Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ежелгі құлажорғалықтардың жерлеу ғұрпына қатысты тұжырымдар

Б.з.д. IV ғ. соңы — б.з. I ғ. Алтай жəне Тарбағатай теріскейінде, археологиялық мəліметтерге қарағанда, мəдени дəстүр алмасып, тұрғындардың этникалық құрамы өзгереді. Зерттеушілердің көпшілігінің тұжырымынша, бұл үдеріс «халықтардың ұлы қоныс аударуымен», яғни хұндардың жаулап алуына байланысты болған. Жалпы көрсетілген тарихи уақыт аралығы Шығыс Қазақстан ерте темір дəуірінің соңғы кезеңі ретінде айналымға енгізілген. Нақтырақ айтар болсақ, қарастырылып отырған өңірдің ерте темір дəуірі келесідей кезеңдерден тұрады: Майемер, Берел, Құлажорға. Алдыңғы екі кезеңнің хронологиясы, мəдени атрибуциясы жəне т.б. белгілері бойынша біршама толыққанды ақпарат берілгендіктен, оларға тоқталмастан, тақырыбымызға сəйкес тікелей Құлажорға кезеңіне мəн берсек.

 Құлажорға қорымы

Қарастырылып отырған кезеңнің атауына негіз болған ескерткіштерді С.С. Черников 1948 ж. Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Самар ауданындағы Құлажорға (сур. қара) жəне Баты ауылдары жанындағы қорымдарды зерттеу барысында тізімге алады. Олардың қабір іші құрылысы мен жерлеу ғұрпындағы өзіндік ерекшеліктері, аймақтағы замандас ескерткіштермен ұқсастығының болмауы, С.С. Черниковке бұл ескерткіштерді жеке бір кезең ретінде бөліп көрсетуге негіз болды. Осылайша 1940–1950-жж. зерттеуші осы кезеңге жататын бірнеше қорымда археологиялық қазбалар жүргізіп, ескерткіштерді қалдырған халықтардың мəдени атрибуциясына, жерлеу дəстүріне, өмір сүрген кезеңіне т.б. қатысты өзіндік ой-тұжырымдамаларын береді. Зерттеушінің осы кезең бойынша ғылыми ізденістерін 1960–1980-жж. Ф.Х. Арсланова, З.С. Самашев, 90-жж. басында А.А. Ткачев жалғастырды.

Құлажорға кезеңінің осы күнге дейін қазылып зерттелген қорғандарының саны нақты емес. Олай дейтін себебіміз С.С. Черников зерттеген қорғандардың бірқатары құлажорға кезеңіне жатпауы мүмкін, зерттелген ескерткіштердің саны берілгенімен, олардың қандай мəдениетке тиесілі екендігі нақты ажыратылмаған. Жалпы бізге белгілі қорғандарының диаметрлері 5–15 м, биіктіктері 0,6 м шамасында болса, диаметрі 30 м болатын  екі  қорған  Баты  мен  Пчела  қорымдарында  тіркелген. Бұл кезеңнің зерттелген Құлажоға, Қызылту, Жартас, Баты, Юпитер, Славянка, Убаредмет, Қарашат жəне т.б. ескерткіштері негізінен Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Қалба тау жоталары мен Шүлбі өзені атырабында орын тепкен.

Соңғы жылдары біздің ғылыми топтың ШҚО Зайсан ауданына қарасты Шілікті жазығында жүргізген  зерттеу  жұмыстары  барысында  Құлажорға  кезеңіне   тəн   бірнеше   обалар  қазылды. Бұл С.С. Черниковтың Құлажорға кезеңі ескерткіштерінің осы аймақта да таралуы мүмкін деген болжамдарын дəлелдей түсті, дегенмен бұл мəселе əліде толыққанды ізденістерді қажет етеді.

