Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отбасы əйелдерінің əлеуметтік мінез-құлық таптаурындарына этностық жаңсақ нанымдардың əсер етуін зерттеу

Қазақ əйелдері əлеуметтік ортада ерекше психологиялық сипатқа ие болып келеді.  Көшпенді ерте кезден бастап əйелге құрметпен, махаббатпен қараған. Ол əрқашан да ер адаммен бірге бір сатыда тұрды. Көшпенді əйел жай үйдің ғана емес, сонымен бірге ауыспалы үйдің де қамқоршысы болып келген. Оның əлемді қабылдауы өмір сүрумен ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі танумен жəне табиғи жаратылысымен анықталады.

Қазақ əйелі табиғатына сай, ақылды жəне өз қадірін терең сезінуші тұлға болып табылады. Бейбітшілік сүйгіштік, қарсылық білдіруге деген талпыныстың болмауы берілген сезімге тəн жағымды ерекшелік ретінде шығады. Қазақ əйелдері ер адамдарға құлдық көнгіштікпен емес, қадірлі құрметпен қарайды.

Қоғамдағы əйелдің орны ғасырлар бойы қарама-қарсы бағыттарда өзгеріп отырды. Мысалы, матриархат кезеңінде оның мəні басымдылық күйде болса, батырлар кезеңінде əйел бағыну заты ретінде көрінді, бірақ қоғамның саяси өмірінде маңызды мəнге ие болған жоқ. Біртіндеп ер адамдар əйелдің мүдделер аясын шектеп жəне одан балаларды тəрбиелеу мен үй шаруашылығын жүргізуін талап етіп əйелдерді екінші орынға қойды.

Қасиетті Құранда гендерлік қатынастардың құқықтық, көзқарастық жəне отбасында өзін-өзі ұстау аспектілерінің мəн-мағынасы жақсы айтылған [1].

Қазақ халқына тəн қонақжайлылық қасиетіне назар аудармауға болмайды. Ықылас, ізет қонақ күту кəдесі барысында да айқын байқалып тұрады. Қазақ əйелдері тек əділ жəне мейірімді адамдармен момын, қарапайым болып келеді, ал дөрекі жəне əдепсіз адамдарға олар ешқашан бағынбайды. Оның нəзік жүрегінде бостандықтың рухы өмір сүреді жəне ол құрметтейтін адамға толық өзін арнап күтім көрсетеді.

Ғабит Мүсірепов айтқандай, қазақ қыздарының ойымен қоса, бойының да көркем болуын қалаған. Осындай қасиетке бай қыз балаларды ардақтаған, кейінгіге үлгі етіп отырған. Ақылына келбеті сай қыз балаларды, аналарымызды ардақтап бастарына көтерген, көптеген жағдайда елдің ақылшысы, қиындықта жол табатын ақылгөй, топты бастар төресі еткен. Баланың ғана емес, бүкіл рудың анасындай болған ана-апаларды мысалға көптеп келтіруге болады [2].

Қыз баланы əуел бастан-ақ ізеттіліке, ұқыптылыққа, іскерлікке,  сыпайылыққа тəрбиелегенде оған болашақ ана ретінде қараған. «Қызға қырық үйден тыю» дейді халқымыз. Бұл да қыз балалардың отбасындағы тəрбиесі, өмірге бейімділігі, білімділігі, əдептілігі, сезімтал да, саналығы биік болсын деген ойдан туған. Сол қырықтың біріншісі — бесігің, үйдің алтын босағаң, олай болса, қыз баланың тəрбиесі де осылардан басталады, ол, ең алдымен, анаға байланысты. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақал тегін айтылмаған. Əйелді отбасының құты деп, құрмет көрсеткен. Əулеттен əулетке қалған мұра — имандылық пен инабаттылық болса, «жігіттің жақсысын — қыздай, қыздың жақсысын — уыздай» деп айтуда да терең мəн жатыр.

