Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Д.А.Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси жағдайы

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993) — аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 12 қаңта- рында Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына қатысып, қайраткерге былай деп баға берді: «Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін арқалаған талай толағай тұлғалар болды. Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — сондай біртуар болмыс иесі... Дінмұхамед Ахметұлын үлкен ішкі мəдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тəжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді» [1; 1].

Мемлекет басшысы Д.А.Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы еңбегін жоғары бағалады. Елбасының осы сөздерінен Қазақстанның дамуына зор үлесін қосқан  тұғырлы тұлғаға деген бүкілхалықтық шынайы құрмет, асылын ардақтай білетін елдік қасиет байқалды. Д.А.Қонаев қандай жағдайда да өз биігінен табыла білген, кейінгі ұрпақ қастерлеуге лайықты тұлға.

Бүгінгі күнде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз өткен ХХ ғасырдың 50–70-жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары мен экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тəуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тəуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақ Өлкелік комсомол комитеті оны Мəскеудің түсті металдар мен алтын институтына оқуға жібереді. 1936 жылы Мəскеудегі түсті металдар мен алтын институтын тəмамдап, тау-кен инженері деген мамандық алады. Институтты аяқтай сала арнайы жолдамамен келіп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері жəне оның директоры болып істейді.

Қоңырат кенішінде Д.А.Қонаев өз маңына адамдарды топтастыра біліп, олардың күш-жігер, қайраттарын арттырып, жұмысқа шыңдала кірісулеріне ықпал жасады. Сол кездегі жағдай адам төзгісіз еді: жазда — қайнаған қапырық болса, ал қыста — қақаған аязды борандар адамның үрейін алатын, азық-түлікпен қамтамасыз ету жағы да дұрыс жолға қойылмаған еді. Бітпейтін алысқа созылған ұшы-қиырсыз кең дала, жақын маңайдағы — 500 шақырым жердегі тұрғылықты жерге дейін салынған жол да жоқ. Тек ұшақпен ғана жете аласың. Ал 30-жылдардың басында қанша ұшақ болды дейсіз? Соған қарамастан, еңбекшілердің қажырлы күш-қайратының нəтижесінде Қоңырат кеніші мен Балқаштағы мыс қорыту комбинатын тұрғызуға қатысты ұйымдастыру жұмыстары, белгіленген жоспардан асып, 150–200 пайызға орындалды. КСРО Жоғары Кеңесінің 1939 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Д.А.Қонаев «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Бұл оның тұңғыш наградасы еді [2; 58].

Қазақстан Компартиясының басшысы Н.А.Скворцов 1939 жылы 9 қарашасында Д.А.Қонаевты Риддер кенішіне директорлыққа тағайындайды. Риддерге Д.А.Қонаев келген кезге  дейін пайдалы руда қазбасын табу жоспары орындалмады, жердің бетін жоғары жақтан көлденеңінен қопару жұмыстары аяқталып, тұрақты жұмысқа кірісу ісі арманға айналғандай еді.

Оның алдында тұрған негізгі міндет құрылып жатқан пайдалы қазбалармен қамтамасыз ететін фабриканы іске қосу жұмыстарын дайындау жəне осы кен ошағын пайдалы рудаларға толтыру керек болды. Ал пайдалы қазбалар өте аз табылатын. Риддердің жұмысын тоқтатып, оны жабудың сəті келгендей-ақ еді. Бұл кезең 1940 жылдарға тұспа-тұс келді. Еуропа мемлекеттері соғыс құшағына оранғандықтан, еліміз де қан майданға əзірленіп жатты. Тура осы жағдайда мыс, құрыш, қалайы немесе басқа түсті металдардың қаншалықты қажеттілік пен сұраныс тудырғандығын айтпаса да болады. Д.А.Қонаев осы өлкедегі жұмысы тоқтауға жақын қалған кен ошағына 1939 жылдың қараша айында келді.

Д.А.Қонаевтың келуімен кен орындарындағы жұмыстардың бəрі өзгеріп, өндіріс жанданып, өнім өндірудің көлемі артты. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде де ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің жəне КСРО қорғасын-мырыш өнеркəсібінің ең ірі кəсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.

