Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоңырат тайпасының ғылыми негіздегі шежіресіне қатысты мəселелер

Шежіре деректерінде Қоңыраттың шыққан тегі туралы

Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  жазып  қалдырған  шежіресінде  Жан  Арыстың  бəйбішесінен       — Дарақожа, одан Қоңырат туған дейді [1].

Шəкəрім Құдайбердіұлы «Түрік, Қырғыз, Қазақ һəм Хандар шежіресі» атты еңбегінде Қоңыраттар  туралы  өз пікірін былай білдіреді:  «Қытай жазушы  Юан-Шу-ми-ши сөзінше,  бұрынғы заманда Ункурлар, яғни Қоңыраттар, Халхе өзенінің Бабиор көліне құйған арада жүрді. Бұлардың да көбі өзбекке қосылып, өзбек атанған» [2].

Əбілғазы баһадүр хан өзінің «Түрік шежіресі» кітабында: «Қиян нəсілінен бір кісі бар еді, оның үш ұлы болды. Үлкені — Жорлық мерген... Жорлық мергеннің Қоңырат атты ұлы бар еді, барша Қоңырат елі соның нəсілінен шықты» [3], — дейді.

Бірқатар зерттеушілер Қоңыраттарды ертедегі Огус-Динлин ұрпағынан таратады. Шығыс мұсылман жазбаларында Қоңыраттар Оғыз ханның алтыншы ұрпағы Теңіз ханнан тарайды. Рашид- ад-Дин, орыс ғалымдары Н.Аристов, Т.Жданко Қоңыраттарды ежелгі Қият тайпасының ұрпағы немесе қияттармен тектес олхонут, хонхират руынан шыққан жəне ежелден монғол халқының құрамында болған деп есептейді. Қоңыраттардың ертедегі қоныстары Қытай мен Монғолия арасындағы Утаджие аймағында болған. Қоңыраттар туралы алғашқы деректер Лиау жəне Жин патшалықтары кезіндегі жылнамаларда кездеседі. Лиау жəне Жин патшалықтары кезінде (XII ғасырда) Қоңыраттар Моңғолия үстіртіндегі ірі тайпалардың бірі болған. Олардың өріс-қоныстары Кереулин өзенінің төменгі ағысы мен Ергуна өзенінің алқабында еді. Қоңыраттардың батысында монғол тайпалары, батыс оңтүстігінде татар тайпалары, шығыс оңтүстігінде Жин патшалығының шекара шегі тұрған [4; 341, 342].

Шежіреші-ғалым Ж.Бейсенбайұлының пайымдауынша, «Қоңырат — Шыңғыс хан заманына дейін-ақ маңайындағы қоңсылас қонған түркі нəсілдес найман, керей, меркіт, монғол (моғол, мыңқол) елдері секілді белгілі тайпалардың бірі болған. Сол дəуірге қатысты деректерде, ол көнеден жеткен аңыздарға сəйкес «алтын аяқтан туылыпты» делінетін ағайынды Жорлық мерген, Қабай шере, Тасбұдай сынды текті тұқымнан тараған ру ретінде сипатталады. Қоңырат — ағайынды үшеудің үлкені Жорлық мергеннің ұлы. Қабай шереден — Еңкірес, Елқонұт; Тасбұдайдан Қаранұт, Қоңқұлұт деген ұлдар туған. Бұлардың бəрі де XII ғасырға дейін жеке-жеке ру дəрежесіндегі белгілі елдер. Бірақ та бəрі қосылған кезде жолы үлкен Қоңырат атауының төңірегіне ұйысып, түгел «қоңыратпыз» деседі» [5].

Қоңыраттардың ертедегі қоныстары Қытай мен Монғолия арасындағы Утаджие аймағы болған. Ежелден көрші тұрып, монғолдармен жан-жақты тығыз байланыста болған. Олар келе-келе Шыңғыс ханға бағынып, XIII ғасырда моңғолдардың батысқа жасаған жойқын жорығына қатысқан.