Қазақта жаңа түскен жас келіннің орны бөлек. Бұл жерде келіннің көрегендігінің, тапқырлығының, көңіл жəне ой сергектілігінің алатын орны ерекше. Келіндер үлкендерге деген сый- құрмет, нəзік ілтипат, кішіге деген қалтқысыз қамқорлық лебін білдіретін болған. Жеңгелерімен қайныларының да, қайын сіңлілерінің де сыйластығы өзгеше болған. Қайын сіңілі — жеңгесінің сырлас досы, сұхбаттас, ниеттес, тілектес жақыны, жұбайдан кейінгі жұбы [2].

Қазақ əйелдері тіпті күйеулерінің де атын «отағасы» деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын, інішегін, тентегін, кенже шырайлым, еркежан, еркеқыз тағы басқа деп ат қоятын болған.

Адамзаттың қай-қайсысы болмасын ананы ерекше құрметтейді. Ал, қазақ үшін «Ана» — ерекше тұлға. Ананың аяулы алақанын, жылы жүрегін, ыстық ниетін ешбір адам білдіре алмайды. Келешек ұрпақ бойындағы қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтімен қалыптасады. Екі қабат əйелді құрметтеудің бір түрі — оған арнап, мол салып табақ жасап, жерік асын апару. Табақтың осылайша жасалуы болашақ ананың денсаулығы мықты болсын, туылатын бала болаттай шымыр, дені сау болып тусын деген жаңсақ нанымдардың адам санасында қалыптасуын реттейді.

Этностық жаңсақ нанымдардың қалыптасуы, пайда болуы ана құрсағынан басталып, бесікте, мектепте өзгерістерге ұшырайды. Қарым-қатынас барысында адам əдет-дағдыларды, тұрмыс ерекшеліктерін, тəртіпті меңгереді. Сол арқылы өзіне қосымша жаңсақ нанымдарды иемденеді. Барлық топтық ережелер əлеуметтік ережелер болып есептелетіндіктен, оның заңдары, модельдері, эталондары жалпыға жəне əлеуметтік топқа, оның мүшелелерінің мінез-құлқына əсер етеді [3]. Рөлдік мінез-құлық ережелері мен отбасындағы рөлдік қатынастар отбасының өмірлік қызметінің процесінде тұлғааралық қатынастар мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасымен тығыз байланыста бекітіледі.

Қазақстандық əйелдердің мінез-құлқын белсендірудің маңызды əлеуметтік-экономикалық ресурстары бар. Оларға белгілі бір əлеуметтік топтардың, соның ішінде қоғамдық өндіріс аясындағы əйелдердің жұмысбастылығы жəне осы аясында олардың жұмысбастылығын кеңейту мүмкіндіктері; білім алу деңгейі жəне оны жоғарлату ресурстары; əйелдердің əлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейі жəне олардың қорғаушылық деңгейі, оны жоғарлату мүмкіндіктері жатады.

Осыған қоса мотивацияның мəдени ресурстарын, оның ішінде əйелдердің  қажеттіліктерінің жаңа мəдениетін қалыптастыруды бөлу қажет, себебі қазақстандық қоғамның модернизациясы индивид пен мемлекет арасындағы антагонизмге емес, олардың бірлестігіне негізделген жаңа мəдениетті құрусыз болмайды.

Əйелдердің мотивациясының психологиялық ресурстарға өз-өзіне сенімділік сезімі, қызығушылықтардың дамуы, субъекттердің өзі туралы түсініктері жатады. Əйелдердің жүріс- тұрысының импульсивтілігі бар екені мəлім, бірақ əйелдің саяси жүріс-тұрысының негізі əлеуметтік рөлдердің өзгерісі болып табылады [4].

Қоғамдық-саяси өмірде əйелдің қатысуы — қазіргі жағдайларындағы объективті қажеттілік. Теңдік — адамзат тұлғасының жəне адамдар ресурсының дамуын қамтамасыз ету үшін толық жəне үздіксіз əдетке айналдыруды қажет ететін өркениеттік жəне өркениеттендіруші ықпал. Бұл — тұрақты назарды талап ететін тірі динамикалық процесс.

Тəжірибе көрсеткендей, əйелдер «сыни көпшілікке» ие болу үшін, өзінің арнайы приоритеттері мен мүдделерін көрсету жəне қорғау үшін жəне сол арқылы мəнді жаңартуларға тиімді жету үшін шешім қабылдайтын кез келген мүшенің мəнді бөлігін құру керек.