1942 жылдың сəуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.А.Скворцов Лениногордан Д.А.Қонаевты Орталық Комитетінің қарамағына шақыртып алады да Қазақ КСР Халық комиссариаты төрағасының орынбасарлығына ұсынады. Осыдан бастап Одақтың қарамағындағы өнеркəсіп орындарының жұмысымен айналысатын болды. Д.А.Қонаевқа түсті металлургия кəсіпорындарының қызметін бақылап, көмектесу міндеті жүктелді. Сонымен қоса ол көмір жəне мұнай өнеркəсібін, электр желілері, темір жол тораптары, автокөліктер кəсіпорны мен қорғаныс зауыттарының қызметіне бас-көз болып, сан салалы жұмыстарды ерлікпен атқара білді. Сол кезде жасы небəрі 30-да ғана еді.

Ұлы Отан соғысы жылдарының алғашқы кезеңінде, яғни 1941–1942 жылдары, неміс-фашист басқыншылары КСРО-ның Мəскеуге дейінгі батыс аудандарын басып алған болатын. Сондықтан Сталин басқарған Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қазақстаннан вольфрам мен молибден концентратын күрт көбейтуді талап етті. Себебі танкілердің сауытының мықтылығы оның құрамындағы вольфрам мен молибденнің пайыздық мөлшерде жеткілікті болуына тікелей байланысты болатын. Сондықтан да Д.А.Қонаевқа Ақшатаудағы вольфрам комбинатының салынуын жеделдету міндеті тапсырылды. Сонан кейін Балқашқа барып, Қоңыраттың қалайы руда кендерінен алынатын молибден концентратының құрамын тексеріп жақсарту ісі тұрған еді. Бұл үшін ең алдымен кен көзінің бар-жоқтығын тексеруге барлау жасап, өндіріс орнын тұрғызу міндеті тұрды.

Ең алдымен Д.А.Қонаев шағын көмекші тобымен бірге Ақшатауға ұшып келеді. Ол  қысқа мерзім  ішінде,  қысылтаяң  уақытқа  қарамастан,  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің тапсырмасынатқарып шығады. Бір апта ішінде геологтардың ондаған барлау жұмыстарын өз көзімен көріп, сараптама жасайды.

«1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тарихы» деп аталатын көп томдық кітаптан мынадай деректі оқыған кезде еріксіз елең етесіз: «Елде соғыс уақытында өндірілген əрбір 100 тонна молибденнің 60 тоннасын Балқаш даласының ерлері, Шығыс Қоңырат кеншілері беріп отырды». Соғыс кезінде жау шебін ойрандаған танктердің болат сауыты Балқаш пен Ақшатаудың вольфрамы мен молибденінен суарылған», — деп жазады ол өз кітабында [2; 101].

Жоғарыда айтылғандай, 1942–1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін абыроймен атқарып шықты.

1952–1955 жылдары Д.А.Қонаев Қазақ КСР-нің Ғылым академиясының президенті қызметін атқарды. Бұл қызметке тағайындалуы өте қиын жағдайда жүзеге асырылды. Ол кезде тарихшы Ермұқан Бекмахановқа «Кенесары Қасымовтың қозғалысын дəріптеді» деген саяси айып тағылып, Орталық Комитет тарапынан туындаған жазалау басталып жатқан еді. Ал Тарих институты Ғылым академиясының бір бөлігі болып табылатындықтан, академия президенті Қаныш Имантайұлы Сатбаевта негізсіз жалған айыпталып, атақты ғалымның басында қуғын-сүргіннің бұлты үйіріледі.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы Жұмабай Шаяхметов өте қиын жағдайда қалды, себебі ол қызмет бабы бойынша Орталық Комитеттің ресми көзқарасын жақтауы тиіс еді. Бұл жағдайдың бір амалын табу үшін ол 1951 жылдың желтоқсан айында Қазақ КСР Ғылым академиясын басқаруды Д.А.Қонаевқа тапсыруға ұсыныс жасайды. Ал ол бұл қызметтен бас тартады. Екі айдан кейін Ж.Шаяхметов ұсынысын қайтадан білдірген кезде, Д.А.Қонаев келісуге мəжбүр болады. 1952 жылдың 17 сəуірде Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі  жəне президенті болып сайланды. 1952 жылдың қыркүйегінің аяғына таман Қазақстан Компартиясының VІ съезі болып өтті. Ғылым академиясының Президенті республикалық Орталық Комитеттің мүшесі жəне Сталин басқарған соңғы Бүкілодақтық Коммунистік партия ВКП (б) ХІХ съезінің делегаты атанады. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.А.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық əдіспен зерттеудің теориясы мен тəжірибесінің  маңызды мəселелеріне арналған. 1948 жылы кандидаттық, ал 1968 жылы докторлық диссертация қорғады. 100- ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тəжірибесін жəне ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.

