Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саясаты: əлемдік тəжірибе жəне Қазақстан

«Транспаренси Интернешнл» халықаралық ұйымы жыл сайын ұсынып отырған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (Corruption Perception Index) сəйкес (бұдан əрі — СҚИ) Қазақстан 2013 жылдың қорытындысы бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 7-і көрсеткішке төмендеп, 177 елдің ішінде 140-шы орынға орналасқан [1].

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі — бұл мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың таралу көрсеткіші бойынша жаһандық зерттеу жəне осыған байланысты əлем елдерінің рейтингі. Индекс шеңберінде сыбайлас жемқорлық жеке пайда мақсатында қандай да болмасын қызмет бабын, кез келген түрде пайдалану деп түсіндіріледі. Жоба бастамашылары индекстің сарапшылардың пікіріне бағытталуын сыбайлас жемқорлықты өлшеуде статистикалық мəліметтер, мысалға, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істер немесе сот үкімдері саны ескеріле қоймайды. Бұл мəліметтер, біріншіден, əрқашан қолжетімді емес, ал екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың нақтылы деңгейін емес, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау жəне жолын кесу бойынша құқық қорғау органдарының нəтижелі көрсеткіші. Бұл жағдайда, зерттеушілердің ойынша, ақпараттың жалғыз сенімді қайнар көзі — сыбайлас жемқорлықпен бетпе- бет кездесетін (кəсіпкерлер) немесе оны зерттеумен кəсіби түрде айналысатындардың (сарапшылар) пікірі. СҚИ халықаралық ұйымдардың сараптамалық талдауларынан алынған мағлұматтар негізінде есептелетін жинақтаушы индикатор болып табылады. Барлық ақпарат көздері мемлекеттік жəне экономикалық сектордағы сыбайлас жемқорлықтың таралуының жалпы деңгейін бағамдап жəне көптеген елдердің көрсеткіштерінен тұрады. Индекс елдерді мемлекеттік сектордың жемқорлық деңгейін қабылдау негізінде 0 шкаласынан (сыбайлас жемқорлықтың ең жоғары деңгейде) 100 шкаласына (сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі) дейін орналастырады. Қорытынды рейтингіде елдің ұпайымен бірге ақпарат көздерінің саны келтіріледі. Белгіленген талаптарға сай қандай да болмасын елді индекске қосу үшін кем дегенде үш ақпарат көзі болуы тиіс. Жалпы алғанда, кемшіліктеріне қарамастан, индекс салыстырмалы түрде сенімді өлшем құралы.

Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қатер төндіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық жəне əлеуметтік реформаларға кедергі жасайтыны сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор жəне адал (жергілікті немесе шетелдік) кəсіпкерлерді алдын ала теңсіздік жағдайына қоя отырып, сыртқы жəне ішкі нарықтардағы бəсекелестікке нұсқан келтіріп, ұлттық экономикаға жағымсыз əсер етеді. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі тəуелсіз сарапшылар қауымдастығының бағалауы бойынша, ол Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің құнын көтереді, бұдан ең алдымен халық зиян шегетіні сөзсіз [2].

Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргізудің экономикалық жəне қаржылық ортасына зиян келтіріп, мемлекеттік басқару мен бизнестің тиімділігін, инвестицияларға ынталарын төмендетеді, экономикалық жəне саяси дамуды тежейді, əлеуметтік теңсіздікті туындатады, сондай-ақ саяси үдеріске белгілі бір тұрақсыздықты енгізеді.

Құқық қорғау органдары қабылдап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына қарамастан,  олар  айтарлықтай  нəтиже  бермей  отыр.  Қазақстан  Республикасының  Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми мəліметтеріне сəйкес, егер 2005 жылы анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша келтірілген зиян сомасы 379  млн теңгені ғана құраса, 2012 жылы осы көрсеткіш 7,8 млрд теңгеге дейін өскен. Ал ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институтының директоры Сакен Еспаевтың мəліметтері бойынша, 1994–2013 жылдардағы Қазақстанға жемқорлықтан келген зиян 7.5 млрд долларға тең. Соңғы екі онжылдықта елден 120 млрд долларға жуық капитал кеткен. Соның ішінде біразы сыбайлас жемқорлық салдарынан [3].