Археологиялық кезеңге атау берген Құлажорға қорымын зерттеу барысында С.С. Черников ескерткіштердегі мүрделердің біразы тас жəшіктерде ғана емес, адам қаңқасын қоршаған ағаш қорапты жер қабірлерге қойылғандығын, ал мұндай жерлеу түрінде ақыреттік заттар кездеспейтіндігін анықтады. Сонымен бірге, зерттеушінің пікірі бойынша, құлажорғаның ең ерте кезеңі қорғандарына тасты топырақ үйінді, тас жəшік, оң қырымен, басын шығысқа қарату  тəн болған. Зерттеуші құлажорға кезеңі қорғандарын сақтарға жатқызатындығын айта келе, кейбір белгілері үйсіндерге келетінін алға тартып, алдын ала есеп беруінде оларды б.з.д. IV–III ғғ. мерзімдейді [1]. Бірақ кейіннен аталмыш мəселеге байланысты біраз материалдар толықтанған тұста, зерттеуші өзінің құлажорға ескерткіштері туралы тұжырымдалған, біршама қорытындыланған мақаласында оның уақытнамасын б.з.д. III-II ғасырлармен мерзімдеген болатын [2; 68].

Құлажорға қорымымен қатар зерттелген Баты қорымы қорғандары Ертіс өзені мен Қалба тау жотасы ортасындағы тегістікте солтүстіктен оңтүстікке  қарай  созылған  екі  тізбекте  орналасқан. Бұл қорым қорғандарының құлажорға ескерткіштерімен ұқсастықтары мынадай белгілерден анық көрінеді: екі қорымдағы қорған үйінділері топырақ не тастан тұрғызылған жəне формалары бірдей, тас жəшіктер мен ыдыстары бірдей болып келеді. Ұқсастықпен қатар кейбір өзгешеліктер де бар. Мəселен, Құлажорғада қола заттар кездессе, ал Батыда мүлдем кездесе қоймайды. Сондай-ақ Құлажорғада қойдың құйымшағы тек бір қорғанда ғана кездеседі, ал Батыда мəйіттердің барлығының жанынан ұшырасып, орналасуы бойынша батыс, солтүстік-батысқа қарай бағытталынады. Осындай өзгешеліктеріне орай жəне де өзге материалдары бойынша С.С. Черников Баты қорымын б.з.д. II–I ғғ. мерзімдейді. Баты мен Құлажорға ескерткіштері сақ жəне үйсіндермен генетикалық жағынан байланысы барын жəне үйсін тайпалық одақтарының Ертістің жоғарғы ағысына дейін таралғанын айта келе, автор олардың солтүстік шекарасының əлі де анық еместігін атап өтеді [2; 65–76].

С.С. Черников басқаруындағы экспедиция 1950 жылы Ертіс өзенінің оң жағалауында Самара ауданы Қызылту ауылы маңындағы ерте темір дəуірінің қорғандарына қазба жұмыстарын жүргізеді [3; 4–21].  Зерттеу нəтижесінде қорғандардың екі түрлі  мəдениетпен  сипатталатындығы  анықталды:

  1. Құлажорға типіндегі топырақ пен тас аралас қорғандар;
  2. Алтайлық (пазырықтық) қорғандарға ұқсас тас үйінділі қорғандар. 

Қызылту қорымындағы (№ 3 қорған) Құлажорғаға тəн болып келетін жерлеуде (2,1x1,2 м тас жəшік) адам шалқасымен жатқызылып, басы солтүстік-шығысқа бағытталған. Бас жағына əдеттегідей екі қой құйымшағы мен қыш ыдыс қойылған. Ал, нағыз пазырық мəдениетіне тəн № 4 қорғанда бұрыштары дөңгелене келген төртбұрышты қабір шұңқырында қойылған төрт бөрене ішіне екі-үш жасар бала жерленіп, оның солтүстігіне аяқтары бүгіліп, бастары тік етіп қойылған екі жылқы жатқызылған. Қабірдің солтүстік-шығыс бұрышына екі қыш ыдыс, қойдың алты құйымшақ сүйегі жəне екі темір пышақ қойылған. Баланың жас ерекшелігіне қарамай тереңшұңқырда ересектердей салтпен жерленуі ерекше қызығушылық туғызады [4]. Құлажорға   типіндегі № 3 қорғанды С.С.Черников 1948 жылы зерттелген Құлажорға жəне Баты ауылы жанындағы қорғандар сияқты ж.с.д. соңғы ғасырларға жататын болуы керек деп топшыласа, келесі алтай типіндегі № 4 қорғанды заттық кешеніне орай «скиф» типінде деп белгіледі [5; 56–58].

