Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көрнекті ғалым-шығыстанушы, Қазақстан археологтарының ғылыми мектебінің негізін салушы туралы сөз. Əлкей Марғұланның 110 жылдығына орай

Кіріспе

Академик, атақты археолог, белгілі фольклорист, шоқантанудың жетекші маманы, əдебиеттанушы, өнертанушы Əлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Бастапқы білімді ауыл мектебінен алған. Семей педагогикалық техникумын, Ленинградтағы Шығыстану институтын жəне Мемлекеттік материалдық мəдениет тарихы академиясының аспирантурасын бітірген. Қазақстан ғылымында этноархеологиялық жаңа ағымның негізін қалаған. Этноархеология зерттеулерінің басты нысаны болып халықтың материалдық мəдениеті, ал пəні адамдардың іс-əрекет ерекшеліктері мен əлеуметтік қарым-қатынастарының өзіндік бет-бейнесі болып табылады. Кең байтақ қазақ жеріндегі көптеген ескерткіштер мен ашылмаған тарихи-мəдени құбылыстарды жаңаша зерттеуге бұл ғылымның əдіс-тəсілі маңызды рөл атқарады [1].

Жас Əлкейдің туып-өскен жері — Баянауыл атырабында көне тарихты да, ХV–XІХ ғасырлар əңгімелерін де мол білетін шежіре ойлы кісілер аз болмаған. Болашақ ғалым ХVІІІ ғасырда қазақ халқының жоңғар, қытай басқыншыларына қарсы күрес хикаяларын, ел батырларының ғажайып ерлігін, XIX ғасырдың түрлі оқиғаларымен белгілі адамдары туралы нақтылы мағлұматтарды өз ауылының қарияларынан естіген. Қазақ халқының азаттық күресін бастаушылардың бірі — Олжабай батыр — Əлкейдің арғы атасы.

Арғын — Орта жүз құрамына кіретін алты арыс елдің ең көбінің бірі. Арғынның өсіп-өнуі туралы шежіреде: Жанарыстан — Қарақожа, одан — Арғын. Арғыннан — Құтан (Қодан, Құттан), одан — Ақжол би (Дайырқожа). Ақжол биден — Қарақожа батыр, одан — Мейрам (Мейрам сопы). Мейрамнан — Сүйіндік, одан — Суғыншы. Суғыншыдан екі бала: Шуманақ, Мəжік. Шуманақтан — Құлболды. Құлболды əулиенің тұңғыштары — Тұлпар, Күлік; кенжесі Айдабол [2; 64–85].

Айдабол балаларының тарауы былай: бірінші əйелінен — Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы; екінші əйелінен — Қарақозы, Бозқозы, Аққозы; үшінші əйелінен — Қожагелді, Тайкелтір. Малқозыдан — Толыбай, одан — Олжабай батыр.

М.Хақанов «Он сан қолды Олжабай батыр» атты мақаласында батыр бабасы жөнінде мынандай қызық деректер келтірген: «... Бабамыз жөніндегі ел аузында жүрген аңыз-əпсананы айналысқа кіргізу бəріміздің де міндетіміз.

Бірінші айтар əңгімеміз — батырдың қазақ қолының ту ұстаушысы болғандығы. Үлкен шайқаста ту ұстаушыны қолға түсіру үшін екі жақ та жанталасады. Тудың құлағаны жаман ырымға саналған. Сондықтан ту ұстау əркімге тапсырылмаған. Алғашқысында Қаратай батырдың туын ұстап соғысқа кіреді. Екінші айтарымыз — сол соғыста дұшпанның ту ұстаушысын мерт етеді. Абылай хан қол бастағанда да Олжабай оның ту ұстаушысы болады. Қалден Серенге қарсы соғыста батыр ханның сарыала туын уысынан шығармай, қамалды алуға жол салады. Бұл жөнінде Сақау ақын былай деп жырлайды:

Олжабай Орта жүзде ту ұстаған,

Балапан тұйғын құстай қоныстанған.

Қолының қоспасынан оқ тисе де,

Ту ұстаған жерінен жылыспаған.

 Үшінші айтарымыз — баба есімінің ұранға шыққандығы жөнінде. «Он сан Орта жүзге ұран болған ер Олжабай» дегеннен-ақ түсіне қаламыз. Бұл кəдімгі Түркістан шайқасында көзге түсіп, есімі ұранға шыққан Олжабай батыр Толыбайұлы. Төртіншіден осы мысалдардың өзі-ақ бабамыздың аға батырлар қатарына жататынын, Бөгенбай, Қабанбай сынды батырлармен қатар тұрғандығын көрсетеді. Бұқар жырау толғауларында Олжабай батырға да кең орын берілген:

 Қанды жорық Олжабай,

Болат тіркеу ордам-ай.

Қолды бастап тез аттан,

Ту көтеріп үш жақтан.

Еркіндігі шабақты,

Нөсер төгіп садақтан.

Болат қару тарланым,

Арыстандай арланым.

Сен тіріде құламас,

Сарыала туы орданың.

