіндегі адамға, оның рухани жəне физикалық күйіне қамқорлық танытады. «Жаңа Өсиеттегі» антропология православиелік діни ілімде, кейін католиктік мистика мен схоластикада, соңында протестантизмде дами түседі.

Бір уақытта діни антропологиямен қатар, адам туралы философиялық ілім де дами түседі, бұл ілім антикалық дəуірдегі Сократ пен Аристотельдің көзқарастарынан негіз алды.

Ренессанс пен Жаңа Дəуірдеге философияда жаңа өзгерістер дүниеге келді. Адам зерттеу пəні мен дербес «субъект» ретінде қоғам мен ойшылдардың назарын өзіне аудартты. Жаңа философия адамның қадір қасиеті мен шексіз мүмкіндіктерін көре бастайды. Адамның ролі мен қабілетінің дəріптелгендігі соншалықты, адамда да тəңірге тəн жаратушылық қабілеттер бар деген ойлар пайда болды. Адам өзінің ақылының күшіне, көркемдік талантына, саяси-реформаторлық мүмкіндіктеріне сенімді. Бірақ та уақыт өте келе жаңа антропологияның сырт жағы көріне бастайды. Жаңа дəуір болса адамның ақыл ойы мен адамның саналы жəне жеке адамгершілік құрылымына деген сенім білдіре бастайды.

ХХ ғасыр лаңкестік жағдайлары мен қан төгісті дүние жүзілік соғыстармен толыққан дəуірде адам мəселелі жəне құпия мəнге ие болды [2; 20].

Теологтардың антропологияға деген қызығушылықтары мен діни жəне философиялық антропологияның ара қатынасы туралы пікірталастар ХХ ғасырдың 20-жж. ұлғая бастады. Бұл қызығушылықты М.Шелердің, Г. Плеснердің еңбектерінен байқауға болады. Осы философиялық антропологияның негізін салушы М.Шелердің айтуынша, адам ғарышта негізгі орталықтағы позицияны иеленеді, өйткені мұнда адам санасыз, бірақ та алпауыт əлемнен жоғары тұрады. Адамзат ақылының күшіне енді күдіктер туа бастады, бірақ та адам баласы ғарыштан өзінің рухымен, өзінің бостандығымен, айқынсыздығымен асқақтап көтеріледі. Шелердің ойынша, рух өмірге қарама-қарсы тұрады жəне одан энергия алғанымен де одан жоғары тұрады. Яғни адам өзінің өміріне аскетикалық тұрғыдан қатынас жасайды. Жануарлар шынайы болмысқа əрқашан «иə» деп бас иеді, қорықса тіпті қашып кетеді, ал адам — бұл «жоқ» деп айта алады, қарсы келе алады. Мұндағы басты мəселе, Шелердің пайымдауынша, адамның мəнін ашу керек, адам дегеніміз — кім соған жауап беру керек. Дін де, философема да осы уақытқа дейін адамның кім екендігін анықтаудың орнына, оның қайдан пайда болғандығына назар аударумен келеді. Негізінен, адамды түсінуде нақтылы-ғылыми, философиялық жəне діни ұғынуларды шоғырландырушы роль атқарып, адамның біртұтас тұжырымдамасы жасалуы керек деді. Негізгі мақсат — тіл, ұят, намыс, құрал мен аспаптар, қарулар, мемлекет, басшылық, миф, дін, ғылым сияқты ерекше монополияланған адам болмысының негізгі құрылымынан туындайтын, барлық жасалынған жəне іс-əрекеттерді дəл көрсету керек.

Осы бағытты қолдаушылар адамды көп өлшемді жəне тұрақты түрде өзгерісте болатын жан иесі деп сипаттайды. Əрине, оның негізгі кейбір қасиеттері мың жылдар бойы өзгермегенімен  де, адамның физикалық жəне рухани бастауларындағы жұмбақ түрде жасырылған барлық мəнін аша алмайды, тіпті осы бастамалардың табиғаттан жеке дара алып қарастырғанның өзінде айқын анықталғандығы есептеліне алмайды. Олар адамның өзі өз-өзіне ылғи да жаңа жұмбақтар беретін белсенді басталым ретінде көрінетін сыртқы əлемді ұғынуға тырысатын оны өзінің қалауымен өзгертетін микрокосмос екендігіне баса көңіл аударды [2; 33].