Өткен ғасырдың орта кезінде Шығыс Қазақстандағы археологиялық ізденістерге Бұқтырма ГЭС- сын салу жаңа серпін берді. Қарастырылып отырған кезең ескерткіштерінде зерттеу жұмыстары Құлажорға жəне Усть-Бөкен ауылдары маңында жүрді. 1948 жылы зерттелген ерте көшпелілердің жыл санауымыздың басталар межесіндегі жергілікті топқа жататын қытай жылнамаларындағы у-ге, у-дзе тайпаларымен баламалау мүмкіндігі туған Құлажорға ескерткішінде 1956 жылы 18 қорған қазылды [5; 43–60, 56–58]. Олардың барлығының үйінділері топырақ пен тастан тұрады, қабір шұңқыр тереңдігі 3 м-ге дейін жетеді. Қорғандардан үлкен тақта тастардан құралған жəшіктер жиі кездеседі. Бұл қорғандар 1948 жылы қазылған Құлажорға, Баты, Славянка, Қызыл Ту, Түсқайың жəне Пчела секілді құлажорға мəдениетіне тəн ескерткіштерге жатқызылып, б.з.д. III–I ғғ. мерзімделінеді [3; 64–81].

Құлажорға кезеңінің келесі бір кеңінен зерттелінген ескерткіштеріне Құрық 2 жəне Зевакино қорымдарын жатқызуға болады. Құрық 2 қорымындағы № 1 қорған үйіндісі ішкі жəне сыртқы қоршаулардан тұрғызылған. Қабір шұңқыры үш метр тереңдікте болып,  оның  ішіне көлемі 2,3x1,3 тас жəшік жасалған. Жерленген адам ақыреттік заттарымен қоса тоналған. № 6 қорған қабір шұңқырының оңтүстігінен, 1,8–1,3 м тереңдікте оң жамбасымен жатқан басы жоқ əбзелді жылқы болды. Жылқының алдыңғы аяғының астында тас жəшіктің үстіне басы жоқ қой жатқызылған. Қабірдің ішінен тек сүйектен жасалған үшқырлы шегелі жебенің ұшы ғана кездесті. Зерттеушілердің пікірінше, № 1, 6 қорғандар жерлеу ғұрпы мен құрылымы бойынша құлажорға кезеңіне сəйкес келгенімен, б.з.д.  VIII  ғасырдың  аяғы  —  VII  ғасырлармен  мерзімделетін  Измайловка  кешеніне де ұқсайды [6].

Ертіс өзенінің бойында орналасқан Зевакино қорымынан құлажорға кезеңіне жататын № 226, 227, 228 жəне 229 қорғандары қазылды. Олардың көлемдері 4,5–5,5 м, қабір шұңқырының тереңдіктері 1,6–1,8 м шамасында. Шұңқыр іші таспен толтырылып, мүрденің бастарының бағыты батыстан шығысқа қаратылған. Оң жақ иық немесе бас жағында ішінде тағамы бар қыш ыдыс қойылған. Ал қалған пышақ, қой сүйегі сынды жиі ұшырасатын заттарды негізінен оң жағына салған. Баланы жерлеулерде де құлажорғалық дəстүр сақталып, олар ересектерге тəн салтпен, барлық ақыреттік заттары сақталып жерленген [7]. Зевакино қорымындағы № 98 қорғанда диаметрлері 5,5–6 м болып келетін екі қоршаудың болуы жəне олардың əрқайсысында қабір шұңқырларының болуы өзіндік ерекшелік болып табылады. Қабір шұңқыры солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созылған бірінші қоршауда, 1,8 м тереңдікте солтүстік қабырғаны бойлай аяқтары бауырында, басы тік қойылып, солтүстік-шығысқа бағытталған жылқы сүйегі орналастырылған. Ал одан 0,4 м тереңдікте басы солтүстік-шығысқа бағытталып, шалқасынан адам жерленген. Ғұрыпқа сай бас жағына қой құйымшағы мен құмыра тəріздес ыдыс қойылған. Осы қорғандағы екінші қоршауда дəл сол деңгейде бастары шығысқа қаратылып қос адам мен жылқы жерленген. Адамдар жанына қой құйымшағы жəне биік мойынды (биіктігі 24,5 см) құмыра қойылған [8].