Бұл көрсеткіштер, əрине, көңіл көншітерлік емес. Алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған біздің ел үшін жақсы көрсеткіш деп айта алмаймыз. Осы құбылыстың ұлттық қауіпсіздігімізге қатер екендігі ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан – 2050» Стратегиясында: «Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді жəне ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер», — деп көрсетіледі [4].

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бəсекеге қабілеттілігін едəуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен əділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресте əлемдік елдердің нəтижелі тəжірибесін талдап анықтау біз үшін маңызды.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мəселесін əрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымдарда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дəуір жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мəселелері де əр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында жəне мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға жəне жоюға бағытталған əкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған. Осыған орай, шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне жолын кесу шараларына назар аударайық.

«Транспаренси Интернешнлдің» мəліметтерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтарын жəне қазіргі əлемдегі жемқорлықтың деңгейін зерттеу мақсатында, əлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты бейнелеп көрсетуге тырысайық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер;

 2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер; 3) сыбайлас жемқорлыққа байланасты едеуір мəселелері бар елдер; 4) сыбайлас жемқорлық айырықша байқалатын елдер.

Бұл көрсетілген рейтингіде үздіктер қатарына Дания мен Жаңа Зеландияны жатқызамыз. Олар мүмкін болған 100 ұпайдан 91 ұпай жинаған. Үшінші орынға 89 ұпаймен Финляндия жайғасқан. Алғашқы ондықтың қатарында Швеция, Норвегия, Сингапур, Швейцария, Нидерланды,  Австрия жəне Канада бар.

Посткеңестік елдер ішінде біздің алдымызда Эстония (28-ші орын), Грузия (55), Армения (94),Молдова  (102),  Беларусь  (123),  Əзербайжан  (127),  Ресей  (127)  орналасқан.  Бізден  кейін Украина (144), Қырғызстан (150), Тəжікстан (154), Түркіменстан (168) жəне Өзбекстан (168) жайғасқан.

Жоғарыда аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген жəне ішкі қауіп ретінде қабылданып, соған байланысты онымен күрес көлемді жəне кешенді сипат алады.

Ең алдымен, бізге қызықтысы кейінгі жылдары рейтингіде ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқан Данияның тəжірибесі. Бұл елдің бұл салада табысқа жетуіне ең алдымен нəтижелі жұмыс істеп тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен бастамалар ықпал етеді.

«Транспаренси Интернешнл» 2013 жылы Даниядағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізген зерттеулер нəтижесіне сəйкес төмендегідей қорытындылар жасалған: Даниядағы сыбайлас жемқорлыққа «ымырасыздық» ең алдымен күшті мемлекеттік басқару мəдениетімен байланысты. Бұл жүйеде бұқаралық ақпарат құралдары маңызды орын алады. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтардың көптеген оқиғалары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жəне ұлттық аудиторлық бюрода, парламенттік омбудсмендердің талқалауына түседі. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары өз жұмыстарын нəтижелі жүргізеді. Сыбайлас жемқорлық Данияда күрделі мəселе болмағандықтан, қоғамдық үрдістерге жəне мүдделерге ықпал ететін тақырып болып табылмайды. Ел азаматтары дат мекемелері мен лауазымды тұлғаларына «дұрыс» қарайды жəне олардың беделі жоғары. Елдің көптеген компаниялары өз ішінде жəне сыртқы серіктестермен жұмыс істеу барысын- да жемқорлыққа «ымырасыздық» саясатын ұстануда [5].

XIX ғасырдың ортасына дейін Швеция сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан ел болып та- былды [6]. Бірақ та саяси элитаның елді толықтай модернизациялау туралы стратегиялық шешімі қабылданғаннан кейін шенеуіктердің меркантилді ойларын толықтай жоққа шығаруға бағытталған іс- шаралар əзірленіп жəне жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік реттеу тыйымдар мен рұқсаттар арқылы емес, адал жəне жауапты басқару стимулдары — салықтар, жеңілдіктер мен субсидияларға негізделді. Азаматтар үшін мемлекеттік басқарудың ішкі құжаттарымен танысуға жол ашылып, мемлекеттің қалай жұмыс істейтіне түсінгісі келетіндерге мүмкіндік берілді. Ең бастысы, тəуелсіз жəне нəтижелі сот жүйесі қалыптасты.