Д.А.Қонаев 1955–60 жəне 1962–64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, ал 1960– 1962 жəне 1964–1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болды. Бірнеше мəрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның ХІХ съезінен бастап кейінгі съездерінің бəріне делегат болды. Партия делегациясын басқарып, əлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1966 жылы партияның ХХІІІ съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 1970 жылы ХХІV съезде Саяси Бюроға мүше болып сайланды.

Осылай ол 20 жылдан аса уақыт бойы СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі болып, КСРО секілді айдарынан жел ескен алып державаның ішкі-сыртқы саясатының мəселелерін шешуге қатысқан əлемдік масштабтағы мемлекет қайраткер дəрежесіне көтерілді.

Ол Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тəжірибесін жəне ұйымдастырушылық қабілетін халқының пайдасына жұмсады. Д.А.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама- қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, əлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мəдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия жəне кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сəт естен шығарған жоқ. 1960-шы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін, атап айтсақ, екі совхоз бен 500 мың қойдан басқа жерлердің барлыған қайтадан қайтарып алуы соның айқын бір дəлелі еді [3; 250].

Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мəдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дəстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де Қазақстанның тəуелсіздігінің алғашқы қиын жылдарында ол білімдар, білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландырудың қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды мемлекет ретінде қалыптасуында Д.А.Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Д.А.Қонаевтың билігі кезеңінде Өскемендегі қорғасын-мырыш жəне титан- магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, Жезқазған тау-кен-металлургия комбинаттары кұрылды жəне дамыды. Оның көмегімен химия, метталлургия институттары ашылды. Қазақстандағы ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бараев институты əлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы қарқынды жұмыстар басталды, Орта Азиялық əскери округ, əскери-инженерлік база кұрылды. Алматыдағы құрылыс пен қаланың өркендеуіне де ол аз нəрсе жасаған жоқ. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, «Медео» спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт жəне мəдениет Сарайы, Республика алаңы, Қазақстан, Жетісу, Алматы, Алатау мейманханалары, цирк, аэровокзал, əуежай жəне көптеген ірі ғимараттар Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды. Ел астанасының көркеюіне жұрттың бəрі мүдделі десек те, сол кезде оны жүзеге асыру қиын еді. Үлкен құрылысты салу үшін Мəскеудің рұқсаты керек. Ал ондағылар басқа жақта, əсіресе мəдени-ұлттық нысандардың бой көтергеніне онша құлықты емес еді. Алматыда біраз нысандардың бой көтеруіне Д.А.Қонаевтың беделі, тіпті тапқырлығы көмектесті. Айталық, Лениннің 100 жылдық мерекесін атап өту үшін көп адам сыятын əсем ғимарат керек деген себепті алға тосып, Республика сарайын салдырды. Сол ұлы көсем атындағы даңғылды көркейтеміз деп, оның бойынан біраз мəдени-тұрмыстық нысандар тұрғызды: 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, М.Əуезов атындағы академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітапхана, «Арасан» моншасы, жабық Көкбазар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол вокзалдары, республикалық Пионерлер сарайы жəне т.б.

Алматы  қаласындағы  құрылыс  жұмыстарының  салынуын  үнемі  назарында  ұстап      отырды.