 Бесінші айтарымыз — бабамыз ұрыс салған жерлердің тірі жəдігердей ел есінде қалуы. Солардың қатарында Қалмаққырған тауын айтар едік. Бұл кəдімгі Баянауылдың күншығысындағы жер. Осы жерде Олжабай батыр Жасыбай батырдың кегін алып, қалмақтарды ұлардай шулатады. Ал Шүршітқырғанның жөні бөлектеу. Бұл өзі өзіміздің жер — бұрынғы Молодежный ауданының күншығысындағы Шідерті ауылы орын тепкен өңір. Бұл енді XVIII ғасырдың екінші жартысында өткен қырғын. Мұның өзі шүршіттердің Арқа жеріне жай келмегенін көрсетеді. Шүршіт атаулы жер бізде кездесіп тұрады. Оның өзінде соғыспен байланысты. Демек, біздің бабаларымыз тек жоңғармен, тек башқұртпен, тек қалмақпен ғана емес, орыстармен де, шүршіттермен де соғысып баққан» [3].

Олжабай батырдан — Дулат, одан — Марғұлан (1812–1888). Марғұланнан — Хақан (1857– 1920), одан — Əлкей. Əлкейден — Дəнел [2; 365].

Даңқты Олжабай батыр туралы ұшан-теңіз əңгіме, аңыз, жырдың жасалғаны жас дарынның қиялын тербетпеуі мүмкін емес еді. Оның үстіне Сарыарқа жері қазақ əні мен өлеңінің ту тіккен ордасы болуы, ол елден небір дүлдүл өнерпаздар шыққаны, солардың кейбіреулерінің тікелей ықпалын көруі де — Ə.Марғұланның тұңғыш мектептері болды. Ал, Əлкейдің оқуға, білімге талпынып, алдына ірі мақсаттар қоюына өзі жасында көрген Сұлтанмахмұттың, бұған жақсы пейілін аямаған Қаныш Сəтбаевтың, жас кезінен достасқан Мұхтар Əуезовтің, тағы басқа көрнекті адамдардың тиісті дəрежеде ықпалы болғаны, əрине, ерекше атап көрсететін құбылыс.

Ə.Марғұланның ғылым əлемінде атқарған істері туралы қысқаша ғана ойлар

Əлкей Хақанұлы Марғұланның ғылым əлемінде атқарған істері туралы ұзақ та, қысқа да айтуға болады. Желілеп айтса, оның өмірі мен өнегесі үлкен қызғылықты кітаптың мазмұнын құрайды. Осыны ескере отырып, біз ХХ ғасырдың ең даңқты, кесек тұлғаларының бірі туралы қысқаша ғана ойлар түюмен шегерілгенді жөн көрдік.

Оның өмірбаяндық мəліметтерін сырттай шолып шыққанда бірнеше елеулі жайлар көзге түспей қалмайды [4]:

  • ол Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі (1933), филология ғылымдарының докторы (1945), Қазақстан ҒА-ның академигі (1958), профессор (1960), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961);
  • 1921–1925 жылдары Семей педтехникумының студенті бола жүріп, «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларында қызмет атқарды. Осы жылдары ол М.Əуезовпен, М.Жұмабаевпен   танысады.   Ол   Семей   педтехникумында   оқыған   кезін,   ұстаздарын   еске   алып:

«Педтехникумында оқытушылар — Томскіден, Омбыдан, Қазан университетінен, Ленинградтан келген ылғи оқымысты, тілді жүйрік білетін адамдар. Олардың ішінде ең кəрісі Сироткин орыс  тілін, əдебиетін оқытады. Афиногенов — Қазан университетінің профессоры физикадан, химиядан сабақ береді, Иванов — Ленинградтан тарихты, Мертвецов математикадан оқытады. Виноходов географиядан беретін. Магеллан бұғазының қай жерде екенін, Марко Полоның  жүрген жолын картадан көрсетуді сұрағанда «Магелландай бол!» деп тағылым айтып отыратын [5], — дегенді жиі айтады екен;

  • 1925 жылы М.Əуезовтің кеңесімен Ленинградтағы Шығыстану институтының əдебиет факультетіне түседі. Сонымен қоса Ленинград университеті мен Өнер тарихы институтының лекцияларын тыңдайды. М.Жолдасбеков «Асылдарым» деген мақаласында академик Ə.Х.Марғұланның күнделігінен мынадай қызықты мəліметтерді келтіреді: «Бізге еліміздің маңдайына ұстаған темірқазық жұлдызындай ғажайып ғұламалардан дəріс алу бақыты бұйырды. Орта Азияның тарихы мен археологиясынан академик В.В.Бартольдт, үнді фольклоры мен өнерінен академик С.Ф.Ольденбург, араб филологиясынан И.Ю.Крачковский, парсы поэзиясынан Е.Э.Бертельс, көне түркі тілінен С.Е.Малов, тіл білімінен академиктер Н.Я.Марр, И.И.Мещанинов, Л.В.Щерба, атақты шығыстанушылар В.В.Струве, Б.М.Эйхенбаум, А.Ю Якубовский, белгілі географ Г.Е.Грумм-Гржимайло бізге лекция оқыды. Осынау корифейлерден тəлім алған біздер 2-курстан-ақ өзімізді шын ғалым санадық» [6];
  • 1925–1929 жылдары қазақ халқының тарихына қатысты əдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен айналысады. Бірқатар орыс жəне шетел жазушыларының шығармалары қазақ оқырмандарына Ə.Марғұлан аудармасы арқылы жетеді;
  • 1926–1927 жылдары КСРО ҒА-ның академигі А.Ферсман мен профессор С.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан жəне Алтай археологиялық жəне этнографиялық экспедицияларының жұмысына қатысады. Экспедиция кезінде Ə.Бөкейхановпен тығыз қарым- қатынас орнатып, бірлесіп қызмет істейді. Өзінің «Адайлар», «Наймандар» деген алғашқы ғылыми мақалаларын жариялайды;
  • 1929 жылы Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап, Орыс география қоғамы мұрағатындағы Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негізінде ғылыми дəйекті тұжырымдар жасайды;
  • 1930–1931 жылдары Терминологиялық комиссияның ғалым-хатшысы, 1931–1934 жылдары Ленинградтағы Мемлекеттік материалдық мəдениет тарихы академиясының аспиранты, 1931–1935 жылдары Шығыстану институтының оқытушысы, 1936–1938 жылдары Мəскеудегі Материалдық мəдениет тарихы институтының ізденушісі жəне ғылыми қызметкері болады. Осы жылдары ол Шығыс Түркістан археологиясы мен өнері бойынша маманданып, бірнеше археологиялық экспедицияларға қатысады;
  • 1938 жылы ҚазКСР Халық Комиссар Кеңесінің шақыруымен КСРО ҒА Қазақ филиалына қызметке ауыстырылады;
  • 1939–1941 жылдары КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі Тарих институтының аға ғылыми қызметкері болады;
  • 1941 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінің Тарих бөлімін басқарады. Осы қызметте жүріп

«Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясында көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасайды (1943);

  • 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық аңыздары» тақырыбында қорғаған докторлық диссертация қазақ халқының мəдениеті, тарихы саласындағы зерттеулерінің нəтижесі болып табылады;
  • 1946–1953 жылдары Археология, палеолит бөлімінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері; 1953–1955 жылдары Қазақстан ҒА-ның Архитектура, құрылыс жəне құрылыс материалдары институтының аға ғылыми қызметкері; 1958–1976 жылдары Ш.Уəлиханов атындағы ҚазКСР ҒА Тарих, археология, этнография институты этнография бөлімінің меңгерушісі;
  • 1976–1984 жылдары Қазақстан ҒА этнография бөлімінің аға ғылыми қызметкері болады;
  • үлкен ғылыми ағартушылық қызметін Əлкей Хақанұлы ұйымдастырушылық қызметімен де үйлестіре білді. Көп жылдар бойы қазақ халқының этногені жөніндегі үйлестіру кеңесін, Қазақ КСР ҒА Тарих, археология, этнография институтының ғылыми кеңесін, докторлық жəне кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңесті басқарады [7].

Ə.Марғұланның қаламынан туған тарих, археология, этнография, əдебиет жəне өнер салаларына қатысты   ондаған   кітап,  300-ден   астам  ғылыми  зерттеу  жəне   100-ден   астам  энциклопедиялық мақалалар жарық қөрді. Сонымен қатар Əлекең қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бірнеше буынын даярлады. Оның ғылыми еңбектерінің бірқатары шетел тілдеріне аударылды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің ізденушісі Е.Тоқтағазы белгілі əдебиетші-ғалым Рымғали Нұрғалидің Ə.Марғұланның шығармашылық ғұмыр жолын, əдеби еңбектерін саралай келе айтқанын өзінің «Марғұлан мұралары Р.Нұрғали зерттеуінде» деген мақаласында былай баяндайды: «Қазақ халқының азаттық соғысының əйгілі қаhармандарының бірі Олжабай батырдың бесінші ұрпағы Əлкей Хақанұлы елімізге жүздеген тамаша талантты перзенттерді берген қасиетті топырақта жаратылып, бала күнінде ертегі, аңыз, өлең, жыр, шешендік сөздің шалқар теңізінде жүзіп өскен, ауылда мұсылманша хат танып, Алаш зиялыларының ықпалында болып, губерния орталығы Семей қаласында оқығаннан кейін, Ленинградта екі бірдей мамандық бойынша алған жан-жақты білімін тарих, археология, этнография, əдебиеттану, өнертану салаларында кеңінен қолданып, ұзақ жылдар бойғы табанды еңбегінің арқасында жойқын ғылыми нəтижелерге жеткен кең құлашты, терең ойлы энциклопедист-ғалым», — деп ғылыми-шығармашылық еңбегіне байланысты қарастырады. Мұнан əрі: «Оқымыстының барлық күш-қуаты — ғұн, сақ, үйсін, қыпшақ, оғыз дəуірлерінің тарихына, көшпелілер мəдениетіне, археологиясына, көне аңыз, мифтерге, түркологияға, ескі қалалар құрылысына, архитектураға арнап, кеңес заманына қатысты мүлде қалам тартпаушы орыс отаршылдығына, коммунистік тоталитаризмге іштей қарсылық, ата-бабаларының бір кезде жасаған ұлы мемлекетіне, олардың азаттық-рухани салада тудырған ғажайып өркениетіне деген мауқы басылмаған мəңгілік махаббатынан туған қайсар да қастерлі құштарлық болатын. Компартияның қылышынан қан тамған қаhарлы заманда қоғамтанушылар, тарихшылар, философтар, экономистер, заңгерлер қызыл танау саясат, шаш ал десе, бас алған науқанды, əдебиетші жазушылар билік алдында бас шұлғып, өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай, ақсақты тыңдай етіп тарих, өмірді бояп көрсететін топан туындыларды, өтірік кітаптарды қойдай қоздатып жатқан алдамшы дəуірде бекерге былғанбай, есіл еңбекті айдалаға жібермей, ғасыр тұңғиығына саналы түрде сүңгіп кетіп, ұлт алдындағы азаттық парызын адал абыройымен ақтап кеткен академик Əлкей Марғұлан аруағына ұрпақтары бас иеді», — деген нақты байлам айтады [8].