Басқаша айтқанда, ол жаратушы жəне сонымен қатар мəдениет арқылы жаратылушы, ал басқа жануарлардың əлемнен түбегейлі түрде айырмашылығы бар, адам — руханилықтың мұрагері.   Адам туралы тарихта əр түрлі концепциялар пайда болды, олардың барлығы, Макс Шелердің пікірінше, бес түрлі идеяға жинақталған, олар: адам туралы бірінші идея осы уақытқа дейін өзінің үстемдігін көрсетіп келген діни сенім.

Адам туралы екінші идея — гректердің ойлап тапқан ақыл-парасатты адамы, əсіресе Анаксагорда, Платонда, Аристотельде анық көрсетіледі. Адам ойлы ақылдың арасында мына мүмкіндіктерге ие болады. Біріншіден, барлық барды өзімен-өзі күйінде тани алады; екіншіден, əлемді тани алады; үшіншіден, Құдайды тани алады; төртіншіден, өзін-өзі тани алады.

Үшінші идея — шебер адам, адамның ақыл-ойы — ақылға деген ерекше қабілеттілігін жалпы теріске шығарады. Адамды еңбек құралдарын пайдаланатын мақұлық ретінде қарастырады. Сөз, ұғымдар психикалық нəзік құралдар ғана.

Төртінші идея — адамның мыңдаған жылдық тарихындағы құлдырауы туралы. Оның себебі — адамның шығу тегі мен мəнінде. «Адам дегеніміз не деген?» қарапайым сұраққа ол  бос суррогаттарды (тіл, құрал саймандар) дамыта алатындығымен жауап береді. Өзінің биологиялық əлсіздігінен жəне күшінің жоқтығынан адам өркениеттілікті, мемлекетті, құқықты жəне өндірісті жасады.

Бесінші идея — Ф.Ницше, Н.Гартманның жəне басқа да ойшылдардың атеистік антропологиясы. Оның ең басты мəні мыналардан тұрады: адам болмысының мəні, неге жаратылғандығы, жауапкершілігі, еркіндігі үшін Құдай бар болмауға тиісті. Тек қана азат өнегелі мəндегі жан иесі, механикалық əлемде немесе басқа бір əлемде өмір сүруі мүмкін, бірақ та əйтеуір адам технологиялық əлемде емес. Өзінің жоспарына сəйкес құдай жасаған əлемде жеке тұлғалы адам өледі.

Қоғамдағы өзгерістердің шешуші факторы — адам. Біз өмір сүріп отырған қоғамның дамуына жаңа концепциясының жүзеге асуын қамтамасыз ететін де адамдардың нақты қызметі. Қазіргі қоғамның даму саясатының жетістіктері де, қиындықтары да, сəтсіздіктері де жеке адамның бойынан көрініс табады. Сондықтан да адам мəселесін, жалпы адам мен қоғам жүйесіндегі адамды маңыздылығы жағынан екінші орынға ығыстыра беретін көзқарастан арылып, оның болмысының рухани адамгершілік негіздерін зерттеу аса маңызды жəне өзекті.

Осы адам мəселесінің бір қыры — адам өмірінің мəні. Өмірдің мəні мəселесін ұғыну арқылы адам өзінің бүкіл тағдырын айқындай алады. Сократтың «Өзіңді өзің таны» деген қағидасын басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі дүниесін тереңдеп тексеруге ұмтылған адам өзі ойламаған қиындықтарға тап болуы мүмкін. Өмірлік мəнділік мəселе адамның ақырғы шешімі жоқ өмірлік мəселе. Адам өмірінің мəнділігі мəселесі ежелден қалыптасқан философиялық категориялардың қатарына жатады. Өмірдің мəні категориясын талдауды ең əуелі өмірдің өзінің адам үшін маңыздылығын ұғынудан бастау керек. Адам өмір кешіп жатқан дүние ол құндылықтар дүниесі. Осы тұрғыдан талдасақ, адам үшін ең басты құндылық пен ең бағалы нəрсе ол өмір. Өмір — адам тіршілігінің негізі, оның сан алуан қажеттіліктері мен талап-тілектерін, мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыруының жалғыз жəне абсолютті мүмкіндігі болып табылады. Өмір болмаса, адамның өзі де, өмірдің мəні туралы ойлары да, іс-əрекеттері де, қуаныштары мен қайғысы да болмайды. Өмір адамға берілген болмыс, оның мəні адамның осы болмыстың барлық көріністерінен мəн іздей отырып, өмір сүруінде. Өмірлік мəнділік туралы толғану адамның тұлғалық сипатын білдіреді.