«Астана — елдің көркі, сырттан келгендер соған қарап еліңді таниды», — дейтін Димаш Ахметұлы. Осы бір өміршең идеяның бүгінде жалғасын тапқанына біз барлығымыз куə болып отырмыз. Жаңа елордамыз — Астана қаласы əлемнің ең əдемі қаласы ретінде күннен күнге  қарыштап көркейіп дамып келеді.

Д.А.Қонаетың замандасы əрі бірге қызмет атқарған мемлекет жəне қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев Ұлы тұлғаға былаша баға берген болатын: «Димаш Ахметұлы ұмытылмайтындардың, халықтың жүрегінде мəңгі қалатындардың қатарында. Ол аса парасатты да талантты басшы болды, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол өз заманының ұлы саясаткеріне айналды, халықтың мүддесімен өмір сүрді. Оған деген құрмет аса жоғары қызметте жүрген кезінде ғана емес, ол қызметтен кеткен соң да бəсеңдеген жоқ. Оның кен инженерінен бүкіл бір республиканың басшысына дейінгі өмір жолы, еңбекқор да аса жоғары зиялылық келбеті кез  келген деңгейдегі басшы атаулыға үлгі-өнеге болғандай... Оның парасатты ойларының, атқарған қызметінің іздері еліміздің, халқымыздың мəдени-рухани өмірінде, экономикада сайрап жатыр. Ол ел басқарған кезде халқымыздың дəстүрлі шаруашылығы — мал шаруашылығы қарышты қадаммен дамыды. Астық өндіру бұрын болмаған биікке көтеріліп, миллиард пұттармен əлемге танылдық. Өнеркəсіп пен құрылыстағы жетістіктер де жұрттың көз алдында.

Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңін 1955–1986 жылдармен есептейміз. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіпті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді. Ол өзіне жақсы серіктерді, іскер басшыларды таңдай білген адам еді. Сол  тұста қаншама іске мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарайтын қайраткерлер,  білікті ұйымдастырушылар өсіп жетілді десеңізші! Бұл ретте талай жыл Димекеңмен тізе қосып, еңбек еткен  Б.Əшімовтен бастап, Ж.Тəшеновтің, Н.Оңдасыновтың, М.Бейсебаевтың, С.Ниязбековтің, С.Имашевтің, А.Асқаровтың, тағы басқа талай қайраткерлердің атын атауымызға болар еді. Ал солардың қатарында тəуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың да болғаны бəріміз үшін мақтаныш. Нұрекеңнің басшылығымен республикамыздағы жақсы істер еселене түсті, Қазақстан əлем таныған беделді мемлекеттердің біріне айналды.

Заманымыздың заңғар тұлғасы Димаш Ахметұлы Қонаевтың халық үшін, еліміз үшін жасаған еңбегі кезінде жоғары бағаланды. Оған КСРО-дай алып державаның ең жоғары — Социалистік Еңбек Ері атағы үш рет берілді, ең жоғары ордені — Ленин орденімен 8 рет марапатталды. Оны бұрынғы тоталитарлық елдің наградалары деп кемсітудің еш қажеті жоқ. Бұл ұлы тұлғаның еңбегін бағалағандық қана емес, оны мойындау деп те қабылдаған жөн» [4].

1953–1964 жылдар аралығындағы Н.С.Хрущев басқарған уақытта күтпеген өзгерістерге жəне асығыс тағайындауларға толы кезеңдер болды. Д.А.Қонаев Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің төрағасы қызметіне екі рет келіп, Республика Компартиясының Бірінші Хатшысы қызметін атқарады. Соңғы лауазымды қызметтен аймақтық мəселе бойынша партиялық диктатор көсемге наразылық білдіргені үшін босатылады.

1964 жылы Д.А.Қонаев Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің қазан айында өткен Пленумына қатысады, яғни осы жиынның шешімі бойынша Никита  Хрущев қызметінен босатылып, КСРО-ның бірінші басшысы болып Л.И.Брежнев тағайындалады. Ал желтоқсан айында Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы болып сайланды.