Осы тарихи оқиғаға байланысты Қоңыраттардың едəуір тобы Қазақстан мен Орта Азияға тұрақтап, қоныс тепті. Олар бұдан былай Дешті Қыпшақтың сол қанаты есебінде Темір əулетіне қарсы күресте Əбілхайыр ханды қолдады. Осындай саяси тартыстар салдарынан Шайбани ханмен бірге ауған Қоңыраттар Хиуа хандығының негізін салып, кейінірек қарақалпақ халқының құрамына енді. Жəнібек пен Керей бастаған топ Дешті Қыпшақтан ауа көшкен кезде Қоңыраттардың бір бөлігі олармен бірге Батыс Моғолстанға келіп орнықты. Қоңыраттар XIX ғасырдың басында  Қаратау, Талас, Ташкент, Бұхар, Қоқан маңына ауысты. Сөйтіп, Қоңыраттар Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі түркі тілдес жергілікті тайпалармен араласып, қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз халықтарының құрамына еніп, сіңісіп кетті [6].

Қоңыраттың азан шақырып қойған есімі Нағанай дейді. Нағанай жəне оның балалары үнемі өңкей қоңыр аттарға мініп жүретін болғандықтан, ел оларды «қоңыр аттылар» деп айтады екен. Осыған орай Нағанай «Қоңырат» атанып кетіпті дейді. Қоңыраттардың ұраны — Алатау, Мүкамал.

Қоңырат тайпасының екі бірлестікке бөлінуі

Қазақ шежіресі Қоңыратты оның Сеңке биінен таратады. Шыңғыс хан ұлы хандыққа көтерген он екі бидің бірі Сеңке биге қарап: «Əй, Сеңке, сенің ұраның — «Қоңырат», құсың — сұңқар, ағашың — алма, таңбаң — босаға «┌┐» болсын» [7; 37], — деген екен.

Сеңке биден — Нағанай батыр. Оның жеті əйелі болған. Олардан отыз ұл жəне Емен, Семен деген екі құлы болған. Нағанай ол екеуін де өз балалары санағандықтан, отыз екі баласы бар делінеді. Шежірелерде ескі жыл санағы бойынша 616 жылы Отырардағы Ноғайлының елі жаугершілік заманға тап болып, Нағанай балаларымен алыс-алыс жерлерге көшіп жүріп, тарыдай шашылып кетеді. Нағанайдың бір баласы (есімі Орын би) жоғалған малдарын іздеп кеткен екен, қайтып келсе ел орнында жоқ. Орын би Əзіреті Түркістанға барып, үйлі-жайлы болып, одан Мелде би туады. Мелде би ер жетіп, Түркістанда елшілік, билік қызметін атқарған [8; 11].

Орын бидің екінші баласы Жығалы Жиделі-Байсында тұрғанда ерте қайтыс болады. Одан Құлшығаш, Қаракөсе деген екі ұл жас қалып, анасы Жезбикені əмеңгерлікпен Мелде би алып, соның қолында өседі.

Сондықтан  шежіреде  оны  Мелде  бидің  баласы  етіп  көрсетеді  де,  Көктің  ұлы    (Тəңірберді) тармағына  жатқызады.  Мелде   бидің  бірінші   əйелі   Орынбибіден  —   Құдайберді,   лақап  аты  — «Көтенші», екінші əйелі Жезбикеден — Тəңірберді, лақап аты — «Көктің ұлы». Барлық Қоңырат елі негізінен осы екі атадан өрбиді [7; 37].

Сонымен, шежіре деректері бойынша, Қоңыраттар екі үлкен бірлестікке бөлінеді. Бұл екі бірлестікті əйгілі ғалым В.Радлов «жеті ата Көктің ұлы, алты ата Көктің құсы» деп атаған. Қазақ шежірелері Қоңырат тайпасын «алты ата Көтенші» (аузы дуалы Мелде би бұл «Көтіне сенген бəйбішенің баласы, аты «Көтенші» болсын» депті); «жеті көше Көктің ұлы» (жұртта қалған Жезбике аман босанып, баласын орайтын жөргек мата таба алмай, көк шөпке орап алып, көштен бұрын ауылы қонатын жеріне келіп жетіпті; осыған орай Тəңірберді көк шөпке оранған «Көктің ұлы» деп атаныпты [9; 162]), — деп екіге жіктеп, олардан 13 руды таратады.

Мелде би қартайып, тоқсанның үшінде дүние салады. Ұрпақтары Түркістанға апарып қойған. Мелде бидің асында балалары, немерелері Хантағы деген жерде бəйге береді. Өлген кісінің асында бəйге беру үлгісі содан қалған деген сөздер бар.