Сонымен бірге швед парламенті мен үкіметі шенеуніктер үшін жоғары этикалық стандарттар бекітіп жəне оны орындатуға күш салды. Небары бірнеше жылдан кейін мемлекеттік бюрократия арасында адалдық беделді нормаға айналды. Шенеуніктердің еңбекақысы басында жұмысшылардың жалақысынан 12–15 есе көп болған. Алайда ел үкіметінің мақсатты əрекетінің барысында бұл айырмашылық екі есеге төмендеді. Бүгінде Швеция сыбайлас жемқорлық деңгейі өте төмен елдердің бірі.

Швецияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда шіркеу мен қоғамдық пікір үлкен орын алады. Сол арқылы бұл елде аз уақытта өте жоғары табысқа ие болған қандай да болмасын бизнесменге не- месе шығыстары табысынан əлдеқайда жоғары шенеунікке күдікпен қарайды. Қоғамдық пікір бұл бизнесменді оқшауландырып, сондықтан оған бизнесте де, күнделікті тіршілікте де сенімсіздік білдіре бастайды. Жəне қоғамдық пікір бұндай шенеунікті қызметтен кетуге мəжбүрлеп, оған мемлекеттік қызметте жəне жеке бизнесте жұмыс табуға мүмкіндік бермейді. Қоғамдық пікір сыбай- лас жемқорлықты, жалпы жеке бизнес пен мемлекеттік қызметтегі «арам пиғылды» сирек құбылысқа айналдырды. Ешқандай заңдық реттеу жолымен немесе тіпті қылмыстық жазалау жолымен де бұндай көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін емес.

1965 жылы тəуелсіздік алғаннан кейін Сингапур сыбайлас жемқорлықтың деңгейі өте жоғары ел болып саналды [7]. Сыбайлас жемқорлықтың белең алғаны сонша, ол адамдардың өмір сүру салтына айналған. Салыстырмалы түрде аз тарихи уақытта, яғни тəуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін, кедей елден жоғары дамыған постиндустриялы елге айналды. Бұл жол 1959 жылы Сингапурдың премьер-министрі Ли Куан Ю жасаған таңдауды жүзеге асыру жолы болып табылады. Дəл осы адам, тұщы су мен құрылыс құмы сырттан əкелінетін портты қаланы, Оңтүстік-Шығыс Азияның қаржы жəне сауда орталығына айналдыруды көздеді. Бұл үшін сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету қажет болды. Оны төмендету стратегиясы кешенді түрде жүзеге асты: шенеуніктердің қызметі қатаң реттелді, барлық заңдардағы екі мағыналық жойылып, көптеген рұқсат ету жəне лицензиялау түрлері алынып тасталды, заңның үстемдігі жəне заң алдында барлығы тең принципі қалтықсыз жүзеге асырылды, билік органдарының қызметін қарапайымдандырылып, этикалық стандарттардың сақталуы қатаң қадағаланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың орталығы «Сыбайлас жемқорлық оқиғаларын тергеудің тəуелсіз бюросы» болып табылды. Бұл əлемдегі ең бірінші арнайы мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы болып табылады. Оған азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты арызданып жəне шығындарын қайтаруды талап ете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан басталған кезде бұл бюро Ли Куан Ю-дың үкімет мүшелеріне жəне оның жақын туыстарына да қарсы тергеулерді жүргізуге бастамашы болды. Сыбайлас жемқорлықпен ұсталған бірқатар мини- стрлер нақты бас бостандығынан айыру шараларына ұшырады. Бұл əрекеттер арқылы Ли Куан Ю мемлекеттің барлық азаматтарына өз үкіметінде министрлер мен өзге де жауапты тұлғалар, адал жəне жоғары кəсіби білікті мамандар ғана бола алатынын дəлелдеді. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендете отырып, Ли Куан Ю сингапурлықтарға аяусыз еңбек пен біліктіліктің əрқашан да жоғары ақыға ие болатынына жəне жоғары өмір сүру деңгейіне алып келетінін дəлелдеді. Қауіпсіз жəне жемқорлықтан еркін мемлекеттің бейнесін қалыптастыра отырып, олар экономикаға ішкі жəне сыртқы инвистицияны көптеп тарту арқылы жоғары экономикалық өрлеуге қол жеткізді. Бірақ та бұл нəтиже сыбайлас жемқорлыққа үнемі қарсы шаралар қабылдағанда ғана қолжетімді. Осы мақсатта Сингапурдың жемқорлыққа қатысты заңнамасы оған жол бермеу үшін жетілдіріліп отырады.