Б.з.д. III-I ғасырлармен мерзімделетін Зевакино қорымындағы қорған-қоршаулар бір жерде шоғырланып орналасқан. Көпшілігінде дерлік қабір шұңқырында бастары шығысқа қаратылған адаммен бірге жылқы жерлеулері кездеседі. Ақыреттік заттардан құлажорға кезеңі жерлеу дəстүрінің бір белгісіне айналған қыш ыдыс пен қой құыймшағы жиі ұшырасады. Ф.Х. Арсланова Зевакино қорғандарындағы жерлеу ғұрпы мен қойылатын ақыреттік заттар құлажорғалықтарға ұқсас екендігін көрсете келе, олардың бір мəдениетті қалыптастырушы, этникалық тегі жағынан ортақ халық болуы мүмкіндігі туралы пікір білдіреді [9].

Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнография институты археология  бөлімінің  Шүлбі  археологиялық  экспедициясы  Ертісте  Шүлбі су қоймасының жайылу аймағында 1980–1983 жж. аралығында əр дəуірлерге жататын ескерткіштерді зерттейді [10]. Нəтижесінде З.С. Самашев бастаған топ Құлажорға кезеңіне жататын Жартас, Убаредмет ауылы маңы, Қарашат ІІІ, Ақший ІІ ескерткіштерінде қазба жұмыстарын жүргізіп, барлық зерттелген ерте көшпелілер дəуірінің ескерткіштерін конструктивті құрылысының ерекшелігіне жəне жерлеу ғұрпына қарай 2 топқа бөледі.

Бірінші топқа Жартас обасының 5 нысаны кіреді (11; 41; 49; 50; 51). Олар дөңгелек формалы, жер астылық құрылыс. Үш қорғаннан дөңгелек тəрізді ірі тастардан тұрғызылған іргетастары   айқын байқалады. Қалған екі қорғаннан іргетас қалдықтарының болмауы, олардың табиғи жəне жасанды факторлардың əсерінен қиратылуы мүмкін деген пікір айтуға жетелейді. Осы тас конструкциялардың биіктігі 0,3 м – 0,5 м дейін, ал диаметрлері 4,5 м – 7,6 м құрайды. Қорғандардың шұңқырлары негізінен батыстан шығысқа қарай бағытталып, сопақ формада болып келеді. Бұл топтағы қорғандарды бөліп көрсетудегі ерекшелік олардағы тас жəшіктерді жабу тəсілі  мен жерлеу дəстүрінде жатыр. Жəшіктер негізінен 4 граниттық тақталардан тұрады. Қабірлерде есейген (3), жасөспірімдер (2) жəне емшектегі балалар (3) жерленген. Төртеуі оң жақ бүйіріне, тізелері бүгіліп жатқызылған, екеуі шалқасынан жəне де екеуінің біреуінде аяқтары жамбас буынына бүгілген. Мəйіттердің беттері солтүстікке, ал бастары шығысқа қаратылған. Мəйіттердің антропологиялық типтері анықталмаған. Екінші қорғанда, (41) қарағанда, барлық қорғандардан жол азығы ретінде қойдың қалдықтары жəне 3 жəшіктен қосымша қойлардың омыртқалары табылған. Жəне тек қана бір қорғаннан (51) аттың сүйегі табылған. Бұйымдары — құмыра тəрізді сазды ыдыстар. Тек (51) қорғаннан сүйектен жасалған 5 жебенің ұштары табылған.

Екінші топқа Убаредмет қорғанының 5 нысаны жəне Ақши ІІ жəне Қарашат ІІІ ескерткіштері жатады. Бірінші топ қорғандардан ерекшелігі — олар кішкене топтармен əр түрлі кезеңдерді қамтитын ескерткіштер арасында орналасқан. Олардың ішкі құрылымдар тас сақина тəрізді келіп, диаметрі 5,4 м-ден 6,6 м-ді құрайды. Қабір шұңқырлары сопақ формада болған. Қабірдің ішкі құрылымында кейде ағаш рамалары кездескен. Зерттелген қорғандардың көпшілігінде адамдар топырақты шұңқырларда созылған күйінде, шалқасынан, қолдары денесін бойлай жерленген. Басы тек қана батысқа қаратылған. Ақыреттік заттардан сазды ыдыстарынан басқа, темір пышақтар, түйреуіштер, мыстан жасалған сырғалар кездескен.