Отандық философияда жан-жақты жетілген адам ілімін неғұрлым толық жəне жоғары дəрежеде дамытқан ойшыл Абай жеке адамның қалыптасуында əдептілік пен адамгершілік, сыпайылық пен əсемдік принциптерінің өте үлкен роль атқаратындығын ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар ол білім мен білімділіктің маңыздылығын терең түсіне білді, қазақтың жастарын əдептілік пен адамгершілікті, білім мен ақыл ойды, ізгілік пен шындықты өмірлерінің негізгі принциптері деп қарауға шақырды. Абай қазақ халқына əр уақытта «Адам бол», өміріңнің аяғына дейін адамдық қасиетіңді жоғалтпа деп үйретті.

Ал енді Абайдың көзқарасына келсек, ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мəселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам — иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: «Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа əр түрлі бəлеге ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нəрселерге үйірлендіруге себеп болатын нəрсе», — деп ой түйіндейді. Жан адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мəңгілік болмысы болып табылады.

Тəн мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тəрізді. Олар ауысып отырады. Жан білімге жəне рухани лəззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, əрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап көрсетеді жəне мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен тəн арасындағы қайшылықты жəне олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады.

Шығыс философиясы бойынша, адамның жетілуі дегеніміз — жанның материалдық құрсаудан босану барысы. Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан соғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда əлдеқайда тəуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Абай тəнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тəнді нəзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-əрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақыт сезіміне бөлейді.  Адам

«микрокосм» болғандықтан, оның өмірі «макрокосм» болып табылатын бүкіл əлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан əркімнің өмірі бүкіл əлем заңдылықтарымен толық үйлесімді болғаны абзал. Абай өзін тəнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді «пенде» деп, нəзік болмысын жетілдірген интеллектуалдарды «адам» деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді «толық адам» деп атайды. Қоғам көре алмаушылық, зұлымдық, қулық, сұмдықтан толық тазарғанда ғана бұл жаман қасиеттер, басқа да дөрекі мінез-құлықтар, тіпті адамға көрсетілетін зорлық-зомбылықта жоғалады деп сенеді.

Абайдың мына бір даналығына тоқталайықшы: «Адам баласын замана өсіреді, кімде кім жаман болса, замандасының бəрі жазықты». Əр қара сөздерінің ой толғауларын қарасақ, адам өзіне тəн құндылықтарды қоғамда өмір сүру барысында жинақтайды екен. Уақыт, дəуір, қоғамдық  орта адамды қалыптастыратын маңызды факторлар екенін Абайдың философиялық көзқарастарынан толық анғарамыз. «Тəрбие тал бесіктен басталады» демей ме дана халқымыз. Əрқашан да білім мен тəрбие ажырамас бірге жүретін үрдіс. Абай адамды қалыптастыратын тəрбие деп бағалап, оған үлкен мəн берген. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,  —  дейді [3; 77].

Абайдың ойынша, адамның ақылдылығы, тəрбиелігі, саналығы дүниені зерттеумен, оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Қоршаған ортаны тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру, оның пікірінше, адамға тəн қасиет. Ұлы заңғар жазушы М.О.Əуезов былай дейді: «Абайға келгенде …адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына тікелей қатысы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, əрі сапалы, терең ойлы пікірлері бар екені даусыз. Біздің білуімізше, Абайдағы философиялық көзқарастың көзі адамгершілік мəселесіне тіреледі» [3; 99].

Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық — адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын  бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз:

  • біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс-тіршілігі;
  • екіншісі, əлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы;
  • үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дəстүрлі мəдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары;
  • төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдік құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары;
  • бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану.

Адамның өз іс-əрекетін, сөзін пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу. Жаратушы махаббатына сүйіспеншілікпен жауап қайтару жолы. Бұл бес тармақты бағыт, адамның жаны мен тəнінің дамуы мен өркендеуі, өсу негізінде қалыптасатын, бүгінгі өмірде маңызды орын алатын талпыныстар. Абайдың ойлау жүйесі, адам өмір сүруінің философиясы мен табиғатына, адамзат болашағына зор сенім негізінде қалыптасқан. Адам үшін дүниеде тек тірі организм болып тіршілік ету, организмдік мұқтаждықтардың шеңберімен шектелу жеткіліксіз [3; 77].