Көтеншілер ұрпақтары

Қоңыраттың Көтеншісінен ру дəрежесіне жеткен мыналар:

  1. Божбан. Шежіре деректері бойынша, Көтеншінің төрт баласы болған. Оның үшеуі — Ханым бəйбішеден, бір бала — тоқалы Сұқсұрханымнан [8; 14].

Ханым бəйбішенің үлкен ұлы Сүйініштен (Сүйеніштен) — Жолдыбай — одан Игілік (лақап аты Божбан). Игілік жуас, момын кісі екен. Сөйлемей бозарып отыра бергендіктен, «Божбан» аталыпты.

Божбаннан (Игіліктен) — Қозыбай, одан — Көшек. Көшектен Жанəділ туған. Жанəділден екі бала болған. Есімдері Жəдігер жəне Нұрым. Жəдігерден екі бала — Қожақұл, Жəукім. Нұрымнан екі бала — біреуінің есімі Құтым, екіншісінің есімі — Сырым. Құтымнан — Құлым, Сырымнан Итемген туған деседі.

Божбанның кіші əйелінен төрт бала болған: Бекарыстан (Бекарыс), Мұрат, Ұржық жəне  Жұмық.

Мұраттың тоғыз баласы болып, олар бір-бірімен тоқпақтаса берген соң, Тоқпақ аталып кеткен.

Тағы бір шежіреде, Көтеншінің екі əйелі де тумаған соң өз аяғымен келген бір əйелді алып, ол əйелден жалғыз ұл туғаны тілге тиек болған. Аты — Тəңірберген. Тəңірбергеннің екі əйелі болып, сол екеуінен сегіз бала болған, яғни Божбанның сегіз атасы тарқайды делінген.

Сонымен, Божбандар сегіз ата болған екен: Қожақұл, Жəукім, Итемген, Құлым,  Бекарыс, Тоқпақ, Ұржық жəне Жұмық.

Аңыз бойынша, Божбан — Жиделі-Байсындағы Алпамыс батырдың ұрпағы, бала кезінде Көтеншіге келіп сіңген. Көтеншіден тараған Сары, Сапар, Маңғытай, Саңғыл елдерімен бірігіп, «Бес Божбан» атанған. Ертеде Божбандар Шымкент уезінің оңтүстік-батысын, Сырдың екі жағын мекендеген. Таңбасы Қоңыратқа ортақ — босаға таңба [10].

  1. Жаманбай — Көтеншіден тараған бес рудың (Божбан, Жаманбала, Саңғыл, Маңғытай, Жетімдер) бірі.

Көтеншінің екінші баласының есімі Мақы (Бақы), одан — Қарақұдайберді, одан — Жаманбай, Аманбай, Сүттібай, Сүйінбай, Аққошқар, Байқошқар [11; 102].

Жаманбайдан — Жауқашты, Ноғайлы, Шоқпарлы, Құрбан, Қира. Ноғайлыдан — Сатыбалды, Тоқас, Шоқан.

Құрбаннан — Киікші, Жары, Сасық, Тіней, Жартыбас, Көтен. Аманбайдан — Құйысқансыз.

Сүттібайдан — Алти, Қырғызəлі.

Аққошқардан — Ақмырза, одан — Ақболат, Қайрақ. Байқошқардан — Борай, Жиімбет, Қоңыршұнақ.

Мақыдан тараған аталардың барлығы «Жаманбай» аталады [7; 39]. Ертеде Жаманбай əулеттері қазіргі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарын мекендеген. Ұраны — Алатау (Қоңыраттың ұранымен бірдей) [12].

  1. Саңғыл. Көтеншінің үшінші баласы — Сопы. Одан — Мүлкіман, Мүлкіманнан — Саңғыл, Маңғытай.

Саңғылдан — Ағысай, Нұрсай, Самай, Қошқар, Қаратілес, Тиес. Ертеде Саңғылдар Сырдария губерниясының Түркістан уезінде, Қаратаудың теріскейі мен күңгейінде,  Қозмалдақ, Сызған, Күмісті,  Бақырлы,  Үштөбе,  Жартытөбе,  Мыңшұқыр,  Шылбыр,  Көкіш  деген  жерлерді       (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Түркістан, Қызылқұм аудандары) мекендеген. Ноғайқора, Көкшеқұм болыстарын құраған. Рулық ұраны — Мүлкіман, таңбасы жалпы Қоңыратқа ортақ — босаға [13].