Осылайша екі топқа жіктелген бұл ескерткіштерге байланысты төмендегідей қорытынды шығаруға болады. Ең алдымен, мұнда біз ішкі қабір құрылымы мен жер конструкцияларының ерекшеліктерін көреміз. Жерленген адамдардың жатқызылуы қарама-қарсы. Бірінші топтағы ескерткіштерде қосарланып жерлеу, ал екінші топта тек қана бір жерлеу орын алған. Ақыреттік заттарына келетін болсақ, бұл жерде кейбір ұқсастықтар байқалады: барлық қабірледе формалары əр түрлі болса да құмыра тəрізді саз ыдыстар кездеседі.

З.С. Самашев ғылыми-сараптамалық талдаулар жүргізе келе, бірінші топ ескерткіштерін ж.с.д IV–III ғғ., ал екінші топтағы ескерткіштерді б.з.д. II–I ғғ. жатқызды [10; 95–115]. Құлажорға кезеңіне жататын ескерткіштер 1990 жж. басында А.А. Ткачевтың тарапынан зерттелген болатын. Зерттеуші Ертістің жоғарғы ағысы бойынан Қызылтас ескерткіштер шоғырын ашып, қазба жұмыстарын жүргізеді. Қызылтастағы № 19 қорғанда (диаметрі 12 м, биіктігі 0,6 м) арқасымен жатқызылып, басы батыс, солтүстік-батысқа қаратылған адам жерленген. Оның жанынан темір найза, оң жағына қыш ыдыс аршылды [11].

Қызылтас қорымының № 5 қорғанында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созылған қабір шұңқырында   бастары   аздап   ауытқымалықпен    батысқа    қаратылған    үш    адам    жерленген (бір отбасының мүшелері болуы мүмкін, жерленгендерді екеуі ересек, енді біреуі жас бала). Қабірдің оңтүстік-батыс бұрышында, тас жəшік пен қабырға арасына қыш ыдыс қойылған.

Қызылтас қорымында зертелген келесі № 7, 45, 46 мен 47 қорғандарының қабір шұңқырларындағы жəшіктеріндегі мүрделер оң қырымен, бастары аздап ауытқушылықпен шығысқа қаратылып жерленген. Ақыреттік заттарына келетін болсақ, оң жақтарында қыш ыдыс, кейде қой асығы, темір пышақ қойылған. № 46, 47 қорғандарынан қабір шұңқырын толтырған тастардың үстінен аяқтары бүгіліп, бастары шығысқа қаратылып, сол қырымен жатқызылған жылқы табылған [12].

еСонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде Құлажорға кезеңіне қатысты өзіміздің қорытынды ойларымызға тоқталайық. Жалпы, С.С. Черников құлажорға мəдениетін ғұн шаньюйі Чжичжидің батысқа жорығынан белгілі угэ тайпалары қалдырған деп тұспалдауға, əрі бұл тайпа қорғандарынан табылған  керамика  мен  тары  қалдықтарына  қарағанда  алыс  əрі   ұзаққа  көшпеген  болар   деген ой түйген болатын [2; 64–81]. Угэ тайпасы, С.С. Черниковтың айтуы бойынша, тек Ертістің жоғарғы ағысы бойын жайлап Жетісудағы үйсіндермен тығыз қарым-қатынаста болған. Ал олардан батыста Шыңғыстауда, Ертістің төменгі ағысында жəне солтүстік Алтайда жерлеу ғұрпындағы ерекшеліктеріне қарағанда басқа тайпалар өмір сүрген [13]. Бұл жерде соңғы жылдардағы археологиялық қазбаларға, қазіргі қолда бар мəліметтерге қарағанда, ғалымдардың пікірінше, юэчжи тайпалары өз мəдениетін (пазырық) қалдырған [14]. Ертістің сол жағалауында, нақтылап айтатын болсақ, Тарбағатай теріскейінде, Ə.Т. Төлеубаевтың пікірінше, үйсін тайпалары мекендеген, ол мұндағы   ескерткіштердің   сыртқы   құрылысы    мен    қабірлерден    алынған    заттар   кешенінен де айқындауға болады деген тоқтамға келген [15]. Біздің ойымызша, мұнда угэ тайпаларынан өзгеше, үйсіндерге   жақын,   яки   үйсін   тайпалық   одағына   кіретін,   этномəдени   жағынан   туыстас     ру, тайпалардың өмір сүрген болуы ықтимал. Қалай деген де Құлажорға кезеңі ескерткіштерін өзіндік əдет-ғұрпы мен дүниетанымы бар тайпалар қалдырғандығында еш күмəн жоқ.