Сонымен, қазақ халқының көрнекті ғалымы, айтулы əдебиетші һəм зерттеушісі, академик Əлкей Хақанұлы Марғұлан саналы ғұмырын туған халқының тарихы мен археологиясына, əдебиеті мен мəдениетіне арнап, өзінің көптеген бай мұралары, ғылыми зерттеулері, дəлелді құнды пікірлері мен тұжырымдарында осы бағытқа жемісті қызмет етті.

Ə.Марғұланның тарихи, археологиялық жəне этнографиялық ғылыми зерттеулері, олардың ғылыми жəне тəлім-тəрбиелік маңызы

Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде- ақ бастаған Əлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін жауапты істі одан əрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендері бойында жəне көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс  өнерінің тарихы» («Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана») деген монографиялық еңбек жазады.

1950 жылы жарық көрген осы еңбегінде Əлкей Хақанұлы тарих ғылымы тоталитарлық идеологияның құрсауында болған кезеңнің өзінде, профессор Семеновтың «көшпелілер тарихта отырықшы елдердің мəдениетіне үнемі ойран салумен болды» деген шовинистік көзқарасына батыл тойтарыс беріп, көшпелі қоғам да отырықшы мəдениетпен бірге астасып, бірлікте өмір сүргендігі туралы, көшпелілік пен отырықшылықты бір-біріне қарсы қою — ғылымда жат құбылыс екендігін алғашқы рет жан-жақты батыл дəлелдеді [9].

Өткен ғасырдың 1950–1960-жылдары академик Ə.Марғұланның тікелей жетекшілігімен республиканың барлық аймақтарында жүргізілген археологиялық зерттеу,  барлау  жүмыстарының нəтижесінде Қазақстанның археологиялық картасы тұңғыш рет жасалып, жарық көрді. Əлекең ұйымдастырып, көп жылдар бойы өзі жетекшілік жасаған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қарымды еңбегінің нəтижесі 1966 жылы жарық көрген «Орталық Қазақстанның ежелгі мəдениеті» атты ұжымдық көлемді монография болды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, Ə.Марғұлан басқарған авторларға Шоқан Уəлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

Əйгілі Арқаның Бетпақ даласынан бастап, қасиетті Баян жеріне дейінгі аралықты түгелдей шарлап, тамыры тас дəуірінен бастау алатын көнелердің орнын анықтап, ежелден бері Қазақстан аумағы иесіз жатқан жер емес екенін шама-шарқы келгенше дəлелдеген Əлекеңнің ашқан жаңалақтарының бірі — ғылымда аса маңызды Беғазы-Дəндібай мəдениетінің феномені.

1946 жылы Қаныш Сəтбаевтың тікелей атсалысуының арқасында ашылған ҚазССР Ғылым академиясында Тарих, археология жəне этнология институтының қарамағында Əлкей Марғұлан жетекшілік еткен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмыс атқара бастайды. Алғашқы уақыттағы басым бағыттардың бipi ретінде Орталық Қазақстан бойынша археологиялық тұрғыда тарихи-мəдени ескерткіштерді іздеу мақсатында толыққанды барлау жұмыстарын жүргізу таңдап алынып, сол жылдың далалық маусымында Əлкей Марғұлан көптеген басқа да ескерткіштермен қатар Беғазы қорымы бойынша алғашқы деректерді жинай бастайды.

1947–1952 жылдары аралығында арасына үзілістер салынып зерттелген қорымнан орта қола дəyipi бойынша мəліметтер қоры толықтырылып, соңғы қола дəyipi бойынша тың деректер жинақталды. Сол жылдары далалық зерттеу жұмыстарының ауқымды жүргізілуінің арқасында отандық археолог ғалымдардың жергілікті мəліметтер негізінде іргелі еңбектерінің жазылуына себеп болды.

Əлкей Марғұланның еңбегінің арқасында Орталық Қазақстан бойынша деректік қор жыл өткен сайын кеңейе түсіп, 1979 жылы көптеген қоныстар мен қорымдардан алынған материалдар Əлкей Марғұланға қола дəуірінің айрықша Беғазы-Дəндібай мəдениетіне арналған арнайы монографиялық еңбегін шығаруға мумкіндік берді [10].

Бүгінгі күні Əлкей Марғұланның атқарған жұмысының арқасында Беғазы-Дəндібай мəдениетінің көптеген қоныстық орталықтары мен қорымдық ескерткіштері белгілі. Ə.Марғұлан басты авторларының бірі болып бес томдық «Қазақстан тарихы» мен «Орталық Қазақстанның Беғазы — Дəндібай мəдениеті» 1982 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

Əлекеңнің тарих пен əдебиетті қатар алып жүруі

«Жұрт мені археолог деп біледі, ал негізі ғылымды мен əдебиетші болып бастағанмын» деген Əлкей Хақанұлы өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының ортасына дейін əдебиет пен тарихты қатар алып жүрген.