Оның дүниеде болуын ақтай алатын нəрсе — мəнділік. Яғни адамдықтың  мəні. Бірақ кейбіреулер осы тірлікті ғана қамтамасыз етуді, соның мұқтаждықтарына ғана қызмет етуді өз өмірінің бірден-бір мəні немесе мағынасы деп білуі де мүмкін. Осылай ойлайтын адамдар аз да емес. Өмір сүрудің қиындығы көбінесе осылай ойлауға негіз де береді. Əйтседе, егер адамдардың барлық əрекеттері мен қылықтарын олардың организмдік, тек тəндік мұқтаждықтары ақтай алатын болса, онда адамға ғана тəн көп нəрселер болмас еді. Адамгершілікті, ізгілікті, əділеттілікті мойындаудан басқа шексіз байлыққа, билікке, үстемдік пен озбырлыққа ұмтылушылық та көп адамдардың көкейтесті пиғылдарына айналатындығы тарихтан белгілі. Жеке адамдар өмірінің мəні болған тағы да осындай нəрселерді айтуға болады. Сол сияқты тарихи кезеңдер бір халықтың, таптың тағы да сол сияқтылардың екіншілеріне үстемдік етуге ұмтылуы, тіпті оларды жойып жіберуді көздеуі осындай мəннің орнын басады. Мəнділіктің адамдарды басқа барлық жəндіктерден бөлектетіп тұратыны — оның адамдарға табиғаттан берілген тума қасиет еместігінде.

Адам туғанда мəнімен бірге тумайды. Ол кейінгі қалыптасуында ғана мəнділікке ие болуы мүмкін. Жəне ол да тек мүмкін нəрсе. Онда бұлтартпайтын қажеттілік, заң жоқ. Себебі дүниеге келген нəрестенің адам болуының өзі де мүмкіншілік қана, ол болмай қалмайтын тағдыр емес. Сондықтан да адамдардың əрқайсысы белгілі бір мəнділікті өзі жасайды, яғни оның таңдайтыны өзінің биологиялық қасиетінен басқа да болуы жəне сол өзінің биологиялық болмысы да болуы мүмкін. Белгілі бір тарихи дəуірге немесе ортаға тəн мəнділік сол дəуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани кескінін құрайтын нəрсе. Байырғы қауым адамдарының мəдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа осы тұрғыдан қарау жат нəрсе. Осы қатесін Л.Леви-Брюль кейін өзі де мойындаған.

Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы  мəнмен  анықталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мəнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат пен адамның бірін-бірі толықтыратын, жаңғыртатын үйлесімді байланысы жəне екіншіден, табиғатты тек пайдалануға ұмтылу. Табиғатқа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек өзінің бір мұқтаждығының тұрғысынан қатынас жасау антикалық дəуірден бастап Еуропада кең өріс алды. Онда табиғатты тек Адамның бір кəдесіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, табиғи қоймасы ретінде ғана қарап іс-əрекет жасау басым болды. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіпті баз біреулердің жан дүниесінде жалғыз ғана құмарлыққа ие болған жерде табиғаттың, басқа адамдардың, жалпы өзінен тыс құбылыстардың қайсысы болса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, оңдай жандар үшін табиғаттың кез келген заты я пайдалы, я пайдасыз, олардың өзіндік құндылығы ол үшін жоқпен тең.

Сондықтан ондай адам, оңдай қоғам табиғатты тəуелсіз мағынасы үшін қастерлемейді, мəпелемейді, тіпті сақтауға да ұмтылмайды, одан тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір мəнділіктің ешбір қоспасыз «таза» анықтамасы [4; 50]. Бірақ өмірде ол қатынас «кіршіксіз» күйінде кездесе бермейді. Өкінішке орай, өзіміз өмір сүріп отырған дүниемізде осы қатынас басым. Соның арқасында өзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде. Бұл қатынас түбірінен өзгермесе (бүкіл əлемдік шеңберде) адамзат қазіргісінен де зор апаттарға ұшырауы сөзсіз. Бұл тарихтағы жалған мəнділіктің бір көрінісі. Қоғамдық қарым-қатынастар бір кезде қалай ұйымдастырылса, əсіресе не үшін ұйымдастырылса, сол айнымай сақталып, үнемі қайталанып отыруы тиіс. Оның принципі — жеке адамды қоғамдық бүтіндікке толық мойынсұндыру деуге болады. Осы кезеңде жəне антика мен орта ғасырларда сақталған түсініктер бойынша адамдар іс- əрекеттерінде əр нəрсенің өзінің белгілі бір шамасының бар екенін, сол шамадан асып кетсе жаманшылыққа соқтыратынын ұмытпауы керек.