Дəстүрлі қазақ отбасындағы күнделікті тұрмыспен байланысты салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар, əдеттер əйелдің белгілі бір өзін-өзі бағалауын қалыптастырады. Дəстүрлі түрдегі  тəрбие, отбасындағы əйел рөлінің ерекшелігі жəне адамгершілігі əрқашан да оған автономды, жеке басты, өз принциптеріне ие болуға мүмкіндік бермейді.

Көп жағдайда əйел қолдануға тиіс əлеуметтік нормалар бойынша басқалардың қажеттіліктерін қанағаттандырудан кейін ғана ол өз қалауларын қанағаттандырады. Бұл «жақсы ананың» рөлі, яғни əйел басқа адамдардың үміт-күтулеріне байланысты өзін ұстауы керек.

Дəстүрлі қазақ отбасында əсіресе əйел жынысына байланысты жоғары өзін-өзі басқаруының қалыптасуына əкелетін əлеуметтік басқару механизмі — ұят сезімі жұмыс істейді.

Сонымен, əйелге оның орны қайда екенін көрсететін қатаң субординация өмірлік қатарда дистанцияны үнемі сақтауын талап етеді. Отбасы мүшесінің болуын жəне рөлін санадан өткізуі, өз қызығушылықтарынан отбасын жоғары қоюға дайын болуы, қарым-қатынасты буып тастайтын кішіпейілділік, тіл алғыштық, ойлар мен сезімдерімен шынайы алмасу — бұның бəрі əйелдің тəуелді жəне өз-өзіне сенімсіз болуына əкелетін жаңсақ нанымдардың көрінуінен басталады. Өз кезегінде, төменгі өзін-өзі бағалауының белгісі болып табылатын сенімсіздік, батылсыздық əйелге мүмкіндіктерін толықтай жүзеге асыруына, бақытты болу үшін өзінің тандауы бойынша жауапкершілікті өзіне алуға жəне өзін-өзі көрсету үшін жаңа жəне тиімді жолдарды табуына мүмкіндік бермейді. Өмір сүрудің осындай формасы əйелді əлеуметтік алаңдаушылықтан жəне өз рөліне сəйкес болу мен қоғамға пайдалы болу бағдарлардың арасындағы ішкі шиеленісінен қорғай алмайды.

Отбасындағы əйелдердің əлеуметтік рөліне, тұлғалық қалыптасуына этностық жансақ нанымдардың əсер ету мəселесіне арналған зерттеу барысы төрт кезеңнен тұрды [3].

Осы мəселені зерттеуге байланысты үш таңдама алынды. Біріншісі — 45 жастан 65 жасқа дейінгі қалада тұратын қазақ əйелдері, екіншісі — 45 жастан 65 жасқа дейінгі ауылдық жерде тұратын қазақ əйелдері, үшіншісі — 45 жастан 65 жасқа дейінгі орыс ұлтының əйелдері. Үшінші таңдама салыстыру ретінде алынды. Зерттеу үшін тұлғаның этностық жаңсақ нанымдардан туындайтын 23 жағымды жəне 23 жағымсыз психикалық қасиеттерін белгілейтін Осгудтың өңделген СД əдістемесі қолданылды. Оның нəтижесін төменгі 1-суреттен көруге болады.

 45–65 жас аралығындағы сыналушылардың мінез-құлық көрінетін жаңсақ нанымдар айырмашылығы  

 1-сурет. 45–65 жас аралығындағы сыналушылардың мінез-құлық көрінетін жаңсақ нанымдар айырмашылығы

 Екінші кезеңде сыналушыларға арнайы құрастырылған анкета қолданылды.  Анкета отбасындағы əйелдердің əлеуметтік рөліне, тұлғалық қалыптасуына этностық жаңсақ нанымдардың əсер ету деңгейін анықтауға арналған. Сауалнама 20 сұрақтан тұрады. Олар қазіргі заманда қазақ əйелі туралы жаңсақ нанымдарды анықтауға байланысты құрастырылған. Сонымен қатар анкета сұрақтары қазіргі кездегі қазақ əйелі отбасындағы шынайы өз рөлі мен міндеттерін анықтауға көмектеседі (2-сур.).