  1. Маңғытай. Одан — Елімбет, Тұма, Қошпанбет, Шүйіш. Бір деректе Маңғытай Саңғылдың інісі делінеді. Екінші деректе Саңғылды монғолдың «Қытай» деген тайпасының көсемі еді, маңғыт (татардан) елін өзіне қосып алып, «Маңғытай» деген жаңа ат берді дейді [11; 102–103].

Қалай болғанда да Маңғытай мен Саңғыл туысқан кісілер болса керек. Алғашқыда туысқан есептелініп, қыз алыспаған. Бертін келе аралары алыстап, өзара қыз алысып кеткен.

  1. Жетімдер. Көтеншінің төртінші ұлы (тоқалы Сұқсұрханымнан туған баласы) — Досымқұл. Досымқұлдан — Досқара (кейде Есқара деп атайды).

Досқарадан — Шүйіш батыр (кейде Сүйініш делінеді).

Шүйіш  батырдың  əйелі  Жұпардан  —  Құдияр,  кейінгі  Бұхардан  алған əйелінен —  Маматеке (Мəметек) туады.

Шүйіш батырды Бұхар əмірі шақырып алып, қасынан қызмет берген деседі. Шүйіш батыр Бұхардан бір əйел алады да, өзі бір-екі жылдан соң қайтыс болып кетеді. Ол баланың есімін шешесі Маматеке деп қойған екен. Маматеке əкесі өлгенде іште қалған. Кейін жетім болып өскендіктен болуы керек, одан өрбігендер «Жетімдер» деп аталады.

Маматекеде екі бала болған, есімдері — Сары жəне Сапар. Сарыдан төрт бала: Жанжігіт, Мырзахмет, Жетібай жəне Жантеке.

Сапардан төрт бала болған. Олар: Қатаған, Жайма, Соқыр жəне Қосым.

Маматеке Бұхарда шешесінің қолында жүріп, ер жеткен соң, «əкем қайда» деп сұрағанда, оған шешесі «əкең қайтыс болған, туыстары Сырдария бойындағы Қоңыраттар, малға салатын таңбасы — босаға таңба» дегенді естіген соң, Маматеке елге оралып, үйлі-жайлы болған деседі [8; 19].

Сан жағынан басым болғандықтан, өзге аталар Сары, Сапар аталарының есімімен аталып кетеді.

Сондықтан да Жетімдер негізінен екі тармаққа — Сары, Сапар деп бөлінеді.

Сапар тармағындағы Қатаған, Жайма аталары Есімхан Тұрсынханды өлтіріп, оның елін қырғанда, қашып барып, Қоңырат ішіне паналаған. Олар негізінен Ұлы жүз ішіндегі Шанышқылы елімен туыстас [7; 39].

Орта жүз Қоңырат тайпасының Көтеншісінен тараған рулар бірлестігі — Жетімдер ұрпақтары ертеде Шымкент уезінің оңтүстігін мекендеген.

Көктің ұлы аталары

Орта жүз Қоңырат тайпасына кіретін бір топ рудың аты — Көктің ұлы (Көктіңұлы). Шежіре деректері бойынша, Көктің ұлына келесідей рулар (аталар) кіреді:

  1. Оразкелді. Көктің ұлының (Тəңірбердінің) үш баласы болған. Олар: Абатқұл, Жабатқұл, Қара [9; 182].

Жабатқұлдың бəйбішесінен — Мұхамметəліби (Мəмбетəліби),  тоқалынан —     Қарашабейімбет

(Қараменді), үшінші əйелінен — Бойыс, Боқыс, Көккөз, Тайыс.

Мұхамметəлібидің (Мəмбетəлібидің) бəйбішесінен — Құрманəлі, тоқалынан — Бұғышы, Қаржау.

Құрманəліден — Мұзды, тоқалынан — Сырлы, үшінші əйелінен — Жапалақ, Шегір, төртінші əйелінен — Айғұлы.

Бұғышының бəйбішесінен (қырғыз қызынан) — Жолдыбай, тоқалынан — Майлыбай, Барлыбай, Қондыбай, Қарабатыр, үшінші əйелінен (қырғыз қызынан) — Бəткей.