Ол шаманы əр түрлі діни-философиялық жəне күнделікті ойлаудың түсініктері бойынша құдайлар, табиғат, не космос, мемлекет, не қоғам орнатқан. Сонымен қатар ондай өлшемдер өмірде бар, берік орныққан ғана тəртіптер емес, олар адамдардың ұдайы ұмтылатын, көздейтін, аңсайтын немесе міндетті нəрселер жəне соған сəйкес олар ақиқаттың, тамашалықтың,  əсемдіктің, игіліктіліктің үлгісі. Қазақ халқының ұғымында адамның мінез-құлқындағы астамшылық — осындай өлшемдерден асып кету, өлшемдерден аттау. Адамның кісі (субъект) ретінде даму деңгейі қашанда əр түрлі. Жеке адамдар, кейбір тұлғалар осындай даму жағынан көпшіліктен ілгерілеп кетіп жатады. Олар адамдық, тұлғалық дамудың жаңа өрістерін, соны жолдарын айқындап, өздері сол жаңа болмыстарында өмір кешетіні болады. Олар басқа адамдармен осы өздері ашқан жəне өздеріне тəн еткен  өлшеммен  қарым-қатынас  жасайтыны  түсінікті.  Ал  бұл  жаңа  өлшем,  адамдықты  басқашаөлшеу, оны басқа қасиеттерден көру, əрине, көпшілікке түсініксіз. Замандастарының көпшілігі оны өздеріне жат, тіпті қауіпті нəрседей қабылдауы хақ.

Сонымен бірге адамдыққа жат мүдделердің үстемдік құрған кездерінде адамдардың көпшілігінің көңіл-күйінде жеке тұлғаның, əсіресе рухани жасампаздық жағынан алғандағы тұлғаның үздіктігіне деген жауығу пайда болатыны да бар. Бұл қатардағы адамның əрқайсысының өзін субъект емес, объект деп сезінуінің көрінісі. Ал объектілер, яғни тек сыртқы бір ықпалдың күшімен ғана қозғалысқа келетін нəрселер, жалпы алғанда бірдей болуға тиіс. Олардың біреуін барлық уақытта екіншісімен ауыстыра салуға болады. Ал үздік тұлғаны басқа ешнəрсемен ауыстыра алмайсың. Оның өлшемі біреу-ақ [4; 66]. Жеке адамға көпшіліктің ұстанған нормаларын күшпен таңу əділетсіздік. Өйткені кейбір жағдайларда жеке тұлғаның өлшемі мазмұны жағынан көпшіліктің нормасына қарағанда шексіздік болып тұрады, яғни бүкіл адамзаттың дамуының үлгісі бола алады. Тарихта ол жөнінде мысалдар жеткілікті.

Мен данамын деп жүргендердің бəрін де əшкерелеп, дана емес екендігін көрсетіп жүрген Сократ Афинадағы көп адамдарға ұнамай, ақыр соңында, оны соттап, у ішуге ұйғарғаны белгілі. Өз ортасында кезінде ең озық ойшылдардың бірі болған Абайдың да замандастарының көпшілігінен түсіністік таба алмағаны мəлім. Тіпті өзіне ең жақын, оны бағалай білді дейтін кісілердің өздері де оның ойының көп жақтарына өресі жете алған жоқ. Өзін қолдайтын адамдардың ортасында жүрген күннің өзінде де ондай ойшылдардың жалғыздықты сезінетіні сондықтан.

Бұлардан шығатын қорытынды: өзіңе бөтен, өзгеше, жат көрінетін көзқарастарға, өлшемдерге төзімділік қажет. Кез-келген адамның сан алуан өлшемдермен тіршілік етуіне құқықтары бар, тек олар өз өлшемдерін бір-біріне күштеп қабылдатудан бас тартуы керек. Онсыз адамдар арасында толастамайтын мəңгілік соғыс бола береді. Адамзаттың бүкіл өткен тарихы осылай болып келді жəне солай болып отыр.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Əлеуметтік философия: Хрестоматия. — Алматы: Ақыл кітабы, 1997. — 95 б.
  2. Кириллов В.И. Основные проблемы философии. — М.: Наука, 2005. — 140 с.
  3. Құнанбаев А. Өлеңдер жинағы. — Алматы: Жазушы, 1976. — 147 б.
  4. Нысанбаев А. Қазақша философия тарихы. — Алматы: Өнер, 2009. — 180 б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.