Үшінші кезең сыналушыларға Кэттелл тестісін жүргізілуінен тұрды. Кэттеллмен ұсынылған 16 факторлы тест 16 тұлғалық сипаттардың көріну дəрежесін бағалауға арналған. Бұл əдістеме тұлғаның мінез-құлығын, жүріс-тұрысын жəне эмоционалды аясын жан-жақты зерттеуіне мүмкіндік береді (3-сур.).

Қаладағы жəне ауылдағы қазақ əйелдерінің ерекшеліктерінен көрінетін жаңсақ нанымдар

 2-сурет. Қаладағы жəне ауылдағы қазақ əйелдерінің ерекшеліктерінен көрінетін жаңсақ нанымдар

 Бұл зерттеу бойынша: қалада тұратын қазақ əйелдерінің көбісінде аффектотемия жəне шизотемияның ара қатынасы қалыпты. Жеңіл қарым-қатынасшылдық пен бөлектенушіліктің, жұмсақтық пен тұйықтықтың, бейқамдылық пен сақтықтың жақсы балансы көрінеді.

 Отбасындағы əйелдердің əлеуметтік рөліне, тұлғалық қалыптасуына этностық жаңсақ нанымдардың əсер ету көрсеткіші

    3-сурет. Отбасындағы əйелдердің əлеуметтік рөліне, тұлғалық қалыптасуына этностық жаңсақ нанымдардың əсер ету көрсеткіші

 Интеллект деңгейі қалыпты, оны төмендету тенденциясы бар, тапқырлық пен жинақылықтың жақсы балансы көрінеді. «Эго» күші мен «Эго» əлсіздігінің ара қатынасы қалыпты. Сезімдерді басқарудың жақсы деңгейі, флегматтылық пен эмоционалдылықтың қалыпты балансы байқалады. Үстемділік пен көнбестіктің ара қатынасы қалыпты. Қырсықтық пен тілалғыштықтың, батылдық пен ұяңдықтың, агрессивтілік пен бағынушылықтың жақсы балансы көрінеді. Қамсыздық пен қамжегіштіктің ара қатынасы қалыпты. Қуанушылық пен жүректіліктің, бейқамдылық пен мұңшылдықтың, ашықтық пен үндеместіктің жақсы балансы көрінеді. Қоғамдағы моральдық нормаларға деген қатынасы қалыпты. Қоғамдағы қабылданған нормаларды құрметтеуінің өсу тенденциясы бар. Тəртіптілік пен міндеттерді елемеушіліктің, жинақылық пен салақтықтың, ұяттылық пен тəуелсіздіктің жақсы балансы байқалады. Батылдық пен ұяңдықтың ара қатынасы қалыпты. Ұстамдылық пен белсенділіктің, мейірімділік пен өшпенділіктің, эмоционалдылық пен ұялшақтықтың жақсы балансы көрінеді.

Сезімталдық деңгейі қалыпты. Сентиментальдылықтың өсуіне тенденциясы бар. Жұмсақжүректілік пен қаталдықтың, фантазиялылық пен практицизмнің, тұрақтылық пен жеңілтектіктің жақсы балансы көрінеді. Сенгіштік деңгейі аса жоғары, яғни өзін мəнсіз ретінде сезінуі, өзгерістерді жақтырмау, күмəншіл еместік, қиындықтарды алаңдаудың жұмсақтығы, адамдарға байланысты шыдамдылық, түсіну жəне кешіру, сонымен қатар ескертулерді қабылдамау, жол берушілік байқалады.

Құнттылық деңгейі қалыпты. Арманшылдықтың өсуіне тенденциясы бар. Арманшылдық пен құнттылықтың, қиял мен жерге қонушылықтың, ішкі иллюзияларға берілушілік пен қарапайымдылықтың жақсы балансы кездеседі. Зеректік деңгейі қалыпты. Еліктіру мен тəжірибесіздіктің, шынайылық пен жасандылықтың, нақтылық пен көмескіліктің өсуіне тенденциясы бар, аңқаулықтың өсуіне тенденциясы бар. Еліктіру мен тəжірибесіздіктің, шынайылық пен жасандылықтың, нақтылық пен көмескіліктің, қулықтық пен турашылдықтың жақсы балансы көрінеді. Кінə сезімі аса жоғары, яғни алаңдаушылық, қамжеушілік, жылауға дейін баратын жабырқаңқылық, жеңіл əсерленушілік, жоғары міндет сезімі, айналадағылардың реакциясына сезімталдылық, асқан дəлдік пен жалқаншақтық, ипохондрия, қорқыныш белгілері, жалғыздық, мұңшыл ойларға берілушілік байқалады.