Құлажорға ескерткіштерін бөліп көрсеткен С.С. Черников оларды жерлеу дəстүрі мен уақытнамасына қарай екіге бөліп көрсеткендігін жоғарыда атап өттік. Зерттеушінің тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, құлажорға мəдениетіне тəн мынандай заңдылықтарды айқындай аламыз. Ж.с.д. IV–III ғғ. мерзімделетін ескерткіштер диаметрі 4,5–7,5 м, биіктіктері 0,3–0,5 м болып, құрылысы жағынан дөңгелек пішінді, топырақ пен тас аралас үйінді болып келеді. Сонымен бірге олардың арасында қабір үсті құрылыстары сопақша немесе төртбұрышты үйме тастар негізінде бір- екі қатар тас қоршаулар ретінде қарастырылып, қабір шұңқырлары батыс-шығыс бағытында, төменгі жағы кеңейе түсетіндігімен ерекшеленетін Убаредмет, Қарашат 3 сынды  қорғандарда  кездеседі. Қабір шұңқыры төмендеген сайын қоңырау формалы болып кеңи түседі де, қабір ішінде тас жəшікте мəйіт бір жақ жанымен аяғы бүгулі күйінде жерленеді. Ал жылқы қабір жабындысы үстінде немесе мəйіттің қасында қатар тынығу түрінде қарынымен жатқызыла қойылады. Ақыреттік заттары екінші кезеңмен салыстырмалы түрде алғанда əлдеқайда бай болып келеді. Алтын, қола жəне сүйектен жасалған бұйымдар, əшекей заттар жəне қарулардан басқа негізінен қызыл бояулы, кей жағдайда өрнегі бар əр түрлі қыш ыдыстар бірге қойылады.

Құлажорғалық мəдениеттің б.з.д. II — б.з. алғашқы ғасырларын қамтитын соңғы кезеңінің дамуындағы жерлеу рəсімі мен жер үсті құрылымында Жетісу жеріндегі үйсін ескерткіштеріне ұқсастық байқалады, бұл кейбір зерттеушілерге оңтүстік-шығыс халықтарының бір бөлігінің хундардың қысым көрсетуінен Шығыс Қазақстан өңіріне қарай ығысқаны туралы болжамдар жасауына дереккөз болды деп айта аламыз. Бұл кезеңде мəйітті сопақша пішінді, түбіне қарай тарыла берілетін қабір шұңқырына шалқалай жатқызып, басын батысқа немесе солтүстік-батысқа қаратып жерлеген. Қабір ішіндегі тас жəшік жəне жылқыны қоса жерлеу үрдісі жоғалады. Алғашқы кезең ескерткіштеріне қарағанда қабірге бірге қойылған ақыреттік заттары əлдеқайда кедей, саз ыдыстары құмыра түрінде жəне қабырғалары жұқа əрі жақсы жасалынған. Қорған құрылысы етегінде міндетті түрде қоршауы бар.

Хун мəдениетінің ықпалында болған құлажорғалықтар этномəдени үдерістердің нəтижесінде Таулы Алтайға жылжып булан-коба мəдениетінің қалыптасуына əсерін тигізді. Ж.с.д. III ғ. соңында алғашында орталығы Ордос пен Монғолия жерінде болған мықты Хунну (б.з.д. 209  ж.) державасының құрылуына байланысты маңызды өзгерістер болды. Хун шаньюйі Моде ж.с.д. 201 ж. Орталық Азияның солтүстік облыстарын, оның ішінде Солтүстік Монғолия, Байкал маңын, сондай-ақ Оңтүстік Сібірді жаулап алды. Хундар осы уақытта Таулы Алтайға өздерінің жағдайын бақылау үшін материалдық демеу берген бейтарап құлажорғалықтар келіп, өздерінің құрамына жергілікті жұртты қосып алуы мүмкін.

Ж.с.д. II ғ. ортасында (б.з.д.165 ж.) хундар өздерінің басты қарсыласы юэчжилерді ығыстырып, Орталық азия өлкесінің батыс жерлерін өздеріне толықтай бағындырды [16].