Мысалы, 1940–1941 жылдары оның «Мəшһүр Жүсіп мұрасындағы түркі эпосы», «Декабристер жəне Қазақстан», «Əлішер Науаи жəне қазақ мəдениеті», «Мұхаммед Хайдар — тарихшы», «Шоқан Уəлиханов жəне Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев», т.б. мақалалары жарық көрді.

Ə.Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуінде əдеби-тарихи һəм мəдени деректер молынан кездеседі. Сонымен қатар ғалым қырғыз халкының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеу iciнің дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзіне алғаш таныстырған Ш.Уəлиханов, Кеңес заманында  бастапқы  зерттеулерді  жүргізген  М.Əуезов  болса,  кейіннен  осы  дəстүр  Марғұланның

«Шоқан жəне Манас» атты монографиясында жалғасын тапты. Ол эпостағы өмір шындығы жырдың шығу тегі, дəyipi, кейіпкерлері мен көркемдік кecтeci жəне манасшылардың жетілдірудегі қызмeтi, т.б. жөнінде ғылыми маңызы жоғары пікірлер айтты.

Қадірлі ғалымның фольклорға қатысты еңбегінің дені қазақ эпосының тарихын, эволюциясын, жырларды туғызған түп себепкері — жыраулар рөлін анықтауға арналғаны аңғарылады. «Эпос жыры туралы» (1940), «Геройлық жыр тудырудың бірінші дəуірі» (1941), «Алпамыс» (1946), «Қазақ эпосының сипаты жəне тарихи шарттылығы туралы» (1946), «Қазақ халқының ежелгі поэтикалық дəстүрін сақтаушылар жайында» (1957) тəрізді мақала, зерттеулерінде көптеген құнарлы ойлар келтірген [11].

Əлкей Хақанұлы — қорқыттанушы. Ол оғыз қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушісі, батагөй-cəyeгейі Қорқыт мұрасын зерттеді. Оның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Тəңір биі» дейтін рухани iзгi дəстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт  «керемет дарын иесі», «ұлыстың ұлы кеңесшісі», «тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау».

Марғұлан Қорқыт мұрасын, дəстүрін ұстанған халық мəдениетінің көрнекті өкілдерін былайша топтастырады:

  1. Ежелгі бақсы-жыраулар: Қойлыбай, Балақай, Қарамырза, Нысан абыз.
  2. Қобызбен күй шерткен атақты күйшілер: Əл-Фараби, Кетбұқа, Ер Шегедей, Досжан, Өтеболат, Қанғожа, Уəлиханов, Құрманғазы т.б.
  1. Болжал айтумен халықты ойға түсірген ойшы жыраулар, шешендер: Сыпыра жырау, Асан ата, Қазтуған, Шалгиіз, Əнет баба, Бұқар жырау, Тəттіқара, Құлназар, Майлықожа.
  2. Қорқыт дəстүрі бойынша қобызбен жыр тасқынын ағылтқан құйылма ақындар: Жанақ, Сабырбай, Найманбала, Жұмағұл, Базар жырау, Ерімбет жырау, Абыл жырау т.б.

Бұлардан басқа Қорқыттың əңгімесін хикая түрінде айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған шежіре кісілер де аз болмаған.

Марғұлан Қорқыттың нақыл сөздерін, Қорқыт атымен байланысты аңыздарды, Қорқыт жырларындағы мысалдарды тізбелеп көрсеткен қазақ ақын-жырауларының толғауларымен, шығармаларымен салыстыра зерттейді.

Демек, бұдан байқайтынымыз — əдебиеттанушы ғалым Əлкей Хақанұлы тек ежелгі замандағы қазақтың ауыз əдебиеті, ежелгі дəуірдің əдеби мұраларының ғана емес, сондай-ақ Қазақ хандығы дəуірінде жасаған ақын-жыраулар, жыршылар, сал-серілер мен шешендердің əдеби-шығармашылық мұрасының асқан білгірі [12].

Ə.Марғұлан 1984 жылы жазушы Жарылқап Бейсенбаевқа берген сұхбатында: «Жұрт мені филология ғылымдарының докторы деп біледі, ал маған өнер саласына арналған кітаптарым үшін өнертану ғылымының докторы атағы берілгенін біле бермейді»,— деген екен. Əлекеңе бұл берілсе, берілетіндей-ақ орны бар. Өйткені ғалым «Орта ғасырдағы Қазақстан қалаларының мəдениеті» атты монографиясында  Отырар,  Сауран,  Сығанақ  қалаларының  мəдениеті  мен  өнері  жайлы  толғанса,

«Ежелгі сақ, ғұн, үйсін өнері», «Ежелгі түрік өнері» кітабында тым тереңге сүңгиді. Ал ол кісінің орыс тілінде түрлі-түсті суреттермен безендіріліп шыққан «Казахское народное прикладное искусство» атты кітабы бұл тақырыптағы халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинаған  баға жетпес құндылықтарын қорытқан бірегей дүние болды [13; 110].