Консерватизм деңгейі қалыпты. Еркін ойлау мен орнаған көзқарастардың, либералдылық пен уақытпен тексерілген идеяларды қабылдаудың, ыңғайсыздықтарға шыдамдылық пен олардан қашудың жақсы балансы кездеседі. Топтық тəуелділік деңгейі қалыпты. Дербестік пен топтық қолдауға қажеттіліктің, озықтылыққа ұмтылыс пен топқа тəуелділіктің жақсы балансы көрінеді. Өзін- өзі дəріптеушілік деңгейі қалыпты. Өзін-өзі жақсы көру мен өзін-өзі басқарудың, дəлділік пен салақтықтың, саналы жоспар бойынша əрекет ету мен заңдарды елемеушіліктің жақсы балансы байқалады. Эрго-шиеленісушіліктің деңгейі қалыпты. Эрго-шиеленісушіліктің өсуіне тенденциясы бар жəне жинақылық пен босаңсудың, жігерлілік пен сабырлықтың, қозушылық пен əлсірегендіктің жақсы балансы кездеседі.

Ал, ауылдық жерде тұратын қазақ əйелдерінің аффектотимия жəне шизотемияның ара қатынасы қалыпты. Шизотемияның өсуіне тенденциясы бар. Жеңіл қарым-қатынасшылдық пен бөлектенушіліктің, жұмсақтық пен тұйықтықтың, бейқамдылық пен сақтықтың жақсы балансы көрінеді. Интеллект деңгейі төмен, яғни ақыл-ой қабілеттердің төмендеуі, абстрактылы есептерді шешудегі қиындықтар көрінеді. «Эго» күші мен «Эго» əлсіздігінің ара қатынасы қалыпты, яғни сезімдерді басқарудың жақсы деңгейі, флегматтылық пен эмоционалдылықтың қалыпты балансы байқалады.

Көнбестік деңгейі жоғары, яғни көнбестік, бағынушылық, экспрессивтілікпен  көрінетін əдептілік пен дипломатиялық, тілалғыштық жəне соған қарамастан тынышты күйден жеңіл шығушылық, қарапайымдылық көрінеді.

Қамжегіштің деңгейі жоғары, яғни үндеместік жəне өзін-өз талдауға бейімділік, мұңшылдық, қамқоршылдық, ұяңдық, баяулық жəне сақтық байқалады. «Супер-эго» деңгейі аса жоғары, яғни қайсарлық, табандылық, сенімді тудыратын жігерлілік, эмоционалды тəртіптілік, жинақылық, ұят жəне міндет сезімі, моральдық стандарттар мен ережелерді орындаушылық көрінеді.

Батылдық деңгейі төмен, яғни басқа адамдардың алдында қысылуына əкелетін ұяңдық, ұялшақтық, эмоционалды ұстамдылық, бірақ сол арада өшпенділік, ашулылық, шектеулілік, ережелерді қатаң орындау, қызығушылықтарының шектеулілігі, сақтық пен  қауіпсіздікке тез реакция, сыпайылық байқалады.

Сезімталдық деңгейі қалыпты. Сентиментальдылықтың өсуіне тенденциясы бар. Жұмсақжүректілік пен қаталдықтың, фантазиялылық пен практицизмнің, тұрақтылық пен жеңілтектіктің жақсы балансы көрінеді. Сенгіштік деңгейі аса жоғары, яғни өзін мəнсіз ретінде сезінуі, өзгерістерді жақтырмау, күмəншіл еместік, қиындықтарды алаңдаудың жұмсақтығы, адамдарға байланысты шыдамдылық, түсіну жəне кешіру, сонымен қатар ескертулерді қабылдамау, жол берушілік байқалады. Жерге қонушылық деңгейі аса жоғары. Практикалық сұрақтарды шешу тездігі, өз қызығушылықтарымен жұмысбастылық, практикалық ой пікірінің сенімділігі, адалдық, сонымен бірге алаңдаушылық жəне мінез қаттылығы кездеседі.