Құлажорға мəдениеті Жетісудағы үйсін мəдениеті сияқты өз дамуының екі кезеңін бастан өткеріп, б.з. I–II ғғ. дейін өмір сүрсе керек. Зерттелінетін уақытымыз ерте темір дəуірі болғандықтан жəне, қалыптасқан пікірлер бойынша, бұл дəуірдің б.з.д. I ғ. дейінгі мерзімді қамтуы құлажорға мен үйсіндердің тек ерте кезеңін қарастыруға итермелейді. Жетісуда зерттеліне бастаған, б.з.д. I ғ. белгілі «хунну» ескерткіштерін деректердің аздығынан қарастыруды жөн санамадық. Шығыс  Қазақстан, тіпті Орталық Азияның өзінде де хундарға еш күмəнсіз жатқызатын ескерткіштер тіптен аз. Хун тайпаларының негізгі бөлігі біртіндеп жергілікті ортаға сіңісіп жəне олардың жергілікті дəстүрін қабылдағандығынан болар. Екіншіден, ж.с. I ғ. бастап өлкелерде əр түрлі тарихи-мəдени өзгерістер мен араласулардың орын алуы жəне Қазақстан археологиясында б.з. I–IV ғғ. жерлеу ғұрпының толық ашылмауы кедергі келтірді.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығын негіздей келе, қорытынды шығаратын болсақ, құлажорға мəдениетін зерттеу 1940–1980-жж. аралығында жəне 90-жж. басында жүргізілгендігіне көз жеткіздік. Екіншіден, зерттеу материалдарының көпшілігі жарияланбаған, жарияланған күннің өзінде оларда теориялық мəселелер оншалықты көтеріле қоймаған. Үшіншіден, құлажорға кезеңіне байланысты қолда бар материалдардың көпшілігі тек сипаттамалар түрінде ғана, яғни, терең талдаулар жасалмаған. Жұмыста көтерілген тағы бір мəселелердің бірі — Шығыс Қазақстан ерте темір дəуірі ескерткіштерінің кезеңделу мен мерзімделу мəселесі, оның ішінде құлажорға кезеңінің орны болатын. Материалдарды сараптау барысында аңғарғанымыз С.С. Черников құлажорға мəдениетін Шығыс Қазақстан көшпелілерінің соңғы кезеңі деп бөліп көрсеткенімен, кейінгі жылдардағы зерттеулерде мүлде аталмай өтеді десе де болады. Əсірісе бұл жайт ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде анық байқалады. Мұның басты себептерінің бірі ретінде бұл кезең ескерткіштерінің біздің елде мүлде зерттелмей қалғандығы деп білу керек. Зерттелмегеннің өзінде бұрынғы материалдарды қорытатын жаңаша бір көзқарасты еңбектер жарияланбады. Сонымен, қолдағы бар материалдарға сүйеніп, қарастырылып отырған ескерткіштердің кезеңдемесіне қарасты айтар болсақ, кішігірім бір шағын ауданда топтасқан бұл ескерткіштер екі уақытнамалық шеңберге жататындығы белгілі болып отыр. Кезінде бұл мəселені С.С. Черников өз еңбектерінің  бірінде арнайы көтеріп, алғашқы болып оларды екіге бөлген болатын. Кейіннен З.С. Самашев Шүлбі маңында жүргізген археологиялық қазбалардың нəтижелерін саралап, жоғарыда аталған зерттеушінің пікірлерін қолдай келе, өзі зерттеген құлажорға типіндегі қорғандарды екі кезеңге топтаған. Біздің пікірімізше, аталған зерттеушілердің тұжырымдары нақты деректерге сүйене жасалған. Осыған қарамастан, болашақта жаңаша зерттеулер жүргізіліп, бұл мəселені нақтылай түсуі керек деген ойдамыз. Əсіресе қарастырылып отырған ескерткіштердің кезеңдемесі өзекті жəне кезек күттірмес мəселелер санатына жатады. Жəне ең бастысы қарастырылып отырған кезеңде қола дəуірінен бері қарай үзіліп қалған тас жəшікте жерлеу дəстүрі қайтадан көрініс табады. Сонымен бірге сол үрдіс сақтала  отырып,   пазырық   мəдениетіне   тəн   жылқыны   қоса   көму   дəстүрі   қалыс   қалмаған. Бұл мəселелер əлі күнге дейін зерттеушілердің тарапынан арнайы зерттеле қойған жоқ. Сонымен жұмысқа байланысты ортақ қорытынды шығарар болсақ:

Біріншіден, кезінде біршама қазбалар жүргізіліп, материалдар жинақталса да, құлажорға кезеңі қазақ археологиясындағы əлі күнге дейін жұмабағы шешілмеген тақырыптардың бірі.