Ол үшін шынайы жаңарту жəне өзгертіп, қайта құрудың кезі келеді, бұл уақытта ол Кремльдің тегеурінді ықпалына қарамастан, партия күшінің көмегін пайдалана отырып, өз Отаны — Қазақстан үшін көптеген игілікті жəне ізгілікті шараларды жүзеге асырады.

Қазақстандағы индустрияландыру үрдістері 1965–1985 жылдары біршама екпінді жүрді. Еліміз КСРО-дағы өнеркəсібі дамыған аймақтардың біріне айналды. Жалпы ішкі өнім көлемі бойынша республикамыз КСРО-да үшінші орын алды (Ресей мен Украинадан кейін). Қазақстанда Кеңестер Одағындағы түсті металлургияның негізгі базаларының бірі орналасып, мол ауқымдағы отын- энергетика кешені, дамыған химия саласы, көмір өндіретін өнеркəсіп жұмыс істеді, мұнай өндірудің (тіпті əлемдік стандарттар бойынша да) əлеуеті орасан зор болды [5].

1966 жылдың 21 қазанында Дінмұхамед Ахметұлының басқаруымен Үлкен Алматы өзенінің жоғарғы жағында селден қорғаныс тұрғызуға лайықты су бөгеттерін тұрғызу  мақсатында бағытталған жарылыс шаралары ұйымдастырылды. Ол жоспардан тыс басқа жарылыстарға əкеліп соқтырған жоқ, ал таудың жоғарғы жотасы жоспар бойынша ойластырылғандай, тұрғызылып жатқан бөгеттің үстіне сəтті түрде қопарыла құлап түсті.

Жарты жылдай уақыт өткен соң, 1967 жылдың 14 сəуірінде сол жақ жағалаудағы жартасқа бағыттай отырып, екінші жарылыс шаралары ұйымдастырылды. Осындай жолмен селге тұрақты тосқауыл болатындай бөгеттер тұрғызылды.

1973 жылы осы бөгеттердің тұрақтылығын тексергісі келгендей, сол жаққа қарай өте қуатты сел бет алды. Сел тасқынын оған қарсы тұрғызылған бөгет ұстап қалады. Сел тасқынының екінші толқыны 16 шілдеде орын алды. Бөгет бұл соққыға да төтеп берді [2; 352].

Қаланың шығыс бөлігі апаттан аман қалды. Сол бір қиын күндері сел тасқынының салдарынан орын алған жағдайларды ретке келтіріп, қала тұрғындарының аман-есен өмір сүруін қамтамасыз ету шараларын Дінмұхамед Ахметұлы тікелей өзі басқарды.

Үлкен Алматы өзені бойынша сел тасқынынан қорғаныс жұмыстары 1975 жылы басталып, 1980 жылы сəтті аяқталды. Сел тасқыны бөгеті жанында, тау етегінің тұсында заманауи «Медео» мұз айдыны бой көтерді.

Д.А.Қонаев қазақ халқының мəдениеті мен өнерін жоғары бағалады жəне қолдады. 1952 жылы Қазақстан   Компартиясының   Орталық   Комитеті   Д.А.Қонаевқа   Мұхтар   Омарханұлы     Əуезовті «идеологиялық себептер» бойынша академиктер қатарынан шығарып тастауды ұсынды. Əрқашан партияның бұйрығын екі етпейтін Д.А.Қонаев осы жолы Орталық Комитетке бағынудан бас тартады. Бірден Мəскеуге барып, М.О.Əуезовті қуғын-сүргіннен аман алып қалудың амалдарын қарастырды.

Ол қазақ халқының талантты өкілдерін қамқорлығына алып, шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал жасап отырды. Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» атты зерттеуінің философиялық мəнін түсінді, оны «орталықтың» жаласынан арашалады. Өнерді тоталитаризмнің идеологиясынан қорғай білді. Л.И.Брежнев тұсында кеңес елінің идеологиясын «сұр кардинал» Суслов басқарды. 1975 жылы Олжастың даңқты кітабы жарық көрді. Ақынның кітабы партиялық тұжырымдар талабынан шықпайтын, социалистік реализмнің шеңберіне сəйкес келмейтін. Жазушыны қуғындау басталып кетті. Бұл шараларды Суслов басқарып, осы кітапты шығаруға қатысқандардың барлығының жазалауға ұшырауын қатаң талап етті.