Қоңыраттың бəйбішесінен — Орын би мен Жығалы мырза. Жығалыдан — Қаракөсе (Қожахмет), Құлшығаш. Жығалы мырза жастай қайтыс болғандықтан, Қаракөсе (Қожахмет) мен Құлшығаш Мелде бидің (Орын бидің баласы) қолында өсіп, тəрбиеленіп, Көктің ұлына қосылып таратылады.

Жығалы мырзаның баласы Қожахметтен (Қаракөседен) — Əлібек деген ұл, Қарашаш деген қыз туған. Қожахмет бойжеткен соң Қарашашты Жəнібек ханға ұзатыпты. Жəнібек хан Қарашаштың некепұлы үшін Қожахметке «Байқарағай» деген жерді мөрлеп тегін беріпті жəне Əлібекке аттың алтын тиекті шідерін сыйлапты. Осыған орай Əлібек — «алтын тиекті Əлібек» атанып, кейін ел онан өрбіген ұрпақтарды «Тиекті» атап кетіпті.

Мұхамметəліби (Мəмбетəліби) балалары ержетіп, малы да, жаны да көбейіп, бай болған. Сонда ол: «Құдайға шүкір, оразды болдым!» — деп айтып отырады екен. Осыны есіткен ел оны «Оразкелді» атап  кетіпті  дейді.  Сонымен,  Оразкелдінің  алты  баласы  —  Құрманəлі,  Бұғышы,  Қаржау, Бəткей, Айғұлы, Тиекті — «Алты ата Оразкелді» атанып қалған. Олар қазір бір-бірімен қыз алыспайтын туысқан болып есептеледі [9; 182].

  1. Байлар-Жандар. Жабатқұлдың үшінші əйелінен туған төрт баласының үшеуінен — Бойыс, Боқас, Тайыс əулетінен таралған ұрпақтар «Байлар — Жандар» деп аталып қалған.

Бойыстан — Құланшы деген ата тараған. Оның үш баласы болған: Шеген, Меңлібай, Тоқал. Боқастың  да  үш  баласы  болған:  Байдербіс,  Жандербіс,  Жолдербіс.  Байдербістен  —   Көшік, Көбек. Жандербістен — Мамыт, Шорапал, Қалжабек, Молдабек. Жолдербістен — Құлшық, Бөлік.

Жабатқұлдың үшінші əйелінен туған Тайыс деген баласынан Елбақ, Қойбақ деген аталар тарайды.

Сонымен, Жабатқұлдың үшінші əйелінен туған Бойыс, Боқас, Тайыстан тараған əулет — Құланшы, Көшік, Көбек, Мамыт, Шорапал, Қалжабек, Молдабек, Құлшық, Бөлік, Елбақ, Қойбақтың аталары «Байлар-Жандар» деген елді құрайды. Бұл аталар да қыз алыспаған туысқандар болып есептеледі. Байлар-Жандар аталуы — Жандербістің, Байдербістің есімдеріне орай қойылған болуы керек [8; 24].

Байлар-Жандар ұрпақтары ертеде Шымкент уезінің оңтүстігін мекендеген.

  1. Тоқболаттар. Олар Жабатқұлдың үшінші əйелінен туған Көккөзден тарайды. Көккөзден — Тоқболат, одан — Барақ, Сақа, Қарасақал, Тойтұман.

Кезінде Тоқболаттың ұрпақтары қазіргі Ташкенттің маңында көшіп-қонып жүрген. Ұрандары —

Алатау, таңбасы — босаға [14].

  1. Қаракөселер. Жабатқұлдың екінші əйелінен туған Қарамендінің Қаракөсе атану себебі Сырдария бойында, тоғай арасында жолбарыс пайда болып, малға, бірлі-жарым адамдарға тыныштық бермеген соң, «оны өлтіруге кім барады» дегенде, «мен барамын, мысықтан да кісі қорқа ма екен» дегенді айтып жолбарысты өлтірген екен деседі. Өзі қара торы, əрі көсе болғандықтан, Қаракөсе атаныпты.

Қаракөсенің бес баласы болған, олар: Қарулы, Мұқан, Тоғай, Жолық жəне Тілте [8; 25].

Қарамендінің (Қаракөсенің) бес баласы үш əйелден өрбіген. Бұларды «Қаракөселер əулеті» деп атаған.