Қорыта айтқанда, Əлкей Марғұлан — аңыз жырларға, шежірелерге, хикаяларға ғылыми тұрғыдан жан-жақты əрі терең қарастыруға жол ашқан адам. Бұлай етуге ғалымның ауызша деректерді де, жазба деректерді де, қазба деректерді де теңдессіз терең біліп, үш деректі ұштастыра зерттей алуы көмегін тигізгені сөзсіз.

Ə.Марғұланның Шоқан Уəлиханов мұрасын зерттеудегі сіңірген еңбегі

Ғалымның көп жылдық үздіксіз ізденістерінің күрделі қорытындысы, өшпес жəдігері — қазақ халқының данышпан білімпазы Шоқан Уəлиханов мұрасының бес томдығын əзірлеуді ұйымдастыруы.

1957–1967 жылдары Ш.Уəлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (М.Əуезов, С.Бəйішев, С.Мұқанов, Қ.Сəтбаев, А.Нүсіпбековпен бірге) Ə.Марғұлан басшылық  етті. Халқымыздың мақтанышына айналған Шоқанның еліміздің түрлі қалаларындағы  мұрағатта шашырап жатқан қолжазбаларын ыждағатпен іздеп, жиып, олардың текстін ажыратып оқу, XIX ғасырдағы ұлы ғалымның сан салалы жазбаларына түсініктеме жасау дегеннің қаншалық қиын жұмыс екенін білеміз. Шоқанның осы уақытқа дейін «жоғалдыға саналып» келген талай қолжазбасын тауып, оны жалпы жұртшылықтың оқуына мүмкіндік берген, көп жылдарын осы жолда сарп еткен, тарих ғылымынан бастап этнография, жағрапия, ботаника, философия жəне басқа ғылымдардың түйінін шешіп, таңғажайып түсініктер жасаған Марғұланның еңбегі — баға жетпес еңбек десек артық айтылғандық емес. Тіпті өзге монографиялары, мақалалары болмаған күнде ғұлама ғалымның осы еңбегінің өзі оның есімін құрметпен атауға негіз береді.

Филология ғылымдарының кандидаты Мырзатай Жолдасбеков Əлекеңнің бес томдықты ғылымның биік деңгейі дəрежесіне көтере білуі айта қаларлықтай өнеге деп бағалайды жəне «Асыл арналар» атты кітабында ол туралы былай ой толғайды: «... Əлаға, газет  оқушылары сіздің ғылымдағы ізденістеріңіз жайлы білгісі келеді, мен газет тапсырмасымен арнайы келіп отырмын, — дедім. Күнделікті жоспарлы жұмысынан ойын бөлгісі келмеді ме, қайдам:

  • Ол ұзақ əңгіме ғой, оның қайсысын айтамыз? — деп кейінге сілтегендей болып еді, десе де біртіндеп шешіле бастады.
  • Ендеше əңгімені Шоқаннан бастайық, менің көп уақытым сол Шоқан еңбектерін əзірлеуге жұмсалды, — деп, біраз ойға шомды. Əлағаңның Шоқан мұрасын зерттеудегі сіңірген есепсіз еңбегі еске түсті. Өмірден тым ерте кеткен Шоқанды əлемдік ғылым Орта Азия мен Шығыс Түркістанның айтулы зерттеушісі ретінде тіршілігінде-ақ мойындаған болатын. Ұлы ғалымның соңында қалған мол мұраны жариялауға Шоқанның айнымас орыс достары сол кезде-ақ шұғыл кіріскен, бірақ бұл игілікті істі зиялы бауырлар мезгілінде толық аяқтай алған жоқ. Сондықтан да бұл міндетті өтеу кейінгі ұрпақтың сыбағасындағы іс еді.

Ондаған жылдар бойы жалықпай іздене түсіп, Шоқанның байтақ қазынасын Отанымыздың түкпір-түкпіріндегі архив шаңдағынан ақтарып, жинастырып, оларды ретке келтіріп бес томдық толық жинақ етіп бастырған ғалым-академик Ə.Марғұлан.

Осыншама қымбат қазынаны қалпына келтіру шын мəнінде Шоқанды қайта тірілтумен бара-бар орасан жұмыс еді. Туған халқы осы еңбегі үшін шексіз алғыс айтады» [14].

Сонымен, Əлкей Марғұланның білімінің жан-жақтылығы оның Шоқан Уəлиханов шығармаларының бес томдығын жарыққа шығарған кезде жұртшылықты таң қалдырды.

Ə.Марғұлан Алашорда қайраткерлерінің ізбасары болған

Əлкей Хақанұлының өмір жолында (өзі жиі еске алатын) аса ауыр тұстар болған. Ол ғалымның сталиндік қуғын-сүргін жылдарында тұтқынға алынуы.

Бұл оқиға Əлекеңнің Мағжан Жұмабаевпен дос болуымен байланысты еді. Əлкей Хақанұлы ерекше өлеңдерімен ұлт мұңын мұңдап кеткен ұлы Мағжанның пікірлес інісі іспетті болыпты. Ленинградта оқып жүрген кезінде ақынмен жиі кездесіп тұрған.