Екіншіден, бұл кезең ескерткіштері кішігірім шағын ауданды алып жатса да, таулы Алтайдағы өзіндік ерекшелігі бар зерттеуді қажет ететін мəдени ошақ.

Үшіншіден, қарастырылып отырған кезеңге қатысты бүгінгі күнге дейін жинақталған материалдарды  саралап,  болашақта  осы  ескерткіштерде  жүргізілетін   археологиялық   қазбалар бұл кезеңнің өзінше бір тарихи мəдениет екендігін нақты анықтайды деген ойдамыз.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Черников С.С. Предварительный отчет о работе Восточно-Казахстанской экспедиции в 1948г. // Архив ИА КН МОН РК. — Ф. 11. — Оп. 2. — Д. 120. — С.
  2. Черников С.С. Отчет о работах Восточно-Казахстанской экспедиции 1948 г. // Изв. АН Казахской ССР. Сер. археол. — Вып. 3. — Алма-Ата: Изд-во АН Каз ССР, 1951. — № 108. — С. 64–81.
  3. Черников С.С. Работы Восточно-Казахстанской экспедиции // КСИИМК. — 1951. — Вып. 37. — С. 4–21.
  4. Черников С.С. ВКАЭ за 1950 год // КСИИМК. — Вып. ХLVIII (48). — М., — С. 78–90.
  5. Черников С.С. О работах Восточно-Казахстанской экспедиции // Вып. 64. — КСИИМК. — М., 1956. — С. 43–60.
  6. Самашев З.С., Васютин А.С., Ермолаева А.С. и др. Отчет об археологических исследованиях на территории Восточно-Казахстанской области за 1988 год // Архив ИА КН МОН РК. — Ф. 11. — Д. №
  7. Арсланова Ф.Х. Отчет (предварительный) об итогах археологических работ, проводимых студентами Усть- Каменогорского государственного педагогического института в 1967 году // Архив ИА КН МОН РК. — Ф. 11. — Инв. №— С. 15–17.
  8. Арсланова Ф.Х. Отчет о работе на археологической практике студентов Усть-Каменогорского пединститута в 1966 году //Архив ИА КН МОН РК. — Оп. 2. — Д. № 1052. — C. 15–17.
  9. Арсланова Ф.Х. Отчет (предварительный) об археологической практике студентов 1-го курса исторического факультета УКПИ в 1968–1969 году // Архив ИА КН МОН РК. — Оп. 2. — Д. № 1125. — С. 13–18.
  10. Самашев З.С. Памятники кулажургинского типа // Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. — Алма-Ата: Наука, 1987. — C. 95–115.
  11. Ткачев А.А., Дубровский В.А. Погребение воина кулажоргинской культуры // Сохранение и изучение культурного наследия Алтайского края: материалы науч.-практ. конф. — Барнаул, 1996. — С. 141–146.
  12. Ткачев А.А. Отчет о полевых археологических исследованиях в Верхнем Прииртышье в 1992-1993 гг. // Архив ИА КН МОН РК. — Оп. 2. — Д. № 2424. — С. 8–13.
  13. Черников С.С. К вопросу о хронологических периодах в эпоху ранних кочевников (по материалам Восточного Казахстана) // Первобытная археология Сибири. — Л., 1975. — С. 132–137.
  14. Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Пазырыкская узда. К предыстории хунно-юэчжийских войн // Древние культуры Центральной Азии и Санкт-Петербурга. — СПб.: Культ-информ-пресс, 1998. — С. 169–177.
  15. Төлеубаев Ə.Т. Ертедегі үйсіндердің Тарбағатайдың теріскейіндегі ескерткіштері // ҚазМУ хабаршысы. Тарих сер. — № 12. — 23–38-б.
  16. Тишкин А.А., Горбунов В.В. Горный Алтай в хуннуское время: культурно-хронологический анализ археологических материалов // РА. — 2006. — № 3. — С. 31–41.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.