  1. Құлшығаштар. Жығалы мырзаның екінші перзенті Құлшығаштың үш баласы болған. Олар: Өтеулі, Жорытпас, Сары. Осы үш ұлдан тараған ұрпақтар ауқымды елге айналып «Құлшығаш» атанған.

Құлшығаштар Ташкент жəне Шымкент уездерін мекендеген. Ұрандары — Алатау, таңбасы —

босаға [15].

  1. Алғилар. Бір деректерде Абатқұлдың əулеті «Алғилар» атанған делінген. Басқа бір деректерде Алғилар Қарадан тарайды делінген. Əсілінде, Абатқұлдан тараған болса керек. Себебі Алғиларды аға баласы деген сөз бар.

Алғилар екіге бөлінеді: Аққой, Қарасирақ. Аққойдан екі бала болған: Мамаш, Жұмаш. Қарасирақтың бес баласы болыпты. Олар — Ахмет, Қаратеке, Мəмбетқұл, Қарағұс, Шығар. Осы айтылған аталар «Алғилар əулеті» деп аталады [8; 20].

Алғилардың ежелгі мекені — қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан, Шəуілдір, Созақ аудандары [16].

Сонымен, Көктің ұлының балалары — Оразкелді, Байлар-Жандар, Құлшығаш, Тоқболат, Қаракөсе, Алғи.

Алты ата Көктің ұлын тоқалдың балалары деп те атайды. Себебі Жезбике Мелде бидің тоқалы болған. Көтеншілер бəйбішенің балаларының санатында.

Қоңырат тайпасынан шыққан ұлы тұлғалар

Қазақ халқының қалыптасуында тарихи тұлғалардың, ірі көсемдер мен шешендердің, ақындар мен батырлардың алар орны айырықша. Бүкіл халықтың намысын жыртқан олар бір рудың немесе бір тайпаның уысына сыймақ емес. Жалпы ұлттарымыздың мақтанышы болған соң бабалардың арқасы — бүгін мынау ұлан-байтақ жерді жайлап жатқанымыз.

Қасиеттеп  айтар ірі  тұлғаларымыздың бірі  де бірегейі  —  Алпамыс  батыр жəне  де  XVI–XVII ғасырлардың тоғысында өмір сүрген Алатау батыр.

  1. Қазақтың халық эпосы «Алпамыс батыр» жырының бас қаһарманы Алпамыс Қоңырат тайпасынан шыққан [17].

«Алпамыс  батыр»  —  мазмұны  терең,  көркемдігі  мен  тарихи  шындықты  қамтуы     жағынан «Одиссея», «Манас», «Қобыланды батыр», т.б. жырлар секілді əлемге танымал эпостық жыр [18].

Шығармада қарттардың жаратқаннан перзент тілеп əулиелерге түнеп, мінəжат етуі, болашақ батырды зарығып көруі; жас қаһарманның жедел ер жетіп, айрықша қайрат танытып өзі таңдап жүйрік ат мінуі; жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін  бақытқа кенелтуі; өзіне өмірсерік болатын сұлу жар таңдап бақытты өмір кешуі секілді ежелгі батырлық ертегілерге тəн тұрақты сарындар жырда мейлінше анық, толық көрсетілген.

Əлбетте, жырдың ең қызықты тармағы — қазақ халқының бертіндегі тарихи өмірінің сипатын беретіндігі. Қазақ халқының XVII–XVIII ғасырлардағы қалмақ жаулаушыларына қарсы күресі жырда фабулалық шынайы көрініс береді. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кəсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дəлелдейді. Қаһармандардың туып-өскен, өмір кешкен елі — Жиделібайсын  (Жиделі-Байсын), нақтылы тайпасының аты — Қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде В.М.Жирмунскийдің дастанды Қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген [4; 74].

«Алпамыс батыр» жырының оқиғалық, құрылымдық жəне көркемдік ерекшеліктері қаламгерлерді жаңа туындылар жасауға ұмтылдырған. Мысалы, Өзбекстан мен Қарақалпақстан драматургтері осы жыр негізінде пьеса жазды. Ал қазақ композиторы Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы (либреттосын жазған К.Кенжетаев) құнды мұра қатарына қосылды.