Шығыстағы көршіміз Қытайда кəсіпкердің жеке меншігіне кез келген қол сұғушылық ауыр мемлекеттік қылмыс болып табылады [8]. Кез келген мұндай қол сұғушылық фактісіне полиция не- месе басқа да билік органдары тарапынан сылбыр қимыл бұл ауыр қылмысқа болысушылық болып саналады. Жеке меншік құқығы сондай-ақ жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы келісім- шарттардың нормалары мен мерзімдерінің қандай жағдай болмасын өзгерместігі арқылы қорғалады. Қытайда барлық келісімшартттар билік органдарымен қатаң сақталады.

Жеке меншіктің жəне кəсіпкерліктің нақты мұндай қорғалуы қоғамда жақсы сезіледі. Қытайлықтар кəсіпкерлікпен құлшына айналысып, елге жергілікті билікке сенетін көптеген шетелдік инвесторлар тартылады. Осының барлығы, əрине, Қытайдың жылдам экономикалық өсіміне ықпал етеді.

Көптеген ғасырлар бойы қытай бюрократиясы елдегі ерекше каста болды жəне қоғамдық игіліктерді уысында ұстады. Өз əлеуметтік жағдайларын жақсартуды ойлаған надан бюрократияның кесірінен Қытай көптеген уақыт бойы дамуда тежеліп қалды. Кадрлық жұмысшының мəртебесі (ганьбу) қоғамда ерекше орын алып, басқаларға қарағанда, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етті. Қытайдағы нарықтық қатынастардың дамуы бюрократтардың жауапты лауазымдарда бола оты- рып, мемлекеттік ресурстарды реттеу мен бизнесмендерге рұқсат беру құқығын берді. Бұл мүмкіндіктер көптеген қытай шенеуніктерін сыбайлас жемқорлық əрекеттерін жасауға, мемлекет пен жеке бизнес есебінен заңсыз байытуға итермеледі.

Қазіргі Қытайда билік органдарының жəне шенеуніктердің жеке бизнеске қысым жасауы төменгі деңгейде. Бұған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қытай заңнамасының қаталдығы себепші. Қытай билігі шенеуніктердің жемқорлық əрекеттерін елдің экономикалық дамуына қатер деп анықтауымен байла- нысты. Жəне де, олардың ойынша, жемқорлыққа, ең біріншіден, себепші болатын шенеуніктер. Бизнесті қолдаудың тағы бір маңызды факторы шенеуніктердің заңсыз əрекеттерінен олар зардап шегетін болса, мемлекет ол шенеунік үшін шығынның орнын жауып, содан кейін ол шенеуніктің от- басынан, туысқандарынан өндіріп алады.

Бірақ та мемлекет өз шенеуніктерінен өртке қарсы қауіпсіздіктің, санитарлық бақылау жəне басқа да мемлекеттің бақылаушы қызметтері үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер де мысалға, жеке кəсіпорында өрт бола қалған жағдайда бірінші кезекте осы кəсіпорын үшін жауап беретін ин- спектор кінəлі деп танылып қатаң жазаға ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол инспектор бизнесменді өрт қауіпсіздігі сақталмаған деп санап, бизнесменді оған қарсы əрекет жасауға көндіре алмаса, өртке қарсы құралдарды өз есебінен алуы жиі кездеседі.

Қытайдағы мемлекеттік аппараттың қызметі нəтижесі жүйесі шенеуніктердің қызметінің нəтижелілігін бағалау, қарауындағы жауапты аумақты немесе саланы дамыту көрсеткіштерімен қатаң байланысты, мысалға, экономикалық даму көрсеткіштері, инвестиция тарту деңгейі, экспорт көлемі жəне т.б. Сонымен бірге атқарған жұмыстары үшін: салған айыппұлдарының көлемі, бюджетке түскен қосымша салықтық түсімдер немесе ашылған қылмыстар үшін ешқандай айтулы мадақтаулар қарастырылмаған. Осылай бола тұра, адал қызмет атқаратын шенеуніктер көптеген жеңілдіктерге жəне қоғамда абыройға ие. Олар өзі күнделікті қарым-қатынас жасайтын бизнесмендердің өмір сүру деңгейімен бір деңгейде өмір сүреді. Шенеуніктер əлеуметтік жағынан жақсы қамтамасыз етілген: пəтер, балаларға тегін білім, медециналық қызмет, лайықты зейнетақы жəне т.б. Бұның барлығы Қытайда жақсы бағаланады. Сондықтан да қытай шенеуніктері экономикалық өсімге, ел басшылығы ұсынатын экономикалық қызмет стратегиясын қатаң орындауға мүдделі. Нəтижесінде Қытайда сы- байлас жемқорлық экономикалық салада кең таралса да, ол біздегімен салыстырғанда экономикалық дамуға аз кедергі жасайды.