Мағжанды 1929 жылы «астыртын контрреволюцияшыл ұйым құрып жүрсіңдер» деген жаламен кеңес өкіметі тұтқынға алғаны мəлім. НКВД қызметкерлерінің тергеу кезінде қойған «Ленинградта тұрғанда кімдермен байланыс жасадыңыз?» деген сұрағына: Мағжан ақын «Досым Əлкей Марғұланов есімді жігіт жиі келіп тұрды, əйтсе де, көп ұзамай ол жігіт ауырып, ауруханаға түсті. Содан байланысымыз үзіліп қалды», — деп жауап береді. Кейін «қайсысы қай жерде жүр?» деп Мағжанның аузынан  шыққан  адамдардың  тізімін əкелген  кезде,  ол  Əлкей  Марғұлановтың тұсына «өлді» деп жазыпты. Бұл аяулы ақынның тізімге іліккен жас інісін қалай да НКВД  құрығынан кұтқару үшін жасаған айла-шарғысы екені түсінікті еді.

1934 жылы Ленинградта аспирантурада окып жүргенде Əлкей Марғұлан қамауға алынып, бірнеше ай ауыр азап шегеді. Тергеушілер одан астыртын құрылған қазақ ұлтшылдық ұйымы бар екенін, олардың пікірінше, оның басшыларының бірі Мағжан екендігін, ал жас Əлкейдің соның мүшесі екенін қайтсе де мойындатқысы келеді. Адам төзгісіз азаптан титықтаған ғалым өзіне қол да жұмсайды. Бірақ абақтыдағы серіктері көріп қалып, қаруын қолынан тартып алады. Көретін жарығы таусылмаған Əлекең ажалдан осылай аман қалады. Тергеушілер ақырында ешқандай айып таға алмай, 1935 жылдың сəуір айында оны босатуға мəжбүр болады. Осындай оқиғаны бастан кешкен Əлекең сол жылы шілдеде өзіне қандай қатер төнетінін біле тұра қуғында, бақылауда жүрген Мағжан Жұмабаевпен кездесу үшін Қызылжарға келеді. Екі күн қасында болады [13; 107].

Өкінішке орай, Əлкей Хақанұлы 40-жылдардың аяғында да бірнеше рет саяси қудалауға ұшырады. Ол кейін де ұдайы саяси бақылауда болды. Көрнекті ғалым ғылыми ортаның кейбір қисынсыз сындарына ұшырады.

Түйін

1991 жылы Ш.Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнография институтындағы археологиялық орталықтың негізінде Ə.Марғұлан атындағы Археология институты кұрылды. Астана, Павлодар, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысында, Баянауыл, Екібастұз аудандарында бірнеше көшелер, мектептер Марғұлан есімімен аталады. Павлодар қаласында ғалымның мүсіні орнатылған. Сондай-ақ Павлодар педагогикалық университетінде Марғұлан атында стипендия тағайындалып, мұражай ашылған. 2004 жылы Ə.Марғұланның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті.

Əлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі жəне ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен жəне бірнеше медальдармен марапатталды.

Халық қаһарманы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Шафик Шөкин Əлкей Марғұлан жөнінде былай деп əңгімелеген: «Əлкей Марғұлан уақыттың құрсағынан жаралған айрықша тұлға. Менің өмірімнің көбі ол кісімен аралас-құралас жағдайда өтті. Екеуміз бір атаның баласымыз. Əлкей 7–8 жасында «Қобыланды», «Алпамыс», «Мұңлық-Зарлық» хиссаларын жатқа айтқан екен. Əлкей Марғұлан Мұхтар Əуезовпен 1921 жылы Семей техникумында танысады, кейін 1925 жылы Мұхаң оқуын жалғастыруын өтініп, Əлкейге Ленинградтағы Герцен атындағы пединститутқа жолдама алып берді. Марғұланға өз кеңістігі осылай ашылған. Мұқаң мен Əлкей 40 жылға жуық жақсы дос болды.

Ол — ұлы ғалым Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің ақыл-кеңесін көп тыңдаған адам. Əлкей шығармашылық ойдың екінші бір алыбы, ұлы Мағжан Жұмабаевтың пікірлесі, айырылмас досы болған. Мағжанмен байланысы үшін көп жылдар қара тізімде жүрді, қуғын көрді. 1934 жылы С.М.Киров өлтірілгеннен кейін, Ленинградта аспирантурада оқып жүргенде  қамауға алынып, бірнеше ай түрмеде отырды. Ауыр азапқа салып, табаны мен алақанын шапаттап ұрып, тəуліктер бойы қинаған.

Осындай айуандыққа төзбеген Əлекең өзін-өзі өлтірмек болып тамағын орып та жіберген кезі болған. Абырой болғанда абақтылас серіктері құтқарып қалыпты. Əлкей 1935  жылдың сəуірінде зорға босап шықты. Мұның бəрін Əлкей маған 1972 жылы Сарыағаш курортында демалып жатқанда айтып берген. Ешкімге жария қылғанын қаламаушы еді.