Аңқаулық деңгейі аса жоғары, яғни əдепсіздікке дейін баратын қарым-қатынастағы турашылдық, ой қорытындыларының нақтысыздығы, көпшілдік, эмоционалды ұстамсыздық, табиғилылық, талғамдарының қарапайымдылығы, зеректіктік жоқтығы, мотивтерді талдаудағы тəжірибесіздік, адамзат мəніне бос сенім көрінеді. Кінə сезімі аса жоғары, яғни алаңдаушылық, қамжеушілік, жылауға дейін баратын жабырқаңқылық, жеңіл əсерленушілік, жоғары міндет сезімі, айналадағылардың реакциясына сезімталдылық, асқан дəлдік пен жалқаншақтық, ипохондрия, қорқыныш белгілері, жалғыздық, мұңшыл ойларға берілушілік байқалады.

Консерватизм деңгейі аса жоғары, яғни байсалдылық, көзқарастар мен идеялардың тұрақтылығы, дəстүрлі қиындықтарға шыдамдылық, тек уақытпен тексерілген заттарды толық қабылдау, жаңа адамдарға күдіктілік кездеседі.

Əлеуметтілік деңгейі аса жоғары, яғни топқа тəуелділік, социабельділік, дербессіздік, бірдіндеулілігі, топтық қолдауға қажеттілік, басқалармен бірге шешім қабылдау тілектері көрінеді. Өзін-өзі дəріптеушілік деңгейі аса төмен. Төмен өзін-өзі дəріптеушілік, салақтық пен дəлсіздік, басқаруға жаман берілетін өз қалауларына еру, қоғамдық ережелерді қабылдамау, зейінсіздік пен сыпайысыздық сирек болса да байқалады.

Эрго-шиеленісушіліктің деңгейі қалыпты. Эрго-шиеленісушіліктің өсуіне тенденциясы бар жəне жинақылық пен босаңсудың, жігерлілік пен сабырлықтың, қозушылық пен əлсірегендіктің жақсы балансы кездеседі.

Төртінші кезеңде ең алдымен, отбасындағы əйелдердің əлеуметтік рөліне, тұлғалық қалыптасуына этностық жаңсақ нанымдардың əсер ету мəселесіне байланысты жүргізілген арнайы құрастырылған анкета нəтижелері мен зерттеу мəселесі бойынша 16 факторлық Кэттелл əдістемесі арқылы алынған мəліметтермен салыстырылды.

Сонымен, зерттеу нəтижелерін қорытындылай келе, 45–65 жас аралығындағы отбасындағы əйелдердің əлеуметтік роліне, тұлғаның қалыптасуына этностық жаңсақ нанымдар оң немесе теріс əсер етеді. 45–65 жас аралығындағы қалада тұратын қазақ əйелдерінің тұлғалық қалыптасуы ауылдық жерде тұратын қазақ əйелдеріне қарағанда айтарлықтай жоғары екені көрінді. Оларға əсер ететін оң жаңсақ нанымдардың орташа көрсеткіші теріс жаңсақ нанымға қарағанда да жоғары  екені анықталды. Ал, ауылдық жерде тұратын қазақ əйелдеріне əсер ететін оң этностық жаңсақ наным теріс этностық жаңсақ нанымға қарағанда біршама жоғары екені көрінді, алайда олардың тұлғалық қалыптасуы басқа таңдама өкілдеріне қарағанда төмен екені аңғарылды. Мұның себебі отбасы үлгілері тек қана нақты, жеке жағдайлар мен шешімдерге тəуелді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың жəне төменгі деңгейде қауымдастықтың қолдауының ықпалынан жəне дəстүрлердің, қоғамдық құндылықтар мен экономикалық ортаның əсерінен қалыптасады.