Бұл салада тəжірибесі қызығушылық білдіретін тағы бір ел — Канада. Əрине, федералдық үкіметінде 450 мың адам жұмыс істейтін бұл елде сыбайлас жемқорлық жоқ деп ешкім кепілдік бере алмайды. Дегенмен де, бұл ел сыбайлас жемқорлықпен күресте жақсы көрсеткіштерге ие. 2003 жылы мемлекеттік қызметтің Этикалық кодексі қабылданған болатын. Бұл кодекске сəйкес шенеунік өзі мемлекеттік қызметке қабылданған 60 күннің ішінде қызметтік міндеттерін атқару барысында мүдделер шиеленісін туындатуы мүмкін əрекеттері, мүліктері, міндеттемелері туралы құпия жазбаша есепті өз министрлігінің жауапты орынбасарына жариялауы тиіс [9].

Шенеунік өз қызметтерін атқару барысында мүдделер қақтығысына əкелетін əрекеттерге жол бермеуі қажет. Егер де қандай да бір шиеленіс орын алған жағдайда, оны қоғамдық мүдде пайдасына шешуі тиіс. Ол өз қызметі барысында сыйлықтың кез келген түрін алуына тыйым салынған. Өз кəсіби қызметін аяқтаған жағдайда, мемлекеттік қызметтен соң қандай кəсіппен айналысатынын жəне жеке компаниялардан жұмысқа орналасу бойынша қандай ұсыныстар түскенін жəне қабылданған шешім туралы жазбаша құпия есеп беруі тиіс. Кодекске сəйкес мемлекеттік қызметтен босаған қызметкер бір жыл ішінде бұрынғы қызмет барысында кейінгі жылда жұмыс істеген жеке компанияның директорлар кеңесіне тағайындалуға келісімін беруіне, мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста жеке фирманың мүддесін қорғауға жəне бұрынғы қызмет барысында ие болған қызметтік ақпарат бойынша кімді болмасын ақпараттандыруға тыйым салынған.

Нидерланды да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте келесі шарттарды басшылыққа алады [10]:

  • сыбайлас жемқорлыққа бейім мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдарда мен де мониторинг жүйесін енгізу жəне осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру;
  • сыбайлас жемқорлық əрекеттерін жазалау жүйесі — бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тыйым салуды жəне мемлекеттік қызмет ұсынатын барлық əлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді;
  • лауазымдық тұлғаның жағымды əрекетін көтермелеу жүйесі — шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жа- сау;
  • арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі.

Жемқорлыққа қарсы əр мемлекеттің өзінің күресу жолы, əдісі, тəсілі бар. Ал басқа жағынан қарасақ, көптеген мемлекеттердің сарапшылары біркелкі ережелер нормаларын қолдану керек деп ұсыныс жасайды. Тіпті, жалпыұлттық тəртіп əдептілігін қалыптастыру қажет дейді. Осы орайда 1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы 7 қағида қабылдады:

  1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, шешім қабылдайды.
  2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тəуелділік жағдайына қоймағаны дұрыс.
  3. Əділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісімшарт жасау, марапаттау мəселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кəсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс.
  4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек.
  5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс. Əр шешім дəйектеліп отыруға міндетті.
  6. Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына сай шешімге келуге тиісті.
  7. Басшылық. Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып, басшылықты орындап, өзінің дұрыс істерімен, мінез-құлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті [11].

Көпшілік елдердің тəжірибесінен байқағанымыздай, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресте азаматтық қоғам институттарының — саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген саясаткерлер институттары ерекше орын алады. Бұл институттар мемлекеттік органдарға жемқорлықпен қарсы күресте көмектесіп қана қоймай, кейде бұл органдар қоғамдық саладағы жемқорлық фактілерін «байқамаған» жағдайда олардың осы бағыттағы қызметін де атқарады. Азаматтық қоғам институттарың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне мысал ретінде

«Транспаренси Интернешнл» ұйымының ұлттық бөлімшелерінің жұмысын келтіруге болады. Бұл бөлімшелер əлемнің 80-нен астам елдерінде белсенді жұмыс істейді, соның ішінде Қазақстанда, Əзербайжанда, Латвияда, Литвада, Молдовада, Ресейде жəне Эстонияда.