Сол кезде Д.А.Қонаев дос ретінде Л.И.Брежневке кіріп, оған Олжастың кітабын оқып шығуды ұсынды. Сусловтың басшылығымен идеология, мəдениет жəне ғылым шенеуніктерінің тарапынан жазалау шешімі мен қаулысы қарастырылып, дайындалып жатты. Бірақ Қонаев олардың алдын орап кетті. Л.И.Брежнев оған бұл мəселені жергілікті деңгейде қарастыруға рұқсат етті. Сөйтіп Олжастан диссидент жасау ісі жүзеге аспай қалды [6].

«Дінмұхамед Ахметұлы — өз заманының перзенті болған, ірі тұлға, көрнекті қайраткер. Қонаев жоғары қызметке келген уақыттың аса күрделі, қайшылығы көп кезең болғанын білесіздер. Алайда, осындай қиындықтарға қарамастан, Қонаев елдің дамуы үшін қолынан келгенін жасады. Республикада құрылыс, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы салаларының дамуы ілгерілей түсті. Елсіз жерлерде жаңа қалалар мен елді мекендер пайда болды. Сонымен қатар Димекең ғылымның, өнер мен мəдениеттің қарыштап қанат жаюына өлшеусіз еңбек сіңірді. Алды кең, жаны жомарт парасатты жанның өнер адамдарына қолдау көрсеткеніне талай рет куə болдым. Димекең туған қаласы Алматы үшін де көп жақсылықтар жасады. Бұл тұрғыдан алғанда, Дінмұхамед Ахметұлы — айрықша ардақтауға лайықты қарымды қайраткер. Сондықтан, біз оны Тəуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек», — деп Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Д.А.Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы рөлі мен мəнін жоғары бағалады [1; 1,2].

Д.А.Қонаевтың тұсында Қазақстан шетел мемлекеттерімен мəдени тұрғыда араласа бастады. 1955 жылы алғаш рет кеңестік Қазақстан тарихында Д.А.Қонаев Министрлер Кеңесін басқарып тұрған кезде, республикамыз алғаш рет халықаралық дəрежеде жоғары деңгейдегі мəртебелі қонақтарды қарсы алды: Алматыға Джавахарлал Неру қызымен бірге, кейінірек Бирма көсемі У Ну ресми сапармен келді. 1956 жылы Фурцева басқарған КСРО парламенттік делегациясының құрамында Англияға ресми сапармен барып қайтады. Делегацияны ІІ Елизавета ханшайым, Премьер- министр Иден мен ХХ ғасырдың белгілі саясаткері Уинстон Черчилль қабылдайды. Букингем сарайында алғаш рет Еуропа жұртына бейтаныс «Қазақстан» деген сөз естіледі.

1960 жылдың қаңтар-ақпан айларында кеңестік партия делегациясының құрамында АҚШ-қа барып қайтады. Сол сапарда көптеген кездесулер болады: БҰҰ, Нью-Йорк штатының губернаторы, АҚШ Жоғарғы Сотының төрағасымен, миллиардер Рокфеллермен ресми тұрғыда кездесіп қайтады. Кеңестік делегацияны АҚШ Президенті Эйзенхауэр ресми түрде қабылдайды. Əлемде ерекше өзгерістер пайда болып, орын алып жатқан сан түрлі оқиғаларға əдеттегі дəстүрден бөлек баға беру тұжырымдары орын ала бастайды.

АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Үндістан, Иран, Мысыр сынды алпауыт мемлекеттердің Қазақстанды танып-білуі тікелей түрде Д.А.Қонаевтың есімімен байланысты екендігі сөзсіз. Қонаевтың бастамасы бойынша, Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа қарай достық көпірін салып, тығыз қарым-қатынас орнатуға жол ашылды. Оның тікелей басшылығымен 1978 жылы Алматыда Əлемдік денсаулық сақтау ұйымының конференциясы болып өтті, оның жұмысына 134 елдің өкілі қатысты. Бұл жиында сенатор Эдвард Кеннеди сөз сөйледі.