НКВД-ның сыртынан бақылап жүргеніне қарамастан, түрмеден босап шыққан жылы Мағжанмен кездесуге тəуекел етеді. Бұл уақытта Мағжан Қызылжардың педтехникумында сөзтану теориясынан сабақ беретін. Мен жазғы каникулда Қызылжардағы қой шаруашылығы совхоздары тресінің басқарушысы болып істейтін Риза есімді үлкен ағамның үйінде жүргем. Келетінін алдын ала Ризаға хабарлаған екен. Бір күні Əлекең шамадансыз құр өзі кіріп келді, екі күн бұрын Мағжанның үйіне тоқтапты. Əлкей аға біздің үйде бір күн болды. Кетерінде Мағжанға жолық дегендей емеурін танытты. Мен Жұмабаевқа бір апта өткеннен кейін бардым. Басы үлкен, жазық маңдайлы, тығыз денелі, орта бойлы ғана кісі екен. Өз жасынан үлкенірек көрінеді, ол кезде (1935 ж.) 42 жаста болатын. Он тоғыз жас кіші болсам да менімен тең адамша сөйлесті. Имандай шыным, мұндай үлкен кісімен байсалды əңгімеге əзір емес едім. Қоштасарда маған өзінің қолтаңбасымен кітабын сыйлады, кітапта ақынның əйгілі «Батыр Баян» поэмасы бар еді. Бұл Мағжанмен бірінші жəне соңғы кездесуім. 1937 жылы ұлы ақын атылды да кетті.

Өмірінің соңғы жылдарында Əлкейді кəрілік əл-дəрменінен айыра бастаған еді. Біз сирек кездесетін болдық. Əлекең пəтердің қапырық ауасын сүймейтін. Таза ауаға құмар, пəтерден ұзап шыға алмайды, сол себепті түскі астан кейінгі демалысын балконда өткізуді ұнататын. Сөйтіп, қазақ халқына теңдессіз ұлы мұра қалдырған ұлы жүрек 1985 жылы қаңтарда тоқтады. Талай тарихқа куə болған қарашық қаңтарда «қараңғыланды» [15].

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Əуезов Əлекеңнің телегей-теңіз мол білімін мойындаса  керек.

Ғылым академиясының кезекті бір жиналысында төрағалық етіп отырған Мұхаң Марғұланға қарап:

  • Археология жайында сөз болса, ауыз жаппайсың. Əдебиет мəселесінде де əмбеден бұрын алға шығасың. Физика да саған етенедей, химия да қимасыңдай. Этнографияға келгенде, елге кезек бермейсің. Əлкей, осы сенің ғылымның бəріне киліге беретінің қалай? — деп əзілдепті. Сонда Əлекең:
  • Ой, Мұха-ай, көп білеміз, білген соң, қалай айтпай тұрамыз?! — депті [13;105]. Осы аңыздың астарында шындық жатыр.

Əлкей Хақанұлының артына қалдырған мол мұрасы қазіргі тарих ғылымында, жалпы мəдениетімізде болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашаққа қызмет жасайтын ұлтымыздың рухани байлығына жатады. Ə.Марғұлан шығармашылығын, сондай-ақ тарих ғылымының белгілі бір саласымен ғана шектеп қарастыру қателікке əкеледі. Өйткені ғылымның өзі тарихи процестерді жан- жақты өзара салыстыра, ұштастыра зерттеуді мақсат тұтқан. Сондықтан да ол археологиялық ескерткіштерді тарихи-жазба деректермен, тарихи жазба деректерді аңыз-жырлармен, аңыз- жырларды алдыңғы екеуімен байланыстыра зерттеген. Сол арқылы кемеңгер ғалым халқымыздың жүріп өткен тылсым əлемін жарқыратып, аша білген.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. — 1-к. — Алматы: Өнер, 2011. — 339-б.
  2. Алпысбес М. Сүйіндік Айдабол бидің ұрпақтары. Тарихи-генеалогиялық зерттеу: Монография. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010. — 476 б.
  3. Хақанов М. Он сан қолды Олжабай батыр // Орталық Қазақстан. — 2014. — 9 қант. — 6-б.
  4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. — 6-т. / Бас ред. Б.Аяған. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас ред., — 368,369-б.
  5. Мұхамеджанов М., Жанаева Ш.Ə. Марғұлан — Семей педтехникумының түлегі // Қазақ тарихы. — 2005. — № 3. — 123–126-б.
  6. Жолдасбеков М. Асылдарым // Егемен Қазақстан. — 2011. — 6 қаңт. — 3-б.
  7. Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. — ІІ-т.: Тарихи тұлғалар. — Алматы: «Білік» баспа үйі, 2003. — 188-б.
  8. Тоқтағазы Е. Марғұлан мұралары Р.Нұрғали зерттеуінде // Ақиқат. — 2011. — № 1. — 86–87-б.
  9. Ахметов Қ. Кемеңгер тұлға // Жаңа Сарыарқа. — 2006. — № 2 (85). — 40–42-б.
  10. Касеналин А. Беғазы-Дəндібай мəдениеті // Ана-тілі. — 2011. — № 24 (1072). — 16–22 маус. — 11-б.
  11. Бердібаев Р. Ғалымның ойы артық // Жұлдыз. — 1974. — № 5. — 144–148-б.
  12. Тоқтағазы Е.Ə. Марғұлан жəне Қорқыт ата // Ақиқат. — 2011. — № 5. — 101–105-б.
  13. Ақжігіт Ө. Қазақтың Марғұланы // Жалын. — 2004. — № 10. — 105–110-б.
  14. Жолдасбеков М. Асыл арналар: Зерттеулер, мақалалар. — Астана: Күлтегін, 2012. — 325-б.
  15. Тарихи тұлғалар: Танымдық-көпшілік бас. // Құраст.: Б.Тоғысбаев, А.Сужикова. — Алматы: Алматыкітап, 2006. — 113–115-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.