Сонымен бірге азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қатысты жұмысы, əсіресе өтпелі кезеңдегі жəне дамушы елдерде толыққанды дами алмауда. Бұны келесі жағдайлармен түсіндіруге болады:

  • біріншіден, барлық елдерде мемлекеттік органдар жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асырғанда азаматтық қоғам институттарын қатыстырмайды;
  • екіншіден, бірқатар елдерде азаматтық қоғам институттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекеттің бекітілген заңдық мүмкіндіктері мен тетіктеріне ие емес;
  • үшіншіден, сыбайлас жемқорлық белең алған елдерде аз санды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдардың қызметі азаматтық жəне саяси белсенділігінің, саяси жəне құқықтық мəдениеттің төмен деңгейіне байланысты қолдау таппайды.

Сондықтан да, қандай да болмасын мемлекеттегі жемқорлыққа қатысты саясатты  оңтайлы жүзеге асырудың алғышарттары, біріншіден, мемлекеттік органдардың өзара реттелген  жұмысы жəне, екіншіден, бұл органдардың азаматтық қоғам институттарымен тұрақты ықпалдастығы болып табылады.

Байқағанымыздай, шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы саясат сол елдің əлеуметтік жəне экономикалық жағдайына, мəдени құндылықтарына жəне азаматтық қоғам институттарының даму деңгейіне байланысты əр түрлі болып келді. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне талдау жасау Қазақстан үшін өте қажет. Бұл талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі.

Біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған мемлекеттің жоғарғы басшысының күшті саяси жігері жəне соның негізінде құрылған мемлекеттік, экономикалық, əлеуметтік жəне құқықтық сипаттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат.

Екіншіден, мемлекеттік əкімшілік жүйесінің бəріне азаматтық қоғам жағынан ұйымдастырылған əлеуметтік бақылау жəне құқық бұзушылардың қылмыс жөнінде іс қозғау мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

Үшіншіден, билік жүргізуге ие тұлғалардың, мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің тазалығы жөніндегі мониторингті жүзеге асыруы, тəуелсіз органдардың алдында қатаң есеп беруі.

Төртіншіден, жəне ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қоғамдық пікірдің ымырасыздығын қалыптастыру бұл бағыттағы саясаттың негізі болуға тиіс.

Осы қағидаларды сақтау ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мықты негізі болады деп санаймыз.

 

 Əдебиеттер тізімі

 

  1. Индекс восприятия        коррупции        «Транспаренси         Интернешнл»        //        [ЭР]. Қолжетімділік        тəртібі: http://www.transparency.org.ru/indeks-vospriiatiia-korruptcii/blog
  2. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысы (2012.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http:// zan.kz/kaz/docs/P1100000308
  3. Шулембаева Р. С учетом мирового опыта // Казахстанская правда. — 2014. — № 3. — С.
  4. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан–2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz/kz/category/gos_programmi_razvitiya
  5. Богарников И.В. Зарубежный опыт противодействий коррупции // Государственная власть и местное самоуправле- ние. — 2008. — № 9. — С. 17,18.
  6. Селина М. Борьба с коррупцией с оглядкой на зарубежный опыт // Новое поколение. — 2011. — № 45. — С. 4,
  7. Шимшиков Ж.Е. Мировой опыт деятельности специализированных антикоррупционных органов и вероятность его применения в Казахстане // Транзитная экономика. — 2013. — № 4. — С.
  8. Невейкин В. Уроки китайского // Новая газета. — 2011. — № 4. — С.
  9. Демчук А.Л., Соколова В.И. Канада: новые механизмы борьбы с коррупцией // США. Канада: экономика, политика, культура. — 2010. — № 5. — С.
  10. Құттаяқов Ш. Қазаннан қақпақ кетсе... Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ой-толғамдар. — Астана: Елорда, 2000. — 54-б.
  11. Основы противодействия коррупции // Науч. ред. С.В.Максимова. — М.: Спарк, 2000. — С. 47,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.