«Қазақстанның астанасы оның көңілінен шықты», — деп еске алады Қонаев. «Əсіресе 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалын көріп, қаза тапқан ағасы — президентті есіне алып, кіші Кеннеди көз жасын тыя алмай қалды. Маған осы жан-жақты таңғажайып адаммен- саясаткермен кездесудің жəне əңгімелесудің сəті түсті. Бұл уақытта республикамыз əлемнің ондаған елімен экономикалық байланыс орнатып, ғылыми-техникалық ынтымақтастық шараларын жүзеге асырып, бірқатар Азия-Африка елдеріне медициналық жəрдем беріп те үлгерді» [3; 206].

Қазақстанның қоғамдық-саяси жəне рухани өмірінде 70-жылдардағы аса маңызды саяси оқиға Алматыдағы Азия мен Африка жазушыларының бас қосқан V Конференциясының ерекше орны бар. Бұл  жиында  басқа  құрлықтардан  келген  жазушылардың  басты  талқылаған  өзекті    тақырыптары

«Ұлттық тəуелсіздік», «Бейбітшілік», «Ынтымақтастық жəне прогресс» сияқты əлемдік деңгейдегі мəселелер еді. Форум жұмысын египеттік жазушы Юсуф Сибай ашты. Халықаралық деңгейдегі танымал жазушы Дінмұхамед Ахметұлынан не себепті қазақтардың араб графикасы — төте жазудан латын графикасына, одан кириллицаға ауысқанын сұрайды. Сол кезең үшін жауабы өте ауыр сұрақтың орнына Д.А.Қонаев Юсуф Сибайға Ермұхан Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ-шы ғасырдың 20–40 жылдарында» атты кітабын тарту етеді. Бұл еңбек кезінде қатал сынға ұшырап, оқырман назарынан мүлде алыстатылған еді [2; 306].

1985 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С.Горбачевтің келуіне байланысты 1986 жылы 16 желтоқсанда Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшылығынан босатылды. Орталықтың жүргізіп отырған əділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп, алаңға шықты. Бұл əйгілі Желтоқсан көтерілісіне ұласты.

Д.А.Қонаев өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білді. Тəуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «ол өзі айтқандай, коммунист болды жəне коммунист болып қалды». ХХ ғасырдың ұлы саясаткері əрі шебер дипломаты бола білген қоғам жəне мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында ел-жұртының арасында өмірден өтті.

Əр ғасырдың өзінің біртуар перзенттері болады. Солардың бірі — Дінмұхамед Қонаев. Президент Н.Ə.Назарбаевтың ел тəуелсіздігін алған алғашқы жылдары, яғни 1994 жылдың 24 ақпанында, «Д.А.Қонаевтың есімін мəңгі есте қалдыру туралы» Жарлығын жариялады. Бүгінгі күнде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі Алматы жəне Астана қалаларының көшелеріне, университет пен колледжге берілді. 1992 жылы Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қор құрылды. Оның   мақсаты — Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайту, елімізде жүргізіліп жатқан саяси жəне экономикалық реформаларға қолдау көрсету, қазақ халқының тарихи, мəдени жəне рухани мұрасын игеріп, оның өркендеуіне септігін тигізу еді. Қазақ халқы Ұлы тұлғасының есімін ешқашан есінен шығармайды.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Korgasbek Amanzhol. Yeli barda yel yeleusiz qalmaidy // Sovereign Kazakhstan. — 2012. — № 13,14. — January,
  2. Konayev D.A. Otti dauren osylay. — Almaty: Dauir, 1992. — 448
  3. Konayev D.A. Aqiqattan attauga bolmaidy. — Almaty: Sanat, 1994. — 512
  4. Sultan Zhiyenbayev. Yelin tanytqan yer // Sovereign Kazakhstan. — 2012. — № 11,12. — January, 12. — Р.
  5. The history of Kazakhstan. — Vol. 4. — Almaty: Atamura, 2010. — Р.
  6. Bigeldi Gabdullin. Dinmukhamed Kunayev. The pressure of Kremlin's hug // Sovereign Kazakhstan. — 2012. — № 15,16. — January, 14. — P. 9,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.