Бұл əр түрлі жағдайлар көзқарастарға, мəдениеттік нормаларға жəне гендерлік рөлдерге əсер етеді. Əлеуметтік рөлдердің дəстүрліден дəстүрлі емеске ауысуына қоғамдық, əлеуметтік- экономикалық, қоғамдық-шаруашылық жағдайларға байланысты əйелдер мен ер адамдардың əлеуметтік рөлдердің сабақтасуынан туындайтын жаңсақ нанымдар əсер етеді. Қазақ əйелдердің этностық əлеуметтік рөлі, тұлғаның қалыптасуы этностық, əлеуметтік жансақ нанымдардың əсер ету мəселесі бойынша біздің қойған болжамымыз, яғни отбасындағы əйелдердің əлеуметтік рөліне, тұлғаның қалыптасуына этностық жаңсақ нанымдар əсер етеді деген болжамымыз белгілі бір деңгейде дəлелденді деп айтуға болады. Яғни, отбасындағы əйелдердің əлеуметтік рөлі, тұлғаның қалыптасуы этностық жансақ нанымдардың əсер етуіне байланысты болып келеді [1].

Бүгінгі күнде қазіргі динамикалық өзгермелі əлем əйелге белсенді, мақсатқа бағытушылық, іскерлік болу талаптарын қояды. Өкінішке орай, барлық əйелдер жаңа жағдайларға бейімделе алмайды жəне сол жағдайларды өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруында қолдана алмайды. Осындай жүріс-тұрыстың негізгі себептерінің бірі бала жастан жүріс-тұрыс ережелерін қарауымыз қажет, сондықтан мемлекет оларға жан-жақты жəне мəнді қолдау жасау мəселесін толықтай шешу қажет. Уақыт келе біздің ел барлық əлем үшін ана болу мен балалар мəселелеріне ұқыпты қараудың мысалына, қоғам өмірінің барлық аясында ер адамдар мен əйелдердің теңдігінің үлгісіне айналып дамыған елдердің қатарына қосылады деп үмітенеміз. Көбінесе əйел проблематикасы, отбасының əлеуметтік-құқықтық қорғауын жəне адамгершілік потенциалын нығайту, əлеуметтік инфрақұрылымның, əйел кадрларын кəсіби реабилитациялау мен қайта дайындау жүйесін дамыту бойынша кешенді ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуы қажет.

Сонымен, отбасы үлгілері тек қана нақты, жеке жағдайлар мен шешімдерге тəуелді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың жəне төменгі деңгейде қауымдастықтың қолдауының ықпалынан жəне дəстүрлердің, қоғамдық құндылықтар мен экономикалық ортаның əсерінен қалыптасады. Жоғары индустрияланған жəне қала аудандарында əйелдер үй шаруашылығында төленбейтін еңбекпен айналысатын, ал үлкен отбасы əлеуметтік жəне экономикалық қолдаудың маңызды көзі болатын ауылдық жерлерге қарағанда отбасы мөлшері əдетте аз. Бұл əр түрлі жағдайлар көзқарастарға, мəдениеттік нормаларға жəне гендерлік рөлдерге əсер етеді.

Əлеуметтік рөлдердің дəстүрліден дəстүрлі емеске ауысуына қоғамдық, əлеуметтік- экономикалық, қоғамдық-шаруашылық жағдайларға байланысты əйелдер мен ер адамдардың əлеуметтік рөлдердің сабақтасуынан туындайтын таптаурындар (жаңсақ нанымдар) əсер етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Клецина И.С. Гендерная проблематика в работах русских психологов // Гендерные проблемы в общественных науках / Отв. ред. И.М.Семашко. — М.: Ин-т этнологии РАН, 2001. — С. 72–81.
  2. Əмірова Б.Ə. Салт-дəстүрлер — этникалық жаңсақ нанымдарды қалыптастырушы ұлттық құндылықтар // «Қайнар» ун-нің хабаршысы. — 2005. — № 2 /1. — 81–85-б.
  3. Əмірова Б.Ə. Отбасы — тұлғаның этникалық əлеуметтену факторы // Самопознание. — — Вып. 2. — 21– 22 окт. — С. 99–102.
  4. Павленко В.Н. Представления о соотношении социальной и личностной идентичности в современной западной пси- хологии // Вопросы психологии. — 2000. — № 1. — С. 135–141.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.