  1. Алатау батыр. Есімі қалың Қоңырат тайпасына ұран болған бұл кісінің шын аты — Жиенəлі. Алатау батыр (Жиенəлі) — Қоңырат ішіндегі Құлшығаштан (Көктің ұлына жатады).

Құлшығаштан — Жортпас, одан — Досай, Өтей, Аллаберді, Түйеші, Əжікей.

Досайдан — Есайдар, Өтемі, Жиенəлі (Алатау батыр). Жиенəліден (Алатаудан) Құлтайлар тарайды. Сонымен, Алатау батырдың Құлшығаш руының Жортпас атасынан тарайтын Құлтай ұрпақтарының бабасы екені ақиқат шындық.

Жазушылар одағының мүшесі М.Ерімбетов «Ұлы тұлғалар» деген мақаласында Алатау батырдың ерлігін былай суреттейді: «Бірде Хазар теңізі жақтағы Кіші жүз елінен «Жау тиді» деген хабар келеді. Алатау Қоңыраттың батырларын жинап, жорыққа əзірленеді. Өздері қарамағында отырған Ташкенттегі Тұрсын ханға жағдайларын, «Елімізге, жерімізге, малымызға бас-көз болыңыз. Қараулық жасамаңыз» дегенді айтады. Хан уəдесін береді. Кіші жүз еліндегі соғыстан жеңіспен оралса, елі аңырап отыр. Хан Тұрсын антын бұзып, жарамды жігіттердің жоғын пайдаланып, елін шауыпты.

Алатау батыр сарбаздарын аттан түсірмей, Ташкентке тартады. Хан ордасын «Хан Тұрсынды — ант ұрсын!» — деп шабады. Хан Тұрсын қашып кетіп, оның айдай сұлу қызын олжалайды. Қызды жайдақ нарға мінгізіп алып келеді. Ол сүйекке таңба екен. Асқан сұлу қызға Қоңыраттың батырлары көз тігіп, таласып қалардай халге жетеді. Сол кезде Алатау батыр: «Кешегі Хазар теңізі маңындағы соғыста асқан ерлік көрсеткен найзагер жігіт болды. Жекпе-жекте де, қалың қол соғысында да жан шыдатпады. Осы қызды Шанышқылы атанған батырға берелік» дейді. Қалың Шанышқылы елі осылайша пайда болған деседі» [19]. Өкінішке орай, Алатау батыр туралы деректер тым аз.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі. — Алматы: Жалын, 1993. — 14-б.
  2. Қазақ шежіресі: Үш тараудан құрылған жинақ. — Целиноград: «Қаламгер» шығармашылық алқасы, 1991. — 55-б.
  3. Əбілғазы. Түрік шежіресі. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 40-б.
  4. Оңтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. — 560 б.
  5. Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі — Алматы: «Ана тілі» апталығы - Атамұра, 1994. — 43-б.
  6. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 6-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас ред., 1975. — 601-б.
  7. Жалмұханбетов К. Ғасырлар белесі. — Астана: «Ақарман-медиа» ЖШС, 2010. — 278-б.
  8. Қоңырат шежіресі жəне оған қатысты əңгімелер / Құраст. М.М.Ерімбетов. — Алматы: Жалын, 1993. — 136-б.
  9. Үсенбаев Т. Қазақ шежіресі. — 2-т. Орта жүз — Жан Арыс. — Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС, 2007. — 376 б.
  10. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 2-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас ред., 1973. — 371-б.
  11. Сəдібеков З. Қазақ шежіресі. — Ташкент: Өзбекстан, 1994. — 144 б.
  12. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 4-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1974. — 247-б.
  13. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 10-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас ред., 1977. — 23-б.
  14. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 11-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас ред., 1977. — 84-б.
  15. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 7-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас ред., 1975. — 31-б.
  16. Қазақ Совет энциклопедиясы. — 1-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас ред., 1972. — 260-б.
  17. Қазақтың көне тарихы / Дайынд. М.Қани. — Алматы: Жалын, 1993. — 177-б.
  18. Алпамыс батыр / Ақсауыт. Батырлар жыры: Екі томдық. — 1-т. — Алматы: Жазушы, 1977. — 165–268-б.
  19. Ерімбетов М. Ұлы тұлғалар // Қазақ батырлары. — 2001. — № 5 (34). — 12-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.